#Article 1: Қазақстан (3725 words)


Қазақстан ( ), толық атауы Қазақстан Республикасы () — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде және батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.

Елдің астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі. 

Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 66,01%, орыстар — 21,05%, өзбектер — 3,07%, украиндар — 1,70%, ұйғырлар — 1,44%, татарлар — 1,17%, басқа халықтар 5,56%. Халықтың 70% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.

Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге.

Қазақстан сөзі Қазақ  және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерін де қамтылған. Қазақстан да бұл қағандықтың құрамына кірген.

Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Тоныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ. ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.

Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды. 

Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан жерін Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтары өмір сүрді.

Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731–1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.

Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды  топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.

Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.

Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.

Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.

Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы - ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина республикаcының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша — қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

Екінші мыңжылдықта

Екінші мыңжылдық 10 жылдарында

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.

Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.

Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғ. өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару құзіретін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және  Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болады. Жергілікті мемлекет басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана  мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық жыныстар ұшырайды.

Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін ( маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.

Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропикалы Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.

Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.
 
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.

. Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көп бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары шегі 70–80%-ға жетіп, жазда көп жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.

Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылдық көлемі 100,5 км³; соның ішінде не бары 56,5 км³-і ғана республика аумағында қалыптасады, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен су ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен ең аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км³-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылдық бағаммен шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км³-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км³-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты су қоры 15,1 км³-ді құрайды, оны пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км³. Қайтымды сулардың көл. 4 км³, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болады.

Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.

Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы — жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев — топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.

Қазақстанда өзге елдерде кездесетін топырақ түрлерінің түгелдей дерлігі тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейін бар, тек ылғалды субтропик белдеміне тән топырақ қана жоқ.

Қазақстанда интродукцияланған, мәдени дақылға айналдырылған және кездейсоқ әкелінген түрілерін қоспағанда шамаммен 6025 өсімдік түрі бар. Жабайы өсімдіктердің 18 түрі космополит (Антарктикадан басқа құрлықтарда өседі), 285-і голарктикалық түр (Евразия мен Солтүстік Америкада өседі). Бұлардың ішінде 535-і (шамамен 11%-і) тек Қазақстанда кездеседі (эндемиктер). Мұнда бірнеше ботаникалық зона бар. Тау өсімдіктері өздеріне тән биіктік зоналар құрайды. Өзен-көл, батпақ, жайылма, шалғындық, көлтабан өсімдіктері ешқандай зонаға жатпайды.

Су өсімдіктерінің түрі аз (63 гидрофильді түрі). Олардың құрамында барлық космополиттердің жартысы (шылаңдар мен руппияларды қосқанда 9 түрі), 24 голарктикалық түр (сальвиния, тұңғиқ т. б.) бар. Бұлар су өсімдіктерінің 52%-і, яғни ең көне өсімдіктер. Палеоботаникалық тұрғыдан да осылай; шылаңдар туысы (21 түрі бар) бұдан 70-100 млн жыл (бор дәуірінде), сальвиния, жестер, телорез 40-70 млн жыл бұрын болған. Тегі тропикалық, гидрофильді өсімдіктер тобына жататын су өсімдіктері Қазақстан жерінде 25-40 млн жыл бұрын (олигоценде) қаулап өскен.

Батпақ, өзен жайылмасы мен көлтабан өсімдіктерінің 450-ден астам түрі бар. Шалғынды, кейде батпақты жерлерде бидайық, тарғақ, айрауық, шалғын атқонағы, шалғын бедесі, шалғын ноғатығы, кәдімгі бекмания, қамыс, қоға, қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың топтасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасады.

Далалық зонада бөденешөп, қызылбояу, боз, бетеге, қырғыз бетегесі, қылтық бетеге, көде, еркекшөп бітік өседі. Реликт өсімдіктері — сібір бетегесі, ши мен көп тамырлы жуа.

Оңтүстік Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань өсімдіктері далалық, ормандық және альпілік белдеулерге бөлінеді.

Оңтүстік Алтай мен Тарбағатайдағы далалық белдеу далалық зонамен ұласып жатыр, бірақ мұндағы өсімдіктерге бадам, майқарағай, тобылғы араласқан. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньда (шөл зона) бетеге, боз шалғын, бидайық (түкті бидайық), арпа (баданалы арпа) тұқымдастары өседі, мұнда итмұрын, қызыл шие т. б. өсімдіктер көп.

Қазақстан тауларында бірнеше орман түрлері бар:

Тау ормандарының мұншама кең алқапта орналасуына, республиканың батысында еменді және қарағашты, ал солтүстүігінде қайыңды және қарағайлы ормандардың бар болуына байланысты ормандар мен орман шалғындарының құрамындағы өсімдіктер Қазақстандағы барлық өсімдіктердін 40%-інен асады. Олардың ішінде 1 космополит (кәдімігі қыранқұлақ), 30-дан астам голарктикалық түр — орман папоротнигі, қауырсын папоротник, усасыр, құлмақ, күреңот, ұртшөп бар. Олар көне заман ормандарынан келіп жеткен реликтілер. Мұндай орман өсімдіктеріне грек жаңғағы, семенов үйеңкісі, лепсі таспасы, тянь-шань цицербитасы, семенов айдаршөбі сияқты аз тараған реликтілер, сондай-ақ «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген қырғыз қайыңы, бекара терегі, Мушкетов түйесіңірі, мыңжылқы усасыр қырыққұлағы сияқты эндемдер айырықша сипат береді.

Ұлан байтақ Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 172, құстың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 150-ге жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер (насекомдар, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар т. б.) бұдан да көп. Тек жәндік түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар түрінің осыншалық көп болуы республиканың географиялық орнына, жер бедерінің дамуы мен жануар түрлері қалыптасуының ұзақ та күрделі тарихына байланысты.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.

Ерекше қорғалатын аумақ  — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.

Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген  табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.

Қазақстан дүинежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.

Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен  экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъктілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда қазақстаннан экспортталатын тауардырдың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жаалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншеден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы  экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік  сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр. 
    
Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт-үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сытрқы экономикалық саласын болащақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында. 
    
Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында. 
     
Ғаламдық қаржылық — экономикалық  тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді.

, , 

Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер мин-нің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.

Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген: 

Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңт., Батыс, Шығыс, Орт. әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығ. Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Бат. Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округіне қарайды. Орт. штаб – Қарағанды қаласында.

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.




#Article 2: Шымкент (1293 words)


Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Түркістан облысының орталығы.

Қалада 1 121 809 адам тұрады (1 қазан 2019). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды.

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде Петро Казахстан Ойл Продактс АҚ (мұнай өңдеу), Интеркомшина (доңғалақ өңдеу), Химфарм (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда Южполиметалл АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда Карданвал (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), Южмаш (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), Электроаппарат (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – Восход фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), Адал (тоқыма өнеркәсібі), Эластик (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде Шымкентцемент АҚ (цемент өндіру) және Құрылыс материалдары (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен Шымкентмай және Қайнар (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), Шымкентпиво (сыра өндіру), Визит (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық көліктер даму үстінде.

Қалада 2000 жылға дейін болған қонақтар Шымкенттің көркейіп келе жатқанына таңғалып, тамсанады. Қала келбеті саябақтар, скверлер, демалыс орындары және сәнді ғимараттармен ажарланып келеді. Мұнда іссапармен келушілер бизнеске қатысты мәселелерді сәтті шешумен қатар, бос уақыттарын да қызықты өткізе алады – деп жылы лебіздерін білдіреді.

Шымкент қаласының өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсті. Ауыл шаруашылық өнімі 6,3 пайызға, тұрғын үй құрылысы 19,2 пайызға, ал, бөлшек сауда 7,1 пайызға артты. 
 
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Шымкентте 3 жылда 24 кәсіпорын ашылып, 1300 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

Қалада 2 индустриалды аймақ тиімді жұмыс істейді. Қазіргі таңда, 64 млрд.теңге инвестициялар тартылып, 72 жоба іске қосылды, 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Шымкентте жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайтын алты инвестициялық жобамен көліктік-логистикалық аймақ құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жер көлемі 92 га құрайды.

Қалаға инвесторларды тарту мақсатында ауданы 306 гектар болатын «Жұлдыз» атты жаңа индустриалды аймақ құрылуда. Бірінші кезеңде 76 га (2020–2021), екінші кезеңде - 230 га (2021–2022) жер игеру жоспарлануда.

Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларды қосымша ынталандыру мақсатында аумағы 136 гектар болатын Шымкент агроөнеркәсіптік аймағын құру процесі басталды, онда көтерме және бөлшек сауда қоймалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындары орналасатын болады. Құны 8 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, қалада 427 гектар аумақта «Шымкент сити» қала құрылысы бойынша арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру барысында «Highvill» (Оңтүстік Корея), «Kinder World» (Сингапур), «Eryapi» (Түркия) компанияларын тарту көзделген. Жоба аясында қала экономикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде  шетелдік инвестиция тартылатын болады. Жоба қаланың 50 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуді көздейді.

Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, кәріс, әзірбайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді.

Облыстың мәдени өміріндегі атаулы оқиға – 1967 жылы қазақ және орыс драмалық театрлары ғимаратының құрылысы. Ол жерлерде ҚазКСР халық әртістері Айша Абдуллина, Жұмабике Серікбаева жұмыс істеген. 60-80 жылдары ақын Омарбай Малқаров, халық ақындары Көпбай Омаров, Әселхан Қалыбекова, жазушылар Әбжапар Жылқышиев, Нәмет Сүлейменов, Уәлихан Сүлейменов, Ханбибі Есенқараева, Олег Постников, Юрий Кунгурцев, Мархабат Байғұт шығармашылық шарықтау кездері. Қазақ театрлық өнерінің негізін қалаушылар халық әртістері Хадиша Бөкеева, Ғайни Хайруллина, Құрманбек Жандарбеков, ақын әрі қоғамдық қайраткер Мұхтар Шаханов, композитор Шәмші Қалдаяқов, жазушылар Фёдор Чирва мен Жұмабек Еділбаев біздің жерлестеріміз.

Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы, аквабағы, техносаябағы, «Кең-баба» этнографиялық саябағы, «Nimex Land» пен «Бамзик» ойын-сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған. Әрине, қаланың солтүстік бөлігін дендробақ, зообақ, ипподроммен байланыстыратын ұзындығы 6 шақырымдай балалар темір жолының алатын орыны айрықша.

Қала аумағындағы көне қалашық пен қамалдарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қала тарихы жөнінде кешен жасау қолға алынып отыр. Қалада көрнекті ғалым, мәдениет, спорт майталмандары мен халық батырларына ескерткіштер орнатылған. Облыс және қала өз жерлестерін мақтан тұтады. Мұнда тілтанушы, мүше-корреспондент М.Балақаев, геология ғылымдарының докторы П.Тәжібаева, түркітанушы, академик С.Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторлары Қ.Бектаев пен А.Байтанаев, академик Т.Тәжібаев туған.

Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Қала Түркістан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар заңды түрде осы жерден басталады. Қалада жиырма арнайы мамандандырылған фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысуда.

Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде калың жұртшылық зиянат жасайтын Ислам дінінің қасиетті орындары мен сәулеттік құрылыстары жеткілікті десек жаңылыспаймыз.

Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиянат ету орындарына барудағы алғашқы қадам, екінші Мекке атанған-тарихи Түркістаннан басталады. Мұнда түркі халықтарының рухани астанасы, көне дәуірдегі өркениет орталыктарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, әлемге танымал тарих және мәдениет ескерткіштері мол қасиетті қалаға барып, әулие-әмбиелергетәуету мүмкіндігі жасалған. Шымкент шаhарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам каласы Ұлы жібек жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы болған Отырар қалашығы. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенелері мен басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең әсер қалдырады.

Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Осыдан келіп бір облыстың өзінде сан алуан: заңғар таулық, далалық, қүмдық , және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлініп, онда аң-қүс пен өсімдіктің түр-түрін кездестіре аласыздар. Аумағы 100 мың шаршы шақырым жерден қар барысы, аю, дала түлкісі-қарсак, тау ешкісі мен шөлейттерде жасайтын жайран, тағылан, борсық, Гималай ұлары мен дуадақты кездестіру - әлемде сирек болатын жайт.

Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы болып табылады. Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 75043 гектарды алып жатыр. Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды әрі ғылым мен өнер үшін баға жетпес қүндылыққа ие. Мүнда көне дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі бастапқы қалпында сақталған. Қасқабүлақ тауының тас қатпарларына ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін, бейнелердің ғалымдар мен туристер үшін айрықша қызығушылық туғызатыны анық.

Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз.

Ойын-сауықтық, мәдени және боулинг орталықтары, бильярд клубтары, жоғары дәрежедегі қонақ үй сервистері, күн талабына сай дәмханалар мен мейрамханалар, ғажайып қалалық демалыс аймағы, туристер мен демалушыларға мінсіз қызмет көрсетуге әзір. Бұған көне де, мәңгі жас Шымқала түрғындарының ақкөңіл, ақ жарқын жүздері мен қонакқжайлылығын қосыңыз.

Қаладағы 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді.

Шымкент қаласының тұрғыны бола отырып, атақты қазақстандық спортсмен, бірнеше дүркін Еуропа мен әлем чемпионы, гимнастшы Нелли Ким бес олимпиядалық медаль жеңіп алып, әлем спортының аңызына айналды.

Шымкентте облыстық және қалалық бағыныстағы бірқатар ауруды алдын-алу мекемелері жұмыс істейді. 21 стационарлық аурухана мекемесі (15 аурухана мен 6 диспансер), 19 дербес ауруханалық-емханалық мекеме, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, жедел медициналық жәрдем стансасы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Бұған Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина және апат, қан қүю, диагностика және кардиология орталықтары, балалар үйі, «Қарлығаш» шипажайы, дезинфекциялык станса, басқа да мемлекеттік және жекеменшік медицина мекемелерін қосуға болады. Медицина Академиясы мен медициналық колледжде жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде медицина саласына еңбегі сіңген денсаулық сақтау қызметкерлері істеп жүр.




#Article 3: Ресей (4358 words)


Ресей ( — Русь; ресми түрде — Ресей Федерациясы  немесе Ресей , қысқартылған атауы — РФ ) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара - әлемдегі ең ұзын шекара.  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста — Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, қысы ұзақ және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен  аймаққа бөлуге болады: 

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.

Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

Ресейдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы.XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде Ресейге тән нәрсе: қолөнер мен мануфактура өндiрiсiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығының дамуы болды. Мемлекет Батыс елдерiнен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлi де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды, капиталистiк өндiрiстiң элементтерi ендi ғана ене бастады, ал Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып, өркендеп тұрған едi.Елдiң ауыл шаруашылығының өркендеуi өңделетiн жер көлемiн арттыру есебiнен iске асты. Ресейдiң оңтүстiк аудандарында және Украинада қой өсiрудiң дамуы ауыл шаруашылығына үлкен үлес қосты. Бұдан басқа мемлекеттiк өнеркәсiп үшiн зығыр мен сора шикiзатына көтерiңкi сұраныс пайда болды. 1715 жылы үкiмет жарлығы бойынша барлық губернияларда зығыр мен сора егiстiгi ұлғайтылды. Сондай-ақ жылқы өсiру, темекi егу iсi жолға қойылды.Ұзаққа созылған Солтүстiк соғыстың салдары басыбайлы шаруаларға ауыр тидi. Патшаның 1714 жылғы жеке мұралық туралы жарлығымен барлық жер дворяндардың меншiгiне берiлiп, жермен бiрге шаруалар да помещиктiң жекеменшiгiне айналды. Феодалдар неғұрлым көбiрек пайда табу үшiн шаруаларды қанаудың мейлiнше қатыгез түрiн таңдады.Басыбайлы шаруашылық екi қалыпта жүргiзiлдi: жерi өңдеуге қолайсыз, қара топырақты емес аудандарда феодалдар шаруалардан ақшалай алым жинаса, ал оңтүстiктегi құнарлы жерлерде айдалатын жер көлемi кеңейтiлiп, барщина көлемi ұлғайтылды.Шаруаларды жұмысқа жұмылдыру туралы, кезектi және кезексiз рекрутқа шақыру туралы көптеген жарлықтар жа рияланды. Жеке мұралық туралы жарлықтан кейiн дворяндардың топтасу процесi аяқталды. Феодалдар табы дара басқарушыдан дворяндық сословиеге бiрiгiп, нығайды. Бұл оның мемлекеттегi билеушiлiк рөлiн бекiте түстi. Алайда ендi дворяндар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте қалуға мiндеттелдi.Дворянның армияда солдат болуға, кемеде матрос болып жұмыс iстеуi де мүмкiн едi. Олар Сiбiр, Камчатка, Орта Азия сияқты алыс және ауыр экспедицияға бекiнiстер мен каналдар салуға жұмсалды. Дворяндардың кейбiреуiнде, әсiресе ақсүйектерiнде мұндай қызмет наразылық тудырды. Осындай жағдайдан дворяндық сословиенiң бiр бөлiгi I Петрдiң қайта өзгертулерiне қарсы оппозицияға шықты.
XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.

Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.

Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.

НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, қырғиқабақ соғыс саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.

Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.

Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.

Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер:

Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.

Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.

Сонымен қатар Ресей жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады. Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.

Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.

Ресей жері табиғат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар құрамы өте алуан түрлі. Елде 20 мыңнан астам аса маңызды кен орындары барланған, оның 40%-дан астамы өндірісте игерілуде. Ресей дүниежүзі бойынша жер қоры, ағаш сүрегі, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергетикалық қоры жөнінен 1-орынды, ал өңделетін жер үлесі жөнінен 3-орынды иеленеді.

Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1%-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.

Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры — 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі — 11,5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер де осы үлеске кіреді. Ресейге дүниежүзіндегі аса құнарлы қара топырақтың 1/3 белігі тиесілі.

Алайда соңғы жылдары жер ресурстарының сапасы нашарлап, жер эрозиясы белең алуда. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 80%-ы, жыртылған жерлердің 60%-дан астамы жоспарлы түрде қорғау мен қайта калпына келтіруді қажет етеді. Сонымен қатар 7%-дан астам жер әртүрлі деңгейдегі шөлейттену процесіне ұшырауда.

Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады.

Мұндай агроклиматтық жағдайда бидай, қарабидай, арпа, бұршақ, зығыр, қарақұмық, картоп, кейбір көкөніс түрлерін, малазықтық дақылдарды өсіруге мүмкіндік бар. Ресейдің ең жылы бөлігі Қара теңіз жағалауы мен Солтүстік Кавказ жерлерінде жылуды көбірек қажет ететін көкөністер мен жемістер, тіпті кейбір субтропиктік дақылдар да өсіріледі.

Ресей жері орман ресурсына да бай. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Жан басына шаққандағы орманмен қамтамасыз етілуі — 5,3 га, бұл көрсеткіш бойынша Ресей көшбасшы болып тұр. Ең көп таралғаны қылқан-жапырақты ағаштар, олар бүкіл орман қорының 90%-ын құрайды. Орман аумағының көп бөлігі балқарағайдан тұрады, сондай-ақ қарағай, шырша және самырсын ағаштары да басым. Ормандардың көпшілігі елдің шығысында, яғни Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста, одан кейін Батыс Сібір мен Оралда шоғырланған.  Ормандар аумағының қысқаруына өрттің шығуы жиі себепші болуда. Әсіресе орман өрттері Ресейдің азиялық бөлігінде климат континенттілігіне байланысты жиі байқалады.

Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м3-ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені — Лена (4 400 км), ең мол сулы езені — Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені — Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланған.

Ресей жерасты суларының қорына да бай, негізгі пайдаланылатын ресурс Еуропалық бөліктегі артезиан алаптарына тән.

Суды пайдалануда өндіріс қажетіне 59%, тұрмыс қажеті мен ауыз су үшін 20%, суландыру мақсатында 13%, ауып шаруашылығы үшін 2%, ал қалған 6% басқа қажеттіліктер үшін жұмсалады.

Ресей өзендерінің 500-ден астамы кеме жүруге қолайлы. Олардың кеме жүзуге жарамды жалпы ұзындығы 300 мың км-ден асады.

Ресей өзендерінің энергетикалық әлеуеті де жоғары, онда дүниежүзіндегі су-энергетикалық қордың 12%-ы шоғырланған. Оның Еуропалық бөліктегі үлесі 20%, ал Азиялық бөлікте 80%-дан асады.

Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи-рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.

Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар жиынтығы да жеткілікті дәрежеде. Ондай орындар, әсіресе Ресейдің Еуропалық бөлігінде көбірек шоғырланған. Олардың болашақ ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі және Ресей тарихын туристерге таныстырудағы танымдық маңызы өте жоғары.

Ресейде табиғат ресурстарына тән мынадай ортақ белгілер бар: 

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адам болды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.

Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.

Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5%-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.

Ресей көпұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.

Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км²-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен. Ресей аумағының 1/4 бөлігін ғана алып жатқан еуропалық бөлікте халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км² аумақка 30 адамнан келеді. Ал елдің басым бөлігін (3/4) камтитын азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21%-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы мұнда 1 км²-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.

Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км²-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км²-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бөліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.

Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1%-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптттілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.

Ресей мәдениеті адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар:

Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей  мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.

Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай-ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.

Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған.

(Ресей статистикалық анықтамалығының деректері бойынша)

Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан.

Мәскеу халық саны жөнінен Еуропадағы ең ірі қала болып табылады. Қала шамамен 1000 км² аумақты қамтып жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда 1147 жылы жарық көрген. XV ғасырдан бастап біртұтас Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922—1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам ғылыми мекемелер жұмыс істейді.

Мәскеу — әлемдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі. Мұнда сәулет өнерінің інжу-маржандары болып саналатын діни ғимараттар, Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң, патша иеліктерінің әсем сәулет ансамбльдері, Үлкен театр мен Мәскеу университетінің ескі ғимараты сақталып қалған. Қалада 60 кәсіби театр, 74 мұражай жұмыс істейді. 1980 жылы қалада XXII Олимпиадалық ойындар өткізілді.

Орал мен Поволжьеде басқа аудандармен салыстырғанда миллионер қалалар саны көп (оны немен түсіндіруге болады?). Ал солтүстіктегі ең ірі қала болып саналатын Мурманскіде халық саны 400 мың адамға да жетпейді. Ірі қалалардың көпшілігі әкімшілік бірліктердің орталығы болып табылады.

Ресей Федерациясы — өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтас мемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы басқару сипаты ғана емес, оның салалық құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа елдермен экономикалық байланыстарына да өзгерістер енгізілді.

Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылықтың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады

Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.

Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы таныс.

Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен, байланыс жуйелері аркылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.

Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропамен және Жапониямен байланысын жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары — Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.

Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады:

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

Ресейдің экспортқа шығаратын тауарлары арасында отын-энергетикалық және минералдық ресурстардың үлесі басым. Мұнай мен мұнай өнімдерін Германия, Италия, Швейцария, Ұлыбритания мен Польшаға; табиғи газды Германия, Италия, Францияға; таскөмірді Жапония мен Түркияға шығарады. 2004 жылғы қорытынды бойынша осы тауарлардың Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова мен Украинадағы үлесі 24 %-дан 60 %-ға дейін ауытқыған. Сонымен қатар осы жылғы қорытынды бойынша Ресейдің ең басты сауда серіктестері ТМД елдерінен басқа Германия, Италия, Қытай және Нидерланд болып отыр. Елде сыртқы саудамен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың басқа да нысандары дамуда. Жоғары дамыған елдермен, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің көптеген компанияларымен бірлескен кәсіпорындар қатары көбеюде. Ал шетелдерде Ресей компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпкерліктің дамуы жедел қарқынмен жүруде. Елдегі сыртқы экономикалық байланыс түрлерінің бірі — туризм болып табылады.

Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.

Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады. Осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап әрі туристерге барлық қырынан толықтай таныстыруда түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылуда. Ресейдің аса ірі қалалары мен туристік-рекреациялық мүмкін- діктері жоғары аудандарда инфрақұрылымдар жаңартылып, заман талабына сәйкестендірілуде. Ол шараларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қордан өте қомақты қаржы бөлінуде.

Осы шаралар нәтижесінде соңғы жылдары халықаралық туризм жылдам дамуда. Анықтамалық мәліметтер бойынша Ресейге келетін туристердің ішінде алыс шетелден келетіндер саны XX ғасырдың 90-жылдарындағы 13%-дан соңғы жылдары 29%-ға дейін көтерілген.




#Article 4: Қытай (2031 words)


Қытай (ресми — Қытай Халық Республикасы, қысқартылған — ҚХР; ) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.

Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және әртүрлілігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны —  қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.

Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр.
Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.

Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, циклдық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте

Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.

Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салған Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтудың дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселесін шешті.

Бұл түбегейлі жаңартуларды одан кейін келген Цзян Цземин мен Ху Дзинтао жалғастырды.

ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары — 10%, 2002-2005 жылдары — 9% құрады.

ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд доллардан асып кетті.

Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.

Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтану үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектеді.

ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.

Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).

Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд юаньды құрайды (35,5 млрд доллар).
Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбеюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады.

Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.

Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).

Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.

Гонконгта және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.

БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.

Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.

ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай басшылығының «теориялық» құрылуы.

Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі.

Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми – техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу.

Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады.

Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір – бірінің орнан толтырушылық, бір – біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын.

Пекин халықаралық экономикалық қатынас практикасында ешқандай сипттары және өнегелері жоқ Қытайдың дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.

Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

Тайвань – Шығыс Қытай теңізіндегі арал. Жер аумағы 35961 квадрат километр. Халқы – 22 миллион (1998). Әкімшілік орталығы – Тайбэй (2,7 миллионнан астам). Халқының 97%-ы қытайлар. (қытайлық деген қазақстандық деген сияқты, ал ондай ұлт өмірде жоқ, сондықтан ҚЫТАЙЛАР болады)

Тайвань жеке мемлекет ретінде АҚШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүзілік соғыстан кейін өте жоғары қарқынмен дамып, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 жылы есеп бойынша елдің ішкі өнімі – 290 миллиард доллардан астам, кісі басына шаққанда – 13,3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады.

Қытай жазуы морфема–логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды – бірнеше иероглифті сөздер саны ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б.з.б. 2140 – 1711) пайда болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан кешірді: 

Иероглифті зерттеу ертеден басталды, бірақ қазірге дейін қытай жазуында қанша иероглиф бар екені нақты анықталмаған. Б.з. 100 – 121 жылы Шүй-Шин жасаған «Шуо вын жие зы» сөздігінде 9353 иероглиф қамтылған, Цинь патшалығы тұсында (1644 – 1911) Жаң Шу құрастырған «Каң ши» сөздігінде 47035 иероглиф бар. Қытай – жапон сөздігінде 48902 иероглиф, «Қытай тілінің үлкен сөздігінде» 49905 иероглиф қамтылған (Тайвань, 1968). Ғалымдар қазір иероглифтер саны 60 мың шамасында деп болжайды.

Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.

Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.

Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды.

Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).

Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.

Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа).

Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған.

Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды.




#Article 5: Қырғызстан (2875 words)


Қырғызстан (), ресми Қырғыз Республикасы () — Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 6 миллион адам. Қырғыздар (72,6%), орыстар (6,4%), өзбектер (14,5%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жогорку Кенеш) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом. — 6 523 529[ адам (2020 жылғы 1 қаңтарға).

асыл депозиттері бойынша ел шот минералдық-шикізат базасын, түсті және сирек металдар, металл емес шикізат, отын-энергетикалық ресурстар. Қырғызстан табиғи минералды шикізаттың көптеген түрлеріне айтарлықтай әлеуетке ие. Өз аумағында руда мен металл емес минералдардың бірнеше мыңға жуық кен орны мен руда пайда болуы анықталды. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері: алтын, сынап, сурьма, сирек жер, қалайы, вольфрам, көмір, металл емес шикізат.

Қазіргі уақытта республика территориясында 2500 жуық байырғы көрініс табылды Алтындар. Олардың басым көпшілігі өте аз, өнеркәсiптiк мүдделердi көрсетпейдi. Республикадағы алтынның жалпы баланстық қоры 500 тоннадан асады.

Қазіргі уақытта «Макмал», «Кумтор», «Салтон-Сары», «Терек», «Тереккан», «Жамгыр», «Иштамберды».

Республиканың сурьма әлеуеті 7 кен орнында (264 мың тонна) шоғырланған.

Кадамжай сүрме зауыты елдегі ең ірі, 1936 жылы пайдалануға берілді. Тарихи жолмен, КСРО металл комбинаты өндірісіндегі ең ірі зауыт болды және әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі болып саналды: 1991 жылға дейін өндіріс жылына 17 мың тоннаға жетті (Әлемдік өндірістің 10% -ы). Өндірістік кешеннің өндірісі металдың сурьманын және оның қосылыстарының 14 түрін ұсынды. Кадамжай сүрмлер комбинатының ашылуымен КСРО суретті импорттаудан бас тартып, толығымен ауысты. Осы зауытта шығарылған сурьма ұзақ уақыт бойы бұл металдың әлемдік стандарты болды.

Қырғызстан маңызды сынап қорлары бар елдердің бірі болып табылады, сондай-ақ, әлемде әлемдегі ең ірі сынап өндіруші екінші болып табылады, Қытайдан кейін. Республикада екі сынапты кен орны бар: Хайдаркан және Жаңа.

Соғыс жылдарында Ұлы Отан соғысыда, Никитов сынап комбинаты Донбасста аумағында неміс әскерлері болған кезде, елге металл сынаппен Хайдаркан және Чауваның шахталарына толығымен берілді. Хайдаркан және Новое кен орнының сурьмы-сынапты кен орнының негізінде 70 жылдан астам уақыт бойы Хайдарканың Меркурий комбинаты.

Қырғызстан мұздықтары республиканың тұщы су қорын құрайды, сонымен бірге Орталық Азия аймағы және өзендер үшін азық-түліктің негізгі көздері болып табылады. Республикада 8000-ға жуық мұздақ бар, Қырғызстан аумағының 4% (шамамен 8000 км2). бірақ мәңгі қармен бірге, олар елдің аумағының 40,5% -ын (шамамен 81 000 км2) алады. Бұл Кавказ және Альпі мұздықтарының ауданынан әлдеқайда көп, бірге жиналды. Мұздақтарда шамамен 650 км 3 мұз сақталады3 льда.

Қырғызстанда шамамен 30 мың өзен бар. жалпы ұзындығы шамамен 150 000 км, және басқа деректер бойынша 35 000 км. Республиканың барлық ірі өзендерінде тауларда, олар көбінесе мұздықтар мен қардың еріген суларына тамақтанады. Республиканың түрлі рельефтеріне байланысты, өзен мен жазық таулы бөлігін ажырату. Арал бассейніне өзен жүйелерінің басым бөлігі жатады, Орта Азияның негізгі өзендерінің - Сырдария мен Амударияның жүйелеріне. Арал теңізінің бассейніне жатса да, Шу және Талас өзендерінің бассейндері, алайда олардың суы негізгі су жолдарына және Ыстықкөл (Қырғыз-Ыстық көл) су айдыны гидрографиялық жүйесімен бірге жетпейді. Республиканың аумағының оңтүстік-шығыс бөлігі - бұл Батыс Қытайдың су артериясы - Тарим өзені ағынын қалыптастыру, ал Карқыра өзенінің бассейнінің шағын ауданы Балқаш көлінің бассейніне жатады.

Республиканың ең үлкен өзені - Нарын. Ол Сырдария өзенінің негізгі компоненті болып табылады, Арал теңізі бассейніне жатады. Республика бойынша ұзындығы 535 км, бассейндік алаңы 53,7 мың км2, Үлкен және Кіші Нарындың бірігуінен қалыптасады.

Қырғызстанда екі гидрологиялық аймақ бар: Ағынның қалыптасу аймағы және ағынның таралу аймағы. Ағынның қалыптасуы республика аумағының 87% -ын құрайды, ағынның дисперстік аймағы 13% құрайды. Үлкен өзендердің ағынының таралу аумағы Қырғызстан аумағынан тыс жерлерде. Ағынның дисперсиясы, Облыстық Ағын ағынын бөлу, атмосфералық жауын-шашынның шамалы жауын-шашынымен сипатталады, тау бөктерінде және қарқынды буланғаннан гөрі. Осылайша, бетінің ағынын қалыптастыру шектелген, кейде жоқ. Сонымен қатар, тауларда дренаж жасаған, осы аумақтар арқылы өтіп кету, тау бөктеріндегі шөгінділер мен жазықшалардың шөгінділеріне, сондай-ақ суаруға арналған. Тау үстіндегі жазық жерлерде жер асты суларының беткейлері қалыптасады, онда көптеген өзендерге қосымша азық-түліктер беріледі. Жер асты суларының ағымы, айтарлықтай мөлшерде орын, өзендерді қалыптастырады, ағымдар, олардағы судың мөлдірлігі үшін «кара-су» деп аталады.

Ағын режиміне сәйкес, Қырғызстан өзендері Тянь-Шань мен Алтай түрлеріне жатады. Бірінші типтегі өзендер, ең алдымен, жоғары таулар мен мұздақтардың балқытылған суларында. Олардағы су тұтыну жазда жылдам еру кезеңінде артады, шілденің ең жоғарғы шегі, Тамызда. Алтай түрінің өзендері негізінен орташа деңгейдегі маусымдық қардың еріген суларына арналған. Олардағы судың ағымы көктемде өседі, әртүрлі биіктіктегі қар әр түрлі уақытта ериді, жоғары су созылған. Жазда бұл қатыгез және бұл өзендер төмендейді.

Ыстықкөл — Орта Азияның ең ірі көлі, ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 6280 км2, ұзындығы 182 км-ге созылып жатыр. Пайда болу тарихы жағынан тектоникалық көл болып саналатын Ыстықкөлдің тереңдігі 702 метрге жетеді. Су көлемі көп болғандықтан, Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Көл айналасымен қоса, айрықша қорғауға алынған Ыстықкөл қорығының аумағына енеді. Ыстықкөл жағалауында жалпы саны 100-ден асатын демалыс орындары, емдеу-сауықтыру мекемелері орналасқан. Емдеу-сауықтыру мақсатында көлдің шипалы тұзды суы ғана емес, жағалаудағы емдік балшықтар да пайдаланылады. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералды бұлақтар да өте көп. Шолпан-Ата, Ыстық-Ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан шипалы су көздері көпшілікке танымал.

Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.

Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті металлургия болып табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.

Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын (Жалалабат облысындағы Макмалалтын), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде.

Қырғызстан — Орта Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Ол Қырғызстан жерінің басым бөлігінің таулы болуымен, өнделетін жер үлесі көрсеткітттінің төмендігімен түсіндіріледі. Өнделетін жерлердің басым көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы шабындықтардың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді. Нарын облысында жайылымдардың, әсіресе қысқы жайылымдардың үлесі басым. Елдің оңтүстігіндегі Ферғана жотасының беткейлерінде пішен дайындалады.

Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың басқа жеткен. Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны — қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар есіретін шаруашылықтар бар.

Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі өсіріледі, Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қалпына келтірілуде. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жүзімдіктер мен жеміс бақтары едәуір алқаптарды қамтиды. Жалалабад облысында табиғаттың қайталанбас ескерткіші болып саналатын грек жаңғағының реликтілік ормандары өседі.

Қырғыстан аумағы арқылы елді көршілес мемлекеттермен байланыстыратын маңызды теміржолдар және тасжолдар жүйесі өтіп жатыр. Қырғыз жері арқылы Памирдің ішкі аудандарымен жыл бойы байланыстыратын Памир тас жолы (Ош-Мургаб-Хорог) өтеді. Республиканың таулы аудандарында Қытаймен байланыстыратын бірнеше шекаралық өткелдер бар.

Негізгі көлік түрі-автокөлік, тасжолдардың жалпы ұзындығы 40 мың км-ге жетеді. Автокөлік үлесіне жүк айналымының 90%-ы тиесілі. Теміржолдар өте қысқа. Республиканың оңтүстік бөлігі арқылы  Өзбекстанның көмір өндіруші аудандары мен облыс орталықтарына бағытталған бірнеше теміржол тармақтары тартылған. Ел астанасын Ыстықкөлмен жалғастыратын тұйық теміржол тармағы бар. Қазіргі кезде Алматы қаласын Ыстықкөл жағалауымен байланыстыратын теміржол тармағын салу туралы халықаралық жобалар жасалуда. Бұл жоба екі ел арасындағы байланыстарды дамытумен қатар, туризм саласын өркендетуге мүмкіндік береді.

Қырғызстан ТМД елдерімен соның ішінде Ресей Федерациясымен, Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ресей- ел экономикасына күрделі қаржы әкеліп отырған бірден-бір ірі ел. Қырғызстан мен Қазақстанның қатынастарының дамуына 1993 жылы 8 щілдеде қол қойылған келісімшарт негіз болуда. 2008 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 310 млн АҚШ долларын құрады. біздің елімізде Қырғызстанме бірлескен 70-тен астам кәсәпорын жұмыс істейді. Қазақстан жыл сайын бұл елден келетін мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қырғызстанда бірнеше қазақстандық банктердің бөлімшелері жұмыс істейді.

Тағы қара: Қырғызстанның әкімшілік бөлінісі

Қырғызстан құрамына 7 аймақ кіреді, 31 қала (жалпы республикалық маңызы бар 2 қала (Бішкек, Ош), 12 облыстық маңызы бар қалалық және 17 облыстық маңызы бар қалалар), 44 аудан (соның ішінде Бішкектегі 4 аудан), 12 посёлков и 453 айылных аймака.
Тоқмақ қаласының әкімшілік орталығы болып табылады.

Қырғызстан әлемнің 155 мемлекетімен дипломатиялық қатынас орнатты.

Қырғызстанның маңызды серіктестері - Ресей, Қазақстан және Қытай. Өзбекстан мен қарым-қатынас екіұшты. 1999-2012 жылдары Бішкекке жалпы сомасы 12,5 миллион АҚШ долларын құрайтын әскери көмек көрсеткен, 2012 жылы Қырғызстанның 50 миллион доллар қарызын жойған Түркияға жақын тілді Түркия республиканы қызықтырады.

Ресей - Қырғызстанның маңызды экономикалық және саяси серіктесі, маңызды гуманитарлық және әскери-техникалық көмек көрсетеді, Қырғызстан азаматтарының едәуір бөлігі Ресейде жұмыс істейді. 2000 жылдардың басына дейін Қытайдың қатысуы минималды болды, бірақ шекара делимитацияланып, өткізу пункттері ашылғаннан кейін ҚХР жалпы Орталық Азияға, атап айтқанда Қырғызстанға енуін күрт күшейтті. Қазақстанмен қарым-қатынас барлық көрші мемлекеттер арасында ең жақын болып табылады. 2015 жылы кедендік шекара ашылғаннан кейін сауда көбейді.

Бішкек, Қырғыз Республикасы, саяси, экономикалық ғылыми, өндірістік және мәдени орталығы және елдің ең ірі қаласы. Арнайы әкімшілік бірлік. 1878 жылмен жылы құрылған. 12,7 га ауданы. Халықтың саны - 874,4 мың (2012).

Бішкек - саяси, экономикалық ғылыми, әкімшілік және мәдени орталығы, Республикасы Үкіметінің жоғары органдарының, шетелдік елшіліктер мен өкілдіктердің орналасқан жері.

Тоқмақ қаласының әкімшілік орталығы болып табылады.

Қарақол қаласының әкімшілік орталығы болып табылады.

Нарын қаласының әкімшілік орталығы болып табылады

Жалалабат қаласының әкімшілік орталығы болып табылады

Ош қаласының әкімшілік орталығы болып табылады

Баткен қаласының әкімшілік орталығы болып табылады

Тағы қара: Қырғызстан халқы

Қырғызстанның тұрақты тұрғындары - 6 140 200 адам, ақшалай халық - 5 885 000 адам (2017 жылғы 1 қаңтарға). Бұл әлдеқайда көп, 1959 жылы елде өмір сүрген (2 065 000), 1970 (2,935,000), 1979 (3,523,000), 1989 (4,258,000), 1999 (4 823 000) жылдары. 1960 жылдарға дейін республика тұрғындары көші-қон мен табиғи өсімнің арқасында тез өсті, соңғы ауылдық қырғыз әсіресе маңызды болды, Өзбектер және басқа да Орталық Азия халықтарымен. 2015 жылдың 26 қарашасында Қырғызстан халқының саны 6 миллионға жетті.

Халықтың басым бөлігі республиканың оңтүстік аймақтарында - Ош, Жалал-Абад, Баткен (3 241 600 немесе республиканың тұрақты тұрғындарының 52,8%), Халықы негізінен Ферғана алқабында тұрады. Сондай-ақ, халықтың басым бөлігі Шу аңғарында шоғырланған (1 885 600 тұрғын немесе республикадағы тұрақты халықтың 30,7% -ы) және Талас алқабы (255 200 тұрғын немесе республиканың тұрақты тұрғындарының 4,2%). Ыстықкөл және Нарын облыстарында 757,800 немесе республикадағы тұрақты халықтың 12,3% -ы тұрады. Ең тығыз елді мекендер - Ош және Шу.

Негізгі халқы - 4.393.057 адам, немесе 73,2% - Қырғыз саны. Қырғыздар бүкіл ел бойынша өмір сүріп жатыр және көптеген ауылдық жерлерде басым. Өзбектер екінші ең көп саны бар - 898 363 адам, бұл халықтың 14,6% құрайды, Өзбекстанның шекаралас өңірлерінде елдің оңтүстік-батысында шоғырланған. Орыстар - 356 637 адам, 5,8%. негізінен республиканың солтүстігіндегі қалалар мен ауылдарда шоғырланған. Басқа ұлт өкілдері: дүнгендер 69 093, ұйғырлар 56 015, тәжіктер 53,848, түріктер 42,829, қазақтар 35,087, татарлар 27,341, азербайджандар 20,010, корейлер 17,015, украиндер 11 915, немістер - 8340.

Шу облысының 13,000 қазақ тұрады. Ыстықкөлде - 7000, Бішкекте - 10 000; елдің кез келген басқа аймақта қазақтардың саны 700 (2016) артық емес. 1926 жылы Қырғызстандағы қазақтардың саны 1,7 мыңға жетті. Қырғыз халқының саны 661 000 адаммен салыстырғанда. 1932-1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық кезеңінде мәжбүрлеп ұжымдастыру кезінде, қазіргі заманғы Қазақстан аумағында қатал болды, көптеген қазақстандықтар Қырғызстан аумағына көшіп, Осыған байланысты, 1939 жылғы санақ деректеріне сәйкес, қазақтардың саны 24 мың адамға дейін өсті. Тіпті 2007 жылы, Осы қазақтардың кейбірі әлі де Бішкекте тұрады. 1989 жылғы санақпен 37 000 адам қарағанда қазақтардың санын сәйкес. Осы кезеңде, тәуелсіз Қырғызстан қалыптастыру кейін келді, Қазақстан қауымдастығының Қазақстанға қайта оралуы болды (жалпы алғанда 12 мыңнан астам халықтың теріс қалдықтары), ол 34 615 адам деңгейіне Қырғызстандағы қазақтардың санының қысқаруына әкелді. (2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша).

Ыстықкөл облысында үй қазақтардың бірқатар, сондай-ақ бар. Қара-Суу қаласында өмір сүріп қазақтардың аз мөлшерде Ош облысы, («Казак-махалля»).

Қырғызстан аумағында украиндар орыстармен бірге - бірінші кезекте Украинаның Полтава аймағынан және Ресейден көшіп келген.

Немістердің бір бөлігі ХІХ ғасырда аймақта өмір сүрді, Бұл аймақта алғашқы неміс маннондары қона бастаған кезде, діни қудалау салдарынан үйлерін тастап кеткен. Ол бірнеше мың ғана адам болды, солтүстікте тұратын, Талас ауданында, олар Николайполдың қоныс аударатын ауылдарын құрды, Владимир, Андреевка, Романовка кейінірек Николайополямен байланысты.

Дағыстандықтар, Кавказдағы көптеген басқа халықтар сияқты, әртүрлі төлемдер бойынша депортациялау процесінде, депортациялауға және қуғынға ұшырады, діни және діни қызмет үшін. 1936 жылы КСРО халық комиссарлары Кеңесі қаулы қабылдады (21 мамыр, № 911-150 cc) «Дагестан мен Шешен-Ингуш аймағынан 1000 құлақ шаруашылығын көшіру туралы, оның негізінде бірнеше мың адам қырғыз ССР-ге көшірілген.

Татарлар 27 341 адам көлемінде Қырғызстанда өмір сүреді. «Татарлар» термині Волга аймағының көптеген түпнұсқалық топтарын білдіреді, оңтүстік Орал, Сібірде, сондай-ақ Орталық Азиядан келген мигранттар. Олардың ортақ ерекшелігі түркі тілдерінің Қыпшақ кіші топтағы татар тілінің түрлі диалектілерін қолдану болып табылады. Волга татарлары Мишар тобын да қамтиды (можари, мечера), Симбирск пен «Қазақ» губерниясында түркітілдес тұрғындар, Төменгі Волгада және Оңтүстік Оралда тұратын.

XIX ғасырдың соңында, Қытайдың солтүстік-батысындағы Қытайдың орталық үкіметінің Дүнган көтерілісін басып озғаннан кейін, мыңдаған дүнгендер (мұсылман қытайлар). Дәстүрлі түрде дүнгендер жақсы фермерлер мен бағбандар, олардың суармалы бақтары көршілерге үлгі болды. («Дүнгендер» этнонимі негізінен Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінде қолданылады: Қытайда өзіндік аты орыс тілінде (эуфония мақсатында) ретінде «Хуэй». Ауыл шаруашылығы, көгалдандыру және көгалдандырудан басқа, Орталық Азиядағы дәстүрлі Дунган кәсіптері - сауда және шағын бизнес (мысалы, мейрамхана). Бұл азшылықты жеңілдікті көшіру облысы - бұл Шу алқабы (Токмок, Александровка ауылы, Милянфан, Кен-Булун) Ташыров ауылы (Қара-Су ауданы Ош облысы) және Ыстықкөл көлінің ауданы (Каракол, Ирдық ауылы). Бүгінгі Киевтің Бішкектегі Дунганская көшесі деп аталатын көше. Қырғыз Дунганның бір бөлігі 2000-шы жылдары Ресейге көшіп, негізінен Саратов облысының Ривне ауданында, онда дунгандар тығыз қоныстанған, бірінші кезекте Привольное, Скатьковка, Кочетное ауылында.

Ұйғырлардың бір бөлігі 1820 жылдары Қытайға Шыңжаң провинциясынан Қырғызстанға келді, Эмигранттардың екінші толқыны 1950 жылдан бері жалғасып келеді, бірнеше мың адамның ішінде (әсіресе қытай «мәдени революция» кезінде).

Дүңганнан айырмашылығы, ұйғыр этносы түркі тілдесіне жатады, Осылайша, Қытайдағы адамдардың басым бөлігінен ғана емес, дінмен ғана емес, сонымен бірге мәдени және лингвистикалық дәстүрлер (ұйғыр тілі Алтай тілінің отбасының түрік бөлімшесінің шығыс тобына жатады). Дегенмен, ТМД аумағында, Дүңгандар ретінде, ұйғырлар кейбір мәдени ұқсастықтармен сипатталады. Бүгінгі таңда Қырғызстанда 54810 ұйғыр тұрады, негізінен Бішкекте, және оның айналасы, сондай-ақ Ош және Жалал-Абад қалаларында. Бішкекте ұйғырлар Токолдош елді мекендерінде тығыз тұрады, Лебединовка, Новопокровка, Қырғызстанның оңтүстігінде Қашқар-Кыштак үлкен ұйғырлы ауылы орналасқан. Елдің оңтүстігінде ұйғырлар (сондай-ақ дүнгендер мен қазақтар) көбінесе өзбектермен ассимиляцияланды.

қаласында ұйғыр қауымдастықтар, негізінен шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін, қоғамдық тамақтандыру және сауда саласында, соның ішінде Қытаймен ірі көтерме сату, Қашқар-Кыштақ ауылында, негізінен ауыл шаруашылығында.

Түріктер ең маңызды ұлттық азшылықтардың бірін құрайды.

Сондай-ақ, Қырғызстан аумағында 1943 жылғы депортациядан кейін осында болатын Қарашай мен малқардардың саны аз.

Пікір бар, формалды негіздер бойынша жарияланған ресми деректер бойынша халық, өйткені ресми дереккөздердегі деректерді растау мүмкін емес. Қырғызстан халқының соңғы санағы (2009) осы сипаттағы бұзушылықтардан өтті, олар объективті ақпарат ретінде қарастырыла алмайды.

Қырғызстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы бұрынғы КСРО-ның жалғыз республикалары болып табылады, орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде қалыптастырған. 1989 жылдың қыркүйегінде Қырғыз тілі мемлекеттік тілге айналды.

Оңтүстік Алтайға Қырғыз тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына Қырғыз-қыпшақ iшкi топтың жатады. бірге Оңтүстік Алтай жатады тілі, Қырғыз-қыпшақ топ қыпшақ тобы түркі тілдері. Басқа қыпшақ тілдерінде Ноғай тілдері кіші топтары (Ноғай Ноғай қырғыз тіліне ең жақын деп саналуы мүмкін, Қарақалпақ және т.б.). [1920 жылдарға дейін араб әліпбиі қолданылды. 1920 жылдары араб әліпбиі қолданылды. 1928 жылы латын әліпбиі енгізілді және бейімделді, ол 1941 жылы ауыстырылды [кириллица|кириллица]. оңтүстік Альтаичпен қатар, қыпшақ түркі тілдерінің топтарының Қырғыз-Қыпшақ кіші тобына жатады. бірге Оңтүстік Алтай жатады тілі, Қырғыз-қыпшақ топ қыпшақ тобы түркі тілдері. тілдерді топ (Ноғай, қазақ, Қарақалпақ, т.б. басқа қыпшақ тілінде арасында қырғыз жақын, сондай-ақ Ноғай тілдері деп санауға болады .). қазақша, Қарақалпақ және т.б.). 1920 жылдарға дейін араб әліпбиі қолданылды. 1928 жылы латын әліпбиі енгізілді және бейімделді, ол 1941 жылы ауыстырылды кириллица.

Ақпарат көзі:

Тағы қара: Қырғызстандағы дін Қырғызстандағы Ислам Қырғызстандағы христиан
Қырғызстандағы сенушілердің басым көпшілігі - суннит мұсылмандары. Христиандар бар: православиелік, Католиктер және түрлі протестанттық ағымдар. Сонымен бірге Қырғызстан - зайырлы мемлекет.
Ел билігі діни қызметкерлердің діни рәсімдерді орындау үшін, республиканың заңнамасына қайшы келеді. Мысалы, 2016 жылы заң қабылданды, діни қызметкерлер өкілдерінің қылмыстық іс жүргізуде (3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру) адаммен некеге тұруға қатысатын, кәбенеттік жасқа үйленген емес.

Қырғызстандағы қазіргі заманғы білім беру үшін негіз кеңестік жүйе болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін білім беру саласында реформалар жүргізілді. Мектептегі білім 11 жылға есептелген, Олардың 9-ы міндетті. Бастауыш мектеп - 1-ден 4 сыныпқа дейін, 6-7 жастан 11 жасқа дейінгі балалар білім алады. Бастауыш мектепте балаларға базалық білім беріледі, Мұндай жазбаша ретінде, оқу, оқу тілдері, арифметика, Отан сабақтары, жұмыс, этика және дене тәрбиесі. Орта сыныптар 5-ден 9-шы сыныптарға дейін, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар. Орта класстарда ғылыми тақырыптарды зерттей бастайды, математика, ақпараттық технологиялар, шет тілдерін тереңдетіп оқыту және т.б. Жоғары сыныптар 10-11 сыныпты құрайды. Қарамастан, 10-11 сыныпты таңдау міндетті емес, Мектеп оқушыларының 80% -ы орта мектепте оқиды. Мұнда студенттер сол тақырыпты оқып жатыр, орта сыныптағыдай, әскери істерді бастайды, сондай-ақ университетке түсуге дайындық. 11-сыныптың соңында, мектеп оқушылары қорытынды емтихандар мен Бүкіл республикалық тестілеуді (ОРТ) алады, оның қорытындысы бойынша университеттерге жұмысқа қабылдау жүргізілуде.




#Article 6: Өзбекстан (1909 words)


Өзбекстан (), ресми атауы — Өзбекстан Республикасы () — Орталық Азияда орналасқан мемлекет.  1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет. Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.

Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер – Соғды, Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады. Б.з.б. 330 – 328 жылдары өлкеге Македонский шапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғасырдың ортасында құрылып, түріктердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты құрамында болды. 7 ғасырда ел аумағы Батыс түрік қағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды. Бірақ 7 ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. 9 ғасырдың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағында Самани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зеравшан өңірі барынша дамыды. 10 – 12 ғасырларда ел аумағында Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті кезек-кезек билікке келді. 12 ғасырдың 2-жартысында Хорезм мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғасырда өзбек жері Шыңғысхан империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай ұлысы құрылды. 14 ғасырдың 2-жартысында Әмір Темір Мауераннахр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы – Самарқанд қаласы ірі сауда орталығына айналды. Үндістанмен, Қытаймен, Иранмен және Шығыс Еуропамен арадағы тікелей сауда байланысы елдің экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғылым мен өнер саласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мауераннахрды Әмір Темірдің немересі Ұлықбек басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды. 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Орта Азияны Мұхаммед Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде “Өзбек” этнонимі орныға бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған мемл. бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. 17 ғасырдың басында Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени тұрмысы әрі қарай дамыды, ирригациялық құрылыстар жетілдірілді, а. ш. жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді. 19 ғасырда Ұлыбритания мен Ресей Орта Азияға, оның ішінде Өзбекстанға да көз тігіп, қордалы шикізат пен пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломатикалық байланыс орнатуға тырысты. Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіріп, 1876 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын (орталығы – Ташкент қаласы) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан генерал-губернаторлығына берілді. Бұхар және Хиуа хандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау заттары мен май айыру кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат базасына, өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды. 20 ғ-дың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экон. және әскери стратег. мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкент т. ж-н сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. “Шура-и-Ислам”, “Шура-и-Улема” ұйымдары, “Жас Бұхаралықтар” қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларында Кеңес үкіметін орнатты және 1918 ж. РКФСР құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 жылы Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 – 25 жылдары Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. 2-дүниежүзілік соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 жылы 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.

Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. 

Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б.з.б. 4 ғасырда салынған. Олар Бактрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы сақталған. Қала салу өнері көне заманнан (б.з.б. 3 ғасыр) басталып, орта ғасырларда өркендей түсті. Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, т.б. қалалардың сәулеттік өнер элементтері (шаһристан, рабад, т.б.) сол кезеңнің классик. үлгісіне жатады. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пен эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды. Бейнелеу өнерінің тарихы тас дәуірінен бастау алады. 

Осы кезде көзешілік өнері пайда болып, қола дәуірінде жетілдірілді. Б.з.б. 1-мыңжылдықта металдан көркем бұйымдар жасау, б.з.б. 3 ғасыр мен б.з. 3 ғасыры аралығында бедерлеу өнері, монументті мүсін, саздан бояулы мүсін жасау дамыды. Ислам діні енген кезеңнен бастап сән және қолданбалы өнер өркендеді. 15 – 17 ғасырларда Самарқандта, Бұхарада кітап миниатюрасы гүлденді. 19 – 20 ғасырларда өзбек суретшілері ұлттық нақышты, дәстүрлі шеберлік өнерінің кәсіби мектебін қалыптастырды. Әсіресе, қазақтан шыққан Өзбекстанның халық суретшісі Орал Таңсықбаев өзбектің заманауи кескіндеме өнері мен пейзажының қалыптасуына әсер етті. Ташкентте респ. өнер музейі мен бірнеше көрме залдары жұмыс істейді. 1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 жылы “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді.

Өзбек әдебиетінің дамуына ауыз әдебиеті мен шығыс халықтары әдебиетінің әсері мол болған. Жанрлық түрі бай ұлттық фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға “Күнтуғимиш”,“Алпамыш”, “Гороглы”, “Юсуф пен Ахмад”, “Тахир мен Зухра”, “Арзигул”, т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. 18 – 19 ғасырлардағы өзбек әдебиетінде Тұрды, Күлхани, М.Хорезми, Агахи, т.б. шығармалары елеулі орын алды. Ал Фурқат (1853 – 1909), Дилшад (1800 – 1905), Х.Хакизада Ниязи  (1889 – 1929), С.Айни (1878 – 1954), А.Қадыри (1894 – 1940) шығармалары демократикалық-ағартушылық ағымның бастауы болып саналады. 20 ғасырдағы өзбек әдебиеті классиктері Ғ.Ғұлам (1903 – 66), Айбек (1905 – 68), А.Қаһар (1907 – 68), К.Яшен, Ұйғын, т.б. жазушылар туындыларында ел өміріндегі әлеуметтік-саяси өзгерістерді бейнеледі. Өзбек әдебиеті 20 ғасырдың 50 – 90-жылдары кәсіби-шығармашылық деңгейге көтеріліп, ақын-жазушылардың еңбектерін өзге ұлт тілдеріне аудару үрдісі жанданды. Мирмухаин, Зүлфия, А.Мұхтар, Шукурулла, А.Хашим, А.Саади, В.Абдуллаев, т.б. қаламгерлер өнімді еңбек етті. К.Мухаммади, К.Хикмет, Т.Момын, Х.Нәзір балаларға арналған шығармалары арқылы танымал болды.

Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек, Қашқадария, Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл, қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр, Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Ө. аумағы Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады. Оңтүстік Ферғанада күкірт және озокерит (Шорсу), Гиссар жотасында карноллит, сильвинит, тас тұзы, Сұлтануиздат тауында фосфорит бары анықталды.
Климаты тым континенттік, қуаң. Жазы ыстық, шілденің орташа температурасы солтүстік-батыс бөлігінде 33 – 38°С, оңт-нде 25 – 30°С. Қысы жылы, қар жұқа түседі. Қаңтарда 6,3С, оңт-нде 3С болады. Жылдық жауын-шашынның мөлшері әр қилы, кей шөлді өңірлерде 100 мм, кей жерлерде 200 – 400 мм, тау бөктерлерінде 900 мм. Өзендерінің көпшілігі Арал теңізінің алабына жатады. Ірі өзендері – Әмудария, Сырдария, Зеравшан, Қашқадария. Жер суару және суландыру жүйесі өте жақсы дамыған. Жері негізінен сары және сары қоңыр топырақты; батыс және солтүстік жағы құм-шағылды келеді. Республика жерінің көпшілік бөлігінде қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тіршілік етеді.

Ел тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезенде, әсіресе отын-энергетика саласын дамытуға көп көңіл бөлінді. Электр энергиясын өндіру Ангрендегі коңыр көмір, Шыршыктағы СЭС тізбегіне және табиғи газға негізделген. Қазіргі кезде 1991 жылмен салыстырғанда мұнай (газ конденсатымен қоса) ендіру 3 есеге жуық, ал табиғи газ өндірісі 10 млрд м3-ге артты. Ел Қазақстан мен Қырғызстанды да табиғи газбен қамтамасыз етеді. Мүбәректе газ өндеу зауыты салынған, мұнда газбен қатар күкірт те ендіріледі. Республикада газ өндеумен қатар, мұнай өндіру саласы да қарқынды дамуда. Алтыарық және Ферғана мұнай өңдеу зауыттары Ферғана аңғарынан өндірілетін мұнайға, ал салынып жатқан Бұхара зауыты Көкдумалак кен орнының мұнай-газ конденсатына негізделеді.

Мұнай-газ өндірісі негізінде химия өнеркәсібі ерекше қаркқнмен дамуда. Бұл сала, ең алдымен, ауыл шаруашылығының тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Шыршық, Навои мен Ферғанада азот тыңайтқыштарын өндіреді, Ферғана, Қоқан, Самарканд, Алмалықтағы зауыттар Қазақстаннан әкелінетін фосфорит шикізаты негізінде жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда тыңайтқыштармен қатар, өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға қажетті заттар, тұрмыстық химия өнімдері де шығарылады. Сонымен қатар резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін, дәрі-дәрмек жасайтын кәсіпорындар бар.

Жергілікті шикізатқа негізделген түсті металлургия айрықша кезге түседі. Алмалық маңында мыс-молибден кендері өндіріліп өңделеді. Ал Ташкент облысындағы комбинаттар жергілікті вольфрам, молибден кендері мен Тәжікстаннан өкелінетін қорғасын-мырыш концентраттары негізінде жұмыс істейді. Алтын өндірісі Қызылқұмдағы Мұрынтау алтын ендіретін комбинатында шоғырланған, жылына 70 ғасырға дейін таза алтын алынады. Ферғана аңғарында күміс өндіріледі.

Ташкент қаласы мен оның маңайында ауылшаруашылық машиналарын жасау кәсіпорындары орналасқан. Мұнда мақта жинауға және тазалауға арналған машиналар, тоқыма өнеркәсібі мен суландыруға қажетті жабдықтар шығарылады. Елдің халық тығыз орналасқан шығыс бөлігінде электр техникасын, приборлар мен құралсайман жасайтын өндірістің үлесі едәуір. Мұнда жүк көтергіш көліктер мен химия өнеркәсібіне қажетті жабдықтар, кабель өндіретін кәсіпорындар да орналасқан. 1996 жылдан бастап Андижан облысында Дэу компаниясымен бірлескен автомобиль зауыты жұмыс істейді. Бұл кәсіпорында жылына 200 мыңға дейін Дэу-Нексия жеңіл автокөлігі құрастырылады.

Өзбекстан-көпұлтты республика, мұнда 120-дан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Табиғи өсудің жоғары болуы себепті және басқа ұлттардың(әсіресе орыстардың) республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуына байланысты өзбек халқының саны артып келеді. Қазіргі кезде өзбектер ел халқының 3/4 бөлігін құрайды. Олардан басқа орыстардың 7,4% тәжіктердің 4,7%, қазақтардың 4,1% үлесі біршама. 2001 жылдың өзінде Өзбекстаннан  Қазақстанға 15 861 адам қоныс аударды, олардың негізгі бөлігін тарихи отанына оралған қазақ халқының өкілдері құрайды.

Жалпы алғанда, халықтың орташа тығыздығының жоғары (1км^2 жерге 56 адам) болғанымен, ел аумағында халықтың қоныстануы біркелкі емес. Халықтың көпшілігі егіншілікке қолайлы алқаптарда қоныстанған, мұнда тығыздық 1км^2 жерге 350-380 адамнан келеді. Экологиялық жағдайы нашарланған Қарақалпақстан аумағында, шөлді Бұхара, Навои облыстарында халық сирек тұрады, кейбір аудандарда тұрғылықты халық мүлде жоқ. Орта Азияның барлық елдеріндегі сияқты, Өзюекстанда да қала халқының үлксі 38%, төмен. Ірі қалалары -Ташкент 2,3млн адам, Самарқанд 395 мың, Наманган 310 мың адам. Экономикалық белсенді халықтың 44%-ы ауыл шаруашылығында, 20%-ы өнеркәсіпте, 36%-ы қызмет көрсету саласында еңбек етеді.




#Article 7: Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (473 words)


Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.

Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары:

Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.

Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).

Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған.




#Article 8: Қарағанды (950 words)


Қарағанды — Орталық Қазақстандағы қала, Қарағанды облысының орталығы. Қазақстан қалаларының халық саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе шахарларынан кейін 5-ші орында орналасқан. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды.
Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең.
Қала халқының саны 2019 жылғы 1 қазан 496 701 адамды құрады. 
Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.

Қaрaғaнды aтaлу себебi - қaрaғaны қaлың өскен жер мaғынaсынaн шыққaн.

Алғашқы орыс қоныс аударушылары 1906 жылы Столыпин аграрлық реформасы бойынша келіп, Михайловка (Қазыбек би ауданы) ауылын құрды, содан кейін “Тихоновка”, “Зеленая балка” және “Новоузенка” құрылған болатын. Революциядан кейін ағылшындықтардың кетуіне байланысты көмір өндірісі уақытша тоқтатылды. Аумақтық құрылым жағынан, Ақмола облысы Ақмола уезінің Спасск болысының құрамына кірді.

Ұлы Отан соғысы басталысымен мыңдаған қарағандылық майданға атсалысты.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы қазақстандық шахтер астанасына қатты әсер етті - революциялық 1920-шы және әскери 1940-шы жылдардан кейінгі 1990-шы жылдар Қарағанды үшін XX ғасырда ең қиын уақытқа айналды. Еліміздің үшінші от жағушысы деп аталатын Қарағанды XXI ғасырдың басында КСРО кезінде өндірілген көмірдің аз ғана бөлігін өндіреді.

Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 

туылу – 16,85
өлім – 13,89
табиғи өсім – 2,96 

Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 

Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.

Қарағанды қаласы халқының саны

Негізгі экономикалық бағыт: 
энергетика; 
тамақ өнеркәсібі. 
Қаланың негізгі кәсіпорындары:

Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:
электр энергиясы; 
жылу энергиясы; 
маргарин өнімі;
сыра;
конфеттер.

Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.*

ірі қара мал саны 3,0 мың бас; 
қой мен ешкі – 1,1 мың бас; 
шошқа – 2,4 мың бас; 
жылқы - 0,1 мың бас; 
құс - 22,8 мың басты құрады.* 
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына 

Қалада 

Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады.

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.

Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған,өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Бұл мектеп республикада құрылатын осындай 20 мектептің сегізіншісі. 720 балаға арналған оқу орнының 120 орындық интернаты да бар. Мектеп басшылығының хабарлауынша, бүгінгі күні 7,8 және 9 сыныптарға 558 оқушы қабылданыпты. Білім ұясында оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқушыларға білім беру мен жатын орындары тегін.  
Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірегей оқу орны және өңірлік ғылыми орталық болып табылады.
Бұл мектепті аяқтаған соң түлектер ҰБТ-дан босатылып, әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түсу құқығын беретін халықаралық үлгідегі дипломдар алып шығады

Мемлекеттік ЖОО-лар
Қарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы.

Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді.
Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді.

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. 
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.

Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанда мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 10 кәсіптік-техникалық мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қаланың орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар-тобы (архитектор Э.Г.Меликов, С.И. Мордвинцев, М.О. Жандәулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Қалада Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958), «Шахтер Даңқы» (1976) және 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978), арналған монументтер қойылды. 
Қарағандыда әр түрлі білім орындары бар. Олар ҚарМУ ҚарМТУ ҚММУ ҚЭУ ҚУ Болашақ ҚЗИ және әр түрлі білімді мектептер қалыптасқан,олар НЗМ, сшод Мурагер,Дарын, Ктл және тағы да басқа білімді мекемелер қалыптасқан. Қарағанды облысының білімі мен ғылым жоғары деңгейде .




#Article 9: Барыс (жануар) (597 words)


Қар барысы, ірбіс () Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық.

Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан Республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.

Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.

Тува жерінде бұл түрді ирбиш, Жетісу жерінде ильберс, Алматының шығысында ирвиз, түркі тілдерінде ирбиз деп атаған. Сондықтан оны ілбіс немесе барыс деп атап кеткен.

Жыртқыштар отряды - Carivora. Мысықтар тұқымдасы – Felidae.

Түрдің таралуы Орталық Азия және Оңтүстік Сібір тауларын қамтиды. Алтай тауларында бірең-сараң аңмен кездесу Күршім, Холзун, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай, сондай-ақ Бұқтырма, Қарақаба өзендерінің жоғарғы жағында, Марқакөл маңында байқалды. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қаратауда (Сырдариялық) XX ғ. 40-шы жылдары жойылып кеткен. Іле және Жоңғар Алатауларының онша биік емес жоталары – Торайғыр, Сөгеті, Кіші және Үлкен Бөгеті, Қатутау, Ақтау, Шолақ, Матай, Алтынемелде барыс тұрақты мекендемейді, бірақ оларға анда-санда енгені байқалады. 

Тасты құздар, негізінен, таудың субальпі және альпі белдеулерінде. Сонымен бірге, онша биік емес тауларда да олардың тік, тасты құзды беткейлерінде ұшырасады.

Барлық жерде саны өте аз; тек  аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3,  Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. XX ғ. 60-80 жылдары Күнгей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар  екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Осы күні Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 

Барыс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. 

Бір жерде тұрақты тіршілік етеді, бірақ күн көру жағдайы нашарлағанда кейде алысқа қоныс аударуы мүмкін. Қыста тұяқты аңдар тау етектеріне қарай түскенде, барыстарда сол маңға қарай қоныс аударады. Оның негізгі азықтары –таутеке, елік, қабан, марал, арқар, қоян, шақылдақ, ұлар мен кекіліктер. Жыныстық жағанан екі жасында жетіледі. Күйге түсуі – ақпан-наурыз айларында, балаларын мамыр-маусым айларында туады. Әдетте 1-5, сирек – 2-3 жас барыстар дүниеге келеді.

Хайуанаттар парктерінде ұсталады және жақсы көбейеді.

Негізгі шектеуші факторлар браконьерлік, қоректер санының кемуі.

СИТЕС-дің 1-ші қосымшасына енгізілген. Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай қорықтарында, Сайрам-Өгем, Іле-Алатау, Катонқарағай ұлттық парктерінде және бірқатар қорықшаларда қорғалады. 

Қажетті қорғау шаралары: Ерекше қорғалатын табиғи территориялар ұйымдастыру, қарғаудың тиімділігін арттыру және браконьермен күресті күшейту қажет. 

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар: Соңғы оншақты жыл ішінде барысты ғылыми зерттеу болған жоқ. Сондықтанда Қазақстандағы барыстың қазіргі жағдайын терең зерттеу керек.

III-ші санат. Ареалы қысқарып, саны азайып келеді. Барысты 2-ші санатқа көшіру керек. Халықаралық табиғат қорғау Одағының (МСОП) қызыл тізіміне (ЕN – санаты), Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Қызыл кітаптарына енгізілген.

Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарында тустың жалғыз өкілі.




#Article 10: Түрікменстан (985 words)


Түрікменстан () — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет.

Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр.

Түрікменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында. Осы өзеннен бастау алып, Түрікменстанның Ашхабат, Мары, Бүзмейін, Балқанабат (Небит-Даг), Түрікменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм каналы.

Сонымен бірге, канал 1 млн ha жерді суландырады. Оның ұзындығы 1100 км.
 

Елдің қыс айларындағы орташа температурасы 26—32 °C, ал жаздағы ыстық 70 °C асады.

Түрікменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уәлаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уәлаяттарын және Ашхабад қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уәлаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.

Халқының саны 6 млн адамға жуық.

Түрікмен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түрікмендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирак, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түрікменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асқан екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа армяндар, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады.

Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түрікменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ.

Түрікменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған.

Түрікменстан жерін адамдар тас ғасырынан мекендей бастаған. Б.з.б. 6-мыңжылдықта жейтун мәдениеті осы өңірде қалыптасқан. Копетдаг тау баурайындағы жазықтықтан Жейтун, Чопан-Тепе, Бами, Чағыллы, Монджуклы, т.б. ежелгі қоныстардың қалдықтары табылған. Ол дәуірде жергілікті халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шұғылданған. Энеолит дәуірінде Түрікменстанда анау мәдениеті болды. Ондағы елді қоныс қалдықтары Копетдагтың солт. тармақтары мен Теджен өз. саласынан табылған. Бұл тұста Түрікменстанда диқаншылық пен мал ш. кең өріс алды. Шағын кенттер салынды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғы мен 1-мыңжылдықтың басында Түрікменстанда әлеум. жіктелу күшейіп, алғашқы мемл. құрылымдар пайда болуына байланысты суалмалы егіс жүйесі, сауда-саттық дамыды, қалалар ірге көтерді. Түрікмен халқының тарихы ерте кездегі Орта Азияны мекендеген тайпа-ұлыстар тарихымен тығыз байланысты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде Түрікменстан жерінде қуатты Маргиана және Парфия мемлекеттері болды. Каспий т-нің оңт.-шығыс жағалауын Гиркания, Солт. жағасындағы даланы Массагеттер мен көшпелі дах (дай) тайпалары мекендеді. Б.з.б. 7 – 6 ғ-ларда Маргиана Бактрияның, ал Парфия мен Гиркания Мидия мемлекетінің құрамына кірді. Б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда бұл аймақтар Ахемен әулетінің қол астына қарады. Б.з.б. 4 ғ-дың соңында Түрікменстан жерін А.Македонский жаулап алды, б.з.б. 3 ғ-дың орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы пайда болды, оның ордасы – Ниса қ. Б.з.б. 224 ж. Сасани әулетінен шыққан парсы бектері Парфия патшалығын талқандап, оңт. Түрікменстанның жерін басып алды. Б.з. 1 ғ-дың орта шенінен бастап Арал маңындағы ғұндар мен жергілікті тұрғындар ұзақ уақыт араласып, сіңісіп кетті. Солт. Түрікменстан аумағындағы халықтардың шығу тарихында аландар маңызды орын алды. 5 ғ-дың ортасында Түрікменстанның көптеген жерін эфталит тайпалары (ақ ғұндар) биледі. 6 ғ-дың орта кезінде эфталиттер мемлекетін Түрік қағандығы құлатты да, жергілікті көшпелі ұлыстар түркі тілдес тайпаларға бағынды. Қағандық ыдырағаннан кейін түркі тайпалары Каспий атырабындағы далалық аймақта және Дағыстанда өз алдына дербес ел болды. 7 ғ-дың орта шенінде Түрікменстан жеріне арабтар басып кіріп, жергілікті халыққа ислам дінін алып келді. Түрікмендер жат жұрттықтарға қарсы бірнеше рет бас көтерді (655 ж. Мервтегі көтеріліс, 8 ғ-дың 70 – 80-жылдарындағы Муканна көтерілісі). Дегенмен, олар ислам дінін қабылдаған алғашқы түркі тайпалары болды.. 9 – 10 ғ-ларда Түрікменстан Тахари әулеті (821 – 73) мен Самани әулеті (900 – 99) мемлекеттерінің құрамына кірді. Бұл кезеңде елде Үргеніш, Ниса, Абиверд, Серахс, Дахистан, т.б. ірі сауда-қолөнер орт-тары пайда болды. 9 – 11 ғ-ларда Сырдарияның төм. және орта ағысын бойлай және Каспий т-нің солт. мен шығыс аймақтарына түркі тілдес оғыз тайпасы келіп қоныстанды. 

Британ тауар бірлестігі түрікменнің мұнайын игеріп, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ашты. Каспий маңындағы т. ж. бойына орыс кенттері салынды. Ресей үкіметі өлкені империяның шикізат базасына айналдыруға, мақта өсіру көлемін ұлғайтуға жанталасты. Ежелгі түрікмен жерінде ұлттық мемл. құрылым Қазан төңкерісінен кейін ғана қалпына келді. 1924 ж. 27 қазанда КСРО ОАК Түрікменстан КСР-ін құру туралы қаулы шығарды. Дегенмен, пролетариат диктатурасына негізделген жаңа жүйеге көшуге түрікмен халқы қатты қарсылық көрсетті. 1920 – 1930 ж. елде басмашылар қозғалысы бас көтерді. Бірақ бұл баскөтерулер күшпен басылды. 2-дүниежүз. соғысқа түрікмен халқы да белсене араласты. Соғыстан кейінгі жылдары Түрікменстанда көптеген жаңа өндіріс орындары ашылып, а. ш. дамыды, жаңа қалалар бой көтерді.

Түрікменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті.

Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.

Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.

Түрікменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.

Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.

Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.

Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.

Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.

Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түрікменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.

Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген.

Түрікменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал Қазақстан минералды және химиялық өнімдер алады.

Мұнда электр қуаты, газ, су, тұз тегін. Қоғамдық көлікпен жүрудің бағасы 50 манат.

Ал бір доллардың ресми бағамы 5200 манат, базардағы нарқы 23500 манат.




#Article 11: Ақмола облысы (2738 words)


Ақмола облысы — Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 тоған салынған, жалпы су көл. 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн м3 Ертіс суы беріледі.

Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.

Қалалары – Нұр-Сұлтан, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск, Көкшетау . Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық  жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы автомобиль жолдары өтеді.

Ақмола облысы халқының саны

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен 
Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 739,042 мың адам (1.07.2006 жылға дейінгі мәлімет).
Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климатышұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал.
Облыс құрамындағы екі қала - Көкшетау мен Степногорск обыстық маңызға ие, 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучинск) аудандық басқару жүйесінде, сондай-ақ мұнда 17ауылдық аудан (кестені қараңыз), 14кент және 244 ауылдық округ бар.

Облыс аумағында Көкшетау халықаралық әуежайы, алты жолақты 205 шақырымдық Нұрсұлтан-Щучинск автобаны бар. Жыл сайын жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуды қаржыландыру ұлғаюда.
Облыстың дамыған темір жол желісі бар. Көкшетау қаласы арқылы темір жолдардың 4 тармағы өтеді. Облыста республика бойынша теміржолдардың ең жоғары тығыздығы – 1000 шаршы км аумаққа 10,66 км (ҚР бойынша орташа – 5,53).

Облыс аумағында мемлекеттің астанасы – Нұр-Сұлтан қ. орналасқан. Облыс 4 өңірмен - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі.
Ресей Федерациясының жақын аймақтары: Омбы, Новосибирск, Қорған, Челябинск, Түмен, Свердлов облыстары, оларға бір тәулік ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады.

Облыс пайдалы қазбаларға бай және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алып жатыр. Өңірде өзінің құрамы мен ауқымдылығы жағынан бірегей алтын қоры (Ақкөл, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандары және Степногорск қ.), уран (Ақкөл, Біржан Сал, Зеренді Сандықтау аудандары), молибден (Біржан Сал, Ерейментау, Сандықтау аудандары), техникалық алмас, каолин, мусковит және доломит (Зеренді ауданы), темір рудасы (Ақкөл, Біржан Сал, Жарқайың аудандары), тас көмір (Ерейментау, Ақкөл аудандары) жинақталған. пайдалы қазбаларды, минералдық сулары шоғырланған.
Жалпы жер қоры-14,6 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 10,8 млн. га: егістік-6 млн. га, жайылым-4,4 млн. га. Орман қоры-522,7 мың га, су қоры – 201,2 мың га.

Ақмола облысына астықтың 25% - дан астамы, сүттің 7% - ы, еттің 8% - ы және республикада өндірілетін жұмыртқаның 16% - ы келеді. Елдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудегі облыстың үлесі шамамен 10% құрайды.
Ақмола облысы республикада - ел бойынша ең үлкен астық жинау сынағы-4,8 млн. га, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-4,4 млн. га.
Астықтың орташа жылдық өндірісі 5,0 млн.тоннаны құрайды, астықтың орташа жылдық экспорты – 2 млн. тоннаны құрайды, соңғы 3 жылда өсімдік шаруашылығының үлесі орта есеппен 70% құрады.
Облыстың барлық өңірлерінде мал шаруашылығын дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Инвестицияларды тарту үшін ең перспективалы-Аршалы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Целиноград аудандары.

Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кендерді, уранды, машина жасауды, химия өнеркәсібін өндіруге маманданған.
Ақмола облысына елде өндірілетін темір жол подшипниктерінің 100% - ы, жүк автомобильдерінің 36,3% - ы, өңделмеген алтынның 30,2% - ы, өңделген сүттің 12,1% - ы және ұнның 9% - ы келеді.
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 80,4%, онда 533,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химиялық өнеркәсіптермен, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндірумен, түсті металлургиямен және машина жасаумен қамтылған.
Өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындары «Көкшетауминводы» АҚ алкогольді және алкогольсіз сусындарды шығару зауыты, «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіру фабрикалары, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Kazakhaltyn Technology» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу компаниясы, «ЕПК-Степногорск» АҚ подшипник зауыты болып табылады.

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының туристік аймағы көшбасшыларының бестігіне кіреді.
Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 700-ден астам кәсіпорын (407 орналастыру объектісі, 45 санаторийлік-курорттық мекеме, 178 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 68 турфирмалар, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС) кіреді.
Кластердің мәдени-тарихи сегменті 900 ескерткіштен тұрады, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында болады және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады.
Облыста туроператорлар табысты іске асыратын және туристік маршруттардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген 80-ге жуық туристік бағыт жұмыс істейді. Оның ішінде туроператорлар Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандарының және Ақмола облысы Біржан Сал ауданының тарихи және киелі жерлері бойынша туристік маршруттарды әзірледі. Оның ішінде 8 бекітілген қасиетті орындар бойынша.
Туристік ағын жылына 813 мың келушіні құрайды.

Ақмола облысы әлемдік трендке сүйене отырып, жаңартылатын энергия көздерінің санын көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с артық, бұл оларды энергетиканы дамыту үшін тартымды етеді. Жел энергетикасын дамыту үшін Аршалы, Ерейментау аудандары перспективалы аудандар болып табылады.
Ақмола облысы елдің солтүстік бөлігінде орналасқанына қарамастан, облыс аумағындағы күн радиациясының әлеуеті айтарлықтай маңызды. Сонымен қатар, күн энергиясы тек электр энергиясын өндіру үшін ғана емес, сонымен қатар жылу да қолданылуы мүмкін, бұл күн қондырғыларын нүктелік енгізу мүмкіндігін, соның ішінде орталық электр және жылу жабдықтарынан алыс аудандарда да мүмкіндік береді.
Белгілі бір резервке биологиялық отынды қолдану бар екендігін айта кету керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу есебінен электр энергиясы алынуы мүмкін.

Сонымен қатар, облыста тіркелмеген Евангельдік христиан-баптистердің 10 діни бірлестігі жұмыс істегендігі туралы ресми хабарланған болатын.

Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бiрi болып табылады. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласындағы 700-ден астам кәсiпорын кiредi (375 орналастыру объектiсi,45 санаторийлық-курорттық мекеме, 266 жол бойындағы қызмет көрсету субъектiсi, 68 туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар турфирма, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк -«Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС).

Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштен тұрады, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезiнде пайдаланылады.

Облыста туроператорлар табысты iске асыратын және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген 80-ге жуық туристiк бағыт жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 10 туроператор Көкшетау, Бурабай, Зерендi, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тарихи және киелi жерлерi бойынша туристiк маршруттарды әзiрлеп, пайдаланады. Олардың iшiнде қасиеттi орындарға бекiтiлген 8 маршрут бар.

Статистикалық мәлiметтерге сәйкес 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында орналастыру орындарының саны 375 бiрлiктi құрады, Қордың жалпы сыйымдылығы — 5159 нөмiр, бiр жолғы сыйымдылығы 13327 төсек-орын. Орналастыру орындары 1108,1 млн.теңгеге қызмет көрсеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 9,4% артық. Орналастыру орындарында қызмет көрсетiлген келушiлер саны 67950 адамды құрады (2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы статистикалық ақпарат қазiргi күнге дейiн қалыптаспаған).

Өңiрде 9 сертификатталған орналастыру орындары жұмыс iстейдi.

Цифрландыру процесiн жүзеге асыру аясында 3 тiлдiк www.visitaqmola.kz интернет-ресурс жұмыс iстейдi, оған «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы, оның функционалына аймақтың танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi. Бұл сайт электрондық ақпараттық дүңгiршектермен синхрондалған (Туристiк ақпараттық дүңгiршектер Астанада — «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, Бурабай кентiнде — «Бурабай Даму» ЖШС визит-орталығы базасында бар, Астанада «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратында орнатылған).

Өңiрдiң туристiк өнiмiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiң «Burabay PASS» ресми картасы (жолсiлтеме, смарт-карта және Beeline SIM-картасы) сатылымға шығарылды. А.ж. 600-ден астам сату тiркелдi.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн Ақмола облысында 2408 спорт ғимараты бар, оның iшiнде ауылда — 1690. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 53 бiрлiкке артты.
Бастауыш ұжымдар мен ауылдық округтерде 2108 штат қызметкерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде ауылда — 1177 адам. Оның iшiнде 1117 жалпы бiлiм беретiн мектептерлiң мұғалiмдерi, 160 жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, 414 жаттықтырушы-оқытушы бар.

Кәсiпорындар мен ауылдық округтерде жұмысты 172 спорт жөнiндегi нұсқаушы-әдiскер жүргiзедi, оның iшiнде ауылда — 160 адам, бұл ауылдық округтердiң қамтасыз етiлуiнiң 68,7% құрайды.

Ақмола облыста барлық меншiк түрiнiң мәдени объектiлерiнiң 694-i жұмыс iстедi, олардың 663-i мемлекеттiк, 31-i басқа меншiк объектiлерi:

Облыста 2 513 клубтық құрылымдар жұмыс істейді.
Облыста Халықтық атағы 81 адам және Үлгілі атағы — 18 адам.

Халыққа медициналық көмектi 568 денсаулық сақтау ұйымы көрсетедi: 23 (4%) ауруханалық ұйым, жедел медициналық жәрдем станциясы, қан орталығы, 537 амбулаторлық-емханалық көмек көрсететiн ұйым (94,5%): (3 қалалық емхана, 1 БМСК орталығы, 2 аудандық емхана, 1 ЖИТС орталығы, 100 дәрiгерлiк амбулатория (ДА), 44 фельдшерлiк- акушерлiк пункт (ФАП), 386 медициналық пункт (МП)).
Басқа да медициналық ұйымдар — 6 (1,6%).

Ақмола облысында «Nur Otan», ҚКХП, «Ауыл» ХДПП, «Ақ жол», «Бірлік», ЖСДП «Қазақстан» ҚДП 6 облыстық филиалы жұмыс істейді. 2 қоғамдық-саяси бірлестік («Лад» республикалық славян қозғалысы, Желтоқсан ақиқаты «патриоттық қозғалысы» РҚБ Ақмола облыстық филиалы).
Ақмола облысының аумағында 3 қоғамдық казактар ұйымы жұмыс істейді. Олар: «Дала өлкесінің казактары одағы» РҚБ Ақмола филиалы, Сібір казактарының Ақмола бөлімі, Ақмола казактары қоғамы. 
Ақмола облысында 718 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың 

Ақмола облысында 44 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде этномәдени бірлестіктер ұсынған 18 этностық топ, сонымен қатар славян және казак бірлестіктері (3 орыс, 5 славян, 11 казак, 7 поляк, 3 неміс, 3 армян,  3 әзірбайжан, 

Сонымен қатар, 4 Достық үйі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанында «Шаңырақ» тілдерді оқытудың жексенбілік мектебі жұмыс істейді, онда 9 тіл оқытылады.
Ақмола облысында 37 кабинет жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдарда 14 медиация кабинеті, 22-сі сотта, 1-еуі Ақмола Қазақстан халқы Ассамблеясы (Көкшетау қ., Достық үйі).

Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 74%, 2019 жылы — 76%.
Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 83,6%, 2020 жылы — 84,3%.
Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 8%, 2019 жылы — 9%.
Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 5%, 2019 жылы — 5,5%.
Этно-мәдени бiрлестiктер жанындағы қазақ және ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 26%, 2019 жылы — 27%.
Бүгiнде облыста 614 мектепке дейiнгi мекемебар. Оларда жалпы саны 37675 бүлдiршiн оқиды, оның 23835-i (63,3%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.
Биыл облыс бойынша 560 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 159, аралас мектептер — 217, орыс мектептерi — 184. Оқушылардың жалпы саны — 121521, оның 58393-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017-2018 жылдары — 48%.
Қазiр облыста 33 колледж бар (қазақ тiлдi — 2, аралас тiлдi — 26, орыс тiлдi — 5). Оларда оқитын 21351 студенттiң 6232-i, яғни 29,1%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.
Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында мемлекеттiк тiл үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқитындар саны –5320 тыңдаушы, соның iшiнде мемлекеттiк тiлдi 4761 тыңдаушы оқуда.

Облыста жастар құрамы 148 996 адамнан тұрады, бұл жалпы облыс халқының санынан 20,2 % құрайды.

Жастарды жұмыспен қамту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша 2019 жылдың 4-тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1% құрады, бұл республикалық деңгейден 0,8 % төмен.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында а.ж. басында 2059 жастар өкiлi қатысушылар болды, оның iшiнде 2784 адам ауылды жерлерден. Әлеуметтiк жұмыс орындарына 82 адам, ал жастар iс-тәжiрибесiне 179 адам жiберiлдi. Жалпы, а.ж. басында жұмыспен қамту органдарымен 1251 адам жұмыспен қамтылды.
Халықты жұмыспен қамту, ауылды жерлерге кадрлар әлеуетiнiң тоғысуына жағдай жасау мақсатында облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы iске асырылуда.

Бюджеттiк несиелердi 374,5 млн теңге сомасына 502 адам алды, оның iшiнде мамандар бойынша: бiлiм беру — 72 адам, денсаулық сақтау — 21, мәдениет — 5, агроөнеркәсiптiк кешен — 4 адам.
Облыста әкiмдермен (облыстық, аудандық және қалалық) басқарылатын Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi 20 кеңес жұмыс iстейдi (1 облыстық, 19 аудандық және қалалық).
Облыста жұмыс iстеп тұрған 24 жастар бiрлестiгi бар. Жастар ұйымдарына қолдау көрсету, әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларға тарту мақсатында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру үшiн жастар саясаты мәселелерi басқармасымен жыл сайын қаржы қарастырылады.
Облыста әлеуметтiк қорғалмаған санаттағы жастарды қолдау, сапалы кәсiптiк бiлiм алуға ынталандыру үшiн облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында атаулы шәкiртақы иегерлерiнiң саны 275 адамға жеттi. 2019-20 жылы атаулы шәкiртақыны тағайындау үшiн облыстық бюджеттен 102,0 млн теңге бөлiндi.
Жастар iстерi жөнiндегi комитеттер облыстың 4 жоғары оқу орнының 3-iнде, ТжКБ-ның 38 ұйымында және облыстың 3 iрi кәсiпорын ұйымдарында жұмыс iстейдi.

Майлы дақылдардың егiстерiн 254,0 мың га көлемде орналастыру жоспарлануда, 16,1 мың га — картоп, көкөнiстердi 3,4 мың га-ға отырғызу жоспарланған.
Мал азықтық дақылдарының жазғы егiсiн 181,0 мың га алқапқа орналастыру жоспарлануда.

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 466,4 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,5 %), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (106,5 %).
Жылқы басы 204,3 мың басты (108,9 %), құс — 8094,0 мың басты (122,8 %) құрады.
Қой мен ешкi басы 589,8 мың басты (101,1 %), шошқа 111,0 мың басты (94,1 %) құрады.

Облыста 579 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 560 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 10 кешкі, 5 арнайы түзету, 2 ведомстводан тыс, 1 мемлекеттік емес, 1 Назарбаев Зияткерлік мектебі. Контингенті 124228 баланы құрайды.

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желісін жалпы контингенті 21600 адамды құрайтын 33 мекеме құрайды. 33 колледждің ішінде: 26 — Мемлекеттік және 7 — жеке меншік. Оқыту ауыл және орман шаруашылығы, Құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану сияқты бейіндегі 94 кәсіп (мамандық) және 139 біліктілік бойынша жүргізіледі. Облыс өңірлерін индустриялық-инновациялық дамыту жобалары үшін мамандар даярлау басымдыққа ие болып табылады.




#Article 12: Алматы облысы (2522 words)


Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 17 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 2 038 934 адам (2019). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 — 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 — 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 — 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 — 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы № 585 Жарлығына сәйкес 2001 жылдан бастап Талдықорған қаласы облыс орталығы болды. 

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде — 10-16°С, оңтүстікте — 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

Өзендері Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, (Ұялы) Қошқаркөл. Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.

Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Қалалары:  Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқан.

Алматы облысы халқының саны

Алматы облысының экономикалық әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 пайыз), машина жасау және металл өңдеу (6,5 пайыз), құрылыс материалдары (6,2 пайыз), тамақ өнеркәсібі (38,2 пайыз), ұн, жарма және құрама жем (5,5 пайыз) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл к-дерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 пайыз шамасында (1997).

Жетісу бойынша археологологиялық бағыт және бағдар

Жетісу (Алматы облысы) мәдениет және тарихи түрлі ескерткіштердің болуы территорияның туризмнің дамуына қолайлы жерлердің бірі.   Жетісуда бір күннің ішінде барлық табиғи зоналарды шөлдерден Іле Алатауларына дейін баруға болады.   Алматының жанында тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатары бар. Бұл бірінші көпсаналы және түрлі образдағы сәулет ескерткіштері: Іле қорғандары және сақтардың алтын бұйымдары, Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлы қалалар және қола дәуіріндегі таулы таулы суреттері (петроглифтер).

Жетісу территориясындағы ежелгі қоныстар

Берілген мекенде ежелгі адамның іздері тұрақ немес еңбектің тасты бұйымдары ретінде сақталған.  Мекеннің қоныстануы бірнеше жүзжылдыққа созылды. Бұл малшылар тайпасы болды. Ауа райының жылынуымен қонысты тау бөктеріне аударып, одан кейін Тянь-Шань тауларына орын ауыстыратын. Жетісуда қола дәуірінің бірнеше қоныстары қазылған. Бұл балшық қоспасымен тастан жасалған жердегі қабырғалар тереңдігі 1-2 м шым үйлер және жер кепелері. Осындай қазбаларды Түрген шатқалындағы Асы жерінде (XII –X ғ.ғ.) және Көксу өзенінің бойындағы (X – IX ғ.ғ. Құйған және Талапты қоныстар).   Жетісудағы ерте темір дәуіріндегі жүйенің іздерімен ең ірі қоныс Шарын-Сары-Тоғай өзенінің бойында орналасқан. Оның ұзындығы екі метрден астам. Сыртқы көріністе шойын қазанның, ыдыстар, құмыраның, сонымен қатар еңбектің тас құралдары суреттелген.

Жетісу территориясындағы петроглифтері  Тамғалы асқан құнды адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.
 
Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 180 шақырым жердегі түрлі жануарларды, құдайларды суреттейтін  4500 петроглифтерімен ежелгі орны орналасады. 
  
Шатқал б. э.д. XIV-XIII ғ.ғ. құрылған ежелгітүрік және Сақты қола дәуірінің петроглифтерін ұсынады.    Суреттер шыңдардың бетінде орналасқандықтан бірден оңай оларды көруге болады.

Ежелгі суретшілер түрлі жауралардың, аңды аңлау көрініс, мифологиялық сюжеттерді суреттеген болатын.  Петроглифтер маңызды ақпаратты жеткізу үшін қызмет етті. Бұл өзінідік белгілі жүйе болды. Салатын орындар сакралды болып есептелді. Бұл ескерткіштер ашық аспанның астында орналасты. 
 
Алматы –Талдықорған 110 км созылған жол Қербұлак ауылына дейін 13 км қашықтықта Тамғалытас (Жазылған тастар) шатқалы Іле өзенімен қиылысқан жолда орналасты. Бұл жерде будда құдайлардың бейнелері бейнеленген тастарды көруге болады. Бұл мекенге буддизмді миссионерлер әкелген еді. Шатқалдың шыңында қызыл тас укесегі биіктігі оның екіэтажды үймен тең. Онда үш түрлі фигуралар: діни орналасқан, йогтармен тең төрт қолды Будда суреттелегн. Будда жақтарында оның айналатын тағы екі құдайдың бейнесі беріледі. Үш басты құдайдың шығысында вертикалды кесегеде айдаһарлар ханы бейнеленген.

Ойжайлау шатқалы 15-20 км солтүстігінде Қордай орында Кіндіктас тауларында Отар бекетінен батысқа қарай 40 км жерде орналасқан.  Ол теңізден 1200 км биіктіктегі кішкене шектелген шоқылар таулы аймақты ұсынады. Ежелгі өзендермен, далаларымен қиылысады.  Сол жағалаудағы солтүстік-батыс бөлігіндегі шатқалдарда, шыңдарда петроглиф тер қашалған.  Түрік уақытының композициясы шығыста қарай 50- 70 метр.  Бұнда екі салт аттылар бейнесі суреттеледі.

Ешкіөлмес жотасы Жетісу Алатауының батыс бөлігі. Бағыттың ені 30 км және Талдықорған қаласынан 30 км қашықтықта созылған.

Жотаның солтүстік жағынан жазық далаға көтеріліп, оңтүстік жағынан Жетісу-Көксу сулы өзендердің бір саласына құяды. Теңіз деңгейінен тереңдігі 1300 м. құрайды.

Ешкіөлмес жотасы және оң жағалуы Көксу өзенінің арасындағы жолында көптеген қола дәуірінен ортағасыр дәуіріне дейінгі археологиялық ескерткіштер қоныс ежелден мекендегенін хабарлайды.

Ерте темір дәірінің қабірлері 
 
Осы уақытта Жетісу аймағында сақ тайпалары қоныстанған еді. Көптеген сақ-көшпенділер қорғандары өзінің мөлшерімен таң қалдырады:  диаметрі шамамен 100 метр. Үлкен қорғандарды патшалық деп аталады. Көбі ежелден ұрланған болатын. Ыстық көл қаласының жанында белгілі қорғандар сақталып, жерленген ұлдар және бірнеше жүз алтын бұйымдар табылған.

Бесшатыр қызықты қорғандары Алтын-Емел ұлттық саябағында бір жерде 31 қорған орналасқан. Ең үлкені -  диаметрі 108 м, биіктігі 17 м. Қорғандар вертикалды және горизанталды орнатылған жеті тасты топтарымен шектелген.

Қазақстан және Жетісудың ортағасырлы қалалар 
 
Тараз, Түркістан, Отрар ежелгі қалаларына соғатын Ұлы жібек жолы бойынша саяхат қызықты болып келеді. Жетісуда ең ірі Қоялық қаласының қалдықтры (қазіргі Қойлық ауылы) сақталған. Қаланың құрылыс қалдықтары биіктігі 5-тен 10 м дейін және периметр бойынша бірнеше километрге дейін жетеді. Шығыс Жетісудың қаласының жоспарлануы Батыстан ерекшеленеді.  Шығыс Жетісу қалашықтарында қамалдар жоқ, болса да мөлшерімен кіші болады. VII ғасырдан бастап Жетісу қалалары салына басталып, века, олардың көбі X ғасырдан XIII ғасырға дейін салынды.  Ортағасырлық қалалар керуен жолдарының бойында пайда болған. Бүгінгі күнге дейін Ұлы Жібек жолының бөліктері сақталды. Мысалы, Тараз қаласынан Құлан ауылына дейін, одан кейін Шу өзенінен Шу даласына дейін созылады. Шу өзенінің даласынан шығыс Жетісуға Қастек асуы арқылы жоғарыда орналасқан Қастек қалашығына дейін созылады.

Медеу –  Алматыдан 15 км орналасқан бейнелі шатқалы. Сұлу табиғаттан басқа – ең үлкен жоғарытаулы мұз айдыны Медеуді – қаланы селден қорғайтын инженер өнерінің шедеврі Бөгетін көріге болады.  Бөгет коллекторының көлемі - 6 000 000 су кубометрі.

Мұз айдынының 1972 жылы 1691,2 биіктікте бүкіл әлемге “сырғанау спортының рекордтарының жиынтығы” деп атайды. Медеу шатқалының жақсы климаты, сәулелі радиация деңгейі, атмосфералық қысым, желсіз, таза мұзды өзен барлық әлемнің туристерін қызықтырады.  Қазақстан мәдениеті және тарихи мемлекеттік ескерткіштер тізіміне енгізілді.

 
Алматы қаласынан 300 км жердегі жабайы табиғатты сүйетіндерге жер үстіндегі жұмақ ашылып – оң жағалаудағы Іле өзенімен Қапшағай суқоймасынан жоғары орналасқан Алтын-Емел ұлттық паркі. Бұл мекен бай және ежелгі тарихымен, сақ мәдениетінің ескерткіштерімен құпиялы болып келеді.  Саябақтың аймағында ежелгі керуен жолдары өтіп, қазақ хандарының орындары,  Бесшатыр моласы  (б.э.д. 3-4 ғасырда), ежелгі таулы суреттері, әуенді фонтаны, Қалқанның Үлкен және Кіші таулары, Қаратау және Ақтау  тауларының айлы ландшафтары бар “Шолақ” тауы орналасқан.

Белгілі “Әуенді бархан” құмды тауының биіктігі 120 метр және шамамен 3 км ұзындығы саябақтың бір бұрышында өзеннен бірнеше километрде немесе Үлкен және Кіші Қалқан таулары арасында орналасады.  Бұл құмды тау ұсақ таза құмнан, желі болғанда тау “ән” салып, даусы бірнеше километрге жетеді және органның даусын еске түсіреді.

Әуенді барханды барып, үш биіктіктің біріне көтерілгенді жақсы көретін туристтер Іле Алатауының жотасы көрінісін көре алады.  Егер тау дыбыс білдірмесе, келушілер “дыбыс шығаратын”. Ол үшін таудың бағытымен жүгіру қажет. Аяқ астындағы құмды қозғалтып, гуілдеу жүреді.  Кейде бархан дыбыстарды білдіруден басқа жерсілкініс әсерін көрсетіп, дірілдейді. Әнші бархан Іле өзенінің құмынан пайда болды.Екі бағытта да өзенде көзге көрінбейтін Барханның өзіндік құйрықтары тартылуда. Үлкен және Кіші қалқанның бір-біріне желдің әсерінен құмның тас жоталарға соғылып, қоныстануына байланысты қалыптасады. Көптеген ғасырлар мен ғасырлар бойы қуатты құм тау көтерілді, ол шамамен 3-5 мың жыл бойы қозғалыссыз қалады. Барханның биіктігі сол аймаққа белгілі, әрдайым өзгеріп тұратын климатқа, сондай-ақ жауын-шашын мөлшеріне, Іле өзеніндегі су деңгейіне және су астындағы таулардың ағып кетуіне байланысты.

Аксу-Жабағалы

Ақсу-Жабағалы қорығы – ЮНЕСКО қорғауымен Орталық Азияда жалғыз қорық. 70 жылдан астам таулы ормандарда кесілуден, ал өсімдік әлемі өндіріс қалдықтарымен ластанбаған. Айнала көк шөпке толы. Грейг қызғалдағы Қорық символы ретінде таңдалған. Аксу арнасының табиғаты ерекше – алып арнаның ұзындығы 15 км және тереңдігі 500 м. Табиғатының байлығы және түрлі болуы шамамен 1200 өсімдіктер түрлері, 42 жануарлар түрлері, 238 құстар түрлерін қамтиды.

Түрген шатқалы  
 

Бағыт Алматы қаласының орталығында басталады. Жолы бұрын керуендердің өтетін жолдарында Еуропаға шығыстан – Қытайдан және Үндістаннан келетін болған.

Түрген шатқалында 7 сарқырама бар.  Адамдар көп баратыны: біріншісі “Аюлы” және екіншісі “Тескенсу”. Алғашқы сарқырама (биіктігі 30 метр) жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі орында орналасқан. Шатқалда шыңдар жерсілкініс кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейін іздерді сақтаған. “Аюлы” сарқырамасына баратын көпірден жоғары 300 метрде “сұлулық көз” мұзды бұлақты суымен бұлақ орналасқан.

Тескенсу сарқырамасы бұлақтан шамамен 2 сағаттық жерде орналасқан. Негізгі ағынның құлау биіктігі – 40 метрді , ал егер жалпы биіктікті санайтын болсақ – 74 метрді құрайды. Шатқал өзінің Шың-Түргендік жердегі шыршалы алаңды түкті құрайтын шыршаларымен белгілі.

Жамбыл мұражайы  
 
Алматыдан батысқа қарай Жамбыл ауылына дейін – 70 км қашықтықты құрайды. Бағыт Алматы-Ташкент жолымен өтеді. Ғасырлар бұрын Қытайдан жерорта теңізіне және Орта Азияға және қайтадан оралатын түйелер жүктерімен, кішкене қоңырауларымен сыңғырлап, белгілі “Ұлы Жібек жолымен” өтетін, қазір бұрынғы автобустар жедел өтеді.

Ұзынағаштан  56 километр жерде автомагистральдан оңтүстікке қарай Жамбыл ауылына жетеді. Жол таудың артында биіктікте сұрғылт граниттен жасалған ескерткіштен басталады.  XX ғасырдың 60 жылдарында Жетісудың болашақ губернаторы және орыс әскері подполковнигі Г.А. Колпаковтың жетекшілігімен қазақ әскерімен бірігіп, Ұзынағаштың астындағы Қоқанды хандығын талқандайды.  Тарихи жеңістің құрметіне орай алыстан көрінетін монумент салынды. Алматыдан 70 км қашықтықта жол сол бұрылады.   Алдарыңызда алмалы саябақтың үстінен сәулелі күмбез Жамбыл кесенесі көрінеді.  Теректермен отырғазылған ауылдың бас көшесі ақынның үй-мұражайына әкеледі. 12 бөлмеде экспозициялар орналасып, ғасырлы өмір сүрген халықтың ақынына арналып, оның биографиясымен шығармашылығын сипаттайды. Үй-мұражайдың әйнектерінен кесенеден кейін Майтөбе шоқысының төбесі көрінеді.

Осы жерде Жамбыл жазда күнді жайлауда демалуды жақсы көріп және оны осы жерде жаңа өлеңдерді тудыратын.

Жұлдыздай жарқ етіп...

Ол өмірінің соңы 1865 жылға дейін Алтын Емел жотасының жоғары таулары Майтөбенің баурайындағы Тезек сұлтанның ауылында тұрған.

Әйгілі ғалым Тезек сұлтан ауылынан алыс емес қыратында жерленген. 1881 ж. оның моласына тасты араб және орыс тілдерінде мәтін төсемнің үстіне жазылып, ал 1958 ж. Қазақстан үкіметі моласының жанында ескерткіш орналастырды. Сатылы постаменттің ортасында граниттен бесметрлі қоладан, қызыл әктастан «Шоқан Уалиханов 1835-1865» деген жазылым қойылды. Ескерткіштің оңтүстік-шығыс бөлігінде Алтын Емел жотасының қабырғасы тұр.

Алматыдан экскурсия бағыты Сары-Өзек станциясына дейін ( 160 км ), одан кейін шығыс бағытта 15 км-ге дейін жүріп, оңтүстікке бұрылу қажет. Алыс жол Май-Төбе өзенінің бойымен созылып, 10 км кейін таулы суреттермен шатқалға өтіп, 10 км кейін Шанханай ауылына әкеліп, одан 2 км (оңтүстік-шығысқа қарай) жерде ғалым ексерткіші көрінетін жол торабына әкеледі.  Ескерткіш – мүсінші Хәкімжан Наурызбаевтың жұмыстарының бірі. Шоқанның денесі қоладан құйылған. Ескерткіш өңделген қара габбродан жасалып, ескерткіштің сыртқы жағында Шоқан Уалихановтың суреттері және қазақ ұлттық оюлар қолданған.

және облыстық бағынуға ие 3 қала:




#Article 13: Ақтөбе облысы (482 words)


Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында. 

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, 

оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, 

батысында —  Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен, 

шығысында — Қостанай облысымен, 

оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр. 

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Ақтөбе облысы халқының саны

Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді.
Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады.
Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал.
Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды.
Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд теңгені құрады.

Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.

Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар.
Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.

Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт, стрегірек жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар ркльефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.




#Article 14: Атырау облысы (3202 words)


Атырау облысы — Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. 1938 жылы Гурьев облысы деген атымен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.

Облыс орталығы - Атырау қаласы.

Облыс аймағы Каспий ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай аласара түсетін Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген.
 
Бұл аймақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілімдері Доңызтау (214 м), оның бөліктері Желтау  (221м), Тамды (175) жоталары алып жатыр. Қайнар мен Жем өзендері араларында Иманқара (199м) Қойқара қыраттары, Қарамұрат жоны, Алабие, Аққұдық, Қабылан жоталары орналасқан. Олар ақшыл ізбес тастан тұрады. Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Индер тауы орналасқан. Таудың биіктігі 52 м., ұзындығы 25-30 км, ені 10 км-ге жуық.

Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған. Еділ өзенінің сол жағалауы мен Каспий теңізінің жағалықтарын Нарын құмы мен Мыңтөбе құмы, Қосдәулет, Ботай құмдары, Ойыл мен Сағыз аралығын Тайсойған, Бүйрек құмдары, облыстың шығысын Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр. Бұл құмдардың ең үлкені –Нарын құмы.

Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі- сорлар. Олардың тереңдіктері 5-10 м-ге жетеді.
Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құятын Еділ жəне Жайық өзендерінің аралығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік-батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр.

Сонымен қатар Атырау аумағында тақырлар кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады. Ол облыстың солтүстік- шығысында орналасқан.

Геологиялық тұрғыдан алғанда Атырау облысы көне Шығыс Еуропа платформасына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр.

Атырау облысының шегінде ендік бағыты бойынша 500 км-ге созылған, ені 90—140 км Солтүстік Каспий — Биікжал аймағы бар.
Оңтүстік жағында Оңтүстік Жем ылдиымен көмкеріледі, мұндагы іргетастың беті 12—13 км тереңдікте жатыр.

Іргетастың үстінде шөгінді қорабы бар, ол тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендеріне бөлінеді, палеозой және мезокайнозой кезеңдерінде қалыптасқан, жыныстарының жалпы тереңдігі 12—14 км-ден асады. 
Қаратон—Теңіз аймағында бірыңғай карбонатты кешен қалыптасқан. Геофизикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша оның жалпы калыңдығы облыстың Солтүстік Каспий аймағында 1,5—3 км-ге дейін, Каспий маңындағы ойпат ернеуінің оңтүстік-шығысында 8—10 км- ге дейін өзгеріп отырады.
Тұз асты кешенінің күмбезі оңтүстігінде Оңтүстік Жем инверсиялык биігінен солтүстіктегі ойпаттың орталығына қарай моноклиналды түрде енеді. Тұз асты кешенінің моноклиналды енуінің аясында 3,5—3,8 км-ден 6,0—6,4 км-ге дейінгі тереңдіктен көптеген жергілікті қатпарлар,
көлемі мен аумағы жөнінен әр түрлі, көтерілетін жерлердің жолағын кұрайтын белгілер ерекшеленеді. Ерекшеленген төбешіктердің ұзындығы 6—20 км-ге дейін, ені 100-300 м-ден 2—13 км-ге дейін кұбылып отырады.

Юралық-бор шөгінділер жағалаулық-теңіздік және теңіздік-терригенді, терригенді-карбонатты шөгінділер түрінде кездеседі. Бұл шөгінділердің қалыңдығы облыстың солтүстік бөлігінде 0,3—0,5 метрден Прорва аймағында 3 км-ге дейін өзгеріп отырады.

Тұтастай алғанда облыстың тектоникалық дамуында жауын суының жиналу жағдайындағы сияқты сабақтастық байқалады. Сабақтастық мезгілі жөнінен геологиялық кезендерге сәйкес келеді. Аймақтың жоғарғы пермьдік-триастық, юра-палеогендік, неоген-төрттік даму кезендері айқын көрінеді.

Атырау облысында континенттігі тым басым климат қалыптасқан. Облыс табиғи ылғалдылығы жеткіліксіз, аңызақ желді, шаңды дауылды, жазы ыстық, қуаң, қысы қарсыз (не жұқа қарлы) болып келеді.

Ең ыстық айы — шілде, ауасының орташа температурасы 24—25°С, жалпы ыстық 35-40°С, кейде одан да астам болады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220—230 мм, қуаңшылық жылдары жауын-шашын мөлшері 80 мм-ден аспайды, ал ылғалдың жер, су бетінен ауаға булану мөлшері 1000 мм, кейде одан да астам болады. Облыстың солтүстігінде жыл бойына оңтүстік бағыттағы желдер басым болады. Оңтүстік аудандарда құрғақ шөлді жерлерде қыста шығыс бағыттағы желдер жиі соғады (қарқындылығы 6-7 м/сек), ең күшті желдің қарқындылығы 15 м/сек. жетеді де жыл ішінде 50 күндей соғады. Жел жаз айларында түрлі бағыттардан өзгеріп соғып отырады. Көбіне солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдер басымырақ келеді.  Оңтүстік желдер аңызықтығымен, құрғақ әрі ыссылығымен ерекшеленеді.

Қыс маусымы ауасының қаңтардағы орташа температурасы —8°С, — 12°С, қиыр оңтүстігінде —5°С, —6°С. Қыста жел негізінен шығыс (оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс) бағытында соғады, қарқындылығы 6—7 м/сек. Жылдык жауын-шашын мөлшерінің жартысынан астамы қыста түседі.

Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбаларға мол.

Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады.

Мұнай-газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды атауға болады. Құрылыс индустриясы шикізаттарынан бор, бор-мергельді жыныстар,гипс, ангидрит, сазды, кұмды әктастар, сондай-ак битуминозды жыныстар (кирлер) мен тұщы және минералды су көздері бар.

Борат кені дүние жүзінің бір-ак жерінен, тек Атырау облысының қойнауынан ғана табылып отыр. 
Сондай-ақ күкірт, құм-қиыршық тас қосындылары, отқа төзімді керамзит және кірпіштік саздар, ұлутас, шипалы балшық, қоңыр көмір мен минералды бояулар жасауға жарамды саз шөгінділері бар.

Жалпы Каспий маңы ойпатының, сондай-ақ Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінін түзілу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді.

Негізінен мұнда топырақ таралуының ендік белдеулілігі басым қалыптасқан, яғни топырақтың бір түрінің қабаты ендік бағытқа қарай созыла шашыла түзіледі де, теңізге жақындаған сайын келесі түрмен жиі және әлденеше рет ауысып отырады.

Шалғынды аллювийлі қуаң топырақ (Жайықтың екі жағындағы кең жайылмаларында ғана тараған, құнарлы қабаты 70 см-ге дейін, негізі — аллювий шөгінділері).

Бозғылт- құмды топырақ (Нарын, Тайсойған және Ментеке өңірлері). Батпақты-тұзды саз топырақ (ойпаттың теңіз жағалауына ұласатын бөлігі, гумус қатапшы, шикі шымтезек аралас келеді, аса кепкен жерлерінде бэр төбешіктері қалыптасқан).

Автоморфты қоңыр не сұр қоңыр топырақ (Жайықтың екі жағында да, әсіресе сол жағында Тайсойғанға дейінгі өңірді, Ойылдың сағалық бөлігін қамтиды, біршама құнарлы келеді, гипс пен тұз кабаттарының үстінде түзілген, облыс жерінің 20%-ынан астамын алады)

Тақыр және батпақты Теңіз жағалауының топырақ құрамының ішінде 2 млн. гектар жері ащы-ашқылтым топырақтар. Бұл аймақ бұйырғынды, күзгі-қысқы жайылымға пайдаланады. Тиісті ылғалдылық жетпеуінен олар қатқылдыққа айналып, өсімдіктердің еркін өсуіне мүмкіндік бермейді..

Сортаң топырақ -облыс аумағында өте көп тараған. Топырақтың беткі қабатына тұзы шығып жатады. Мұнда тұздың мөлшері 8-10 % -ке дейін жатады.

Атырау облысының жер беті сулары Еділ өзенінің сол жақ тармақтарынан, Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің төменгі ағыстарынан және үлкенді-кішілі көлдерден тұрады. Негізгі өзені Жайық өзені. 
Өзендері. Өзендердің жинайтын суларының тек 10-20 %-ы ғана өз облыс аумағынан, ал қалған суын басқа аймақтан әкеледі. Жайық өзені кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады, балық ауланады. Ал қалған өзендері егістікке, шабындықты суландыруға және мал суару үшін ғана пайдаланылады. Ірі өзендері Жайық, Жем, Ойыл, Қайнар. 
Сол сияқты Бақсай, Бүгілөзек, Бағырлысай, Ақсай өзендерінің жергілікті маңызы бар. 
Облыс аумағында Еділ өзеніндегі салалардың тармақтары –Ахтуба, Бозан, Қиғаш т.б. өзендер бар.

Көлдері. Облыста екі мыңнан астам көлдер бар. Олардың жалпы көлемі 800 шаршы шақырым шамасында. Облыс көлдері тұйық, ағынсыз болып келеді. 
Облыста Дүние жүзіндегі ірі көл –Каспий теңізі бар. Республика аумағындағы жағалау сызығының ұзындығы 2340 ш. Оның жартысына жуығы Атырау облысына тиеді. 
Индер көлінен құрамында бром калийі бар жоғары сапалы тұз өндіріледі. Жалтыр көліне Бағырлысай, Бүгілөзек секілді шағын өзендер құяды.
Бұдан басқа екі мыңнан астам шағын көлдер бар. Олар: Қамыскөл, Мешер, Дәулет, Толай-сор. Олардың 65-70%-і жаз кезінде құрғап қалатын уақытша көлдер.

Жер асты сулары. Облыс аумағында жер асты су қорларының алты су кен орны ашылған. Оның төртеуінің суы пайдаланылуда. Олардың ең үлкені және қоры молы Тайсойған, Бүйрек және Қоянды құмдарында орналасқан. Қабатының тереңдігі 50-120 м, қалыңдығы 30-70 м.

Облыста  2 қала (облыстық маңызы бар – Атырау, аудандық маңызы бар – Құлсары), 65 ауылдық (селолық) округтер, 174 селолар (ауылдар) орналасқан. Облыс құрамына 7 аудан кіреді. 

Облыстың халқы қалада, өндіріс орталықтарында және Жайық өзенінің екі жағалауында тығыз орналасқан. 

Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,8 адам құрайды.

Атырау облысы халқының саны

Облыс халқының өсуі соңғы жиырма жылда байқалады. 2009 жылы алдыңғы 1999 жылға қарағанда 66 мың адам қосылып 509 мыңға жетсе, 2019 жылы  10 жылда 137 мың адам қосылып 646 мыңға жетті.

Қазір облыста 50 ұлттың өкілдері тұрады. Облыстың негізгі халқы қазақтар (92,5%). Содан кейін көп тараған орыстар (5,2%), корейлер (0,5%), татарлар (0,3%),  өзбектер (0,2%), украиндықтар(0,1%), немістер (0,07%) т.б.

Ұлттардың облыс аумағында таралуы бір келкі емес. Олардың басым көпшілігі қалаларда, ірі жұмысшы кенттерінде, аудан орталықтарында, Жайық өзені бойындағы елді мекендерде тұрады.
Ал аудандарда негізінен байырғы халықтар қазақтар тұрады. Қызылқоға ауданында-99,8%, Исатай ауданында-99,7%, Жылой ауданында-98,3%, Құрманғазы ауданында-97,8%, Мақат ауданында-97,6%, Махамбет ауданында-97,2 %, Индер ауданында-96,4%.

Археологиялық деректер бойынша Атырау қаласына жақын жатқан ең ежелгі ескерткіш Жайық өзенінің сол жағасындағы Кандаур ауылының қарсы беткейі неолит (жаңа тас ғасыры) мекені.

Өзен аумағындағы халықтың сол кезден күні бүгінге дейінгі негізгі кәсібі - мал шаруашылығы болған. Сол кездегі малшылардың көне тұрақтары Құрманғазы ауданы на  жақын орналасқан Қоңыр құдық, Көк Мұрын, Қадырғали құмына және жаңа Үштағанға жақын Сазды қыстағынан табылды. Тұрақтардың аумағына қарағанда бұрынғы малшылар шағын жерасты үйшіктерде өмір сүрген.

Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл алтын киімді адамның өмір сүру кезеңі осыдан 2 мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне жатады.

Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі-Сарайшық қаласы.  Сарайшық – Атырау облысындағы Махамбет ауданының территориясында орналасқан ортағасырлық қала. Орда дәуірінде Сарайшық Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды діни, саяси - экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны, Қасым хан  тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.

ХV ғасырдан бастап Атырау өңірі Кіші жүздің тарихи орны болып қалыптасты. 
Қазақ халқы XVIII ғасырдың басында Алтайдан Жайыққа дейінгі ұшан теңіз даланы қамтыған бір тұтас іргелі ел болды. 
Бөкей хан 1801 жылы Еділ мен Жайық арасындағы отыз жыл бойы иесіз қалған  ен даланы мекендеуге патшадан рұқсат алып, оған мыңдаған елді көшіріп әкеліп қондырды. Сөйтіп, бұл өңір «Бөкей ордасы» деп аталды.  Бөкей ордасында  феодалдық қанау мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт - азаттық көтеріліс 1836-1838 жылдарды қамтыды.

Ақ гвардияшылардың көтерілісінен кейін Атырау өлкесінде мұнай байлығы және балық шаруашылығы игеріле бастады. Ұлы Отан соғысына дейін және Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары мұнай мен газды игеру мақсатында көптеген ірі кәсіпорындардың құрылысы басталды.

Егемендік алғаннан кейін облыстың экономикасы мен мәдениеті қарқынды дами бастады. Атырау өлкесі – Қазақстанның ірі индустриалдық орталығына айналды.

Облыстың  барлық аудандарында дерлік жусан, қияқ, бұйырғын, ебелек, мортық, қоңырбас, көкпек басым өседі, бұларға қосымша көктемде ойпатттарда селеу, изен, сарсазан, ажырық т.б.араласа шығады.

Теңіз жағасындағы батпақтарда қамыс, құрақ жиі кездеседі. Шығыс жағында ебелек, мортық, шытыр, қаңбақ, ақселеу, жыңғыл, жүзгін өседі.
	
Сонымен қатар облыс аумағында дәрілік, техникалық өсімдіктер де кездеседі. Олардың жалпы саны 50 ден асады. Дәрілік шөптерден облыс аумағында кездесетіндері: адыраспан, ешкі тал, қырықбуын, құмаршық т.б. Жалпы Атырау облысында өсімдіктердің 945 түрі бар. Бұлардан басқа жантақ, көкпек, ошаған, сүттіген, шырмауық т.б. табиғи өсімдіктер бар. Улы шөптерден, есекмия, меңдуана кездеседі.

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген, яғни жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерінен ақтұңғиық, берік сүттіген, бор рияны, бор сиякөгі, бор сылдыршөбі, бүршікті альдрованда, бүршікті феллориния, кестелі шампиньон, комаров жоңышқасы, күманды долана, қатпар гладолиус, мейер шытырмағы, су шылымы, тегеурінгүл, т.б. кездеседі.

Атырау облысында 500 ге тарта омыртқалы жануарлар түрі және мыңдаған омыртқасыз жануарлар түрлері кездеседі. Облыс аумағында құстар алуан түрлі және кең таралған. Олардың ең басты тіршілік орындарының бірі –су және оның жағалауы. Жалпы құстардың 280-дей түрлері бар. Оның ішінде бірқазан, дегелек, қаз, үйрек, шағала, тырна, дуадақ, көгершін, торғай тәрізділер көп тараған.

Облыстың өзен-көлдерінде балықтардың көптеген түрлері бар. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінен 

бекіре, қорытпа, шоқыр т.б. балықтар кездеседі. Облыс суларында шортан, сазан, жайын, майшабақ, қаракөз т.б. кең тараған. Жалпы Каспий теңізінің Атыраулық аймағында  бағалы балықтардың 122-ден астам түрлері кездеседі.

Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың 50 ге жуық түрлері тараған, кемірушілердің 27 түрі бар. Атырау облысында аңдардың 55 түрі, оның ішінде жыртқыш аңдардың 12 түрлері бар. Олардың кең таралғандары:  қасқыр, түлкі, қарсақ, жанат тәрізділер, қабан, киік.

Облыстың пайдалы қазындылары, әсіресе мұнай-газ кендерін қарқынды игерудің нәтижесінде хайуанаттар дүниесінің таралу кеңістігі жылдан-жылға тарылуда, түр саны азаюда, тіршілік аумағы күннен-күнге кемуде.

Аймақ экономикасының негізін мұнай өндіру құрайды.
Атырау облысының ірі кәсіпорындары:

Атырау облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі және әлемнің 50-ден аса елдерімен тығыз ынтымақтастықта.
Бұнда 1000–нан аса біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, сәтті жұмыс жасауда. Олардың қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар бар: «Tengizchevroil» ЖШС, «North Caspian Operating Company» ЖШС, «Fluor Kazakhstan Inc.» ЖШС және басқалар.
Атырау облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттары: мұнай-химия, мұнай-газ машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және балық аулау.
Облыс әр түрлі табиғи ресурстардың қорларына бай. Соның ішінде: бораттар, бор, тұз рудалары, ас тұзы, калий тұздары, құрылыс материалдары.
Өңірге тікелей шетел инвестицияны тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Екіжақты халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында, инвестициялық әлеуеті зор аймаққа жыл сайын алыс және жақын шетелдерден делегациялар келіп кетеді.
Атырау облысында жыл сайын «Global OilGas Atyrau» мұнай-газ көрмесі өткізіліп, көрмеге әлемнің 150-ден астам елі қатысады.
Аймақтағы отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек, ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету мақсатында «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және  «Atyrau Innovations» ЖШС секілді мекемелері тиісті қызмет атқарады.
Сонымен қатар, бүгінде облыста бірқатар шетелдік визалық орталықтар жұмыс істейді.

Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені өңірдегі экономиканың маңызды секторларының бірі болып есептеледі, ауылдық жерлерде облыс халқының жалпы санының 42,7% өмір сүреді.
Облыстың ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 9,8 млн.гектарды құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығы мал өсіруге, әсіресе қой және ірі қара, жылқы, түйе өсіруге маманданған. 
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаға сәйкес ауыл шаруашылығында түбегейлі экономикалық реформа жүзеге асырылды. 
Климат жағдайы мен топырағының құнарсыздығына байланысты облыста егін шаруашылығы өркендемеген. Жайық өзенінің төменгі ағысымен Еділдің тарамдарында Махамбет, Құрманғазы, Индер ауданының шаруашылықтары картоп, көкөніс және бау-бақша өсірумен айналысады. 
Облыс ауыл шаруашылығында негізгі сала мал шаруашылығы болып есептеледі.  Мал шаруашылығымен облыста Исатай, Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандары айналысады. 
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады.
Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны  (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн дананы (100,2%) құрады.

Атырау облысының көлік жүйесінің дамуына оның Орал және Еділ бойы экономикалық аудандармен көрші жатуы және Орта Азия республикалаларымен транзиттік-экономикалық қатынастарының жолындағы қолайлы географиялық орны үлкен әсерін тигізді. Қазіргі таңда Атырау облысында көліктің барлық түрлері де дамыған. Оның құрамында: темір жол, автомобиль, су жолы, әуе жолы және құбыр желісі кіреді.

Атырау облысында алғашкы тар табанды ұзындығы 92 шақырым темір жол 1925-26 ж. Гурьев-Доссор аралығында салынды.
Ұзындығы  517 шақырым Қандыағаш-Гурьев темір жолы 1938 жылы басталып, Ұлы Отан соғысы кезінде іске қосылды.

Атырау облысының әуе жолы өз дамуын 1931 жылы ашылған Баку-Астрахань-Гурьев-Ембі маршрутынан бастайды. 1935 жылы Ақтөбе- Гурьев, Орал-Гурьев рейстері ашылды. 

Бүгінде ескірген әуе көліктерінің орнына осы заманғы жаңа лайнерлер келді.
Әуежай жаңа техникамен жабдықталып, жаңадан ұшу- қону алаңдары үлкейтіліп,  аэровокзал кешені салынды.

Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы 2752 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалык жолдар 900 шақырым, жалпы қолданатын жергілікті жолдар 1762 шакырым.
Атырау-Ақтау автожолының облыс аумағындағы ұзындығы 270 шакырымды құрайды. Ұзындығы 488 шақырым Атырау-Орал автомобиль жолы бар.
Атырау-Астрахань автожолдарын қайта жаңарту басталды.

Жайық өзенінде кеме шаруашылығы 1925 жылы ұйымдастырылған болатын. 1927 жылдан бастап Жайық өзені арқылы Атырау-Орал аралығында жүк тасымалы жүргізілді. 

Атырау облысының территориясымен мемлекет аралык маңызы бар транзитті мұнай және газ құбырлары өтеді. Олар: Орта Азия-Орталық газ құбыры, ұзындығы 1500 шақырым 1968-70 жылдары салынған Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры, 1989 жылы салынған ұзындығы 678 шақырым Теңіз-Атырау-Грозный мұнай құбыры.
Қазақстан мұнайын дүниежүзілік рынокқа шығару үшін 2001 жылы ұзындығы 1580 шақырым жылына 67 млн. тонна мұнай өткізу қабілеті бар Теңіз- Новороссийск мұнай құбыры іске қосылды.

Облыстың басты газ құбырының ұзындығы 3058 шақырым, жылына өткізу қабілеті 40,8 млрд. текше метр.

Облыстың басты су құбыры Астрахан-Маңғыстау тұрба құбыры.

Аймақ экономикасының басым және аса мән беріліп жатырған бағыттарының бірі туризм саласын дамыту. Әлемнің 50-ден астам елінен 1000 астам шетелдік және бірлескен компаниялары қызмет етуі Іскерлік туризмнің қарқынды дамуына ықпал етуде. Атырау  облысында туризмді дамытудың орны ерекше. Каспий маңында орын тепкен Атырауда туризм саласын дамыту үшін қолайлы аудан ретінде толық қарастыруға мүмкіндік бар. Болашақта емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, спорттық, экологияық, экстрималдық түрлерін дамытуға мүмкіндіктер бар. Спорттық туризмді дамытуда балық аулаудың өзіндік үлгісін ұсына аламыз.

Атырау облысы бойынша да жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітіліп, оған 313 ескерткіш (525 нысан) кірген.

Осы шаралар арқылы туризмді дамытуға жағдай жасай отырып, өлкемізді шетелдік қонақтарға таныстыруға мүмкіндіктер бар.

Қазан революциясына дейін облыс орталығында  1-гимназия, екі сыныптық орысша-қазақша учелище, 2 приход және 2 дін мектебі жұмыс істеген. Уездік халық ағарту бөлімі жанынан  сауатсыздықты жою жөніндегі комиссия құрылып 24 мектеп ашылып, 600 адамды қамтыған.

Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысы білім беру саласы қарыштап дамыды. 1991 жылы 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс жасаса, 2000 жылдан бастап 8 оқу орны ашылып, бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беруді 25 колледж жүзеге асырады. Тәуелсіздік алғаннан бері дарынды балаларды қолдау және оларға жағдай жасау мақсатында аймақта  жаңа типтік үлгідегі білім беру ұйымдары: 7 мамандандырылған интернаттық мекемесі бар облыстық мектеп, 11 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 1 лицей ашылды.

Атырау облысының тұрғындарына дәрігерлік жәрдем көрсету туралы алғашқы деректер 1927 жылға саяды. Сол кезеңде тұңғыш фельдшерлік орын ашылған. 1928 ж. Атырау облысының аудандары мен ауылдарына арнап медицина кадрларын даярлау ісі колға алынды. 1936 ж. облыс халқына 36 дәрігер мен 279 орташа дәрежедегі медицина маманы кызмет көрсетті, жер-жерде 2074 орындык 6 амбулатория мен аурухана жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау қаласына 2 госпиталь орналастырылды.

Соғыстан кейінгі жылдары медицина мекемелерінің жүйесі жедел қарқынмен кеңи түсті. 1967 жыл мен 1987 жылдың аралығында облыстық аурухананың, облыстық балалар ауруханасының, облыстық перзентхананың, облыстық онкологиялық және туберкулезді емдеу диспансерінің жаңа үйлері іске қосылды, ал 1975 жылдан бастап Қазақ туберкулез және онкология ғылыми-зерттеу институттарының бөлімшелері ашылды.

Қазіргі кезде облыс бойынша 136 денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде 21 ауруханалық, 115 амбулаториялық-емханалық (8 емхана, 7 орталық аудандық ауруханалар, 55 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 23 медициналық пункт, басқа да 10 медициналық ұйым).

Қазтуған Сүйінішұлы - Нарын құмында туған, 15 ғ-да өмір сүрген жырау. Шалкиіз Тіленшіұлы(1465—1560), Есет би, Махамбет, Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы (1830—1870), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908), Мұрат Мөңкеұлы,  (1843—1906) т. б. —Еділ  мен Жайық, Ойыл мен Қиыл, Жем мен Сағыз атырабының ақындары.

Бұл ақындардын дәстүрлерін жалғастырған Бала Ораз Өтебайұлы (1837—1937), Хиса Көбжанұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876— 1966), Сұраубай Үттібайұлы (1887-1970), Құмар Жүсіпов (1905-1980) болды.

Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Ғабдол Сланов, Зейнолла Қабдолов -Атыраудың түлектері. 
Олардың ізін ала халық ілтипатына ие болған Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин, Мағзом Сүндетов, Нәбиден Әбуталиев, Марат Отаралиев, Мендекеш Сатыбалдиевтар болды.
Республика тарихына енген талантты қаламгерлермен қатар драматург-жазушы Берік Қорқытов, ақындар Жәрдем Тоғашев, Аманқос Ершуов, Қадыр Жүсіпов, Сансызбай Охасов, Өтепберген Әлімгереевті атауға болады.

Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі 1958 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне жолдама алып, одақтар үйінің колонна залында өнер көрсетті.

Қазіргі Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония 1966 жылы ұйымдастырылды. Филармонияның құрамында 3 эстрадалық ансамбль, 2 қуыршақ театры істеді. Олардың қатарынан  «Атырау-Жайық» эстрада ансамблін ерекше атауға болады. 1980 жылы «Нарын» ансамблі құрылды. 1992 жылы «Нарын» ансамблі Монғолияға барып қайтты.

Қазақстан Республикасының халық артистері, киноактер Нұрмұхан Жантөрин, биші Гүлжан Талпақова, күйшілер Бақыт Қарабалина, Қаршыға Ахмедияров, Әзидолла Есқалиев, Айгүл Үлкенбаева, әнші Ғафиз Есімов Атырау топырағынан шыққан таланттар.

Басты мәдени кешендерден Атырау облыстық драма театрын және Атырау облыстық өлкетану мұражайын және Атырау облыстық өнер мұражайын айтуға болады.

Атырау топырағынан алғашқылардың бірі болып халықаралық деңгейге көтерілген 
жеңіл атлетші Әмин Тұяқов болды. 1963-1967 жылдар аралығында 200 метрге жүгіруден тең келер ешкім болмады.  Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4, 200х4 эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды.

Ел біріншілігінде Атырау балуандары да ойдағыдай нәтижелерге жетті. 
Еркін күрес бойынша Қазақстанның тұңғыш Атыраулық чемпионы  Ж.Ысқақов ұзақ жылдар бойы  дене шынықтыру мен спорт жүйесінде табысты еңбек етті.

Атырау ескекшілері  Д.Савин, А.Сафарян, С.Сергеев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары. 
Арман Чилманов  84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері.
Атырау аруы Сәния Махамбетова самбо және дэюдо күрестері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда бірнеше рет жеңістерге жетті.

Облыста спорттың  бокс, қайық есу , футбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, шахмат, волейбол сияқты түрлері кең тараған. 
Атырау облысы бойынша футбол, волейбол, хоккей, баскетболдан еліміздің біріншілігінде  Атырау спорт командалары жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.

 «Бейбарыс» хоккей клубы  дүркін Қазақстан чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2015/2016 және 2018/2019).

Спорт нысандарынан Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионын атауға болады. Қасында спорт комплексі және жүзу бассейні бар. Денешынықтыру және сауықтыру орталығында (ФОК)  әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды.
Атырау мұз айдынында коньки теуіп, дем алуға мүмкіндіктер қарастырылған, хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар. Мамандардың айтуынша, теннис корты халықаралық үлгідегі құрылыс талаптарына сай келеді.




#Article 15: Батыс Қазақстан облысы (2846 words)


Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 646 828 адам (2018). Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы — Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4,0 адамнан келеді (1999). Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған (1 км²-ге 9 — 12 адам). Қала халқы бүкіл халықтың 49,1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.

Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 — 65 м)  Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі — құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 — 260 м, ең биік жері — Ақтау (Бортау) тауы (263 м).

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр.

Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.

Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды.
Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб.
Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.

Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. 
Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек ауылының батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678 шаршы км. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау, Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады.
Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді.

Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.
Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда) ; олардың айдындарының аумағы 1532 шаршы км. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мысалы Шежін жайылмасы 2200 шаршы км  ауданды алып жатыр. Дүре – 700 км², Қараөзен – 600 – 700 км², Сарыөзен – 200 – 300 км², ал Бұлдырты – 100 км² жуық жерге жайылған.
Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан : Елек алабында – 5, Өлеңті алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында – 20 – дан аса (оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің шарасы – 112 км²), Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл сағасындағы Аралсор (Өзенсор) көлінің ауданы – 112 км². Бұл көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында орналасқан. Облыстың оңтүстік – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін жайылма суларының оңтүстік бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық жағында Қараөзен, Сарыөзен сағаларында (Қамыс – Самар көлдері) шоғырланған. Бұлардың арасында 200 км² ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл, Сарай, Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде су айдыны 1 – ден 4 км² дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп, олардың да ауданы 72 км² тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км².

Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде бекіретәріздестер (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді.
Сүтқоректілерден өздерінің алуан түрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі сұртышқан, дала алақоржыны кеңінен таралған. Қамысты – қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі. 
Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай – ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады, оңтүстік – батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді ит кездеседі. Оқта – текте тоғай тауығы, кәмшат, еуропа қара күзені, тіпті сілеусінді ұшырастыруға болады. Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат едәуір көп (8 түрі бар).
Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман – тоғайларда бұлан мен елік мекендейді. 
Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120 – ға жуық түрі бар). Орман – тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын, ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, Жайын жайылмасының солт. бөлігінде шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар.
Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың сегіз түрі және тасбақа (батпақты) бар.
Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер (28 түр), олардың ішінде әсіресе жерсінгендері – ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке, сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре тұқымдастарға (шоқыр, бекіре, қортпа) бай.
Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400 – ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150 – 200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың – 10 – 15, өрмекші, кенелердің 100 – ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай – ақ молюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаян тәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды.

Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі.
Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300 – ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Өсімдіктерді эндимиктік түрлері : Талиев гүлкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз, Еділ майқарағайы және т.б. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңт. аудандар шөлдің солт. шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте – бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солт. бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады.
Боз даланың оңт. шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинск арқылы Шалқар көлінімен солт. жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Бұнда далалық боздың әр алуан түрлерімен қатар қылтанақсыз арпабас, бедетүнгі шегіргүл, дала шиесі, талбұршақ және т.б. кездеседі.Облыстың шөптесін қорының бсты түрі – жайылмалық шалғындар. Жайықтың төңірегінен биіктеу белесті – жады келетін жайылмаларында бидайық тектес және жусанды – бидайық аралас өскен шалғын көп кездеседі. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін өлең шөбі басым батпақты шалғындар алып жатыр. Облыстың орман – тоғай өсімдіктерін зерттеген кезде дала тоғайларының негізінен қосымша ылғалды белдемдерге ұштасып келетіні анықталды. Облыстағы орман алқаптары – жайылмалық орман – тоғай, құмайт масивтердегі бұталы алқап және көлтабан ойпандарындағы массивтер түрінде өскен ; жайылмалық тоғай көбіне өзен аңғарларымен байланысты. Мұнда аралас өскен бұталы үйеңкі, қара және ақтерек, шегіршін, көктерек, қайың, емен ағаштары ұзақ уақыт суда қалуға бейімделген.Құмайт массивтердегі тоғай шегі оңтүстікке қарай сұғына түсіп, 49 градус солт. ендікке дейін жетеді.

Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14 °С, кейде —40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 — 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 (оңт-те) — 350 мм (солтүстікте). Қар жамылғысы 70 күннен (оңтүстікте) 140 күнге (солтүстікте) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа дейін) болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік.

Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат  комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма  комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан  комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997).

Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.

Батыс Қазақстан облысы бай тарихи және мәдени мұраларға ие. Оның аумағында 6 мыңнан астам әртүрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері бар, олардың 14-і республикалық маңызы бар ескерткіштер болып табылады. Мәдениет және өнер жүйесінде облыста 717 мәдениет мекемелері қызмет етеді.

Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музейлері халыққа қызмет көрсетеді, олардың 13-і ауылдық жерде орналасқан. Облыс кітапханалары жүйесінде 377 көпшілік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысы халқының саны

Қазіргі Батыс Қазақстан облысының жерінің ерте дәуірлерден қазақ халқының құрамына кіретін Кіші жүз, соның ішінде Байұлы, Жетіру тайпа бірлестіктері, сондай-ақ Әлімұлының кейбір рулары жайылады. Байырғы тұрғындар негізінен мал бағу, егін егумен айналысты. Ел билеушілердің алауыздығы мен бақталастығы салдарынан әлемге айбынын асырған Алтын Орда құлап, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін өлкеге жатжұрттықтар келе бастады. XVI ғасырдың орта шенінде Ресейде жерсіз, кәсіпсіз қалып, қаңғып жүрген еркін қауымдастықтар мен қарақшы топтар Жайық бойына жетіп, құнарлы жерлерге қоныстана бастады. Үш ғасырға созылған Ресей империясының отарлау саясатының негізінде, өлкенің бастапқы бет-бейнесі өзгеріп, байырғы тұрғындар - қазақ ұлты экономикалық-әлеуметтік қысымшылыққа ұшырады, құнарлы қоныстарынан қазақтарды шөл-шөлейт аймақтарға ығыстырды. Әсіресе XIX ғасырдың 2-жартысында Ресей империясының әкімшілік реформасының нәтижесінде, дәстүрлі саяси-билік еркіндігінен айырылып, отар елге айналған қазақ өлкесіне, Батыс Қазақстан облысына орыс және украин шаруасы ағыла бастады. 1871 жылғы халық санағы бойынша облыс жеріндегі қазақтардың үлесі 71,3%, орыстар 14,9% болды. 1897 жылы облыс тұрғындарының жалпы саны 678 мың адамға, Орал қаласы бойынша 45,5 мың адамға жеткен. Саяси-әлеуметттік құқылар қорғаусыз қалған қазақтардың ұлттық мүдделері ескерілмей, ғасырлар бойы қоныс тепкен мекендерінен күшпен қуытылды. Орыс әкімшілік озбырлығына қарсы  шығып, қару көтерген бірнеше ұлт-азаттық көтерілістер аяғы қанға боялып тыңды. 1890 жылдың соңында 100 мыңнан астам қазақ, өзінің құнарлы жерінен айырылды, облыстың оңтүстігіндегі қуаң далаға көшті. Босаған барлық жерге орыстар қоныс етті. Ресей мемлекетінің озыбырлығы мен отарлау әскерінің, сондай-ақ Кеңес өкіметінің асыра сілтеу саясатының салдарынан облыс тұрғындарының, оның ішінде қазақтар саны өсудің орнына, күннен күге азайып отырған. Мысалы,

	
	XX ғасыр басына дейін облыс аумағында халықтың ұдайы өсу көрсеткіші де, сондай-ақ өлім-жітімі де жоғары деңгейде болды. Бұл жағдай 1940 жылға дейін сақталды, кейінгі кездерде ахуал біршама жақсарып, әсіресе оңтүстік аудандарда халықтың ұдайы өсімі жоғарылады, бірақ Теректі, Бәйтерек ауданы мен облыс орталығында бұл көрсеткіш әлі төмендеу. 1950 жылдардағы туу коэффицентінің төмендеуі де халықтың табиғи өсуіне елеулі түрінде кері әсерін тигізді.
Жалпы облыста ер адамдарға қарағанда, әйел адамдар саны көбірек болды. Некеге отырушылар қатары жыл сайын кеми түсуде. Орта есеппен әр отбасында - 4 адам, ал қалада – 3,4; Сырым, Казталов, Қаратөбе аудандарында 5 адамнан бар. 
Соңғы мәлімет бойынша, облыста 100-ге жеткен 24 адам бар.

Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Еуразия академиясы.

Қазіргі кезде бұл саладағы өндірістің негізгі бөлігі «Орал-Зенит зауыты», «Орал «Металлист» зауыты», АҚҚ, «Омега», «Гидроприбор» ҒЗИ, «Орал арматура зауыты» - ның үлесіне тиіп отыр. Бұл кәсіпорындарда осы заман талабына сай кәсіп өндірістік корпустар мен құрал-жабдықтар бар, тәжібиелі де ьілекті жұмысшы және инженер-техник кадрлар легі қалыптасқан. Олардың шығарған өнімдері ТМД елдеріне де, шетел тұтынушыларына да кеңінен танымал.

Облыста құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндігі мол. Геологтар 100-ден астам кен орындар барлап, цемент өндіруге шикізаттар көзін, құм-қиыршық қоспасын, бетон мен қабырға материалдарын ауыстыратынжеңіл түзілімдер қорын тапты. Мұның келешекте облыс аумағына шеттен цемент, гипс, қиыршық тас, құм және тағы басқа материалдар тасымалдау шығынын шегеруге мүмкіндік бермек. Қазіргі кезде жергілікті құрылыс индустриясының сапында «Орал құрылыс материалдарды өндірістік белгісі» (УПОСМ), «Орал әк зауыты» (УИЗ), «Орал силикатты кірпіш зауыты» (УЗСК), акциялық қоғамдары толық өндірістік қуатпен жұмыс істеуде. Соңғы кездерде Ақсуат пен Тасқала маңындағы шикізат игеру мақсатында, «Орал цемент» кәсіпорыны құрылып, зәру өнім түрімен Батыс Қазақстан аумағын - Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе сондай-ақ, Қызылорда мен Қостанай облыстың құрылыс алаңдарын қамтамасыз етуге жұмсануда. Жол құрылысын жақсарту үшін Орпл асфальт-бетон зауытымен қатар Ақсай қаласы мен Жәнібек ауданында осындай кәсіп орые іске қосылмақ. Орман және ағаш өңдеу кәсібінде де 1997 жылдан өндіріс көлемі артып келеді. 1963 жылдан бастап, Орал қаласында іске қосылған «Орал жиһазы» комбинатының «Сатурн», «Слава»,  тағы басқа үй жиһаздары әлі күнге дейін жоғары сұранысқа ие.




#Article 16: Жамбыл облысы (559 words)


Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның  Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз.
Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.

Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.

Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.

Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.

Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:

Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады.
Патшалық Ресейдің 1863-64 жылдары әскери жаулап алушылық әрекетінің нәтижесінде бұрын Қоқан хандығының қол астында болып келген Ұлы жүздің жерлері империяның құрамына кірген. Осы өңірлерде Сырдария және Жетісу уездері құрылып, олар Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған.
Үкіметтің 1867 жылғы 11 маусымда қабылдаған жаңа жерлерді басқару жөніндегі Уаықтша Ережеге сәйкес Әулиеата уезі құрылған, ол Сырдария облысына қараған. Оның аумағы батысында Түлкібас стансасы, шығысы Шу өзенінің батыс жағалауына, оңтүстігі Сусамыр алабына (қазіргі Қырғызстан Республикасының Талас облысы), солтүстігі Шудың төменгі ағысына дейінгі жерді алып жатқан. Орталығы Әулиета шаһары болған.

Өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі проблемаларды шешу мақсатында 1939 жылғы 14 қазанда өз алдына Жамбыл облысы құрылған. Оның құрамына аталған 6 ауданнан басқа Алматы облысынан Қордай, Красногор, Шу, ал 1951 жылы Оңтүстік Қазақстаннан Жуалы ауданы алынған.

Жамбыл облысында бірнеше сәулеттік ескерткіштер бар. Барлығы Алматы-Самара жолында немесе Тараз қаласының маңайында орналасқан.

Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.

Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған.

Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.

Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен.

Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты.

Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды.

Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 ж.ж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Сарай комплексінің іргетасының тереңдігі 4 м құрайды. 
 

Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІ ғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мәмбеттің моласы бар. Кешен территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір орналасқан.

Жамбыл облысы халқының саны

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар.

Облыстың жалпы ішкі өнімі:




#Article 17: Қарағанды облысы (5372 words)


Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2. Тұрғыны 1 380 280 адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,2 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталық – Қарағанды қаласы.

Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды.

ҚОАК-тің Қарағанды облысы бойынша Ұйымдық комитетінің төрағасы, өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бюросының мүшесі Абдолла Асылбеков болды.

Осы өңірдің тумасы, сол замандағы қоғамдық құбылыстардың, өзгерістердің ұйытқысы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Бірақ ол 1937 жылдың зобалаңына ұшырап, нақақтан нақақ ауыр жазаға кесілді.

Облыс елуінші жылдары тек өнеркәсібі дамуымен ерекшеленбей сондай-ақ ауыл шаруашылығын да өркендетті. 1956-1957 жылдары аймақта ірі қара саны — 36,5 мың, қой мен ешкі 358,7 мың басқа жетті. Сонымен қатар бұл кезеңде тұрғын үй құрылысы кең қанат жайды. Облыс бойынша 1958 жылы 1957 жылмен салыстырғанда осы мақсатқа жұмсалған қаржы мөлшері 13 пайызға өсіп, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 28 пайызға артты.

Қарағандының түбіндегі Жауыртау етегінде туып-өскен Ғабиден Мұстафин бұдан соң аймақ өткендегісін баяндаған «Дауылдан кейін» және «Көз көрген» кітаптарын жазды.

Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы тың шаруашылықтары «Донской», «Родниковский», «Киевский», «Энтузиаст», «Шахтер», «Индустриальный», «Шербаковский», «Киргизия» т.б. құрылды.

 Орталық Қазақстанның этникалық құрылымының құрылуы мен дамуының тарихы ұзақ. Өлкені қоныстандыру әртүрлі уақыттарда және түрліше жүргізілді. Орталық Қазақстан аумағында адам баласы ежелгі кезеңнен өмір сүргені белгілі, бірақ, өлкені қоныстандыру және игеру үдерісі XX ғасырға дейін созылды.

Бұл кезең Қазақстан аумағында өз позициясын нығайту мақсатында күрес жүргізген Ресей империясының аймақта өз қызметін жандандыруымен сипатталады. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазіргі Қарағанды облысының аумағы Баянауыл, Ақмола, Қарқаралы округтерінің құрамына кірді. Өз әсерінің күшін нығайту және өлкені игеруге қажетті жағдай жасау үшін патша үкіметі шекара бойына нығайтылған шептер ұйымдастырды. Осы шептер бойында сібір казактары мекендеген Қарқаралы (1824 ж.), Ұлытау (1841 ж.), Ақтау (1837 ж.) және тағы да басқа осылар сияқты алғашқы елді мекен-станицалар пайда болды.

Орта жүздің ірі руларының бірі арғындардың негізгі бұқарасы Орталық Қазақстанда шоғырланғаны белгілі. Деректік мәліметтер бойынша олардың саны уездер бойынша келесідегідей болған: Қарқаралы уезінде – 87 381 шаруашылық, Ақмолада- шамамен 100 мың, Атбасарда – 32 207 болған. Бұнымен қоса осы жерлерде найман руынан шыққан қазақтар да көшіп-қонып жүрген. Атбасар уезінде олар 38 375 шаруашылық болды.

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруга маманданған. Осынау кәсілорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінін кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген.

Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15% пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдардьі біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.

Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Мәшине жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы мәшине жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-мәшине жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады.

Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады.

Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады.

Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі мәшинелер мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде.

Қарағанды облысы бойынша 55 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді.

Аса белсенді ұлттық-мәдени орталықтарға Қарағанды қаласы, Жезқазған қаласы, Сатпаев, Теміртау, Бұхар-Жырау аудандары кіреді.

Қарағанды облысы  Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы, 10 наурызда құрылған. Жерінің аумағы 428,0 мың км². Тұрғыны 1333, 6 мың адам. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық, әкімшілік ауданға бөлінеді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы-Қарағанды қаласы.

Қарағанды облысы  Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының сотүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз-Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанбай өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдалада сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы  таулардың жұрнақтары-гранитті тау массивтері көптеп кездеседі.

Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген  Балқаш-Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі-Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы, Қу, Қарақуыс тауы, Қызылтас тауы, Қызыларай тауы т.б. көптеген таулар алып жатыр.

Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш-Ертіс су айрығынан басталып, Теңіз-Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары - Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері. Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Құсақ, т.б. өзендер суландырады.

Қарағанды облысы - Қазақстанның ірі өнеркәсіп кен байлықтары мен ауылшаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия , химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған , облыс экономикасының   ірі орталығы.

Халқының саны 1 миллион 381,6 мың адам,оның ішінде  1 миллион  138,5 мың адам қалаларда тұрады. Облыста республика халқының 9% -ы тұрады. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км².- 3,2 адамнан келеді.

Қалалары : Қарағанды, Абай, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск.

Қарағанды облысында қазақтардан (37,6 %) басқа көптеген ұлт өкілдері мекендейді: орыстар (43,6%), украинлар (5%), беларусьтер (4.0%), немістер.(0.2%) ,  басқалары (7.5%).

Облыс республикадағы марганецтің баланстық қорының 100 пайызын, вольфрамның 80, молибденнің 64, қорғасынның 54, мырыштың 40, мыстың 36, көмірдің 32, соның ішінде коксті көмірдің 100, баридің 70 пайызының қоры бар.

Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ-өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды.

Қарағанды облысы 2001 жылы республикада жалпы ішкі өнімнің 10,1% -ын (290,6 млрд.теңге) берді.

Облыстың энергетикасы жергілікті көмірге негізделген. Ірі аудандық және жылу электр станциялары Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Тентек, Топар, Қаражал елді мекендерінде, ұсақтары Қарсақбай, Атасу, Жамбыл, Мойынты, Сарышағанда орналасқан. Өнеркәсіптің басты салаларының бірі-көмір өндіру, кокс шығару. Түсті металлургия мыс кендерін өндіру мен қорыту және полиметалл мен сирек кездесетін металл кентастарын шығару мен байыту салаларынан тұрады. Облыста мыс өнеркәсібі екі орталықта дамыған. Оның біріншісі «Қазақмысә корпорациясына қарайтын Жезқазған кен-металлургия комбинатында. Оның құрамында Жезқазған кентінде, Сәтбаев қаласында 10-ға жуық механикаландырылған шахталар, екі карьер, екі байыту фабрикасы, мыс қорыту зауыты бар. Екіншісі-«Балқашмыс» кен-металлургия комбинаты. Оның құрамында Қоңырат, Саяқ, Шатыркөл карьерлері, байыту фабрикасы, мыс қорыту, қақтау зауыттары бар.  Жезқазған, Балқаш кен-металлургия комбинаттары мыс балқытумен қатар таза алтын, күміс, т.б. сирек металдар алумен шұғылданады.

Полиметалл мен сирек кездесетін металдарды өндіру өнеркәсібі дамып келеді. Оныің ірі орталығыАқжол (қорғаысн, мырыш), Ақшатау, Жамбыл (вольфрам, молибден), Қарағайлы, Жоғарғы Қайрақты (полиметалл, сирек металдар).  Облыста Балқаш, Жезқазған, Теміртау зауыттарынан   шығатын газ, әк-тас, минералды түз кендерінің негізінде химия өнеркәсібі дамып келеді. Химия кәсіпорындарынан Теміртауда химияда химия- металлургия зауыты, «Қарағанды химя өнеркәсібі» ЖШС-і, Саранда екі машина жөндеу зауыттары бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары негізінен Қарағанды қаласында орналасқан. Мұнда құю-машина жасау зауыты, «Қарағанды кен-машина-ИТЭКС» ААҚ, Энергия, сауда-техника комбинаты,турбо-механикалық, Пархоменко атындағы машина жасау, көмір машинасын жасау, №1 машина жасау, тұрмыстықтехника заттары, Теміртауда «Шығысэнергияжөндеу-SEE», «Энергия жөндеу-Т» ЖШС-рі, «Энергоприбор» өндірістік кооперативі, Жезқазғанда «Салаларалық өндіріс-өндіру фирмасы» өндіріс кооперативі жұмыс істейді. Облыс қалаларында және кейбір ірі кенттерде,аудан орталықтарында тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспаханалар жұмыс істейді. Балқаш көлінде балық ауланады.Ол Шашубай кентіндегі (Балқаш қаласы жағалауында) балық зауытында өңделеді.

Қарағанды  облысында 95 аурухана, 359 амбулатория мен емхана болды Оларда 5777 дәрігер, 10866 орта медициналық  мамандар жұмыс істеді. 298 кітапхана, қазақ, орыс драматетрлары, филармония, музыкалық комедия театры. 33 клуб пен мәдениет үйі, 8 мұражай, цирк бар. 1931 жылдан 2 облыстық («Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда») және бір қалалық (Темиртауский рабочий») газеті шығады.Бір сөзбен айтқанда,  Қарағанды қаласының  облыс орталығы болуы оның жан-жақты, түрлі салада дамып, одан әрі өсіп өркендеуіне мүмкіндік берді.

Облыста 11 қала бар: Абай, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск.

Кенттер: Ағадыр, Ақжал, Ақтас, Ақтау, Ақшатау, Жаңаарқа, Жоғарғы Қайрақты, Гүлшат, Дария, Долинка, Жәйрем, Жамбыл, Жарық (Сейфуллин), Жезді, Жезқазған, Изумрудный, Қайрақты, Қарабас, Қарағайлы, Қарсақпай, Нұра, Қоңырат, Қушоқы, Қызылжар, Мойынты, Молодёжный, Новодолинский, Осакаровка, Сарышаған, Саяқ, Ғабиден Мұстафин, Топар, Ботақара, Шақан, Шашубай, Шұбаркөл, Южный.

Ауылдар — 273.

а.о. – ауылдық округ
к. – кент
қ - қала

Облыстық қалалар

Аудандық қалалар

Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан.

Облыстың жер аумағы каледон және герцин құрылымдарын қамтитын Орталық Қазақстан палеозоидының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Каледон қатпарлығына Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинориі мен Шыңғысалды синклинориі және Семізбұғы синклинориі, каледонид пен герцинидтің орта тұсында орналасқан Қарағанды синклинориі герциндік Теңіз ойысы мен Карағанды синклинорийіне батыс бөлігінен келіп жалғасатын Сарысу-Теңіз көтерілімі жатады. Құрамына Спасск антиклинорийі, Қарасор және Өспен синклинорийі, Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесінің сож. доғасы кіретін герциндік құрылым Қарағанды синклинориінен оңтүстікте орналасқан. Бұл құрылымдар түрлі құрамды құмтас, әктас, кварцит, жаңғыш тақтатас, вулканиттерден түзілген. Әртүрлі бағыттағы жарылыстары мен опырылыстары бар интрузиялар жыныстарды қатпарлыққа жаншып, қиып өткен. Геологиялық құрылымдар ішінде егжей-тегжейлі зерттелгені ендік бағытқа жақын созылып жатқан Қарағанды синклинорийі. Синклинорийдің орта тұсын Қарағанды көмір бассейні алып жатыр. Қарағанды синклинорийінің батыс бөлігі грабен-синклинальды девон және төменгі палеозойдың вулканогеңді-терригенді қабаттарынан түзілген майысулар мен көтерілімдердің кезектесіп отыруымен сипатталады. Мұнда Самар және Завьяловка тас көмір кен орындары орналасқан. Грабен-синклинальдар шығыс және батыс жағынан меридиан бағыттағы жарылыстармен шектелген. Бассейннен солтүстікке таман фамен және турней ярусының карбонатты жыныстарымен, сол сияқты төменгі карбонның көмірлі қабаттарынан түзілген брахисинклинальдардың және мульдалардың көтеріңкі учаскілерімен кезектесіп отыратыны байқалады. Бұл тұсқа көміріндегі күл мөлшері жоғары Қушоқы және Бөрілі кен орындарының қабаттары сай келеді. Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстік жиегінде қорғасын-мырышты руда жүлгілері мен Жалайыр барит кені белгілі. Бассейннің түрлі бөліктерінен металлургия, химия және цемент өнеркәсібіне пайдалануға жарамды әктастың бірнеше кен орны анықталды. Бұлардың қатарына барланып, пайдалануға берілген Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік Топар әктас кен орындары жатады. Құмтас-қиыршықтас кенорындарының негізгі зертгелген бөлігі өзен аңғарларында шоғырланған. Юра шөгінділері үстіне жиналған саз балшық аязға төзімді құрылыс кірпішін, керамиқалық бұйымдар, отқа төзімді материалдар даярлауға пайдаланылады. Актас, Сасыққарасу саз кені пайдаланылуда. Девон эффузияларынан құрылысқа жарамды тас кені жан-жақты зерттеліп, игерілуде. Қарағанды синклинорийінін оңтүстігін ала, Тектұрмас антиклинорийінен солтүстікке таман шығыс-солтүстік-шығыс бағытта ұзындығы 250 км, ені 5-15 км-лік Спасск жаншылу зонасы орналасқан. Бұл зонада Орталық Қазақстанның девондық жанартаулық белдеуінің жыныстары солтүстік-шығыс бағытқа қарай созылған. Мұнда 20 шақты жанартаулық-тұнбалы мыс кені (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Көктасжал, Сарыадыр, Алтынтөбе және т.б. кен орындары) және 250-ден астам мыс белгілері мен бірнеше геохимиялық аномалиялар анықталды. Пирофиллит, мәрмәр кендері де табылып, барланды (Спасск). Зонаның оңтүстігіне таман ендік бағытқа жақын силурдың терригендік жыныстарынан түзілген, кіші гранодиоритгі интрузияларымен байланысы бар Нұра синклинорийі өтеді. Гранит және жоғарғы фамен туфы, туфогенді құм тасы бар гранодиориттің солтүстік массивтерінде кремнийпиритті-магнетитті-гематитті кен орыңдары (Кентөбе темір кен орны) ұштасып жатыр. Облыс жерінде батыс жағынан қоршап жатқан Сарысу-Теңіз көтерілімі әр кездері грабен-синклиналь және горст-антиклиналь түзейтін қатпарлық пен жарылыстың бұзылуға жиі ұшырап отырған жанартаулық шөгінді және интрузивті жыныстардан түзілген. Көтерілімнің орталық белігін алып жатқан Шұбаркөл грабен-синклиналіне күлділігі аз (2-10%), қоры 2 млрд.т Шұбаркөл көмір кені орналасқан юра ойысы, ал Қызылжар горст-антиклиналіне Баршын липарит және кірпіштік саз кендері сай келеді. Шыңғысалды синклинорийі мен Шыңғыс-Тарбағатай мегаантиклинорийінің батыс бөлігін тұтас қамтитын палеозой жыныстарынан түзілген. Мұнда карбонның порфирлі гранитоидтарының ұсақ интрузияларымен байланысты келетін мысты-порфирлік типті плутогенді-гидротермальды рудалану (Көктасжал кен орны) және колчедандық типке жақындайтын ұсақ мыс кен орындары анықталған. Ұлытау-Жезқазған аймағының геологиялық құрылымы тау жыныстарының әр түрлі үш кешендерінен қалыптасқан: 1-кембрийге дейінгі күрделі дислокацияға ұшыраған метаморфтық жыныстар; 2-палеозойдың жанартаулық тұнба қатпарлы жыныстары; 3-мезозой және кайнозойдың құмтасты-сазды платформалық құрылымдары. Ұлытау-Жезқазған аймағы шегінде мыстың аса ірі кен орындары, марганецтің, қорғасын және мырыштың ірі кен орындары, темірдің, никельдің, кобальттың, көмірдің, асбестің құрылыстық және флюстік шикізаттардың орташа және шағын кен орындары, алтынның, хром, никель, мыс, платина руда түзілу белгілерінің, бейруда пайдалы қазбалары — магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбест шоғырланған. Қара және түсті металдар рудаларында күміс, рений, кадмий, таллий, германий және т.б. шашыранды элементтердің құнды қоспалары кездеседі. Темір рудалары ның жер бетіне шығып жатқан ірі орындары Қарсақбай зауыты ауданында 40 км-ге созылып жатыр. Мұнда Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кен орындары орналасқан. Керегетас және Балбырауын кен орындарының темірлі кварциттің қалындығы 10 м-ден 220 м-ге баратын 5-7 горизонты бар. Бүкіл 400 км-лік өн бойындағы темірдің қоры миллиард тонна деп бағаланып отыр. Ұлытау-Жезқазған аймағы марганец рудаларының қоры бойынша Қазақстаңда негізгі аудандарға жатады. Жезді кен орны ауданында темірлі-марганецті руда белгілері бар Балажал, Емельяновское, Батыс Керегетас, Жаман Кергетас орыңдары белгілі. 20 ғ-дың 80-жылдарының ортасында Қаптыадыр тауының оңтүстігін ала Айдарлы фабен-синклиналінде марганецтің жаңа кен орындары (Богач, Тур 1, Тур II және т.б.) ашылды. Қазіргі танда мыс рудалы формацияларының ішіндегі өнеркәсіптік маңыздысы — Жезқазған рудалы формациясы. Осы формацияның Жезқазған, Жыланды тобы (Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Аралбай, Жаманайбат және т.б. ұсақ кен орындары төменагі, орта және жоғарғы карбон және төменгі пермьнің терригендік шөгінділеріне байланысты түзілген. Никель және кобальт кен орындары Шайтантас, Ешкіөлмес, Талдысай массивтерінің желмен үгілген гипербазиттері негізінде шоғырланған, бетін миоцен шөгінділері жапқан. Шу-Сарысу ойпаңының шығыс жапсарындағы кең алаптағы көне үгілу қыртысында бокситтің қоры анықталуда. Жезқазған-Ұлытау өңірінде жанғыш пайдалы қазындылардан Байкоңыр ауылының маңында юраның коңыр көмір кені (Байкоңыр және Қияқты кені) кездеседі. Қоры 100 млн т. шамасында. Шұбаркөл кенішіндегі көмір қоры 1,7 млрд т. деп есептеледі. Байкоңыр поселкесінен оңтүстік-батысқа қарай 170 км жерден Оңтүстік-Торғай мұнай-газ провинциясы (Құмкел тобы) ашылды. Шу-Сарысу ойпаңынан 14 мұнайлы-газды мүмкіндігі мол құрылымдар анықталды және Шу көтерілімінен Придорожное газ кен орны ашылды.

Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, әктастары және конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік кезеңдердің сарғыш шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Облыс минералдық шикізат ресурстарына өте бай. Мұнда көмір, мыс, қорғасын, темір, мырыш, марганец, вольфрам кендерінің мол қоры бар. Күшәла, кобальт, никель, сирек металдар да кездеседі. Бейкентас шикізатынан – құрылыс тасы, әктас, цемент шикізатының, отқа төзімді саздың, пирофилиттің, құмның мол қорлары кездеседі.

Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ол жылына 2300-2500 сағат; ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Жылдық жиынтық радиация мөлшері 110-120 ккал/см2, шашыранды радиация 45-50 ккал/см2. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық (қоңыржай белдеу ауасы), тропиктік. Жылдың суық мезгіліндегі ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы үлкен әсерін тигізеді. Қыста ашық ауа райы басым. Ең суық ай - қантардың орташа температурасы Солтүстікте — 18°С, Оңтүстікте — 14°С байқалады. Абсолюттік минимум — 52°-44°С аралығында ауытқиды. Көктемдеде антициклондық ауа райы режимі сақталып, құрғақ әрі желді ауа райы қалыптасады: күндіз өте жылы, түнде үсік байқалады. Жалпы көктемгі ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жазда Орталық Қазақстанның дала аймағы тұсындағы ауа массалары қатты қызып, бұлтсыз, ашық әрі ыстық ауа райы орнайды. Ең жылы ай — шілденің орташа температурасы Солтүстікте + 18°С, Оңтүстік аймағында +22°С болады. Ең жоғары температура +40-43°С мөлшерінде. Жоғары температура (30°С және одан жоғары) шілдеде орта шамамен 7-8 күннен, 10-15 күнге дейін созылады. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері 1,2-3,5°С аралығында. Жылы мерзім ұзақтығы облыстың қыратты бөліктерінде (Қарқаралы, Ақтоғай таулы аймақтары) 198 күннен — 207-220 күнге (Ұлытау, Жаңаарқа, Шет аудандары) дейін ауытқиды. Аязсыз мерзім ұзақтығы тиісінше 90-100 және 110-135 күнге жақын. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғары мәндері қыста байқалады. Облыс аймағында қарашадан наурызға дейін оның орта айлық мөлшері 78-82%. Жылы мерзімде салыстырмалы ылғалдылық Солтүстік бағыттан Оңтүстікке қарай кемиді. Маусым-шілде айларында ең төмен орташа айлық мөлшері 53-58% байқалады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері көпшілік жерде 200-300 мм, Шығыс бөлігінде 330 мм түседі. Ең жоғары айлық орташа мәні шілдеде 40-47 мм, ең төмені қаңтарда 8-18 мм. Көктемде жылдық жауын-шашынның 25% жауады. Жазда жауатын мөлшері (маусым-тамыз) 120 мм, яғни жылдық норманың 40%-ын құрайды, әрі нөсерлі болады. Қыркүйекте 23 мм, қазанда 27 мм жауын-шашын жауады. Ең бірінші қар жаууы қыркүйектің бірінші онкүндігінде байқалады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы — 5,5 м/сек. Ең жоғары айлық орташа мәні наурызда — 6,8 м/сек, сәл төмен мөлшері ақпан мен желтоқсанға келеді (6,5 және 6,1 м/сек). Ең бәсең жел жылдамдығы тамызда — 4,3 м/сек. Жылы мерзімдегі жел режимінің қалыптасуы айқын білінбейтін төмен қысымды бариқалық өріспен байланысты. Қарашадан наурызға дейін айлық орташа жел жылдамдығы өсіп отырады; Қарағандыда оның ең жоғары көрсеткіші 37 м/сек. және шамамен 20 жылда бір қайталанады. Облыс аймағының басым бөлігінде күшті жел соғуы (15 м/с және одан жоғары) үш күннен аспайды. Ал Қарағандыда ондай күндер саны наурызда 5-6 күнге созылады. Қыста жиі боран байқалады, боранды күндер саны 21-38-ге дейін жетсе, кейде 50 күнге дейін барады. Жылы маусымда құрғақшылық, желді жағдайда шаңды дауыл қалыптасады. Жыл бойынша ондай күндер саны орта есеппен 1-ден (Қарқаралы) 12-17 күнге дейін (дала аймақтарында) байқалады. Шөлейтті, шөлді аймақтарында шаң дауылды күндер саны жылына 20-38 күнге дейін жетеді. Жазда, кейде көктем мен күз мезгілдерінде облыс аумағында найзағай байқалып, дауыл, нөсер жаңбыр, бұршақпен қабаттасады. Жылына найзағайлы күндер саны 20-24 күн, ал Қарқаралыда 28 күн мөлшеріңде. Ең жиі байқалатын кезең жаз, оның ішінде шілде айы (6-8 күн). Найзағайдың орташа ұзақтығы — 1,8 сағат. Бұршақ жылы мерзімде сирек байқалады; әрі біркелкі емес, ені мен ұзындығы бірнеше шақырым жолақпен жауып өтеді. Орта есеппен жыл бойы бұршақ жауған күндер саны 2-3, кейде 4-8-ге жетеді. Күз, көктем айларында жер беті қатты суынып, антициклондық ауа райы жағдайында тұман қалыптасады. Облыста жылына тұманды күндер саны 16-28 күн аралығында болса, Қарағандыда шамамен 37 күн, ал ең жоғары айлық орташа көрсеткіші — наурызда. Облыс климатының айқын білінетін ерекшелігінің бірі — қуаңшылық. Күшті қуаңшылық орта есеппен 10-12 жылда бір қайталанады. Сәуірден қыркүйекке дейін аңызақ жел соғатын күндер саны 60-100 күн аралығында. Аңызақ, құрғақ желдер жазда Солтүстіктен келген арктикалық ауа массаларынан қалыптасады. Ауыл шаруашылығына үлкен шығын әкеледі. Облыс аймағындағы қыс кейбір жылдары тым қатаң болып, 5-5,5 айға созылады. Тұрақты қар жамылғысы әдетте қарашаның ортасында қалыптасып, 110-150 күндей жатады. Қаңтарда аяз күшейеді, -25°С және одан төмен температуралы күндер саны аймақ бойынша қыс ішінде 40-50 күннен (Солтүстікте), 10—15 күнге дейін (Оңтүстікте) ауытқиды, ал кейбір жылдары айына 20-25 күнге дейін жетеді. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы — 20-26 см-ден 10-15 смге Солтүстіктен Оңтүстікке өзгереді. Қарлы жылдары оның қалындығы таулы аймақтарда 40-50 см-ге жетеді. Көктем наурыздың екінші жартысында басталып, 1,5-2 айға созылады. Орташа тәуліктік ауа температурасының 0°С көтерілуі әдетте 4-10 сәуірде байқалады. Қар жамылғысының ерте еруі — 16-28 наурызда, кеш еруі — 20-25 сәуірде. Түнгі үсіктің түсуі мамырдын 23-28-нде аяқталады. Жазы 3-4 айға созылып, ыссы әрі құрғақ болады. Күзі қыркүйектің басынан қазанның аяғына дейін созылады, әрі жазға қарағанда куаң келеді. Бұл айдың орташа температурасы Солтүстіктен Оңтүстіке қарай 10°-14°С аралығыңда өзгереді. Әдетте, айдың бірінші онкүңдігіңде түнде тұрақты үсік басталады. Жылу мен ылғал таралуына байланысты, облыс аймағы 4 климаттық ауданға бөлінеді: қоңыржай-салқын қуаң ұсақ шоқылы; қоңыржай-жылы қуаң ұсақ шоқылы; қоныржай-жылы өте қуан. Біріншісіне біршама ылғалды, алайда ылғалды өсімдіктің еркін өсуіне жеткіліксіз таулы аймақ (Қаркаралы, Актоғай) жатады. Гидротермиялық коэффициент (ГТК) — 0,7-0,8; әсерлі температуралар жиынтығы (яғни орта тәулік температурасы +10°С жоғары) 2000°С жуық. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзім ұзақтығы орта шамамен 130 күн. Агроклиматтық жағдайы ерте себілетін жаздық дәнді дақылдар, қарақұмық, орамжапырақ, картоп, қияр т.б. өсіруге қолайлы. Жер бедеріне байланысты, көпшілік шаруашылықтар мал шаруашылығымен, онымен қоса, егіншілікпен шұғылданады. Қоныржай-жылы қуаң ұсақ шоқылы аудан — облыстың неғұрлым ойпаң өңірін қамтиды. Оған Бұқар жырау, Абай, Нұра, Осакаров ауданының Солтүстік-Шығыс, Қарқаралы ауданының Солтүстік-Шығыс кіреді. ГТК - 0,7-0,8. Әсерлі температуралар жиынтығы 2000-2200°С. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзім ұзақтығы 130-135 күн. Қоңыржай-жылы өте қуаң ауданға Осакаров ауданының басым бөлігі, Жаңаарқа ауданының Солтүстік, Қарқаралы ауданының Оңтүстік-Шығысы жатады. ГТК — 0,5-0,7. Әсерлі температуралар жиынтығы (+10°С жоғары) 2000-2600°С. Осакаров ауданында егіншілік кеңінен дамыған. Жылы өте қуаң аудан облыстың Батыс және Оңтүстік аймақтарын (шөлейтті, шөлді) толығымен қамтиды. ГТК — 0,5-0,7. Әсерлі температуралар жиынтығы 2200-2800°С. Мұнда қой шаруашылығы басым дамыған. 

Қарағанды облысы өзендерінің ішіндегі шаруашылыққа маңыздылары Балқаш – Ертіс суайрығынан басталып, Теңіз – Қорғалжын көліне құятын Нұра, оның сол салалары – Шерубайнұра және Құланөтпес пен Көң өзендері. Сонымен қатар Қарасор көлі алабының өзендері – Жарлы, Қарқаралы, Талды және Ертіс алабына жататын Есіл, Өлеңті, Шідерті, Түндік өзендерінің де маңызы айтарлықтай. Облыстың батыс жағын суландыруда Сарысудың, Терісаққан, Торғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің Жоғарғы ағыстарының және Байқоңыр, Қалмаққырылған, т.б. көптеген кіші өзендердің маңызы өте зор. Облыстың оңтүстік-шығысын Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Қусақ, т.б. өзендер суландырады. Өзендерінің суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молаяды да біраз күн тасиды. Жаз ортасында кіші өзендер саязданып, сулары кермектеніп, қарасуларға бөлініп қалады, кіші өзендер тартылып қалады.

Қарағанды облысында жалпы ауданы 926 км2 болатын 1910 көл бар (бұрынғы Теңіз ауданын қоспағанда). Олардың 90%-ы облыстың солтүстік аудандарында шоғырланған. Облысты екіге бөлетін 48 параллельден оңтүстікке қарай тек 108 көл ғана бар. Барлық көлдердің тек 131-інің ғана ауданы 1 км2-ден асады. Оларда 576 млн м3 су жиналады. Көлдердің көпшілігі көктемде суға толып, жазда құрғап, күзде сорға айналады. Ірілері: Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты, Шошқакөл, Балықтыкөл, Шыбынды, Тассуат, Ащысу. Облыста 460 тоған мен бөген бар. Олардың ірілері: Нұра өзеніндегі Самарқан, Шерубайнұра, Жартас, Самар, Кеңгірдегі Кеңгір, Жезді, Атасудағы Қылыш, Сарысаздағы Ақтасты, Поливное, Қумоладағы Қарсақпай бөгендері. Ертіс – Қарағанды – Жезқазған каналдары Атасу кентіне дейін салынды. Оның бойында 6 бөген бар. Жер асты тұщы сулары кеңінен пайдаланылады.

Облыс аймағында 1600-ге жуық көл бар, оның ішінде 200-ден астамының ауданы 1 шаршы км-ден асады. Облыс жерінің онтүстік-шығыс бөлігінде су айдыны көлемі жағынан Қазақстаңдағы үшінші көл — Балқаш жағалауы кіреді. Көл Батыстан Шығысқа қарай созылыңқы (614 км) орналасқан. Ауданы 18,2 мың км2, су көлемі 106 км3, су айдынының теңіз деңгейінен биіктігі 342 м. Тереңдігі 6-12 м-ден (Батыс), 15 м-ге дейін (Шығыс) ауытқиды, ең терең жері — 26 м. Тұздылығы біркелкі таралмаған, Батыс бөлігі Іле өзенінің суымен тұщыланады, Шығысында тұздылық мөлшері 5г/л дейін жоғарылайды. Антропогендік әсерден Балқаш көлінің деңгейі 2 м төмендеп, суының сапасы да нашарлаған. Аласа таулы және қыратты суайрықтар мен үлкен тұйық ағынсыз алап көлдеріне қарағанда, анғарлық-арналық көлдер түрі көп тараған. Айдын ауданы 0,5-1,5 м2 ұсақ көлдер куаң жылдары жазда кеуіп қалады. Көлдер суының орта минералдылығы 1-10 г/л аралығында. Облыстың аласа таулы және қыратты Шығыс, Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы көлдердің қазаншұңқырлары кіші, таяз, аласа жағалаулы болып келеді. Қуаң жылдары олар құрғап қалады. Неғұрлым терең көлдерінің суы жыл бойы сақталады (Үлкенкөл). Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер бежі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Солардың бірі — Қаркаралы ауданында орналасқан Қарасор адырлы-жазықты тұйық ойыс. Ол өңірде 50-ге жуық (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл, т.б.) көлдер бар. Орта тереңдіктері 1 м, кей жерде 4-5м, орта тұздылығы 35-41 г/л. Көл түбінде емдеу мақсатында пайдаланатын күкіртгі-сутекті шипалы балшық тұнған. Облыстың Солтүстік-Батысында мына көлдер орналасқан — Шошқакөл, Барақкөл, Саумалкөл, Құнақай, Әжібексор, Тассуат т.б., Солтүстігінде Шыбынды, Қаракөл, Оңтүстік-Батысында — Дөңсары, Алакөл, орталық аймағында — Көктіңкөлі т.б. Тұздылығына байланысты олардың суы аса пайдаланылмайды. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары мен каналдардың маңызы зор. Су қоймалары: Самарқан (Нұра өзені), Шерубай-Нұра (Шерубай-Нұра өзені), Кеңгір (Кеңгір өзені), Жезді (Жезді өзені) т.б., сонымен қоса кіші өзендерде көптеген тоғандар салынған. 1973 жылдан бері облыс аймағында Ертіс—Қарағанды каналы жұмыс істейді. Бұл алып гидротехникалық құрылымның (суды төменнен жоғары деңгейге тасымалдайды) ұзындығы 458 км. Орта шамамен 75 м3/с су тасымалдап, Қарағанды, Теміртау сияқты ірі, және кіші қалаларды сумен қамтамасыздандырады. Су тасымалдау үшін 20-ға жуық насос стансалары іске қосылған. Облыс аймағында беткі су қорлары жеткіліксіз болғандықтан, жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдіктерде, яғни 10-100 м аралығында өспе су көздері мол. Бірақ көпшілік аймақта (шөлейтті, шөлді) олардың минералдылығы, оның ішінде кермектік қасиеті жоғары болғандықтан, ауыз су ретінде қолдану біраз қиындық келтіреді. Облыс аймағыңда 200-600 м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жер асты сулары кең таралған. Олардың шаруашылықта кеңінен қолданылуы техникалық тұрғыдан әлі шешілмеген. Аймақта ғасырлардан бері пайдаланып келе жатқан көптеген құдықтар қолданылады (мал шаруашылығында). Олардың тереңдігі орта шамамен 4-10 м, сағатына шамамен 300-500 л су бере алады. 

Қарағанды облысының солтүстігіндегі дала белдемінде оңт-тің карбонатты қара және күңгірт қоңыр, қоңыр топырақтары қалыптасқан. Қарқаралы, Кент, Бақты, Қу, т.б. тауларда таудың қара топырағы тараған. Облыстың орталық өңірін алып жатқан шөлейтті белдемде сортаңды карбонатты қоңыр, ашық қоңыр топырақ басым. Облыстың оңтүстік шөл белдемінде сұр және сұрғылт қоңыр топырақ тараған. Өзен аңғарларында шалғынды қоңыр топырақ түрлері кездеседі.

Қарағанды облысы халқының саны

Қазіргі кезенде аймақтың демографиялық дамуының басты ерекшелігі тұрғындардың абсолютті санының динамикалық өзгеріп отыруымен сипатталады. Республика тұрғындарының 1989-1992 жыддар аралығында өсіп-енуінің орташа жылдық қарқыны 0,7%-ға жетсе, 1999 ж. орташа жылдық төмендеу қарқыны 0,9%ды құрады. Келесі жылдары тұрғындар санының төмендеу деңгені шұғыл түрде азайды. 2005 ж. алғаш рет тұрақты өсім көрсеткіші тіркелді.

Бұл кезең халық санының азаюына себепші болған қолайсыз демографиялық жағдаймен сипатталады. Қазақстан Республикасы тұрғындар санының тіркелуі бойынша 1999 ж. Орталық Қазақстан тұрғындарының саны 1 410 218 адам, яғни 1989 жылмен салыстырғанда 19,1%, келесі жылдары тағы 5,6%-ға азайып, 2006 жылдың басында 1 331 702 адамға түсті. Аймақта қалаға шоғырлану үрдісі жалғасып жатыр. Облыс тұрғындарының құрамында кала тұрғындарының үлесі үнемі өсуде, ал ауыл тұрғындарының үлес салмағы керісінше азаюда. Мысалы, егер 1989 ж. қала мен ауыл тұрғындары санының қатынасы 82,1% және 17,9% болса, 2006 жылдың басында — 83,8% және 16,2% болды. Ұлттық құрылымда 1980 жылдың аяғында басталған аймақтың компоненттерінің абсолютті және қатысты көрсеткіштердің өзгеру үрдісі жалғасуда. Егер 1989 - 2005 ж. аралығында қазақтардың абсолютті саны 18,4%-ға өсіп, 551 536 адамға жетті, ал аймақ тұрғындарының құрамындағы үлесі 41,4%-ды құрады, бұл көрсеткіш 1989 ж. 25,8% болған еді. Орыстардың саны 553 058 адамға дейін немесе 48%-ға жуық азайған, ал үлес салмағы 41,5%-ға тең болды, бұл көрсеткіш 1989 ж. 46,9% болатын. Аймақтың басқа да көптеген этностарының абсолютті саны да азайды: немістер 4 есе (1899 ж. - 159 208 адам; 2005 жылдың басында - 40 135 адам); белорустар — 2 есеге жуық (35331 -ден 18229-ға); украиндықтар - 2 есе (128547-ден 67496-ға); татарлар - 1,5 есе (52769-дан 35640-қа); корейлер 1,1 есе (14672-ден 13519-ге-түскен) азайған.

Аймақтың ұлттық құрамында төмендегі ұлттардың үлес салмағы да өзгерді: немістер 1989 жылғы 9,1%-дан 2005 жылдың басында 3%-ға; белорустар — 2%-дан 1,4%-ға; украиндар — 7,4%-дан 5,1%-ға; татарлар - 3%-дан 2,7%-ға; корейлер — 0,8%-дан 1%-ға дейін өзгерген. Орталық Қазақстан тұрғындарының табиғи қозғалыс ерекшелігі аталған аймақтың ұлттық құрамындағы орыс тұрғындарының үлес салмағының жоғары болу ерекшелігіне байланысты. Табиғи өсім қазақтар (13,5 промилле) мен өзбектер (22,0 промилле) арасында біршама жоғары деңгейде; жыл сайын орыстардың (-4,9 промилле), украиндар мен белорустардың (-8,6 промилле) сан жағынан азаюы байқалуда. 90-жылдардың 2-жартысында табиғи өсім коэффициенті бірыңғай теріс мәнге ие болды, яғни аймақта адамдар өлімі туу санына қарағанда жоғары еді. 2002 жылдан бастап, бұл көрсеткіштер тұрақты түрде оң динамиканы көрсете бастады, алайда өсім деңгейі төмен болды — 1,44 промилле (1000 тұрғынға шаққанда).

Жалпы республика бойынша жүрген миграция үрдісі Орталық Қазақстан өнірінде қамтыды. 1991-2003 жылдар аралығында ішкі миграция сальдосы -313 838 адамды құрады.

Халықтың орналасуы аймақ бойынша біркелкі емес. Облыс халқының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 3,1 адамнан келеді. Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті ауданы аймағында бұл көрсеткіш 80 адамнан асты. Облыстың солтүстік және орталық бөлігінде халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 5-6 адамнан келеді. Бұкар жырау, Осакаров және Абай аудандарының тұрғындары басқа аудандарға қарағанда тығыз орналасқан — 4,4; 3,5; 1 шаршы км-ге 8,9 адам. Ертіс — Қарағанды каналы аймағында, қала маңында халықтың тығыздығы біршама артты; облыс аумағының батыс бөлігінде 1 шаршы км-ге келетін орташа мөлшер 0,4 адамнан, кей жерлерде Ұлытау, Нұра ауданының батысында тығыздық көрсеткіші 1 адамнан да кем — 0,1 адам. Шығыс бөліктегі, негізінен ауыл шаруашылығына маманданған Қарқаралы ауданының жерінде халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы км-ге 1,3 адамнан келеді. Қарқаралы орманды шұратында халық жиірек қоныстанған.

Жезқазған өңірінің солтүстік-батысыңда және ауылды жерлерде халықтың тығыздығы өте төмен. Мәселен, 1966 ж. әрбір шаршы километрге 1,36 адамнан келсе, бұл көрсеткіш 1976 ж. 1,48, ал 1988 ж. 1,58 адам болды. Жезқазған - Балқаш өңіріңде 5 қала, 4 аудан, 22 қалашық, 53 ауылдық аймақ бар. 1998 ж. 20-дан артық тұрғыны бар 256 елді мекен болды. Халықтың басым көпшілігі Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен оның төңірегіне топтасқан. Онда әрбір шаршы километрде 18,8 адам тұрады. Ұлытау ауданында әрбір шаршы километрге 0,1 ғана адамнан, оның оңтүстігінде 1 шаршы километрге бір адамнан келеді. Ал халықтың тығыздығы Шет ауданында бір шаршы километрге 0,7 адам, Ақтоғай ауданында 0,4 адам, Жаңаарқа ауданында 0,5 адамнан келеді.

Облыс жерінде 11 қала, 39 қалашық және 171 ауыл-селолық округтер (3 ірі қала - Қарағанды, Теміртау және Жезқазған, ауданы жағынан орташа 4 кала — Балқаш, Саран, Шахтинск, Абай және 4 шағын кала - Қарқаралы, Қаражал,Сәтбаев, Приозерск) орналасқан. Аймақтағы ең ірі Қарағанды-Теміртау қалалық агломерациясы соғыстан кейінгі жылдары қалыптасып, дамыған Қарағанды мен Теміртауда бүкіл облыс халқының 42%-ы және қала халқының 70,5%-ы тұрады (2005). Мұның өзі бұл қалаларда халықтың көп шоғырланғандығын сипаттайды. Олардың төңірегіңде Саран (48,2 мың адам), Шахтинск (59,9 мың адам) қалалары және Қарабас, НовоДолинка, Топар, Южный, Ақтас, Долинка, Шахан, Ақтау, Мұстафин, Қушоқы сияқты кенттер орналасқан. Бұлардың барлығы көмір кен орындарының қарқынды игерілуіне, шахталар, қара және түсті металлургия, химия, машина жасау кәсіпорындарының салынуына байланысты пайда болды.

Облыста 558 ауылдық елді мекендер бар (2004). Кеңшарлардың тарауы, шаруа қожалықтарының, өндірістік кооперативтердің, акционерлік қоғамдардың құрылуы, ауылда нарық катынастарының қиындықпен енгізілуі жекеменшік шаруашылықтардың көптеп жабылуына өз әсерін тигізді. Қазіргі уақытта тарихи қалыптасқан ауыл-селолық орналасу жүйесін қайта құру іске асырылуда.

Облыстың дала белдемінде, негізінен, бөрте жусан, бетеге, селеу және жіңішке қоңырбас, қозықұлақ, сарыбас беде, бұйырғын, жебіршөп, борпылдақ шөп, т.б. жазық жерінде қараған, тобылғы, итмұрын, қыраттарында жатаған арша, ырғай, тасжарған, т.б. бұталар өседі. Грунт суы таяу тауаралық өлкелер мен өзен аңғарларының жайылмаларын бидайық, шалғындық көде мен түлкі құйрық сияқты өсімдіктер жапқан. Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты, Қызыларай, т.б. гранитті тауларда қарағай, ал олардың сайларында қайың, көктерек, өзен бойында түрлі тал, шілік өседі. Облыстың шөлейт белдемінде бетеге, селеу, т.б. түрлі шөп пен эфемерлер өседі. Шоқылардың тастақты беткейлерінде жусан басым. Шоқыаралық ойыстарда түрлі бұта кездеседі. Ұлытау, Қараағаш, Бектауата тауларында қайың, көк терек, қандыағаш, оңтүстігіндегі шөл далада жусан мен әр түрлі сораң шөп тараған.

Облыс өңірін арқар, елік, бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, аққұлақ, ақкіс, сасық күзен, ақ тиін, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, көл қамыстарында жабайы шошқа, ондатр; құстардан дуадақ, тырна, құр, шіл, бүркіт, кезқұйрық, қарақұс, күйкентай, безгелдек, үкі, жапалақ, қасқалдақ, қаз, үйрек, шағала, т.б. су құстары мекендейді. Көлдері мен өзендерінде мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран, көкбас балықтары бар. Балқаш көлінде ақ амур, ақмарқа, табан, тұқы, жайын, көксерке, қаяз, пілмай жерсіндірілген.

Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы  шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды жері 34257,1 мың га, оның ішінде егістік жер 1062,2 мың га, шабындық 389,6 мың га, жайылымы 31724,9 мың га жерді құрайды. Ауыл шаруашылығының басты салалары – жаздық астық өсіру, етті-сүтті сиыр, қой, жылқы өсіру. Өнеркәсіп орталықтарына таяу жерде қала маңына тән ауыл шаруашылығы  дамыған (сүтті сиыр, құс, шошқа өсіру, картоп, көкөніс өсіру). 2002 ж. егістік аумағы (мың га) 1316,7 болды. Облысты қамтитын Сарыарқа темір жолының Ұзындығы 1827 км. Сарыарқа әуежайы облыс тұрғындарын көптеген шет елдермен және республиканың басқа қалаларымен байланыстырады. Облыс жері арқылы Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.




#Article 18: Қостанай облысы (1782 words)


Қостанай облысы — Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Облыс орталығы – Қостанай қаласы (1879 жылы құрылған). Жер аумағы 196 мың км².

Қостанай облысы солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.

Облыс аумағы негізінен жазық дала. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физикалық-географиялық белдеулерден тұрады:

Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңісетене келіп, солтүстігінде Золотая сопка (Алтын шоқы) тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің  жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі. Мұның оңтүстік жағында жекелеген шоқылар (Жетіқара тауы, 414 м, т.б.) кездеседі. 

Батыс Сібір ойпатының оңтүстігін көл қазаншұңқырлары бар Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алыпжатыр. 

Облыстың оңтүстігіндегі Торғай үстіртінің солтүстік бөлігін көл қазаншұңқырлары мол Солтүстік Торғай жазығы (Құсмұрын көлінен Тобыл өзеніне дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Өлкейек, Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімделген Торғай үстіртінің орта бөлігін қамтыған. Мұндағы суайрықтарда Қарғалытау (310 м), Теке (262 м), Қызбелтау (219 м) және Сарыадыр (360 м) төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солтүстік-батысында Қоңыртау таулары орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын Оңтүстік Торғай жазығы Сарықопа көлінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерімен тілімделген.

Облыс аумағының  бір ерекшелігі - оның қиыр оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне дейін жететін ұзындығы 700 км Торғай қолаты жатыр. 

Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы 397 м), Көкшетау (478 м!, Қайыңдышоқы (569 м), т.б. көптеген тау шоқылары кездеседі.

Ұлы Жыланшық пен Қараторғай өзендерінің суайрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр

Қостанай облысы кен байлықтарына өте бай. Мұнда магнетиттік және оолиттік темір кендерінің, бокситтің, алтынның, никельдің, асбестің, қоңыр көмірдің, құрылыс материалдарының (цементтің, флюстік әктастың), доломиттің, отқа төзімді балшықтың, қыш және кірпіш балшықтарының, әйнектік құмның, граниттің, диориттің, құмтастың, т.б. мол қоры бар.

Облыс климаты тым континеттік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде  -18-19°С, оңтүстігінде  -16-17°С. Кейбір қатаң жылдары -40°С-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады.

Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20°С. Кей жылдары 35-40°С-қа дейін жетеді.

Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% -ы жылдың жылы мезгілінде жауады.

Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған.

Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде  4-4,5 м/с-тан, оңтүстігінде 5-6 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдер басым.

Қостанай облысының аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан:

Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған.

Қостанай облысының солтүстік жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930 жылы мемлекеттік қорық  (Наурызым қорығы) ұйымдастырылған.

Облыстың жануарлар дүниесі әр түрлі. Жыртқыш аңдардан - қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен жиі кездеседі. Ақ қоян, ор қоян, құм тышқаны, сарышұнақ, аламан тышқаны, қосаяқ секілді кеміргіштер көп тараған. Орманды дала белдемінде елік, оңтүстіктің шөлейтті жерлерінде ақбөкендер жайылады. 

Облыста құстардың да сан алуан түрлері мекендейді.

Қостанай облысы өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің алабына жатады. 

Тобыл өзенінің алабына жататын өзендер (Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды) бастауларын Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өзені Торғай қолатының орталық тұсынан алады.

Торғай алабындағы өзендер, негізінен, Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға, Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен, Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды, Сабасалды, т.б.) алады.

Облыстың қиыр оңтүстігінде Торғай өзені  алабынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзені Жақсы Ақкөлге құяды. 

Қостанай облысында 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдер Солтүстік Торғай жазығында, Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орталық тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында (Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз, т.б.), облыстың солтүстік-шығысында (Қойбағар, Алабота, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта, т.б.), солтүстік-батысында (Шұбаркөл, Сасықкөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған, т.б.), Солтүстік Торғай жазығында (Шыбындысор, Айқамыс, Қарасор мен Тентексор көлдер топтары, т.б.), Сыпсыңағаш қолатында (Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл, т.б.) және оңтүстігінде (Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Ақкөл, т.б.) орналасқан. Кейбір тұзды көлдердің (Әулиесор, Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік және курорттық маңызы бар.

Тобыл мен Торғай өзендеріне және олардың салаларында көптеген бөгендер мен суғару жүйелері салынған. Олар Тобыл өзені мен оның салаларында Жайылма, Жоғары Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өзенінде Албарбөгет суғару жүйесі мен Үлкен Дәмді өзеніндегі көлдетіп суғару жүйесі, т.б.

Жер асты сулары облыстың барлық жерінде бар. Олар мезо-кайназойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.

Тұрғыны 886,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 4,5 адамнан келеді (2010).

Облыста 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде 34,9% қазақтар, 41,2% - орыстар, 11,9% - украиналықтар, 3,8% - немістер, қалған 8,2% - басқа ұлттар (2008).

Қостанай облысы халқының саны

Қостанай облысы құрамында 5 қала (Арқалық, Жітіқара, Лисаковск, Рудный, Қостанай), 13 кент, 16 аудан бар, 808 ауылдық мекендер бар (2010).

Қостанай облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірі болып табылады.

Облыс айтарлықтай экономикалық, өнеркәсіптік әлеуетке, тауарлар мен қызметтерді өткізудің үлкен нарығына, дамыған инфрақұрылымға, жоғары білікті кадрларға ие.

Қолайлы іскерлік климаттың маңызды факторы дамушы экономика болып табылады: облыстың жалпы өңірлік өнімі соңғы 10 жылда 5 есеге артты.

Қостанай облысының негізгі Өңірлік өнімдері темір өнімдері, алюминий кені, асбест, ұн, ауыл шаруашылығы өнімдері, кондитерлік өнімдер және көлік құралдары болып табылады.

Облыста республиканың темір жол өнімдерінің 90% - дан астамы, темір кенді шекемтастар мен асбест 100% өндіріледі.

Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындарының сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы 80 мемлекетті қамтиды.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2019 жылы 2 276,2 млн. АҚШ долл.құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға өсті (2 011,0 млн. АҚШ).

Өнім негізінен Қытайға, Германияға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Украинаға, Белоруссияға, Өзбекстанға және әлемнің басқа да елдеріне экспортталады.

Импорттық өнімнің ірі жеткізушілері Ресей Федерациясы, Жапония, Қытай, Германия және басқалар болып табылады.

Қостанай облысы-аграрлы-өнеркәсіптік аймақ.

Қостанай облысының аумағы 19,2 млн гектарды құрайды.

Облыс аймақтағы ірі астық шаруашылықтарының біріне кіреді.

Қазақстан Республикасында республикалық көлемнен 30% - ға дейін астық шығара отырып. Жыл сайын орта есеппен 1,5 млн.тонна көлемінде әлемнің 33 еліне, оның ішінде 21 алыс және 12 таяу шетелдерге экспортталады.

Облыста жылына 2 млн тонна астық өңдейтін 70 диірмен кешені бар.

Машина жасау маңызды негіз болып табылады экономика Қостанай облысының жетекші өнеркәсіп саласы өңір.

Машина жасаудың ірі ірі кәсіпорындары: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» ақ, «Композит Групп Казахстан» ЖШС, «Олжа Агротехмаш» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС, «Костанайский Тракторный завод» ЖШС болып табылады.

Кәсіпорындармен ауыл шаруашылығы техникасын, оған қосалқы бөлшектерді, комбайндарды, тракторларды, жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды өндіру жүзеге асырылады.
Қостанай облысында 5 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді:

 

Қостанай облысының экономикалық саясатының негізгі басымдылығы инвестицияларды тарту және өңірде инвестициялық процесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 

Қостанай қаласында аумағы 400 Га индустриялық аймақ дамуда.

Қазіргі уақытта индустриялық аймақ аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 2 жоба іске қосылды («Беларус» және «Кировец» тракторларын өндіру). Агроөнеркәсіп кешені мен машина жасау саласындағы жобалар іске асырылу сатысында.

Индустриялық аймақтың аумағында орналастырудың екі нұсқасы ұсынылады: гринфилд-алаң-инженерлік инфрақұрылымды жеткізумен жер учаскесі және браунфилд-алаң-инженерлік инфрақұрылымды жеткізумен және дайын өндірістік үй-жаймен жер учаскесі. Инвесторға тек қана құрал-жабдықтарды алып, жұмыс істеуді бастау қажет.

Облыста бизнесті дамытудың мынадай институттары жұмыс істейді.

Ұйымның мақсаты Қостанай облысының өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру болып табылады. 

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы – аумақтық бөлімшесі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған қалыптастыру мақсатында институционалдық негіздері өсуінің және одан әрі дамуының өтті. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамту мен тартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Палатаның қызметі іскерлік, инвестициялық ахуалды және тұрақтылықты жақсартуға, өңірде кәсіпкерлікті жүргізу үшін жағдайларды дамытуға бағытталған. 

Ұйымның миссиясы Қазақстан Республикасында шағын, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді және тиімді құралдарын іске асыру арқылы тұрақты дамытуда белсенді рөл болып табылады. 

Қостанай облысы Қазақстандағы ең ірі егін және мал шаруашылығымен айналысатын аймақ. Мұнда республиканың 18%-ға жуық егіс алқабы және 13%-дай ірі қара малы шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы жерінің жалпы аумағы 19,6 млн. га, оның 5659,3 мың га-сы егістік жер, 351,6 мың га-сы шабындық, 120,7 мың га-сы жайылым (2008).

Қостанай облысы табиғи және мәдени мұраның бай әлеуетіне ие. Аймақ мәдени мұраға, көптеген көрікті жерлерге, бірегей табиғи ландшафттарға бай.

Емдеу-сауықтыру демалысы Алтынсарин ауданының көркем курорттық аймағында ұсынылған, онда біздің өңірдің сауықтыру орны «Сосновый бор» шипажайы орналасқан. Мұнда: «ЖайлауКЗ» сауықтыру-ойын-сауық кешені, «Селена», «Деревенька в бору» демалыс базалары және 3 ірі сауықтыру балалар лагері орналасқан.

Негізгі емдік фактор-Минералды су. «Сосновый бор» шипажайының минералды суы «Пятигорский» курортының минералды көздеріне жақын, сондай-ақ «Моршин», «Карловы Вары» және «Ессентуки 17» суларының аналогы болып табылады.

Егер мәдени-танымдық туризмнің дамуы туралы айтатын болсақ, онда көрнекті жерлерге, мұражайларға, тарих және сәулет ескерткіштеріне бару, облыстың аудандары мен қалаларында туристерге қызықты нысандар бар. Облыста 1141 тарих және мәдениет ескерткіші бар, оның ішінде 38 киелі орын.

Мысалы, Лисаковск қаласынан 30 км радиуста археологиялық кешен орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде мұнда шамамен бір жарым жүзге жуық жерлеу құрылыстары табылды (тас қоршаулары мен Қорғандар), сондай-ақ қола дәуірінің тайпалары қонысы үлкен көлемде табылды.

Денисов ауданының аумағында б. з. д. 17-16 ғ. жататын бірегей археологиялық кешен орналасқан, ол «Қаз.АРК» - Қазақстан Арқайым, ал халық арасында Арқайым-2 деп аталатын, өйткені уақыт бойынша да, мәдениет жағынан да біздің ескерткіш Челябі облысының қонысымен сәйкес келеді.

Сондай – ақ, Қостанай облысының аумағында 60 геоглиф анықталды және олардың барлығы бір жерде – «Торғай иірімінде» немесе «Торғайда» орналасқан. Далалар ары қарай да созылып жатыр, бірақ оларда мұндай суреттер бұдан былай кездеспейді. Геоглифтер тек биіктіктен жақсы көрінеді. Қазақстанда және әлемде еш жерде мұндай нысандар әлі табылған жоқ. Кейбір құрылыстардың жасы б. з. д. IX-VIII ғғ. жатады.

Экологиялық туризм Қостанай облысының ең қызықты көрікті жерлерінің бірі - Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы, ол ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарының тізбесіне енгізілген.

Жабайы табиғаттың алуан түрлілігі мен байлығы мұнда өңірдің экологиялық туризмін дамытуға мүмкіндік береді.

Қорық аумағында 6 экскурсиялық соқпақ бар, 2 экскурсиялық бағыт әзірленді. Туристерді қабылдау үшін орман насихаттау үйі, 11 төсек-орынға арналған 3 қонақ үйі бар. «Наурызым – Жұмбақ жер» Визит – орталығы ашылды, онда мұражай экспозициялары, конференц-зал және шағын кафе, сондай-ақ Наурызым ауданында, туристерді 6 бөлмелі, 12 кереуеттік қормен қамтамасыз ететін, жайлы қонақ үй салынған.

Аң аулауды ұйымдастырумен отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсететін 25 табиғат пайдаланушы айналысады. Аңшылық туризм кластеріне, 106 аңшылық шаруашылығы мен 225 балық шаруашылығы су айдындары ұсынған, аңшылық және балық аулау кіреді.

Қостанай облысының аумағы арқылы Қостанай-Тобыл-Жітіқара, Қостанай-Тобыл-Алтынсарин-Хромтау (Ақтөбе облысы), Қостанай-Алтын шоқы, Қостанай-Көкшетау, Горняцкое-Қашар-Жаркөл телімі өтеді.

Негізгі автомобиль жолдары: Қостанай-Троицк, Қостанай-Троебратский, Қостанай-Әулиекөл-Шолақсай-Амангелді, Қостанай-Әулиекөл-Қосағал-Аралкөл-Торғай, Қостанай-Әулиекөл-Есіл-Арқалық, Қостанай-Сарыкөл-Көкшетау.

Облысты халықаралық «Екатеринбург–Алматы» автокөлік жолы кесіп өтеді. Теміржолдың ұзындығы – 1452,3 шақырым, автожолдардың ұзындығы – 9514,3 шақырым, газ құбыры – 2491,4 шақырым, жылу құбырлары – 778,8 шақырым, су құбыры – 5937,1 шақырымға созылады.




#Article 19: Қызылорда облысы (1709 words)


Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. 

Облыс  1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 783 099 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3,4 адамнан келеді. (2018). 

Облыс орталығы - Қызылорда қаласы (кезінде Петровск және Ақмешіт деп аталған). Қала тұрғындары - 212 мың адам. Қызылорда қаласы 1925 жылдан Қазақ АКСР-ның астанасы болды, 1927 жылы астана мәртебесі Алматы қаласына ауысты,. 

Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында,  Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан.  Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында.

Қызылорда облысының басым бөлігі кезінде сақ - массагет иелігінде болған, қалған бөлігін қаңлылар басқарған. Ғұн тайпаларының батысқа қоныс аударуы кезінде Сырдарияның төменгі ағыстарына жетті. Б.з. 93 жылы Арал маңын мекендеген ғұндар эфталиттер мемлекетінің негізін қалайды. 427 жылы эфталиттер Үндістанға жорықтары нәтижесінде Сотүстік-Батыс Үндістан, Орта Азия, Шығыс Иран және Ауғанстан территориялары кірген үлкен мемлекетті құрайды.

VIII ғасырда Орталық Азияны және Қазақстан оңтүстігін арабтар бағындырып Ислам дінін таратады.  IX-X ғасырларда Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағыстарында оқыз тайпаларының ерте феодалдық мемлекеті құралады. Ортағасырлық қалалардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы  оғыз тайпаларына пайда әкелді

ХІІІ ғасырларда моңғолдардың шапқыншылықтары нәтижесінже Жент, Сығанақ, Асанас, Өзкент, Баршынкент, Жанкент қалалары қиратылды.

Әбілқайыр ханның билігі кезінде көшпелі өзбектер хандығының орталығы Сығанақ қаласы болған. XV ғасырдың ортасында қала аймақтың әкімшілік орталығына айналды. XVI ғасырда Сырдарияның оң жағалауы Қазақ хандығының қарамағына енді.

Ақмешіт 1820 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 

Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысымен шектеседі. 

Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 3 қала бар:

Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.)

Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы,  оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).

Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; Для защиты от паводков вдоль берегов реки построены дамбы; в 1956 на реке Сырдарья сооружена Кзыл-Ординская плотина; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.

Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т,б.); Көпек және Терескен көлдерінде — емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді.

Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген.

Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.

Аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтарынан ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсақ қиыршықтастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) кен байлықтарының мол қоры бар.

Қызылорда облысы түсті металл кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады. Сонымен қатар ас тұзы 60%, мұнай мен газ конденсаты 21,4%, мырыш 15,1%, уран қоры 14%. Оңтүстік Торғай иінінің облысы бөлігінде 350 млн.т мұнай, 100 млрд.м³ газ қоры анықталды. Арал теңізі маңында 73 млн.т мұнай, 2 трлн.30 млрд.м³ газ қоры бар.

Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 35 -360 С градусты құрайды.

Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді.

Құрғақшылық – облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.

Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.

Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды.
 

Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың км-ге жуық төменгі ағысы өтеді. 1956 жылы маусымда Сырдария өзенінде Қызылорда бөгеті іске қосылды. 1958 жылы Сырдарияның ескі арнасы Жаңадарияға өзен суы жіберілді. 1950-1960 жылдары Қызылорда су тораптарының сол жақ және оң жақ каналдары қазылды. 1969 жылы Қазалы су торабы егіс даласы мен жайылымдық жерлерді суғаруға берілді. Өзендер суының теңізге құю мөлшерінің кемуінен Арал теңізі Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып екі көлге бөлінді.

Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.

Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді.  Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, көлдерде балықтың алабұға, сазан, жайын, бекіре түрлері кездеседі.

 

Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорталмастыру жүйесі қалыптасып келеді.
Облыс бойынша 2- бастапқы (бірегей), 3- элита, және 7- І-ІІІ- репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында игерілді.
Өткен жылы өндіріске «Арал 202» жаңа сорты берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары ендіріліп, биылғы жылы «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді.

Облыс ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер 2006 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді. Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 32 мың тонна дизель отыны қажет болса, ол толығымен қамтамасыз етілді.Қолда бар күздік, жаздық бидай толығымен жиналып, барлығы 14,7 мың тонна астық алынды. Дән құрамында клейковинаның төмендігіне байланысты өндірілген билдай мал азығына пайдаланылады. 
Облыста жоңышқа, дәндік жүгері, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда.
Облыста картоп, көкөніс, бақша және басқа дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дәндік жүгері, күнбағыс, мақсары, мақта, сорго дақылдарының егіс көлемі толық жиналса, картоптың – 88,9 %, көкөністің - 95,0 %, бақшаның – 97,0 % жиналып, картоптың 1 гектарынан орташа 129,3 цн өнім жиналса, көкөністен -138,8 цн және бақшадан 151,3 цн. өнім жиналуда.Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 596,2 мың тн. шөп дайындалса, оның 89 мың тоннасы жоңышқа шөбі.

Облыс бойынша 2007 жылы төрт түлік малдың басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,1 пайызға, қой мен ешкі – 3,6, жылқы – 5,0, түйе – 6,9, шошқа 27,5 пайызға көбейіп, мал өнімдерін өндіруде біршама көбейіп отыр. 
Бүгінгі күні облыста 23 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Осы шаруашылықтардың ішінде 4 сүт, 1 ет бағытындағы мүйізді ірі қарамен, 8-і асыл тұқымды қаракөл қойымен, 3 шаруашылық жабы және мұғалжар тектес жылқымен, 7-і қазақтың айыр түйесін бағумен айналысады. 2007 жылы осы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара-1607 бас, қой- 36362 бас, жылқы- 2497 бас, түйе- 2560 бас болып, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара-0,9, қой -0,6, жылқы 7,8, түйе тиісінше 1,4 пайызға көбейген.

Қызылорда облысы халқының саны

Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі  500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.

Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ыбырай Жақаев – өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.

Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт ата мемориалдық кешені Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.

Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мың жылдың аяғы — б.э.8 ғасырда ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының қазіргі Байқоңыр қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан. Жетіасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық аудандары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған. Жетіасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.

Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.

Сығанақ – қалашық, қазіргі Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан. Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған. Қала алғашқы рет 10 ғасырдағы араб георграфы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, 11 ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы. 1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, 13 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. 14 ғасырдың ортасында – Ақ орданың астанасы, 14-ші ғасыр және 15 ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы болған.




#Article 20: Маңғыстау облысы (3312 words)


Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік|әкімшілік бірлігі.

Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды.  1988 жылдың  2 маусымында таратылып  1990 жылдың  17 тамызында тарихи Маңғыстау деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.

Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды Ұйқыдағы аруға теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.

Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал ш-мен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.

Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген.  Біріншісі, өлке аты мың және қыстау тіркесінен шыққан. Екіншісі -  ноғайдың менк деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі мен төрт жастағы қой сөзіне қышлақ жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша Маңғыштағ Құбыжықтар тауы дегенді білдіреді .

Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай құбыжықтарға қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында маңғыш (маңғыс, мангус) айдахар, кеоемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында салыр руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында салор ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды Маңғыштағ деп атаған.  Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.

Оғыз салылар Маңғыштағ атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан Маңғыстауды маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе айдаһартау дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады.

                                                                                    
Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі  мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

Облыстың шеткі нүктелері: 

Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.

Маңғыстау өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И.Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825-26 ж.ж. жарық көрген Эйхвальдтың – Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г.С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И.Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады.
Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында – сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан,құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі.
Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы – жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік мал талғамай жейтін шөп – күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей,қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланылады. Сондай-ақ,изен, жапақ, тітір,жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейді, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары.
Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсізжылы,жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдық, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрық, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырақ, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот,балықкөз т.б. қаптап шығып,дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс.
Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы – мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі – ебелек. Ол да мортық сияқты Маңғыстаудың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі – жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрлі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды.
Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі – ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды.
Маңғыстау даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бердейді. Бұл су сағалайтын, жоғарғы қабаттағы тұщы сулардан нәр алатын өсімдік. Шиді тау бөктерлерінде, ызалы, еспелі бұлақтар маңында , құмның қоңырлыққа айқасар сулы, тепсенді алқаптарында кездестіруге болады. Ши сақалдарын мал жақсы жейді. Ал шидің өзін тартып дайындап, тоқып үй тұрмысына және малға ықтасын ретінде пайдаланады.
Суармалы жерлерде мал азығы үшін жоңышқа, жүгері, судан шөбі жақсы өседі. Бірақ су көздерінің тапшылығына байланысты, өсімдіктің бұл түрлері кең көлемде тарамаған. Өзен, көл, жайылма судың жоқтығына байланысты Маңғыстауда тұрақты шабындық жоқ. Қоныс реттеріне қарай әр жылда әр жерден мал азығы дайындалады. 
Дәрілік өсімдіктер. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде емдік шөптердің алатын орны ерекше. Маңғыстауда дәрілік өсімдіктердің қоры өте көп, олар болашақта мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған орай Маңғыстау даласының табиғат жайылымында өскен малдың етінің ерекше дәмді болуы да тегін емес.
Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биіктігі 30-60 см. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі. Емдік мақсатқа алдараспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүледрін пайдаланады. Алдараспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік.Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөздік жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған. Халық медицинасында адыраспанды ревматизм, қышыма, тері ауруларын булауға пайдаланады. Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде,безгек, жүйке жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарасыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теңге қотырға жағады.
Ақ тұт. Түпқараған түбегі тауларында өседі. Тұт тұқымдас бұта, ақшыл-жасыл жемісі бар. Биіктігі 5-15 м-дей. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазіргі кезеңдерде тұт ағаштары күтімсіздіктен азып, жабайыланып, тұқымы азайып барады. Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемісі қанды көбейтеді. Зат алмасуды реттейді, терлетеді,зәр айдайды, қақырық түсіреді. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Ақ тұт тамыры, қабығының суға қосылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді.
Бәйшешек. Биіктігі 15-30 см. Иісті сары гүлдер шатырға ұқсас. Жемісі жұмыртқа тәріздес қауашақ мамыр-маусым айларында гүлдейді. Бәйшешек тамыры бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Витамин үшін жапырақтарын салат жасап жейді. Қақырық түсіреді, несеп жүргізеді, іш өткізеді. Гүлдерін бастың сақинасына, бастың айналуына, тамырын сүтке қайнатып туберкулезге, сабағы мен жапырақтарынан қайнатынды жасап, күн өткенле, аяқ-қол калтырағанда, буын сырқырағанда, ұйқы қашқанда ішуге болады.
Бозжиде. Ірі тікендері, тармақтары бар ағаш тәрізді, биіктігі 10 м-ге жуық. Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Шілдеде гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Бозжиде жемісі іш өткенде де пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрек-қан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қоладанылады. Ғылыми медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан жән пшатин препараттарын жасайды.
Жантақ. Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Маңғыстаудың құм етегі көлдеу тепсендерінде, тау шатқалы аңғарларында, сулы жерлерінде кездеседі. Емдік мақсатында жантақтың жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Жантақ шөбін қайнатып, сүзгіден өткізгеннен кейін сұйығын күніне 3 рет 2 стаканнан ішеді. Қуыққа тас байланғанда сұйық дәрет жүргізу үшін, өт тазарту, іш жүргізуге пайдаланылады. Сондай-ақ бүйрек, қуық қабынуларына да пайдаланады. Жантақ қайнатындысынан геморройға қарсы ванна жасайды.
Изен. Алабұта тұқымдас, тік өсетін, жапырағы ұсақ, гүлдері де ұсақ, жасыл, қызғылт түсті болып келеді. Маңғыстауда құмды, бұйратты, қоңырлық жерлерде өседі. Емдік мақсатында изеннің дәндерін пайдаланады. Дәнін қыркүйек, қазан айларында жинайды. Қытай халық медицинасында изенді несеп жүргізетін, жүрек қызметін реттейтін емдік препарат ретінде қолданады. Сонымен қатар изенді тері мен тырнақтың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Киікоты. Көп жылдық өсімдік. Көп сабақты. Киікотын гүлдеген кезде жинап көлеңкеде кептіріп қағаз қалтада сақтайды. Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, ақ жатыр ауруын емдейді. Бірақ киікотын екіқабат әйелге пайдалануға болмайды. Ас қорыту жүйелерінің жиырылуы, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады. Тұнба тәбет ашады. Қақырық түсіреді. Хош иісті ванна, компресс жасауға да болады. Киікотының ас қорыту және қолқа бездерінің жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар. Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизм, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененің салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды.

 ( Маңғыстау энциклопедиясынан алынған)

Маңғыстау өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарынынң бірсыпырасын кездестіруге болады. Сонымен қатар, Бозашы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шыңды жерлерінде – арқар; Жазық, Жайылма коңырлықтарында қарақұйрықтар мекен етеді. Бозашы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады.
	Үй жануарларынан жергілікті халықтың өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы, жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде  Адай жылқысы мен қазақтың түсайыр түйесі – ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі. ( Маңғыстау энциклопедиясынан алынған)

Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады.

Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады

Жыл бойы ауа ағымының негізгі  үш түрі әсер етеді: 

Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән.

Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мүндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу мысалдары ұшырасады.

Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді.Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат қалыптасады. 
. Атырау қаласында атмосфералық қысымының орташа жылдық мөлшері 1022 мб, қыста 1027 мб, жазда 1012 мб, яғни Қазақстаннан басқа аймақтарына қарағанда жоғары. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз ғана суиды.

Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийгө қарай ауысу тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/сек, бүл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде,
керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады.

Жылдың ең суық айы - қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10-15,6° С (Ақтөбе). Маңғыстау облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық). Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс 4,0 - 4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстігінде 15-20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай 3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5-2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында -43°С, Ақтөбеде -34°С,Маңғыстау облысының оңтүстігінде -26°С.

Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық. Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С, оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін (Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160-215 тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе Маңғыстау облысының оңтүстігінде оның орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал)360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз, сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен (1105-2860) байқауға болады.

Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 акпан -28 градус ыстык 43 градус (14.08.2006) ортага температура 12б2 орташа жылдык жауын шашын 167 мм 

Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (қырат) (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр

Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30  шамасында болатын.

Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және  43 ауылдық округтен тұрады . Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы  2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы  159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған  саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.

Маңғыстау облысына кіретін аудандар:

Маңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңыстау туралы ежелгі деректер 950-960 жылдар шамасында араб авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұд Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрк (Түрік тілі сөздігі) еңбегінде жазылған дерек 1070 жж-дар шамасында болған.

Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдаттан Еділ Бұлғармясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан қазіргі Хорезм өңірінде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыздар еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой ауданының аралығында болғаны анық. Ибн Фадлан Ар Рисале атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген.

Әйгілі жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазариядан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған.

Маңғыстау облысы халық ең сирек орналасқан облыстың бірі. Өлкедегі археологиялық ізденістер осындан 180-200 мың жыл бұрын (палеолит) кейінгі неолит, қола дәуірілерінде адам мекендегенін анықтап, Үстірт пен Маңғыстаудағы ежелгі қоныс іздерін тапты. Маңғыстау халқының саны туралы алғашқы мәлімет 1745 жылы тіркелді. Маңғыстауда сол жылы болған капитан В.Копытовскийдің журналында Мұрат Нияз деген кісінің түбекте түрікменнің алты руынан 1400 үй мекендейтінін айтқаны туралы жазылған. Сол кездері түбекті мекендеген қазақ халқымен бірге қосып санағанда бұл ймақта 15-20 мың адам өмір сүрген.

Серікбол Қондыбай Маңғыстаудың демографиялық тарихын 2-3 кезеңге бөледі:   

Егемендік алған 15 жыл ауқымында көршілес республикалардан Отанына оралған қандастарымыздың есебінен аймақтағы адам саны, оның ішінде қазақтардың үлес салмағы соңғы жылдары едәуір өсті. Есеп-санақ басқармасының (2007) мәліметі бойынша облыс көлеміндегі адам саны 390,0 мыңға жетті. Түбектегі барлық халықтың 1/3-іне жуығы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Олар негізінен осы жердің байырғы тұрғындары.

Бұл республика халқының 2,5%-ға жуығы. Халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды (90,26%): қалғандары орыстар (6,10%), әзербайжандар (0,91%), украиндар (0,31%), өзбек (0,35%), татарлар (0,27%), корейлер (0,14%), шешендер (0,11%), басқа ұлттар (1,38%). Облыс тұрғындарының 49,9%-ы (303,7 мың адам) қалада, 50,1%-ы (329,4 мың адам) ауылда тұрады. Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 3,6 адамнан келеді. Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Кейінгі жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты халық осы кен орындарына шоғырлана бастады. Қалалары – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко.

Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторы

Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі  пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста Жер-Теңіз-Аспан ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр.

Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері: 

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады.  2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.

Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер-Аспан-Теңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы ашылды. Жаңа кампусты ашуға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер жақсарып келе жатыр.

Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар.

Тарихи кезеңдер

Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді.

Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Әкімді Президент тағайындайды.




#Article 21: Түркістан облысы (1925 words)


Түркістан облысы (2018 ж. дейін Оңтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962–1992 жылы Шымкент облысы деп аталды.

Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны  2000000 адам (2018ж). Орталығы – Түркістан қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Жер бедері. Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы  орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Түркістан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

Түркістан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (70,24%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), Әзірбайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Түркістан облысы халқының саны

Түркістан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Түркістан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін  JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.

Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара  – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісінде 13 аудан және 3 қала бар.

Облыс  экономикасын дамытуға 293,9 млрд теңге инвестиция тартылып, алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,2 пайызға артты. Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 144,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен 23,4 пайызға артты.

Түркістан облысының өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мол. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды. Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша – үшінші орынды иеленеді.

Жалпы, қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжам ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд АҚШ долларына тең бағаланады. Оның ішінде:

Барланған кен орындары мен геологиялық барлау нысандарын игеруге қажетті ресурстарды өнеркәсіптік дәрежеге ауыстыруға, оларды игеру жұмыстарына 2,0 млрлд АҚШ доллары шамасында қаражат қажет.
Алғашқы кезекте мынадай кен орындары игерілуі тиіс:

Мақта, тері шикізаттарын, өсімдік майын, жеміс-жидек, көкөніс, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусын өнімдерін өндіріп, тапсыруды қамтамасыз ететін ең ірі кәсіпорындар осы облыста.
Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаватор, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз түрлері шығарылады.

Облыста екі бағыт бойынша жалпы ұзындығы 445 километр темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың километр автокөлік жолдары, оның ішінде қатты жабындылы 5,1 мың километр жол бар. Азаматтық авация ұзындығы 27000 ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түсркістан-Сібір теміржол тораптарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автокөлік күре жолдары өтіп жатыр.

Ағымдағы жылдың 1-шілдесінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 114,7 мыңға жетті. 
Сонымен  бірге, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Шымкент қаласында “кәсіпкерлер мектебі”  ашылды. Ағымдағы жылы типтік жоба бойынша барлық аудан, қалаларда кәсіпкерлік мектептерінің құрылыс басталды. 

Жыл басынан “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасы аясында 50,7 млрд теңгеге 93 жоба мақұлданды (2013жылы - 82 жоба, 24,2 млрд тг)(5 жылда 2009-2010 жж – 4095 жоба, 6737 жұмыс орны ашылды). Оның ішінде :

Шетел технологияларын трансферттеуге және инвестиция тарту мақсатында құрылған “Шымкент инновация” ЖШС-інің жұмыс ауқымы артуда.
 Азия (Малайзия, Индонезия және Оңтүстік Корея) және Түркия елдеріне іскрелік қарым-қатынас орнату нәтижесінде машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өндірісі, құрылыс, индустрия және туризм салаларында 19 жоғары технологиялық жобаларды өңірде жүзеге асыру жөнінде алдын ала келісімшарт түзілді. Осы жобалар есебінен облысқа 400млн АҚШ доллардан астам инвестиция тарту күтілуде. Өңірге 10-нан астам дипломатиялық миссиялар және шетелдік компаниялардың өкілдері қабылданды (Малайзия, АҚШ, Италия, Болгария, Түркия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Ресей, Австрия және т.б.).

Жылыжай көлемі 5 жылда 126 гектардан 900 гектарға жетті (7 есе). Республикадағы үлесі – 87%.

Түркістан облысы – елдегі жылыжай шаруашылығын дамытуда сөзсіз көшбасшылық орынды иеленді. ОҚО ауылшаруашылық басқармасының  деректері бойынша, ҚР-дағы жыл бойы көкөніс өндіруге бөлінген аудандардың 85 пайызы ОҚО-на тиесілі екен.

Тамшылатып суғару әдісі 5 жылда 2,1 мың гектардан 33 мың гектарға жетті (16 есе). Республикадағы үлесі – 83%.
Республика халқын жеміс-жидек өнімімен және жүзіммен толық қамтамасыз ету үшін облыста озық технологияларды енгізу, соның ішінде бақ егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағытта облыста “Бақ өсіру және жүзім шаруашылығын қарқынды дамыту шараларының 2014-2016 жылдарғы арналған кешенді жоспары” бекітілді.

Шымкент қаласының жасыл белдеуі1564 га жерге 1 млн түп ағаш көшеттері егілген. 8 су ұңғымасы іске қосылған, оған қоса тағы 2 су ұңғымасының құрылысы қолға алынған. Бүгінгі таңда мұнда қарағаш, үйеңкі, шаған, бадм, өрік, алма сынды ағаш көшеттері бой алып, халқы күн санап артып келе жатқан қаланың экологиялық ахуалын жақсартып келеді.




#Article 22: Павлодар облысы (8468 words)


Павлодар облысы — 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Павлодар облысы аумағының көп бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысындағы Батыссібір жазығының оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 127,5 мың ш.км. аймақты алып отыр. Солтүстігінде облыс Ресей Федерациясымен (Омбы облысы),  оңтүстігінде – Қарағанды облысымен, шығысында – Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. 

Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы  17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.

Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан.

Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км болатын Ертіс – Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті және Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл). тауларында көлдер тектоникалық ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда орналасқан.
Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²). Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған. Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін 6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы 4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келген. Олардың жалпы минералдығы 8,0 г/дм3.3

Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады.
Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі металдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары анықталуда.
Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбен, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын басқа да тоғыз кен орнын болашақта өндіруге болады.
Барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Екібастұз бассейнінің көмірін өндірудің бірінші жарты ғасырында 2 миллиард тонна көмір өндірілді. Барлау жүргізілген қалған көлемдері бірнеше жүзжылдыққа жетеді.

Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар.
Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар.
Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді.
Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады.
Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған.

Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған.

Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі.

Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан,  Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор.  Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.

Павлодар облысы халқының саны

Облыс халқы 2012 жылғы 1 қаңтарда 747,1 мың адамды құрады. Облыс бойынша (1 км²  аумаққа) халық тығыздығы орта есеппен 6 адамды құрайды. Қала және ауыл тұрғындарының саны 514,4 мың мен 232,7 мың адамға тең. Облыста әйел тұрғындар тұрғындардың жалпы санының 52,9%, ал ер адамдар — 47,1% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Павлодар облысында              0-15 жас (жалпы санның 21,2%) аралығындағы балалар саны - 158,2 мың, 16-63 (58) жастағы тұлғалардың саны - 491,7 мың (65,8 %), 63 (58) жастағы егде адамдар мен олардан жоғары жастағы адамдар саны — 97,2 мың (13 %). 2011 жылы халық санының табиғи артуы 4682 адамды немесе халықтың 1000 адамына 6,3 құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштің 54,3% немесе екі еседен артық болып табылады. 2011 жылы 1000 адамға неке қию саны 9,4 және 1000 адамға ажырасу саны— 4,0 құрады. Павлодар облысы халықтың жоғары көші-қонымен ерекшеленеді, көші-қон айырмасы соңғы бес жыл ішінде теріс сипатта келеді. Көшіп-қонушылар көп бөлігініңТМД елдеріне жылыстауы байқалады. Өзге елдерден көшіп-қону айырмасы соңғы бес жылда оң көрсеткішті көрсетіп келеді.

Халық саныңың серпінділігі соңғы бес жылда (2007—2011) біртіндеп дамуда және 2008 жылғы төмендеуден кейін 2007 жылғы көрсеткішке қайта жетуде.

Облыстың этникалық құрамы халықтың келесі этникалық топтарымен айқындалады -  қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, татарлар, белорустар, молдовандар, азербайжандар, шешендер, ингуштар, башқұрттар, корейлер, поляктар, болгарлар, чуваштар, мордвалар, удмурттар және басқалары. 2012 жылдың басында барлық этникалық топтардың ішінде халықтың жалпы санының көп бөлігін қазақтар — 48,8% және орыстар— 37,9% құрады. Өзге этностар мен этникалық топтардың үлесі облыс халқының 13,3% болып табылады. 2012 жылғы 1 қаңтарда қазақтардың саны 364,9 мың, орыстардың саны — 283,4 мың, украиндердің саны — 37,9 мың, немістердің саны — 21,1 мың, татарлардың саны — 14,2 мың, белорустердің саны — 5,1 мың, өзге ұлттардың саны — 19,3 мың адамды құрады.

Павлодар облысы халқының ішінде әр түрлі діни сенімдер, соның ішінде ислам, православиелік және католиктік христиан, протестантизм, иудаизм және өзге де аз санды діндерді ұстанатындар байқалады. 2011 ж. 1 қаңтарында облыста 172 діни бірлестіктер мен топтар тіркелген, оның ішінде мұсылмандық — 94 (54,7 %), православиелік — 17 (10 %), католиктік — 8 (4,7 %), иудейлік —                  1(0,6 %), протестанттық пен өзгесі — 52 (30 %). Облыста 126 діни ғимараттар бар.

Облыс атауы облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын Павлодар  қаласы атауымен аталады. Негізі 1720 жылы орыстың Ертіс бойындағы әскери бекіністерінің алдағы шебі ретінде қаланған; шебтің атауы одан 20 км жерде орналасқан Коряковка тұзды көлінен алынған. 1838 ж. шеп Коряковская станицасы болып өзгертіледі.1860 ж. аяғында жергілікті  көпестер станицаны  Александр II-нің жаңа дүниеге келген Павл ұлының құрметіне Павлодар қаласы деп өзгертуге өтініш білдіреді. Бұл өтініш іске асырылы, 1861 жылы Павлодар қаласы пайда болды.

Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің белгілері бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген – көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының негізгі идеясынан алынған – киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ – отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал таңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар - өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес.

Павлодар облысының ескі тарихы

Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді.

Павлодар Ертіс өңірінің жартастағы жазулары

Қазіргі заманғы Ертістің Павлодар өңірі аумағына жасалған бірінші  экспедициялар Сібірде мемлекеттік биліктің нығайтылуынан және Тобол губерниясын белгілегеннен кейін басталды.
Коряков пошталық форпост Ертістің жағасында 1720 жылы пайда болды. 1838 жылы форпост аттас станица болып өзгерді, ал 1861 жылы -  Павлодар қаласы деп аталды. Сол жылдары 19-шы ғасырдың басында ауыл шаруашылығының өсуі, ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу салаларының, тау-кен ісінің дамуы көзделіп еді. 19-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап Екібастұзда көмір өндіруді әзірлеу жұмысы, Коряков және Үлкен Қалқаман көлдерінде тұз өндірісі жүргізілді.

XIX - XX ғ. басындағы Павлодар Ертіс өңірі.

Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңірі

Тың игеру (Павлодар облысы).

Қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, бай ресурстары, көлік жолдары мен Ертіс-Қарағанды арнасының бар болуы 1957 жылы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) қалалары енген Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына әсер етті.
Арзан Екібастұз көмірі негізінде энергетикалық база құрылған және өнеркәсіптің жаңа салалары: қара және түрлі түсті металлургия, машинажасау, алюминий, мұнай өндіру және химия салалары дамыды.

XXI ғасыр

Бүгінгі күні Павлодар облысы барлық облыстардың арасында жоғары өнеркәсіптік әлеуетімен ерекшеленеді, көп салалы ауыл шаруашылығы бар, ауылшаруашылық өнімдерімен өзін толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұнда су көлігінен басқа көліктің және өндірістік емес саланың барлық түрлері дамыған.

Атқарушы өкімет Павлодардың облысының әкімі болып табылады.

Атқару органдарының аймақтағы құрылымдары:

Облыс әкімі:

Облыс әкімі аппаратының басшысы:

Облысты халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы:

Коммунистік партияның облыстың комитетінің бірінші хатшысы:

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан.
Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда.
Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады
Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.
Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.

Облыс экономикасы Қазан революциясына дейін жергілікті шикізатты өңдеуге негізделген шағын 242 диірмен (оның ішінде 4 су, 47 ат күшімен істейтін және 191 жел диірмені) мен тоң май, сабын және кірпіш зауыттарынан, Қалқаман мен Тобылжан көлдеріндегі тұз өндіру кәсіпшілігінен тұрды (1908). 
Облыс қойнауының кен байлықтарына мол екенін білген шетелдік кәсіпкерлер 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында тау-кен өнеркәсібіне инвестиция берді. Орыс кәсіпкері Попов 1839 ж. Благодатно-Стефанов зауытын салды. Онда қорғасын, күміс және мыс балқытылды. Павлодар көпесі Деров София, Надежда және Царицын-Александровский кеніштерінде мыс өндірді. 1893 ж. Деров Екібастұз тас көмір кенін иеленіп, 9 шахта ашты. 1913 ж. оны ағылшын концессионері Л.Уркварт иеленіп, “Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акцион. қоғамы” деп атады. Ондағы 24 кокс пеші жылына 7 мың тонн кокс беріп тұрды. Көмірмен бірге қорғасын және мыс өндіру дами түсті. 1916 ж. бұл жерде 25 мың тонн мырыш, 13 мың т. қорғасын, 1 мың т. мыс, 210 т күміс және 18 т алтын өндірілді. 1917 ж. Павлодар уезінде бумен істейтін 40 диірмен болды. Ол жылына 3,5 млн пұт ұн өндіретін. Одан басқа уезд аумағында су көлігінің механикалық шеберханасы, Мочалиннің механика зауыты, электрикалық станция, темекі фабрикасы, сабын қайнататын, тері илейтін зауыттар жұмыс істеген. 

Павлодар облысы—Қазақстанның ірі  индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің                            70% қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады. 

Сала облыста Ақсу қаласындағы  зауыты арқылы әйгілі.  Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ  филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы  өнімдерді  өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т.б.) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.   

Өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий, сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар мен электр өнеркәсібі материалдарын өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан галлий мен пятиокись ванадия шығарылады. Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия мен АҚШ-қа экспортталады. Республикада түсті металлургия кластерін құру мен дамыту мақсатында облыста бастапқы алюминийді өндіру үшін «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ салынып, іске қосылды. 2009 жылы Павлодар алюминийі ресми түрде  Лондон металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық стандартта екендігін дәлелдеді және бастапқы алюминийді биржалық бағада жеткізуге жол ашты.

Облыста алтын, күміс, мыс, цинк полиметаллдық кен орындары бар. Бұл кен орындары «Майқайын алтын» АҚ –мен өнделеді. Майқайын комбинатында кен ошақтары мен байыту фабрикасы бар. «Майқайналтын» АҚ мысты мыс концентратында, цинкті цинк концентратында, алтыны бар концентраттарды шығарады «Майкаин» кен орны  — кешенді алтын-барит-колчеданды-полиметалды кен орны, Қазақстан Республикасында Астана қ. 400 км жерде орналасқан, 1924 ж. ашылған. «Майқайыналтын» БАҚ РМК-ні 2005 жылы алған.  Қазіргі кезде кәсіпорында «Майқайын В» жер асты кеніші қызмет етеді. 2006 жылдың сәуірінен бастап «Алпыс» кен орнында жер асты кенішінің құрылысы жүргізіліп, өнімділікті 500 мың тонна кенге дейін артумен байыту фабрикасы қайта құрылуда. 

Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы ауылшаруашылық машинажасау кәсіпорны  —  «Октябрь» зауыты (1942). Бұл техникалық құрал-жабдық шығаруға: жинау жұмыстары құралдарын механизациялау мен  автоматизациялау (автомат-станоктар мен жартылай автоматтар, жинау конвейерлері, сынақ стендтері) мамандандырылған тәжірибелі-эксперименталды кәсіпорын болды. Бүгінде зауыт стандартты емес диірмен құрал-жабдығын, сауда құрал-жабдығын (стеллаждар), металлосайдингтер мен металлжабынғыштар, қол және электрлі стеллаждар шығарады. Перспективті мұнайгаз машинажасауды дамыту мақсатында «Құрал-жабдық зауыты» ЖШС-нда саңылауларды жөндеу мен апаттардың алдын-алу үшін қажет құрал-саймандар, бұрғы кілттеріне арналған қосалқы бөлшектер,  жағалай бағандарға арналған жабдықтар, бұрғы сорғыштарына арналған қосалқы бөлшектер дайындалады. Мұнайгаз секторына жіберілетін өнімдердің номенклатурасы 60 атаудан тұрады. Зауытта сонымен қатар локомотив пен жүк вагондарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді өндіру де игерілген. «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-да көпірлі және айналма жүк көтергіштерін өндіру ұлғайып келеді. Кәсіпорында 55 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көтергіштерді жасау игерілген. 

Облыстың кәсіпорны мұнайды қайта өндеу кәсіпорнының қалдықтары негізінде жұмыс істейді, шикізат ТМД елдерінен, ең алдымен Ресейден әкелінеді. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы көп: полимер негізіндегі сыр мен лактар, майлау материалдары, антифриздар, пластмасса мен полиэтилен бұйымдары, хлор, каустикалық сода.

Облыста Республикадағы мұнай өнімін өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі—  «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ қызмет етеді, ол Омбы арқылы Батыс Сібірден әкелінетін мұнаймен жұмыс істейді. Зауыт қуаттылығы — 7,5 млн тонна. Зауыт өнімі Павлодар облысы мен Қазақстанның өзге облыстарына таралады, Ресей мен Орта Азия елдеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің құрылымында жетекші орында моторлы отын (бензин) мен газойлдар тұр. 

Екібастұз бассейні аумағында бірнеше разрездер бар, оның ішінде ең ірісі — «Богатырь». Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі разрез. «Богатырь Аксес Комир» ЖШС көмірді «Богатырь» және «Северный» разрездерінен шығарады. Көмірді шығару бойынша өндіріс қуаттылығы — 40 млн тонна. «БАК» ЖШС шығаратын көмір үлесі Қазақстанның көмір шығаратын компанияларының арасында 44% құрайды. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ («Восточный» разрезі). Көмір шығаратын разрездің өндірістік қуаттылығы – жылына 20 млн тонна тас көмір. Қоңыр көмір - лигнитті шығару Майкөбелік көмір орнында іске асырылады ( «Майкубен-Вест» ЖШС).

Таралған пайдалы қазбалардың белсенді игерілуі (күйдіргіш отқа төзімді балшықтар, сәндік қаптағыш тастар, габбро, гранит, мрамор және әк) құрылыс индустриясының өндірісін ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде облыста құрылыс материалдары мен заттарының құрамы ретінде пайдалануға болатын өнеркәсіптің (қосалқы өнімдері мен қалдықтары (қасиеті, агрегаттық жағдайы және жойылу перспективасы жағынан әр түрлі) көп. «Құрылыс материалдары зауыттарының бірлестігі» ЖШС. 2003 жылдың қыркүйек айында бұрынғы  ЖБИ-4 негізінде силикатты кірпіш өндіретін цех қалпына келтіріліп, іске қосылды.Зауыттың жоспарлы қуаттылығы  — жылына 20 млн дана кірпіш.Силикатты кірпішті өндіруге арналған шикізат әк пен кварцті құм болып табылады. «Траст-Элстром» ЖШС. Зауыт импортты алмастыру бағдарламасы шеңберінде 2003 жылдың қараша айында іске қосылды және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жиһаз индустриясы ағаш жоңқалы материалды импорттауға бағытталған, сондықтан да зауыт нарықты өз материалымен қамтамасыз ету сұранысына ие. Кәсіпорын Польша технологиясы бойынша көпқабатты, жазық түрде сығымдалған ағаш жоңқалы плиталарды шығарады. Аз уақыт қызмет еткенінен қарамастан, «Траст-Элстром» ЖШС «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурсына, «Промстройиндустрия-Астана-2004» V Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысып, «Жыл жаңалығы» дипломының иегері атанды, сонымен қатар ИСО 9000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді.  Қазақстандық жиһазшыларға тиімді экономикалық жағдайларда өз  өндірушісінен қажет материалды алуға мүмкіндік беретін ағаш жоңқалы плиталарды қаптау бойынша желі өз жұмысын сәтті атқаруда. «Павлодар картонды-рубероидті зауыт» АҚ 1975 жылы іске қосылды. 1994 жылы кәсіпорын акционерлік қоғам болып өзгертілді.  

Жиһаз өнеркәсібін Павлодар жиһаз фабрикасы, «Азимут» ЖШС фирмасы, «Heaven House» АҚ ЖШС Павлодар филиалы мен заманауи және сапалы материал пайдалана отырып ас үй, офистік, жұмсақ жиһаз шығаратын шағын бизнес субъектілері айқындайды. «Heaven House» АҚ. 1966 жылдан кәсіпорын «Арай» жиһаз фабрикасы ретінде қызмет етті, 1999 жылдан - «Павлодар-Пинскдрев», 2002 жылдан — «Асыл-Агаш-Павлодар» ЖШС. 2005 жылдың инаурызынан - «Heaven House» АҚ болды.  2005 жылы «Қазақстанның инвестициялық қоры» қаржыландыруымен офистік және тұрмыс жиһазын өндіруді дамыту бойынша жоба іске аса бастады. Инвестициялық қордың қатысу үлесі  650 млн теңгені (49 %) құрайды

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық,  тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық  бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады.
Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасаоынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. 
Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.

Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 2673 мың т. астық, 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды.

Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%.

Облыстың энергетикасы келесі ірі кәсіпорындармен танылады:  

Электростанцияда 350 МВт электр қуаты мен 1125 Гкал/сағ.жылу қуаты белгіленген 8 котлоагрегат мен  6 турбиналар орнатылған. 

Электростанцияда 5 котлоарегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты— 110 МВт, жылу — 392 Гкал/сағ.

Электростанцияда 6 котлоарегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электр қуаты — 440 МВт, жылу — 808 Гкал/сағ.

Электростанцияда жалпы қуаты 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған. 

Электростанцияда жалпы қуаты 2100 МВт 7 энергоблоктар орнатылған.
Облыста шығарылатын электроэнергияның көлемі аймақтың электр мұқтаждығынан анағұрлым жоғары. Павлодар облысының электростанциялары Қазақстан мен Ресейдің шектес аймақтарына электр жеткізуші болып табылады.  Облыста электрберу желілері бойынша ауылдық аудандарды электрқамсыздандыруды іске асыратын 110 кВ үш энерготүйін қалыптасқан. Қазіргі кезде облыс аумағында жұмысқа қабілетті жабдықтың белгіленген жиынтық электр қуаты  6525 МВт бар 6 электростанциялары жұмыс істейді. Павлодар блысының барлық электростанциялары негізгі отын ретінде Екібастұз кен орнының КСНР-0.300. маркалы тас көмірін пайдаланады. 220—500 кВ электр қуатын беру желілері блоктық электростанцияларды Қазақстанның, Оралдың және Батыс Сібірдің аймақтық энерго жүйелерімен қосады. Облыс аумағымен 1150 кВ қуатты Барнаул-Екібастұз-Көкшетау-Челябинск бірегей желісі өтеді. Облыс аумағында 35 кВ пен одан да жоғары кернеуімен 7687 км электр қуатын беру желісі салынған. Іске асуы үшін орталығы Екібастұз қаласындағы жүйеаралық электр желілерінің Солтүстік филиалы құрылған 220—1150 кВ кернеуімен электр қуатын беру желісі «KEGOC» АҚ балансында. 110 кВ мен одан төмен кернеудегі электр желілері «Павлодарэнергосервис» АҚ — аймақтық энергокомпанияларында іске асырылады.

Бөлшек сауданың айналымы 2012 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 62,4 млрд теңгені құрады, 2011 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3% өсті, бұл көрсеткіш көп жағдайда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің базарлардағы саудасы есебінен құралады, бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 62,8% құрайды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың көлемі есеп беру кезеңінде алдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% -ке өсті. 2012 жылдың 1 маусымында бөлшек саудадағы сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда айналымы 196 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінің 155,5% құрады. Ағымдағы жылдың мамыр айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда көтерме сауда 3,7%-ке азайды. Жалпы көлемде тауарларды өткізудің 195,1 млрд теңге немесе 99,5% заңды тұлғаларға тиесілі. 2012 жылдың 2 маусымында саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауар қоры  18,4 млрд теңгені құрады.

Тамақтану азықтары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1823,8 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4% -ға жоғары көрсеткішті көрсетті. 2012 жылдың 1 маусымында ШОК белсенді субъекттерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 81%, шаруа немесе фермалық шаруашылық үлесі — 9,6%, орта және шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының үлесі— 9,3%.

Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Облыс жерін солтүстігінде батыстан шығысқа қарай Орта Сібір мен орталық өңірінде Оңтүстік Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) темір жол басып өтеді. м 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қаласына дейін ұзартылды. Оңтүстік Сібір т. ж. бойында Павлодар, Екібастұз сияқты ірі темір жол станиялары өсіп қалыптасты. Темір жолдардың ұзындығы 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомобильдік жолының ұзындығы 5150 км.

Павлодар облысында құрамында теміржол, автомобильді, әуе және өзен көлігі кіретін көлік кешені бар. Көліктің барлық түрі бір-бірін толықтырады және біртұтас көліктік-коммуникациялық желіні құрайды. 

Облыс аумағы арқылы республикалық маңызды жалпы ұзындығы 1517 км 7 жол өтеді.Жалпы пайдаланылатын автомобильді жолдардың үзындығы 5666 км, оның ішінде  4917 км қатты қапталымы бар автомобильді жолдарды құрайды. Жалпы пайдаланылатын қатты қапталымы бар автожолдардың тығыздығы 1000 ш.км -ге 39,4 км келеді. 2012 жылдың 2 маусымы кезеңінде 59 ішкі облыстық бағыттар кызмет етуде. Ауылдық аймақ елді мекендері мен аудандық орталық арасындағы автобустық (микроавтобустық) қатынасты қамтамасыз ету үшін 42 ішкі аудандық бағыттар жұмыс істейді.

Облыстағы теміржол тасымалының негізгі операторы  Павлодар жол бөлімі ҚТЖ ҰК “ АҚ болып табылады. Павлодар бөлімінің іске берілген теміржол ұзындығы 1069,2 км, бас жолдардың ашық жолының ұзындығы 1436,7 км құрайды. Жалпы ұзындығы 893,3 км, оның ішінде 381,8 км электрленген. Павлодар бөліміндегі жолдардың қызмет етуінің қамтамасыз ету үшін 43 пункт, оның ішінде 35 станция, 5 разъезд, 1 жету пункті, 2 жол бекеті бар.

Облыстың азаматтық авиациясы саласында «Аэропорт Павлодар» АҚ қызмет атқарады.Әуе көлігінің жолаушы айналымы 2010 ж. 9,8 млн пкм құрады.

Павлодар облысы өзен көлігі саласында Павлодар өзен порты АҚ қызметін атқаруда, ол облыстың құрылыс обьекттеріне қажет өзен құмын алу және тасымалдаумен айналысады, сонымен қатар транзиттік қатынаста жүк тасымалдауды да іске асырады. Флот тіркемелі жылукемелерінен және т.б. тұрады.
Құбыр көлігі
Магистральді құбырлардың ұзындығы 2010 ж. 2577 км, ал магистральді құбырлардың жүк айналымы 12,6 млрд ткм құрады.

Іске қосылған трамвай жолдарының ұзындығы 44,6 км тең, 2010 ж. трамвай арқылы жолаушы тасымалдау 21,5 млн адамды, жолаушы айналымы 118,2 млн пкм құрады.

Павлодар облысында келесі байланыс түрлері бар: пошта және шабарман байланысы, телекоммуникациялық (оның ішінде телефондық, телеграфтық, факсималды, телевизиялық, радиобайланыс, Интернет), мобильді байланыс.

Облыста дүниежүзі бойынша ірі IP-телефония (интернет-телефония), қалааралық және халықаралық телефон байланысы, жергілікті телефон байланысы, мобильді телекоммуниациялық байланыс (жылжымалы радио/ радиотелефондық, транкингтік және пейджингтік байланыс), сонымен қатар мәліметтерді жіберу қызметін ірі жеткізушілердің филиалдары қызмет етеді. Мобильді ұялы байланыс операторлары «Алтел» АҚ, GSM Қазақстан ЖШС, «Казахтелеком» БАҚ және «КаР-Тел» ЖШС болып табылады

Қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран, экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 – Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және  2 балалар лагері тіркелген. Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11 туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды» санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га, орталығы Аққулы ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы. Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен ұсынылған. Шығыс-қазақстан және жартылай Павлодар облысы -  Қазақстан бойынша мұз кезеңінен бері сақталынған жолақты қарағай ормандары бар жалғыз облыстар болып табылады. Ертіс өзенінің оң жағасында Республикалық маңызды «Қаздар ұшуы» атты табиғи  Палеонтологиялық ескерткіш бар.  Осыдан 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген неогендік қазба жануарлардың – гиппарионның, көріктің, мүйізтұмсықтың, азу тісті жолбарыстардың және т.б. көмінділері 6-8 м тереңдікте жатыр. Гиппариондық фаунаның көмінділері Еуразия бойынша ірі болып табылады. Болашақта ескерткіш орнында палеонтологиялық бақ пен қазба павильонды құру жоспарланған. Палеонтологиялық бақ пен қазба павильонын құру ғылым үшін қажет бірегей ескерткішті сақтап қалуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның өзге аймақтары мен шетел туристтерін тартуға, сол арқылы аймақтың туристтік және экономикалық жағдайын көтеруге мүмкіндік береді.

Облыстың білім беру жүйесі білім алушыларға оқу орны, білім алу деңгейі сияқты әр түрлі оқу түрін таңдауға шынайы мүмкіншіліктерді ұсынады. Облыста инновациялық оқу орындары қызмет етеді: жалпы білім беру лицейлері мен гимназиялар, дарынды балаларға арналған мектептер. 
Білім берудің мектептен тыс жүйесі қалыптасқан, бұл - облыстық оқушылар Сарайы мен аудандардағы мен қалалардағы балалар шығармашылығы үйлері, жас натуралистер, техниктер станциялары, қалалар шағын аудандарының жасөспірім клубтары.  
Облыста мектептерді, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерін компьютерлендіру толығымен аяқталған. Internet желісіне барлық мектептер қосылған, облыста білім беру ұйымдарын мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталарамен және проекорлармен, лингафондармен жабдықтау жүргізілуде, компьютерлік техника жаңартылуда. 
Білім беру жүйесінің дамуына қаржыландыру көлемінің артуы көп септігін тигізуде. 1998 жылдан  2010 жылға дейін білім беру шығындары 6 есеге артқан (4,2 млрд-тан 25,5 млрд теңгеге дейін). 

Мектепалды білім беру жүйесі облыста тұрғындардың сұранысына бағытталған және бала дамуының жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген білім берудің әр түрлі қызметтерін ұсынатын мектепалды білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын көпқызметті жалпы беру мекемелерінің желісімен байқалады.   

Павлодар облысында 144 мектепалды ұйымдары бар: Павлодар қ.— 66; Екібастұз қ. — 23; Ақсу қ. — 10; Ақоғай ауданында — 2; Баянауыл ауданында— 5; Железинка ауданында — 3; Ертіс ауданында — 4; Тереңкөл ауданында — 3; Аққулы ауданында— 7; Май ауданында— 7; Павлодар ауданында — 7; Успен ауданында— 3; Шарбақты ауданында — 4.

Павлодар облысының орта білім беру жүйесі 416 мектеп және мектеп-интернатты қамтиды: Павлодар қ.— 45; Екібастұз қ. — 49; Ақсу қ, — 34; Ақтоғай ауданы — 30; Баянауыл ауданы — 33; Железинка ауданы — 36; Ертіс ауданы — 31; Тереңкөл ауданы — 31; Аққулы ауданы — 23; Май ауданы — 14; Павлодар ауданы — 28; Успен ауданы — 20; Шарбақты ауданы — 28; Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер — 14.[27]
Облыста 2 гимназия мен 2 лицей, 12 мамандандырылған мектеп бар. Оның құрамына дарынды балаларға арналған 3 гимназия, дарынды балаларға арналған 5 мектеп лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған кадеттік мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, «Жас дарын» (Павлодар қ.) және «Зерде» (Екібастұқ қ.) мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған 2 мектеп. 2010 жылы мамандандырылған мектептер қатарына Ақсу қаласының мемлекеттік тілде оқытатын гимназиясы қосылды.

Облыста 25 кәсіптік мектеп пен лицей бар: Павлодар қ. — 12, Екібастұз және Ақсу қалаларында — 2 мектептен, Қашыр, Железинка, Ертіс, Шарбақты, Успен, Ақтоғай, Баянауыл, Лебяжі және Май аудандарында — 1 мектептен.
Облыста 29 колледж жұмыс істейді, олардың 22-сі Павлодар қаласында орналасқан, Екібастұз қ. — 5, Ақсу қаласы мен Красноярка ауылында — 1 колледжден.

Облыс аумағында төрт жоғары оқу орны жұмысын атқарады, олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұз қаласында орналасқан:

Сонымен қатар, Павлодар облысында Мемлекеттік Медициналық Университет (Семей қ.), Алматы Экономика және Статистика Академиясы (Алматы қ.) сияқты басқа да жоғары оқу орындарының филиалдары орналасқан.
Павлодар облысының білім беру басқармасының бастығы Бексейітова Бақыт Мақанқызы болып табылады.[30]

Павлодар облысы денсаулық сақтауының тарихы 1905 жылы облыстағы бірінші медициналық мекеме Павлодар ауруханасынан басталады. 1907 жылы земство қаражатына Песчаное, 1912 жылы Ертіс ауылдарында он орындық емханалар ашылды. Бұл уақытқа қарай сегіз болыста фельдшерлік пункттер жұмыс атқарып жатты. 1920 жылдың қаңтарында Павлодар уездік атқару комитеті жанынан денсаулық сақтау бөлімі ашылды. 1926 жылы Павлодар уезінде 391 орындық 10 аурухана, 6 дәрігер мен 51 дәрігер көмекшісі, 1939 жылы 871 орындық 34 аурухана (10 қалалық және 24 ауылдық), 40 амбулаториялық-емханалық ұйым, 53 фельдшерлік-акушерлік пункт, маляриямен күрес бойынша 2 тірек пункт және 1 автокөлігі бар жедел жәрдем станциясы жұмыс атқарды. Екі ауруханада рентген кабинеттері мен клиникалық-диагностикалық лабораториялар болды. Дәрігерлер саны 30 адамға дейін өсті, ауылдық жерлерде олардың саны 10 адамға жетті.

Бүгінгі күні облыста 403 медициналық объект жұмыс атқарады, олардың ішінде 65 заңды тұлға: 34 ауруханалық ұйым, 7 диспансер, 12 амбулаториялық-емханалық ұйым және басқа 12 медициналық ұйым. Одан басқа, ОАА мен емханалар құрамына 3 ауылдық учаскелік аурухана, 76 дәрігерлік амбулатоия, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 237 медициналық пункт кіреді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2467 дәрігер мен 6072 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлермен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 33,0 құраса, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 81,3 құрайды. Мемлекеттік медициналық ұйымдардан басқа облыста 120 жекеменшік ұйымдар жұмысын атқарады. Олардың ішіндегі 95 заңды тұлға, ал 22 жеке кәсіпкер болып табылады. Бұл ұйымдарда 506 дәрігер мен 898 орта буын медицина қызметкері жұмысын істейді.

Облыста денсаулық сақтауға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауы аясында 2012-2015 жылдары 2 емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшер-акушерлік пункт, 43 медициналық пункт құрылысы туралы мәселе шешілді. Облыста белсенді түрде мобильді медицина дамуда, ол 11 жылжымалы қондырғыдан тұрады: 6 стоматологиялық, 4 флюорографиялық, 3 амбулаториялық және 1 маммографиялық жылжымалы кешен. 2011 жылы заманауи жабдықталумен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі көздерден 1 миллиард 353 миллион теңге бөлінді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қасымов Нұрлан Кәукенүлы болып табылады

Павлодар облысында жыл сайын дене тәрбиесі мен спорт дамуының көрсеткіші өсуде. 1991 жылы спортпен шұғылданатындар саны 97136 болса, 2001 жылы 102032 адам (+ 4896 адам), ал 2010 жылы бұл сан 162545 дейін өскен (1991 жылмен салыстырғанда + 65409 адам).

Дәстүрлі ат жарыстары, қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа аударыспақ, теңге алу, қыз қуу және кұсбегілік сияқты ұлттық спорт түрлерінің спортшылары тұрақты түрде республикалық жарыстарға қатысады. Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен шамамен 9000 адам айналысады.

Спортшылардың денсаулығын тексеру, бақылау және қалыптандыру мақсатында 2004 жылы дәрігерлік-физкультуралық диспансер жаңа ғимаратта өз жұмысын жалғастырды. Жыл сайын диспансер 6000 жуық спортшымен жұмыс жасайды. 2006 жылы 50 адамдық Олимпиадалық резерв дайындау орталығы құрылды.
Спорттық мектептерде 19248 оқушы білім алады (2001 жылмен салыстырғанда +6205).

Павлодарда 20 спорттық мекеме жұмыс істейді, оларға «Астана» мұз айдыны мен мамандандырылған бокс орталығы да кіреді. Екібастұз қаласында 5 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектеп жұмыс істесе, Ақсу мен аудан орталықтарында бұндай спорттық мектептер – біреуден.

Павлодар облысының футбол клубтары:

Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.

Павлодардың Ертіс өңірінің – талантты, сирек кездесетін дипломаттары, ақындары, жазушылары және әншілері қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары өте көп, рухани да табиғи байлығы мол өлке. Мәселен, XVIII ғасырдың қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі - Бұқар жырау Қалқаманұлы халық басына түскен ауыртпашылық жылдары хандар мен батырлар төңірегіне бірігу идеясын ұсынды.  Бұхар жырау  өзінің толғаулары мен  өлеңдерінде өз заманының зәру мәселелерін арқау етіп, оларға жауап беруге тырысты. XVIII ғасырдың екінші жартысында жырау шығармашылығымен қатар,  ақындар қызметі айтарлықтай таныла бастады. Олар өз шығармаларында негізінен философиялық проблемеларды көтеріп, батырлардың ерлігін жырлады, адамдар арасындағы  қарым-қатынастарға, олардың сезіну әлеміне үңіліп, мінез-қаракеттерін ашуға көңіл бөлді.

Ақындар  адамдар өміріндегі проблемаларының аздығы мен көптігіне қарамастан оған көңіл бөлуді өздерінің парыздары санаған. Бұл ретте Көтеш, Қобылан, Сақау және басқа ақындардың поэзиялары көрнекті болды.

XX ғасырдың әдебиетіне қазан төңкерісінің оқиғалары ықпал жасады, әбеби шығармалар ағартушылық ойдың мәні сипатында өрбіді. Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, Қ.Кемеңгеровтің және басқаларының шығармалары жеке кітап болып шықты. XX ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ поэзиясында  біздің жерлес ақындарымыз – Қ.Бекқожин, Д.Әбілев, И.Байзақов көрнекті орын алды. Қазақ поэзиясында И.Байзақовтың «Алтайда» (1934), «Ұлы құрылыс»  (1934), Д.Әбіловтің «Шалқыма» (1936) поэзиялары елеулі құбылыс болды. Соғыстан кейін А.Шамкенов (кейін Д.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың иегері), Н.Шакенов, Қ.Ыдырысов, М.Әлімбаев (қазір Қазақстанның Халық жазушысы) - ақындардың; Қ.Исабаев, З.Ақышев, Вс.Иванов, З.Шашкин және басқа жазушылар  құнды шығармаларымен елге танылды. А.Жақсыбаев, С.Шевченко сияқты жазушылар өндіріс тақырыбында елеулі еңбек етті. Елімізде болып жатқан оқиғалар Р.Тоқтаровтың (кейін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері) орын алды. Ондай-ақ, М.Жаманбалинов, Е.Ерботин - балалар ақындарының, Н.Черновой, Д.Примак, А.Қаниев, Қ.Смағұлов, Ж.Қоғабаев - ақындардың, М.Асылғазин, Ғ.Жұматов – жазушылардың есімдері елге белгілі. Қазір облыста 1955 жылы ашылған И.Байзақов атындағы (бірінші жеткешісі Ә.Нұршайықов,  қазіргі жетекшісі Ғ.Жұматов) және П.Васильев атындағы (жетекшісі ақын С.Музалевский) әдеби бірлестіктер жұмыс істейді.

Павлодардың ірі кітапханалары: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арналған облыстық арнайы кітапханасы, П.Васильев атындағы орталық кітапхана, А.Гайдар атындағы балаларға арналған орталық кітапхана, Павлодар қаоласының орталық кітапханалар желісі, Ұлттық кітап кітапханасы, Қазақ әдебиеті кітапханасы және т.б. Облыс бойынша 12 ірі кі тапхана бар, олардың арасында Ақсу қаласының орталық кітапханасы,Қазалжар ауылының модельдік кітапханасы /Ақсу қ. АОК/, Береговая ауылының модельдік кітапханасы /Қашырлық АОК/, Ақтоғай ауданының орталық кітапханасы, Мұткенов ауылының модельдік кітапханасы /Ақтоғай АОК/, Шарбақты ауданының орталық кітапханасы, Орлов ауылының модельдік кітапханасы /Шарбақты АОК/, Успен ауданының орталық кітапханасы, Галиц ауылының модельдік кітапханасы /Успен АОК/, Железинка ауданының орталық кітапханасы

Облысымыздың бас кітапханасы болып табылатын С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы ерекше орын алуда. Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұзақ даму жолдарын бастан кешірген. Қазіргі таңда, С.Торайғыров атындағы кітапхана еліміздің үздік кітапханаларының бірі саналады. Оның қорында Павлодар облысының ірі білім, ғылыми, көркемөнер және өлкетану әдебиеттері бар. Жыл бойы кітапханада 32 мың адам болып, оларға 900 мың журнал мен кітап даналары беріледі. Бүгінгі күні, кітапхана құрылымы бойынша ақпараттық-кітапнамалық, кітапханалық қызмет көрсету және мәдени-ағартушылық бағыттар бойынша жұмыс істейтін 14 бөлімнен тұрады. 1985 жылдан бері М. А. Жиенбаева кітапхана басшысы болып табылады.

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімі аясында құрылған болатын. 1959 жылы оған Павлодар облысының тумасы, саяхаттаушы, Орталық Азия зерттеушісі – Г.Н.Потанин есімі берілді. Мұражайдың негізін өлкетанушы, фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев қалаған. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залдан тұрады. Мұражай жинағының негізін төмендегідей коллекциялар құрайды: археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, фотобейне коллекциясы, деректі, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару – оқ және суық қару. Дәріс және экскурсиялық жұмыстармен қатар, мұражай республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер презентацияларын ұйымдастырады. Мастер-кластар, өлкетанулық сабақтар, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер өткізеді. Тарихи-өлкетану мұражайы жанынан Павлодар өңірін зерттеу мақсатында археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізіледі.

Д.Багаевтың мемориалды үй мұражайы 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Бұл үйде өлкетанушы, Павлодар өңірінің жылнамашысы, Облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, Қазақстан ғана емес, шетелде де әйгілі фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген және жұмысын атқарған. Бұл Павлодар қаласындағы жалғыз мемориалды мұражай және Қазақстандағы жалғыз фотограф мұражайы. Мұражай төмендегідей кешеннен тұрады: үш бөлмелі үй, ерекше фотопавильон, қорықша. Мұражай экспозициясында жиырмасыншы ғасыр басындағы шебердің заттары, өткен жылдардағы фотожабдықтау, және, ең маңыздысы, өлкенің тарихын бейнелейтін фотосуреттер. Бұл фотосуреттер тақырыбы өзгертіліп, үнемі көрмеде тұрады. Музей сонымен қатар басқа фотографтардың жұмыстары көрмеге қойылады: Германия, Аргентина, Ресей (Екатеринбург, Новосибирск, Мәскеу) және Қазақстан қалалары — Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен.

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы үйі мұражайы Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиаы болып табылады. Мұражай 201 жылы 30 қаңтарда ашылды. Мұражай 2 залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал келушілерді өткен ғасырдың 20-жылдарының танымал әншісі мен сазгері Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырады. Бұл залдың экспозициясы әншінің өмірлік және шығармашылық жолын сипаттайтын құжаттар мен фотосуреттерден тұрады. Мұражайға келушілерді Майраның жеке заттары ерекше қызықтырады: үлкен пиала, қызыл жібек шапаны. Осы залда Майраның жолын қуған Қазына Сүбекованың 1916 жылғы гармоны да көрмеге қойылған. Осы залда сонымен бірге келушілердің назарын тағы бір ерекше экспонат аудартады. Бұл халықта «контрамарка» деген атқа ие болған үлкен пеш.

Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы ашылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемөнер мұражайы. Бұған дейін осындай мұражай тек астанада, Алматы қаласында, Г.Т.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы жұмыс істеген. 1965 жылы 18 желтоқсанда мұражай келушілерге ашылды. Сол кезде қорларда 369 экспонат болатын. 1979 жылы мұражай жаңа ғимаратқа көшіп, бүгінгі күнге дейін сонда орналасқан. Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы көркем сурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ерекше қорын жинаған. Мұражай қорларында 5500 астам экспонаттар бар. Жыл сайын мұражай 15 астам экспозициялар ұсынады. Оған мұражай қорының дәстүрлі тақырыптық жинақтары, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суретінің көрмелері, алдыңғы қатарлы мұражайлардың жинақтарынан құралған жылжымалы көрмелер жатады. Мұражай өткізетін суретшілермен кездесу, мастер-кластар, экскурсиялар, әдеби-көркемөнер және музыкалық кештер, презентациялар, көркем сурет тарихына шолу жасайтын видеофильмдер қойылымдары аса назарға ие. Мұражай консультациялық-сараптамалық қызмет көрсетеді, қала мен облыс білім беру мекемелеріндегі білім беру бағдарламаларына белсене қатысады. Серіктестер арасында тек Қазақстандық мұражайлық қоғам ғана емес, сонымен бірге Омбы, Новосібір мұражайлары, Британ Кеңесі, Гете Институты, Алматы заманауи шығармашылық орталығы, «Открытый музей» Халықаралық Ассоциациясы, Ресей мұражайларының Ассоциациясы да бар.

Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы 1992 жылы ашылды. Мұражай экспозициясы 8 залда орналасқан. 

Үй-мұражайдың салтанатты ашылуы 1994 жылы 23 желтоқсанда, П.Васильевтің туған күніне орай өткізілді. Жаңа мұражай экспонаттарының көп бөлігі Е.А.Вялова, ақынның қызы Н.П.Фурман және ағасы В.Н.Васильев атынан тапсырылды.  Келесі жылдары Үй-мұражай қоры тек П.Васильев қана емес, оның замандастарының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер беретін құжаттар мен материалдарға тола бастады. Бұл ақпарат ақының өмірі мен шығармашылығын терең түсінуге ықпалын тигізді. Павлодарлықтар Үй-мұражайды «васильевтік қорық» деп атайды, сонымен бірге, мұражайда поэзия сүйетіндерге арнап әдеби-музыкалық кештер, танымал әдебиетшілермен кездсулер, П.Васильев атындағы Әдеби қоғам отырыстары өтеді. Үй-мұражайда АҚШ, Франция, Польша, Белоруссия, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар болды. П.Васильев туындылары көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Сонымен бірге облыста төмендегідей мұражайлар орналасқан:

А. П. Чехов атындағы драма театры — Павлодардың ең ірі театры. Театр қойылымдарының арасында У.Шекспирдің «Он екінші түні», А.П.Чеховтың «Чайкасы», Дж.Патриктің «Оғаш мінезді миссис Сэвиджі», Н.Коляданың «Ақымақтар кемесі» және тағы басқалары. Театрдың директоры-шығармашылық жетекшісі Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан Республикасының театр қайраткерлері Одағының басқарма мүшесі, педагогикалық ғылымдар кандидаты Виктор Аввакумов болып табылады.

Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді. 
Оның ерекшелігі сонда – жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т.б. жарыс өткізетін спорт залына айналады.
Залдың сыйымдылығы 2800 адам, бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады. 
Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады.
Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар.
Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен жабдықталған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады. 
Әйелдер фитнес клубы, бассейні бар сауна, 6 теннис үстелі, буфет, спорт киімі дүкені бар. Ұтымды бағамен спортпен және дене шынықтырумен айналысуға және белсенді мәдени демалуға барлық мүмкіндік жасалған /сағатына 200 теңге/.
Үлкен холлда боулинг-клубын ашу көзделеді.
Қазіргі кезде хоккей және конькимен мәнерлеп тебу секциялары жұмыс істейді. 
Қазақстан және Ресейдің хоккей клубтары арасында кездесу жарыстары өткізіледі.

Павлодар облысының мәдениет департаментіне қарасты халық шығармашылығының облыстық орталығы.

Strong (АҚШ) проекциялық жүйемен және DOLBY DIGITAL дыбыс жүйесімен жабдықталған үш залды кинотеатр. Фильмдерді 3D форматында көрсету.

Әлемдік премьералар мен ең кассалық фильмдер. Зал – 346 орын, ыңғайлы орындықтар мен үлкен экран (16м/6м). Кинотеатр ойын автоматтарымен (би алаңы, ату, жарыстар, балықтар, үлкен және кішкентай аэрохоккей) жабдықталған.

Dolby Digital Surround форматының сандық сапасы фильмнің әр алуан дыбысталуымен тамсануға мүмкіндік береді. 90 орындық зал мен 20 орындық VIP-алаң.

Фиьмдерді дыбыстық сүйемелдеу Mono/Dolby-A/Dolby-SR/Dolby-Digital/Surround EX форматтарында жүзеге асырылады. Көпканалды көлемді дыбыс пен жоғары сапалы бейне экрандағы әрекетке қосылу сезімін тудырады. 2004 жылғы қыркүйекте болған қалпына келтіруден кейін 344 орындық кинозал, сонымен бірге 14 орындық VIP-алаңы бар.

Павлодар облысы назар аударарлық орындарға толы. Павлодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін ерекше құрметтейді. Олардың көбі Қазақстандағы ең ірі өзен Ертіс жағалауындағы облыс орталығы Павлодар қаласында орналасқан. Қаланың кең көшелері, көлеңкелі саябақтары мен аллеялары, гүлбақшалары мен фонтандары көз тартарлық әдемі. Қала өз тазалығымен, жайлылығымен ерекшеленеді. Аумақтың назар аударарлық орындарына табиғи, тарихи, архитектуралық және діни құрылыстарды атқызуға болады. Павлодар өңірі археологиялық ескерткіштерге де (өңірде көптеген тұрақтар, қорымдар, обалар, қоныстар бар), мәдени демалыс орындарына да бай. Бұл бөлімдеаумақтың негізгі назар аударарлық орындары, ғимараттар мен құрылыстар, ескерткіштер, мемориалдар, мүсін объектілері мен діни құрылыстар туралы ақпарат беріледі.

Баянауыл – қырдың ортасындағы табиғаттың көрікті аймағы. Тау қыраттары мен далалы аймақтарөсімдік түрлерінің сан алуандығымен көзге түседі. Баянауыл тауларында бір болған адам табиғаттың көріктігі мен денсаулыққа жағымдығы орынды үйлесетін табиғи баққа үнемі қайта орылғысы келеді. Туристік жолдар, өңірдің халқы – барлығы сізді Қазақстанның айрықша сұлу табиғи бағымен жақынырақ таныстырады. Баянауыл өңірінің атауын қазақтың сұлу қызы, танымал лирикалық поэмаға негіз болған қазақ Джульеттасының есімімен байланыстырады. 21 мың шаршы километр жер бойжеткеннің атымен аталады. Алайда, Баянауыл жерінің аталуы туралы бақа да пікірлер бар. Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Баянауыл (Баян-Ола) сөзі баянды өлке, бақыт пен сәттілікті білдіреді. Баянауыл микроклиматы ең қаһарлы қыс кезінде де малдың қыстаудан аман-есен шығуына мүмкіндік береді.

Облыс территориясында мемлекеттік табиғи-қорықтық қорға кіретін, республикалық және халқаралық маңызы бар геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылыққа ие және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қатарына енгізіген. Республикалық маңызы бар объектілерге Драверта, Кувшин, Әулие және Қоңырәулие үңгірлері, Әулиебұлақ және Телеубұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Рахай және Үшсала шатқалдары жатады.

Мемлекеттік қаумал — Қызылтау — Баянауыл ауданының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан. Жалпы аумағы 60 000 га. Сирек кездесетін жануарлар ме олардың мекенін қорғау мен жануарлардың түрлерін шығару мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аумақ жүйесіндегі орны – бірқалыпты белдеудің далалық ландшафттық аймағы, бетегелі даланың оңтүстік аумақшасы, Қазақ платосы және ұсақ шоқылар жері, Баянауыл-Қарқаралы округы, Баянауыл ауданы.

Өзен жағалауы Батыс Сібірдің орманды аумағының оңтүстігін және далалық жерін толықтай қамтиды. Бұл 3 мың км жерге дейін жетеді. Ертістің қазіргі жағалауы биіктігі 7-8 метрге жететін алқапты құрайды, Павлодар облысының батыс шекарасына қарай 87 метрге жетеді, шығыс шекара аумағында – 112 м. Рельефтің дамуы бойынша Ертіс жағалауы көптеген протоколдарға, ескі арналарға, құмды аумақтарға толы.

Павлодар облысы халықаралық курорт дәрежесіне сай келе алатын аймақтардың көптігімен ерекшеленеді. Тұзды Маралды көлінің сазы мен шипалы суы көптеген ауруларды емдей алады. Ертеректе Павлода облысының территориясында көптеген санаторийлер мен профилакторийлер болған. Павлодар облысының кейбір көлдері тек жергілікті халықтың ғана емес, шет жерлердегі қонақтардың да әулие орындарына айналған. Ең көп назарға Ямышевское, Маралды және Мойылды көлдері ие. Маралды көлінің жерасты сазының қасиеттері әлі де соңына дейін зерттелмеген. Оларың әсер ету спектрі өте кең. Маралды көлінің шипалы сазы жыл сайын көптеген бас июшілерін табады. Көлдің түбіндегі температура су бетіндегі температурадан 10-15 градусқа жоғары. Маралды көлінің сазы рвматизм мен буын ауруларын емдей алады, және, болжамдарға сәйкес, шипалы саз қоры 100 мың метр кубке жетеді. Одан басқа, көл түбінде көгілдір косметикалық саздың бар екендігі анықталған.

Шалдай орманы – Павлодар өңірінің басты назар аударарлық орындарының бірі. Бұл табиғи ескерткіштің масштабы тек Павлодар өңірімен шектелмейді, оның масштабы планеталық деуге де болады – ғарыштан жасалған фотосуреттерде орманның созылыңқы таспасы (жүздеген километр) Объ пен Ертіс өзенаралығында өте әсерлі көрінеді. Осындай орман таспалары бесеу, бірақ олардың арасында тек екеуі ғана ресей-қазақстандың шекараны кесіп өтіп, Ертіске қарай созылады: біреуі кішірігім ғана, Семей қаласының маңында, екіншісі – Павлодар облысында. Кейбір пікірлер бойынша, таспалы ормандар көне мұздық солтүстік-шығысқа қарай қозғалып, ормансыз далаға ағаштардың тұқымын әкелген. Шалдай таспалы орманында жергілікті тиіндердің түрі – телеутка – тиінімен танымал.  Бұл тиін түрі өте кең таралған, кішкене көгілдірленген терісін кеңестік кезде Италияға дейін жіберген.

Ескерткіш Павлодар облысында, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстігінде, темір жол көпірінен 500 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ескерткіш 1928 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орловпен ашылғаннан кейін, бұл жерде 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазбалар жүргізілген. Қазба нәтижесінде бірнеше мың сүйек қалдықтары табылған, бұл сүйектер плиоцен-миоцен кезеңіндегі жануарларға (қазіргі африкалық фаунаның ата тегі) тән болатын. Палеонтологиялық институт шағын ғана жерге қазба жүргізген кезде бұғының 20 түрі, керіктің 40 түрі, мүйізтұмсықтың 130 түрі, гиппариондардың 200 түрі және т.б. тапқан. Палеонтологиялық жаңалық «Қаз қайтуы» ескерткішіне палеозоолог мамандардың үлкен назарын аудартты. Өкінішке орай, табылған барлық палеоматериал ғалымдармен бірге олардың зерттеу институттарына кетіп қалды, себебі, біріншіден, Павлодарда ол кзедері өлкетанулық мұражай болмады, ал екіншіден, палеонтологиялық қалдықтарды сақтауды қамтамасыз ететін ғылыми ұйым болмады. Орловтың бастамасын 1960 жылы ҚазССР ҒА Зоология институтының палеобиология бөлімінің экспелициясы жалғастырды. Електен ортаңғы және төменг қабаттарды жуып-шаю кезінде омыртқалылардың үлкен коллекциясы табылды. Олардың арасында қояндар, шақылдақтар, қосаяқтаржәне кішкентай құстар болды. Ескерткіш қала аумағында болғандықтан, «Қаз қайтуы» ескерткішіне павлодарлықтардың да, қала қонақтарының да тарапынан келушілер саны өте көп. «Қаз қайтуы» неоген дәуірі жануарларының ең танымал және эталонды жерлену орны болып саналады. «Қаз қайтуы» бойынша әлемдегі барлық осы дәуір жерленулері салыстырылады. Қазіргі күні қазба жұмыстары жерінде ашық аспан астындағы мұражай кейпіндегі саябақ кешені жоспарануда, кез келген адам қазба жұмыстарының өту үрдісін бақылай алатын болады.

Павлодар қаласы:

Қалалық мәдениет және демалыс бағынан кең аллеяда болаттан жасалған 16-метрлік ескерткіш көрінеді. Бұл ескерткіш ҰОС қайтпаған жауынгерлерге Жеңістің 25 жылдығына орай ұрпақтардан ағыс ретінде 1970 жылы 8 мамырда ашылды. Монумент көптеген күміс жіптерден құралған стела кейпінде бейнеленген. Оның алдыңғы жағында – алқагүл мен алғыс жазуы бар тақта бекітілген.

Павлодарлықтардың 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен әскери және еңбек ерліктеріне мемориал

Танымал еуразиялық ақын Павел Васильев (1910-1937) ескерткіші мен оның атындағы саябақ Павлодарда 2011 жылдың 23 қыркүйегінде ашылды. Павел Васильев мүсіні П.Васильев үй мұражайының ауласында орналасқан. Мүсінші Е.Мергенов, сәулетші К.Монтахаев.

Павлодарда 2011 жылдың қарашасында Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған этномәдени бірлестіктер аллеясы ашылды. Орталық Кутузов көшесінде оналасқан аллея бойында ұлттардың таныма символдары орналасқан. Олар Павлодар облысындағы басқа этностардың рухани мәдениетін сипаттайды. Барлығы аллеяда он сегіз кішігірім мүсін орналасқан.

Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық құрбандарына ескерткіш Павлодар қаласында 2012 жылдың 31 мамырында ашылды. Ескерткіш қала кіреберісінде, аштық кезінде қаза болғандарды жаппай жерлеу өткен ескі мұсылман зиратының жанынан көтерген.

Сағат мұнара Павлодар қаласының символы болып саналады. Осы сағатпен барлық павлодарлықтар сағатын салыстырады. Сағат «Қазпошта» АҚ Павлодар филиалының ғимаратында 1983 жылы орнатылды. 

Павлодарлықтар мен қала қонақтарының сүйікті дмалыс орны болып Ертіс өзенінің жағалауы саналады. Жағалау рельефке сәйкес террасалық қағидаға сәйкес оратылған. Жоғарғы терраса – саябақ, негізгі терраса – барлық аллеяларды біріктіретін орталық аллея. Төменгі терраса – жағажай.

Ленин атындағы көшені «ескі қала» деп атайды, себебі бұл жерде ескі ғимараттар сақталған. Көпес Сорокин Үйі; Халықтық Үй; Майра атындағы ән шығармашылығы үй мұражайы; Владимирлік училище; Педтехникум; Көпес А.Деровтың сауда үйі; Ленин көшесіндегі сауда қатарлары; А.П.Чехов атындағы орыс драма театрының ғимараты; Көпес Охапкин үйі; Д.П.Багаев мемориалды үй мұражайы. [41]

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлау қарсаңында 40 метр биіктіктегі тутұғыры бар колоннада жоспарланды. Мерейтойлық объект Қазақстан Республикасы Конституация күнін тойлау кезінде салтанатты түрде ашылып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Павлодар облысының геоақпараттық жүйесі.
Аудандар мен облыс қалалары:

Биіктігі 5 метр композиция «Кебін» деп аталатын стильде орындалған. Бұл нақты келбеті мен дене пішіні көрінбейтін фигуралар, ал бес күлді жұлдыз фонында жақындарын жоқтаған әйел мен баланың фигуралары.

Станцияның биіктігі 420 метр айрықша тұрбасы Гиннестің рекордтар кітабына енген. ГРЭС-2 бірінші блогының жұмысы 1990 жылдың желтоқсанында, ал екінші энергоблок жұмысы 1993 жылдың 22 желтоқсанында басталды. ГРЭС-2 энергиясы Қазақстанның солтүстігін энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған және республиканың энергия тұтынуның 15% қамтиды. Энергия тұтынушылары қатарына тек қазақстандық емес, соынмен бірге ресейлік компаниялар да кіреді. Олардың арасында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Ертіс-Қарағанды каналы.

Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру 
есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды. 
Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі. 
Мешіт құрылысының басты мердігері «Иртыштрансстрой» ассоциациясының «Путь» ЖШС болды, «Иртыштрансстрой» ассоциациясының басшы-төрағасы М.А. Зыков.
Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі – 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі – 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр.
Бірінші қабатта медресенің оқу сыныптары, неке қию залы, 200 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері, 300 орындық әйелдер намаз оқитын зал, дәрет алу жайлары, холл орналасқан. 
Неке қию залы және асхана екі көлемді бір үлкен залға айналдыру үшін жылжымалы қабырғамен бөлінген. Ғимаратқа кіру сатылармен екінші қабат деңгейіне көтереді, онда 1200 орындық балконы бар намаз оқу залы, ислам мәдениетінің мұражайы, кітапхана, бейнезал, қызметтік жайлар, холл орналасқан.

Негізгі ғимараттың екі қабаты және мұнаралары кірпіштен, күмбезі темір құрылымдардан жасалған.

Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 1024 кг, ең кішкентайының салмағы – 4 кг.

Исиналиев, Михаил Иванович - қазақстандық мемлекеттік және партия қайраткері, дипломат. Қазақ ССР-дің сыртқы істер Министрі.




#Article 23: Солтүстік Қазақстан облысы (1765 words)


Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.

Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ал физика-географиялық қатынаста – Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетін және қазақ кең даласының бір бөлігін алады. Жер бедерінде көп көл төмендеулерi, сахаралық ойықтар, аласалау жалдар және жал шұңқырларымен алмасушы бөктерлер бар. Солтүстік-шығыста биіктік 115-120 м, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 200 м.
Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Томск облыстары орналасқан кеңістікте жайғасады. Бірақ, көлдер мен өзендердің жоқ болуына байланысты ауа райының кенет құрылықтығымен сипатталып, табиғат жағдайы жағынан олардан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның ортақ жазықтығы және шектi аумағы еркiн меридиан мен ендiк ауамен алмасуға мүмкiндiк туғызады.
Ауа-райы кенет құрылықты. Қысы аязды және созылмалы (5 айдан көп), аз қарлы, кеуіп қалатын ауа – райының басымдылығынан жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы −18,5 °C, −19,5 °C, шілденің +18,8 °C , +19,5 °C. Аязсыз кезеңнің созылуы 109-129 тәулік. Тұңбаның орташа шамамен түсуі 300-340 мм, соның ішінде 4-тен 3-і жылдың жылу уақытында.
Өзендері Обы хауызына жатады. Солтүстік Қазақстан облысының маңында Есіл өзенінің (400 км) орта ағысы Иман –Бұрлық және Ақан-Бұрлық қиылысы бар. Солтүстік-Қазақстан облысында 1000-нан аса көлдер бар, ең бастысы солтүстік-батыста орналасқан. Олардың көбісі мезгілді кеуіп қалады. Тұщы су көлдері басым болады. Аса ірілері: Шағалалытеңіз, Солтүстік және Оңтүстік Қақ, Таранкөл, Меңкесер. Аудан аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақстан ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі кіреді. Аудан аумағына әктас, шыны құмы, отқа төзімді саз, т.б құрылыс материалдары кездеседі.

Ішкі құрылықтың ішкі облыс табиғаты мен экономикасының ерекшеліктерін айқындайды. Бұған климаттың шапшаң континентігі, ылғалдық жетіспеуі және шектес жатқан аумақтың жалпы жазықтығы ауаның меридиан және ендік бағыттарымен еркін алмауына жағдай жасайды. Сонымен жазық аумақты тұтастай дерлік игеруге мүмкіндік берді.
Облыс- орманды-далалық табиға аймақта және далалы табиғи аймақта орналасқан, бұл оның ландшафын, табиғи ортаның сапасын , негізгі табиға ресурстарын айқындайды. Ол егін шаруашылығы үшін қауіпті аймаққа жатады. Облыс аймағын географиялық та, тарихи да аймақ ретінде  көбінесе Петропавлдық Есіл бойы деп атайды.

Облыс аумағы Батыс-Сібір жазығының оңтүстік қиырында және жарым-жартылай Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталатын Сарыарқа аясында орналасқан.Батыс Сібір жазығының Солтүстік Қазақстан бөлігі (Солтүстік Қазақ жазығы) ылдиды жазықтың ішкі белдеміне ұштасқан. Оның жер бедеріне , толқынды бетінің солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жалпы еңкіштелген жазық тән. Облыстың жазық бөлігі геоморфологиялық аудандалуы жағынан Тобыл мен Ертіс өзендері аңғарлары арасындағы үлкен кеңістікті алып жатқан Батыс Сібірдің көне көлдік неогенді үстіртіне жатады. Бұл аумақтағы өзендер аралығының беткі жақтары неогендік жастағы тығыз балшықты жыныстардан және көлдік генезистен түзілген. Өзен аралықтарындағы төртінші тік кезеңнің жамылғысы мардымсыз. Облыстың жазық келген жер беті теңіз деңгейінен 125-200 м биіктікте. Ең аз шамадағы белгілер облыстың оңтүстік-шығыс жағындағы ірі тұзды көлдердің: Қалыбек , Үлкен Қараой, Теке, Сілетітеңіз шұңқырларына ұштасқан. Көлдердің өзі таяз болғанымен, қазақшұңқырлардың тереңдігі 40-60 м. Теке көлінің қазаншұңқырында облыстың беткі жер қабатының ең төменгі жері теңіз деңгейінен 29 м төменде жатыр, ең биік шыңы- Жақсы Жалғызтау (731 м.).
Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі Сарыарқаның көтеріңкі тұсында Көкшетау қыраты аумағындағы, - толқынды-жонды келген денудацияланған еңкіш тұғырлы жазықпен үйлескен. Батыс-Сібір жазығының шекаралық оңтүстік шетіндегі жартасты жыныстар тым тереңде жатпайтын, көбіне бірден топырақ қабатының астында болатын көне абразиялы және абразиялы-шоғырлы толқынды-жонды жазық болып табылады. Бірқалыпты үстіртті жазық бетінде жеке төбелер немесе аласа (20-дан 30 м-ге дейін) шоқылар көтеріледі. Одан да биік шоқылар сирек кездеседі, олардың арасында- Сырымбет (Жаманшоқы), Бүркітті таулары- облыс жер бедерінің төменгі қатпарындағы солтүстік аралдық таулар. Теңіз деңгейінен 372 м биіктікте. Жергілікті халық оны Жаманшоқы деп атайды. Жер бедерінің теріс формаларының арасында уақытша су жүретін саяз аңғарлар, көлдік қазаншұңқырлар кездеседі. Жер бедерінің ортаңғы қатпары облыстық биіктіктен 230-300 м-де орналасқан сатыланып келген Көкшетау қыраты жатады. Сатыланған оңтүстік жағынан кемерленіп, өте айқын көрінетін Көкшетау тауы орналасқан. Облыс жер бедерінің үшінші қатпары -Көкшетау үстіртінің беті. Онда аралдық аласа таулы сілемдерде 360-400 м биіктіктердегі тегістелген үстірт басым, олардың кейбіреулерінің  тік жартасты шыңдары 600-700 м биік. Мұнда облыстың ең көтеріңкі нүктесі- Жақсы Жалғызтау тұр. Ол 370 м биік тік жарқабақтанып, құрайды да өзі аттас көл жағалауына тіреледі. Имантау гранитоидті сілемдер морфологиясы да осы тәрізді. Көкшетау үстіртінің аралдық таулары мен аласа белестері кайназойда едәуір жылжыған кесек тектоникаға орай пайда болды. Денудациямен және жерге мүжіліп бет жағы ашылып қалған Көкшетаудың аласа тауларын түзетін гранитті құрам жыныстары көптеген таң қаларлықтай мүсіндерді кескіндейді. Құлаған қалдықтар мұнара тәрізді бөлек-бөлек қатпарлы жер бедерін түзеді. 
Көкшетау үстіртіне кейде палеоген бен көлдік аллювиалді түзілімдерге толған, тым тереңдеген, неогеннің көлдік-аллювиалді қалың қабаты бар, жарым-жартылай қазіргі заманғы гидрожүйемен игерілген эрозиялық-тектоникалық және эрозиялық аңғарлар жүйесі тән.
Облыс аумағы меридионалді бағытта Есіл өзенінің терең және жақсы дамыған аңғарымен қиылысқан. Ол өзендер аралығындағы жазықтарға 30-50 м сұғына енген. Облыстың Есіл-Тобыл өзендері аралығының бөлігі болып табылатын жағалау бойы ескі ордың жыра-жылғаларымен күрделенген, бірақ шын мәнінде көмілген және Суери, Кизак,Емца өзендерінің аңғарлары байқалады. Сол жағалауға қазаншұңқырлы -жон - бұйратты жер бедері, көл шұңқырлары мен ойпаңдардың молдығы тән. 
Облыстың оң жағалауының жартысында Есіл-Ертіс өзендері аралығында бірқалыпты жазық бар, ол шығыс-солтүстік-шығыс бағытында жайпақ, кең ойпат- Қамыстысай (Камышлов) басып өтеді. Қамыстысай-19 ғасырдың ортасында, жуырда құрып кеткен Қамыста зені аңғары. Сілеті және Шағалалы (Чаглинка) өзендері аңғары жер бедерінде нашар білінеді. Оң жағалаудың тұйықталған қазаншұңқырлары жайпақ-түпті, жер бедерінде анық білінбейді, ойпаңдар сияқты. Суер (Пресновская) ескі аңғаоры орта және төменгі жақтарында анық бейнеленген, яғни Преснов аңғарының солтүстігі ірі көлдер: Семилов, Филатов, Қолтық, Суер және т.б. жапсарлана орналасқан. Суер көлінен төменде қазіргі Суер өзенінің жоғары сағасы- Тобылдың оң тармағы ағып жатыр. Ескі Қазақ аңғарының жоғарғы жағы, бұрынғылау мәліметтер бойынша, Новорыбин аңғары ауданынан белгіленіп, ал көне Емца -Мәңгісор (Менгисер) көленен басталады. Емца аңғарының құрыған учаскелері облыстан тысқары, сайма-сай үйлеспейтін ірі көлдер : Медвежье, Горькое, Кабанье, Ақкөо т.б. тізбегімен айқын білінеді. 20-30 м қалыңдыққа жететін , аллювийлі және көлдік-аллювийлі түзілімге толған, аталған көне аңғарлар жер асты суларын , сонымен қатар тұщы сулардың қорларын сақтайды. Көміліп қалған басқа аңғарларға қарағанда, Қамыстысай жақсы білінеді. Ол Басқарасу өзеншесі жылжып ағатын Үлкен Тораңғыл көліне құятын және Көкшетау үстіртінен ағатын Қамысақты бұлағынан басталады. Қамыстысай сайының түбінен төменде Балықты, Жыланды, Бозарал көлдері және т.б. Ертіске дейін 500 км-ге жуық созыла, толассыз тұнып тұр. Қазіріг сай көне палеоген-неоген палеоқамысты аңғарына жапсарлас. Сайдың ені бірнеше километрге жетеді, тереңдігі-10-20 м. Түбіндегі аллювиалді түзілімдердің қалыңдығы-20-25 м.

Есілдің сол жағасын алып жатқан облыстың солтүстік ендігінде (Сергеев қаласы) жалды келген жер бедері дамыған. Облыс аумағында оның жалпы ұзындығы 15 км-ге жетеді. Жалпы биіктігі -3-4 м-ден 15-18 м-ге, ал ені 500-1500 м-ге жетеді. Жалдардың өзіндік ерекшеліктеріне біркелкі келген жер бедері тән. Олардың остері батыс, оңтүстік-батыстан шығыс, солтүстік-шығыс бағытта бойлоай жатыр. Қырқалардың төбесі әдетте ұзына бойы доғалдана созылған, кейде бойлық бағытта ассиметриялы келген. Жалдар көбіне көл қазаншұңқырларымен ұштасқан. Көлдердің шығыс беткейлерінен басталғандай болып және аша болып айырыла келген жалпақ ұштарымен қазаншұңқырларды қамтыған. Ұзындығы 4 км, ені 800 м -ден асатын, биіктігі 10 м болатын ірі қырқалар Петропавлдық Есіл бойындағы 600 қырқаның 32 %-ін құрайды. Ұзындығы 40 м-ден 2 км-ге дейін, биіктігі 10-5 м, ені 800-600 м орташа қырқалар 53 %-ті, ал одан да ұсақ қырқалар 15 %-ті құорайды. Баяндап отырған кешенді жер бедері пішіндерін қамтитын көлдер мен қазаншұңқырларынан басқа оған әдетте көл қазаншұңқырларының шығыс бөлігінің оорақ тәрізді жартылай шеңбер жасап жатқан көл маңындағы төбешіктер де кіреді. 
Қырқалар мен төбелер механикалық жағынан да жасы жағынан да әр түрлі материалдардан құралған. Көптеген қырқалар төрттік кезеңнің толығымен дерлік сарғыш-сұр құмдағымен, сазды-құмдақты карбонатты топырақтарымен жабылған. Кейбір жағдайларда тығыздалған саздың түпқабаттары , кейде төрттік кезеңнің жалды шөгінділері астында жер бедерінің жалға дейінгі беткі қабаты кездеседі.

Облыс аумағындағы жер бетіндегі ғана емес, жер асты суларының да шектеулі қоры бар. Бекітілген қорлар тәулігіне 150 мың m³-ге жуық су бере алады. Облыс аумағында Сарыарқаның солтүстік бөлігі мен Батыс Сібір артезиан алабының оңтүстік бөлігі шекарасында орналасуы , аймақтың гидрологиялық жағдайларының күрделі жатысы, циркуляция сипаты, минералдану жағдайлары мен сулы дыныстардың суының молдығы жер асты суларының әрқилылығына себепкер болды. Облыс аумағында әр жастағы және әр құрамдағы жыныстарға қатысты бірнеше сулы кешендер бар. Бұлар: палеозойға дейінгі және палеозойдағы жарықшақ тау жыныстарының сулы кешендері облыстың оңтүстігінде дамыған, 1 г/л-ге дейінгі минералданған тұщы су кешендері жас жыныстарымен жабылған учаскелерде , 3 г/л -ге дейінгі және одан да көп минералданған тұзды су кездеседі, борлы түзілімдердің сулы кешендері облыстың солтүстік бөлігінде кең дамыған. Олар жер астындағы сапалы сулардың көп мөлшерде қалыптасуына қолайсыз табиғи-геологиялық жағдай кедергі етеді. Эоцендік түзілімдердің сулы кешендері кеңінен таралған, құмдауыт түзілімдер сулы болып саналады, минералдығы 0,8-1,1-ден 4,6 г/л-ге дейін өзгереді, олигоценді және олигоценді-миоценді түзілімнің сулы қабаты кеңінен таралған, судың минералдығы 1,0-ден 3,0 г/л-ге дейін өзгереді, суының молдығы әр түрлі, төрттік аллювийлі түзілімдердің сулы қабаты өзен аңғарларына жанасқан; сайлардың тұщы көлдері химиялық құрамы жөнінен әрқилы келген. 
Соңғы жылдары тұщы суды шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерге пайдалану жан басына шаққанда 2 есеге қысқарды және бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады. 
Кестеде 1995-2002 ж. облыстағы табиғи көздерден су алу динамикасы көрсетілген. Бұдан көрсетілген уақытта су алудың жалпы көлемі үш есеге жуық азайды және 2001 ж. бір адамға 72 m³-ді (немесе тәулігіне 197 л) құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, планетаның әрбір адамына шаққанда жалпы су алу орташа есеппен 7 000 m³, яғни жүз есе көп. Ауыл  шаруашылық қажеттілігіне су пайдалану үш есеге қысқарды. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне әрбір солтүстік-қазақстандық орташа алғанда жылына 22 m³, немесе тәулігіне 60 л-ді пайдаланады.
Аймақты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін (Ауыз су! бағдарламасы жүзеге асуда, жарым-жартылай қайта құру мен су құбыры жүйесін сегменттеу, соның есебімен жер асты суларын қанықтыру, елді мекендерді ауыз судың басқа көздеріне көшіру қарастырылуда.
Су объектілерінің ластану көздері : өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық және тұрмыстық ақаба сулар, көктемде жайылатын сулар, т.б. Ластайтын заттардың біразы Есіл өзені су алабының жоғары жағынан -Ақмола облысынан келеді.

Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33- жер асты сулары, оның 6-уы минералды.
Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайы бойынша -65%, цирконийға -36,6%, уранға -19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды - шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланған көмірлердің тізімі бар.
Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады. Кеспелтек - титан - цирконий кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбыралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр.
Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған.
Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.




#Article 24: Шығыс Қазақстан облысы (2297 words)


Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.

Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, 1763 ж. Бұқтырма бекіністері) салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”) қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды.

Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 

Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. 
Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан – Сібір темір жолы мен Локоть – Риддер және Өскемен – Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын “Шығыс айналма жолы” деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды. Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі электр стасасылары салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдейтін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды. Республикалық маңызы бар Алматы – Семей және облыс ішінде өнеркәсіп орындарын темір жолы стансасыларымен және ауылдық елді мекендерді ірі қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар көптеген автомобильдік жолдары салынды.

Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. 
Таулары мен жоталары

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Облыстың климаты тым континенттік.

Облыс бойынша вегетациялық кезең 175 – 200 тәулікті құрайды. 

Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш – Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады. 

Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл, т.б.) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында минералды шипалық көлдер көп.
Шығыс Қазақстан облысы жер асты суына да бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мал суаруға ғана емес, онымен бірге сан-алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. 
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 – 800 м-ге және 1200 – 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған. 

Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған. 

Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.

Шығыс Қазақстан облысы халқының саны

в

Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған. 

Облыс халқының орташа тығыздығы әр 1 км2-ге шаққанда 5,1 адам. 
Халықтың ең жиі қоныстанған жерлері – Ертістің оң жағалауы, әсіресе Кенді Алтайдың тауаралық жазықтары. Глубоков, Бородулиха және Шемонаиха ауданында бұл көрсеткіш 9-дан 12,7 адамға, ал Өскемен қаласының төңірегінде 186 адамға, Семей қаласының төңірегінде 133,5 адамға дейін барады. Ауылдық жердің қоныстануы да әркелкі. 

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең. 

Облыс өнеркәсібінің негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Бұл салада 197 нысан жұмыс істейді (2006). Негізгі өндірілетін өнімдері – түсті металл (мыс, мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. 2005 ж. облыс бойынша 10,8 млн т түсті металл кентасы өндірілді. Кентасты негізінен Риддер және Зырянов полиметалл кен аудандарындағы “Қазақмырыш” АҚ-на қарасты кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы “Қазақмыс корпорациясына” қарасты кәсіпорындар өндіреді. 
Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кәсіпорын бар. Оларда 3,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 17,3 т алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге “Бақыршық” кен кәсіпорны, “ФИК”, “Алел”, “Алтынтөбе” АҚ-ның, “Андас Алтын”, “Даңқ”, “Жерек”, “Іnter Gold Capital” ЖШС-терінің кеніштері жатады. 

Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы“Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-дары, Қазақмыс корпорациясы” АҚ-ның “Шығыс Қазмыс” бөлімшесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК “Қазақстан монета сарайы”, “Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Ертіс сирек элементті компаниясы”, “Қазмырыштех” ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі.

Облыстың электр энергетикалық кешенінің құрамында Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі СЭС-тері, Үлбі мен Громотуха өзендері бойындағы Риддер СЭС каскадтары, Өскемен, Риддер, Семей ЖЭС-тері, т.б. кәсіпорындар бар.

Облыстың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп кешені 18 ірі және қуаты орташа кәсіпорындарын біріктіреді де, мұнай кәсіпшілік және металлургия өнеркәсібі жабдықтарын, тұрмыстық электр қозғалтқыш пен сорғыларды, конденсаторлар, техникалық және кабельдік өнімдер, металл бұйымдарын пісіретін электродтар, т.б. көптеген өнімдер жасап шығарады. 

Шығыс Қазақстан облысының ағаш өңдеу өнеркәсібі негізінен “Ертістрансойл”, “Жаңасемейшпалзауыты”, “Өскемен Иннотекс”, Өскемен жиһаз комбинаты сияқты құрамында бірнеше нысандары бар 4 ірі және орташа қуатты кәсіпорындарды қамтитын ЖШС-терден тұрады. Олар кесілген ағаш материалдарын, дайындамалар, үй салуға қажет бөренелер, терезе мен есік жақтауларын жасауға маманданған. Жиїаз жасау өнеркәсібінің құрамында 119 кәсіпорын бар, олардың алтауы ірі және орта қуатты. Жылына 30 мың м3 фанера, жиһаздық тақта, ДСП шығаратын өндіріс Бородулиха ауданында іске қосылды.

Облыстың жеңіл өнеркәсібі тігін және тоқыма бұйымдарын, мата-жүн, аяқ киім, құрылыс киізін, тон және былғары бұйымдарын өндіретін “Рауан” АҚ-н, “Семмамжабдық фирмасын”, “Ника”, “Семей байпақ-шұлық фабрикасы”, “НИМЭКС-Текстиль” ЖШС-терін, “Қазруно” СФ АҚ-ын, “Роза”, “Тыныс-V” және “Семей былғары-аң терісі комбинаты” ЖШС-ын қамтиды. Бұлардың құрамында 133 кәсіпорын бар, олардың 118 тоқыма және тігін саласына, 15 былғары, былғары аяқ киім және бұйымдар шығаратын салаға жатады. Бұл өнімдердің біраз бөлігін зағиптар мен кереңдер қоғамдарының оқу-өндірістік кәсіпорындары жасайды.

Шығыс Қазақстан облысыда тамақ өнеркәсібі саласы да жақсы дамыған. Оның құрамында Семей ет комбинаты АҚ, “Шемазат” ЖШС (Риддер ет комб.), “Эмиль” ЖШС, “Шығыс-сүт” корпорациясы жұмыс істейді. 2005 ж. бұл сала (толықты): 

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамында “Силикат”, “Өскемен арматура зауыты”, “Семейцемент зауыты” АҚ-тары, т.б. ірі және орташа қуатты кәсіпорындар жұмыс істейді. Ең ірі кәсіпорындарда құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологиялары енгізілуде.
 

Шығыс Қазақстан облысында 1997 жылға дейін ауыл шаруашылығымен әр түрлі саладағы -

ауыл шаруашылық кәсіпорындар айналысты. 
Таратылған ұжымшарлар мен кеңшарлар негізінде облыста жаңадан әр нысандағы шаруашылықтар құрылып, олардың саны 15,5 мыңға жетті. Оның ішінде 15,1 мыңы – шаруа қожалықтары. Облыс бойынша 10,48 млн га ауыл шаруашылық жер бар:

Шығыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылық дәнді-бұршақ дақылдарын, картоп, көкөніс, күнбағыс, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған.

Мал шаруашылығы ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, шошқа, құс және ара өсіруге маманданған. 2005 ж. облыста (жетті)

Соның негізінде облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша 

өндірілді.

Шығыс Қазақстан облысында темір, автомобиль, су және әуе жолы қатынастары дамыған. 2005 ж. облыс бойынша:

Автомобиль және су жолының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада 1-орынды алады. Темір жол көлігі облыс орталығы Өскемен қаласын Семей, Аягөз, Шемонаиха, Риддер және Алтай қалаларымен байланыстырады. Облысты шетке шығаратын темір жолы тармақтары: 

Автомобильді жолының жиілігі бойынша (әр 1000 км2-ге шаққанда 38,9 км). Шығыс Қазақстан облысы республикада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін 5-орынды алады. Су жолы қатынасы түгелдей Ертіс өзені арқылы іске асырылады. Ертіске автомобиль жолдары келіп түйісетін тұстардағы 15-ке жуық елді мекенде өзен айлақтары жұмыс істейді. Өзен жолы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысымен, одан әрі Ресейдің Омбы облысымен қатынасады. Әуе жолы облыс орталығы мен Семей қаласын Астана, Алматы қалаларымен және республиканың басқа облыс орталықтарымен жалғастырады. Шығыс Қазақстан облысы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың көлемі бойынша республикада 1-орында, жолаушылар тасымалдаудың көлемі бойынша Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін 3-орында келеді. 2005 ж. олардың жалпы көлемі тиісінше 257,1 млн т-ға және 969,7 млн адамға жетті. Жүк және жолаушылар айналымы бойынша да облыс республикада елеулі орындарға ие. 2005 ж. көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы 4904,1 млн тонна-километр, жолаушылар айналымы 7959 млн жолаушы-километр болды.

Білім беретін мекемелер

Шығыс Қазақстан облысында халықты емдеумен 1600 дәрігер, 11560 орта білімді медициналық қызметкерлер айналысады. Әр 10 мың адамға шаққанда тиісінше 38,8 дәрігер және 80,8 медициналық қызметкерден келеді, бұл орта республикалық көрсеткіштен біршама жоғары. Медициналық мекемелері:

Бұл мекемелерде 113 әйелдер консультациялары, 4 ана босанатын үйлер, 36 медициналық жедел жәрдем стансасылары, 60 дербес стоматологиялық емханалар бар. Қазіргі кезде облыстың ауруханаларында 11347 төсек бар, бұл 10000 адамға шаққанда 79,3 төсектен келеді, ал ауру балаларға 1747 төсек, жүкті және босанатын аналарға 788 төсек жабдықталған.
 

Шығыс Қазақстан облысының мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар. ШҚО-ның тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар әлемдік туристік нарықта әлеуетті бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын айырықша табиғи-географиялық, климаттық, бальнеологиялық, мәдени-тарихи ресурстары бар.

ШҚО туристік саласының дамуына байланысты Алматы мен Астана қалаларынан кейін 3-орынды иеленеді. 2020 жылдарға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту Тұжырымында «Шығыс Қазақстан кластері «Табиғат таңғажайыптары әлемі» және экологиялық туризмді дамыту орталығы ретінде» белгіленетіні жайлы айтылған.

Шығыс Қазақстан кластеріне ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктері енеді. Кластердің орталығы кластердің орталығы болады, оған туристік қызығушылық тудыратын 8 басты жер енгізіледі:

Қазақстанның халықаралық туризмге енуінің өзіндік болашағы бары белгілі. Біздің әлеуетті нарықтарымыз - Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс. Тек Ресей мен Қытаййдың өзі ғана 150 миллионнан астам туристермен қамтамасыз етеді. Бүгінде Қазақстан 52 елмен визасыз режимге көшу жөнінде келісімдер жасалған. Одан басқа «ЭКСПО-2017»-ні өткізуге айындық барысында басқа да көптеген елдермен виза реимін қарапайымдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Солай бола тұра Қазақстан туризмінің бүгінгі даму қарқыны бар әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Әлемде біз жайлы туристік мақсатпен баруға тұратын ел ретінде әлі өте аз біледі. Бірнеше халықаралық жәрмеңкелерге қатысу күтетін әсерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр. Туристік саланың дамуының төмен деңгейі елдің туристер үшін жағымды имиджін қалыптастыру мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің жоқтығымен де тікелей байланысты. Қазақстанда туризм саласында белсенді PR-кампаниялар, имидждік жобалар жасау мәселесі бойынша кешенді және жүйелі талдаулар жүргізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Елімізде қалалар мен аймақтардың туристік имиджін көтерумен шұғылданатын мықты мемлекеттік-жекеменшік ұйымдар да жоқ. Аналитиктердің айтуынша, «туркомпаниялардың 80 пайызынан астамы қазақстандықтардың шет елдерде демалуын ұйымдастырумен шұғылданады, демек, олар шетелдік турөнімдерді сату-сатып алумен айналысады».

Осыдан келіп, республиканың қазіргі туристік нарығындағы жағдай маркетингті қолдануды, жаңа тұтынушының басты ерекшеліктерін зерттеуді, туристік қызметтерді

олданушының уәждемесі мен мінез-құлық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Сол себепті туристерге арналған экспресс-жолсілтеуші ақпараттық өнімдерді дайындаудың маңыздылығы өз-өзінен айқындалады.




#Article 25: Ясы (484 words)


Ортағасырлық тарихшы Ибн Тагриберди (1411-1465) “Ясы” сөзінің көне түркі тілінде “реттеу, тәртіпке келтіру” деген мағынаға саятындығын айтады. “Бұл сөз әсіресе Мысыр мен Шамды мәмлүктер билеген кезде кең тарады, – дейді. Сөйтеді де ол кітабының басқа бір жерінде, “Яса көне моғол сөзі” дейді. Әйтсе де ғалым бұл моғол тілінің жеке-дара тіл немесе көне түркі тілдерінің бір диалектісі екендігін ашып көрсетпеген. 

Тағы бір рухани бұлақ көздерінде “Яса” қала емес, қыстақ деп көрсетілген. Мысалы үнділік белгілі тарихшы Абд әл-Хайй ибн Фахр ад-Дин әл-Хасани әл-Һинди (?-1922) “Нузһәт әл-хауатир уә бәһжәт әл-масамиғ уә-н науазир” – “Ойша серуен және құлақ пен көз сұлулығы” деген еңбегінде Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири (?-1757) туралы әңгімелей отырып, оның бабасының атын Мұхаммед Фадл әл-Ясауи деп көрсетеді, яғни ол тегі жағынан ясылық деген сөз. Ол “Түркістан өңіріндегі Ясы қыстағынан еді” деп жазады. 

Ас-Суюти Түркістанға қоса Ясыны да атайды. Көптеген араб тілді кітаптар Ясы туралы айтқанда “бұл қасиетті қала – шығармашылығы исламның рухани мұрасын байытқан атақты адамдарды дүниеге әкелді” деп оған жақсы баға береді. 

Жоғарыда мұсылман Шығысы қаламгерлерінің пікірін келтірдік. Ал енді Ясы туралы отандық жазба деректер не дейді деген мәселеге келсек, еліміз энциклопедияларының бірінде: “Ясы – Түркістан қаласының ежелгі атауы. Қазақстандық археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан Шауғар (сақ тілінде ол Қаратау деген мағынаны білдіреді) атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғ. қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Мамун, Х ғ. соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорық жасаған. ХІІ ғ. І-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. 

Ясы туралы алғашқы деректер мұсылман тарихшыларынан басқа ХІІІ ғ. жарық көрген Киракос Гандзакенцидің “Армения тарихы” атты еңбегінде де кездеседі. Онда Ясы қаласы Асан деген атаумен берілген. Ясы атауы ХІV ғ. бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастайды. 

Ясы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (ХV ғ.) еңбегінде де ұшырасады. Бұл шаһар орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабат қалыптасты. ХV ғ. І-жартысында Шараф ад-Дин Әли Йазди Ясыны “шағын елді мекен болды” деп көрсетсе, ал ХVІ ғ. Рузбихан Исфаһани “Михманнама-и Бұхара” – “Бұхара мейманының жазбаларында: “Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат, бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын болды”, – деп жазылған. [Түркістан. Халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000, 590-бет]. 

Абд ал-Хаий әл-Хасани әл-һинди аталмыш еңбегінде осы Ясы – Түркістаннан шыққан бірқатар ойшылдардың аттарын атайды. Олар Әбу-л Аббас Ахмед бин Мұхаммед әл-Ясауи, Аш-Шейх Шамс ад-Дин Ахмед бин Абд әл-Мумин ат-Түркімани әл-Банипати, Шейх Мырза Камил бин аш-Шейх Ахмед бин Малик Әл-Ясауи Ташқанди, Шейх Ахмед бин Мұстафа ибн әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Аш-Шейх Мұхаммед бин Мұстафа бин әл-Муин әр-Рафиқи әл-Кашмири, Шейх Таййб бин Ахмед ар-Рафиқи, Аш-Шейх Маулана Абд Алла әл-Кашмири, Маулана Нұр әл-һуда бин Абд Алла бин Мұхаммед Фадл әл-Ясауи, Абд әл-Уәли ат-Тархани әл-Кашмири, Мүфти Абд әл-Мумин әл-Кашмири, Имам Замини Түркістани. 




#Article 26: Қазақтың саз аспаптары (815 words)


Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған.

Аспаптарды бес топқа бөлуге болады:

Шертер - екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.

Асатаяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы -110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір  сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.

Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құралып жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.
Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты қуыс мойын, шіңкілдік деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

Дауылпаз - ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысыы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.
Дауылпаз тектес аспаптар  түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында Тәбльбасс, қырғызда Доолбас деп аталады.

Жетіген - қазақ хылқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге жетіген деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Желбуаз - үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. Желбуаз аспабын белгілі композитор Н.Тілендиев Отырар сазы оркестірінде қолданды.

Қылқобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры  мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен  бірге - үш, төрт ішектілері және нар қобыз, жез қобыз деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобызды пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыыз байланысты екені де айтылады.

Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

Қоңырау - қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан  шыққан дыбыстан қатты қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектептеде қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады.

Көне музыка аспаптарының табылуымен байланысты музыка мамандарының алдына жаңа міндеттер жүктелді. Ол міндеттер көне аспаптарды жетілдіріп жасап шығару, орындаушыларды тәрбиелеу, түрлі ансамбльдер ұйымдастыру, т.б. Қазақ музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 жылы Алматы қаласында, 1947 жылы Осакаровкада, 1957 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) жанынан шеберханалар ашылды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін (жаңадан жасатып) ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Музыкалық аспап жасау шеберлері Оразғазы Бейсембайев пен Абузар Аухадиев көне аспаптардың біраз түрлерін жаңартып жасап шығарды. Шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, т.б. музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасады. Жетігенді, шертерді, үш шекті домбыраны, сыбызғыны, шаңқобызды, қылқобызды, асатаяқтың көптеген түрлерін меңгеріп ансамбльге қосып, жеке ән-күй орындап жүрген жас музыканттарымыз да бар. Орындалатын көне күйлердің кейбірі халқымыздың өткендегі тұрмыс салтын, табиғатын бейнелейтін, осы күнге дейін ұмытылып қалып тартылмай келген.




#Article 27: Үндістан (3926 words)


Үндістан ( Bhārat, ), ресми атауы — Үндістан Республикасы ( Bhārat Gaṇarājya, ) — Оңтүстік Азияда  Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - Жұрты 1 210 193 422 адам – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.

Діни құрамы: 

Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.

Ірі қалалары: Калькутта, Мумбаи, Дели, Ченнаи (Мадрас), Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Үндістан — федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады.

Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз).

Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.

Үндістан негізінен Үндістан түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі — жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады). Теңіз жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Кеме тоқтайтын қолайлы орындар аз, сондықтан көптеген ірі порттар өзендер жағасына (Калькутта) орналасқан немесе жасанды жолмен салынған (Мадрас). Батысында үстірт биіктеп, Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы ірі өзендердегі (Кришна, Годовари, Маханади, т.б.) жазықтармен тілімденген. Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай, Кардамон тауларымен (ең биік жері — 2633 м) жалғасады. Солтүстік-батысында эрозиядан қатты бүлінген, қысқа, қатарлас қырқалардан құралатын ежелгі қатпарлы тізбек — Аравали таулары (биіктігі 1722 м-ге дейін) орналасқан. Декан үстірті солтүгінде Малва базальтты таулы жазығының жарлауыт шеті болып табылатын Виндхья тауларымен (ең биік жері — 881 м) шектеледі. Декан үстіртінің шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері — 1680 м) орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр. Оның солтүстігінен бастап үш тік құз баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең биік таулы жүйелер — Гималай таулары мен одан солт-ке қарай Қарақорым көтеріледі (ең биік жері — Гималайдағы Нангарпарбат тауы — 8126 м). Гималайдың бұл баспалдақтары — Сивалик таулары (800 — 1200 м), Кіші Гималай (2500 — 3000 м), Үлкен Гималай (5500 — 6000 м, одан да биік) бір-бірінен тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың жер бедері альпілік формада, өзендермен терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары, марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары бар.

Климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70—90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300—400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000—6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер ағыны муссондық маусымға байланысты өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып, тасқын жиі болып тұрады.

Неғұрлым ірі өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені — Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде кеме қатынасы бар.

Декан үстірті мен Инд-Ганг жазығының табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгерген, саванналар, ксерофитті сирек ормандар басым, кей жерлерде жапырағы түсетін ормандар бар. Солтүстік-батыста бұталар өскен шөлейттер мен шөлдер басым. Батыс Гаттардың желді беткейлерінде, Ганг мен Брахмапутра атырауында, Шығыс Гималайдың тауалды аймақтарында мәңгі жасыл тропиктік ормандар, Гималайдың етегінде — тераилар (батпақтанған джунглилер), одан жоғарырақта — муссондық, аралас және қылқан жапырақты ормандар, тау шалғындары өседі. Ормандар ел аумағының 1/4-іне жуығын алып жатыр.

Негізгі ұлттық саябақтары: Казиранга, Гир орманы, Манас, т.б. Көптеген резерваттар бар.

Үндістанның жануарлар дүниесі басқа Азия елдерінен ерекше. Сүтқоректі жануарлардан маймылдар (макакалар, гиббондар), бұғылар (теңбіл, замбар және қара), киіктер, өгіздер (гаур, ергежейлі және үнді буйволдары) тіршілік етеді. Үнді пілі, жолбарыс, қабылан, гималай аюы кездеседі. Арыстан, леопард, Кашмир бұғысы түгелге дерлік жойылған. Үндістанда құстар, қосмекенділер, жыландар мен балықтардың көптеген түрлері тіршілік етеді.

Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б. з. б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б. з. б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б. з. б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б. з. б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б. з. б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т. б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т. б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.

Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды: 

Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер түскен өнімнің 1/6—1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б. з. б. 6—4 ғасырларда қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б. з. б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б. з. б. 327—325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б. з. б. 2—1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б. з. б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1—3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6—12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8—10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұрлым ірілері — Палдар мен Гурджара-Пратихарлар мемлекеттері еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі — Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы — 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі — Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели сұлтандығы). Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет — Виджаянагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т. б.).

Үндістан біртіндеп Ұлыбританияның аграрлы-шикізаттық отарына айналды. Отарлық езгі Үндістан халқының қарсылығын туғызды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап елдің әр түрлі аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістері басталды. Отаршылдыққа қарсы жаппай қозғалыс діни формаларға да ие болды (саньяси, уаххабшылар). Алғашқы үнді саяси ұйымдары пайда болды. Ағылшын капиталы экспорт пен импортты, ішкі сауданың бір бөлігін сауда үйлері мен банкілер жүйесі арқылы бақылап отырды. Темір жолдар және суландыру жүйелері салынып, шай плантацияларының негізі қаланды. 19 ғасырдың ортасынан бастап Үндістан ұлттық қозғалысы күшейді. Отарлық езгіге қарсы, әсіресе, Джамна-Ганг өзен аралығы мен Бенгалияның халқы қатты қарсылық көрсетті (1857—1859). Ол елдің орталығын да қамтыды. Көтерілістен кейін 1858 жылы Үндістан британ тағының тікелей бақылауына көшті . 1855 жылы Бомбейде үнді ұлттық идеяларының ортылығы ретінде Үндістан ұлттық конгресі құрылды. 1909 жылы үнділіктер заң шығару кеңесі мүшелерін сайлау құқығына ие болды. Бірақ жергілікті халық үнділер және мұсылмандар болып екіге бөлінді.

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 ақпанынан бастап орнатылған.  1992 жылы мамыр айында Алматыда Үндістан Республикасының, ал 1993 жылы қараша айында Делиде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.  1992 жылы ақпанда Президент Н.Ә. Назарбаев Үндістанға бірінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөніндегі декларацияға, дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі протоколға, сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология, мәдениет, өнер, білім, ақпараттық құралдар мен спорт салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды.  2002 жылы 11 — 15 ақпанда Н.Ә. Назарбаев Үндістанға кезекті сапармен барып қайтты. Онда Қазақстан — Үндістан Бірлескен декларациясына қол қойылды. Жауап ретінде Үндістан басшылығы да бірнеше рет Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техикалық, өнеркәсіп пен мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Қазақстан Үндістан Біріккен комиссиясы құрылған. Ол әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мен дамытудың маңызды құралы болып отыр. Екі елдің арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары үздіксіз өсіп келеді.  2005 жылы оның деңгейі 120,8 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт — 19,9 млн. доллар, импорт — 100,9 млн. доллар). Қазақстандағы мед. жоғары оқу орындарында 400-ден астам үндістандық студенттер білім алуда.  2002 жылы ақпанда Делиде Абай көшесі салтанатты түрде ашылды. Сол жылдың маусым айында Алматы қаласындағы көшелердің біріне Махатма Гандидің есімі берілді.

Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады. 1991—2001 жылы ел экономикасына тікелей салынған шетелдік инвестициялардың көл. 23,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның көпшілік бөлігі экономикалық даму процесін айқындайтын экспортқа бағытталған жоғарғы технологиялық салаларды дамытуға жұмсалды. Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 55,9%-ы (1995) егіншілік үшін жыртылады. Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Қрі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады. Еңбек ресурстарының 64%-ы ауыл шаруашылығына, 16%-ы өнеркәсіпке қамтылған (1990). Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 1650 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның “Испат Интернэшнл” компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. “Аджанта-Фарма” Қазақстан — Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика затты құрылысын жүргізуде.

Ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай ел Үндістан.Бізге өте ерте кездердегі үнділіктердің өмірі мен тұрмыс салтынан хабар беретін бірнеше жыр дастан келіп жетті: Махабхарата, Раяана. Бұл екі жырларда да жақсылық пен жамандық арасындағы күрес сипатталып, ақырында әділеттілік жеңіп шығады. Бұл жас ұрпаққа мәнді тәрбие береді,.

Тек үнділіктерде ғана емес, бүкіл ежелгі дүние елдерінің мәдени даму дәрежесінің тамаша жетістіктерінің бірі Ману заңдары болып табылады. Оны үнділіктер бүкіл адамзаттың арғы атасы деп есептелінетін Ману жазды деп есептелінеді. Ману заңдарын оқи отырып ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет ғұрыптары туралы мәлімет ала аламыз.
Заңда елді басқару жүйесі төмендегіше болу керек делінеді.Патша адамадардың ішіндегі ең қасиетті билеуші. Заң негізінде патша уәзірлерді, қалалар мен облыстардың хакімдерінен тағайындайды. Салық жинайтын ерекше қызметкерлер болды.

Ежелгі Шығыстың көптеген елдері сияқты үндістанда да алғаш әр түрлі құдайға сенушілік пайда болды. Солардың ішінде халықтан көп қолдау тапқан Брахма құдайы.Бұл дінді уағыздаушылар мен таратушылар брахмандар деп аталынды. Алайда, олардың тұйық топтарға бөлінуі мен өздерін жоғары қоюы патшаға да төмен топ өкілдеріне де ұнамады.Олар жаңа діндерді ойлап шығарды. Ең танымалы будда діні болды. Оны негіздеген Сиддхардһа атты ханзада болды. Ол жас кезінен адамдардың қайғы қасіреті туралы ойлайды. Нәтижесінде, биліктен бас тартып ел кезіп кетеді. Адамдардың қайғы қасиетінің шешімі қоғамдағы әділетсіздік пен жамандық кеніне көз жеткізген ол ел арасында өз ойын талқыға салады. Аса білгірлігі үшін ел оны Будда-жарық сәулелі деп атап кетеді. Сөйтіп будда ілімі мен ханзаданың өмір жолы туралы пікірлер жиналып үлкен дін, буддизм пайда болады.Буддизм дінінде адамдардың бақытсыздығы олардың дінінен болады делінген. Және де буддизм байлыққа немқұрайлы қарады. 
Буддизм адамдарды байлығыны, тіліне, ұлтына бөлмеді. Кейіннен оны уағыздаушылар көрші халықтар арасында да тарата бастады. Мысалы,Қытай, Жапон аралдары.

Бізге дейін жеткен ежелгі үнділіктер өнерінің тамаша туындылары діни сарайлар-храмдар болып отыр.Олардың екі түрі болған. Біріншісі-ашық жердегі тастан, кірпіштен ттұрғызылған храмдар. Екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар. олардың екеі де түрлі түсті бояулармен сәнделген, әсем де құдіретті етіп салынған. Үнділік шеберлер тастан, күйдірілген қыштан әр түрлі мүсіндер жасады. Ауа райындағы жиі болатын өзгерістер, шаруашылық қажеттері жұлдызнамашылық пен есептеу бағытындағы білімді жетілдірді. Үнділіктердің жыл санауы бойынша, бір жыл 360 күнге, ол 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді.
Б.з V-VI ғасырларында үнді оқымыстылары жердің шар тәрізді кенін біледі.Және де қазір біздер жазып жүрген сандарды арабтаросы үнділіктерден үйренген екен. Ежелгі үнділік кітаптарда әртүрлі аурулардың аты кездеседі. Мәселен, сары ауру, буын ауруы, бас ауруы, алапес және т.б. Үнділіктердегі емдеу бақсылықпен қатар жүрген.

Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б. з. б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б. з. б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды. Олардың формалары мен типтері (жартылай шар немесе конустық күмбездері бар дөңгелек үй, ағашпен жабылған қоғамдық жиналыстарға арналған зал типті ғимараттар, т.б.) келесі ғасырлардағы тас храмдар мен басқа құрылыстар архитектурасының негізін қалады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан құл иеленуші мемлекеттердің орталықтары — Матхура, Паталипутра, т.б. қалаларға бірыңғай жоспарлау тән болды. Бұл қалаларды қоныстану брахманизмнің қоғамның варналарға (әлеум. топтарға) бөлінетіні жөніндегі тұжырымына сай жүргізілді (дәулеттілер мен кедейлер кварталдары). Қалаларда қоныстанудың мұндай қағидасы  Үндістанда кейінгі орта ғасырларға дейін сақталды.  Үндістанда көркемдік дәстүрлердің берік сақталу себептерінің бірі — ежелгі заманнан бастап цехтық құрылыс ұйымдары — “шренилердің” өмір сүруі мен құрылыс ісі және қолданбалы өнердің заңдары мен ережелерінің бірыңғай жүйесі — “Шилпашастраның” қолданылуы еді.  Үндістанөнері Жерорта теңіз мемлекеттері мен парсы мәдениетінің әсеріне ұшыраған қуатты құл иеленуші мемлекет — Маурья (б. з. б. 4—2 ғасырлар) құрылған кезде өзінің гүлдену шегіне жетті. Қалаларда қамалдардың, сарайлардың ірі кешендері тұрғызылды (Паталипутрадағы Ашок патшаның сарайы — б. з. б. 3 ғасыр). Будда дінінің таралуымен Ашок билік құрған жылдары храмдар — чайтьялар, чайтья мен пірадарлар жатақханасы — “вихару” бар монастырьлар, сондай-ақ мемориалдық құрылыстар мен бағаналар — стамбхалар жаппай салына бастады. Б. з. б. 2—1 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы Шунга мен Декандағы Андхра құл иеленуші мемлекеттерінде өнер өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңге Бхаджи, Насика, Карли тауларындағы жартастарға қашалып салынған монастырьлардың ірі кешендері жатады. Үндістанның солтүстік мен ортталық аудандарында Гупталардың (4 — 6 ғасырлар) қуатты мемлекеті құрылуымен құл иеленушілік дәуір өнері өзінің соңғы гүлдену кезеңіне өтті. Осы кезде Будданың формасы кемеліне келген, барлық бұлжымас ережелерге сай мүсіндері (Сарнатхадағы құмсаздан, Султанганджадағы қоладан жасалған мүсіндер, 5 ғасыр) жасалды. 10—11 ғасырлардан бастап қалалар тез өсіп, храм құрылыстары кең қанат жайды. Храмдар неғұрлым салтанатты әрі әсем, көлемді, күрделі композициялы бола түсіп, мүсіндердің сәулет өнерімен бөлінбес бірлігі қалыптасты. 10—13 ғасырларда жергілікті сәулет өнері мектептерінің өзіндік ерекшеліктері көрінген бірқатар храмдар пайда болды. 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік  Үндістанды мұсылман билеушілерінің басып алуы елге Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстың мәдени дәстүрлерін әкелді, ислам үстем дінге айналды. Басқаша құрылымдық элементтер (аркалар, күмбездер, шаңырақтар) мен құрылыс типтері (мешіттер, мұнаралар, медреселер, кесенелер) орнығып, сарай-бекініс ансамбльдерінің құрылысы бұрын болмаған гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнымен қатар мүсін өнері мен бейнелеу өнерінің дамуына елеулі соққы берілді, өйткені исламның діни талаптары тіршілік иелерін бейнелеуге кедергі келтірді. Делиде үнді сәулет өнері белгілерін сақтаған Кутб-Минар мұнарасымен Кувват-уль-Ислам мешіті (1193 жылы салына бастады), күшті бекіністері бар қалалар: Сири, Джаханпанах, Туглакабад пен Фирозабад, Деканда Даулатабад (14 ғасыр) салынды. Ұлы Моғолдар империясының құрылуымен (1562)  Үндістан өнері жаңа сатыға көтеріліп, өзінің ең гүлденген шегіне Акбардың тұсында жетті. Ол билік жүргізген жылдары (1556—1605) қала құрылысы мен қамал, бекіністік өнердің тамаша үлгілері жасалды: Аградағы бекініс, қала-бекініс Фатихпур-Сикри (1569—84) (бекініс сол қалпында осы кезге дейін сақталған), Аджмер (1570) мен Аллахабадтағы бекіністер]. Бірыңғай баумен қоршалған орталық — күмбездік кесененің классикалық типі қалыптасты (Делидегі Хумаюн кесенесі, 1565). Шах-Жаїанның (17 ғасыр) кезінде сәулет өнерінде әсемдік артып, қымбатшылыққа ұмтылу күшейді, мәрмәр мен бағалы тау жыныстары кең қолданылатын материалдарға айналды. Кесененің дәстүрлі формалары Аградағы Тәж-Махал мазарында кемеліне жеткізілді. 18 ғасырда жергілікті дәстүрді сақтаған Раджастхан өнері жоғары деңгейде дами берді. Солтүстік  Үндістандағы мұсылман билеушілерінің үстемдігі кезеңінде дәстүрлі храмдық сәулет және мүсін өнері бұрынғыша брахман абыздары үстемдік еткен қиыр оңтүстікте ғана дамыды. Ескі храмдардың айналасына қақпа үстіндегі мұнаралар — “гопурамы” бар, мүсіндері мол қоршаулар тұрғызылды. Ғасырлар өткен сайын қоршаулар саны өсіп, храм кешені ашық галереялы көп бағаналы аулалар — мантапамы мен шомылуға арналған бассейндерден құ-ралған бекіністі қалаға айналды (Чидамбарамдағы, Рамешварамдағы, Мадураидегі храм кешендері). Бағаналардың үстіне секіріп тұрған жылқылар мен қиял-ғажайып кейіпкерлердің орасан мүсіндері орнатылды. Орта ғасырларда миниатюралық сурет өнері дамыды. Үнді миниатюрасының ертеректегі мектептерінің ішіндегі белгілісі — гуджарат мектебі (11—16 ғасырлар). 16 ғасырда миниатюраның моғол мектебі пайда болды. Тарихи шығармаларды көркемдеу, портреттік және жануарларды бейнелеу жанры тарала бастады. Моғол мектебінің көптеген дәстүрлері 16 — 17 ғасырларда гүлденген декан мектебіне үлкен ықпал етті.  Үндістандағы ағылшындардың отаршылдық үстемдігі кезеңінде (18 ғасыр — 1947) еуропалық мәдениеттің ықпалы күшейіп, ұлттық мәдениет құлдырап кетті. Калькутта, Мадрас (Ченнаи), Бомбей сияқты портты қалалар тез өсіп, 17 ғасырдың өзінде-ақ ағылшындар бұл қалаларда өздерінің бекіністерін, доктары мен христиан шіркеулерін тұрғызды. Дамып келе жатқан өнеркәсіп орт-тары — жаңа қалалар, олармен бірге заводтар, вокзалдар, муниципалитеттер пайда болды. Жаңадан салынған қалаларда әкімш. ғимараттары орналасқан, көркейтілген, еңселі үйлері мен саябақтары бар еуропалықтар тұратын, жұмысшылардың лашықтары мен табыс түсіретін үйлер орналасқан, ретсіз құрылысты үнділік аудандар қалыптасты. Отаршылдық кезеңдегі қала құрылысының үлгісі — Нью-Дели болды. Оның көшелері геом. жағынан дұрыс жоспарланып, негізінен еңселі үйлер, үкімет ғимараттары тұрғызылды. 18 ғасырдан бастап 19 ғасырдың ортасына дейінгі әкімш., іскерлік, ғимараттар, жеке резиденциялардың архитектурасында ағылшын классицизмі, кейіннен жаңа готикалық формалар басым болды.

Үндістан халықтары — өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың әр салалы еңбек және рухани қызметіне байланысты халықтық және ұжымдық әдет-ғұрыптардан басталады. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі “Натья-шастра” (1 ғасыр) трактаты өзі жарық көргенге дейінгі заманда үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді. Үнді музыкасына суырып салмалық тән. Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан келгендер орныққаннан кейін үнді музыка мәдениеті мұсылмандық Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін ұштастырған жаңа стиль пайда болды. Көптеген вокалдық стильдердің ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ән айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен бірігуі нәтижесінде кейінірек пайда болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары мен өкініштері жөніндегі әсем лирикалық ән-тхумри, негізін Пенджабтың халық әндері құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне жақын бхаджан мен киртан да кең тараған. Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик. және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Әр түрлі аудандардың халық әндері жергілікті ерекшеліктерге ие, оларға табиғи, шынайы сезімдік сарын, әлеум. реңк тән. Үндістан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін музыкалық мәдениеттің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Музыка, би мен драма академиясы (“Сангит натак академи”, 1953) құрылды. 1954 жылдан үнді әндері жөніндегі конференция (“Сангит самелян”) өткізіліп келеді. Қазіргі заманғы  Үндістанның музыка мәдени өміріндегі жаңа құбылыстардың бірі — үнді киносындағы музыка. Оның негізгі ерекшелігі — музыка өнерінің батыс және шығыс үлгілерінің үйлесімі болып табылады.

Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпик. поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады. Мұндай театрларда өнер көрсететін актерлердің мәнерлеп оқу, би, пантомима, әншілік, кей жағдайда цирк артисінің шеберлігінен хабары болуы керек. Үнді халықтық театрларының спектакльдерінде сюжеттің біраз бөлігі актерлердің ойнымен ғана емес, әңгімелеу арқылы да түсіндіріледі. Арнайы сахналық алаңның, декорация мен құрал-жабдықтардың мол болуы да шарт емес. Дәстүрлі театрдың ең жарқын әрі көркемдік құралдарының бірі — бидің көптеген стильдері мен жергілікті түр өзгерістерінің болуы (бхарат-натьям, катхакали, катхак, манипури). Классикалық үнді драмасы мен театрының гүлденуі 4—6 ғасырлардағы Бхаса, Калидаса, Шудракилердің шығарм-мен байланысты. 19 ғасдың 2-жартысында еур. үлгідегі театрлар, бенгал, хинди, маратхи тілдеріндегі драмалық шығармалар пайда болды. 1795 жылы Калькуттада бенгал артистерінің алғашқы труппасы құрылды. 1872 жылы драматург Г.Гхош үнді қоғамының көпшілікке үлкен әсер еткен Ұлттық театрдың негізін қалады. 20 ғасырдың 60-жылдары  Үндістанда 30-дан астам кәсіби театр ұжымы жұмыс істейді.

Үндістанда алғашқы фильм 1913 жылы түсірілді (“Раджа Харишчандра”, реж. Д.Г. Пхалке). 1931 жылы бірінші дыбысты кино “Алам Ара” (реж. А.Ирани) қойылды. 20 ғасырдың 40-жылдарының 2-жартысында, әсіресе, тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін (1947) ұлттық кинематография құру мүмкіндігі пайда болды. 1947 ж. ақпарат пен радио хабарын тарату министрлігі жанынан кинематография бөлімі ұйымдастырылды. Халық өмірін шынайы бейнелеген алғашқы фильмдер пайда болды — “Жер балалары” (1946, реж. Х.А. Аббас), “Құр қалғандар” (1949, реж. Н.Гхож). 50-жылдары шығарылған бірқатар фильмдер де маңызды әлеум. мәселелерге арналды. Олардың ішінде “Серік” (1953, реж. Аббас), жерге деген өз құқықтары үшін күрескен шаруалар жөніндегі “Екі бигха жер” (1953, реж. Б.Рой), белгілі бір мөлшерде “Қаңғыбас” (1951, реж. Р.Капур), т.б. фильмдері бар. Реж. С.Рейдің кинотрилогиясы (“Жол жыры” — 1955, “Жеңілмегендер” — 1957, “Апу дүниесі” — 1959) тек қана үнділік емес, дүниежүзінде кино өнеріндегі елеулі құбылыс болды. Үнді фильмдеріне тұрмыс көріністері мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты бейнелеу, оқиғалардың баяу дамуы тән.  Үндістан кино өнімдерінде көбінесе тарихи сюжеттерге арналған музыкалық фильмдер елеулі орын алады. Олардың көпшілігінде фильм мазмұнына қатысы жоқ әндер мен билерге шамадан тыс көңіл бөлінеді. Ел өмірін жан-жақты суреттейтін деректі фильмдер шығару жолға қойылған. 1960 жылы Пунада кинематография институты ашылды. 1954 жылдан Бомбей қаласында бүкілүнділік кинофестиваль өткізіліп тұрады. Кино өнері жөнінде бірнеше журнал шығарылады.  Үндістан — дүние жүзінде жылына ең көп көркем фильмдер шығаратын мемлекет. Үнділік кино фабрикасы — Болливуд деген атқа ие болған, ол Бомбей қаласының түбінде орналасқан. Бұл қаланың түсіру павильондарынан күн сайын екі жаңа фильм шығарылады. Фильмдер хинди, бенгал, маратхи, т.б. халықтардың тілдерінде түсіріледі. Дүние жүзіне есімі танымал үнділік кино актерлерінің қатарына,Айшвария Рай Баччан,Шахрух Хан,Фрида Пинто,Д.Патель, Б.Сахни, Д.Ананд, Д.Кумар, Радж Капур, Шиши Капур, Наргис, С.Сен, М.Кумари, Б.Ран, В.Рахман, Ш.Тагор, Зинат Аман, Амитабх Баччан, Амриш Пури, Митхун Чакраборти, Шри Деви, т.б. жатады.




#Article 28: Қазақ тілі (613 words)


Қазақ тілі (төте: , латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар  қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).

Басты мақала: Қазақ жазуы

Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы пайдаланылды. XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліпбиді пайдаланады.

Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).

Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.

Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940 жылы еңгізілген Аманжолов Сәрсеннің әліпбиі негізінде берілген. Бұл әліпбиді, тоталитарлық жүйе қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әліпбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсіздік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: басқа дыбыстық жүйелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жүйелер.

Қазақ тіліне тән 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, е
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
Қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ш, у.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

Осы 28 пәнем, Байтұрсұн Ақымет құрғаң, Төтө жазұу дыбыс жүйесі болып табылады, Байтұрсұн Ақымет Төтө жазұу дыбыстарын, арап таңбаларын ыңғайлап, белгілеген.

Кійрілше немесе латын таңбаларымен белгіленген, Байтұрсұн Ақымет пәнемдерін қолдана құрылған және Байтұрсұн Ақыметтің жазұу, оқұу ережелері негізіндегі, жазұу жүйелер Тұура Жазұу деп аталады.

Байтұрсұн Ақымет дыбыс жүйесі.

( 28 пәнем, кійрілше таңбалау )

О, Ұ, А, Ы, Ө, Ү, Ә, І, Е, Й, У, Р, Л, Н, М, Ң, Б, Д, Ғ, Г, Ж, З, П, Т, Қ, К, Ш, С.

Қазақ тілінде сөз алдында тұратын көмекші сөздер (preposition) орнына, сөз артынан келетін шылау (postposition) не тиісті жалғау қолданылады (мысалы: қазақ тілі туралы мақаланы энциклопедияға қосу).

Сан есімі бар зат есім жекеше түрінде беріледі (мысалы: «мен екі мақала жаздым», бірақ «мақалаларымда көп қате жіберіппін»).

Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар

Қазақ тілінде 7 септік бар. Төменде әр септіктің сұрақтары, жалғаулары мен мысалдары берілген:




#Article 29: Тәжікстан (1807 words)


Тәжікстан (), ресми атауы — Тәжікстан Республикасы () — Орталық Азиядағы мемлекет. Оңт-нде Ауғанстанмен, солүстік мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 9 000 030 миллион (2018). Халқының 62%-ын тәжіктер, 23%-ын өзбектер, 5%-ын орыстар, қалған 10%-ын түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, корейлер, немістер, т.б. құрайды. Астанасы — Душанбе қаласы (608 мың адам) (2000). Ресми тілі – тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы – меджлис. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы облысы (жер аумағы – 63,7 мың км2; халқы – 167 мың (2000); әкімшілік орталығы – Хорог қаласы) кіреді. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – сомони.

Жерінің 93%-ы Тянь-Шань, Гиссар – Алай және Памир тау жүйелеріне жататын таулардан тұрады. Жартысынан астамы теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте орналасқан. Тәжікстанның солтүстік жағын Құрама жотасы (биіктігі 3769 м), Моғолтау (1624 м), Түркістан жотасы, орталық бөлігін Гиссар – Алай тау жүйесі, оңтүстік-батысын Жылантау, Теректітау, Ақтау, Қаратау, шығысын Памир тау жүйесі алып жатыр. Тау аралықтарында Ферғана, Гиссар, Вахш, Төменгі Кафирнихон, т.б. аңғарлар орналасқан. Тәжікстанның климаты континенттік, қаңтардың орташа температурасы оңтүстік-батыстың тау аңғарлары мен тау бөктерлерінде 2°, –2°С, солтүстігінде –20°С-қа дейін; температураның абсолют минимумы Памирде (Бұлынкөл) –63°С-қа жетеді. Шілденің орташа температурасы 30°С-тан 0°С-қа дейін (Памирде); температураның абсолют максимумы 40°С (Төменгі Пяндж). Гиссар жотасының оңтүстік етегіне жылына 1600 мм жауын-шашын түседі. Тау аңғарлары мен қазан шұңқырларда 100 – 150 мм, Шығыс Памирде (Қаракөл) 72 мм ылғал түседі. Тәжікстан жеріндегі тау мұздықтарынан көптеген өзендер бастау алады. Басты өзендері – Сырдария мен Әмудария. Вахш, Пяндж және Кафирнихон өзендері Тәжікстан жерінің біраз бөлігін кесіп өтіп, Әмударияға барып құяды. Тәжікстанда өсімдіктердің 5 мыңдай түрі кездеседі. Өзен жайылмаларында тораңғы тоғайлары бар. Таулы аудандарының жартысын арша орманы алып жатыр. Ылғалды аудандарда жаңғақ, түркістан үйеңкісі, сиверс алмасы, алша, бұқара бадамы өседі. Тәжікстанның фаунасында сүт қоректілердің 81, құстың 365, бауырымен жорғалаушылардың 49, насекомдардың 7 – 8 мың түрі кездеседі. Жазық жерлер мен тау бөктерлерінде жайран, қабылан, бұхара бұғысы, қасқыр, барыс, борсық, жабайы шошқа; таулы өңірде сусар, аю, таутеке, арқар, т.б. мекендейді. Су айдындарында балықтың көптеген түрі бар.

Тәжікстан аумағын алғашқы адамдар төменгі палеолит дәуірінен бастап қоныстанған. Солтүстік және оңтүстік Тәжікстанда төменгі палеолит, мезолит дәуірлерінің ескерткіштері көптеп кездеседі. Оңтүстік-батыс бөлігінен неолиттік гиссар мәдениетінің ескерткіштері ашылған. Ежелгі дәуірде Тәжікстан аумағында Соғды, Бактрия мемлекеттері құрылды. Біздің заманымыздан бұрын 6 – 4 ғасырларда Тәжікстан жері парсылардың (қара Ахемен әулеті) қол астында болды, біздің заманымыздан бұрын 329 жылы онда А.Македонскийдің әскері басып кірді. Македонский мемлекеті ыдырағаннан кейін Тәжікстан жерінің бір бөлігі Селевки мемлекетінің, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2 ғасырларда едәуір бөлігі Грек-Бактрия патшалығының құрамына кірді. Біздің заманымыздан бұрын 140 жылы Тәжікстан жеріне көшпелі Тохар әулеті ене бастады. Кушан кезеңінде (қара Кушан патшалығы) Тәжікстанда ірі құрылыс-жайлар, суландыру жүйелері салынды, қолөнер дамыды. Осы кезеңде Тәжікстанға Үндістаннан буддизм, Ираннан манихейлік наным келіп кірді, бірақ негізгі діні зороастризм болып қалды. 510 жылға қарай Орталық Азияда эфталиттер мемлекеті қалыптасты. 563 – 67 жылы түрік тайпалары эфталиттерді жеңіп, Тәжікстан жері Батыс Түрік қағандығының құрамына енді. 8 ғасырдың ортасында елді арабтар жаулап алды. 9 – 13 ғасырларда Тәжікстанда Тахири мемлекеті мен Самани мемлекетінің, Ғазнауи сұлтандығының, Қарахан мемлекетінің, Қарақытай мемлекетінің, Хорезмнің құрамында болды. 1221 жылы Тәжікстанды Шыңғыс хан әскері жаулап алып, Шағатай ұлысына бағынды. 14 ғасырдың 2-жартысынан Темір мемлекетінің құрамына кірді. Темір әулеті тұсында өнер, ғылым, әдебиет жоғары сатыға көтерілді. 16 ғасырдың басында Тәжікстан аумағы Шайбани мемлекетінің құрамына енді. Аштархан әулеті тұсында өзара қырқысулар күшейіп, Хорезм, Балх, Бадахшан Бұхар хандығынан бөлініп шықты. 1740 жылы Тәжікстан жерін Иран билеушісі Нәдір шах жаулап алды. 18 ғасырдың орта тұсына қарай Маңғыт әулеті өкімет басына келді. 19 ғасырдың 1-жартысында Тәжікстан жерін Қоқан хандығы мен Бұхар әмірлігі өзара бөлісті. 1866 жылы 4 мамырда патшалық Ресей әскерлері Ходжентті, 2 қазанда Ұратөбені жаулап алды. 1868 жылы 23 маусымда Ресей мен Бұхар әмірлігі арасында жасалған шарт бойынша орыс әскерлері жаулап алған барлық аумақ империя құрамына кірді. 1895 жылы орыс-ағылшын келісімі бойынша Памирдің Ауғанстанмен шекарасы Пяндж өзенімен белгіленді. Қазіргі Тәжікстанның оңтүстік – батыс және орталық бөліктері Бұхар әмірлігінің, ал қалған бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығының Сырдария (1886 жылдан кейін Самарқанд) мен Ферғана облыстарының құрамына енді. Тәжікстан жерінің Ресейге қараған бөлігінде отарлық билік органдары құрылып, жергілікті халықты қанау қарқынын күшейтті. Тәжікстан жерінде астық орнына мақта егуге көп көңіл бөлінді. Мақта Ресейдің орталық аудандарындағы фабрикаларға тасымалданды. Ауыл шаруашылығындағы мұндай өзгеріс өңірге аштық қаупін тудырды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында Мұсылман комитеті құрылды, кеңес өкіметінің орнауына жергілікті халық тарапынан қатты қарсылық көрсетілді. Жергілікті халықтың басым бөлігі басмашылар қозғалысына тартылды. 1918 – 24 жылы Тәжікстан аумағы Түркістан кеңес республикасы мен Бұхар халық кеңес республикасы құрамында болды. 1924 жылы 14 қазанда КСРО БОАК тәжік халқына автономиялық республика құру құқығын берді. Тәжік АКСР-іне Самарқанд, Ходжент уездерінің 12 болысы, бүкіл Шығыс Бұхар кірді. КСРО ОАК-нің 1925 жылы 2 қаңтардағы шешімімен оның құрамына Таулы-Бадахшан автономиялық облысы (Солтүстік Памир) қосылды. Тәжік АКСР-і Өзбек КСР-і құрамында болып, 1929 жылы қазанда Тәжік КСР-і жеке бөлініп шықты. Тәжік КСР-і құрамына Таулы-Бадахшан автономиялық облысы, Ходжент, Гиссар, Гарм, Қорғантөбе, Куляб, Ұратөбе, Пенджикент округтері кірді. 1929 жылы Тәжікстанда ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынды. 1940 жылы Вахш суландыру жүйесі, Үлкен Ферғана, Үлкен Гиссар каналдары қазылды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Тәжікстанға соғыс қимылы жүріп жатқан жерлерден зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Тәжікстан халқы қаржы жинап, “Советтік Тәжікстан” авиаэскадрильясын, “Тәжікстан колхозшысы” танк колоннасын жасақтап, соғысқа аттандырды. Соғыс кезінде тәжікстандық 49 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. 1950 – 90 жылы Тәжікстан негізінен мақта өсірумен айналысты. Сонымен қатар онда ірі өнеркәсіп орындары мен СЭС іске қосылды. 1991 жылы Тәжікстан президенті К.Махкамов тамыз бүлігіне қолдау танытты. Бұл өз кезегінде халық наразылығын туғызды. Осы жылы қыркүйекте Тәжік КСР-і Жоғарғы Кеңесі Тәжікстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жайлы декларация қабылдады. 1991 жылы 24 қарашада Тәжікстанда президент сайлауы өтіп, онда Р.Нәбиев жеңіске жетті. 1992 тамызда президент Нәбиевтің жақтастары мен оппозиция күштер арасында қақтығыс болды. Оппозиция күштерді Тәжікстанның исламдық қайта өрлеу партиясы, Тәжікстанның демократия партиясы және “Растохез” (Қайта өрлеу) қозғалысы құрады. Екі жақтың қақтығысы азамат соғысына ұласып, ол бес жылға созылды. Азамат соғысы барысында 100 мыңға жуық адам қаза тауып, 900 мыңнан астам адам босқыншылыққа ұшырады. 1994 жылғы президенттік сайлау өткізіліп, онда Э.Рахмонов жеңіске жетті. Қазақстан мен Тәжікстан арасында 1993 жылы 19 қазанда Өзара қарым-қатынас туралы келісімшартқа қол қойылды. Тәжікстан президенті Рахмонов алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен 1995 жылы 22 қарашада келді. Тәжікстанда Қазақстанның елшілігі бар.

Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және Иранға шығарылады. 2002 жылы Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді. Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрме-сынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, электртехникалық қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібінен минералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыттары, гипс, алебастр, әктас зауыттар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған. Жүзімдік және бақ Тәжікстанның оңтүстік-батыс жағында және Батыс Памирде өрік, шабдалы, алма, алмұрт, айва, анар, інжір өсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле бастады. Етті-жүнді және етті-сүтті мал шаруашылығы дамытылуда. Жібек құрты өсіріледі. Таулы-Бадахшан автономиялы облысында биік таулық жайылымдықтарда мал шаруашылығымен бірге бақ, темекі өсірудің және тау-кен өндірісінің үлесі басым. 

Тәжікстан әдебиеті қазіргі Иран, Ауғанстан және Орталық Азияны мекендеген иран тілдес (парсы-тәжік) халықтардың жазба ескерткіштерінде сақталған үлгілерден құралады. 9 – 20 ғасырлар аралығында тәжіктің классикалық әдебиеті пайда болды. Оны үш дәуірге бөлуге болады: 1) 9 – 15 ғасырлардағы иран-тәжік әдебиеті; 2) 16 – 19 ғасырлардың 1-жартысы аралығында Орталық Азияда қалыптасқан әдебиет; 3) 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығын қамтитын тәжіктің ағартушылық әдебиеті. 9 – 10 ғасырлар Тәжік поэзиясы үшін “алтын ғасыр” болып есептеледі. Бұл кезде Рудаки, Әбу-л-Хасан Кисай (953 – 1002), Әбу Шакур Балхи (915 – өлген жылы белгісіз), Дакики (туған жылы белгісіз – 977) секілді ірі ақындар шықты. Ә.Фирдоуси (940 – 1020) өзінің атақты “Шахнамасын” жазды. 10 ғасырда әдеби орталық Ғазғана көшкен кезде Ә.Унсури (туған жылы белгісіз – 1039), Фаррухи (туған жылы белгісіз – 1038), т.б. талантты ақындар шықты. 12 ғасырда Омар Һайям (1048 – 1122) рубаиларымен ерекше көзге түсті. 15 ғасырда Ә.Жәми (1414 – 92), т.б. ақындар шықты. 16 – 19 ғасырлардағы тәжік әдебиеті басқа парсы тілдес әдебиеттерден бөлек дамыды. Бұл кезде Сайидо Насафи (туған жылы белгісіз – 1709), Фитрат Зардуз (1660 – өлген жылы белгісіз) сияқты ақындар өз шығармаларымен танылды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы аралығында әдебиетте ағартушылық идея басым болды. Бұл бағытты Ахмад Дониш (1826 – 97), Р.Возех (1818 – 94), т.б. қаламгерлер бастады. 20 ғасырдың басында ағартушылық идеяны С.Айни (1878 – 1954), Т.Асири (1864 – 1916), т.б. ақын-жазушылар дамытты. Кеңестік дәуірде Пайров Сулаймони, Джылы Икрами, А.Дехоти, М.Миршакар, Ә.Лахтуди, М.Турсун-заде, Ф.Ниязи, Г.Абдулло, т.б. ақын-жазушылар шығармалары арқылы танылды. Бүгінгі таңдағы Тәжікстандағы әдеби өмірде тәуелсіздікке, елдің тарихына арналған шығармалар көптеп жарық көруде.

Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық-әлеуметтік байланыстардың үзілуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалық тығырыққа алып келді. Шаруашылықтың барлық салаларында тұралау байқалды. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіпте айқын байқалды. Нарықтық экономика көшіне ілесе алмай, бір шетте оқшау қалып қойған ел экономикасы қалпына келу үшін уақыт пен қомақты қаржы қажет. Елдегі барлық басқару тетігі мемлекет қолында жинақталған, бұл өз тарапынан шетел қаржыгерлерінің белсенділігіне тежеу болуда. 2008 жылғы мәліметтер бойынша, Тәжікстанның ЖЮ-нің жалпы мөлшері 5,05 миллиард АҚШ доллары, оның 30%-ы енеркәсіптің, 29%-ы ауыл шаруашылығының, ал қалған 41%-ы өндірістік емес салалар үлесіне тиесілі.

Өнеркәсібінің жетекші саласы электр энергиясын өндіру болып табылады. Елдегі аса зор гидроэнергетикалық қордың бар болғаны 5%-ы ғана пайдаланылады. Олар — Вахш өзеніндегі Нүрек, Рогун СЭС-і. Біртұтас энергия жүйесінен ажырап қалғандықтан, өндірілген энергия тек өз қажеттеріне ғана жұмсалады. Сондықтан энергияны көп қажет ететін Тұрсынзада қаласындағы алюминий

Тәжікстан аумағында кездесетін ежелгі өнер ескерткіштері мезолит дәуіріне жатады. Грек-Бактрия (біздің заманымыздан бұрын 3 – 2 ғасырлар) және Кушан патшалығы кезеңінде эллиндік типтегі қалашықтар (Саксан-Охур, Шахринау, т.б.) салынған. 5 ғасырдан бастап мұнаралы қорған-қалалар (Пенджикент) тұрғызылды. Ауылдық жерлерге қарауыл мұнаралары (Моншақ төбе, Орта қорған, т.б.) салынды. Соғды, Тохаристан көркем мәдениеті негізінде дамыған бастапқы орта ғасырдағы бейнелеу өнері эллиндік және кушандық дәстүрді жаңғыртып, Үндістан, Ауғанстан өнерімен сабақтаса отырып, жергілікті стильді қалыптастырды. Мұсылман діні енгеннен кейін тәжік бейнелеу өнерінде ою-өрнекке баса көңіл бөлініп, монументті сән өнері өркен жайды. Тәжік музыка мәдениетінің түп төркіні ежелгі Бактрия, Соғды және Уструшана мемлекеттері өнерімен байланысты. Музыкалық аспаптары: дутар, думбрак (ішекті-шертпелі), гиджак (ысқылы), най, карнай, сурнай (үрмелі), таблак, нагора (соқпалы) ежелгі дәуірден жеткен. Тәжікстан жерінде драма театры 1929 жылы ашылды. 1939 жылы алғашқы тәжік операсы – Восе көтерілісі қойылды. 1938 жылы Тәжік филармониясы ашылды. Тәжікстанда хроникалы қысқа метражды фильмдер 1929 жылдан түсіріле бастады. 1932 жылы “Дәурені өткен әмірлер” атты тәжіктің алғашқы көркем фильмі өмірге келді. 1999 жылы Тәжікстанда Самани әулеті мемлекетінің 1100 жылдығы аталып өтілді. Душанбедегі Ұлттық тарихи музейде Самани әулеті кезіндегі музыкалық аспаптардың, киімдердің, қолөнер үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Осы мерейтойға орай Самани әулеті мемлекетінің тарихына, мәдениеті мен өнеріне қатысты 189 кітап жарық көрді. Тәжікстанда қазіргі кезде жыл сайын халық өнерпаздарының “Андалеб” (Бұлбұл) атты байқауы өткізіледі. 1999 жылы “Парасту – 99” (Қарлығаш) атты театр фестивалі ұйымдастырылды. Бұл фестивальға Тәжікстандағы 14 театр қатысты.




#Article 30: Армения (767 words)


Армения, Әрменстан немесе Әрмения ( []), толық ресми атауы — Армения Республикасы ( []) — солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.
 

Армения — қызғылықты оқиғаларға бай тарихы бар ежелгі мемлекет. Әлемдегі көне этностардың бірі болып саналатын армян халқы Армян таулы қыратын біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын мекен еткен болатын. Қазіргі Армения аумағында б.з.д. IX ғасырдың өзінде құл иеленуші ежелгі Урарту мемлекеті болған, ал б.з.д. IV ғасырда Армян патшалығының негізі қаланды. Біздің заманымыздың басында мемлекет аумағында христиан діні тарала бастады. Осылайша жаңа заманның 301 жылы Армения христиан мемлекетіне айналды. Орта ғасырларда гүлденген Армения қалалары сауда мен өнер орталықтары болды. X ғасырдың соңына қарай елдің оңтүстік бөлігін Византия басып алды. Армения бұдан кейін тағдыр тәлкегіне көп ұшырады: сан ғасырлар бойы ел аумағы талай рет сырттан келген жаудың табанында қалды. XVII ғасырда Арменияның екі қуатты көршісі бұл елді екіге бөліл алды; ел аумағының батысы Түркияның, ал шығысы Иранның қарамағына өтті. Кейінірек орыс-парсы соғысының нәтижесінде Шығыс Армения Ресей империясының құрамына енді. Түркияның қол астында қалған Батыс Армения жылдар бойы түрік билеушілерінің қатал езгісінде болды. Бұл қайғылы оқиғалар армян халқының тағдырына елеулі ықпал етті: құртып-жоюдан аман қалған армяндар атақонысын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін армяндардың ірі топтарын осымен түсіндіруге болады.

Бұл шағын елдің табиғат жағдайлары өте алуан түрлі. Ел аумағының 9/10 бөлігі теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан, мұның өзі жер қорын шаруашылық мақсатта пайдалануды қиындатады. Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Арарат жазығы алып жатыр, мүнда ТМД аумағындағы ең ежелгі және әдемі калалардың бірі болып саналатын ел астанасы Ереван орналасқан.

Арменияның таулы бөлігі сейсмикалық жағынан қауіпті ауданға жатады, соңғы жойқын жерсілкішсі 1988 жылы Спитак қаласы маңында болды. Арменияның ең биік нүктесі — елдің солтүстігінде орналасқан Арагац тауы (4090 м). Ел аумағында түсті металдардың едәуір мол қоры шоғырланған. Әсіресе мыс кең орындары айрықша көзге түседі. Олар елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-бастысында орналасқан. Мыстан басқа, Армения молибден кең орындарымен, алуан түрлі құрылыс материалдарымен (мәрмәр, гранит, туф және т.б.) әйгілі.

Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр. Қаңтардың орташа температурасы 0°С-тан 12°С -ка дейін, ал шілденің орташа температурасы +18°С-тан +24°С-қа дейін ауытқиды. Жылдың жауын-шашынның ең көп мөлшері (900 мм) Кіші Кавказдың батыс беткейлерінде түседі, ал Арарат аңғарында оның көрсеткіші бар болғаны 220 мм ғана. Сол себепті егістік алқаптары қолдан суаруды қажет етеді. Елдің шығысында, Әзірбайжанмен шекараға жақын жерде Севан тау көлі орналасқан. Көл суы әрқашан салқын, тіпті жаздың өзінде оның жағалауында салқын леп соғып тұрады. Көл айналасында ұлттык саябақ ұйымдастырылған. Севанға жақын манда минералды бұлақтар негізінде жұмыс істейтін Джермук, Арзни және басқа сауықтыру орындары орналасқан. Өзен торы біркелкі таралмаған, ол тек биік таулы аудандарда жиірек. Елдегі ең ұзын өзен — Аракс.

Соңғы онжылдықта ТМД-ның басқа да жас тәуелсіз мемлекеттеріндегі сияқты, Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі). Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бұл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.

Өнеркәсіп үлесіне ЖІӨ-нің 34%-ы тиесілі. Өнеркәсіп құрылымында машина жасау басым, әсіресе прибор және станок, радиотехника мен электроника жасау жақсы дамыған. Өнеркәсіптің байырғы салаларының бірі — жергілікті шикізат көзіне негізделген түсті металлургия. Бұл саланың жекелеген кәсіпорындары электр энергиясының тапшылығынан өз жұмысын тоқтатқан. Елде мұнай мен табиғи газ қоры жоқ, мұның өзі елді энергия көзімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге кедергі болуда. Электр энергиясы Армян АЭС-і мен Раздан өзеніндегі СЭС жүйесінде өндіріледі. Соған қарамастан жыл сайын жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру азайып келеді.

Басқа салаларға қарағанда, жергілікті шикізат кезіне бағдарланған тамақ енеркәсібі тұрақты дамып келеді. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері (шарап, коньяк, жеміс консервілері) республикадан тыс жерлерге көп сатылады. Елде құрылыс материалдарын өндіретін бірнеше кәсіпорын жұмыс істейді.

Агроөнеркәсіптік кешенде жүзім шаруашылығы мен жеміс өсіру жетекші орын алады. Жүзімдіктер мен жеміс бақтарының көпшілігі Арарат аңғарының суармалы алқаптарында орналасқан. Мұнда мақта, бадам, зәйтүн және көкөніс басым таралған. Жайылымдық мал шаруашылығы кең қанат жайған. Тауларда бидай мен арпа өсіріледі. Жалпы алғанда, жыртылатын жерлер ауыл шаруашылығы жерлерінід 2/5 бөлігін құрайды. Қазіргі кезде елдің ауыл шаруашылығы табиғи сипат алған, яғни ел азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылуда. Соған қарамастан астық, сүт және ет ендіру көлемі қысқарған.

Сыртқы саудадағы негізгі бағыт — импорт көлемінің ұдайы артуы, ол экспорт көлемінен әлдеқайда артық болып отыр. Ел мазут, табиғи газ, ауылшаруашылық өнімдерін сырттан сатып алуға мәжбүр. Елдің сыртқы экономикалық байланыстардағы негізгі әріптестері Ресей (20%), Иран және Түрікменстан болып табылады.




#Article 31: Әзірбайжан (1189 words)


Әзірбайжан (), ресми атауы — Әзірбайжан Республикасы () — Азия мен Еуропа аралығында, Оңтүстік-Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахчыван автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.

Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны Премьер-министр басқарады. Әзірбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км², халқы 10,067 млн. адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзірбайжандар. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.

Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардүзі (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 00С-тан 30С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 270С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым. 
Әзірбайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзірбайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзірбайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзірбайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзірбайжан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.

Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзірбайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. 
Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзірбайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды салжұқтар басып алды. 
Әзірбайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзірбайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзірбайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 

Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады. 

Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзрбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 миллион адам.  Астанасы – Баку (Бақы) қаласы.

Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахчыван автономиялық Республикасы енеді. Нахчыван автономиялық Республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Қарабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Қарабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.

Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі.

Әзірбайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.

Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардүзі (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Арас ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқкиімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің; дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.

Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз келігі алады. Баку — Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тасжолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тасжолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш бойынша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.

Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.




#Article 32: Грузия (1283 words)


Грузия, Гүржістан немесе Гүржия, Грузия Республикасы ( , Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 63 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзірбайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).

Жерінің 87%-ін таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-і орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара тау жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің географиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (Боржоми, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа температура 4—7 °С, ал шілдеде 22—24 °С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.

Грузия жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Б.з.б. 8 ғ-да қазіргі Гүржістан территориясын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (б.з.б. 7 ғ.) мен Ахемен әулетінің (б.з.б. 6 ғ.) иелігінде болды. Б.з.б. 6 ғ-да Қара теңіздің шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Кавказ халықтары арасында сауда байланысы күшейді. Б.з.б. 6 ғ-да Бат. Гүржістанда Колхида патшалығы, ал 4 ғ-да Шығ. Гүржістанда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-қатынас, сауда-саттық дамыды. Б.з.б. 1 ғ-да қазіргі Гүржістан аумағын Рим империясы басып алды, бірақ б.з. 2 ғ-ынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті әкімдердің билігі күшейді. 3 — 4 ғ-ларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғ-дан бастап Гүржістанға Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 — 9 ғ-ларда Г-ның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғ-дан бастап Гүржістан біртұтас мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғ-да Солтүстік Арменияны жаулап алды. Давид І (1073 — 1125), Георги ІІІ (1156 — 84), Тамара (1184 — 1213) патшалар тұсында Гүржістан Кавказдағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Бұл кезеңде Гүржістан патшаларының билігін Солт. Кавказ, Солт. Иран, Әзірбайжан, Қара теңіздің оңт.-батыс жағалауы елдері (Трапезунд патшалығы, т.б.) мойындады. Осы кезде қалалар көркейіп, мәдениет өркендеді. Философия, тарих, әдебиет, сәулет өнері жақсы дамыды. Ш. Руставелидің “Жолбарыс терісін жамылған батыр” туындысы осы кезде жазылды.

Гүржістан 13 ғ-дың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғ-дың 2-жартысында Әмір Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғ-да бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 — 18 ғ-ларда Иран мен Осман сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды. 17 ғ-да Иран шаҝы Аббас І Грузияға бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 18 ғ-дан бастап Гүржістан қайтадан біріге бастады. Вахтанг VІ патшаның тұсында (1703 — 24) орталық үкіметтің билігі күшейтіліп, кең көлемде құрылыс жұмыстары жүргізілді. 18 ғ-дың 2-жартысында Ираклий ІІ патшаның тұсында Картли (Иберия) және Кахети патшалықтары біріктірілді. Ол сепаратистік пиғылдағы князьдердің қарсылығын талқандап, шаруашылық пен сауданы қайта жандандыруға күш салды. Қалалар қайта жандана бастады. Бұл кезеңде тағы бір грузин патшалығы Имеретияда Соломон І-нің (1754 — 84) басшылығымен күшейіп, патшаның жеке билігі нығайтылды. 17 — 18 ғ-ларда Гүржістан мәдениеті қайтадан гүлденіп, кітап басып шығару ісі қанат жайды.

Сырттан шабуыл саябырлап, ел ішінде сауда-саттық жанданғанымен, гүржілерді орыстандыру саясаты басталып, шаруаларды қанау күшейді. Халық көтерілістерін үкімет әскерлері күшпен басып отырды. 1864 — 71 ж. шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан кейін, ел ішінде өндіріс пен сауда-саттықтың дамуына жол ашылды. Ұлттық интеллигенция қалыптасты. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін 1917 ж. 7 наурызда Кавказ сырты ерекше к-ті құрылды. 1917 ж. 17 қарашада бұл к-т таратылып, үкімет басына меньшевиктер партиясы келді. 1918 ж. 26 мамырда Гүржістан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ішкі-сыртқы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бұл үкімет 1920 ж. 1 мамырда РКФСР-мен келісімшарт жасасуға мәжбүр болды. Осы келісімшарт негізінде большевиктер үкімет құрамына енгізілді. 1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес өкіметін орнатты. Гүржістан 1922 — 36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік соц. республикасы құрамына кірді, 1936 — 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. 9 сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады. Сол жылы мамыр айында өткен президент сайлауында З.Гамсахурдия жеңіске жетті. Бірақ ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты құрылған Әскери Кеңес президентті елден кетіріп, парламентті таратып жіберді де, бар билікті өз қолдарына алды. 1992 ж. наурыз айында Әскери Кеңес те таратылып, орнына Эдуард Шеварднадзе бастаған Мемл. Кеңес құрылды. Сол жылы 11 қазанда жаңа парламент және оның төрағасы сайланды. 1995 ж. жаңа конституция қабылданып, соның негізінде өткен президент сайлауында (5.11. 1995) Э.Шеварднадзе жеңіске жетті. Ішкі саяси жанжалдарды, Абхаз республикасымен арадағы қарым-қатынастарды бейбіт жолмен реттеп, ел экономикасын реформалау ісіндегі қызметін бағалаған халық оны 2000 ж. жаңа мерзімге президент етіп сайлады.

Гүржістан — аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі, минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал ш. дамыған. Қара теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Жан басына шаққанда ұлттық табыс — 1060 долл. шамасында. Гүржістан БҰҰ, ТМД, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Басты сауда серіктестері — Ресей, Түркия, Армения, Әзірбайжан. Гүржістан Қазақстанмен 1992 жылдан (23 шілде) бері дипломатиялық қатынас орнатқан. Екі ел арасында тікелей және ТМД шеңберінде экономикалық және мәдени байланыстар дами түсуде. Болашақта екі жақ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен өндірілетін мұнайды Баку —Джейхан маршруты бойынша Бат. Еуропа елдеріне шығаруға мүдделі.

Гүржі мәдениеті шығыс халықтары және грек-рим мәдениеттерімен араласу нәтижесінде қалыптасты. Елдің ежелгі жазба мәдениеті сақталып қалған. Гүржістанда 4 ғ-дың 1-жартысында жоғары шешендік мектебі — Колхида академиясы құрылған. 5 ғ-да шіркеулер жанынан алғашқы мектептер ашыла бастады. 10 — 12 ғ-ларда алғашқы жоғары оқу орындары Галат академиясы, Икалтой академиялары дүниеге келді. 13 — 17 ғ-лар арасында ішкі бытыраңқылық пен шет ел басқыншыларына қарсы күреске байланысты грузин мәдениеті біршама тоқырап, тек саяси жағдай тұрақтанған 18 ғ-дан бастап қайта жандана бастады. Осы ғасырдың аяғында оқу-ағарту жұмысы тез көтеріліп, Тбилиси (1755), Телав (1782) семинариялары, 1851 ж. Тбилиси опера театры ашылды. Қазіргі Гүржістан — мәдениеті, өнері кемелденген мемлекет. Елде 19 мемл. жоғары оқу орны (оның ішінде Тбилиси және Сухуми ун-ттері), 32 театр, 110 музей жұмыс істейді.

Грузияны, ешқандай асыра айтпағанда, әлемдегі ең дәмді шараптардың кейбір түрлері өндірілген ел деп атауға болады. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл аймақтың бүкіл тарихы шарап өндірумен тығыз байланысты. VIII ғасырдағы жергілікті қолөнершілер А.Д. арнайы технологияны қолдана отырып, күшті сусындар шығарумен танымал.

Грузин алкогольі әлі күнге дейін өзінің беделіне сай келеді және тұтынушылардың өзгермейтін сүйіспеншілігін қолдайды. Грузия коньяктары ерекше бағаланады.

Гүржі әдебиеті өз бастауларын ерте заманнан алады. Ежелгі грек ақыны Аполлон Родоскийдің (б.з.б. 3 ғ.) шығармаларында гүржілер жөнінде айтылады. 5 — 11 ғ-лар аралығында шіркеулік діни әдебиет дамыды. 12 ғ-да орталықтанған Гүржістан патшалығы кезінде эпостық жырлар жазылды (“Жолбарыс терісін жамылған батыр”, “Абдул-Мессия”, “Тамариани”, т.б.). 16 ғ-да гүржі әдебиеті қайтадан жанданды. Кахети патшасы Теймураз І (1589 — 1663) лирикалық, филос., тарихи тақырыптарда өлеңдер жазды, көптеген шығыс ақындарының шығармаларын (“Ләйлі — Мәжнүн”, т.б.) қайта жырлады. Екінші бір гүржі патшасы Арчил ІІ (1647 — 1713) ұлттық-тарихи тақырыптарда өлеңдер мен поэмалар жазды. 1830 — 40 ж. Гүржі әдебиетінде романтикалық бағыт дамыды. Оның ірі өкілдері А.Г. Чавчавадзе (1786 — 1846), Г.Д. Орбелиани (1804 — 1883), А.М. Бараташвили (1815 — 1845) болды. 1860 жылдан бастап гүржі әдебиеті жаңа классикалық сатыға көтерілді. Гүржі әдебиетінің классиктері: И.Г. Чавчавадзе (1837 — 1907), А.Р. Церетели (1840 — 1915), Н.Я. Николадзе (1843 — 1928). Кеңес заманында да Гүржістан әдебиетінде әлемге танымал көркем шығармалар жазылды. Бұл кезеңдегі көрнекті ақын-жазушылар: И.В. Абашидзе, К.С. Гамсахурдиа, В.Ш. Авалиани, О.Р. Чхеидзе, Н. Думбадзе, т.б. болды.




#Article 33: Молдова (1121 words)


Молдова (), ресми атауы — Молдова Республикасы () — Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы  – Президент. Үкімет басшысы – Премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні.

Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ әрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсақ. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері аз (солтүстікте – 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм-ге деін). Сондықтан егістер қолдан суландыруды қажет етеді. Топырақ-климат ресурстары республиканың негізгі табиғи байлығы болып саналады. Климаттың температуралық режимі және құнарлы қара топырағы бау-бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, оның 12%-ын гүл плантациялары, бақтар мен жүзімдіктер алады. Денстр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана қоймай, кеме қатынасында да қолданылды. Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек құрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар қоры ғана бар. Молдовада отын ресурстары аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.

Молдова халқы өте тығыз орналасқан республика. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1км жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) құрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар (14%), украиндар  (13%) басым. Олар Днестірдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігіндегі гагауыздар  (3,5%) тұрады. Халықтың үлкен бөлігін ауыл тұрғындары  (54%) алады. Соңғы онжылдықта өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты қала тұрғындарының саны да өсіп отыр. Кишинев, Бельцы, Бендеры сияқты қалалардағы халқының саны 100 мың адамға жетті.

Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. 14-ғасырдың 2-жартысында тәуелсіз Молдавия князьдығы құрылды. Ол 15 – 18-ғасырларда Осман империясына тәуелді болды. 18-ғасырдағы орыс-түрік соғыстарынан кейін Молдова Ресей империясының қол астына кірді. 1917 – 18 ж. Молдовада Кеңес өкіметі орнады. Бірақ, елдің негізгі бөлігі — Бессарабия Румынияның қол астында қалды. Азамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-інің құрамына енген Молдован АКСР-і құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес – герман келісім шарты бойынша 1940 ж. Қызыл Армия бөлімдері Бессарабияны Румыниядан тартып алды. 1940 ж. 2-тамызда осы Бессарабия жерін қоса отырып, тұтас Молдован КСР-і құрылды. 1941 – 44 ж. Молдованы неміс-фашист әскерлері басып алды. 1944 – 90 ж. Кеңес Одағы құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды.

Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала – тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т.б.), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған. Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т.б. бар. Басты сауда серіктестері – Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады.

Молдова — бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады.

Молдованы екі жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан. Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны — Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды.

Молдованың шаруашылық кешендеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен қатар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған. Тамақ өнеркәсібі әр түрлі шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияқты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өндірістердің көбі республиканың оңтүстік-шығыс шоғырланған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі қалаларда салынған.

Қант щығаратын зауыттар Молдованың солтүстігінде, яғни қант қызылшасы көп егілетін жерлерде орналасқан. Олардың ең ірілері – Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы сияқты қалаларда шоғырланған.

Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) өнеркәсіптер ел аумағында біркелкі орналасқан. Қазіргі кездегі ең ірі зауыттар Бельцы мен Бендеры қалаларында жұмыс жасайды.

Шарап жасау – шаруашылықтың көне саласы болып табылады. Шарап пен коньяк шағаратын кәсіпорындар жүзімдіктері көп аудандарда (орталық және оңтүстік Молдова) орын тепкен. Ал ең ірі шарап-коньяк комбинаттары :Кишинев пен Тираспольде.

Темекі өнеркәсібі – негізінен, республиканың темекі өсіретін солтүстік және орталық аймақтарында дамыған.

Машина жасау – соңғы жылдары қалыпстақандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқынды дамуда. Машина жасау өнеркәсібі.

Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары — бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігінде жүзім өсіріледі. Шарап жасау — 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады. Ауыл шаруашылығы Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде.

Жеңіл өнеркәсіп шеттен әкелінетін шикізатты қолданады. Тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары мақта мата (Тирасполь комбинаты) және жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем тоқитын үлкен комбинат та (Унгены) жұмыс жасайды. Сонымен қатар тігін, тоқыма, былғары аяқкиім фабрикалары (Кишинев, Тирасполь) бар. Құрылыс материалдары өнеркәсібі жабынқыш (черепица), бақалшықтардан түрлі блоктар, шифер, темір-бетон сияқты құрылыс өнімдерін шығарады.
Электр энергетикасы республика экономикасында үлкен рөл атқарады. Днестр өзеніне Дубоссар СЭС-і, ал Прут өзеніне Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Аса қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасаса, ал Кишинев, Тирасполь мен Бельцы қалаларында сырттан әкелінетін отынды пайдаланатын ЖЭО бар.




#Article 34: Украина (1856 words)


Украина ( ) — Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украина 24 облыс пен Қырым Автономиялық Республикасынан тұрады. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, мажарлар бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады.

Географиялық орнының ерекшеліктері мен алып жатқан ауданына байланысты Украина жерінің климат жағдайлары алуан түрлі болады. Құрлықтың ішкергі бөлігіне қарай орналасқан солтүстік-шығыс аудандарда қаңтардың орташа температурасы -8°С шамасында болса, солтүстігі таулармен қоршалған Қырымның оңтүстігінде бұл көрсеткіш +4°С-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстікке қарай азаяды. Карпатта жауын-шашынның көрсеткіші 1500 мм-ге жетсе, Қырымның батысы мен Днепр сағасында оның мөлшері 300 мм-ден де аз. Украинаның климат жағдайлары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік аудандарда жауын-шашынның  тапшылығы егістіктерді қолдан суаруды қажет етеді. 

Ел аумағында өзен торы жиі, өзендер мен бұлақтардың жалпы саны 70 мыңнан асады. Өзендердің барлығы дерлік Қара және Азов теңіздерінің алқаптарына жатады. Тек қиыр батыстағы Буг өзені мен оның салалары Балтық теңізіне құяды. Елдегі ең ірі өзендер қатарына Днепр (Украина аумағындағы ұзындығы 981км),  Днестр, Оңтүстік Буг жатады. Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамсыз және су энергиясына онша бай емес. Днепр өзенінде ірі бөгендер (Киев, Канев, Кременчуг, Кахов) салынған.

Украина жерінде орман, орманды дала және дала зоналары таралған. Елдің солтүстігіндегі ауыл шаруашылығына жарамсыз батпақты Полесье жерінде қарағайлы ормандар өседі. Карпаттың орман қорының шаруашылық маңызы бар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жердің барлығы дерлік жыртылған, аралас жəне жалпақ жапырақты ормандар тек таулы аудандарда сақталып қалған. Жалпы алғанда, ормандар Украина аумағының 15%-ын ғана алып жатыр. Орманның сұр топырағы, қара және күрең топырақтар тараған алқаптарды егістіктер мен бау-бақшалар алып жатыр. Батпақты жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта игеру қолға алынған, қазіргі кезде құрғатылған жерлер ауданы 2 млн. гектардан асады. Украина жерін мекендейтін жануарлар мен құстардың көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы зор. Олардың арасында бұлан, елік, қабан, түлкі мен күзен, қырғауыл, сұр құр бар.

Ел рекреациялық ресурстарға бай. Сауықтыру-демалыс орындары, негізінен, Қара теңіз жағалауы бойында, Карпатта орналасқан. Әсіресе табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан Қырым курорттары (Ялта, Евпатория) айрықша көзге түседі. Қырымдағы Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында өсімдіктердің чили араукариясы, ливае самырсыны , мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше түрлері өседі. Ал Никита бағында Жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі. Адам қолымен жасалынған бұл табиғат бұрыштары туристер назарын өзіне аударады. Карпатқа тау шаңғысымен айналысатын демалушылар көп барады,  ал Карпат алдындағы Трускавец курортындағы табиғи минералды су емдік мақсатта пайдаланылады.

Украина халқының жалпы саны 2004 жылдың соңына қарай шамамен 47,3 млн. адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі соңғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті — 0,6%-ды құрады. Туу коэффиценті (1000 адамға шаққанда) — 8%, өлім коэффиценті - 14%. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы — 68 жыл.

Ел халқының ұлттық  құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (73%) мен орыстар (22%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталық және солтүсік аудандарда тұрады.

Украиндардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді. Мысалы, украиндар Донецк және Одесса облыстары тұрғындарының жартысын ғана құрайды, Қырымда олардың үлесі 25% ғана. Олардан басқа ел аумағында беларусьтар, еврейлер, молдавандар, поляктар мен болгарлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Татарлар Қырымда, гректер Азов теңізі жағалауында, ал румындар мен словактар Карпат сыртында шоғырлана орналасқан. Карпатта тау халықтары — гуцулдар, бойкалар мен лемкалар тұрады. Гуцулдар — шығу тегі әлі белгісіз халықтардын бірі, олар, негізінен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындаумен айналысады. Гуцулдар арасында ағаштан түйін түйетін шеберлер, саз балшықтан құмыра жасаушылар, кілем тоқушылар да көп.
Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бұдан басқа христиаи дінінің басқа тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизм діндері бар.

Республика бойынша халықтың орташа тығыздшы 1км2 -ге шаққанда 78,6 адамды құрайды. Ел аумағында халық біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркәсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1км^2-ге 100-200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл көрсеткіш 40—50 адамды ғана құрайды.
Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі - 68%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпатье облысында қала халқынын үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халкының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМД бойынша ірі қала шоғырларының бірі - Донецк агломерациясы қалыптасқан.

КСРО дәуірінен қалыптасқан өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде. Мәселен, ғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтар, мұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісі, темір жол, автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан. Әсіресе, ғылыми-зерттеу орталықтары дамыған. Патон атындағы институты темірді дәнекерлеу ісінде дүниежүзіне аты шыққан.

Ауыл шаруашылығы саласын алсақ, олар бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қара, құс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы ет, сүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады.

Алуан түрлі өндіріс орындары елдің шығыс жағында орналасқан болса, батыс жағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өркен жайған.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін меншікті өзгертіп, олар да нарық экономикасына көшкен. Алайда, көптеген өндіріс орындары мемлекет меншігінен шығарылғанымен, ұжымдық негізде қалып, бұрынғы жүйені сақтап қалған. Өзінің өнімін өндіруге мүмкіндігі жетпейді. Жағдайлары өте мүшкіл еді. Оның үстіне аурухана, мектеп, бала бақша, кітапхана және тұрғын үйлер, яғни, әлеуметтік саланың объектілері бұрынғы күйінде қалып қойған ғой. Коммуналдық шаруашылық саласының барлық қызметі үлкен қаражатты талап етеді. Сондықтан ол кезде елдің экономикасы тежеліп қалған екен. Украинада 1999-2000 жылдары коммуналдық реформа жасаймыз дегенде халық оған қарсы болды.

Сондай-ақ, елге шетелден келетін инвестицияның да ролі зор екені анық. Тәуелсіз 13 жылдың ішінде Украинаға 6 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция келген. Ал Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция көлемі 30 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанда 1993 жылдан бастап тиісті заң қабылданып, инвестиция тартуға өте қолайлы жағдай жасалды. Ал Украинада ондай заңның қабылдануы кешеуілдеп қалған. Сондықтан шетелдік инвестор келуі үшін ол өзінің салатын қаражатын кері тиісті пайдамен қайтарып алып кете ала ма, жоқ па, заң жүзінде толық сенімділігі болмаған соң, қауіптенеді. Сол секілді шағын және орта кәсіпкерлік те өз деңгейінде дами алмаған. Оның себебі кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын, жауапкершілігін айқындайтын тиісті заңдар жүйесі де жетілмеген.

Украина өнеркәсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамында болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны кеп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мұнай мен газды өндіру көлемі де қыскарды. Мысалы, 1991 жылы Украина мұнайшылары 4,9 миллион тонн мұнай өндірсе,
жылы бұл көрсеткіш тек 4,2 миллион тонн болды. Аталған кезенде табиғи газ өндірісі 24,3 миллиард м3-ден 20 млрд м3-ге дейін азайды. Украинаның сырттан сатып алатын мүнайының 85%-ы, газының 95%-ы Ресейдің үлесіне тиеді. Соңғы онжылдьщта мүнай мен газды тұтыну азайғанымен, шикізат тапшылығы айқын байкалуда. Сондықтан сырттан өкелінетін мұнай негізінде жұмыс істейтін елдегі 6 мұнай өндеу зауыты толық қуатында жұмыс істемейді.

Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ен ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін көмір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өндірісінде 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.

Өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығын елде жұмыс істейтін 5 АЭС береді. Сонымен қатар жергілікті көмір қорына негізделген ірі жылу электрстансылары (Углегор, Запорожье, Кривой Рог және т.б.) жұмыс істейді. Елде 1991 жылы 298 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 192 миллиард кВт/сағ шамасында ғана болды.

ТМД елдерінің аумақтық еңбек белінісінде Украина қара металлургия саласымен көзге түседі. Бұл сала жалпы өнеркәсіп өнімінің 1/5-нен астамын береді. Украина жыл сайын 50 миллион тоннадан астам темір кенін өндіреді, оның 20 миллион тоннаға жуығы экспортқа шығарылады. Мұндағы Кривой Рог темір кені алабы езінің қоры жөнінен ТМД елдері бойынша тек Ресейдегі Курск магнит аномалиясына (КМА) ғана жол береді. Қара металлургияның байырғы орталықтары (Кривой Рог, Мариуполь, Днипро, Запорожье, Донецк) кокстелетін көмір өндіретін Донецк алабына жақын орналасқан.

Украинаның байырғы маманданған саласының бірі—машина жасау өнеркәсібі. Соңғы онжылдықта өндірістік байланыстардың үзілуі, қаржының жетіспеушілігі бұл саланың да дамуын тежеп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы машиналарын, соның ішінде трактор жасау 5 есеге дейін кыскарды. Өнеркәсіптік күрделі техника, электрондық есептеуіш құралдар өндірісі мүлде тоқтап қалған. Жеңіл автокөлік жасау кәсіпорындары да дағдарысқа ұшыраған. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (автомобиль жасау), Днипро, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).

Украина өнеркәсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала кәсіпорындары шикізат ретінде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, кептеген өнімдер шығарады. Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.

Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тән. Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 миллион 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр. Бидайдың түсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен алғанда, республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортқа қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.

Украинаның Қазақстанмен экономикалық байланыстары жедел қарқынмен дамып келеді. Қазақстанда 50-ден астам украиналық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы Украинаның Қазақстан экспортындағы үлесі 1,4%-ды, ал импортындағы үлесі 5,7%-ды құрады. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі шамамен 278 млн АКШ долларын құраса, 2008 жылы Украинадан 722 миллиондай АҚШ долларына әртүрлі тауарлар сатып алды.

Мәдениет саласының дамуы да айтарлықтай. Әрбір облыс, ауданның қалыптасқан өнер ұжымдары бар. Сурет салу, бейнелеу өнеріне, поэзияға құрметпен қарайтын ел.

Саяси мәселені де реттеп алу керек. Қазір Украина НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын, энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп. Егер саяси мәселелері реттелмесе, тығырыққа тірелуі мүмкін

Сонымен бірге біз 2001 жылы Қырымда, 2002 жылы Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Сондай-ақ, шығыс жағындағы 5 облысқа арнап Запорожьеде, одан кейін оңтүстікте үш облысты қамтитын Одессада консулдық ашу мәселесі келісілді және дайын болды. Соның нәтижесінде ел мен елдің байланысы, экономикалық қарым-қатынасы арта түсті. Сонымен бірге  Украинаның ғана емес, Молдованың да елшісі қызметін қоса атқару міндеттелгендіктен, Кишиневте де Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды.

Украинаға жанар-жағармай, газ керек. Қазақстанға Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе бізде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусь мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифінің бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33-45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7-8 доллар, Ресейде 17-25 доллар, Украинада 9-12 доллар қосылады.
 
Яғни, барлық тауарлардың мемлекетаралық сыртқы сауда айналымында көлік тарифі кедергі келтіріп тұр.

Еркін сауда аймағы болғанын қалап отырған Украина жағы егер Еуроодақ пен Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге кедергісін келтірмейтін болса, Біртұтас экономикалық аймаққа кіруге келісуі ықтимал.




#Article 35: Абай Құнанбайұлы (4583 words)


Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан  туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел осыдан қалған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай-4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер] сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси, Сәйхали». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі -  қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан Абай журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абайдың Жетінші сөзінде ұшырасатын жанның тамағы деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен Ғылым таппай мақтанба т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол жанның тамағы туралы ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, адам болу үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.

Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал, өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі көзге түседі.

Араб және парсы ықпалы:

Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.

Орыс сөздері:

Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін текжалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс тауып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине.

Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер.

Сурет:АБАЙ және ПУШКИН.jpg|thumb|250px|Абай

Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.

Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған Евгений Онегин деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: Онегиннің сипаты, Татьянаның Онегинге жазған хаты, Онегиннің Татъянаға жауабы, Онегин сөзі, Онегиннің Татьянаға жазған хаты, Татьянаның сөзі, Ленскийдің сөзінен және Онегиннің өлердегі сөзі - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер Евгений Онегинді толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына Ләйлі Мәжнүннен бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай Евгений Онегиннен үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол Татьяна сөзін Тәңірі қосқан жар едің сен, деп бастайды.

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.

Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте шаманизмдік түйсіктер мен түсініктер басым болды. Қос дінділік қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан айқын байқалады. Шаманизмдегі негізгі категория-«Тәңірі», исламдағы - «Алла» қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өміріңде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде - өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар болды. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды.

Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.

Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.

Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.

Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, содан кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол жас кезінен кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.

Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседі. Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып, араласып тұрады.
Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, XIX ғасырдың 60—90-жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Ол аз уақыт болыс болған кезінде қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды. Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі проблемаларын мұндай қарапайым тәсілмен шешуге болмайтынына бірте-бірте кәміл көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол қазақтардың білім мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады.

Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді.

Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.

Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.

Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:

Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді.

Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып. — авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды.

Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет.
Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.

Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әртүрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.

Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің 
барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.

Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.

Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.

Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Ақынның қайтыс болғанына 50 жыл толуына орай түрікмен ақындары оның өлеңдерін аударды, ал ғалымдар мен сыншылар Абайдың шығармашылық жолы мен поэзиясының түр ерекшеліктері жөніңде зерттеу мақалалар жазды. Абайдың өлеңдерін ақындар М. Сеидов, К. Эзизов, С. Ураев, А. Баймурадов, А. Ораз тағанов түрікмен тіліне аударды. Ұлы ақынның туғанына 125 жыл толу тойы қарсаңында Б. Кербабаев, Б. Сейтақов, А. Алымкулов, Н. Гуллаев, А. Белмурадов, Н. Эсенмурадов тағы басқа Абай өлеңдеріне жан-жақты талдау жасайтын мақалалар жазды. Жиырмасыншы ғасырдың басында түрікмен поэзиясында шарлар алға шықты. Шахир да суырып салма ақын, олар елеңді алдын-ала дайындықсыз-ақ құрай алады. Ондай шахарлар қатарына ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырған Кер-молла, Байрам-шахир, Молла-мұрт, Дурды-Клыч, Ата Салих жатады. Абай поэзиясына тән суырып салмалық ерекшелік осы түрікмен ақыңдарының поэзиясында кездеседі. Бұл жөнінде түрікменнің әдебиетшісі А. Баймурадов өзінің «Поэзиямыздағы Абай дәстүрінің жалғасуы» («Әдебиет ве сунгат», 1974) атты мақаласында кең көлемде сөз еткен. Абайдың өлеңдерімен қатар ғақлиялары, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» атты дастандары түрікмен оқырмандарына жақсы белгілі.

Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):




#Article 36: Еуропа (2000 words)


Еуропа (, семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі.

Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерорта теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан. Дүние бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері: солтүстігінде — Нордкин мүйісі (71°08′ с. е.), оңтүстігінде — Марроки мүйісі (36° с. е.), батысында — Рока мүйісі (9°31′ б.б.), шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың шығыс жақ етегі (67°20′ ш. б.). Еуропаға кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км2. Ірілері: Жаңа Жер аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының 1/4-ін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері. Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ Eуропа Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың км. Орташа биіктігі 300 м, ең жоғарғы нүкте — 5642 м. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағының көбі — жазықтық (ірілері — Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17%-ын алып жатыр (бастылары — Альпілар, Карпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары). Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында орналасқан. Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста — мұхиттік, шығыста — қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында — мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың км2. Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо. Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева. Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында — арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста — шөлейттер.

Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Дүние бөлігінің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300 м. Жер аумағының 60%-ке жуығы теңіз деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-і 200 м-ден 500 м-ге дейінгі қыраттардың, 10%-і 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі үстірттер мен таулы үстірттердің, 6%-і 1000 м-ден жоғары (оның ішінде 1,5%-і 2000 м-ден биік) таулардың үлесіне тиеді. Шығыс бөлігін тұтасымен дерлік Шығыс Еуропа жазығы алып жатыр. Оның оңтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 27 м-ге дейін төмен жатқан Каспий ойпаты орналасқан. Батыс Еуропаның жер бедері әр түрлі келген. Мұнда жазық және ойпатты жерлер бірдей аумақты алған. Негізгі ойпаттар: Ортаеуропалық, Ортадунайлық, Төменгі Дунай, Париж алабы, Падан ойпаты. Солтүстік пен Оңтүстік Еуропаға аласа және орташа биіктіктегі таулар тән. Олар: Скандинавия, Пиреней, Апеннин, Балқан, Карпат т.б. Батыс Еуропаның орталық бөлігінде Еуропаның ең биік тауы — Альпі (Монблан тауы, 4807 м) орналасқан. Шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай Орал таулары созылып жатыр. Әрекетті жанартаулар, негізінен, Исландия аралы мен Жерорта теңізінде.

Еуропаның геологиялық негізін архей-протерозойлық Шығыс Еуропа және Эриа платформасы құрайды. Платформа Еуропаның шығыс және солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Эриа платформасы Шотландиядан Гренландияға дейінгі аймақты қамтиды. Палеозой эрасының соңында түзіліп біткен герцин қатпарлығы Испания, Франция, Англия, Польша, Германия елдерінің аумағын және Орал тауының едәуір бөлігін алып жатыр. Гибралтардан басталып, Альпі, Карпат, Қырым тауларынан, Апеннин, Балқан түбектерін, Жерорта, Қара теңізідерді қапсыра өтетін альпі қатпарлығының жерортатеңіздік белдеуі Еуропаның оңтүстік жиегін қамтыған. Балтық, Украина қалқандарында, Шотландияның солтүстік-батыс жағалауында, Орталық Англия мен Гебрид аралдарында архей мен протерозой жыныстары жер бетіне шығып жатады. Рифейдің алдындағы көп қатпарлану әрекеттерінен платформалар аумағында биік таулар мен қыраттар пайда болған. Төменгі палеозойда каледондық геосинклиналь аймақтарындағы теңіз түбіне қалың қабатты граптолитті тақтатас, құмтас, кварцит, эффузиялық жыныстар, аздап әктасты тұнбалар шөккен. Силур кезеңінде Грампиан геосинклиналі орнында каледондық қатпарлы таулар түзілгенде, теңіз бұл аймақтан және Шығыс Еуропа платформасынан біртіндеп шегінген. Теңізден босаған жерлерде төменгі және ортаңғы девонда континенттік қызыл түсті шөгінділер жиналған. Еуропаның қалған аймақтары силур, девон кезеңдерінде, төменгі тас көмір жүйесінде теңіз түбі болды. Жоғарғы палеозойда Оралда, Орталық және Батыс Еуропада, Донбаста, герцин қатпарлығынан таулар көтерілді. Соның әсерінен Солтүстік жарты шарлардағы платформалар бірігіп, біртұтас Лавразия құрлығы қалыптасты. Тетис теңізі (қазіргі Жерорта теңізі) аталған су айдыны қазіргі Альпі-Гималай белдеуінде ғана сақталған. Палеогеннің аяғынан бастап, Альпі, Карпат, Балқан таулары көтеріліп, теңіз біржолата шегінді. Платформалар мен тау етегінің жапсарынан бөктерлік ойпаңдар қалыптасты. Плиоценде үлкен грабендер (опырылыстар) пайда болды (Эгей, Адрия, Гибралтар грабендері). Платформаның жарылысынан осы күнгі сөнген жанартаулар (Орталық Франция, Шотландия, Германия, Чехия) пайда болды. Жерортатеңіздік белдеу бойында қазіргі кезде де күшті жер сілкінулер болып тұрады. Антропогенде Еуропаны кемінде 4 рет мұз басты. Ең үлкен Днепр мұз басуы кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз қабаты Киев, Харьков, Волгоград қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен бұдан 10 мың жыл бұрын аяқталды.

Еуропада ірі кен орындары көп және әр түрлі. Ірі мұнай, газ (Еділ — Орал және Солтүстік Каспий қайраңының мұнайлы облысы, Кавказ алды және Солтүстік теңіздің қайраңы), көмір (Донец, Печора, Мәскеу маңы, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Рур алаптары), темір кентастары (Курск магниттік аномалиясы, Украина кен орындары, Орал таулары, Кола түбегіндегі кен орындар, Лотарингия, Скандинавия түбегі), сонымен бірге боксит, түсті металдар кентастарының кен орындары, ас тұзы мен калий тұздарының кендері Орта Еуропа жазығында (аумағы 150 мың км2) кездеседі. Түсті және сирек металдарға Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлері бай. Дүние жүзіндегі ірі күкірт кен орны (Тарнобжег) Польшаның оңтүстігінде табылған.

Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыржай. Атмосфералық жалпы айналымының қалыптасуына Атлант мұхитынан келетін Гольфстрим жылы ағысының Солтүстік Атлант жылы тармағы әсер етеді. Циклондық әрекеттердің нәтижесінде қысқы айлардың изотермалары ендік бағыттан ауытқып, Еуропаның көпшілік бөлігінде қысқы айлардың орташа температурасы орта ендік температурасынан едәуір жоғары болады. Еуропаның шығыс бөлігінің климаты континенттік. Атлант мұхиты үстінен келген жылы, ылғалды ауа массалары суық континенттік ауа массаларымен түйісетін жерде солтүстік полюс шеңберінен 50-параллельге дейінгі аралықта полюстік шеп түзіледі. Мұнда қысы суық, боранды, қарлы, жазы жылы, оңтүстік-шығысында ыстық. Солтүстігіндегі аралдарға субарктикалық және арктикалық климат тән. Оңтүстік Еуропаның климаты жерортатеңіздік, қысы жұмсақ, әрі ылғалды, жазы ыстық келеді. Қаңтар айының орташа температурасы арктикалық аралдарда — 24°С, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеулерде 12°С. Маусым айындағы температура арктикалық аралдарда 3°С-тан, оңтүстігінде 29°С-қа дейін өзгереді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы аймақтарда 1500 — 2000 мм-ден (Скандинавияның жел өтіндегі беткейінде 2500 мм), Каспий ойпатында 200 мм-ге дейін ауытқиды. Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен, жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол батыстан шығысқа қарай азая береді. Жерорта теңізінде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс айларында жауады. Мұнда жаз айларында ылғалдың жетпейтіні байқалады. Дүние бөлігіндегі мұздықтардың аумағы 118 мың км2. Олардың ең көп жиналған жерлері: Шпицберген (58 мың км2), Жаңа Жер, Франц-Иосиф Жері, Исландия аралдары және Скандинавия таулары. Мұздың қалыңдығы 400 — 600 м-ге, кейде 1000 м-ге жетеді.

Еуропа құрлығын жүздеген өзендермен олардың салалары торлап жатыр.Еуропаның ең ұзын өзендері - Еділ мен Жайық  өзендері - Каспий теңізіне, Дунай мен Днепр өзендері - Қара теңізге, Рейн мен Эльба Солтүстік теңізге, Вистула - Балтық теңізіне, Луара мен Тагус - Атлант мұхитына, Рона - Жерорта теңізіне құяды.

Германияның қара орман аймағынан бастау алатын Дунай өзені - Еуропаның ең маңызды сауда жолдарының бірі. Аңызға айналған  Рейн өзені Швейцарияның солтүстік-шығысы мен Германияның арасында шекара жасап, батысқа қарай ағады.

Талай тарихтың куәсі болған Темза Батыс Англиядағы Котсуолд қыратынан бастау алады да, Оңтүстік Англия арқылы шығысқа қарай ағып, Солтүстік теңғізіне құяды.

Еуропаның ең үлкен және ең маңызды Еділ өзені жүйесі Мәскеу қаласының солтүстік батысындағы Валдай үстіртінен басталады. Волга өзенінің арнасын Кама, Самара, Ока,  Ветлуга сияқты 200-ден астам өзен тармақтары толтырып тұрады.

Еуропа су ағынының қалыңдығы жөнінен (295 мм-дей) дүние бөліктері ішінде Оңтүстік Америкадан кейін 2-орында. Жылына Еуропаның жер бетіне 4148 км3 атмосфералық ылғал түседі. Ылғалдану дәрежесіне қарай ағын батыстан шығысқа қарай және солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді. Оның көпшілік бөлігі Атлант мұхиты мен оның теңіздері алабына, қалғаны Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі ағын алабына (Каспий теңізіне) жатады. Ірі өзендері: Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), Рона, Сена, Луара, Тахо, По. Олардың барлығында дерлік кеме жүзеді. Шығыс Еуропа жазығындағы өзендердің ағысы баяу, аңғарлары террасалы және кең болады. Олар қар және ішінара жаңбыр суымен толығады. Қыста оңтүстігінде 1,5 — 3 ай, солтүстігінде 7 — 7,5 ай бойы мұз қатып жатады. Фенноскандиядағы өзендер қысқа, аңғарлары жарқабақты, шоңғалды келеді. Өзен еңістігі үлкен. Орта бөлігінде 2 — 3 ай, солтүстігінде 7 — 7,5 ай бойы мұз қатып жатады. Орталық Еурпаның жазық өңірлеріндегі өзендер, негізінен, жаңбыр суымен толығады. Суы қатпайды, немесе бірде қатып, бірде еріп жатады. Биіктігі орташа тауларда өзендер көктемде қатты тасиды. Альпінің биік таулы аудандарындағы Рейн, Рона, По өзендерінің сол салаларының, Дунайдың оң салаларының жоғарғы ағыстары қар, жаңбыр суымен қоса, мұздықтардан да толығады. Жерорта теңізі алабына жататын өзендерде су деңгейі күзде және қыста едәуір көтеріліп, жазда төмендейді.

Еуропада көлдер біркелкі орналаспаған. Солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігіндегі мұз басуға ұшыраған аймақта (Фенноскандия) және Британия аралдарында, Альпі өңірінде, Польша мен Германияда көлдер көбірек кездеседі (Ладога, Онега, Венерн, Веттерн, Меларен, Женева, Балатон, т.б.). Жазықтар мен өзен жайылымдарында атыраулық көлдер, Қара және Азов теңіздерінің жағалауында лагуналық, Балқан түбегінде тектоникалық, Исландия мен Апеннин түбегінде жанартаулық көлдер кездеседі. Еуропаның аридтік оңтүстік-шығыс өңірінде сортаң және күшті минералданған тұйық көлдер (Эльтон, Басқұншақ) жатыр. Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар демалыс-сауықтыру орындары саналады. Сонымен қатар, Еуропа жерінде 30-дан астам аса ірі және 2000-нан астам шағын бөгендер салынған.

Дүние бөлігі топырағының қалыптасуы жағынан арктикалық (полюстік), бореалдық, суббореалдық, субтропиктік белдеуге бөлінеді. Шпитсбергенде, Франтс-Иосиф Жерінде, Жаңа Жердің солтүстік бөлігінде арктикалық, Фенноскандияның солтүстік бөлігінде, Жаңа Жердің оңтүстік бөлігінде, Шығыс Еуропа жазығында, Солтүстік полюстік шеңберден солтүстікке қарай — тундралық топырақ дамыған. Бореалдық белдеу Исландияның, Фенноскандияның, Британия аралдарының, Орта Еуропа жазығының, Шығыс Еуропа жазығының Львов — Киев — Курск — Пермь — Екатеринбург шегінен солтүстік бөлігін қамтиды. Суббореалдық белдеудің қоңыржай континенттік аймақтарында қара топырақ және қызыл қоңыр топырақ тараған. Орманды дала мен даланың солтүстік бөлігі күлгінделген, сілтісіз, шіріндісі мол (8% және одан да көп) қара топырақты. Ал далалық қуаң аймақтарда — шіріндісі аз және оңтүстікке тән орташа қара топырағы дамыған. Қырым жазығында, Төменгі Еділ бойының, Каспий маңының анағұрлым қуаң далаларында шірінді қабаты жұқа, карбонатты қабаты өте тығыз қызыл қоңыр, кейбір жерлері сортаңды топырақпен алмасып келеді. Топырақ қалыптасуының субтропиктік белдеуіне жататын Оңтүстік Еуропа мен Қырымның оңтүстік жағасы мәңгі жасыл ксерофитті ормандар мен бұталар өсетін қара қоңыр топырақты. Жерорта теңізі маңындағы анағұрлым қуаң жерлер сұр, қара қоңыр топырақты, Балқан түбегінің тауаралық жазықтарының топырағы өте тығыз, шіріндісі аз болады. Еуропа топырағы егіншілікке қолайлы. Қара, қара қоңыр топырақты жерлерінің көбі жыртылған.

Еуропаның өсімдігі флоралық құрамы жағынан Голарктика облысына жатады. Өсімдіктерінің құрамында эндемиктер аз. Құрлықтық бөлігінде өсімдіктер тундралық, бореалдық, тайгалық, далалық, шөлдік, субтропиктік типтерге бөлінеді. Шпицбергенде, Франц-Иосиф Жерінде, Жаңа Жерде қына, мүк, шөптің бірен-саран түрі, бұтадан дриада өседі. Тундралық бөлігінде қоңыр, жасыл қына, ягель, крупка, субетеге, аласа қайың, полюстік тал өседі. Тау тундрасы Исландияда, Скандинавияда, Полюстік Оралда таралған. Орманды тундраның оңтүстігін (шамамен 57 — 58° с.е.) тайга алып жатыр. Мұнда, негізінен, қылқан жапырақты орман басым. Тайганың оңтүстігінде жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман өседі. Олар Скандинавия мен Орал таулары аралығын алып жатыр. Жалпақ жапырақты орман солтүстікте тайга мен аралас ормандардан, оңтүстікте субтропиктерге дейінгі (шамамен 40° с.е. дейін) бүкіл Батыс Еуропаны (тауларынан басқа) қамтиды. Бұл белдемнен оңтүстікке қарай орманды дала, ал одан әрі дала белдемі жатыр. Еуропаның субтропиктік аймақтарында ксерофиттік мәңгі жасыл ормандар мен бұталар өседі.

Фауна әлемі Голарктикалық зоогеографиялық аймаққа кіреді. Өсімдіктердің таралуы секілді мұнда да географиялық белдемділік байқалады. Өсімдігі аз, климаты қатал тундрада мекендейтін жануарлар: солтүстік бұғысы, көгілдір түлкі, қасқыр, ұсақ кемірушілер, құстардан: тундра кекілігі, ақ үкі, теңіз жағасында шағала, баклан, қаз, үйрек көп. Тайганы тиін, ақ қоян, бұлғын, қоңыр аю, қасқыр, түлкі, бұлан, т.б. мекендейді. Құстардан құр, шіл, көк қарға, сары шымшық, қырғи, т.б. кездеседі. Жалпақ жапырақты орман мен аралас орманда қара күзен, тағы мысық, жабайы шошқа, жарғанат, кірпі, қоңыр аю, түлкі, қасқыр, борсық, т.б. мекендейді. Шығыс Еуропаның далалық және шөлейтті аймақтарында кемірушілер өте көп. Каспий ойпатында бөкен, қарсақ, жерортатеңіздік аймақта безоар және Альпі текесі, серна, муфлон, батысында Пиреней жұпар тышқаны, генетта, Гибралтарда Еуропадағы маймылдың жалғыз түрі — магот, шығысында жайра, шиебөрі кездеседі.

Еуропада 49 мемлекет орналасқан (тұтастай немесе жартылай)

Толығымен Азияда, бірақ қауымдастық-саясаттық жағынан Еуропаға қатысты:




#Article 37: Баян-Өлгей аймағы (455 words)


Баян-Өлгей аймағы (, қазақша балама аты — Бай-Өлке, Байбесік) — Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 ж. құрылған. Аймақ орталығы — Өлке қаласы. Аймақ 13 сұмын және  90 бақтан тұрады.

Әкімі — Дәрмен Құзыкейұлы

Баян-Өлгей аймағының адам саны 91 мың 470, халқының  93 % — қазақтар,  қалғаны моңғолдың ұраңқай ұсақ руы мен тыва ұлт өкілдері тұрады.

 Баян Өлгий аймағы Моңғол Алтай тауының солтүстігінен оңтүстігіне созылып орналасқан. Батысында Моңғол Алтай тауының сілемдерімен ҚХР-ның ШҰАР-мен 450 км,  солтүстігінде Сийлхэм жотасымен РФ-ның Алтай Республикасымен 225 км, шығысында Увс аймағымен 165 км, оңтүстік шығысында Ховда аймағымен 450 км шектесіп орналасқан. Қазақстанға ең жақын шекара сызығы аймақтың солтүстігінен 27 км жерде орналасқан. Аймақ теңіз деңгейінен орта есеппен 1301-4374 м  биіктікте орналасқан, жер көлемінің 95,3%  1600 метрден биік. Аймақ территориясында Ачит, Даян, Хотон, Хоргон, Толбо секілді тұщы сулы  80- көл , 100-дей өзен, 200 бұлақ бар.  Қобда, Ақсу, Согоог , Ёлт, Сагсай , Булган, Жалғыз ағаш, Буянт, Бөхмөрөн секілді үлкен өзендер бар.  Қобда өзеннің ұзындығы 506 км. Толбо және Ачит көлінде балық шаруашылғы бар.

Өлгей қаласындағы халық саны — 34 000. Баян-Өлгей аймағы халқының саны шамамен 91 мың 470 адамды құрайды. Халқының 93 пайызына жуығы қазақтар. Моңғолиядағы қазақтары ең көп шоғырланған аймақ болып табылады. Басқа ұлттардан тувалар, моңғолдың дөрвөд этникалық тобы және ұранқай мен халха моңғолдар бар.

Музикалық драма театры, кітапханалар жұмыс істеп тұр. «Жаңа дәуір», «Моңғол Заман», «Білім» газетінің таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Моңғол телеарналарымен қатар Қазақстан үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы Қазақстан, Хабар,  «Астана», КТК, Жетінші арна  Балапан «Мәдениет» «Жетісу» Kazsport, Асыл арна және 31-арна арналарын көруде. Содай-ақ Моңғол Ұлттық Радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тіліндегі бір сағаттық бағдарламасы таратылады. Аймақ орталығында 4 FM радио станциясы, Қазақ тілінде Дербес, Наз, МНВ Баян-Өлгий телеарналары, KAZNEWS, BAIOLKE уеб порталдары жұмыстауда.

Баян Өлгей аймағының негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы. Аймақта 11 мың шамасында шаруашылық бар. Осыған қарамастан, Моңғолия бойынша мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы аймақтардың қатарына кіре алмайды. 
Баян-Өлгей аймағындағы мал басы саны 1 670 300. Оның ішінде ешкі – 712 400, қой – 603 000, мүйізді ірі қара – 88 800, жылқы – 61 300, түйе – 4 300.
Жыл сайын ішкі және сыртқы рынокқа 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүнін, 300 мың данаға дейін әр түрлі малдың терісін өткізетін мал шаруашылығы аймақ халқының сұранысын қанағаттандыра алады. Аймақ көлемінде Ресейге шығатын Қызыл үй, Қытайға шығатын Даян бақылау пункттері бар.

Баян-Өлгий аймағында  вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.

Аймақ бойынша 43 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қаласында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектебі, Зайд мектебі, Моңғол -Түрік біріккен лицейі, Қобда университетінің филиалы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекетік Университетінің филиалы жұмыстауда.

МХРП Комиетінің бірінші хатшылары

Халық депутаттары құралы атқару әкімшілігінің басшылары




#Article 38: Іле Қазақ автономиялық облысы (1483 words)


 (, , , ) — Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) қаласы бір мезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады. Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс.

Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, Моңғолияның Баян-Өлгей Қобда аймақтарымен, (Алтай тау жүйесінің орталық биік таулы бөлігі арқылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен және Қырғызстанмен шекараласады.

Шекара кеден бекеттері

Іле Қазақ автономиялық облысында 8 кеден бекеті қызмет атқарады:

 Алтай аймағы (орталығы Алтай қаласы) , Іле аймағы, Тарбағатай аймағы орталығы (Чугучак  қаласы) сынды үш аймақтан құралады.   Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжаң округтеріне қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімжіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982-жылы ІҚАО Бейжіңге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАА юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) губернатор басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбасы» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын ның Қазақстан үшін маңызы орасан.

Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Іле Қазақ автономиялық облысында қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады.

Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 

Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле автономиялық облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай округтері кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАА Мори Қазақ автономиялық ауданы, Баркөл Қазақ уездерінде, Ганьсу провинциясының Ақсай Қазақ автономиялық уезінде және аз мөлшерде Бейжіңде тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжаңда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжаңда қазақтар негізінен Алтай, Іле және Тарбағатай (Чугучак) округтерінің аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мори Қазақ автономиялық уезі мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл Қазақ автономиялық уезінің (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАА аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда қытайдағы қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санжи Дүңген облысындағы Мори Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл Қазақ автономиялық уезі және Ганьсу провинциясындағы Ақсай Қазақ автономиялық уезі. Цинхай провинциясында Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялық облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялық қазақ болыстары бар. Үрімжінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% - 1962 жылдан кейін және 50% - «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда қытай емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық аудандағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% - жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% ]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАА тұрғындарының көпшілігі Бейжің, Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатысуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжаңдағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Бейжіңнің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады.

Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорындарда.




#Article 39: Дауыссыз дыбыстар (286 words)


Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм)   — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.   Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді: 

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. 
Жіңішке дауыссыздар () — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). 
Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.

Дауыссыздардың жуандауы  — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.

Дауыссыздардың жіңішкеруі  — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.

Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:




#Article 40: Тәуелдік жалғау (182 words)


Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:

Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді.  Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады. 

Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:




#Article 41: Менің Қазақстаным (ән) (119 words)


Қазақстан Республикасының Әнұранының негізіне алынған.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Думанды бастады,

Далама қарашы!

Кең екен Жер деген,

Жерге дән шықты ғой,

Дән егіп терлеген

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Айнала қарасам,

Асықты жүрегім.

Заманға жарасам,

Жарасып тұр елім.

Біздің ел орденді

Көтерді туларын,

Желмен ол тербелді,

Тербеле жырладым.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

Сағымды далам бар,

Сабырлы көлім бар.

Қараңдар, жараңдар

Осындай елім бар.

Қарсы алған уақытты

Ежелгі досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!




#Article 42: Әбікен Хасенов (150 words)


Әбікен Хасенов (1897, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы - 30.10.1958, Алматы) - қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі (1945). 

Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубек пен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Кәрсон бұтағынан шыққан.

Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді.

Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған «Қоңыр» күйіне ән де жазылып қалды.




#Article 43: Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (210 words)


Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.

Төлеңгіт руынан шыққан.

Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма»  сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.

Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.




#Article 44: Түркі тілдері (421 words)


Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. Түркияда әдетте түркі тілдерінің орнына түрік диалектілері термині қабылданады. Түркия, Әзірбайжан, Өзбек және де барлық түркі тілдерінің барлығы да түрік тілінің диалектілері есептеледі. Түрік тілі айтылған кезде Түркия түрікшесі емес, барлық диалектілерді қамтитын тіл ретінде түсініледі. Түркиядағы Университеттерде Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları «Заманауи Түрік Диалектілері мен Әдебиеттері» кафедраларында түркі тілдері мен олардың әдебиеті оқытылады. 

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады: 

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған.
Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.

Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Жақұт, Солтүстік Сібір тілдері бұл жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бір-бірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туынған түркі диалектілері табылады.
 

Түркі тілдерінің өз-ара жақындығын көрсету үшін келесі (халық саны бойынша) маңызды бірнеше тілден мысал сөздер келтіріліп тұр.

Қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түрік және түрікмен тілдері — мемлекеттік тіл дәрежесіне ие.

Бұған қоса келесі тілдер жергілікті ресми тіл ретінде қолданылады:
шуаш, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт, якут, хақас, тыва, алтай және Қытайда ұйғыр тілі.

Түркі тілдері Еуропа мен Азияның отызға жуық өлкелерінде қолданылады.
Кесте алты топқа бөлінген және сандар тек ана тілі ретіндегі қолданушылар үшін көрсетіледі.

Ең соңғы деректерге сай (B. Johanson-Csató, The Turkic Languages 1998), Түрік тілдерінің топталуы келесі түрде жасалынады (қолданушылар саны 2006 ж. бойынша берілген):

Түркі тілі




#Article 45: Текелі (136 words)


Текелі — Қазақстан Республикасы, Алматы облысына бағыныстағы қала (1952 жылдан), темір жол стансасы.

Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Аумағы 0,1 мың шаршы км (61,33 га). 2003 жылғы деректер бойынша 24,3 мың тұрғыны бар. Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалының бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600 м биіктікте орналасқан.

Оған Рудничный кенті қарайды (тұрғыны 1000 адам).

Текелінің климаты континенттік, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы −11-13С, шілденікі — 20-22С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 650-1900 мм. Қаланың маңында, Қора өзеңінің шатқалында биіктігі 90 метр болатын Бұрханбұлақ атты сарқырама бар.

Қалаға жақын әсем тау шатқалдарында Жетісубақа тісі (тритон), марал, таутеке, елік, қоңыр аю, борсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабайы шошқа, т.б. аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша, қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағашы, т.б. жалпақ жапырақты орман қалыптасқан.




#Article 46: БТА Банкі (519 words)


БТА Банкі – Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі коммерциялық банк. 
БТА Банкі, АҚ (бұрынғы атауы «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) 2008 жылдың бірінші тоқсанында ребрендинг нәтижесінде жаңа атауға ие болды) — Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құрушы  болып табылады.

БТА Банкі — бүгінде нарықтың барлық саласына қатысушы, жетекші қаржылық топқа айналды: корпоративтік және жеке тұлғалар бизнесі, сауданы қаржыландыру, қор рыногы, несиелендіру, шағын және орта бизнесті дамыту, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б көптеген қызмет түрлерін қамтиды.

БТА Банкінің қазіргі таңда Қазақстан бойынша 22 филиал, 274 бөлімшесі мен Украинада (Киев), Ресейде, БАӘ-де (Дубаи) және Қытайда (Шанхай) халықаралық өкілдіктері бар, және банкінің желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға, Қазақстан мен Түркияға тарайды. [Мағлұмат БТА Банкінің ресми сайтынан алынған]

БТА Банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Euromoney» журналының мәлімдеуі бойынша «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деген жоғары мәртебені иеленді. Британдық «The Banker» журналының «Шығыс Еуропадағы шағын банктер арасындағы ең үздігі» мәртебесіне ие болды. БТА Банкінің марапаттарын банкінің ресми сайтында көре аласыз .

Банктің Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстандағы кейбір басшыларына байланысты қылмыстық іс қозғалып, «ірі көлемде банк қаржысын ұрлады» деген айыптар тағылған. БТА одан кейін «заңсыз әкетілген активтерді қайтару» науқанын бастаған.

Банктің тарихы 1925 жылы 15 қазанда Өнеркәсіптік банктің Қазақстан аумағындағы бөлімшесі ретінде құрылған күнінен басталады. Кейін бөлімше түрліше атпен қайта құрылып отырды: 1932 жылдан КСРО Құрылыс пен электр шаруашылығын қаржыландыру банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі, 1949 жылдан КСРО Өнеркәсіптік банктің, кейін КСРО Құрылыс банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі, 1987 жылдан КСРО Өнеркәсіптік-құрылыс банкі Қазақ респ. банкі деп аталды, 1991 жылы 4 наурызда Қазақ республикасы “Тұранбанк” мемлекеттік коммерция өнеркәсіптік-құрылыс банкі, осы жылдың 24 шілдесінде “Тұранбанк” Қазақ акционерлік банкі болып өзгертілді. КСРО Сыртэкономбанктің 1990 жылы құрылған Қазақ республика банкі 1992 жылы “ALEM BANK KАZAKHSTAN” Қазақстан Республикасының Сыртқы экономика қызмет банкі деп қайта аталды. Бұл акционерлік банк бірқатар жылдар бойына ҚР Үкіметінің мемлекет кепілдігімен шетелден несие тарту жөніндегі агенттігі болды. 1997 жылы15 қаңтарда “Тұранбанк” пен “Қазақстан Әлембанк” қосылып, “Тұранәлембанк” ЖАҚ болып қайта құрылды. 1998 жылы 1 қазаннан ААҚ, 2003 жылдан АҚ.

Банктің жоғары органы – акционерлер жиналысы, атқарушы органы – басқарма. Тұранәлембанк Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің арасында активтері мен меншікті капиталының көлемі бойынша жетекші орында. Ол Қазақстанның жүйе құраушы банкіне және ТМД елдерінде банк желісін құру жөніндегі көшбасшысына айналып отыр. Оның активі 9,2 млрд. АҚШ доллары, меншікті капиталы 1,6 млрд. доллардан асады. Тұранәлембанк нарықтың барлық буындарына: корпоративтік және бөлшек сауда бизнесіне, сауданы қаржыландыруға, қор нарығына, шағын және орта бизнесті несиелендіруге және дамытуға, лизингіге, ипотекаға, зейнетақы қорына, басқа да көптеген шараларға қатысады. Оның 750 мыңға жуық клиенті бар. Қазақстан бойынша 22 бөлімшесі, 193 есептесу-кассалық бөлімі жұмыс істейді. ТМД елдерінде және алыс шетелдерде, бірқатар халықараралық өкілдіктері бар. Тұранәлембанк қызметінің стратегиялық бағыты – банк көрсететін қызметтің географиясын әртараптандыру, ТМД елдері мен алыс шетелдер экономикасының түрлі секторларына қатысу ауқымын кеңейту, сондай-ақ банк өнімдерінің түр-түрін дамыту, несие беру және сауданы қаржыландыру, тұрақты да серпінді түрде өсуге ұмтылу.

Банк акционерлерінің құрамына EBRD (Еуропа жаңғыру және даму банкі), RZB (Райффайзен Централ Банк), ҚFC (Халықаралық қаржы корпорациясы), FMO (Голандия даму банкі) сияқты әлемнің аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді. Тұранәлембанк Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша маркет-мейкер мәртебесіне ие болып отыр.




#Article 47: Атырау (808 words)


Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Тұрғыны 270 882 адам (2019).
Атырау қаласынан Астанаға дейінгі қашықтық 1810 км.

Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.

Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок.

Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен б ()екіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.

ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.

Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді.

Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.

Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді.
Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі.

Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымында басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. 
Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң, 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады.

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.

Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.

Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С.
Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді.
Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс бағытта болса, ал маусым айында батыс бағытта болады.

Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 2 кенттiк әкімшілiк (Балықшы, Жұмыскер), 7 ауылдық аймақ (Ақсай, Атырау, Геолог, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 28 елдi-мекен бар. 
Қалаға бағынышты Балықшы кенті мен Жұмыскер кенті , бұрынғы Балықшы ауданы 1990 жж. ортасында қалаға қосылғасын.

Тұрғыны 1897 жылы 9,3 мың, 1959 жылы 78,1 мың, 1970 жылы 114,2 мың, 1979 жылы 130,9 мың, 2012 жылы 182,8 мың адам болды.

Атырау қаласында 84 ұлт өкілдері тұрады.
Облыстың 2014 жыл басындағы деректер бойынша жекеленген этностар құрамы төмендегідей:

Атырау облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі және әлемнің 50-ден аса елдерімен тығыз ынтымақтастықта.
Бұнда 1000–нан аса біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, сәтті жұмыс жасауда. Олардың қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар бар: «Tengizchevroil» ЖШС, «North Caspian Operating Company» ЖШС, «Fluor Kazakhstan Inc.» ЖШС және басқалар.

Атырау облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттары: мұнай-химия, мұнай-газ машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және балық аулау.

Облыс әр түрлі табиғи ресурстардың қорларына бай. Соның ішінде: бораттар, бор, тұз рудалары, ас тұзы, калий тұздары, құрылыс материалдары.
Өңірге тікелей шетел инвестицияны тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Екіжақты халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында, инвестициялық әлеуеті зор аймаққа жыл сайын алыс және жақын шетелдерден делегациялар келіп кетеді.

Аймақтағы отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек, ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету мақсатында «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Atyrau Innovations» ЖШС секілді мекемелері тиісті қызмет атқарады.

Атырау облысында жыл сайын «Global OilGas Atyrau» мұнай-газ көрмесі өткізіліп, көрмеге әлемнің 150-ден астам елі қатысады.
 
Сонымен қатар, бүгінде облыста бірқатар шетелдік визалық орталықтар жұмыс істейді.

Мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау университеті, университет, драма театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, кітапханалар,  кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі,  қонақ үйлер, бала бақшалары, медициналық мекемелер жұмыс істейді.

Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары «Ембімұнай» кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады.




#Article 48: Домбыра (2508 words)


Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты  аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.

Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.

Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл сайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.

Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.

Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.

Қазіргі кезде  домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде

Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.

Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік. 

Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.

Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы: 

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.

Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады.

Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы.

Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі.  Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет.

Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі — Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты.

Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо-тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген».

Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша.

Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық творчествосы дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі-біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын  құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа-басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек.

Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді. 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған-ды. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажығалиев, сондай-ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай-талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр.

Қазақ КСР Министрлер Советі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 ақпанда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық-механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп-игеру негізінде жүргізілді.

Әр түрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады. Қақпақты өңмеу жұмыстары оның тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді, сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп, біржола өңделгеннен кейін тербеліс жиілігі қандай болатынын күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ағаштық физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санына
қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады.

Зерттеу жүмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, олардан
алынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.

Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені —250 мм, ұзындығы — 400 мм және қалыңдығы —2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64—233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 23308—277,12 гц шамасында болмақ.

Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені—5 мм, ал биіктігі—6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.

Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі —233, 08—261,6 гц шамасында дыбыс алуға қолайлы келеді, өйткені мұндай жиілік домбыраның мензурасына, оның құлақ күйіне және дыбыстау сипатна сәйкес келеді. Аспапта жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс пайда болады. Егер қақпақты құрастырғанда оның күйге келтірілуі ескерілмесе, онда, практикада бақыланғанындай, қақпақтың тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді.

Қазір домбыраның қақпағы 2—5 бөлек тақтайдан құрастырылып жүр. Тақтай бөлшектерінің санына қарай қақпақты құрастырудың және күйге келтірудің жолдары өзгеріп отыруға тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана құралса, онда оларды бір тонға келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен құралатын болса ортадағы тақтай күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен құрастырылса ортадағы екі тақтайдың күйге келтірілетін болуы маңызды, өйткені негізгі тонды беретін солар.

Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни: 

түссе, домбыраны күйге келтіру қиындайды.

Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-тенордын, қақпағының үніне қарап аспаптың тембрлік даусын күні бұрын білуге болады. Ал мұның, өзі аспаптарды көбінесе сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың үні жақсы болса — тембрі жүмсақ, ал үні жоғары болса — тембрі ащы болады.

Мұнан қорытарымыз, көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тэжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, көп ізденіп келген. Сондықтан да олар домбыраның формасы мен құрылысына ерекше назар аударған.

Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен.

Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.

Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені —195 мм, ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, оның ені — 4 мм.

Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы 2,0—2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы 2.0—1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені — 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы 4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны — қайыңнан, қақпағы — шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.

Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка — күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.

Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық аспаптың мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы: Моцарттың “Түрік маршы” өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың бірі. Оның барлық вариациясын күй-сандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ композиторларының шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды асқан шеберлікпен әсем орындауға болады. Бұның өзі домбыраның ерекшелігінің бір дәлелі.




#Article 49: Қылқобыз (131 words)


Қылқобыз — екі ішекті, ыспaлы музыкалық аспап. Қылқoбыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9-10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Жалпы, ұлттық аспaптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қaтaр, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қoбыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Сeбебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқoбыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды хaлқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны») Қазақ халқы қыл қобыздарға өте бай болып келеді.Солардың бірі осы қылқобыз болып табылады. Қазақ халқы үшін ұлттық аспаптардың маңызы өте зор болып табылады.Қазақ халқы күй атасы-Құрманғазы десе,қобыз атасы-Қорқыт деп санаған




#Article 50: Алматы (2244 words)


Алматы (; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 897 143 адам тұрады (2019). Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18.8 млрд АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.

Қаланың аумағы — 682 шаршы километр. 
Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларына орналасқан.       

Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы — желсіз тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді.    Ең ыстық айлар — Шілде мен Тамыз. Ең суық ай — Қаңтар.  Орташа жылдық температурасы шамамен 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен - 4.7 °С, ал шілдеде +23.8 С°. Аяз қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяз 67 күн болады —  желтоқсаның 19-і басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы  30 С° дейін — 36 күн болады. Жылы мезгілде  шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады.

Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады:

Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түрксіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.

Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн сом қаржы бөлінді.

Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.

Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.

Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.

Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.

Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібінің үлесі - 0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.

Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:

Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді.

Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4%-ын (130,9 млрд теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

Жеке меншік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттері азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн теңге (0,01%) алынды.

Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.

Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5%.

Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.

Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.

Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.

Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 млрд АҚШ долларын, облигация - 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.

VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30-қаңтар мен 7-ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек.

Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етті.

Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстан­ның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, Қазақстан, Отырар, Рахат-Палас, Анкара, Достық қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып са­лынған ғимараттар бой көтерді.

Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.

Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.

Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне салтшылдар — 2, Ахмадие — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін — 2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта, Жетінші күннің Адвентистері — 5, Елушілдер — 4, Пресвитериандар, Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері — 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм — 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1, эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1, Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар.

Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша), Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, «Жаңа өмір» Інжіл Орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар.

Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеудің қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі, Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін атқарып жатыр.

Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің _Қазақ-Мысыр «Нұр» университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.

Алматы қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: «Ислам Әлемі», «Шапағат Нұр», «Қазақстандағы Православие Нұры», «Веди», «Жаңа Өмір», «Хабаршы», «Шолом Алейхем» және т.б.

Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын бірлестіктер бар.

Діни бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі.

Қазақстан Республикасы КСРО-дан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағында көптеген орыс тіліндегі көшелер мен мектептер және тағыда басқа ұйым атаулары қазақ тіліні аударылды. Қазіргі таңда Алматы қаласында 1000 жуық көше бар. Ол көшелерді келесі мақаладан қарауларыңызға болады немесе  Алматы көшелері деген сілтемені басуыңызға болады.

Алматы қаласында жолаушыларды және жүк тасымалдайтын қалалық бағыттарда 24 тасымалдаушы және өздері 2000 автобус, 46 трамвайлар, 191 троллейбустарды басқарумен «Алматыэлектротранс» МКК айналысады.

Алматы қаласының бағыттық желісіне 131 бағдар қосылған, олардың ішінде 119 автобус, 10 троллейбустық және 2 трамвайлық бағдар, 1884 автобустар, 28 трамвайлар жұмыс істейді. 2009 жылы 4 бағдар ашылды: №1 троллейбустық парктің №16 бағдарына қозғалыс орнатылған және №15,18 және 122 автобустық бағыттар ашылды және 20 бағдардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болды. 33 автобустық бағдарды қамтамасыз ету құқығына 2 байқау өткізілді және байқау нәтижесі бойынша 10 тасымалдаушыға 18 бағдарды қамтамасыз ету құқығына куәлік тапсырылды. Қалған бағдарлардағы үміткерлердің қызметі қанағаттанарлықсыз деп табылды және бұл бағдарларға жаңа байқау өткізілетін болады.

Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында жеке қаржыларына 98 бірлікте жаңа автобустар және екінші нарықтан 72 автобус алынған, 170 автобустың барлығы Euro – II стандартқа сәйкес.

Қалада таксомоторлы тасымалдаушылар 487 а/м 9 тасымалдаушы іске қосылған. Барлық таксилер радиобайланыспен жабдықталған, олардың ішінде 105 газбен жүреді. Биылғы жылы таксилердің жұмыстарын бірыңғайлау бойынша жұмыстар жалғастырылуда: қала бойынша жолаушыларды тасымалдайтын таксилерге бірыңғай тарифтер және бірыңғай түсті гаммалар бекітілді, таксилерге таксометрлер орнату және әрбір тасымалдаушыға логотиптер орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жолаушыларды тасымалдау жұмыстарына жүргізілген тексерудің нәтижесінде 2009 жылдың 9 айында 101,6% ға жоғарылаған, 2308 млн адамды құраған, оның ішінде:

Көліктердің жұмыстарын бақылаумен қамтамасыз ету үшін рейттік тексерулер жүргізіліп отырады. Жыл басынан бері барлығы 28 рейд жүргізілген, оның ішінде екі рейд БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілді және нәтижесі БАҚ жарияланды. Рейд барысында 4220 тәртіп бұзушылық анықталды: 4102 тәртіп бұзушылық жағдай жол қозғалысының Ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде 24 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін, 33 салық заңнамасын бұзғаны үшін, 67 жолаушыларды және жүкті тасмалдау Ережесін бұзғаны үшін айыпталды.

Жолаушыларды тасмалдау жүйесіне шұғыл ықпал ету мақсатында муниципалды автопарк жобасын басқару жүзеге асырылуда. Аталған жоба сауатты бәсекелестікті құруға және ұқыпсыздықты жоюға және әлсіз менеджментпен тасымалдаушылардың жағдайларын ашуға және сервистердің сапасыздығын тексеруге мүмкіндік береді.

Алматының метро құрылысы 1988 ж.  басталған еді. Алайда Кеңес Одағының ыдырауынан метро құрылысы тоқтатылып, тек тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 жылдан бастап метро құрылысына ақша бөле бастайды. 2011 ж. 1 желтоқсанда Алматы метросы салтанатты түрде ашылды. Бұл метрополитен техникалық және әрлендіру жағынан ТМД елдері арасынан ең үздік болып саналады. Ұзындығы 11,3 км. құрайтын алғашқы бағыт 9 бекеттен тұрады. Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы метрополитен.

Әлемдік дағдарыстың әсерінен 2009 жылдың тамызында Алматы қаласының әкімінің ұйғаруымен ҮАШЖ-ның құрылысы белгісіз уақытқа дейін тоқтатылды.

Қазіргі таңда 28 көлік түйіні бар

Халықаралық Алматы әуежайы () Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы мен жүктірдің 68% өтеді.

Алматыда екі темір жол вокзалы бар: Алматы -1 және Алматы - 2. Алматы -1 транзиттік вокзал. Ол Орталық Азиямен Ресейдің сібір облыстарын байланыстырады. Ал Алматы - 2 қалалық вокзал. Ол қаланың орталығында орналасқан.

 




#Article 51: Велосипед (783 words)


Велосипед (, шығу тегі  — жылдам, жедел және pes — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі.

Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1,000,000,000-тан асатын бұл көлік әлемнің кейбір аумақтарында серуендеуге, не спортта қолданылса, көп региондарда негізгі транспорт түрі болып табылады.

Велосипедтің жалпы бейнесі, рамасының конфигурациясы, доңғалақтары, педальдары, отырғышы және тұтқасы 1885 жылы алғашқы жасалған шынжырлы нұсқасынан аса көп өзгерген емес. Әрине сол уақыттан бері, әсіресе кейінгі кезде, жаңа материалдар қолданылып, компьютері орнатылған модельдері де дамытылып, велосипедтің дизайнына айтарлықтай өзгерістер жасалды

Велосипед – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), тағыда басқа жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған велосипед 1801 жылы Мәскеуде көпшілікке көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі, тағыда басқа енгізілді.
Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16 килограмм шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14 килограмм) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады. Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді. Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар.
Олардың салмағы жеңіл (8 – 11 килограмм), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады. Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 километрге дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақты велосипедті екі доңғалақты велосипедке және керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина күйінде шығарылады. Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына арналған бір – үш доңғалақты велосипедтер, велоарба, тағыда басқа жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер көп тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипед мопед деп аталады.

Велосипедтің шығу тарихы мен ойлап шығарған адамы нақты белгілі емес. Ең ықтимал болжам ретінде неміс бароны Карл Дрездің есімі аталады. К. Дрез өз машинасын 1817жылы ойлап тауып, патентін алған. Бұл көлік адамның жерді аяғымен итеру арқылы қозғалған.

Велосипедтің тарихы терең. Кейбір деректерге қарағанда, 1863 жылы Парижде 20 жас­тағы франциялық өнертапқыш Пьер Лалман қазіргі велосипедке ұқсайтын ең алғаш көлік құралын жасап шығарған кө­рі­не­ді. Тағы бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке «вело­сипед» деген атау берген екен. 1866 жылдың қараша айында Пьер Лалман Америкаға барып, өзі жасап шығарған велосипедке патент алды.

Сөйткен велосипед жылдар бойы техникалық жағынан жетіліп, бүгінгі күнге дейін адамзат кәдесіне жарап келеді. Бір қызығы, XX ғасырда велосипедке деген қызығушылық біресе артып, біресе төмендеп отырған. 1905 жылдан бастап АҚШ пен Гер­мания сияқты дамыған елдерде автокөлік индустриясының дамуына байланысты ве­ло­сипед сән болудан қалды. Жол полициясы велосипедшілерді автокөлік қозғалысына кедергі туындататындар деп санайтын. Алай­да 1960 жылдың аяғына таман эколо­гиялық мәселелерге алаңдаумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын да­мы­ған елдерде велосипедке деген қызығу­шы­лық қайтадан артты.

Өткен ғасырдың аяғына таман Кеңес Одағында адамның жас шамасына қарай сұрыпталған «Дружок», «Школьник», «Орленок», «Салют», «Кама», «Урал», «Уралец», «Украина», «Аист» сияқ­ты велосипедтер кеңінен тарағанын біз­дер жақсы білеміз.

Велосипедтің әлеуметтік рөлі зор болды. Еуропада бастау алған велосипед өндірісі автокөлік пен ұшақ құрастыру ісі­нің техникалық базасын құруға негіз беріпті. Велосипед қаңқасы мен басқа бөлшектерін жасауға бағытталған метал өңдеу техноло­гиялары кейіннен көліктің өзге түрлерінде қолданыс тапты. «Ровер», «Шкода», «Пежо», «Опель» сияқты өткен ғасырдың басында құрылған автокөлік шығаратын көптеген компаниялар әуел баста велосипед зауыты­нан бастаған екен. Жүргізушінің жынысы­на қарамайтын велосипед гендерлік теңсіз­дікті жоюға да үлес қосты. Оның арқасында әйелдер еркін қимылдауға мұрша бермейтін тар корсетті тастап, велосипедтің арқасында сәнге айналған ықшам, әрі ыңғайлы шалбар кие бастады.

VІІІ (?!) ғасырдың аяғында велоси­педтің арқасында ауыл тұрғындары көрші­лес ауыл мен қалаларға барып, түрлі елді мекендер өзара қыз алысып, қанның жаңа­руынан халықтың генетикалық денсаулығы да жақсарғанын ғалымдар жоққа шығар­майды. Велосипедтің арқасында халық бір қала­да шоғырланбай, қала сыртында өмір сүріп, алыс жерлерде жұмыс істеу мүмкін­дігін алған.




#Article 52: Библия (225 words)


Библия, немесе Киелі Кітап (, tà biblía, кітаптар), — христиан дінінің киелі, қасиетті делінген кітаптарының жиынтығы. Онда Құдай мен адамның байланысы түсіндіріліп, христиандар, яһудилер, самариялықтар және растафарилер айтылған. Библия екіге бөлінеді: яһудилер мен христиандарға ортақ Көне келісім (яһудилікте — Танах) және тек христиандар мойындайтын Жаңа келісім. Қазақша аудармаға сәйкес Киелі Кітап Тәурат, Пайғамбарлар Жазбалары (1-б.), Забур, Пайғамбарлар Жазбалары (2-б.) және Інжіл деп бөлінеді. Көне келісім көне иврит тілінде жазылды, бірақ кейбір бөліктері арамей тілінде жазылған-ды, ал Жаңа келісім толығымен көнегрек тілінде (койне грекше түрінде) жазылды. XIII ғасырда Стефан Лэнгтон Киелі Кітапты бөлімдерге, ал XVI ғасырда Роберт Этьенн оны жолдарға бөлді.

Киелі Кітап әлемдегі ең сатылатын кітап, жыл сайын оның 100 миллион көшірмесі сатылады. Оның тағы басқа рекордтары да бар: ең көп шығарылатын кітап — жыл сайын 32 876 дана шығарылады; ең аударылған кітап — ол 2036 тілге аударылды; ең ұзақ жазылған және жиналған кітап — Киелі Кітап кітаптарының бірі Әйүп кітабы б.з.б. 1521 жылы жазылса, Жохан аяны б.з. 96 жылы жазылды; авторлары ең көп кітап — ресми деректер бойынша кітапты 31 автор жазды; 

Киелі Кітаптағы кітаптар саны христиандық тармақтарда әртүрлі: Протестантизмде — 66, Католицизмде — 73, Православиеде — 77, ал Эфиоптық православ шіркеуінде — 81.

Яһудилер Көне келісімнің тек 39 канондық кітабын Танах кітаптары ретінде мойындайды.

Мұсылмандар Тәуратты, Забурды және Інжілді Алла Тағаланың сөздері деп санайды, бірақ олар Киелі Кітап құрамына бұрмаланып кірген деп есептейді.




#Article 53: Шәмші Қалдаяқов (668 words)


Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан

Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша  із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері  еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих -  ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы  29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...

Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық артисі.

Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.

Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:

Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:

Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.

Республика жастар сыйлығының иегері болды (1965).




#Article 54: Медеу (336 words)


Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. 

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп,  дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.

Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.




#Article 55: Төлеген Момбеков (668 words)


Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданы, Сызған ауылы) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Саңғыл руынан.

Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан. Бұл орайда Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады.Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері: Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…».

Салтанат күйінің шығу тарихы: 1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: “Апама айтам” деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: “Қайтемін, жаным-ау” деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде “Салтанат” деп қояды.




#Article 56: Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова (149 words)


Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
 
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз, Астана қалаларында

Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.

Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды.




#Article 57: Махамбет Өтемісұлы (452 words)


Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.

Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 -38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған.
Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі.
Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады.




#Article 58: Исатай Тайманұлы (1994 words)


Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы Тайман жалы деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.

Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.

Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді.

Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді . Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақжаратын әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы алып, Астраханьға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады.

Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейетүседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады.

Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Оның қоластындағыларға ханның әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәңгірдің әлі келмейді. Ханның төңірегінде негізінен төрелер, билер, қожалар, молдалар және соларға ерген аз ғана халық қалады.

Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай - 1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды.

Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі, ал Махамбет - ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі.

Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.

Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың хан ордасын шабайық деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Егер 18-ғасырдың 80-90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек.

Көтерілісшілер хан ордасын қоршаған кезде патша үкіметінің әскер жіберіп, Жәңгірді құтқаруға ұмтылуының өзі - Исатай батырдың шешімінің дұрыстығын байқатады. Ал, Исатайдың подполковник Гекемен келіссөз жүргізу себебі - күші басым Ресей әскерімен соғыспай, уақыт өткізіп, қыс түсе Жайық өзенінің шығыс бетіне, Кіші жүзге өтіп кетуді ойлағаны болу керек.

Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді,-деп жазған.

Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі,- деп жарияланады. Егер С.Разин, Е.Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы жолдастары патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті, аты жарапанып, жаяу соғысқан соңғы сәттерде де жолдастары Исатайды жау қолына қалдырмауға тырысады.

Ішкі Ордада бытырап жүрген көтерілісшілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И.Тайманұлы бір топ жолдастарымен бірге жазалаушылардан бой тасалай жүріп, Кіші жүзге өтігт кету үшін Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 12 желтоқсанынан 13-не қараған таңда өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен И. Тайманұлы бастаған 38 адам ұйтқып соққан боранды пайдаланып, қазіргі Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне - Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен боранның көмегімен арттарынан ілесе қуған казактар мен Баймағанбет сұлтанның адамдарын адастырып үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет алады.

Өкінішке қарай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері - Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі.

Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған шағын топ осы жерде патша өкіметінің отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет Айшуақұлы бастаған жергілікті феодалдардың қарапайым халықты езіп-жаншуына қарсы азаттық күресті ұйымдастыруға кіріседі.

Исатай батыр мен ақын Махамбет бүкіл Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің отарлық саясатын және солардың қолшоқпары хандар мен сұлтандардың халыққа жасап отырған озбырлығын шаруаларға түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, өздерінің азаттығы үшін күреске шығуға шақырды. Сол мақсатпен Исатай Махамбетпен бірге Маңғыстауға барып, оның билеушісі Қ.Есімовпен күш біріктіруге уағдаласады Сонымен бірге Хиуа ханы Қайыпқали Есімовке патша әскерлерін тойтару үшін 20 мың әскер беруге уәде етеді.

Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз. Мысалы, көтерілістің негізгі ошағы болған әлімдер мен Маңғыстау адайлары арасында көптен келе жатқан кикілжің болған. Көтеріліске қатысушы адайлық сарбаздардың Әлім жеріне келетін болуына байланысты Исатай Әлімдер мен Адайларды өзара келістіріп, татуластырады. Маңғыстау адайлары мен түрікмендердің арасында да көптен бері келіспеушілік болады. Ресейдің отарлық саясатына қарсы азаттық көтеріліске аттанған адайлардың тылын қауіпсіздендіру мақсатында Исатай түрікмендермен келіссөз жүргізіп, адайлар мен түрікмендерді де мәмілеге келтіріп, келістіреді.

И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге батыр Жоламан Тіленшиев би Жүсіп Құланов бастаған сарбаздар қосылады. Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете руларынан Исатай мен Қ.Есімовтың қоластына 3000-дай адам жиналады.

Патша өкіметі И.Тайманұлының басқаруымен Кіші жүздің батыс бөлігінде болып жатқан халық наразылығының одан әрі өршуінен қауіптеніп, оны басудың қамына кіріседі. Өйтпеген жағдайда бұл көтеріліс Кіші жүзге қарай жақындап келе жатқан Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтеріліске ұласып, патша өкіметінің отаршылдық езгісіне қарсы халық-азаттық соғысқа айналуы әбден мүмкін еді. Егер оқиға дәл осылай өрбісе, онда Ресей империясының 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды отарлауды аяқтауының өзі неғайбыл жағдайға айналған болар еді. Осыны ескерген Орынбор генерал -губернаторы 1838 жылғы шілде айының басында подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск қамалынан бір топ әскерді бастап Баймағанбет Айшуақов та шығады. Жазалаушылардың екі тобы 10 шілдеде Үлкен Қобда өзеніне жақын жерде кездеседі.

Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда, мұнда да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбірек оғы түскен жерлерден атты сарбаздар бытырай қашады. Исатайдың атына да оқ тиіп, ол казактармен жаяу шайқасады. Махамбет пен Үбі Исатайға өз аттарын тосса да, ат артына мінгесіп, елге күлкі болғанымнан өлгенім артық, одан да балаларымды сақтаңдар, өздерің қашып құтылыңдар, - деп оларды ілгері жібереді. Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді.Исатай абайсызда қанжарын түсіріп алады. Орыс-казак әскер басы сол қанжармен Исатайдың басын шауп өлтіреді.Оны қанағат етпей оған екі оқ атады.

Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ.Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады.

Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды.

И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді.

Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана өлгенінше көпті соңына ерте алды (Х.Досмұхамедов). Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, -қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай.
Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке, Миялы селосындағы орта мектепке, Жұмыскер селосындағы орталау мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі Тайман жалы деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И.Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы Қазақфильм киностудиясы Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу - қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде.




#Article 59: Тарас Григорьевич Шевченко (148 words)


Тарас Григорьевич Шевченко (9 наурыз, 1814, Киев губерниясы, қазіргі Черкасск облысы Моринцы селосы - 10 наурыз 1861, Санкт-Петербург)  - Тарас Грыгоровыч Шэвчэнко,  - әйгілі украин казак ақыны. Басыбайлы украин казактардан, оның үлкен ата Андрий басыбай істелген.

Суретші ретінде де тарихта қалған. Орыс әдебиетіне де үлес қосқан. Бірақ ең бастысы, әрине, украин әдебиетінің жарық жұлдызы болғаны, украин халқының санасын оятуының ұлттық нышаны болып саналады. 

Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған. Қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады.
Халық ақыны болғандықтан, оны ұлы кобзарь деп атап кеткен. Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін, оны алдыменен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына - Маңғыстауға айдап тастаған. Айдауда Гогольге, Жуковскийге шағым хаттарын жазады. Айдаудан соң, Тургеневпен жиі кездеседі.

Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көше аттары аталады. Алматыда Шевченко атында көше және сол көшеде ескерткіш орнатылған.




#Article 60: Түркия (1187 words)


Түркия (), ресми аталуы Түркия Республикасы () — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80 810 525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі - Еуропа мен Азия құрлықтарының тоғысқан жерінде орналасқандығы. 
Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтарын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-ында Түркия Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолдары. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су жолы жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде орналасқан. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. 
      
Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. 
     

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен атырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады. 
      
Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді. 
      
Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар. 
      
Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан. 
      
Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан. 
      
Елдің солтүстік шығысында Армения Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмикалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкінулер жиі болып тұрады.

Түркия жерінде 100-ден астам түрлі пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмір және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш, сынап кендері көп. Тұз көлінде көп тұз өндіріледі.

Түркия — Континентік климат белдеуінде орналасқан тау елі. Ел орталығында климат шұғыл-континенттік. Қыста суық болады, ал жазда ыстық. Тек қана теңіз жағалауында климат Субтропикалық болады. Жерорта мен Эгей теңіздерінде ауа райы өте ыстық болады. Осы аумақты Жерортатеңіздік климат белдеуі алып жатыр. Жаздын орташа температурасы + 29-31 С° құрайды. Қыста жауын-шашын көп жауады. Ауа температурасы +15 С°. Ашық күн болмайды. Ауасы салқын болуы мүмкін. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңізі жағалауында орташа температура +18 С°. Эгей теңізінде ауа-райы салқын тек қана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Орташа ылғалдылық 60% құрайды. 
Қара теңізде климат қоныржай-теңіздік. Мұнда көп жауын-шашын болады. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығысты Тропикалық климат белдеуі алып жатыр. Мұнда жауын-шашын өте аз жауады және жыл бойы ыстық болады.

Түркияның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі сулары да әркелкі таралған.

Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Түркия аумағында ірілі-ұсақты көп өзен бар. Олардың ішінде бір ғана өзеннің (Қызылырмақұзындығы 1000 км-ден асады. Басқа өзендер: Ефрат, Сакария, Мұрат, Қарасу, Тигр).

Республиканың барлық өзендері Қара теңізге және Эгей теңізіне құяды.

Түркияда көлдер және бөгеттердiң жиыны орналасқан. Елдiң 11% аумағын көл және батпақтар алып жатыр. Бұл көлдердiң көпшiлiгi Мәрмәр және Жерорта теңiздері, Орталық және Шығыс Анадолы өлкелерінде жайғасқан. Ірі көлдері Ван (ұзындығы 119 км, аумағы 3755 ш.ш.), Тұз (80км, 1665 ш.ш.), Эгридир (50км, 482 ш.ш.), Бейшехир (45км,650 ш.ш.) және т. б.

Түркияда өсімдіктердің 6 700 түрлері бар. Үштен екі түрлері тек қана осы жерде өседі. Қара теңіз жағасында қалың орман өсіп тұр. Осы жерде Армян емені, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Жерорта теңіз жағасында бұта көп және жерортатеңіздік қарағайлар өседі. Ал грек жанғағы, бадам және емен сирек кездеседі. Эгей теңізі жағалауында мәңгі жасыл ағаштар өсіп тұр. Орталығында құрғақшылыққа төзімді бұталар мен ағаштар бар.

Елде жануарлардың көп түрлері бар. Тау ормандарында марал, кербұғы, елік, жабайы шошқа, қабылан мен аюлар кездеседі. Далада бауырымен жорғалаушылар тіршілік етеді.

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыздардан тараған көшпенді селжұқ тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжұқтар византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжұқтар олардың Кіші Азиядағы, Сирия мен Палестинадағы иеліктерін тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжұқ империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядағы бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады, оның астанасы Конья (бұрынғы Иконий) қаласында болды.
Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдарынан құтылып, Хорасаннан, Сырдария жағасынан Сүлеймен шахтың басшылығымен оғыздардан тараған қайы тайпасы Арменияға, одан кейін, оның баласы Ертұғырыл бейдің кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Конья сұлтаны Ала-ад-дин Кейқубат Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыз қайыларына Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертұғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Конья сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман империясын құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түркия Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. 
Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. 
Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде (1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды.

Аудандар:

Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлық орындар бар. Ең әйгілі орындар. Олар: 

және т.б




#Article 61: PHP (217 words)


PHP ( — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді.
Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.

Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.

Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.

Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.

PHP дамытушылар тобы тідің ядросы, қосымшаларымен жұмыс істейтін, соған қатар PEAR не тілдің құжаттамасы сияқты байланысты жобалармен айналысатын көптеген адамдардан тұрады.




#Article 62: Мошовце (382 words)


Мошовце – Словакияда Жилинск өңірінде Турчиск округінде орналасқан.

Турцадағы селоларының ең үлкені. Оның бай тарихын көптеген көз тартарлық көрікті орындары дәлелдейді, сонымен қатар оның тарихы 800 жылдан бері жазылып келуде. Мошовценің алғашқы аталуы 1233 жылы Андраш королінің құжатында кездеседі. Мошовце екі селодан тұрған, біріншісі «'Махыух» қазіргі Стары Раджерінде дамыған, екіншісі „Терра Моыс»  деп аталған және қазіргі Видрмох өңірінде орын тепкен, бүгінгі «Мошовце» деген атау сол күрделі «Терра Моыс» атаудандан шыққан сөз. Бұл сөздің мағынасы Мойша Жері, біздің ойымызша, ежелгі заманда бұл мекен Мойшаға жатқан. Біртіндеп бұл сөздің айтылуы өзгерістерте ұшыраған: славяндардың Мойтех'аталуының қысқаруы Мойша болған, түбірлес сөздер «Войтех» немесе «'Моймир». Бұл атау тарихи жағдайлармен өзгерістерге ұшыраған, яғни Мошовых, Мошоц, Мошовец, вилла региа Маыос алио номине Мошовых, оппидиоум Маыус суе Мосоцз, Мосоцз олим Маыус, ал бүгінгі атауы - Мошовце. Мошовце ауылының көне жағы - бұрынғы «Хорнуков» поселкесі, бүгінгі сақталған аталуы «Черняков».

Мошовце корольдің ауылы ретінде еркін, айрықша құқыққа ие мекен боп дамып, 14 ғасырдың жартысынан Блатница сарайына бағынған. 1527 жылы Мошовце Реваы отбасының қарамағына түсіп, келесі 400 жыл бойы Мошовце қаласының басымдық құқықтығы мен дәрежесі бұзылып, сақталып қалмаған.
 
Ежелден Мошовце бұл өңірде қол өнерінің орталығы болған. Қол өнеркәсібі өркендеп, сол кезде 15 кәсіптік цех жұмыс істепті. Солардың ішінде ең ұзақ мерзім өмір сүрген етікшілер мен тері илеу кәсіп цехтері. Бүгін Мошовце ірі, көп көз тартарлық орындары бар туристік өңір. Мошовце ғимараттарының өзіне ғана тән сәулеті.

Ғимараттар мен үймереттер арасындағы ең қызықтысы – Рококо, классицизм стилдеріндегі ғимараттар. Солардың бірі - XVIII ғасырдың екінші жартысында салынған ағылшын паркі бар қорған. Келесі қызықты жерлер: Ян Коллар үймереті, неоготика стиліндегі өте құнды мехрабы бар шіркеу, 1784 жылда салынған лютеран шіркеуі, қол кәсіп мұражайы бар кесене, жаңа жылыжай мен 1800 жылдың павильоны.

Бұндағы табиғат ғажайып тамаша. Тарихи аллеялар кешені  бар тау сілемі Велька Фатра. Бұл тау сілемдерінде доломит, әктасы бар таужыныстарының фантастикалық түрлері мен сұлулығы ғажап. Сонымен қатар Гадерска мен Блатницка аңғарларын атауға болады. 
 

Мошовце ауылында көптеген әйгілі тұлғалар дүниеге келген: композитор Фрицо Кафенда (1883-1963), жазушы Анна Лацкова-Зора (1899-1988), әдебиет сыншысы, тарихшы және ақын Штефан Крчмеры (1892-1955), драматург Юр Тесак Мошовскы, Словакиядағы алғашқы ерікті өрт сөндірушілер қоғамын ұйымдастырушысы Милослав Схмидт. Солардың ішінде ең әйгілісі – ұлы славян ақыны, философ, лютеран попы Ян Коллар (1793-1852), бұл ақынның шығармашылығы ұлттық әдебиетінің дамуына зор үлесін қосқан. Сол кездегі патриоттардың ұраны болған «Славы дцера» көптеген славян тілдері мен басқа да тілдерге аударылған.




#Article 63: Елдер тізімі (183 words)


Осы бетте әліппемен сұрыпталған бүкіл әлем Ел тізімі беріледі, оның ішіне кіретін: халықаралық танылған және жалпы танылмаған тәуелсіз мемлекеттер, тұрғынсыз тәуелді жерлер, сонымен бірге арнайы егемендігі бар аумақтар. Тізімделген елдердің құқықтық биліктегі барлық аумақтар кіреді, соның ішінде ел жері, ел суы (соның ішінде ішкі су аумағы және ұласқан аумағы), Ерекше экономикалық аумақ, құрылық шельф және әуе кеңістігі. Тек тәуелсіз ел тізімін көру үшін, егеменді ел тізімін қараңыз.

Осы тізімдегі ел атаулары қазақ тілінің фонетикасы заңымен беріледі. Тізімнің негізі қазақтың ел атау дәстүрімен беріледі. Сосын ҚазАқпарат агенттігі және Егемен Қазақстан газетінің қолданысымен, Қазақстанның шетелдегі елшіліктері атауымен беріледі. Атау аударуы бауырлас түрік тілімен салыстырылған, және араб не ислам ел атаулары қазақ мәдениетіне ықпал еткен араб тілі бойынша, сосын фонетика құрылысы түркі тілдеріне жақын француз тілі негіздерінде жасалған.

Сонымен, қазақша қысқартылған атаулар нұсқасын (мысалы, Ауғанстан) және қазақша толық атаулар нұсқасын (мысалы, Ауғанстан Ислам Республикасы) төменде қараңыз.

Осі тізімге кірген қайсы болса атау әрбір ел арасындағы атау талқылауында ресми көзқарас боп есептелмейді. Кейбір ескірген ел атауларын мынадан қараңыз.

Осы тізімде ел деп саналатын 243 дана бар. Осыған лайықтылар:

Қосымшада осы тізімге кірмеген ел мен жер атап өтілген.

	




#Article 64: HTML (243 words)


HTML ( — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын веб-парақшаларды жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі.
HTML беттер ғаламторда браузерден серверге,  жай мәтін немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.

HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды.

HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай құжаттар әдетте .html немесе .htm форматында болады ) мәтіндік құжаттар форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, әдетте олар пайдаланушының талаптарын  ыңғайлы интерфейспен және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Яндекс, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.

HTML-құжатты таңбалауға арналған тіл. Кез келген HTML тіліндегі құжат элементтер жиынтығын көрсетеді, әр элементтің басы мен соңы арнайы тег арқылы белгіленеді. Одан басқа, элементтердің арнайы қасиеттері бар атрибуттары бола алады(мысалы,font-элементінің түсі немесе шрифт өлшемі). Атрибуттар ашылып жатқан тег-тің ішіне жазылады. HTML-құжатының фрагменттерінің мысалдары:
  
Екі тег арасындағы текст - ашылған және жабылған.

Бос элемент мысалы: 
кез келген HTML-құжат HTML нұсқасының спецификациясына жауап беретін  жолынан тұруы қажет, ол бұлай көрсетіледі:
  
DOCTYPE-тің HTML 5-дегі нұсқасы
HTML 5-те бірақ нұсқа қолданылады:




#Article 65: Қазақстан жоғарғы оқу орындарының тізімі (123 words)


Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады. Алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 529 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы» Жарлығына сәйкес екі университетті: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Жаңадан құрылған университетті уәкілетті сот органдарында мемлекеттік тіркеу 2013 жылы 29 тамызда болды.

Мамандықтар дайындайды:

Сондай-ақ магистратура, докторантура, MBA, DBA мамандықтары бойынша дайындық жүргізеді.



#Article 66: Майкл Джексон (1226 words)


Майкл Джозеф Джексон (; 29 тамыз 1958, Гэри — 25 маусым 2009, Лос Анжелес) — АҚШ Американдық әнші, биші, музыкант, актер , филантроп, кәсіпкер, продюсер, композитор, хореограф.

Оның ән жанрлары: поп-музыка, ритм-энд-блюз, соул, поп-рок, фанк, диско, пост-диско. Джексон 5 тобында жетекші вокалист болып өнер көрсеткен ол 11 жасында халықаралық танымал әнші бола бастады, артынша барша әлемге танымал атақты «поп-музыка королі» атанады. Ең кеңінен мойындалған Куинси Джонс продюсердің жетекшілігімен жазылған келесі үш альбомы болды: «OFF THE WALL» (1979), «THRILLER» (1982) және «BAD» (1987), соның ішіндегі «Триллер» Гиннесстің рекордтар кітабына тарихтағы ең жақсы сатылған диск ретінде енген. Джексон қоржынында 15 Грэмми марапаты бар, соншама рет оның әндері АҚШ сатылым чарты көш басшысы болды. Ол туралы жүрген өсек аяңдарға бас ұрмай өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шыққан.Майкл балаларды жақсы көрген. Жағдайы мен денсаулығы нашар балаларға миллиондап ақша аударып отырған. Атақты жұлдыз 25 маусым күні 2009 жылы 50 жасында қайтыс болған

Майкл 1958 жылы тамыздың 29 жұлдызында  Джозеф (1928-2018) пен Кэтрин (1930 жылы туған) Джексонның отбасында Гэри, Индиана штатында дүниеге келген. Ол он баланың сегізіншісі болды. Джексон әкесінің оны бірнеше рет психикалық және физикалық түрде қорлады деп мәлімдеген болатын. Алайда, Джексон жетістігінде әкесінің үлкен рөл атқарған қатаң тәртібін құрметтеді. Майклдың үлкен ағасы Марлон сипаттаған әкесімен болған бір қақтығыста әкесі оны төңкеріп ұстап, арқасы мен бөкселерінен ұрып жатқанын айта кеткен. Бір күні түнде, Майкл ұйықтап жатқанда, әкесі терезесінен бөлмесіне кіріп кетті. Ол қорқынышты маска киіп, айқайлап, гүрілдеп жүрді. Джозеф өз әрекетін балаларына жатар алдында терезені жабуды үйреткісі келетіндігімен түсіндірді. Төрт жылдан кейін Майкл оны бөлмесінен ұрлап әкетіп бара жатқандай  қорқынышты түстермен күрескенін мойындады. 2003 жылы Джозеф ВВС арнасында Майклды кішкентай кезінде ұрғанын мойындады. 

Джексон бала кезінде көрген қорлығы туралы алғаш рет 1993 жылы Опра Уинфриге берген сұхбатында ашық айтты. Оның айтуынша, бала кезінде ол жалғыздық сезімінен жиі жылап, әкесімен сөйлескеннен кейін құсып ауратынын хабарлаған . “Майкл Джексонмен бірге өмір сүру” (2003 ағылшынша “ Living with Michael Jackson “) атты тағы бір жоғары деңгейлі сұхбатында балалық шақтағы зорлық-зомбылық туралы сөйлескен кезде әнші бетін қолымен жауып, жылай бастады. Джексон інілерімен жаттығу кезінде қолында белбеуі бар Джозеф орындықта отыратынын және «егер сіз бірдеңе дұрыс емес жасасаңыз, ол сізді жылатады, ол сізді шынымен жайыңызға қалдырмайды» деп еске алды.

Джексон бес жасынан бастап Рождество концерттерінде сыныптастарының алдында өнер көрсетті. 1964 жылы Майкл мен Марлон өздерінің Джекси, Тито және Джермейн ағалары құрған «Джексондар» тобына қосылды, сәйкесінше Конго мен Тамбуринада ойнады. Кейінірек Джексон бэк-вокалист және биші ретінде өнер көрсете бастады; сегіз жасында Джексон мен Джермейн негізгі вокалистерге айналды, ал топтың аты “Джексон 5” (ағылшынша “The Jackson 5”) деп өзгертілді. Топ 1966-1968 жылдар аралығында Орта батыста көптеген гастрольдермен болды. Олар көбінесе қара клубтар мен «Читлиндер тізбегі» деп аталатын орындарда өнер көрсетіп, көп жағдайда стриптиз бағытында көрермендерді қыздырды. 1966 жылы олар жергілікті таланттар байқауында Motown Records және Джеймс Браунның «I Got You»  (I Feel Good)фильмімен  хиттерімен өнер көрсетіп, Майкл басты вокалисті ретінде жеңіске жетті.

Көп ұзамай Джексондар ұлттық деңгейге көтерілді, ал 1970 жылы олардың алғашқы төрт синглы американдық Billboard Hot 100-дің бірінші қатарынан орын алған.

Thriller әлемдегі ең көп сатылған альбом ретінде тарихта қалды. Бұл альбомда продюсер Куинси Джонс Time журналына берген сұхбатында:

Триллер Billboard 200 тізімінде тоғыз ай (37 апта) көш бастап, Billboard 200 тізімінде екі жылдан астам (122 апта) қалды. Бұл альбом үшін Джексон жеті Грэмми сыйлығын алды (оның ішінде «Жылдың үздік альбомы» номинациясы, ал сегізінші Грэмми - дәл осы аттас фильм негізінде түсірілген «Alien» әңгімесінің аудиожазбасы үшін) және жеті American Music Awards (American music awards). 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабы альбомды «барлық уақытта ең көп сатылған альбом» деп жариялады. 2001 жылдың шілдесінен бастап альбом Америка Құрама Штаттарында 26 миллион дана сатылды, бұл The Eagles 'Greatest Hits (27 миллион) фильмінен кейін Америка тарихындағы ең көп сатылған екінші альбомға айналды. Thriller әлем бойынша рекордтық 109 миллион дана сатылды.

Джексон және оның продюсерлері қарқынды дамып келе жатқан музыкалық теледидар индустриясының артықшылықтарын пайдаланды: оның жаңашыл бейнелері MTV-де үнемі айналып тұратын алғашқы қара суретші болды, ол альбом шыққан кезде бір жаста болатын.

Ауруханада жатқан кезде Джексон балалардың күйік бөліміне барды, содан кейін Pepsi-ден миллиондаған компенсация алудың орнына Pepsi көмегімен оның атына балалар күйік орталығын ашуға шешім қабылдады. Бұл Джексонның өмірінің соңына дейін тоқтамаған қайырымдылық жұмысының басы болды. Орталықтың ашылуында Джексоннан денесі қатты күйіп қалған науқастар үшін оттегі қысымы камерасында суретке түсу сұралды. Ол шалқасынан жатып суретке түсті, содан кейін жағына бұрылып, ұйықтап жатқан кейіп танытты. Осылайша, шоу-бизнестегі ең әйгілі аңыз дүниеге келді, Майкл Джексон 150 жыл өмір сүргісі келеді және бұл үшін ол әр түн сайын қысым камерасында ұйықтайды. Шындығында, бұл Джексонның қысым бөлмесінде «ұйықтаған» жалғыз уақыты болатын.

Күйіктің тағы бір салдары денеде болған стресс витилиго дамуын қоздырды, бұл Джексонға аналық жол арқылы жұғатын және терінің пигментациясын бұзатын ауру. Бұл ауыр макияжды қолдану және күн сәулесінен аулақ болу қажеттілігіне әкелді. Тағы бір нәтиже: Джексон бұл жарақатынан ешқашан қалпына келмеді, ауырсыну оны өмірінің соңына дейін қалдырмады және оған жүйелі түрде ауырсыну дәрі-дәрмектерін қабылдау қажет болды.
Сонымен қатар, күйіктен кейін Джексон зақымдалған теріні және бас терісін қалпына келтіре бастады. Осыдан кейін ол мұрын мен иекке операция жасатуды шешті. Мұның бәрі вегетариандық диетаға көшу және салмақ жоғалту, әншінің сыртқы түріндегі маңызды өзгерістерге әкелді, бұл баспасөзде үнемі талқылауға тамақ болды.

Бұл Диснейленд саябақтарына арналған Джордж Лукас пен Фрэнсис Форд Коппола түсірген 17 минуттық 3D Капитан Ио фильмі.

Лондонда жаңа рекорд орнатылды - 504 мың көрермен.

Жеке тұлғаға деген назардың артуына байланысты Джексон көп уақытты өзінің Неверленд ранчасында оңашада өткізді, оны бөгде адамдар қатаң сақтады. Ол жерде оған аз достар, оның ішінде Элизабет Тейлор барған. Оққағарлардың айтуынша, Майкл өз ағалары мен әкесін арнайы рұқсатсыз ол жаққа жібермеген, бірақ Джексонның анасы Кэтринге фермаға рұқсатсыз кіруге рұқсат етілген. Әнші әрқашан ішінара болатын балалар фермада өмір сүрді. 1991 жылы ол жанкүйер болған «Симпсондар» анимациялық сериясына екі сингл жазды. Алайда келісімшарттағы шектеулерге байланысты оның есімі жазылмады.

  

Альбом Billboard 200-де бірінші орынға шықты және 20 миллионнан астам данамен сатылды (АҚШ-та 7 миллион дана). Одан көптеген жаңа әндер сингл ретінде шығарылды, оның ішінде Мәскеу туралы баллада («Мәскеуде бейтаныс адам»; Джексон 1993 жылы Ресей астанасы туралы ән жаздыруға уәде берді), «Earth Song» экологиялық тақырыбына арналған шығарма (бірінші бес апта) Р.Келлидің өзі үшін жазған және шығарған «You Are Not Alone» (оның Billboard Hot 100-дегі он үшінші нөмірі) және қазіргі заманғы ритм мен блюз композициясы. «You Are Not Alone» бейнебаянында Майкл бірінші әйелі - Элвис Преслидің қызы Лиза Мари Преслимен бірге жартылай жалаңаш көрінді.

Джексонның келесі студиялық альбомы тек алты жылдан кейін жазылды, оны шығару бірнеше рет кейінге қалдырылды. Sony этикеткасы ұзақ жазба процесіне және альбомның кейінгі жарнамасына миллиондаған доллар салуға құлықсыз болды, бұл сайып келгенде әнші мен дыбыс алыбы арасында жанжал туғызды. 2001 жылдың қазан айында жарыққа шыққан «Invincible» фильмде 16 трек, оның ішінде «You Rock My World» синглы бар, онда бейнеге танымал актерлар Марлон Брандо мен Крис Такер түскен. Альбом сыншылардың әртүрлі қабылдауына ие болды және оның сатылымы HIStory-дің жартысына тең болды.

Альбомды насихаттау үшін 2001 жылдың қыркүйегінде Madison Square Garden-де Майкл Джексонның жеке мансабының 30 жылдығы ұйымдастырылды. Майкл Джексон сахнаға 1984 жылдан бастап алғаш рет ағаларымен бірге шықты. Бритни Спирс, Майя, Ушер, Уитни Хьюстон, Тамиа, 'N Sync, Slash, Аарон Картер сияқты спектакльдерді де қосқан. Альбомды қолдауға арналған әлемдік турне де жоспарланған болатын, бірақ 11 қыркүйектегі шабуылдарға байланысты тур тоқтатылды. Альбомда «You Rock My World», «Cry» және «Butterflies» атты үш сингл пайда болды, олардың соңғысында музыкалық бейне көрсетілмеген. «Unbreakable» синглы шығарылуы керек еді, бірақ қаржылық мәселелерге байланысты Sony оны шығарудан бас тартты.

Сонымен қатар, Майкл Джексон 2009 жылы шығарылуы керек болатын өзінің жеке альбомын жазды. Альбомда Will.I.Am рэперлері, Kanye West және RB әншісі Акон бар.




#Article 67: Қожа Ахмет Ясауи (2341 words)


Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына XIV ғ. аяғында атақты Әмір Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.

Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылын білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Ясауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыр әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рақметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ -  кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи  ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.

Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи  өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи  “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Ясауи  дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи  мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи  дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Ясауи  іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи  әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи  ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи  ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.

Қожа Ахмет Ясауи  адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи  іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи  түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи  ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи  ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи  ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи  ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.

Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи  шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.




#Article 68: Түркістан (қала) (765 words)


Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. . 
Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген
Қаланың іргетасы біздің заманымыздың

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..

ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.

Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.

Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.

Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.

ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.

Түркістанның бүкіл қазақ халқының байтақ астанасы болғандығын дәлелдеу үшін Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Қазыбек, Әйтеке секілді қазақ халқының ұлдары мен Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дулат сияқты батырларының құлыптастарының А.Ясауи сағанасында орналасқанын айтудың өзі жеткілікті емес пе?!

Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене.
Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі кесене тұрған орнында мұсылманның атақты әулиелерінің бірі, дәруіштер шайқасы – Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдың өзінде-ақ шағын кесене орнатылғаны белгілі. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Ахмет Ясауи кесенесінің қасиетті орын ретінде атағының жайылуына ХІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында моңғол шапқыншылығынан қатты күйреген Түркістан қаласының қайта гүлдене бастауы ерекше ықпал етті. Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы Сарай Беркені өртеп жіберген Темір осы жеңістің құрметіне ескі мазар орнына жаңа, зор кешен орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның жалпы жасампаздықты мұрат еткенін, беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге қажет еді.
Құрылысты жүргізуді Темір Мәулен Садырға жүктеді. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауға Темір тікелей қатысып, негізгі бөлмелерді өзі анықтаған көрінеді.

Шілдехана, белгісіз кесене, Гауһар ана, Әлқожа ата кесенелері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат – аса үлкен күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесінің төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.Темірдің кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оның құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598).
Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған.
Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеңіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған.
Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқының негізін құраған көне түркі тайпаларының тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады.

Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ- Түрік университеті бар. Онда 22 мыңнан аса студенттер білім алады. Алматы, Тараз, Шымкент , Кентау және Анкара қалаларында филиалдары бар.
Университетте 26 елден 500-ден астам студент білім алады. Оның ішінде: Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Моңғолия, Қытай және т.б. елдерден.
Университетте 14 факультет, 63 кафедрада 74 мамандық бойынша білім беріледі. 92 ғылым докторы, 220 кандидат, 600-ден астам ұстаз білім береді.

Түркістан қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 170 км. қашықтықта орналасқан. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі. Әкімшілік аумағы 9,4 мың шаршы шақырымға жетеді.




#Article 69: Өзбек тілі (282 words)


Өзбек тілі Өзбекстанды, онымен кершілес елдерді мекендейтін түркі халқының ұлттық, әдеби, мемлекеттік тілі. ТМД елдеріндегі саны

Өзбек тілі, түркі тілдерінің оңт.-шығыс (ортаазиялық) тармағы қарлұқ тілдері тобына жатады. Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. 
Олардың ең үлкені оңт.-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігін қамтитын қарлұқ диалектісі, ол қазіргі ұйғыр тіліне ұқсас келеді. Өзбекстанның терістік батысын қамтитын қыпшақ диалектісінде сөйлеушілердің тілі қазақ, қарақалпақ тілдеріне жақын. Оғыз диалектісі оңт.-батысты мекендеген оғыз тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болған. Қазіргі өзбек әдеби тілі қарлұқ диалектісі негізінде қалыптасқан. Фонет. ерекшелігі жағынан бұл аталған диалектілер, “о”-мен сөйлеушілер, “а”-мен сөйлеушілер деп екіге бөлінеді (охшом – ахшам). Өзбек тілі басқа туыстас түркі тілдерінен сөз басында “й” дыбысын (йол – жол, йіп – жіп), сөздің ортасы мен соңында “ғ”, “г” дыбыстарын (тағ – тау, ағыз – ауыз) қолдану, сондай-ақ морфол. тұрғыдан көптік жалғауының тек “-лар” түрінде (сизлар, дафтарлар), ілік септігінің “-нинг”, табыс септігінің “-ни”, жатыс септігінің “-да”, шығыс септігінің “-дан” үлгілері негізінде бір ғана фонет. нұсқада қолданылуымен ерекшеленеді. Өзбек тілінің жазуы ертеден қалыптасқан, 14 – 16 ғ-лардағы көне жазба әдеби тілін ғыл. әдебиетте шағатай тілі деп те атайды. Өзбек тіліне үндестік заңы (сингармонизм) тән емес, лексик. жағынан араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер көп кездеседі, граммат. құрылымы тұрғысынан жалғамалы (агглютинативті) тілге жатады. 1927 жылға дейін араб, одан кейінгі он жылдықта латын (1927 – 38), 1939 жылдан кирилл (орыс) әліпбиін қолданса, қазіргі жазуы қайтадан латын әліпбиіне көшті (1994).

Өзбекше Түркі тілдерінен. Қазақшамен ұқсас. Мысал:

Men kelganimda u kelgan edi. (Мен келгәнімдә ұ келгән еді)-Қазақшасы:Мен келгенімде ол келген еді.

Көресіз, Түркі тілдері өте ұқсас. Өзбекшедегі сандар:

      
bir (бір)- бір

ikki (іккі)- екі

uch (үч)- үш

to'rt (төрт)- төрт

besh (беш)- бес

olti (олті)- алты

yetti (етти)- жеті

sakkiz (секкіз)- сегіз

to'qqiz (тоққыз)- тоғыз

o'n (өн)- он




#Article 70: Уикипедия (265 words)


Уикипедия (, ХФӘ: , не , немесе ) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының www.wikipedia.org доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki  (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 285 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 35 миллионнан асты.

Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге  құқығы бар. Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды.

Тұңғыш рет 2001 жылдың қаңтар айында Джимми Уэйлс мен Ларри Сэнгер іске қосқан «Уикипедия» бүгінгі күні ғаламтордағы ең ірі және ең әйгілі мағлұматнама болып отыр. Көлемі мен қамтитын тақырыптар саны жөнінен «Уикипедия» әлем тарихындағы ең толық энциклопедия болып саналады және оның үлкен ең артықшылықтарының бірі - ондағы мақалалардың әлемнің түрлі тілдерінде болуы. Уикипедия - гаваи тілінде (wiki-жылдам) деген мағынаны білдіреді.

Уикипедиядағы мақалалардың мазмұны сенімсіз әрі олар нақты деректер емес. Сыншылар Уикипедия вандализмге біртабан жақын екенін айтуда және олардың пікірінше ондағы материалдар сенімсіз дереккөздерге сүйенген, жалған ақпараттар болуы мүмкін. Алайда ғылыми зерттеулер нәтижелері Уикипедияшылар тарапынан  вандализмге әдетте жол берілмейтінін көрсетіп отыр.

Энциклопедиялық мағлұматнама функциясын атқарумен қатар, жиі жаңартылып отыратындықтан Уикипедия желілік ақпарат тасымалдау көзіне айналды.

Уики - () арнайы құралдармен сайт құрылымын әр тұтынушыға өзгертуге мүмкіндік беретінт веб-сайт. «Уики» терминін тұңғыш рет 1995 жылы сайттарды сипаттау үшін  Уорд Каннингем қолданды,  Wikiwikiweb деп аталатын ен алғашқы уики-жүйенің атауы гавай тілінен аударғанда «жылдам» деген мағынаны білдіреді.

Уорд Каннингем және оның көмекшісі Бо Леуф өздерінің «The Wiki Way: Quick collaboration on the web» кітабында «Уики» концепциясын былай тұжырымдаған:

Уики-жүйесінің қасиеттері:




#Article 71: Семей (1320 words)


Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.

Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.

Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.

Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.

Қала халқы 323 721 адам (2019ж.). Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». 

Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында  1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.   Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. XX ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың  басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М.Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г.Потаниндермен кездесті.Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н.Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияќты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы  қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ  жұмысты  өз бетімен дербес атқарды.  Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н.Белослюдов және А.Н.Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н.Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д.Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын  «Сары-арқа» үнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» үнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік  болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды.  Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды.  Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар  «Ес-Аймақ» театрлық   труппа  құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес  республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.

Дивизия командирлері: полковник Коротков Геннадий Петрович (14 наурыз 1941 ж. – 10 мамыр 1942 ж.); полковник (27 қазан 1942ж. генерал-майор) Кулешов  Андрей Данилович (16 мамыр 1942 ж. – 17 қаңтар 1944ж.);  полковник (3 маусым 1944 ж. – генерал-майор) Исаев Михаил Александрович (18 қаңтар – 5 қараша 1944ж., 17 ақпан– 9  мамыр 1945ж.); полковник Фадейкин Иван Анисимович (6 қараша 1944ж. – 16 ақпан 1945жж.).
  

Дивизия командирлері: полковник Зверев Григорий Александрович (25 желтоқсан 1941ж. – 1 ақпан 1942 ж); подполковник (1 қазан 1942 ж. генерал-майор) Иванов Иван Иванович (2 ақпан 1942 ж. – 2 маусым 1943ж); подполковник Гудзь Порфирий Мартынович (15 маусым – 26 қазан1943ж); генерал-майор Иванов Николай Иванович (27 қазан  – 12 желтоқсан 1943ж); генерал – майор Смирнов Андрей Семенович (13 желтоқсан 1943ж. – 26 қыркүйек 1944ж); полковник Угрюмов Николай Степанович (27  қыркүйек 1944 ж. – 9 мамыр 1945ж).

Семей қаласы халқының саны

Семей шаһары Қазақстанның мәдени астаны ретінде әйгілі. Қалада Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық мұражайы, Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Семей орыс драма театры сынды мәдениет орталықтары бар.

Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.

Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.

Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.

Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.

Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.

Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.

Жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.

Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында немесе 98,2% игерілді.

Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке арттық.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.

Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай кезеңіне 13,5% артты.




#Article 72: Өскемен (1441 words)


Өскемен — Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және Өскемен қалалық әкімдігі орталығы. Қаланың негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.

Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің  сағасында  орналасқан, көлемі  54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 333 112 адам (2019ж.). Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 %-ын құрайды), оның 2476 –сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.

Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының  бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті  Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

Өскемен  Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің  сағасында  орналасқан, көлемі  54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың  адам  құрайды.  Қазіргі күні Өскеменде  76,8 мың  зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы  Ұлы  Отан  соғысына қатысқан адамдар.

Қазіргі Өскемен Қазақстандағы  түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина  жасау.  Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда  кәсіпорны  тіркелген. Өскемен қаласының ірі  және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде  31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам -  құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында,  9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам –  көлік пен байланыс саласында  т.б. еңбек етеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы  байланыс  автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Көлік  желісі автомобиль  жолдарына негізделген.
Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу  орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі  балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.

Өскемен қаласы –  егемендік  алған   Қазақстанның  көрікті қалаларының  бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті  Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

XVII ғасырда орыс үкіметі Ертіс өзенінің бойымен жоғары өрлеу үшін бірнеше қадамдар жасады. Бұл ұмтылыстың бірнеше себептері бар:

Бекіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры Иван Михайлович Лихарев император Петр I «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М. Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті.

Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болып, одан станица атанды. Станица 1804 жылдан қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы  Өскеменге   қала статусы берілді.  Қалада сауда,   ауылшаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін өндіріс орындары  дами  бастады,  айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады.   Ұлы  Отан соғысы жылдары ауыр өнеркәсіп дамыды.

Өскемен бекінісінің салынуы жөніндегі жазбаша мәліметтерді  боярин Федор Байков  қалдырған еді.

Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.

Өскемен су-электр станциясының құрылысы басталды.

Маусым айында  конденсатор зауытының құрлысы басталды.

Ту Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген ортасынан шетіне қарай ығысқан ағаштан тұратын тіктөртбұрышты, ақ түсті мата болып табылады.Ағаштың ұлттық оюмен өрнектелген жолағы бар. Матаның қарама-қарсы жақтарында тілше жасайтын екі диагональді жолақтар бірігеді, бұл Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын көрсетеді.Мемлекеттік ту көгілдір түсті, ою және диагоналды жолақтар қаланың өлкелік тиістілігін бейнелейді.
Түстердің (ақ, көгілдір, елтаңбаның көптүрлігі) тіркесімі тазалықты, байлықты, өркендеуді білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2

Елтаңбаның негізінде – араларында су кеңістіктері бар тау шыңдары бейнеленген классикалық түрдегі қалқан.ОЛ жасыл жағалаулармен жиектелген Үлбі және Ертіс өзендерін бейнелейді.
Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – қаланың аталуы, төменгі бөлігінде қамалдың орналақан жылы жазылған лентамен оралған күзеттік мұнара.

Елтаңбаның түсі: сары – байлық пен күшті, көк – сұлулық пен ұлылықты,жасыл – табиғи байлықты білдіреді. Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы 4:3

Жаса, Өскемен!

Сөзін жазғандар: В. Юркина, С. Апасова  
Әнін жазған: С. Апасова

Над рекой, у каменных высот

Ты стоишь как крепость вековая

Мира и спокойствия оплот.

Подружились Левый с Правым

Две судьбы в одну объединив,

Всем народом трудовым и славным

Крепость в город-сказку превратив!

ПРИПЕВ: Славься, Усть-Каменогорск!

Встанем рядом и споем друг-другу:

Город казахстанских металлургов!

В Атомпроме нет тебя сильней,

Здесь в хоккей играют наши дети,

В Высшей Лиге знают твой хоккей!

Жасай бер қиындық көрместен,

Әр күнi дәулетiң өрлеткен.

Жасай бер жылдармен жасарып,

Ұл-қызың бесiктей тербет сен.

ПРИПЕВ: Жаса, Өскемен, Жаса!

Әсем әнмен, әсем жырмен өрiлiп.

Мақтанамыз өзiңмен

Сүйемiз сенi

Оттай ыстық сезiмменен.

Славься, Усть-Каменогорск

Встанем рядом и споем друг-другу:

Город казахстанских металлургов!

Город казахстанских металлургов!

Город казахстанских металлург

Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.

Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.

Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы – ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «Өскемен ЖЭО» және «Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.

Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен экология мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, оның жұмыс барысында қала үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық мәселелер зерделеніп, қарастырылды:

Климаты шұғыл континенталдық. Қаңтардағы орташа температура -17 тен -26 градусқа, шілде айында +19,6 тен +23 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының абсалюттік көрсеткіші қыста -55, жазда +41 градус. Жауын шашынның түсу мөлшері әркелкі, негізінен жылына 1000мм.

Жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік және атқару органдары арқылы жүргізіледі. Атқару билігін қала әкімі жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылай негізін қалалық коммуналдық меншік құзырындағы жергілікті бюджет пен мүлік құрайды. 
Экономикалық құрылымда өнеркәсіп 57%, сауда 29%, құрлыс 10%, көлік және байланыс 2%, ауыл шаруашылығы 1% алады.

Өскемен қаласының облыстық жалпы ішкі өнімдегі үлесі өнеркәсіпте 49,7%, негізгі капиталға инвестиция салуда 46,2%, жолаушыларды тасымалдауда 50,4%, сыртқы сауда айналымында 72,1%, саудада 51,7% ауыл шаруашылығында 1,2% құрайды.

Славский Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар   институтын бітіргеннен  кейін  Орджоникидзе қаласында “ Электроцинк”  зауытының директоры қызметін  атқарған. Славский Е.Ф.  машинажасау министрі  кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді..

Протозанов Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан  обкомының  бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты,  құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..

Чистяков Михаил Иванович (1917-2006) — майдангер, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.

Күленов Ахат Сәлемхатұлы (1932-2007) — УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов  немесе Металлургтер поселкасы деп аталады.

Иванов Анатолий Степанович, 1928., жазушы, “Повитель”, “Тени исчезают в полдень”, “ Вечный зов” романдарының авторы.

Баталов Юрий Васильевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың  тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.

Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, (1937 ж.т.),  С. Аманжолов атындағы Қазақстан университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының  ұйымдастыруымен  бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды.

Шаяхметов Бағдат Мұхаметұлы (1946-2013) — қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті.  Комбинатты 90-жылдардағы экономикалық қысымнан   шығарды.

Плахута Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын  басқарған. Оның басшылығымен  Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға  арналған ескерткіш  тұрғызылды.

Коротина Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург,  жедел   жәрдем  ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары .  Мария Ивановна өз өмірін  денсаулық сақтау ісіне арнаған жан.

Қаланың экономикалық ахуалы соғы жылдары тұрақты даму үстінде. Оған жылдан-жылға өсіп келе жатқан өнеркәсіп көрсеткіштері ықпал етіп отыр (2000ж – 12,2%, 2001ж - 116,3%, 2002ж - 102,3%, 2003ж - 105,8%, 2004ж – 105,9%). Экономиканың басты тұтқасы түсті металургия. Бұл сала обылыс, сол секілді қала экономиасының барометрі болып табылады. Қала өнеркәсібі жалпы республика шеңберінде танымал кәсіпорындармен атақты, олар Үлбі металургиялық зауыты АҚ, Қазмырыш ҰҚ, Өскемен титан-магний зауыты АҚ және т.б.

Машина жасау кешенінде Шығысмашзавод ААҚ, Азия-Авто АҚ, Өскемен арматура заводы АҚ, Өскемен конденсатор заводы АҚ басқа да кәсіпорындаржұмыс істеп, негізінен тау кен және өңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбыры арматурасы, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады.
Қалада ірі тамақ өнеркәсіптері де орналасқан, атап айтсақ: Май ААҚ, Эмиль ЖШС, Үлбі-Комплекс ЖШС, Әділ ААҚ. Өндіріс орындары ет және сүт өңдеу, өсімдік және сары май, кондитер, ликер өнімдерін және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге бағытталған.

Қалада КСРО министірлігінің Кеңесімен шешімімен Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және тау-кен металлургия институты ретінде құрылған 1950 жылдан бастап Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты жұмыс істейді (ВНИИцветмет).

Қала Николай Ановтың «Пропавший брат» және «Огни на Иртыше» кітаптарында, Николай Чекменёвтың «Семиречье» романында, «Охотники за бриллиантами» телесериалда, «Экипаж» и «Ирония судьбы» фильмінде айтылады. Павел Васильевтің «Серафим Дагеев қаласы» және  Михаил Чистяковтың «Усть-Камень» өлеңдері Өскеменге арналған.  Виктор Дьяковтың «Дорога в никуда» романында, «Путешествие на Бухтарму» әңгімеде кездеседі.




#Article 73: Ақтөбе (2165 words)


Ақтөбе () — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.

Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.

Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша төртінші орында орналасқан, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 497 381 адам (1 қазан 2019).  Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (76,3 %) мен орыстар (16,89 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар мен христиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы ондаған елді мекен кіреді.

Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі () ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары осында көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.

Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929— 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен «Aqtɵbe» деп, одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен «»‎ деп жазылған. Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтарға арнап шығарылатын басылымдарда қала атауының араб әріптерімен жазылатын нұсқасы әлі күнге шейін қолданылады.

Қала атауы көне түркі тіліндегі aq («ақ») және töpü («төбе») сөздерінен құралған. Бұл атау орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме» немесе «Беловершинск» деп те атайды.

Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.

Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы). Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген.

Қаланың географиялық координаттары — . Уақыт белдеуі — .

Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында,  Қарғалы өзені келіп құятын тұсында,  теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқан.

Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы шекараны нақты белгілеу даулы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан қала болып шығады. Бірақ географтардың арасында ең кең таралған пікір бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және әрі қарай Мұғалжар таулары арқылы өтеді екен. Бұған пікірге сәйкес, Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады. Бірақ географиялық орналасуына қарамастан, бұрынғы Кеңестік Одақтың елдерін батыс географтары Еуропа мен Азиядан бөлек ерекше аймақ ретінде қарастырады.

Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған). Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны — сыйымдылығы 280 млн м³ тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған).

Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.

Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.

Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат.

Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм).

Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен.

Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен Елек өзеніне жылына 10 млн м³ дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес.

Бұл аймақта өмір сүрген ежелгі тайпалар мал шаруашылығымен айналысып, Солтүстік Қазақстанның тайпаларына жақын болған. Тікбұрышты және доғал қорымдардың ендік бағытталуының мысалы ретінде Ақтөбе маңындағы Сынтас және Бесоба қорымдарын келтіруге болады. Қала маңындағы далада қола дәуіріне жататын сақина тәріздес тас дуалдар мен  қорғандар табылған. Ақтөбеге жанындағы Қарғалы өзенінің жағасында орта қола дәуіріне жататын бұйымдар табылған.

Ақтөбе аумағы Баллюзек өзінің есептемелерінде «сенімсіз» деп сипаттаған табын руынан шыққан Арынғазиевтердің қарамағында болды. Баллюзек жергілікті тұрғындардың бағыныштылығын атап өткеніне қарамастан, орыс жасақтары келгеннен кейін олардың көп бөлігі көршілес Орал облысына көшіп кетті. Қалған қазақтардың арасынде тек Арынғазиев әулетінің сұлтандары мен казактардан жеңіліс тапқаннан кейін қарсыласуды доғарған Айжарық би Бекбауұлының көтерілісшілер жасағы болды.

Ақтөбе туралы алғашқы деректер 1871 жылға жатады:
Оренбургская Духовная Консисторiя сообщаетъ къ свѣдѣнiю, что въ оренбургской епархiи, съ разрѣшенiя начальства, производятся нынѣ слѣдующiя постройки:

Алғашқы онжылдықтарда қоныстың тұрмысы көшпенді мал шаруашылығымен айналысаты қазақтармен тығыз байланыста болды. Қаланың алғашқы бас жоспары 1874 жылы әзір болды. Елді мекен бірнеше аудандарға бөлінді: Құрмыш, Татар слободасы, Оторвановка. Ең алғашқы көшелер Гарнизонная, Крепостная, Оренбургская, Илецкая және Георгиевская деп аталды.

Бастапқы уақытта тез дамымағанымен, Ақтөбе қаласы бірқалыпты өсу қарқынын сақтап, Қостанай секілді құлдырау мен халық санының азаюына душар болған жоқ. 1886 жылдың шілдесіне қарай қаладағы аулалардың саны 177 жетті, бірақ 1891—1892 жылғы ашаршылықтың кесірінен біраз тұрғын қаладан босып кетті. 1893 жылдан бастап халық саны қайтадан өсе бастады. 1895 жылы тұрғындар саны 2263 адамға жетті, оның 1041 православ христиандар, 202 мұсылман болды. 1896 жылы қалаға Кіші Ресейдің губернияларынан 100-ге таман отбасы көшіп келді.

Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды, бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті.

Қазан төңкерісінен кейін Ақтөбе қарқынды дами бастады. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналды. Осыдан кейін қалада ұзындығы 10,5 км болатын алғашқы су құбыры жүргізілді, 25 су колонкасы орнатылды. Облыс орталығы ретіндегі алғашқы онжылдықта қалада 2 электр станциясы салынды, көшелерде 250 жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Қаланы жасылдандыру жұмыстары атқарылды, жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолдар пайда болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбеде 312-ші атқыштар дивизиясы] 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы, 129-шы миномет полкы және тағы да басқа әскери жасақтар құрылды. 312-ші атқыштар дивизиясының 11 мың адамының 9,5 мыңы соғыс майданында қаза тапты. Дивизия командирі Александр Наумов «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағының бірінші иегері болды. 29 ақтөбелік Кеңес Одағы батыры атанды.

Соғыс кезінде Кеңес Одағының жау басып алған қалаларынан көшірілген кейбір кәсіпорындар Ақтөбеге жөнелтілді. 1941 жылдың тамызында қалаға Запорожьеден ферроқорытпа зауытының жабдықтары келді. Мәскеуден «Электросчетчик» кәсіпорынының, Мәскеу рентген зауытының, № 14 жүн тоқу фабрикасының және тағы да басқа кәсіпорындардың жабдықтары көшірілді.

Кеңес дәуірінде көптеген кәсіпорындары бар индустриалды қалаға айналды, өнеркәсіп пен мәдениеттің аймақтық орталығы болды, және бүгінгі таңда да осындай болып қала береді.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты.

Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республикаға 1970—1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.

Қала халқының саны 2030 жылға дейін 625 мың адамға, 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін қаланың аумағы 29 739 га-дан 72 965 га-ға шейін ұлғаюы тиіс (2003 жылғы бас жоспар бойынша 42 847 га болуы керек еді). Жеке тұрғын үй құрылысы шектетіледі, жаңа бас жоспар бойынша қалада негізінен көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Ақтөбе «жаңа» және «ескі қала» болып бөлінетін Қазақстанның жалғыз қаласы. Осы бөліктердің арасын жалғау үшін қаланың Мәскеу ауданында сәйкес инфрақұрылымы бар көпқабатты тұрғын үй массивтерін тұрғызып, қаланы біріктіретін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр.

Ақтөбе қаласының әкімдігі қала аумағы мен оның қарамағында орналасқан бес ауылдық округтегі атқарушы өкімет қызметін атқарады. Қала әкімшілігінің күйі мен мәртебесі «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ережесімен реттеледі. Әкімшілікті 2001 жылдың 23 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі тағайындайтын қала әкімі басқарады. Қала әкімі қызметін алғашқы боп Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1996—2002 жылдары атқарды. 2012 жылдың 17 ақпанында қала әкімі болып Ерхан Болатжанұлы Омаров тағайындалды.

Ақтөбе қаласы Мәслихатының депутаттары қала тұрғындарымен сайланатын жергілікті өкілдік орган қызметін атқарады. 1994 жылдың  24 наурызында Мәслихаттың I шақырылымның 1-ші сессиясы өтті. Алғашқыда мәслихат 43 депутаттан тұрды, мәслихат хатшысы боп Петр Георгиевич Лащенов сайланды. Кейінгі шақырылымдардардағы депутаттардың саны 23 дейін азайды. Соңғы V шақырылымның 1-ші сессиясы 2012 жылдың 20 қаңтарында өткізілді. Қазіргі таңда қалалық Мәслихат хатшысы қызметін Сұлупан Панақызы Шынтасова атқарып жүр.

Ақтөбе бюджетінің негізгі табыс көздеріне салық түсімдері (23,7 млрд теңге), трансферт түсімдері (16,1 млрд теңге), салықтық емес түсімдер (2,3 млрд теңге) жәненегізгі капиталды сатудан түскен қаражаттар (2,1 млрд теңге) жатады. Негізгі шығыс баптарына білім беру жүйесі (16,9 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (11,5 млрд теңге), трансферттер (7,2 млрд теңге), транспорт пен байланыс (5,5 млрд теңге), қарыздарды өтеу (1,9 млрд теңге), әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру (1,37 млрд теңге) жатады.

Ақтөбе облысының ірі салық төлеушілерінің қатарына негізінен мұнай және газ өндіретін компаниялар кіреді, бірақ олардың арасында Ақтөбе қаласында негізделген бірнеше мекеме де бар: «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Анвар» ЖШС (супермаркеттер мен дүкендер желісі), «Кабиев и К» ЖШС (супер- және гипермаркеттер желісі) және т. б.

Қала  Ақтөбе төбесінің етегінде орыналасып, темір жол станциясының маңында шоғырланған «Ескі қала» деп аталатын және солтүстік-батыста орналасқан, әкімшілік ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан Әбілқайыр хан даңғылының бойында шоғырланған «Жаңа қала» деп аталатын екі негізгі ауданнан құралған.

Ескі қаланың аудандарына Құрмыш, Мәскеу (Москва), Татар слободасы (Татарка) және Оторвановка аудандары жатады. Қаланың ескі бөлігі негізінен бір қабатты жеке тұрғын үйлерден тұрады, арасында Ресей империясы заманында тұрғызылған ғимараттар кездеседі. Жаңа қаланың аудандарына Шанхай (Шаңқай), Сазды, Болашақ, Кең Дала аудандары мен мөлтек аудандар жатады.

Аты аталған аудандардан бөлек Жилгородок (Тұрғындар қалашығы), Авиагородок, Сельмаш, Заречный, Қарғалы (Жилянка), Кірпішті (Кирпичный), Жаңақоныс (Новый), Ақжар, Бауырластар, 41-ші разъезд және т. б. аудандар бар. 2000-шы жылдардан бастап қала аумағында 30 астам жаңа аудан пайда болды. 2012 жылдан бастап 5 мөлтек ауданнан құралған, тұрғындар саны болашақта 260 мың адамға жетуі мүмкін Нұр Ақтөбе (бұрынғы Актобе-Сити) ауданының құрылысы жүріп жатыр.

Халқының ұлттық құрамы сан алуан. Қазақтардың үлестік құрамы — 76,30 %. Біршама орыстар (16,89 %), сонымен қатар украиндар (2,68 %), татарлар (1,53 %), немістер (0,60 %), корейлер (0,28 %), әзірбайжандар (0,20 %), өзбектер (0,17 %),  басқалар (1,35 %) халықтар тұрады. (2015 жылдың 1 Қазаны бойынша).

Қала әкімшілігіне 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды)) жалпы алғанда 22 ауданға ие, сол аудандардағы адам саны 48 368 адам (2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша). Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады.

Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы төртінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент-тен кейінгі).

Халық санының жылдам өсуіне байланысты үкімет қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын әзірледі. Ақтөбе қаласының миллион халқы бар мәртебесін алу үшін бағытталған бас жобасын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.. Проекттіні жүзеге асыру 2011 жыл мен 2040 жыл аралығына есептеліп отыр.

Ақтөбе қаласы халқының саны




#Article 74: Талдықорған (783 words)


Талдықорған (1993 жылдың 4 мамырына дейін Талды-Қорған) — қала, Алматы облысының орталығы.

Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы Гавриловка селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбір деректерде 1921 жылы) Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы деп өзертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәжересі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады.

Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың жер аумағы 74 км² құрайды.

Қаланың климаты континенттік. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде -  22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері -  350 - 400 мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс (34%), солтүстік (16%) бағыттан соғады. Жылына 50 күнге дейін қуаңшылық байқалады. Тұрақты кар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.

Талдықорған бұта аралас сулыбас, бетеге, боз, эфемерль бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгул, қарағай, сиягүл, жаңғак сабынкеп, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өpiк, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан, т.б. шөптесіндер өседі.

Қалалық әкімшілік аумаққа қарасты 7 елді мекен Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне біріктірілген және құрамында экономика-технология колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы бар.

Халық тығыздығы - 1 км²-ге шаққанда 1155 адам.

Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға Қайнар, Teмip, Қазақаккумулятор, Темірбетон, Ажар, Нан, Өрнек, Аққу, Сайман, Қаласүтзауыты, Мирас, т.б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр турлі салаларға маманданған Гамма АҚ, Механикаландырылған жұмыстар ЖАҚ, Құрылысшы АҚ, Шымыр ЖАҚ, Ақ сұңқар-ай ЖАҚ, Талдықорған электр желілері құрылысы АҚ, Ақжол ЖАҚ, Қалалық жол құрылысы ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi, медицина колледжі, Қ. Байсеитов атындағы музыкалық колледж, агро-техникалық колледж, 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектептер, жалпы білім беретін 22 мектеп жұмыс істейді. Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында Даңқ ескерткіші (1968 ж. салынған), Атамекен кинотеатры (1950 ж.), Пионерлер үйі (көркем-сурет галереясы, 1957 ж.), № 3 кәсіптәк-техника мектеп ғимараты (1958), Сән ательесі (1959), қалалык әкімшілік ғимараты (1950), Аяқ-киім фабрикасы (1952), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975), Ақ мешіт (1996), С.Сейфуллин атындағы кітапхана (1982), М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т.б. бар. Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, Алтын дән, Туған тел, Ачимноуль, Контраст, Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, Улыбка, Солнышко атты көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді. Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352 км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96 км-i тас жол. Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т.б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 ж. салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк поездары қатынайды. 19 емдеу-сауықтыру орындары: қалалық емхана, жүрек ауруларын емдейтін орталық, қалалық, санитарлық-эпидемиология станса, облыстық онкология диспансері, әйелдерге дәрігерлік көмек беретін орталық, облыстық перинатальдық орталығы, облыстық аурухана, қалалық облыстық балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы, туберкулез диспансері, облыстық наркология диспансері, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы, қалалық қан орталығы, қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейін қашықтық 758 км, Алматы қаласына дейінгі 279 км.
Тұрғындар саны 129,6 мың адамды құрайды. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.

Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.

Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар.

Талдықорған -  қала (1944 ж.), Алматы облысының орталығы (2000 ж.), темір жол станциясы.




#Article 75: Тараз (382 words)


Тараз — Жамбыл облысының орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды.

Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.

Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы).

Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.

Тараз қаласы халқының саны:

Тараз қаласындағы 26 шағын аудан: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б.

Жамбыл (Тараз) қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары:

Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағалары:

Тараз қаласының әкімдері:

Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:

Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.

 




#Article 76: Қостанай (408 words)


Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.

Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан.

Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 247 246 адам (2019). 

Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.

Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды.

Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, қасапханалар, тері заттары, т.б. пайда болды. 1917 – 19 ж. Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1920 ж. сол кездегі Ақтөбе облысындағы өзімен аттас округтің, 1925 ж. губернияның, 1936 ж. жаңадан құрылған Қостанай облысының орталығына айналды.

Бүгінгі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комб-тары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон комбинаттары мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комб., т.б. жұмыс істейді.

Қазір қаланың өнеркәсіп құрамындағы кәсіпорындарда салалық 10 АҚ, 9 ЖШС, 4 МҚК бар. 2000 жылғы деректер бойынша Қ-да барлығы 30 ірі кәсіпорын, т.б. бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геология басқармасы мен оның орталық лабораториясы, А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік педогогика университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-тех., мед. мекемелері, облыс тарихи және геология музей, гидрометеорология бюро, 59 мектеп, 2 мәдениет үйі, облыстық драма театр, филармония, 13 кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелерінен 12 аурухана (облысы және қалалық клиник. аурухана, теміржолшылар мен балалар клиникалық ауруханалары, облыстық және қалалық емханалар, онкология, туберкулез, психиатриялық, венерология диспансерлер, сүйек туберкулезі санаторийі, қалалық трахомоздық аурухана), 6 акушерлік пункт, 131 дәріхана, облыстық радио-телестудиялар, стадион тұрғындарға қызмет көрсетеді.




#Article 77: Қызылорда (3776 words)


Қызылорда – Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 241 416 адам (2019). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр. Қала аумағы өзенді бойлай оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай төртбұрышты пішінде созылып жатыр. Жер аумағы 3683 га. Қаланың 17,0 га аумағы теміржол тораптарына, 165 га аумағы көліктік көшелерге, 19 га аумағы талы жоқ қала бақтары мен демалыс орындарына, 51 га алқабы шөлді-шөлейітті орындар үлесіне тиеді. Геологиялық тұрғыдан Қызылорда аумағы Тұран эпигерциндік платформасы үстінде жатыр. Палеозойда қалыптасқан бұл жазықты кейде Сыр ойысы деп те атайды. Ойыстың шеткі иіндері палеозойлық қатты метаморфты жыныстарға толған. Ойыстың көлденең ені 400 км. Орталығында палеозойлық тау жыныстары 600-900 м тереңдікте жатыр. Кейіннен ойыс мезозой, одан кейін кайнозой жыныстарымен жабылған. Шөгінді қабат үшке бөлінеді.

Ең жоғарғы қабатының қалыңдығы 10-15 м. Бұл толығымен аллювийлі шөгінді жыныстар. Келесі құмды қабаттың қалыңдығы 50-80 м. Олар негізінен көтеріңкі немесе құмды төбелер бөліктерінде жатыр. Үшінші қабат палеогеннің аяғындағы (олигоцен) теңіз саздары мен құм тастарынан тұратын жасыл-сұр түсті жыныстардан тұрады. Қабат 50-80 м тереңдікте жатыр.

Қала Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған. Қоқан хандығының кезінде Ақмешіт бекінісі болып қаланды. 1853 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В.А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск форты аталды. 1867 жылы Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901-06 жылдары Орынбор – Ташкент теміржолының салынуына байланысты қала халқы қарқындап өсті. Кеңес өкіметі Қазақстанда ең бірінші осы Перовскіде, 1917 жылы 30 қазанда (12 қараша) орнады. 1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен, 1925 жылдың сәуірінде Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақ АКСР-інің астанасы мәртебесі берілді (1929 жылға дейін).

Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академия театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды. XX ғасырдың 30-жылдары қалада электр станциясы, диірмен, наубайханалар, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыты жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары аяқ-киім фабрикасы, ет комбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы іске қосылды. 1956 жылы қала іргесіндегі Тасбөгет кенті жанынан су бөгеті салынды. 1974 жылы «Қызылордакүрішмаш» зауыты іске қосылды. Көптеген оқу орындары мен мәдениет ошақтары ашылды. 1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы» (АЭА) құрылды. Оның бағдарламасы негізінде қалада жекешелендіру, акционерлендіру, инвестиция тарту секілді жұмыстар жүргізілді. Түрлі меншіктік жүйелер жасалып, шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен мекемелері құрылды. Өнеркәсіп, сауда, байланыс қатынастары реттелді. Экономиканың жандануы мемлекет және қала бюджетіне түсетін қаржы сомасын арттырды.

Қалада күріш машиналарын шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары мен құралдар комбинаты, эксперименттік механикалық және тәжірибелік жөндеу-механикалық зауыттары, тоқылмайтын маталар, аяқ-киім фабрикалары, сонымен бірге астық өнімдері және азық-түлік, тағам бағытында «Береке-нан», «Балық», «Жайна» «Ісмер», «Қуат» АҚ-тары жұмыс істейді. Қалада «Айдан», «Аңсар», «Айжан», «Бабас», «Бастау және К», «Бейбарыс», «Сыр шарабы», «Темірхан», «Яксарт» және т.б. ӨК, АҚ-дар мен кәсіпорындар елге қызмет көрсетеді. Қаладағы көлік қатынасын «Маршрут», «Қатынас» АҚ-тары, «Жаңа талап» ӨК-і жүргізеді. Кейінгі жылдары қаланың архитектуралық келбеті жаңарып, тарихи орындар қайта жаңғыртылды. Жаңа әуежай, Аквапарк, Сарқырама каналы, Жағажай, төрт жұлдызды «Самал» қонақүйі, «Еуразия» кешені салынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, Қорқыт ата, Абылай хан, Амангелді Иманов, Мұхтар Әуезов мүсіндері орнатылған. «Қызылорда таймс» (1994), «Ақмешіт ақшамы» (1997), «Новая Кызылорда» (1998) газеттері шығады.
 
Білім беру және мәдениет саласы бойынша қалада 50-ден аса жалпы білім беретін мектеп, 5 колледж, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Сейхун» академиясы, Экономика, экология және құқық университеті, Гуманитарлық университет бар. Аймақтық агроэкология ғылыми-зерттеу институты облыста ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Облыстық мемлекеттік архив, драма театры, «Сыр сұлуы» халық ән-би ансамблі, филармония, көркемөнерпаздар шығармашылық үйі, облыстық халық шығармашылығы мен білім беру және мәдени жұмыстардың ғылыми-әдістемелік орталығы т.б. бар.

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.

Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесінің қаланғанына 200 жылға жуықтаған кезеңде де оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары, ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдария жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді.

Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор – Ташкент теміржолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүддені көздеп келген деген деректер бар.

Перовск станциясы теміржол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді.

Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар пойыз Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер қайраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын.

Бұл съезге Қазақ Республикасының қарауына кірген Қарақалпақ Автономиялы облысының өкілдері бірінші рет қатысты. Қарақалпақ делегаттарының бірі Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің батыс жағасындағы “Қызыл қайың” ауылында 1899 жылы туған. Ол бірқатар жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбанына айналды.

Құрамында Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет пойызын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларының жұртшылығы қарсы алып, көп адам жиналған митингтер ұйымдастырылды. Ақмешіт станциясында орасан зор митинг болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанның жаңа астанасының жұмысшылары мен интеллигенциясы қызу құттықтады. Қала жастары атынан Әбділда Тәжібаев сөз сөйледі.

Сонымен 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды.

Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қазақ халқының тарихи дұрыс атының қалпына келтірілуі еді. Яғни Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды.

Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.

Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса, орталық ғылыми-зерттеу ғимараты жанынан қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын.

Қызылорда су тораптары, 1) Қызылорда су торабының оң жақ каналы, бастауын Сырдария өзені арнасында салынған бөгет (1957, Қызылорда қаласынан шығысқа қарай 12 км) маңынан алып, өзеннің оң жақ бойымен Қармақшы ауданына дейін созылады. Ұзындығы 80 км, ені 20, кейде 40 – 80 м. Тереңдігі 5 – 12 м. Су ағымы каналдың басында 48 м³/с. Канал бойында бірнеше бөгеттер, көпірлер бар. Сырдария өзенінің оң жақ бойындағы өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суымен күріш, жем шөптік дақылдар егілетін 60 мыңға жуық га жер суарылады.

Қызылорда энергиялық орталығы – мемлекеттік коммуналдық қалалық кәсіпорын. 1963 ж. іске қосылған. Орталық Қызылорда қаласын жылумен және электр қуатымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның жылу энергиясын өндіретін екі қазандығы бар. Жылу маусымы кезінде сағатына 22 МВт электр энергиясын өндіреді.

Қызылорда мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – Арал өңірі мен Қазақстанның оңтүстік-батыс аймақтары үшін түрлі саладағы білікті мамандар даярлайтын іргелі жоғары оқу орны. 1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының бірігуі негізінде құрылған. ҚМУ-дың оқу және ғылыми жұмыстарын жоғары білікті оқытушылар ұжымы жүргізеді, олардың 49-ы ғылым докторы, 287-сі ғылым кандидаты. 12 мыңнан астам студент күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде жаратылыстану және әлеумет, гуманитарлық сала, экономика, педагогика, өнер, мәдениет, спорт саласы, технология машиналар мен құралдар, мұнай-газ ісі, электр¬энергетика, азық-түлік өнімдері технологиясы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, т.б. салалар бойынша дәріс алады.  Білім беру жүйесін дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы оқу процесін жетілдіру, ғылым мен практиканы ұштастыру, оқытушылар мен студенттер шығармашылығын қалыптастыру – университет  дамуының негізгі ұстанымдары болып саналады. ҚМУ қызметінің басым бағыттары Болонья декларациясының талаптарына сай келетін жоғары кәсіптік білім берудің жалпы еуропалық жүйесіне кіру, оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, кәсіптік білім берудің көп сатылы жүйесін дамыту, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыру мен жүргізуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады. 1993 жылы ҚМУ жанынан Қазақ-түрік лицейі, 1994 жылы жаңа үлгідегі мектеп-гимназия ашылды. Бұл оқу орындарында жоғары мектеп мамандары: ғылым кандидаттары, доценттер, жоғары санатты оқытушылар сабақ береді. Лицей мен мектеп-гимназияда шетел тілі және информатика пәндері бірінші сыныптан бастап тереңдетіліп оқылады.  ҚМУ шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнату және оны дамыту жөніндегі шаралар кешенін төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді: шетелдік оқу орындарымен тікелей келісім шарт бойынша байланыс; елшіліктер, түрлі халықар. қорлар және орталықтармен қатынас; оқытушылар құрамының шетелде тәжірибе алмасуы; шетелдерде мамандар даярлау; жолдама, шақыру арқылы шетел мамандарының, еріктілерінің қызметі; шетелдік қазақ жастарына білім беру; озық білім тәжірибелерін тарату; білім бағдарламаларын халықаралық стандарттармен сәйкестендіру; аспиранттар мен студенттерді шетелдерде оқыту. ҚМУ осы мақсатта АҚШ, Канада, Түркия, Оңтүстік Корея, Египет, Ресей, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, т.б. алыс және таяу шетелдердегі ғылыми орталықтармен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Университет 1998 – 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Альберта технология институтымен (SАІТ, Канада) бірлесе отырып Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландыратын (СИДА) «Қазақстанның жоғары оқу орындарына техникалық көмек көрсету» атты жобаны жүзеге асырды. Бұл жоба негізінде «Экономикадағы ақпараттық жүйелер», «Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелері», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылды. ҚМУ бірнеше жылдан бері Канаданың жетекші ауыл шаруашылық оқу орындарының бірі – Олдс колледжімен, Саскачеван университетімен Қазақстан – Канада – Қырғызстан арасындағы «Ауыл шаруашылық саласында кәсіби білім беруге ықпал ету, технологиялар ұсыну бағдарламасы», «Өндірістегі қолданбалы зерттеу мен  сауда және индустриямен өзара байланыс бағдарламалары» атты үш жақты жобаны жүзеге асырып келеді. Аталмыш жобаны да Канада халықаралық даму агенттігі қаржыландырады. Сондай-ақ, Түрік халықаралық ынтымақтастық басқармасымен (ТІСА) бірлесе отырып «Қазақ-түрік қолданбалы өнер орталығы» атты екі жақты жобаны іске асырып келеді.  Жоба мақсаты халықар. стандарттарға сай сәндік-қолданбалы өнер – кілем тоқу, зергерлік бұйымдар саласы бойынша жоғары білімді мамандар даярлау. Жоба шеңберінде университетте арнаулы кілем цехы іске қосылып, «Кәсіби білім беру» мамандығы негізінде қолдан кілем тоқу ісі бойынша мамандар даярланады. 
ҚМУ шетел тілдерін Франция, Түркия, Корея, Египеттен ерікті оқытушылар қатыстыру арқылы оқытуды тәжірибеге енгізген. Университетте Корей Республикасы Елшілігі жанындағы Корей ағарту орталығы мен Корей халықар. ынтымақтастық агенттігінің (КОІСА) бірлескен бөлімі ашылды. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік инженерлік университеті, Қазан, Киев мемл университеттері, Кенги университеті, Чан-Янг университеті (Сеул, Корея), Сүлеймен Демирель ун-тімен (Түркия), MASHAV халықаралық байланыс  орталығымен (Израиль) білім және ғылым мәселелері бойынша тығыз байланыс орнатылған. Сондай-ақ ҚМУ Қоғамдық-технология колледжбен (Миннеаполис, Миннесота штаты, АҚШ) бірлескен Интернеткурсын өткізіп келеді, университеттің «Аударма ісі» мамандығы студенттері аталған колледжде білім алу құқығын бірнеше мәрте иеленді. ҚМУ халықаралық университеттер ассоциациясы мен экономика және бизнес пәндері бойынша ресурстық желінің мүшесі бола отырып экономика, бизнес пәндері бойынша оқулықтармен көмек беретін CARANA Корпорациясының EdNET жобасы аясында «Еуразия» қорының (USAІD) грантын иеленді.
Университеттің оқытушылар құрамы Орталық Еуропа университетінің Ресурс Орталығы мен (Будапешт, Венгрия), ТМД, Таяу Шығыс елдерінің жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған оқыту әдістемелері бойынша өтетін семинарларға ұдайы қатысады. Университет жанында шетелдерде білім алу мәселелері бойынша Сорос – Қазақстан қорының бөлімшесі жұмыс істейді. Аталмыш бөлімше арқылы студентттер білім және ғылым саласы бойынша кеңес алу, ақпараттық құралдармен танысу, АҚШ жоғары оқу орындарына тапсыруға қажет TOEFL, GMAT, GRE тесттеріне дайындалу, ІREX, ACCELS, USІS, Сорос қорларының стипендиялық бағдарламалары бойынша ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. 
ҚМУ жанында мұражай және көрме залы жұмыс істейді. Мұражайда университеттің өнері мен мәдениетінен сыр шертетін 1 көрме залы, 2 этнография залы, 1 техника залы, ун-т тарихын баяндайтын 6 экспозиц. зал бар. Мұражай қорында 3960 экспонат сақтаулы.
Ун-т кітапханасы Қызылорда облысы оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталық болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың жалпы қорында 2 млн дана басылым бар. Онда сирек кездесетін (5000 дана), ағылшын тіліндегі түпнұсқа әдебиеттер (1300 дана), электронды оқулықтар (300 дана) және миллионға жуық арнайы техн. әдебиеттер жинақталған. Оқырмандарға екі электронды зал қызмет көрсетеді. Кітапханада оқырмандар конференциясы, тақырыптық көрмелер, жаңа әдебиеттер көрмесі, өнер адамдарымен кездесулер өткізіледі.
ҚМУ-дың жоғары сайланбалы өкілетті басқару органы – ғылыми кеңес болып табылады. Оның міндеті – университеттің келешегін, негізгі бағыттары мен ғылыми, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын анықтау. Университет ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісінің технологиялары; аймақтың минералдық байлықтарын қайта өңдеудің физика-химия негіздері; ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру және қайта өңдеу, сақтау технологияларының проблемалары; Қорқыт ата мұрасы және ежелгі түркі өркениеті; Арал өңірінің экологиясы; Қызылорда облыстық экономикасының проблемалары; машина-трактор агрегаттарын пайдалану тиімділігін көтеру жолдары; жерасты болат магистралды құбыржелілерінің төзімділігі; суармалы егіс ал¬қаптарының экол.-мелиоративтік жағдайы; Арал теңіз табанын игеру, т.б.  Университет жанынан Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұраларын зерттеу орталығы құрылған. 2003 ж. осы орталық негізінде «Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт мұраларын зерттеудің көкейкесті мәселелері» тақырыбында халықар. ғылыми-теория конференция өткізілді. Қазіргі уақытта ҚМУ археологтары Оғыз мемлекетінің астанасы Жанкент қаласының орнын зерттеу үстінде.  Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы көне қалалар мен Арал т-нің табанына жасалған ғылыми экспедициялар барысында құнды археологиялық материалдар жиналды. Университет ғалымдары бірқатар мемлекет ғылыми-технология бағдарламаларды орындауға қатысуда. 
ҚМУ студенттерінің қоғамдық қызметі Жастар ісі жөніндегі комитет арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық, республика байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Дидар» этнография-фольклорлық ансамблі, гандболдан Азия елдері және республика чемпионаттарының жүлдегері «Сейхун – Кам» қыздар командасы, республика және облыс байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары «Час пик», «Қазақтың қазағы», «Сәтті сағат», «Қорқыт құрамасы» көңілді тапқыштар клубы мен КВН командалары, «Ақиқат» дебат клубы – университет мақтанышы. ҚМУ студенттері арасында, сондай-ақ, республика «Шабыт», «Жас толқын» фестивальдарының лауреаттары, республика пәндік олимпиада жеңімпаздары мол. Студенттер өмірінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы және Студенттер кәсіподақ комитетінің алатын орны ерекше. Бұдан бөлек университет студенттері көптеген ұйымдар мүшелері болып, университеттің қоғамдық өміріне етене араласып, бос уақытын қызықты өткізуіне болады. Атап өтетін болсақ, Әскери патриоттық клуб, Нәзік қыздар кеңесі, Ұлағат Ұландары ЖҚБ, Қазақстан Студенттер Альянсы, Жас Отан жастар қанаты, Студенттер Кәсіподақ Комитеті, Грация би тобы, Қыран еріктілер жасағы, Ақиқат дебат клубы сияқты көптеген ұйымдар жұмыс жасауда.
ҚМУ қазіргі уақытта  білім берудің жаңа технологиялары кеңінен қолданылатын, материалдық-технология базасы бай, оқу мен тәрбие тұтастығын қамтамасыз ететін бакалавриат, магистратура, аспирантурасы бар білім мен ғылымның ошағы болып табылады.

Қызылорда гуманитарлық университеті – экономика және педагогика мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. 2000 жылы құрылған. 17 кәсіптік мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлайды. Оқу орны заман талаптарына сай ғимаратқа орналасқан. Оның жалпы ауданы 4070,0 шаршы метр. Онда кітапхана, 120 орынды оқу бөлмелері мен жаттығу спортзалдары, 100 орынды асхана, медициналық бөлме, баспахана, шеберхана, әкімшілік басқару кабинеттері, кафедралар, дәрісханалар, зертханалар орналасқан. Университеттің профессор-оқытушылар құрамында  штат бойынша 63 оқытушы, оның ішінде 2 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты бар. Заманауи білім сапасын, студенттердің жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасайды.

Қызылорда инженерлік-экономикалық институты – оқу-әдістемелік мекеме. 1998 жылы құрылған. Институт 8 мамандық бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, есептеу техникасы және бағдарламамен қамсыздандыру, электроэнергетика, тасымалдау мен жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану). Институтта 4 кафедра жұмыс істейді. Онда 84 оқытушы-профессор еңбек етеді. 2004 жылы институт жанынан колледж ашылды. Онда студенттер 5 түрлі мамандық бойынша білім алады.

Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті – жоғары оқу орны. 1997 ж. мамырда құрылған. Университетте 4 факультет, 12 кафедрада 18 мамандық бойынша кәсіби мамандар даярланады. 99 оқытушы, 7 ғылым докторы 37 ғылым кандидаты және өндірісте мол тәжірибе жинақтаған мамандар сабақ береді. Университетте ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Университет оқытушыларынан 2 докторлық, 8 кандидаттық, 14 магистрлік диссертация жұмыстары қорғалды. 2003 жылдан бері университет жанындағы «Қызмет» колледжі жұмыс істейді. Колледжде 11 мамандық бойынша арнаулы орта мамандар даярланады.

Қызылорда гуманитарлық заң колледжі – орта кәсіптік оқу орны. 2001 жылы құрылған. Экономика, заң, педагогика салалары бойынша мамандар даярлайды. Колледжде 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, жоғары білімді мамандар дәріс береді. Университетте құқықтану, экономика бөлімдерінде 8 мамандық бойынша мамандар даярлаумен қатар жеке адамдардың сапалы білім алу мүддесін қанағаттандыруға және еңбек нарығындағы бәсекелестікке қабілетті болуына дайындайды. Салауатты өмірді қолдау мақсатында жұмыс жүргізетін «Жас заңгерлер» КТК командасы, «Әділет» дебат клубы, «Салауаттылық орталығы» бар. Колледжді 2001 жылдан саясаттану ғылымдарының докторы, профессор М.Мұхамедов басқарып келеді.

Қызылорда медицина колледжі – арнаулы орта медициналық білім беретін оқу орны. 1928 жылы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен «Қазақ акушер техникумы» болып ашылған. 1933 жылы «Фельдшерлік мектеп», ал 1954 жылы «Медицина училищесі» деп аталған. 1996 жылы қазіргі атауымен аталған. 1933-40 жылдары оқу орнында 320-дай оқушы білім алды. Колледж емдеу, акушерлік, стоматология, фармацевтика, медбике мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.

Қызылорда музыка колледжі, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы – арнаулы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. 1977 ж. ашылып, 1999 жылға дейін М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің құрамында болды. 1999 жылы жеке бөлініп шықты. Қолледжде аспапта орындау, жеке ән салу, хорға дирижерлік ету, хореография өнер мамандықтары бойынша білім беріледі. Колледжде әр жылдары Е.Көшербаев, Т.Қалауов, Е.Сақтапбергенов басшылық етті, қазіргі директоры К.Ш. Ботабаев (Қазақстан білім беру ісінің озық қызметкері). «Super Star» мегапроектісінің жеңімпазы А.Кішкенбаев, «Жас қанат» байқауының жүлдегерлері Р.Садықов пен М.Сейітмұратов, т.б. осы оқу орнының түлектері.

Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры, Н. Бекежанов атындағы – кәсіпқой сахналық мекеме. 1955 жылы Еңбекшіқазақ (Алматы облысы) және Қаратал аудандары (бұрынғы Талдықорған облысы) жергілікті театры негізінде ұйымдастырылған. Театр шымылдығы Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1970 ж. Н. Бекежанов есімі берілді. 1997 жылдан Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыка драма театры болып өзгертілді. Театрдың ірге көтеріп қалыптасуына актерлер: Б.Балғынбаев, Ш.Мәденов, Х.Саурықов, Ш.Бәкірова, К.Көпбаева Қ.Көпбаев, С.Рақышев, Т.Айнақұлов Р.Тәшібаева, А.Манасбаева, Ж.Бағысова, Ә.Кәнетов, С.Шотықов, т.б. көп үлес қосты. Тұңғыш режиссері Ж. Әбілтаев (Қазақстанның еңб. сің. арт.) болды. Театрдың бас режиссерлері болып әр жылдары: Мен Дон Ук, Андриасян Р. С., М. Байсеркенұлы, Оразымбетов Е. С. (Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткерлері), Әмір-Темір Хүсейін (Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері) және Т. Өтебаев, суретшілері болып Ә. Әбдірахманов, Ж. Әбіров, С. Пірмаханов [(Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1967)], т.б. қызмет істеген. Театр ұжымы М. Әуезов пен Л. С. Соболевтің «Абай», М. Әуезовтің «Қаракөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Жат елде», Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», С. Жүнісовтің «Тұтқындар», «Қызым саған айтам», О. Бодықовтың «Нартай», Қ. Мұқашевтің «Парторг» пьесаларын, сондай-ақ У.Шекспирдің «Король Лир», Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Н. В. Гогольдің «Үйлену», Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-Ана», М. Кәрімнің «Айгүл елінде», т.б. спектакльдерді сахнаға шығарды. Театр балалар мен бүлдіршіндер үшін «Екі дос немесе делдал қарға», «Ақылды Ақшақар» ертегілерін және «Қандыөзек»(нашақор жайлы новелла) спектаклін сахналады. «Нартай бүлдіршіндері» атты қуыршақ театры жұмыс істейді. Шығармашылық жетістіктері үшін театр Бүкілодақтық венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), КСРО халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты болды.

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, – облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы органы. Облыс құрылғанда (1938) ҚазКСР Егіншілік комитеті жанындағы Қызылорда облысының жер бөлімі ретінде ұйымдастырылды. 1947 – 52 ж. ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлігінің облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, 1953 – 62 ж. ҚазКСР ауыл шаруашылық минститунің ауыл шаруашылық басқармасы, 1962 – 65 ж. ҚазКСР ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен дайындау министрлігінің облыстық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру басқармасы, 1965 – 89 ж. ҚазКСР Ауыл шаруашылық министрлінің облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, 1986 – 89 ж. ҚазКСР Мемагроөнеркәсібінің облыстық агроөнеркәсіп комитеті, 1989 – 93 ж. облыстық агроөнеркәсіп бірлестігі, 1993 – 98 ж. облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының, 1998 – 2001 ж. облыстық ауыл шаруашылық басқармасы болып аталып келді. 2005 жылдан қазіргі атымен аталады. 
Департаменттің негізгі міндеті – ауыл шаруашылық саласында халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, өндірісті шикізатпен, нарықтық қатынастардың даму жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндігін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.  

Қызылорда қаласындағы жастар саябағы, Н.Ә. Назарбаев атындағы,Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекетік университетінің 5-ғимараты маңында, Сырдария өзені жағасында орналасқан. Аумағы 6 га. Қаланың көрікті жерінде орналасқан бұл жастар саябағы Қызылорда қалысының бас жоспарына енді. Қызылорда университетінің жаратылыстану факультеті мамандарының тәжірибелік-машықтық дәрістері осында өтеді. Саябаққа университеттің ғылыми кеңесінің 17.5.2006 жылғы шешімі бойынша ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімі берілді.

Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві – ғылыми-құжаттық мекеме. 1928 ж. ұйымдастырылған. Алғашқы кезде округтік, 1931 ж. қалалық архив болды, 1938 жылдан қазіргі атауымен аталып келеді. Архивте облыстық, уездік-қалалық кеңестер мен атқару комитеттерінің 1917 жылдан бергі тарихи құжаттары жинақталған. Облыс өңіріндегі азамат соғысының барысы, алғашқы ұжымшарлар мен кеңшарлардың, МТС, тұңғыш мұғалімдер одағының, «Қосшы» одағының құрылуы, жергілікті өнеркәсіптің, балық шаруашылығының дамуы, күріш өсіру технологиясын меңгеру, атақты күрішшілер Ы.Жақаев, М.С. Кимнің еңбектері, мал шаруашылығын дамыту, оқу ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының, Қызылорда қаласы астана болып тұрған кездегі (1925 – 29) оқу орындарының құжаттары сақталған. Ғылыми анықтамалық әдебиеті 800-ден, құжат саны 136 мыңнан асады. Құрамында 2 бөлімшесі, 7 аудан архиві бар. 

Қызылорда облыстық филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме. 1972 ж. құрылған. Оның алғашқы директоры Т.Қалауов болды. Филармонияны әр жылдары Д.Дүй¬сенбаев (1976 – 80), К. Асанбаев (1980 – 85), Қ. Мұхамедияров (1985 – 86), Б. Шөкенов (1986 – 89), Ш. Әбдібаев (1989 – 90), М. Әбдікәрімов (1990 – 2001), С. Ибрашев (2001 – 03), М. Ахметов (2003 – 05) басқарды. Оның құрамына «Сыр күмбезі» (жетекш. А. Тұяқбаев), «Ақ толқын» (жетекш. Қ. Сақтағанов), «Бәйшешек» (жетекш. Қ. Байғабылов), «Сыр маржаны» (жетекш. Ү. Ахметова), «Сыр самалы» (жетекш. С. Бердіхожаев) ансамбльдері және «Сыр әзілі» ойын-сауық отауы (жетекш. Б. Есенов) мен «Томирис» бишілер тобы (жетекш. Г. Мырзабаева) кірген. «Томирис» тобы «Шабыт» Халықар. фестивалінің лауреаты болды (2005). Қазіргі уақытта филармонияда Ш. Қалдаяқов атындағы халықар. ән байқауының лауреаттары Қ. Ысқақов, Э. Қанатбаева, Р. Бағланова атындағы аумақтық әншілер байқауының лауреаты Р. Ысқақова, республика «Жас қанат» байқауының дипломанты Г. Әлиханова, т.б. жұмыс істейді.

Қызылорда облыстық радиосы, 1928 жылдың 14 қарашасында құрылған. Қызылорда облысында 1938 ж. радионүктелердің саны 2 мыңға жуық, 90-жылдары  ол көрсеткіш 188 мыңға жетті. 60-жылдардың басында радиохабарын таратуға Ә.Мырзахметов, Н.Оспанов, Ә.Шабақов, Т.Елемесов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Шөкенов, Д.Айдаров, т.б. басшылық етті. 1958 – 63 ж. облыс радиохабарларын таратуда 20 – 30 адам жұмыс істеді. Материалдар үш тілде: қазақша – 70%, орысша – 20%, корей тілінде – 10%. Алғашында жетісіне 1 рет 1, 2 сағаттан, кейіннен күнде әуе толқынына шығатын болды. 1964 ж. облысы радио еліміз күрішшілерінің Бүкілодақтық үндесуінің бастамашысы бола тұра, Қызылорданы Шымкентпен, Көкшетаумен, Талдықорғанмен, Қарақалпақстанмен байланыстыратын тұрақты радио көпірге айналды. 1967 ж. Одақ көлемінде алғаш өткізілген радиоқызметкерлердің бірінші аймақтық кеңесінде Қызылорда радио журналистерінің жұмыс тәжірибесі кеңінен талқыланып, республика көлемінде таратылды. Сонымен қатар магнитті пленкаларды электронды монтаждау әдісі елімізде алғаш рет Қызылорда радиосында қолданылды. 2004 жылғы желтоқсан айынан бастап әуе толқынына шығуды тоқтатты.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі – ғылыми-мәдени мекеме. 1939 ж. негізі қаланған. Алғашқы экспозициясы 1890 – 96 ж. салынған шіркеу үйінде болды. 1980 ж. жеке ғимаратқа көшірілді. Мұражай 14 залдан тұрады. 2000 – 02 ж. мұражайда «Өлке кеңес үкіметі кезінде», «Сыр бойындағы астана», «Қызылорда облысы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында», «Тәуелсіз Қазақстан», «Этнография», «Мәдениет және өнер» залдары ашылды. Облыс географиясына, археологиясына арналған залдар да өлке тарихынан, өнеркәсібі мен ежелгі мәдениетінен мол мағлұмат береді. Мұражай қорында 42920 жәдігер бар, оның 5 мыңнан астамы көрмеге қойылған. Ондағы ең құнды жәдігерлер: батыр киетін дулыға, сауыт (1853), зеңбірек ұңғылары, ақша коллекциясы (Ұлы Жібек жолы сауда айналымындағы).




#Article 78: Ақтау (620 words)


Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.

Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.

Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.

Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.

Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар Маңғыстау станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №105 автобусы мен таксилер қатынайды, автобустардың бағасы 80 теңге, таксилердің бағасы шамамен 300теңге ара қашықтығы – 20 км.

Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.

Ақтау - Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.

Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомол, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.

Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді.

Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико және т.б.). Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік. Жастар мен отбасыларға немесе немерекелік және банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және ойын-сауық кешендеріне мысалыға Ақтау, Ардагер, Бәйтерек және табы басқа шағын кешендерді келтіруге болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар: Достар, Nur Plaza, Манила. Осыған қоса жеке меншік ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне өзіндік әсерін етуде.

Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +30 °C. Жазда ауа температурасы +45 °C (түнде плюс 38) дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ.

Қазақтардан басқа көптеген этнос өкілдері де тұрады. Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндар.




#Article 79: Павлодар (347 words)


Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Тұрғыны 333 554 адам (2019). Қала Құлынды даласының оңтүстік-батыс шеті саналатын Ертіс өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған.

Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін, техникамен нашар жабдықталған кішігірім кәсіпорындардан тұратын өнеркәсіп пен сауда орталығы ғана болды. Мәдени-ағарту мекемелерінен небары 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді. 

Павлодар қаласы халқының саны

Тұрғындар саны — 317000 адам (1 қаңтар 2012 ж. бойынша), бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 342 321 адам (1 қаңтар 2012 жылғы санақ бойынша).

Ұлттық құрамы (1 қаңтар 2014 ж. бойынша):

Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің  қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Машина жасау мен металл өңдеу саласы трактор, арнаулы құрал-саймандар, кеме және автомобиль жөндеу зауыттарынан, түсті металлургия Торғай бокситі негізінде жұмыс істейтін алюминий зауытынан, мұнай өңдеу өнеркәсібі Омбы қаласынан (Ресей) тартылған ұзындығы 400 км мұнай құбыры негізінде жұмыс істейтін мұнай-химия зауытынан, химия өнеркәсібі 1965 жылдан бастап тұз байланатын көлдер негізінде тыңайтқыштар шығаратын химия зауытынан, құрылыс материалдары өнеркәсібі бірнеше құрылыс басқармалары мен комбинаттарынан тұратын “Павлодаржилстрой” тресінен, кірпіш, асфальт-бетон шығаратын кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібі ет, сүт, ұн-жарма, нан, арақ-шарап, сыра, сусындар және балық кәсіпорындарынан, жеңіл өнеркәсіп саласы екі тігін фабрикасынан және хром зауытынан тұрады. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон-рубероид зауыты жұмыс істейді.

Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі. Ертіс өзені арқылы Семей мен Омбы (Ресей), Өскемен және басқа қалалар арасындағы жүк және жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. 

Павлодар – Алматы және Павлодар – Бішкек жедел поезы 2002 жылдан бастап жүре бастады.

Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.

Мұнда мемлекеттік 3 жоғарғы оқу орны бар:

Павлодарда:

Денсаулық сақтау мекемелерінен:




#Article 80: Петропавл (727 words)


Петропавл (, қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.

Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 219 011 адам (2019 ж.) .

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында әскери бекініс ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.

Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 — 36 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы «Казстройматериал» кірпіш зауыты іске қосылды. Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2- дүниежүзілік  соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.

Қазіргі кезде Петропавл Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға «Еуразия», «Вита», «Молочный союз» АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, «Сұлтан», «Тонус» т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавлда 3 театр, филармония, 3 мұражай, 3 кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3 телерадиокомпания жұмыс істейді.

Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.

Қалада жалпы бiлiм беретiн 47 күндiзгi мектеп жұмыс iстейдi, оларда 22,3 мың оқушы бiлiм алуда, сонымен қатар 10 колледж (13,0 мың оқушы), жоғарғы бiлiм беретiн 3 оқу орыны (11,0 мың студент) бар.

Облыс орталығында 3 театр, 1 филармония, 3 мұражай, 8 кiтапхана, 3 клубтық мекеме бар.

Кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiгiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың бастапқы құны 2009 жылғы 1 қаңтарға (жер құнын есепке алмай) 160,3 млрд.теңге құрады, тозу дәрежесi 40,0% болып, 2008 жылдың соңына баланстық құны 96,3 млрд.теңге болды.

Қала өнеркәсiбiнде (қаржылық емес сектор) 2009 жылы 46 835,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2008 жылғы деңгейден 4,0%-ға жоғары болды. Электр қуатын өндiру 2 371,1 млн.квт.сағ, жылу қуаты - 2 123,9 мың Гкал, сүт өнiмдерi 27,4 мың тонна, ұн - 100,9 мың тонна, нан - 12,7 мың тонна, макарон - 26,2 мың тонна, алкогольдi iшiмдiктерi 2 114,7 мың литр құрады.

Құрылыс ұйымдарының өз күшiмен 8 530,1 млн.теңге сомасында мердiгерлiк жұмыстар орындалды. Өткен жылы облыс орталығында жалпы аумағы 27 223 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.




#Article 81: Аман Ғұмырұлы Төлеев (198 words)


Төлеев Аман Ғұмырұлы (Аманкелді Молдағазыұлы) — (13.5.1944 жылы туған, Түрікменстан, Красноводск (қазіргі Түркіменбашы) қаласы) – саяси қайраткер, технология ғылымының докторы (2000).

Новосибирск темір  жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемеров облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығык, 1973 – 85 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 88 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 90 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 93 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 96 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 97 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.




#Article 82: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (283 words)


Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов — Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының 5-нші Премьер-Министрі, 2008 жылдың 4 сәуірінен бастап 2014 жылдың 22 қазанға дейін Астана қаласының әкімі ретінде қызмет етті.  2014 жылы ҚР Қорғаныс министрі болып, ал 2017 жылдың 7 ақпаныңда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.

И. Тасмағамбетов Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 ж. Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.

Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.

және көптеген алқалармен марапатталған.

Әкесінің есімі — Тасмағамбетов Нұрғали (1926—1997). Анасы — Қоқанова Ділда Матайқызы (1930ж.т.)

Үйленген, жұбайы — Бекқұллова Клара Дауымқызы (1957 ж.т.), мұғалім. Қыздары — Әсел (1979 ж.т.), заңгер, София (1983 ж.т.). Баласы — Нұрғали Нұрсұлтан (1994 ж.т.). Немерелері — Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұреддин (2005 ж.т.).

И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеист те емеспін». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Саяси қайраткер мұраты — Мұстафа Шоқай, Франсуа Миттеран.




#Article 83: Табын (658 words)


Табын — ( — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. 

Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар бас ауған жаққа жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап, бір бөлігі Шалқар ауданына, бір бөлігі қазіргі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына, бір бөлігі Қызылорда облысы мен Қарақалпақстан жерлеріне кеткен. Қазір де Қарақалпақстанға кеткендердің 80 пайызы Маңғыстау облысына көшіп келіп, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында тұрып жатыр.
Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар.

Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас.
Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан жерлерін жайлаған, көп бөлігі қалмақ шапқыншылығы кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар.

Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрынғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған.

Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен.

Көне түркі тілінде қазіргі Тибет жері Тобот, Тобон, Табын деп аталған.

Ал қытай мемлекетін Табғач деп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде тоба, туба тұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкен халық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған.

Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар арасында бар. Сібірдегі Көшім ханның мемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесінің оңтүстігі 19 ғ.

Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр.

Осының алдындағы ру сияқты, ол туралы да алғашқы деректерді біз А. Тевкелевтен ғана кездестіреміз. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының жаманкерей, Бозым, бегім және қайырқожа деген төрт тармағы бар. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті-табын тармағында), (тарақ, тарақты-табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. Жалпы рудың таңба белгісін салғастыру бізді тағы да дулаттарға (Ұлы жүз) әкеледі, оларда да жалпы тайпалық белгі дәл осындай, ал және белгілері дулаттардың кейбір руларының таңбалары мен албан тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ. Табын руы Ұлы жузден шыққан деп жорамалдауға болады. Бұған дәлел ретінде табын руында да, албан тайпасында да бозым руы бар екенін көреміз. | (көсеу) таңбасы қаңлы тайпасының (Ұлы жүз) таңбасына, ал (тарақ) таңбасы нақ сол жүздегі жалайыр тайпасының таңбасына ұқсайды және тарақ таңбасының жалайыр тайпасынан шыққанын табын руы шежіресі нұсқаларының бірі көрсетеді.

Табындардың тегі аралас екенін оларда бірнеше ұран болуы да көрсетеді. Гродековте бар мәліметтер бойыпша, Сырдария табындарының ұрандары «Сәрке» және «Тостаған», ал ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарыпың ұраны «Алаш». С.И. Руденко өз еңбектерінің бірінде моңғолдарға дейінгі уақытта, аңыз бойынша, башқұрттар он екі руға бөлінген деп жазады. Бұдан әрі ол осы рулар, ішінде табындар да болған деп көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін, сондай-ақ С. И. Руденконың деректемесін ескере келгенде, табын руьның тарихын былайша негіздеуге болады. Моңғолдардың шапқыншылығынан көп бұрын қазіргі Батыс Қазақстан мен Оралдың арғы жағындағы далаларда басқа тайпалар мен рулар арасында сол кезде-ақ жергілікті табын тайпасы болып, ол саяси немесе экономикалық сипаттағы әлдебір жағдайлардың әсерінен бөлініп кетуі ықтимал. Оның бір бөлігі солтүстікке, қазіргі Башқұртстан аумағына барып, Ибн Фадман айтқан Башқұрт халқының құрамына енген.
Моңғолдарға дейінгі уақыттың өзінде-ақ башқұрттар құрамына табындардың енгенін біз бұдан бұрын көрсеткенбіз. Алайда табындардың көпшілік бөлігі өз жерінде калын, монғолдардан кейінгі кезеңде руының атын сақтап қала отырып, Ұлы жүз тайпаларынан шыққандарды өз құрамына қабылдаған болуы мүмкін. Ал ұлыжүздіктердің қосылған бөлігі олардың ру атын қабылдап, оларға өз таңбаларын берген. Табын руының едәуір бөлігі, атап айтқанда, бозым (төртұл) Орта жүздің керей, найман және арғын сияқты ірі тайпаларының құрамына енген, олардың арасында төртұл және өзбектер құрамына енген (локайлар) да аталады.

Орта жүздегі Арғын Қаракесек арасында 19 ғ аяғында Нұра болысында 100 шаңырақ табын болған. Олар 18 ғ. ортасында Маңғыстау жақтан келген Жарбол және Құлбол деген ағайындылардын ұрпағы. Бұл екі ағайын төрелермен қызға дауласып бір төрені (ханды) өлтіріп содан Сарыарқаға қашып келген.

 




#Article 84: Сарайшық (1283 words)


Сарайшық, Кіші Сарай — орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 км жоғары орналасқан.

Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласының пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғ., Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады.
Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғ. алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнер мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пиала) өсімдіктер мен зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым амфораларының бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық моншаның қалдығы табылып, зерттелді.

Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Бату хан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.) салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың бағыт-бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен хикаялары бізге дейін жетіп отыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргенішке дейінгі сауда жолының соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғғ. осы жол Шығысты Батыспен негізгі жалғастырушы болды.
Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер тұрғызған. Қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалады. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы - Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде 1334 ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке — Алтын Орданың бас қаласы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол,

Біз Сарай қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен.

Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деген мағынаға байланысты.

Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі - Антоний Дженкинсон. Ол 1558—59 жж. Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғып былай жазған:

Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен.
.

ҚКСР ғылым академиясының 1950 ж. Батыс Қазақстанда жүргізген Сарайшықты 12 ғ. араб тарихшылары еңбектерінде аталатын, орта ғасырда археологиялық экспедициясының қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич «өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала. Саксин 10—11 ғғ. Хорезм тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойында салынған еді» дейді де Сарайшықтың өмір дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі:

Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 ж. жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала 12 ғ. салынған» деп еш шүбәсіз дәл айтады. Бұл пікірді, соңғы жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары да дәлелдеп отыр. Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. 1968 ж. бері мұнда Әлкей Марғұлан атындағы Батыс Қазақстан экспедициясы тұрақты қазба жұмыстарын жүргізуде.

Сарайшық қаласының тарихымен танысу үшін арнайы келгендер әуелі мешітке кіріп, аруаққа бағыштап құран оқытып, хандар жерленген қасиетті жер күмбез астындағы алып бәйтерекке ақтығын байлап, сосын мұражайға кіреді. 1999 жылдың 3 қыркүйегі күні Елбасы Атырауға келген сапары барысында Сарайшық мұражайын ашқан болатын. Оған менің жолым алғаш рет 2003 жылы түскен-ді. 
Аққу көлден кеткенде…Биылғы маусым айында тағы бардым. Мұражай қызметкері Орын Сағынтаева көне шаһар тарихы, соның ішінде “Секер көлі” туралы қызықты деректермен таныстырды. Қазақ тарихында терең із қалдырып, заманында қазақ мемлекетін басқарған ұлы хандардың бірі - Әз Жәнібек хан. Ел ішінде Жәнібек ханның өзі салдырған Сарайшық қаласының іргесіндегі әйгілі “Секер көлі” туралы деректі әңгіме көп. Секер көлдің орны қазіргі Сарайшық ауылының орнында қалып қойған. – Теп-тегіс жерде ойпаңдау болған түбінен, кезінде жиектерін қолмен нығыздап, кейбір жерлерінің тас, топырақпен, қызыл қышпен көмкерілгені көлдің заманында қолдан жасалғанын дәлелдейді, - дейді ауыл қарттары. Кезінде Шамполов деген орыс көпесі 1920 жылдары осы жерден кірпіш зауытын салып жүріп, көлден алып жұмыртқа тауып алған көрінеді. Көлге аққулар үнемі қонып жүрсін деп Жәнібек хан арнайы секер төктіріп қояды екен. Аққулардың көп болғаны сондай, Сарайшықтың қыздары көлден су алғанда, аққуларды ығыстырып жіберіп, шелектерін содан соң ғана суға батырады екен. Бұл көл “Жәнібек ханның аққу көлі”, “Сарайшықтың аққу көлі”, “Аққу көлі” аталыпты. Хан қызы өзінің құрбыларымен бірге Әкесі жасатып берген аққу мүсінді алтын қайығымен (мұражайда сақталған суреті бар) құстарға жем беріп, кісіден үрікпеуге үйретеді. Құс атаулы жаз бойы Секер көлде еркін жүзіп жүреді екен. Жәнібек ханның сол қызы ұзатылғалы жатқанда, 15 жасқа қараған шағында ауырып, кенеттен қайтыс болады. Хан қызын алтын табытпен, барлық жасауымен, алтын қайығымен қоса жерлеуге Әмір етіпті. “Қызыңыздың осынша байлықпен қоса жерленгенін білген бір қатыгез моланы ашып, байлықты тонап кетсе, жалғызыңыздың мүрдесі айдалада қалар. Сондықтан қызыңыздың денесін жасырын жерлеңіз” деп ақыл айтқандар болыпты. Осы кеңеске құлақ асқан Жәнібек хан жеті кісіні шақырып, құпия тапсырма беріпті. Қабір қазылып, түнде қызы жерленген соң, әлгі жеті кісі де сол бойда өлтіріледі. Ал қызының қабірін ешкім білмесін, ашпасын деген пиғылмен жас қабірдің үстінен түнімен бірнеше үйір жылқыны өткізіпті. Ат тұяғынан тып-типыл болып тегістелген жерден ертеңіне ханның өзі де қызының моласын таба алмапты, - деседі аңызда.  Ақша сарайы, ұстахана…Сарайшық қаласы Жайық өзенінің ең бір шұрайлы тұсында әрі ӘжептӘуір биіктеу жерде орналасқан. Бірақ соңғы жүзжылдықта Жайық ежелгі арнасын өзгертіп, Сарайшық орнын қақ тіліп өтуі – көне шаһардың жұртын су астында қалуына әкеліп соқты. Біз де Жайық өзенінің жарынан, су жағасынан қаланың  қалдықтарын айқын көрдік. Тарихи мұра ретінде болат сымды тормен айнала қоршап, кіреберіс есіктің астына қойылған екі көзінің, мұрнының орнына үңірейген тесіктері бар кісінің бас сүйегі көрген жанның жүрегін зірк еткізеді. Соңғы жарты ғасырдағы қазба жұмыстарының  бәрі  ескі  қаланың шет жағындағы су құбырлары мен кейбір шеберхана, бейіт орнына жүргізіліпті. Бұрынғы және қазіргі қазба жұмыстары көрсеткеніндей, қала құрылыстары 24х24х5 см немесе 40х20х5 см көлеміндегі күйдірілген жӘне шикі кірпіштен, түсін жоймайтын керамикалық шаршы тастардан тұрғызылыпты. Оларға қандық үлгідегі жылыту жүйесін пайдаланған және өте жоғары температурада шикі кірпіштерді күйдіретін камералар болған. Сондай үлгіде ұзындығы 4,4 м., биіктігі 1,65 м. болатын ыстық от (ауа) айдау жүйелері бар камера табылған. Қала қыштан күйдірілген тас тұрбалар арқылы ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген археологтар құмығып қалған құдықтардың бірінен араб әрпінде жазылған тұмар тапқан. Арнайы темір қобдишаға салынған, алты-жеті метрлік шыңыраудың түбінде сақталған бұл тұмар сол кездің өзінде діннің кеңінен таралғанын және қатты қадірленгенін көрсетеді. Осы құдықтан өте әдемі жасалған құмыралар, күміс, мыс ақшалар да табылыпты. Сарайшық қаласында темірден құрал-сайман соғатын арнайы ұстахана болыпты. Бір қызығы, осы ұстаханаға қажетті темір рудасын олар қайдан алды, қалай қорытты, оны ешкім білмейді. Қала өз дӘуірінің ықпалды, саяси һәм мәдени, сауда-саттық орталығы болған. Жәнібек хан билеген тұста жаңа пұлдар шығарылған. ХІV ғасырдың қырқыншы жылдары ақша беттерінде ерекше безендірілген екі басты бүркіт, ал елуінші жылдары шешек атқан алты жапырақты гүл шоқтары бейнеленген. Жошы ұлысы тұсында Алтын Орданың 16 шаһарында ақша соғатын сарайлар болған деседі. Оның үш түрі, атап айтқанда, жоғарыда табылған ақшалардың біразы Сарайшық қаласының өзінде соғылған.  Құмыраның құпиясы1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйіріндегі жазуларды ауыл төңірегіндегі сауатты деген адамдардың ешқайсысы да  оқи алмапты. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Оралдағы мұражайға тапсырылған көрінеді. Кейін әлгі құмыраны көрген Орал шекаралық казак әскерінің генералы Н.Дубасов деген офицер жазу көшірмесін Ресей археологиялық қоғамның Шығыс бөліміне 1915 жылдың 16 тамызында жіберіпті. Екі жыл өткен соң мамырдың 12-сі күні генералдың атына жауап хат келсе керек. Онда құмырада көне қыпшақ тілінде 32 сөз өрнектелгені, дәлдеп аударғанда иінінде Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы:




#Article 85: Алланың есімдері (316 words)


Алланың есімдері ( — Алланың көркем есімдері) — Ислам құдайы Аллаһтың есімдері, Құран мен Сүннет бойынша Аллаһтың 99 есімі бар, Аллаһтың 99 есімі деп те аталады.

Мұхаммед пайғамбар  айтқан: 

Аллаһтың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Аллаһтан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.

(Ағраф сүресі, 180-аят)

(Тирмизи, Әбу Дәуід)

(Әл Бухари, Муслим)

Аллаһ Тағаланың сипаттары тек жалғыз Құдайға тән. Аллаһ тағаланың сипаттары мәңгі, олардың басы да, соңы да жоқ және олар жаратылыс емес. Аллаһ тағаланың сипаттары өзгермейді, ешкімге және ешнәрсеге тәуелді емес, оларға ұқсас нәрсе жоқ және тек Бір Хақ Тағалаға тән. Әрбір мұсылман Аллаһ тағаланың сипаттарын біліп, мән-мағынасын түсінуі керек, өйткені оларды жоққа шығарған адам кәпір болады. Бізді одан Аллаһ тағала сақтасын!

Дүниеде екі миллионнан астам жануар, өсімдік және басқа да микроорганизмдердің түрі бар. Олардың әр түрі бір жағынан, белгілі бір үйлесіммен табиғат тіршілігінің жүйесіне (биосфераға) кіреді, оның бір құрмалас бөлшегі болып табылады, екінші жағынан оның өзі жоғары дәрежеде қалыптасқан, жетілген және үйлесімді, өз қызметін орындайтын, дене бітіміне айналған бір жүйе болады екен. Бір сөзбен айқанда, бар жаратылыс бір логикаға, бір ойға бағынған. Осының баршасы тек Аллаһ тағаланың ісі екеніне көз жеткізу қиын емес. Тек соңғы ғасырда, санамызда қалыптасқан стереотиптерден арылу керек, өйткені олар адамды хақ нәрсені жала деп, ал өтірік, шындыққа жатпайтынды хақ деп тура жолдан тайдыруы мүмкін.

وَ صَلَّى اللهُ تَعَالى عَلَى خَيْرِ خَلْقِهِ سَيِّدِ الأَوَّلِينَ وَ الأَخِرِينَ نَبِيِّنَا مُحَمَّدٍ
وَ عَلَى أَلِهِ وَ أَصْحَابِهِ أَجمَعِينَ بِرَحْمَتِكَ يَآ أَرْحَمَ الرَّحِمِينَ
سُبْحَانَكَ رَبِّكَ رَبِّ العِزَّتِ عَمَّا يَصِفُونَ وَ سَلاَمٌ عَلَى المُرْسَلِينَ
وَ الحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ العَالَمِينَ

Аллаһ тағалаға ғибадат, халыққа шарапат. Қадірлі жамағат! Аллаһ тағаланың осы 99 көркем есімін және сипаттарын жаттап, мағынасын түсініп басқаларға жеткізу парыз. Аяқ асты етпеңіздер, биік жерде ұстаңыздар!




#Article 86: Linux (544 words)


Windows амалдық жүйесі және SCO Unix, Solaris немесе DOS сияқты  коммерциялық АЖ басқа, Linux (Линукс) амалдық жүйесі де бар.
Linux АЖ ашық жүйелер стандарттарын қолдайды және Unix, DOS, MS Windows жүйелерімен  бірге қолданыла алады. Бастапқы мәтіндермен қоса, жүйенің барлық құрамдас бөліктері еркін көшіруге және саны шектеусіз пайдаланушылар үшін орнатып пайдалануға берілетін рұқсатпен бірге таратылады.

Linux басқаруымен сан алуан, кәдімгі дербес компьютерле мен ноутбуктардан бастап, көп процессорлы өнеркәсіп серверлері, кластерлік есептеуіш кешендер, PDA және  IBM компаниясы шығаратын қол сағаттарына дейінгі электронды жүйелер жұмыс істейді. Linux – қауіпсіз жүйе. Linux-ке лайықталған вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы серверлік болып табылады және Windows-машиналарда тіршілік ететін Windows-вирустарын аулауға арналған.

Линукс амалдық жүйесінің ресми логотипі және тұмары - Tux (Такс болып оқылады, бірақ, көбіне Тукс деп те атайды) пингвині болып табылады. 1996 жылы, Ларри Ивинг (Larry Ewing) GIMP редакторында жасап шығарды.

Free Software – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады.

Open Source – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық – тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз.

GNU/Linux – Linux ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Linux (Линукс) деп айтылады. GNU/Linux құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы.

Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б.

Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. GNU/Linux жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Bash командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Xterm, Gnome-terminal) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді. 

Root (суперпайдаланушы) – GNU/Linux жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы. 

GUI (ағылш. «graphical user interface») – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т.с.с.

Window Manager – терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Compiz – графиалық эффектілерді ұсынады.

Desktop Environment – жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: KDE, GNOME, XFCE. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Gnome ішінде gedit, ал KDE ішінде Kwrite болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады.

Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Linux әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары deb және rpm дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады.

Дестелер менеджері – БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы: dpkg, rpm. Archlinux үшін дестелер менеджері – pacman.

Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.

Бастапқы код – бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады.

Скрипт – командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады.

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 2007ж.




#Article 87: Операциялық жүйелер (1112 words)


Операциялық жүйе () — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа.

Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық , сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық  жүйе арқылы ғана ұсынылады.

Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.

Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады.
Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж.   интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі  IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар:  мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп,  виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар  жасалды.

Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік  ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді.
Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір
процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.

Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. 
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б..
Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. 
Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. 
Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. 
Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар қосымшалар (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды.
BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.
BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.
DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады. 
COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)

Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар. 

Жүргізушілер амалдық жүйе мен олардың арасында деректерді жіберуге және алуға пайдаланылатын компьютерлік құрылғылардың делдалдары болып табылады. 

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. 

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 2007ж.




#Article 88: Қарбыз (256 words)


Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін Княжин, тұтасжапырақты, Стокс 647/649, Багаев – Мурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.




#Article 89: Қауын (261 words)


Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі. Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі – көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4,5 – 18% қант, 0,6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 – 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б. топтарға бөлінеді. Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300 – 400 ц өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 – 7 тәулік күнге жайып, не 4 – 6 сағат 50 – 60 0С температурада қолдан қыздырады. Топырақ температурасы 12 – 140С-қа жеткенде егеді. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара – 944, Іші қызыл – 189, Қалайсан, 1940 жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған – әңгелек, ерте пісетін – Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін – Колхозшы 749/753, кеш пісетін – Қара күләбі, торлама т.б. түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.




#Article 90: Асқабақ (156 words)


Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған.

Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады.

Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.




#Article 91: Қасым хан (1314 words)


Қасым хан (1445—1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі. 

Шешесі Жаған-бегім Ханым Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.

Қасым хан (1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Әз-Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Әз-Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90-жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мәуереннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилер ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мәуереннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломатикалық жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ атты әскерінің саны 300 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды.

Қасым ханның тарихта үш ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар хандар және Әбілқайыр сұлтан. Мамаш хан Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңде билік етіп, қақтығыс кезінде қаза тапқан. Ал Хақназар хан қазақ халқының тарихында ұлы билеуші ретінде қалғаны белгілі. Әбілқайыр сұлтан Иран шахымен болған шайқаста 1511 жылы қаза болған.

Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауына дейін, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асты.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кезінде былай деп жазыпты:

Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.

Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғы|жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Қасым «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді. 

Н.Өсерұлы «Жеті жарғы» Алматы «Жеті жарғы» 1995 жыл

Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек  деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба Сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасыр) та­рихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы «наста‘лиқ» үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше тарихи еңбекке («Раузат ас-сафа», «Тарих-и алам арайи Аббаси», «Хабиб ас-Сийар») сүйенгендігін және сондай-ақ шығарманы жазу барысында ауызша жеткен деректер мен әңгімелерді пайдаланғандығын тілге тиек етеді. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды Дешті Қыпшақтың «ханы» кейде «патшасы» деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады. Қазақ хандығына қатысты дерек Қасым ханның атымен тығыз байланысты. Автор Дешті Қыпшақ ханы Қасым хан мен Шахи бектің арасындағы тартысты баяндайды. Шахи бек Бұқара ханы Абдолланың немере інісі болып табылады. Оқиға Иран шахы І Исмаилдің Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға хат жазуынан басталады. Ол Қасым ханға жолдаған хатында Шахи бектің өзінің атына арнайы теңге соқтырғанын хабарлап, оған қарсы әрекет қолданбаса, мәселенің бетін алу қиынға соғатынын ескертеді. Қасым хан Иран шахына жазған жауап хатында Шахи бектің атын өшіріп, оның орнына өзінің атын жаздыртып, теңге соқтыруға бұйрық бергендігін хабарлайды.

Хаттардағы мәліметтерге қарап, Иран шахтарының Қасым ханмен қатты санасып, мәмілеге жүгініп отырғанын байқаймыз. Мұның барлығы Қасым ханның ресми хан көтерілгеніне дейін болған оқиғалар екендігін ескергеніміз абзал. Қасым ханның есімі таққа отырғанға дейін де танымал болғандығын және саяси сахнада беделі жоғары болғандығын осы қолжазбадағы деректер дәлелдеп береді. 

Осы уақытқа дейін бұл қолжазба туралы Ч.Стори «Персидская литература» каталогында атап көрсеткен, бірақ ол аталмыш қолжазба туралы атап қана өткен. Жалпы, «Тарих-и Сафавие» деген атпен сақталған қолжазбалар көп, бірақ солардың ішінде аталған нұсқа Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады.

Қазақ тарихына қатысты қолжазбалардың бірі Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы ұлттық кітапханадан табылды. Мұхаммад Тахир Вахид Қазвини жинақтаған Аббас шахтың көрші елдердің патшалары мен хандарына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері – «Муншаат» жинағында Иран шахтары мен өзбек хандығы арасында жазысқан хаттардың қазақ тарихын зерттеуге қосар үлесі орасан мол. Себебі сол кездегі өзбек хандарының Иран патшаларымен арадағы дипломатиялық хат алмасуларында Хорасан, Самарқанд, Бұқара, Дешті Қыпшақ және Ташкент аймағында орын алған тарихи оқиғалар әңгіме болған. Дәлірек айтқанда, күш алып, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақ хандығы туралы өзбек хандары Иран шахтарына жазған хаттарында баяндап отырған. Мысалы, Абдулмумин ханның Аббас шахқа жазған хатында «Дешті Қыпшақты мекендеген қазақтардың саны күннен-күнге артып, күшейіп келе жатыр, осы жайды ескеру керек» деп жазады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1521 жыл деп көрсетеді.

Қадырғали Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады.




#Article 92: Мұхаммед Хайдар Дулати (335 words)


Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан
мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.

Мұхаммед Хайдар Дулати құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.




#Article 93: Қазақтар (2522 words)


Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан  Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 12 млн. адам (2017 ж), әлемде шамасында 17 млн. адам құрайды.

Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі жұртышылықтың қашанда назарынан түсіп көрген емес. Ең ұлы адамдардың өздері де балам болса деп армандайды. Бала – келешек өмірдің тірегі. Мұрагері жоқ отбасының болашағы да жоқ. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – Базар, баласыз үй қу мазар» дейтін де мақал бар. Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп неше рет өліп, неше рет тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Ақылды да көрікті әрі тәртіпті балаларды тәрбиелеу үшін ата-бабамыз қолдан келгеннің бәрін істеумен болды. Көшпелілердің сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, көк түрік, қыпшақ, арғын, алшын, найман және т.б. бірлестіктері мен ру-тайпалары өздерінің ауызша өлең-жырларында да ең алдымен ұрпақ мәселесін сөз қылып отырған. Фольклорымыз бен ауыз әдебиетіміз педагогикалық ілімге толы. Қай шығарманы алсаңыз да, ананы ардақтау, балаға жан-жақты тәрбиелеу мәселелері көркемдікпен әңгіме болатынын байқайсыз. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені адамдар арттағы ұрпаққа қалдыруға тырысып отырды. Тіпті ертегілердегі ақ қасқыр, самұрық құс, боз інген сияқты хайуанаттар бейнелерінен де ұрпағы үшін жанын пида ететін ана образын көре аласыз. Біздің ежелгі замандарда өмір сүрген арғы бабаларымыз балаларына не тіледі екен? Қандай мақсат көздеді олар? Заманымыздың көрнекті ғұламасы Әлкей Марғұлан ертедегі ауыз әдебиеті түрлеріне арнаған салиқалы еңбегінде былай деп жазған еді: «Қой бастаған ақ қошқар сенікі болсын. Тікірейген құлағының түбінде қара қалы бар, көзі мөлдіреп, үйірін бастаған ақ боз айғыр сенікі болсын, құлыншағым. Жалы желмен желбіреп, адамдардың үрейін ұшырап келе жатқан қара бура да, оның соңынан ерген түйе келесі де сенікі болсын. Азуы ақсиған қасқыр көрсе, қарағайдай мүйізін шаншып, тарпа бас салатын боз бұқа да, ол бастаған сиыр табыны да сенікі болсын.»

Аз сөзбен барлығын айтып беру мүмкін емес, бірақ көшпелілердің өз ұрпақтарына қалдыратын аманаттарын былай жіктеуге болар еді:

Ежелгі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың Көкшетау, Бурабай, Қарғалы, Шелек, Есік төңірегінен табылған археологиялық мұрадары бұл жұрттардың бала бесігіне, бесіктің безендірілуіне жете мән бергенін байқатады. Әдетте бесікті өте сапалы ағаштан жасап, оны алтын жалатқан бүркіт бейнелерімен, сом алтыннан құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген. Бұлар тұмар сияқты баланы сақтайды деп сенген. Осыдан- ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болғанын қалаған байқау қиын емес. Бабаларымыз бала тәрбиесіне қатты ден қойған. Бұл кейбіреулер сияқты баланы босқа мәпеледі деген сөз емес. Тіршіліктерінің басты шарты кеңістік пен уақыт ішіндегі қозғалыс болған көшпелілер қауымында өмірге келген баланың көзқарасы да өзінше қалыптасқан. Әке- шешенің аялы алақанында тәрбиелене жүріп- ақ, бүркіт пен көкжал бөріні пір тұта білді, тез есейді.  Сөйтіп  жастайынан-ақ  ер қанаты аттың  құлағында ойнап шыныққан сарбаз болып өсті.  Ертедегі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылар мен ғұндардың барлығы да ат үстінде жүріп, өмір өткізген жауынгер еді. Бейбіт заманда өз ісімен айналып жүрген малшы шапқыншылық жағдайында лезде қылыш-найзамен қаруланған жауынгер болып шыға келетін. «Қиын-қыстау шақта шайқасқа даяр тұру, жауға қарсы шығу я болмаса алыс жорыққа аттану олардың өмірде ісі болатын» деп,таңырқай жазды ертедегі тарихшылар. Жойқын соғыстан кейін ауылда кемпір-шал, бала-шаға ғана қалған уақытта 12-13 жасар жеткіншек балалардың қолдарына қару алып, ел қорғауға шықан кездері жиі кездескен.

Ұланғайыр өлкені мекен етіп жатқан көшпелі қазақтар сан мәрте түрлі шапқыншылықтарды бастан өткізді. Соған қарамастан, халқымыздың келешек ұрпақ жайлы қамқорлығы сол қалпында сақтала отырып, бізге жеткен.

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеyi 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек сұлтан пен Керей сұлтан басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбан и мен Махмұд Сұлтан болды.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.

Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын Есім хан салған ескі жол! Деп атады.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.

Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.

Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, Қалдан) Оңтүстік Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.

Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.

Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан мен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Ххиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.

Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.

Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.

Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.

Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.

Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары,Желкілдек, Жанұзақ болды.

Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.

Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.

Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.

Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.

Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.

Саяси және экономикалық қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.

Қ. арасында кейiнгi орта ғасырларда меншiктiң бiрнеше түрi айқындалды: 1) мал мен мал ш. өнiмдерiне деген меншiктiң жеке дербес отбасылық түрiндегi меншiгi; 2) жерге немесе жайылымдарға қауымдық меншiк; 3) су көздерiне меншiк; 4) қауымдар ассоциациясының қарамағындағы малшылар тобы көшiп-қонатын аймаққа қатысты экономикадан тыс меншiк, Қ-дың әлеум. ұйымдасуы адамдар арасындағы бiр-бiрiмен байланысты әр алуан қарым-қатынас түрлерiне (қандас туыстық-отбасылық, шаруашылықтық, әскери, мәдени, этн., т.б.) негiзделдi.

Ресейдiң отаршыл саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерi болып өттi. Оларды Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, т.б. басқарды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстандағы егiншiлiкпен айналысатын халықтар арасындағы қазақтардың үлес салм. 55,4%-ға жеттi. Өнеркәсiп дамуы, т. ж-дар салынуы, су жолдарының кеңiнен пайдалануы қазақ жұмысшыларының қалыптасуының экон. негiздерiн қалады.

Кеңестiк үкiмет өткiзген кәмпескелеу, ұжымдастыру шаралары Қ-ды 1931 — 33 ж. ашаршылыққа ұшыратты. 1929 — 31 ж. Қазақстанда кеңес өкiметi саясатының асыра сiлтеулерiне қарсы 372 көтерiлiс болды. Көтерiлiстiң күшпен басылуына орай Қ. басқыншылыққа ұшырады. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қожалығы сыртқа көшкен. Олардың едәуiр бөлiгi Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Қазақ этносы осы жылдары аса көп шығынға ұшырады. Ашаршылық және онымен байланысты туған iндеттер салдарынан 2 млн. 200 мыңнан астам адам қырылды. Бұл барлық Қ-дың 48%-ын құрады.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында мерт болған шамамен 410 мыңдай қазақстандықтардың басым бөлiгi Қ. едi.

Қазақтар Ислам дiнiнiң Суннит бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды.

 
Жетiсудaн тaбылғaн Түркі зaмaнының бaс сүйектерi кaзiргi Қaзaқтaрдың тұрпaтынa жaкын. 
Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны Білге қағанның  туған інісі  Күлтегін Суретi Қaзaқтарға ұқсaс.




#Article 94: Қазақ (этноним) (723 words)


Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.

Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
 

Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.

Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.)  арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.

Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.

И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.

Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.

Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.




#Article 95: EBay (541 words)


eBay — желі сауда жүйесі.

eBay Inc. (ибэ́й деп айтылады) — интернет-дүкендер мен интернет-аукциондар аумағында өз қызметтерін ұсынатын америкалық компания. eBay.com веб-сайтын, кейбір мемлекеттердегі оның жергілікті нұсқасын және eBay Enterprise компаниясын басқарады. 1995 жылы 4 қыркүйекте  Сан-Хоседе (Калифорния штаты) Пьер Омидьяр бағдарламашысы AuctionWeb атты өзінің жеке веб-сайтының бір бөлігі ретінде  онлайн аукцион жасап шығарды .

eBay құрылу мақсаты Пьер қалыңдығы басқа да коллекция жинаушылармен  PEZ ойыншық-мөлшерлеуіштермен алмасуға мүмкіндігі болуы үшін болған деген белгілі уақиға 1997 жылы жұртшылықпен байланыс жұыстары бойынша компания менеджерімен ойлап табылды, кейін ол компанияның өзімен расталды. 
AuctionWeb-тегі ең бірінші сатылған зат- 13,83 долларға сатылған Омидьярдың бұзылған лазерлі сілтеу таяқшасы. Сатып алушымен байланыс орнатып , Пьер сатып алушыдан: «лазерлі сілтеуші таяқша бұзылғаны екенін білесіз бе?» деп сұрап білді. Жауап хатында сатып алушы былай түсіндірді: «Мен бұзылған лазерлі сілтеуші таяқшаларды жинақтаймын».
AuctionWeb алғашында толығымен тегін болатын, кейін бірте-бірте сатушылар мен сатып алушыларды жұмылдыра бастады. 1995 жылдың соңына қарай сайтта мыңдаған аукциондар өткен болатын.

Компания бүгінгі атауын 1997 жылдың қыркүйегінде иеленді. Ең басында Омидьяр Echo Bay Technology Group консалтингтік компаниясымен байланысын сақтап қалу үшін сайтты  Echo Bay Technology Group деп атағысы келді. Алайда  EchoBay.com домендік атауды Echo Bay Mines алтын қазатын компанияның қолында еді және атауы eBay.com  деп қысқартылды.
Кейінгі жылдары eBay  «бүргелі нарықтың» сипатты белгілеріне ие «С2С» сауда алаңынан жеке және де заңды тұлғалар қолданатын «B2C» платформасына дейін  дамып кетті.

eBay-дың негізгі идеясы кез-келген тауарларды сату үшін саудагерлерге интернет-платформа беруде негізделген. eBay фирмасының өзі сатушы мен сатып алушы арасындағы сауда-саттық келісіміне отыру кезінде тек делдал ретінде шығады. Тауардың төлемі және оның жеткізілімі eBay фирмасының қатысынсыз жүреді.Платформаны пайдаланғаны үшін сатушылар сауданың бағасынан түскен пайыздардан және лотты ұсынғаны үшін алынған жинақтан жиналған төлемін төлейді. eBay табысы осы платформа арқылы жасалған сауданың көлемінен тікелей байланысты онда жеткілікті түрде либералды шарттар орындалады. Сатылымға eBay филиалы тіркелген, заңына қайшы келмейтін және қара тізімге енбеген мемлекеттің кез -келген тауарлар және қызметтері рұқсат етілген.

Сатылым кезінде сатушының үш модельдің біреуін таңдауға мүмкіндігі бар:

Сатылымның бұл тәсілі eBay үлкен табыс алып келді.Сатушы лоттың бастапқы бағасын ,сатылымның басталу уақықытын және олардың ұзақтығын тағайындайды. Барлық сатып алушылар кез-келген уақытта сол лотқа белгілі бір мөлшерлемені қоя алады, алайда мөлшерлеме басқа да потенциалды сатып алушылармен өзгертіле алады. Белсенді мөлшерлемелер қарауға кез-келген уақытта ашық. Аяқталуына жақын қалған кезде мөлшерлеме көлемі ең үлкен болған аукцион қатысушысы тауарды сатып алуға құқылы болады.Сатып алудың бағасы максималды мөдшерлемеге емес, мөлшерлеменің көлеміне тәуелді көлемі бойынша бір инкрементке артық болады (мысалы, $500-ден $999,99-ге дейін мөлшерлемеде $10 ). Осылайша eBay екінші баға аукционын жүзеге асырады.

Сатушы өз тауарын алдын-ала бекітілген бағасы бойынша  (Buy It Now) белгілі бір уақытқа дейін(сауданың соңына шейін) ұсынады. Тауарды сатып алуға көрсетілген баға бойынша тауарды сатып алуға келіскен сатып алушы құқылы болады.Сатылымның бағасын бекітілген және аукционнан болған бағаларды сәйкестендіруге болады.

Сатушы сол тұлғаның лоттары енгізілетін, eBay веб-сайтының бөлігінде көрсетілетін уақытқа байланысты шектеусіз хабарландыру жасайды. eBay Shop деп аталатын  бөлімдерінде сатушы әрекет ету уақытының көрсетпей-ақ  хабарландыру жасай алады. Қосымша осы бөлімде қазіргі уақытта аукционнан сатылатын немесе бекітілген бағасы бойынша осы сатушының тауарлары көрсетіледі.
Компанияның осы бизнес-стратегиясы  — халықаралық сатылым санының өсуінен болған табыстың көбеюі. eBay қазіргі уақытта 20-дан артық мемлекеттер жұмыс жасайды, соның ішінде Қытай және Индия. eBay-дың ене алмаған жалғыз мемлекеті-Япония, себебі онда онлайн-аукцион нарығында  монопольді түрде Yahoo компаниясы үлкен басымдылыққа ие.  
eBay Developers Program-да тіркелген БЖ жасаушылары eBay API аукционмен өзара байланысты қамтамасыз ете отырып,  өзінің бағдарламаларында пайдалана алады.

Бизнес-модель тиімділігінің себептері.




#Article 96: Техас (5852 words)


Техас (, ) — АҚШ-тың оңтүстігіндегі, халық саны және жер көлемі бойынша екінші орындағы штат; құрлық штаттарының арасында ең үлкен жер аумағына ие. Атауы Каддо тіліндегі «Tejas» — “достар” яки “одақтастар” деген сөзге негізделген. Техас Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-орталығында  орналасқан, оңтүстігінен Мексикамен, батысынан Жаңа Мексикамен, солтүстігінде Оклахомамен, солтүстік-шығысында Арканзаспен, шығысынан Луизиана штаттарымен шектеседі. Техастың жер көлемі 268,820 шаршы миль (696,200 шаршы километр), халқының саны 25,1 миллион адамды құрайды.

Испанияның отаршылдық саясаты кезінде штат Nuevo Reino de Filipinas : La Provincia de Texas атауымен белгілі болды. Бұл атауды бірінші қолданған адам  Antonio Margil de Jesús болып, ол 1716 жылы 20-шілдеде Мексика вице-короліне хат жазғанда осы атауды қолданады. Бұл атау күнделікті өмірде көп қолданыста болмағанымен, 1800 жылдардың аяқтарына дейінгі ресми құжаттарда көп кездесіп тұрады.

Хьюстон Техастағы ең үлкен және АҚШ-тағы төртінші үлкен қала болып есептеледі. Ал Сан-Антонио болса, штаттағы екінші және мемлекеттегі жетінші үлкен қала. Сол сияқты Даллас-Форт Уэрт және Үлкен Хьюстон АҚШ метрополитендік аймақтардағы төртінші және алтыншы орындарда тұрады. Одан басқа ірі қалалар Эл Пасо және Остин сияқты үлкен қалалар болса, штат орталық қалалары болып есептеледі. Техастың тәуелсіз Республика екендігінің және Мексикамен азаттық үшін күресуінің белгісі ретінде штатты “Жалғыз жұлдызды штат” деп атайды. Сондықтан Жалғыз жұлдыз бейнесін Техастың туында және штат таңбасында да кездестіруге болады.

Балконас Фолт сияқты аймақтық және геологиялық ерекшеліктеріне қарай Техаста мемлекеттің оңтүстігіндегі және батыс-оңтүстігіндегі жерлерге ұқсас әр түрлі ландшафттар кездеседі. Техас көбінесе оңтүстік-батыс құмды шөлдермен байланысып, штат жалпы аймағының 10%-дан азырақ бөлігін құмдықтар иелейді. Халық көп шоғырланған орталықтардың көбісі бұрынғы жайылма, шалғын, орман, жиектердің аймақтарында орналасқан. Штат бойлап шығыстан батысқа қарай саяхат қылсақ, жағалық батпақтармен қарағайлы ормандардан, жазықтармен биіктерден және соңында Биг Бэнд шөлдерімен тауларынан тұратын ландшафттарды байқауымызға болады.

Техас 268,820 шаршы миль (696,200 километр) аумағымен АҚШ-та Аляскадан соң, екінші орында тұрады. Ол аймағы бойынша Франциядан 10% үлкенірек болса, ал Германия немесе Жапония сияқты елдерден дерлік екі есе артық. Егер Техас ел болғанында, Чили және Замбиядан соң 40-орында тұрар еді.

Техас АҚШ-тың оңтүстік орталығында орналасқан. Штаттың үш шекарасы өзендермен тұтасқан. Рио-Гранд оңтүстікте Мексиканың Чиуауа, Коауила, Нуэво-Леон и Тамаулипас штаттарымен шекара жасайды. Қызыл өзен болса солтүстікте Оклахома және Арканзаспен шекара жасайды. Сабин өзені болса шығыста Луизиана штатымен шекара жасайды. 10 климаттық аймағы, 14 қыртыс аймағы және 11 ерекше экологиялық аймақтарымен регионалдық классификациялау әр түрлі қыртыс, топография, геология, шөгулер, өсімдік және жануарлар қауымдастығымен проблемаға айналады.

Техаста 3700 атаулы тасқындар және 15 ірі өзендер бар. Осы өзендердің ең ірісі Рио-Гранд. Басқа да Пекос, Брезос, Колорадо және Ред-Ривер сияқты өзендер болса Оклахомамен шекарада орналасқан. Әйтседе Техаста табиғи көлдер болғанымен Техастықтар 100-ден аса жасанды су сақтағыштар орнатты. Техастың аумағы және бірегей тарихы оның аймақтық жабдықтарын даулы етіп тұр. Құқық бойынша ол Оңтүстік немесе Оңтүстік-Батыс мемлекеттік  болуы керек не екеуі де бірден болуы мүмкін.

Техас Мексиканың батысындағы Сьерра-Мадреге қарама-қарсы оңтүстігінде аяқталатын Ұлы тегістердің ең оңтүстік бөлігі болып табылады. Континенттік қыртыс кең континенттік өлке және транзиттік қыртыс арқылы Мексика бұғазының мұхиттық қыртысқа айналатын тұрақты кратон Mesoproterozoic ды қалыптастырады. Техастағ ең ескі тау жоталары  Mesoproterozoicтан басталып, 1600 миллион жылды құрайды. Бұл Кембрияға дейінгі магмалық және метафоралық тау жоталары мемлекеттің көп бөлігі негізінде жатыр және ол үш орында өз көрінісін тапқан:  Ллано өрі, Ван Хорн және Эл Пасоға жақын Франклин тауларында. Көптеген осы ескі таулар шөгінді тау жыныстарын құрайды.

Техас үлкен аймағы болғандықтан және көп зоналардың қиылысында орналасқандықтан климаты құбылмалы болып келеді. Мемлекеттің Панхендл бөлігінде Солтүстік Техасқа қарағанда қыс суығырақ келеді, ал бұғаз жағаларында болса қыс қоңыржай болып келеді. Техаста тұндырулар мысалында көп өзгерістер кездеседі. Штат батыс бөлігі Эл Пасода жылдық жауын мөлшері 8 дюймды (200 мм) құраса, ал оңтүстік-шығыс бөлігі Хьюстонда болса жылдық жауын мөлшері 54 дюймды (1400 мм) құрайды.  Солтүстік орталық аумақ Далласта жылына бір қалыпты 37 дюйм (940 мм) болып есептеледі.

Қар жылына Техастың батыс жағындағы Панхендл және таулы аймақтарда көп мәрте жауса, Солтүстік Техаста жылына бірнеше мәрте, ал Орталық және Шығыс Техаста болса бірнеше жылда бір-ақ рет жауады. Кездейсоқ жағдайлардан тысқары Сан-Антонионың оңтүстігінде және жағалауларда қар сирек жауады. 2004 жылы Жаңа жыл қарсаңында боран болғанда Кингсвиллдің оңтүстігіне қар жауғанда, желтоқсандағы орташа температура - 65° градусты құрады. Максималдық температура жазғы кезде орташа есеппен Батыс Техас тауларында 80 °F(26 °C) градус болса, Рио Гранд алабындағы Галвестон аралында 100 °F(38 °C) градусқа дейін көтеріледі. Бірақ Техастың көпшілік аймақтарында бірізді жазғы жоғары температура 90 °F (32 °C) диапазонында болады. Түнгі жазғы температура 50 °F(14 °C) градустан (Батыс Техас тауларында) 80 °F(26 °C) градусқа дейін (Галвестонда) болады.

Найзағай Техаста жиі ойнайды, әсіресе, шығыс және солтүстік бөлігінде. Штаттың солтүстік аудандарын Торнадо шайып кетеді. АҚШ-тағы Торнадолардың басым бөлігі осы Техас аймағында болып, ол жылына орташа есеппен 139 рет. Олар көбінесе Техастың солтүстік бөлігіне және Панхендлге көбірек соғады. Торнадо негізінен штатта сәуір, мамыр және маусым айларында жүз береді.
 

Америка тарихындағы ең күшті қиратушы дауылдардың бірнешесі осы Техасқа қарай келген. 1875 жылы Индианоледегі дауыл 400 адамды өмірден алып кеткен болса, 1886 жылдағы дауыл болса бүкіл бір қаланы қырып жіберді. Бұл оқиғалар Галвестонға негізгі порт қала болуына мүмкіндік берді. 1900 жылдағы Галвестон дауылы бір қаланы тазалап шамамен 8000 адамды қырып (мүмкін толық 12000 адам), АҚШ тарихындағы ең үлкен өлім апаты болып есте қалды. Техастағы басқа да дауылдар 1915 жылы Галвестон дауылы, 1957 жылы 600-ден астам адам өлген Одри дауылы, 1961 жылы Карла дауылы, 1967 жылы Беула дауылы, 1983 жылы Алисия дауылы, 2005 жылы Рита дауылы және 2008 жылы Дауылды Иконоскоп.

Техас АҚШ-та көптеген парникте өндірілетін газдарды шығарады. Штат жылына дерлік 1.5 триллион фунт (680 миллиард кг) көмірқышқыл газын шығарады. Тәуелсіз ел ретінде Техас дүние жүзі бойынша парникте өндірілетін газ көлемі бойынша жетінші орынды алған болар еді. Мемлекеттің осындай газды шығаруының себебі көмір электростанцияларының көптігінен  және тазалаушы, өңдеуші өндіріс орындарының көп болуынан болып табылады.

Азаматтық соғыстан соң Техаста дамыған бірден-бір өндіріс мал шаруашылығы еді. Штат көп жылдар бойы шаруашылықтың  орталығы болған соң, Техасты көбінесе ковбоймен байланыстырады.

Техас Солтүстік Америкада Колумбқа дейінгі екі ірі мәдениет ортасында болды: олар оңтүстік-батыс және жазық аймақтар. Археологтар осы аймақтарда үш ірі жергілікті мәдениеттің болғандығын және олар Еуропамен қарым-қатынастарға дейін жоғары дәрежеде дамығанын анықтаған. Олар:

Қазіргі таңда Техас аумағында еш бір мәдениет басыңқы болмағандықтан, көптеген адамдар осы штатқа қоныстанып жатыр. Техаста өмір сүрген америкалық тайпаларға Алабама, Апаче, Атакапан, Бидай, Каддо, Коавильтектер, Команчи, Чокто, Коасати, Хасинай, Хумано, Каранкава, кикапу, Киова, Тонкава және Уичито.

Техас сөзі Хасинай тайпасының Каддо тіліндегі “táyshaʔ” сөзінен келіп шығып, “достар” және ”одақтастар” дегенді білдіреді. Америкалық тайпалар жаңадан келушілерге достық қарым-қатынаста болып, ал  жауынгерлері болса, штатқа келген Еуропалық зерттеушілермен көшіп келушілер тағдырына қарсы болды. Тату тайпалар жаңадан келгендерге байырғы дән мәдениетін қалай өсіруді, тамақ жасауды және аңға қалай шығуды үйретті. Ал жауынгер тайпалар болса, өздерінің шабуылдары және қарама-қайшылықтарымен Еуропалықтардың өмірін өте мүшкіл және аса қауіпті халге жеткізді.

Техасқа байланысты ең алғашқы тарихи құжат Мексика бұғазы жағасының картасы болып, ол карта 1519 жылы Испания зертеушісі Алонсо Альварес де Пинада жасаған. Тоғыз жылдан соң кемеде апатқа ұшыраған испан зерттеушісі Альвар Нуньес Кабеса де Вака және оның жолдасы штатқа алғашқы аяқ басқан еуропалықтары болды. Еуропалық күштер 1685 жылы кездейсоқ штатқа келмейінше Техасты елемеген болатын. Рене Роберо Кавелье де ла Саленің жаңылыс есептеуінің себебінен ол отарды Миссисипи аумағында емес, Матагорда бұғазындағы Сент-Люис фортында орнатты. Отаршылдық саясаты қиын жағдайдан және жергілікті халықтардың қолынан өлгенге дейін төрт жыл ғана жалғасты.

Дұшпан жергілікті тайпалар және Испания отарларына дейінгі қашықтық көшіп келушілердің Техасқа көшу ойынан айнытты. Сондықтан ол Жаңа Испанияның ең аз халық шоғырланған аумағы болды.

Команчилердің шабуылын жоқ қылу үмітінде Техас Мексика және Испания сыртынан көшіп келетін халықтарының кіруіне рұқсат беріп, иммигрант саясатын босатты. Мексикалық көшіп-қону жүйесі кезінде көпшілік жерлер эмресиоларға, яғни АҚШ, Еуропа және Мексикадан көшіп келушілерге жұмыс беретін адамдарға бөліп берілді. Бірінші грант Моисей Остинға берілді, ал ол өлген соң баласы Стивен Остинға қалды.

Көпшілік иммигранттар Мексикалық заңдарын жақтырмады, әсіресе құлшылыққа қарсы болған заңды құптамады. АҚШ-тың Техасты сатып алуымен тіркесіп, Мексика үкіметі АҚШ-тан көшіп келушілерге тыйым салуды шешті. Баж салығы туралы жаңа заңдар түпкілікті Мексика азаматтарының және жақында көшіп келген иммигранттардың да наразылығына ұшырады.

Мексика төңірегінде шиеленісушілік федералистермен централистер арасында жалғаса берді. 1835 жылдың басында сергек Техастықтар Корреспонденция және Қауіпсіздік Комитеттерін құрды. 1835 жылдың соңындағы тәртіпсіздіктер Гонсалес жанындағы соғыста қарулы қақтығысқа алып келді. Бұл Техас төңкерісі болуына алып келді және келесі екі айда Техастықтар аймақта Мексика жасақтарын сәттілікпен жеңді. Техастықтар уақытша үкіметті құратын Кеңеске делегаттарды сайлады. Уақытша үкімет тез арада күрестерден тарқалып кетіп, 1836 жылдың бастапқы екі айында Техас ешқандай басқарусыз қалды.

Осы саяси бытыраңқылық кезінде Мексика президенті Антонио Лопес де Санта-Анна көтерілісті тоқтату үшін жеке өзі армияны аяққа тұрғызды. Мексикалық экспедиция басында сәтті өтті. Генерал Хосе де Юрреа Голида қырғынында Техастықтардың барлық қарсылықтарын жеңді. Санта Анна күші он үш күндік қоршаудан соң Аламо жанындағы шайқаста Техас әскерлерін қырып тастады. Жеңіліс туралы жаңалық Техас штатына көшіп келушілер арасында байбалам туғызды. 1836 жылында болған Кеңесте сайланған делегаттар тез 2-наурызда Техас Республикасы болу туралы Тәуелсіздік Декларациясына қол қойды. Уақытша шенеуніктер сайланған соң, Кеңесті тарқатып жіберді. Жаңа үкімет Мексика армиясынан қашып келген Техастық көшіп келушілерге Ранэуей Скрейп (Тізгінсіз Сызат) деген жерде қосылады. Бірнеше апталық шегінуден соң Сэм Хьюстон басшылығындағы Техас Армиясы шабуыл жасап, Сан-Хасинго жанындағы соғыста Санта Анна күштерін жеңді. Санта Анна тұтқынға түсіп, соғыс аяқталғаны туралы Веласко келісіміне қол қоюға мәжбүр болды.

Техас тәуелсіздігін алған кезде, жаңа Республикадағы екі фракция арасындағы арасындағы саяси күрестер өршелене түсті. Б. Мирабо Ламар басшылығындағы Ұлттық фракция Техас тәуелсіздігінің жалғасуын, тұрғылықты америкалықтарды қуып шығуды және Республиканы Тынық мұхитына дейін кеңейтуді қолдап қуаттады. Сэм Хьюстон басқарған олардың қарсыластары Техасты АҚШ-қа аннексия қылуға және жергілікті америкалықтармен бейбітшілікті амал асыруды қалады. Фракциялап арасындағы қарсылықтар Техас Архив соғысы деген атпен сипатталады. Мексика 1842 жылы Техасқа екі кіші экспедиция жіберді. Сан-Антонио қаласы екі рет қамалға алынып, Техастықтар Доусон қырғыны шайқасында жеңіске жетті. Осындай сәттіліктерге қарамай Мексика Техастағы өз күшін көрсете алмады, ал Республика өмір сүруін жалғастыра берді. Республиканың өзін қорғай алмауы АҚШ-қа Техасты басып алу мүмкіндігін берді.

Техас АҚШ құрамына кіргеннен соң, Мексика АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. АҚШ Техастың шекарасы Рио Грандқа созылатынын талап етсе, Мексика өз кезегінде Нуесес өзеніне дейін созылатынын айтты. Алдыңғы Техас Республикасы өз шекарасын кеңейтуді кұшейтпесе де, АҚШ-тың бұлай жасауға әскери күші де, саяси көз-қарастары да жетерлі еді. 13-қаңтарда, 1846 жылы президент Полк Рио Грандтің оңтүстік бөлігіне генерал Зачари Тейлорды тағайындады. Бірнеше ай өткен соң, Мексика әскерлері Торнтон қорғанысы деп аталатын тартысты жердегі АҚШ атты әскерлеріне қарсы бет алып, Мексикан-Американ соғысының басталуына себепші болды. Алғашқы шайқастар Техас аймағында болып өтті: олар Техас форты қамалы, Пало Алто соғысы және Ресака де ла Палма соғысы.

Бірнеше сериялы жеңістерден соң, Гвадалупе Хидалго келісімі екі жылдық соғысы аяқтап берді. Келісім бойынша АҚШ Мексикаға 18,250,000 АҚШ долларын беріп, есесіне Техасқа даусыз басқару құқығын алды. Сонымен бірге 1848 жылы қазіргі уақытта көпшілік Американың оңтүстік-батысы есептелетін Мексикан мүлкін де алып, Техас шекаралары Рио Грандта орнатылды.

 
Америка Азамат соғысының ірі соғыс майдандарынан алыста Техас Конфедерация үшін көптеген ер-азаматтарын және құрал-жабдықтарын құрбан қылды. Одақ әскерлері штаттың негізгі порты есептелетін Галвестонды басып алды. Техастың Мексикамен шекарасы “Конфедерацияның сырлы есігі” деп аталды, себебі сауда-сатық Одақ блокадасын айналып өтіп осы шекарада болушы еді. Конфедерация Одақтың бұл жолды жабуды көздеген барлық ұрыныстарын жоққа шығарды. 1863 жылдың ортасында Одақ Миссисипи өзенін қолға алған соң, Техастың ресурс қоры ретіндегі штат дәрежесі төмендеп Броунсвилл жанында Техаста Палмито Ранч шайқасында Конфедерация жеңісімен аяқталды.

Техас екі ай бойы Солтүстік Виргиния Армиясының берілуімен және басқаруды қолға алған Одақ генералы Гордон Грангер ортасында анархияда қалды. Қайта құрудың бастапқы айларында келеңсіздіктер болды. Ақиқи жариялаудан соң екі жарым жыл өтіп, генерал Гордон Грангер қол қойған Азаттық Декларациясының жариялануының құрметіне Жунтин болды. 1866 жылы президент Жонсон Техаста штаттық мемлекет қайта сақталатынын жариялады. Қайта құру талаптарына қарамай 1870 жылы Конгресс Техасты Одаққа қайта қабылдады. Ауыл-шаруашылық және еңбек қиындықтарымен штат күресетін қоғамдық өзгерістер жалғаса берді.

Ұлы Депрессия және Далт Боул Азамат соғысына дейін қарқынмен көтерілген штат экономикасына жаман әсерін тигізді. Даст Боул жылдарында Тезастың қорқынышты соққы тиген жерлерінен мигранттар қашып кетті. Әсіресе осы кезеңде Техастағы Ұлы көшу кезінде қара нәсілділер штатты тастап, жұмыс табу мақсатында Солтүстік Америка және Калифорнияға қарай бет алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс Техасқа жаман әсерін тигізіп, ақша әскери базалар құруға, снаряд жасайтын заводтарға, әскери тұтқындар сақтайтын түрмелерге және армия ауруханаларын салуға жұмсалды. Сондай-ақ, 750 000 жас жігіттер қызметке кетті, қалалар жаңа өндіріспен жоқ болды, коллеждер басқа қызметтерді атқарды және жүздеген, мыңдаған кедей фермерлер ауыл-шаруашылығына қайтпау үшін соғыстың көп жалақы төлейтін жұмыстарына кетіп қалды.

Қазіргі Техас констиуциясы 1876 жылы қабылданған. Басқа көп штаттарға ұқсап, бұл өз кезегінде билікті дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Штаттың Билл құқықтары атты заңы мемлекеттік заңға қарағанда үлкенірек және Техас үшін жеке қосымшалар бар еді.

Техас Губернаторының кейбір қызметтерін шектейтін көптеген атқарушы органдар жүйесі қалыптасқан. Штат басшысынан (министрінен) басқа сайлаушылар кандидаттары Губернатордан тәуелсіз халыққа жауапты болатын атқарушы шенеуніктерді сайлайды. Бұндай сайлау жүйесі партиялар арасында атқарушы органдарды бөліп тастады. Ресубликан партиясынан Ж. Буш Техас Губернаторы болып қызмет еткенде, Техаста Демократ Лейтенант Губернатор Боб Баллок болды. Атқарушы органдағы лауазымдар мыналар: Губернатор, Лейтенат Губернатор, Халық бюджеті басшысы, Жер комиссары, Бас прокурор, Ауыл-шаруашылық комиссары, Техас Темір жол Комиссиясының үш мүшелері, Білім бойынша штат Кеңесі және Штат басшысы (министрі).

Екі палаталы Техас заңшылық үкіметі 150 мүшесі бар Өкілдер Палатасынан және 31 мүшесі бар Сенаттан тұрады. Палата спикері Өкілдер палатасын басқарса, Лейтенант Губернатор Сенатты басқарады. Заңшылық үкіметінде екі жылда бір мәрте сессия шақырылады, бірақ штат Губернатор арнайы сессияларды қалаған уақытында шақыру құқығына ие. Штаттың бір қаржы жылы календарьда өткен жылдың 1-қыркүйегінен сол жылдың 31-тамызына дейін созылады. Сөйтіп, 2012 жылдың қаржылық жылы 2011 жылдың 1-қыркүйегінен 2012 жылдың 31-тамызына дейін созылады.

Техастың сот жұйесі АҚШ-тағы ең қиын кешен болып, ол көптеген бөлімдерден және аралас құқық қорғаушылар тізімінен тұрады. Техаста екі сотқа жүгінуге болады: олар азамат актілер үшін Жоғары суд және Қылмыстық істер бойынша Техас суды. Қалалық сот орындарын басқа да сайлаушылар басқа салалардағы сот процестеріне судьялар сайлап, оларды Губернатор бос орындарға тағайындайды. 2009 жылы қазанда Техас елдің 442 атқаруында көшбасшы болды.
	
Мемлекет қауіпсіздігі Техас бөлімінің Техас Рейнджерс Дивизиясы штат аймағында құқық қорғаушы заңды күш агенттігі болып есептеледі. Жылдар өте Техас Рейнджерс адам өлтіруден бастап саяси коррупцияға дейінгі қылмастырды ашты. Олар басып келуші полициялар және детективтер сияқты қызмет етіп, Губернатор қауіпсіздігін сақтады, және қашқындарды ұстап Республика үшін де, штат үшін де қарулы күш ретінде аянбай қызмет етті. Техас Рейнджерсті 1823 жылы бейресми түрде Стефен Ф. Остин ұйымдастырған болып, 1835 жылға келіп ресми түрде өз қызметін бастады. Техас Рейнджерс Техас тарихындағы көптеген маңызды оқиғалардың және Ескі Батыс (Old West) тарихындағы көп қылмысты жағдайлардың қатысушы болды.

Басқа оңтүстіктегі штаттардағы сияқты ақ нәсілділер Азамат соғысынан кейін Республикан партиясын жақтырмады және Демократтар партиясы Техас саясатын Қайта құру кезеңінің аяғынан 20-ғасырдың соңына дейін басқарып келді. Штат Республикашылар партиясының қорғанына айналды.

Техастағы саяси атмосфера қаржылық және қоғамдық консерватизм кесірінен ақсап қалды. 1980 жылдан бері Техастық сайлаушылар Республикашылар партиясынан шыққан Президенттікке кандидаттарды қолдап қуаттады. 2000 және 2004 жылдары Джордж У. Буш Техасты 60,1% дауысымен жеңді,  бұл жерде өзінің “сүйікті ұлы”ның кезінде Техас Губернаторы болғаны да көмектесті. 2008 жылы МакКейн штатты Бушқа қарағанда азырақ дауыспен, яғни 55% дауыспен жеңіске жетті. Остин да осылай Демократтарды жергілікті және штаттағы сайлауларда әлсіретіп жіберді. Техастың ауылдық және қала шетіндегі аймақтары Республикашыларға дауыс беріп жатқан бір сәтте, Рио Гранд жанындағы графтықтар Демократтарды қолдап дауыс берді.

Техаста көпшілігі жалпыұлттық 254 графтықтар бар. Әр бір графтық төрт сайланған комиссарлардан тұратын Комиссарлардың Сот жүйесімен жұмыс істейді және графтық судьясы графтық аймағынан сайланады. Графтық үкіметі әлсіз қалалық кеңес сияқты жұмыс алып барып, себебі графтық судьясында вето билік жоқ, бірақ басқа комиссарлармен бірге дауыс бере алады.

Сонда да Техас қызметтерді бөлісу  үшін жергілікті келісім-шарттарға отыруға қалаларға және графтықтарға рұқсат береді. Графтықтар ішкі заңдарымен шағымдана алмайды, олардың барлық заңдары қатаң түрде штатта жасап беріледі. Штатта графтықтарға біріккен немесе бөлектенген аймақтар, райондар жоқ. Графтық бөлектенген жерлерге шектеулі қызметтер көрсетеді. Муниципалитеттер жалпы заңға немесе ішкі заңға бойсынуына қарай классификацияланады. Муниципалитет ішкі заңын қаланың 5000 артық адамы заңға келіскен жағдайда ғана қабылдай алады. Муниципалитеттер партиялардан тыс болып, сайлаулар мектеп басшылығы үшін және колледж аймақтары қоғамдастықтары үшін арналады.

Штаттағы экономикалық жағдай XX ғасыр басында мұнай кені ашылған кезде күрт өзгерді. Университеттердегі инвестиция көмегімен XX ғасыр орталарында Техастағы әртараптандырылған экономика және жоғары технология дамыды. 2010 жылдан ол керегелі 500 компаниялардың жоғары бөлімінде өзінің өсіп бара жатқан өндірісімен, ауыл шаруашылық, мұнай-химия, энергетика, компьютер, электроника, аэрокосмос, биомедициналық ғылымдар сияқты салалармен Калифорния екеуі 57-сатыны иелеп тұр. Бұл көрсеткіш 2002 жылдан бері ұлтты өнім экспорты бойынша көшбасшыға айналдырып, мемлекет жалпы өнімі бойынша екінші орынға шығады.

Техаста “төмен салықтар, төмен қызметтер” репутациясы бар.

Салық қорының мәліметі бойынша Техастың салығы жалпы ұлттық салықтар арасында төменгі орында тұрады, мемлекеттік және жергілікті салық бағасы жан басына шаққанда 3,580 АҚШ долларын құраса, ол резиденттер пайдасының 8,4% болып есептеліп, салық төмен ұлттар үшін жетінші орында тұрады. Техас алған пайдаға салық төлемейтін жеті штат қатарына жатады. Оның орнына 6,25% мөлшерлемемен штат мүлкімен табыс салығынан кіріс алып отырады, бірақ жергілікті салық юрисдикциялары (қала, округ, арнайы тағайындалған райондар және билік транзиттері) саудаға қойып, салықты максималды мөлшерлемеге дейін 2% көтеріп, 8,25% қылуы  мүмкін. Техас мемлекеттің салық доноры есептеліп, әр бір доллар үшін Техастықтар федералды үкіметке федералды кіріс салығын төлеп, мемлекет жалпы шамамен пайдадан 0,94% АҚШ долларын алып отырды.2010 жылы Таңдау журналы Техас Кәсіпорын Қорындағы 3 миллиард АҚШ доллары үшін бұл штатты мемлекеттегі бизнес үшін ең жақсы орын ретінде атады. Техаспен Калифорнияда Фортуна 500-дегі ең көп компаниялардың штаб пәтерлері орналасқан.

Техаста АҚШ-тағы ең көп шаруашылық орындары және ең үлкен жер аудандары бар. Техас үй малдарын өсіру өндірісі бойынша мемлекетте көш бастап келе жатыр. Ірі қара мал штаттың ең бағалы ауыл-шаруашылық өндірісі болып, штат мемлекетте қой мен ешкі өнімдерін өсіру бойынша жоғары орындарда тұрады. Штат дән өнімдерін шығаруда едәуір өсіп келе жатыр. Техастың үлкен коммерциялық балық өнеркәсібі бар. Цемент, жарықшақталған тас, әк, тұз, құм және қиыршық тас сияқты пайдалы қазбалар өндірісі бойынша Техас көш бастап келеді.

Спиндлтопта мұнай ашылған соң, энергия саяси және экономикалық салада басқарушы күшке ие болды. Энергия Ақпарат Әкімшілігінің хабарлауынша Техас мемлекеттегі жан басына және жалпы энергияны ең көп пайдаланатын штат болды. Мемлекеттің басқа бөліктеріне қарағанда Техастың көпшілік аймақтары өздерінің айнымалы токтарының энергия жүйесін пайдаланады. Техас электроэнергия жабдықтарын реттейді. 
	
Техас Темір жол комиссиясы өз атына қарамастан штаттағы мұнай-газ өнеркәсібін, газ жабдықтарын, құбыр қауіпсіздігін, сұйытылған газ өнеркәсібіндегі қауіпсіздікті, тау-кен өнеркәсібіндегі көмір және уранды реттеп отырады. Комиссия Техас мұнай қорын тәртіпке салу қабілітіне ие болғандықтан 1970 жылға дейін мұнай бағасын қадағалап отырды. ОПЕК негізін салушылар мұнай бағаларын реттеуші модулдердің бірі ретінде Техас агенттігін пайдаланды.
	
Техас 5 миллиард (790 000 000 метр куб) баррель мұнай қорына ие болып, бұл мұнай АҚШ жалпы мұнай қорының төрттен бірін құрайды. Штаттың тазалағыш зауыттары күніне 4.6 миллион баррель (730 000 метр куб) мұнай өңдеп шығарады. Хьюстон аймағындағы Бейтоун тазалағыш зауыты АҚШ-тағы ең үлкен тазалағыш зауыт болып табылады. Техас жасанды газ өндіруден көш бастап, мемлекет жасанды газының төрттен бірін құрайды. Бірнеше мұнай компаниялары осы Техаста орналасқан: олар Коноко-Филипс, Эксон-Мобил, Халлибуртон, Валеро, и Марафон Ойл компаниялары. 
	
Штат жаңартылған энергия көзі бойынша көшбасшы болып, ол мемлекеттегі ең көп жел энергиясын шығарады. Роскоудағы, Техас штатында, Роскоу жел электрстанциясы 781.5 мегаватт күшімен 2009 жылы қазанда дүнидегі ең үлкен электростанция болып табылды. Энергия Ақпарат Әкімшілігі хабарлауынша, штаттың ірі ауыл шаруашылығы мен орман өнеркәсібі Техасқа отындарды пайдалану үшін ірі көлемдегі биомасса беруі мүмкін. Штатта тағы да мемлекет дамуы үшін күн сәулесі энергиясынан пайдалану мүмкіншілігі бар.

Техаста үлкен университет жүйелерімен қоса бастамашы Техас кәсіпорын қоры, Техас Эмеджинг қоры және көптеген алуан түрлі өнеркәсіптің жоғары технологиялы салалары дамып жатыр. Остин аймағы “Кремний белестері” деген лақап атпен аталса, солтүстік Даллас “Кремний жайылмасы” деп аталады. Техаста Dell, Inc., Texas Instruments, Perot Systems, и ATT сияқты жоғары технология компанияларының штаб-пәтерлері бар.
	
Ұлттық аэронавтика және Космос әкімшілігінің Линдон Б. Жонсон Космос орталығы оңтүстік-шығыс Хьюстонда орналасып, Техастағы аэронавтика өндірісінің асыл тәжі болып тұр. Форт-Уэрт Локхид Мартин аэронавтикасының дивизиясы мен Бэлл Хеликоптер Текстрон екеуін қабылдайды. Форт-Уэртта Локхид ең үлкен батыстық бағдарлама есептелетін  F-16 Күресуші Сұңқарын және оның ізбасары F-35 Жасындарын істеп шығарады.

Техас байлығы көтерме және бөлшек саудадан тұратын үлкен коммерциялық секторды, банк ісін, сақтандыруды және құрылыс өнеркәсібін ынталандырды. Fortune 500 компанияларының мысалдары Техас өнеркәсіп салаларына AT  T, Men's Warehouse, Landry's Restaurants, Kimberly-Clark, Blockbuster, Whole Foods Market, және Tenet HealthCare ке арналмаған. Даллас-Форт-Уэрт АҚШ-тағы басқа штаттарға қарағанда жан басына ең көп сауда орталықтары тиісті болатын мекен есептеледі. Мексика штаттың ең ірі сауда әріптесі болып, НАФТА арқылы штат экспортының үштен бір бөлігін қабылдайды. НАФТА Техас-Мексика шекарасындағы тартысты макиладоралардың құрылысын көтермеледі.

	
Техас халқының тығыздығы 34,8 адам бір шаршы километрге тиісті болып, АҚШ тығыздығынан (31 адам/км) кішкене көбірек. Керісінше Техас жер көлемі бойынша Франциямен тең болса да, Еуропалық елдің аймағының тығыздығы 116 адам/км.
	
Техастықтардың үштен екісі Хьюстон сияқты үлкен қалаларда өмір сүреді. Даллас-Форт Уэрт Техастың үлкен қалаларынан есептеледі. Ал Хьюстон Техастағы ең үлкен қалалардың бірі болып, АҚШ-та төртінші орынды иелесе де, Даллас-Форт Уэрт одан едәуір үлкенірек.

Техаста ақ Америкалықтар нәсілдік азшылықты құрайды. Бірақ Испандық емес ақтар халықтың шамамен 48% бөлігін құрайды, сондықтан Техас азшылық және көпшілік штат болып есептеледі. 17,020,000 Техастықтар ақтар болып, шамамен 11,4 миллион халық Испандық емес ақтар. Германиялық, Ирландиялық және Англиялық Американдар Техастағы ең көп таралған Еуропалық ежелгі топтар. Германиялық Американдар халықтың 11,3% құрап, олардың саны 2,7 миллионнан асады. Ирландиялық Американдар халықтың 8,2% құрап, олардың саны 1,9 миллион. Техаста шамамен 600,000 Франциялық Американдар және 472,000 Италиялық Американдар бар. Бұл этникалық топтар өз кезегінде халықтың 2,5% және 2,0% құрайды. 1980 жылдағы АҚШ-тағы санақ бойынша Техас аймағындағы ең көп таралған ежелгі халықтар 3,083,323 адаммен ағылшындар екен, олар сол кезде штат халқының 27% бөлігін құраған.
	
Техастың орталық және оңтүстік-шығыс орталық бөлімінде Германиядан шыққандар өмір сүреді. Техастың үштен бір бөлігінен көбі Испандық тектен шыққан, олардың көбісі соңғы уақыттарда келген, кейбір Теханолар Техасқа 18-ғасырда байланысы болған. Бұрынғы құл халықтан шыққан тектілерден кейінгі уақытта коллеж бітірген Афро-Американдар Жаңа Ұлы Көшу кезінде көптеп жұмыс жасауға келеді. Соңғы кезде Техаста, әсіресе Хьюстонмен Далласта Азиялықтардың саны өсіп кетті. Азиялық Американдар өсіп бара жатқан Техастағы басқа аймақтар Остин, Корпус Кристи, Шерилэнд және МакАллен. Қазіргі уақытта үш халық мойындаған тайпалар жасап жатыр олар: Алабама-Коушатта тайпасы, Кикапу дәстүрлі тайпасы және Ислета Дел Сур Пуэбло тайпалары.
	

	
Даллас-Форт-Уэрт болса үш үлкен эвангелие семинарлары үйі және монастырлер қожайыны. Хьюстондағы Лейкуд шіркеуіне аптасына орташа 43,000 адам келуімен мақтанады. Лаббокта біліміне байланысты мемлекетте жан басына шіркеу ең көп аймақ болып есептеледі.	 	
	
Христианнан басқа діннің жақтаушылары негізінен қалалық жерлерге көшіп барады. 1990 жылда мұсылмандар 140,000 адам болса, қазіргі уақытқа келіп, мұсылман халықтар саны 350,000 – 400,000 аралағында болды. Еврей дінінде 128,000 адам. Шамамен 146,000 Иудаизм және Сикхизм діндерінің жақтаушылары Техаста өмір сүреді.

Штаттың халқы миллионнан асатын үш қаласы бар олар: Хьюстон, Сан-Антонио және Даллас. Осы үш қала АҚШ-тың ең көп халқы бар он қаласының ішінде тұр. 2000 жылы Техастың алты қаласының халық саны 500,000 адамнан асып тұрды. Остин, Форт-Уэрт және Эл Пасо АҚШ-тың ең халқы көп 25 қаласының ішінде болды. Техаста халық саны миллионнан асатын төрт метрополитан аймақ бар олар: Даллас-Форт Уэрт-Арлингтон, Хьюстон-Шугэр Ленд-Бейтоун, Сан Антонио-Нью Бронфельс және Остин-Раунд Рок-Сан Макрос. Даллас Форт-Уэрт және Хьюстон метрополитан аймақтарының халқының саны 6,3 миллион және 5,7 миллион тұрғынды құрайды. Үш штатаралық үлкен жолдар бар: I-35 батысқа (Даллас – Форт-Уэрттан Сан-Антониоға дейін, ортасында Остинға), I-45 шығықа (Далластан Хьюстонға дейін), және I-10 оңтүстікке (Сан-Антониодан Хьюстонға дейін) бұлар Техас Урбан Үшбұрышы аймағы деп аталады. Бұл аймақ 60,000 шаршы миль (160,000 шаршы километр) болып, көптеген үлкен қалалармен метрополитан аймақтар осыған кіріп, бұл жерде 17,000 миллион тұрғын жасап, ол Техас жалпы халық санының 75% құрайды. Даллас және Хьюстондар дүние қалаларының ішінде екінші қала болып танылған. Бұл қалалар штат ішінде таралған. Техаста штаттардың ішінде ең көп графтық 254 графтық бар.
	
Қалалардан тысқары ауылдық жерлердегі аймақтар колонияларда жиі инфрақұрылымдар жетіспейді, сондықтан кедейшілік өмір сүріп жатыр. 2007 жылы аз дегенде 2,294  колония болып Техаста, штаттың Мексикамен шекарасындағы 1,248 миль (2,008 km) жерде орналасқан. Техаста шамамен 400,000 адам колонияларда жасайды.

	
Тарихта Техастың барлық мәдениеті оңтүстік, батыс және оңтүстік-батыс жақтардың әсерінен штаттар арасында бір-біріне көшіп жүріп өзгеріске ұшыраған. Ең атақты тағамы таңғы астағы пуррито үш нәрседен оралған ұннан жасалған шелпектен, бекон және қуырылған жұмыртқадан тұрады. Техас дәстүрлі мәдениеті 18-19 ғасырларда әр түрлі иммигранттардың көшіп келуі себебінен аралас мәдениеттердің ошағына айналды.

Хьюстон – АҚШ-тағы әрдайым кәсіби резидентті компаниялармен өнердің барлық түрлерінде болатын бес қаланың біреуі. Өнер орындары: Хьюстон Гранд Опера, Хьюстон симфониялық оркестрі, Хьюстон Балеті және Аллей театр. Оның бейнелі өнері және атқарушы өнер түрлеріне тербеліс болған Хьюстон Театр районы болып табылады. Ол Хьюстон орталығының жүрегінде орналасқан 17 блокты аймақ болып, 12 948 орын жанды шығуларға және 1 480 кино орындарға арналып, бұл жер мемлекетте театр орындары бойынша екінші орынды алады. 
	

Далластағы Дип Эллум ауданы оңтүстік АҚШ-та 1920-1930 жылдары басты джаз және қайнаған блюзымен даңқы шықты. Дип Эллум сөзі жергілікті халықтың “Дип Элм” сөзін “Дип Эллум” деп дауыстағынан пайда болған. Соқыр Лимон Джефферсон, Роберт Джонсон, Худди Ледбелли Ледбеттер және  Бесси Смит сияқты әншілер Дип Эллум клубтарында өз өнерлерін көрсеткен.

Остин дүниенің жанды музыкасы орталығы болып, адамның жан басына шаққанда көп өлең айтылатын мынадай ордалары бар: Нашвилл, Мемфис, Лос-Анджелес, Лас Вегас және Нью-Йорк. Қала музыкалары Алтыншы көшедегі түнгі клубтарда болып өтеді, фильм, музыка және мультимедиа сияқты оқиғалар оңтүстіктен оңтүстік-батысқа дейін болса, көп жалғасатын музыкалық бағдарламалар Американ ТВ, Остин Сити Лимитста көрсетіледі және Остин Сити Лимитс Музыка фестивалі Цилкер саябағында боып өтеді.

Техас Республикасы екінші президенті Мирабо Б. Ламар Техас білімінің атасы есептеледі. Оның басқару жылдарында штат әр бір графтыққа мектептер салынуы үшін үш лигадан жер берілді. Тағы қосымша 50 лига жер екі университетті қолдау үшін қойылды, кейінірек бұл жерлер Тұрақты университетте қорының негізіне айналды. Ламардың қызметі бүкіл Техас бойынша мемлекеттік мектептер жүйесінің негізін салу еді. АҚШ білім саласында Америка заңнама ауысу Кеңесінің есеп беру бланкісінде Техас штаты 29-орында тұрған. Техас студенттері орташа есеппен математика пәнінен жоғарылау орынды иелеген, бірақ әдебиеттен (оқудан) төмен нәтиже көрсеткен. 2006–2007 жылдар аралығында, Техас әр бір оқушы үшін $7,275 жұмсап, мемлекеттегі $9,389 көрсеткішке қарағанда төменірек. Оқушы және мұғалім ара-қатынасы 14.9 құрап, мемлекеттік көрсеткіштен 15.3 төмендеу. Техас мұғалімдерге 41 744$ төлеген болса, бұл көрсеткіш мемлекеттікінен 46 593$ сомадан төмен. Штат білім қорының 88% ақшасын төлесе, ал федералды штат қалған 12% төлейді.

Техас білім агенттігі штаттағы мемлекеттік білім жүйесін қадағалайды. Техаста Стаффорд муниципалды мектеп районынан басқа мыңнан аса мектеп райондары муниципалды райондардан тәуелсіз болып, қала шекараларынан кесіп өтеді. Мектеп райондары өздерінің азаматтарына салық салу құқықына ие және өз мүлкіне өзі иелік ететін егеменді аймақ ретінде бекітеді. Мектеп аудандардағы үшін мектептерді әділ қаржыландыру мандатымен сот болғандықтан,  штаттың “Робин Гуд жобасы” деп аталушы қайта бөлетін тартысты сот жүйесі бар. Бұл жоба бай мектеп аудандарынан алынған мүлік салығы түсімін кедей мектеп аудандарына береді. Техас Білім Агенттігінің мектептің жеке немес ішкі істеріне араласу құқығы жоқ.

Бастауыш және орта мектептердегі оқушылар TAKS (Texas Assessment of Knowledge and Skills) тестін тапсырады. TAKS оқушылардың Техас білім стандарттары және No Child Left Behind Act талаптары бойынша оқу, жазу, математика, ғылым және қоғамдық дағдыларын бағалайды. 2007 жылы Техас заң шығарушылары 2011-2012 жылдағы бірінші курс студенттеріне және мектептің соңғы класс оқушыларына TAKS-ты ауыстырды.

Техастың 1997 жылда қабылданған “Техас Хаус Билл 588” деп аталатын тартысты алтернативті жағымды әрекет жобасы бойынша Техастың орта мектеп жоғары сыныпты жақсы бітірген оқушыларының 10% бөлігін мемлекет қаржыландырушы университеттерге автомат қабылдануына кепілдік береді.

Техаста 6 мемлекеттік мектептер және 4 жеке меншік мектептер жұмыс жасайды. Тұрақты университетте қорының жерінде табылған кендер штаттың Техас университтеті және Техас AM сияқты ең үлкен университеттер жүйесін қаржыландыруға үлкен көмегін тигізді. PUF 2005 жылы күзде 15$ миллиард қаржы жұмсап, Гарвард қаржыландыруынан кейін екінші орында тұрады. Басқа төрт университет жүйелері олар: Хьюстон университеті, Солтүстік Техас университеті, Техас штаты және Техас техникалық университеті болып есептеледі.

Техаста халық мойындаған мемлекет көшбасшы 3 зерттеу университеті бар: олар Остиндағы Техас университеті, Техас AM университеті және Хьюстон университеті. Остиндағы Техас университеті және Техас AM университеттері штаттағы ең жетекші университеттер болып есептеледі. Екеуі де Техас Конституциясында бекітіліп, Тұрақты университет қоры қорында өз үлесін сақтайды. Техас штаттағы жетекші университеттердің қатарын кеңейту үшін жеті оқу орнын “көрініп келе жатқан зерттеу университеттері” деп белгіледі. Техастың 82-ші Заң шығарушы ұйымының талқылауы бойынша олардың бірінші пайда болатын екеуі олар: Хьюстон университеті және Техас Технология университеті.

Техас гуманитарлы университеттерден бастап халық мойындаған жетекші университеттерге дейінгі жеке оқу орындарының Отаны есептеледі. U.S. News  World Report сараптамасы бойынша Райс университеті мемлекеттегі білім деңгейі және зерттеу істері бойынша жоғары орындағы оқу орны болып, ол жетекші университеттер арасында 17-орында тұр. Бұрынғы Республика жариялаған жеке университеттер: олар Бэйлор университеті, Мария Хардин-Бэйлор университеті және Оңтүстік-батыс университеті.

Техас қазіргі уақытта екі президенттік кітапханаға иелік етеді, олар: Техас AM университетіндегі Джордж Буш Президенттік кітапханасы және Остиндағы Техас университетіндегі Линдон Бэйнс Джонсон кітапханасы және мұражайы. Техас Методист университетінде үшінші Джордж Буш президенттік кітапханасын құру келісімі орнатылды.

Достастық қоры Техас денсаулық сақтау саласын мемлекеттегі үшінші ең жаман деп бағалайды. Техас денсаулықты сақтау қызметіне қол жеткізу, медициналық қызметтің сапасы және ауруханаларға жұмсаған қаржы бойынша төменгі орындардың бірінде тұрады. Штаттың төменгі рейтингді көрсетуінің себебі саясат, жоғары деңдейдегі кедейшілік және ең бастысы штаттағы заңсыз иммигранттар санының көбеюі болып есептеледі. ”Штаттың 25,1% халқы медициналық кепілдіксіз қалып, мемлекеттегі ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі” деген есептемесіне жауап ретінде Техас штаты 2006 жылы мамырда “Code Red” бағдарламасын жасады. Техаста сондай-ақ дәрігерлер қателері үшін сот процесстері үшін экономикалық емес ең басты шығындар бар болып, олар 250,000 АҚШ доллары ретінде бағаланып, бұл қаржы өз қызметін асыра пайдалануды тоқтату және денсаулықты сақтау саласындағы өсіп бара жатқан қаржыларды бақылау мақсатында жұмсалады.

Trust for America's Health денсаулық ұйымының зерттеуі бойынша Техас жасөспірімдер семіздігі бойынша 15-орында тұрады және штаттың 27.2% халқы осы ауруға шалдыққан. 2008 жылы Men's Health журналы зерттеуі бойынша Техастың төрт қаласын АҚШ-тың семіздік бойынша жоғары 25 қаласының қатарында көрсетті, яғни Хьюстон 6-орында, Даллас 7-орында, Эл-Пасо 8-орында және Арлингтон 14-орындағы рейтингте көрсетілді. Техаста тек ғана бір қала Остин АҚШ-тағы “жоғары 25 жағдайлы қалалар”дың 21-орынын иеледі. Сол сияқты тағы бір зерттеу штаттың семіздік көрсеткішін “B+” жағымды бағасымен белгіледі. Штат тұрақты спортпен айналысатын халық үлесі бойынша рейтингде 42-орынды тұрады.

Көптеген элиталық медициналық зерттеу орталықтары Техаста орналасқан. Штатта 9 медициналық оқу орындары, 3 стоматологиялық мектеп және бір оптометрия мектебі бар. Техаста екі Biosafety Level 4 (BSL-4) лабораториялары бар: олардың біреуі Галвестондағы Техас Медициналық бөлім университеті және Сан-Антониодағы Биомедицина зерттеулерінің оңтүстік-батыс қоры. Бұл Биомедицина зерттеулерінің оңтүстік-батыс қоры АҚШ-тағы бірінші BSL-4 деңгейдегі лаборатория болып есептеледі.
	
Хьюстондағы Техас медициналық орталығы өзінің 47 институт-мүшесімен зерттеу және институттарды шоғырлау бойынша дүниедегі жоғары нәтижеге ие. Техас медициналық орталығы дүниеде ең көп жүрек трансплатацияларын орындайды.
Хьюстондағы Техас Андерсен обыр орталығы университеті обыр ауруына шалдыққан пациенттерге қамқорлық көрсету, зерттеу, білім беру және профилактика істері бойынша жоғары деңгейдегі академиялық институты болып есептеледі. 
	
АҚШ-тағы клиникалық медициналық зерттеу бойынша Сан-Антониодағы Оңтүстік Техас медициналық орталығы 6-орынды иеледі. Сан-Антониодағы Техас денсаулық және ғылым орталығы университеті де жоғары деңгейдегі зерттеу және білім беру институты есептеледі. 
	
Америка жүрек ассоциациясы және Техас оңтүстік-батыс медициналық орталығы университеті екеуі де Далласты отаны деп біледі. Оңтүстік-батыс медициналық орталығы дүниедегі жоғары деңгейлі акалемиялық медициналық орталықтары арасында жоғары орынды иелейді. Институттың медициналық мектебі дүниеде медицина саласында көптеген Нобель сыйлығын алған.

Техас басқа штаттарға қарағанда ең көп парник газын шығарып, Порт-Артурда АҚШ-тағы ең лас ауаның бір бөлігі бар. 2010 жылы Техаста 2 553 зиянды заттарды шығару оқиғалары амалға асырылып, Техас аспанына 44.6 миллион фунт зиянды заттар жіберілді.

Техастағы үлкен көлемдегі және ойлы-қырлы ландшафт жерлері себебінен Техастықтар көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Техас АҚШ-тағы ең ұзын тас жолы және темір жолы, сонымен қоса көптеген әуежайлар құрылысын қаржыландырды. Техас Көлік басқармасы бақылаушы орган ретінде көп жүйелі тас жолдарын қолдайды, авиацияны және қоғамдық көлік жүйесін тәртіпке салады. Солтүстік Америка құрлығы орталығында орналасқандықтан, штат көлік қатынастары саласында ең маңызды орталық болып есептеледі. Даллас / Форт-Уэрт аймағынан жүк машиналар 48 сағат ішінде мемлекет халқының 93% бөлігін және 24 сағат ішінде мемлекет халқыны 37% бөлігін тасымалдайды. Техаста мемлекеттегі ең жоғары 33 ерекше экономикалық аумақ бар. 2004 жылы Техас ЕЭА арқылы жалпы саны $298 миллиард тауар алып өтілді.

	

Техаста мемлекеттегі штаттардың ішінде ең көп әуежайлар бар. Техаста аумағы және жолаушы тасымалдауы бойынша ең үлкен Даллас-Форт-Уэрт әуежайы қызмет етіп, ол аумағы бойынша АҚШ-та екінші орында болып, 18 076 акр (73.15 шаршы км) ауданымен дүниеде төртінші орында тұрады. Жол жүру бойынша Даллас-Форт-Уэрт әуежайы штаттағы ең бірінші бос емесі, АҚШ-та төртіншісі және ал дүниеде алтыншы орында тұрады. Америкалық AMR Корпорациясының American Eagle дүниедегі толық жолаушыларды тасымалдау бойынша 2-орындағы авиалайнер (Delta Airs авиалайнерінен соң) болып, Даллас-Форт-Уэртты ең үлкен және негізгі орталық ретінде пайдаланады. Southwest Airlines авиалайнері де Далласта орналасып, Dallas Love Field әуежайы арқылы қозғалады. Ол АҚШ ішінде бір жылда ең көп жолаушы тасымалдайтын авиалайнер болып, дүниеде ең көп жолаушы тасымалдайтын авиалайнерлер қатарында тұрады. 
	
Техастағы екінші авилайнер Хьюстондағы Джорж Буш Континентаралық әуежайы (IAH) болып, Хьюстондағы Continental Airlines әуе жолын орталық ретінде пайдаланады. IAH АҚШ-тың қалаған әуежайынан Мексиканың барлық жеріне ұшады. Келесі жыл сайын 4 миллионнан артық жолаушы тасымалдайтын ең үлкен төрт әуежай бұлар: Остин-Бергстром Халықаралық әуежайы, Уильям П. Хобби әуежайы, Сан-Антонио Халықаралық әуежайы және Dallas Love Field әуежайы. Штаттағы халықаралық әуежай болып есептелетін ең кіші әуежай бұл – Дел Рио Халықаралық әуежайы.

Шамамен 1 150 шақты теңіз порттары 1 000 мильден (1 600 км) көбірек каналдармен Техасты қаптап тұрады. Порттар дерлік бір миллион адамды қабылдап, 317 миллион метр тонна айналыста болады. Техас порттары Атлантика басқа жағалауларымен Галф Ішкіжағалық Су жолдары арқылы байланысады. Хьюстон порты АҚШ-тағы шетелдік тоннаж бойынша ең қызған порт болып, жалпы тоннаж бойынша екінші және дүние жүзінде тоннаж бойынша онынша орынды иелейді. Техас Шип каналы қазіргі таңда 530 фут (160 м) кеңдікке 45 фут (14 м) тереңдікті және 50 миль (80 км) ұзындықты иелеген.

Канзас штатында даукестердің үй малдарын темір жолға салуы және оның күшін пайдалануы дәстүрлің бір бөлігі болып табылады. Техастағы ең бірінші темір жол 1853 жылы тамызда ашылған Баффало Бейоу, Брезос және Колорадо темір жолы. Техасқа солтүстіктен бірінші келген темір жол 1872 жылы келіп, ол Миссури–Канзас–Техас темір жолы еді. 1911 жылға дейін Техас мемлекетте темір жол ұзындығы бойынша көш бастады. 1932 жылға дейін Техас темір жол ұзындығы шыңына жетіп, ол 17 078 мильді (27 484 км) құрады, бірақ 2000 жылға дейін 14 006 мильге (22 540 км) дейін қысқарды. Техас темір жол комиссиясы басынан штаттық темір жолды тәртіпке салған кезде, 2005 жылда штат осы қызметке Техас Көлік басқармасын қайта тағайындады.

Даллас және Хьюстон екеуі жылдам трамвай жүйесін қалыптастырды. Dallas Area Rapid Transit (DART) Оңтүстік-Батыс АҚШ-та ең бірінші болып, осы жылдам трамвай жүйесін іске қосты. Trinity Railway Express (TRE) Форт-Уэрт және Далласты байланыстыратын қала сырты темір жол қызметі болып, оны Форт-Уэрт транспорт әкімшілігі және DART амалға асырады. Остиндағы Capital Metropolitan Transportation Authority “Capital MetroRail” деп аталатын қала сырты темір жол қызметін солтүстік-батыс қала сыртына жөнелтеді. Metropolitan Transit Authority of Harris County, Texas (METRO) Хьюстон аймағында жылдам трамвай жолдарын бағыттайды.

AMTRAK корпориясы Техастың темір жол жолаушыларға қалааралық қызметін жасауды мөлшерде және жиілікте шектеу белгілейтіндігін өамтамасыз етеді. Штатта жоспарланған үш бағытта қызмет көрсетеді: күнделікті Texas Eagle (Чикаго-Сан-Антонио); үш апталық Sunset Limited (Нью-Орлеан-Лос-Анджелес), Техастағы аялдамаларымен; күнделікті Heartland Flyer (Форт-Уэрт-Оклахома-Сити) бағыттары.

Америкалық футбол штатта көп уақыт бойы “король” саналып келді және Техастықтар спорттың алуан түрлілігінен рахаттанды. 
Техастықтар көпшілік кәсіби командалық спорт ойындарын қарсы алады. Үлкен төрттік кәсіби лигада Техастың екі НФЛ (Даллас Ковбойз және Хьюстон Тексанс), екі команда бейсбол негізгі лигасында (Техас Рэйнджерс және Хьюстон Астрос), үш команда NBA (Хьюстон Рокетс, Сан Антонио Сперс және Даллас Маверикс), және бір Лиганың Ұлттық Хоккей командасы (Даллас Старз) бар. Даллас – Форт-Уэрт Үлкен төрттік кәсіби лигада барлық төрт спорттық командалары бар 13 аймақтың бірі есептеледі. Үлкен төрттік лигасынан тысқары Техастың бір WNBA командасы (Сан Антонио Силвер Старз) және екі Жоғары Лига футбол командалары (Хьюстон Динамо және Даллас ФК) бар.

Техас мәдениетінде университеттік жеңіл атлетиканың маңызы зор, әсіресе америкалық футболдың. Штатта мемлекеттегі ең көп оқу орындары арасында 10 I-FBS дивизия бар. Штаттың төрт университеттері Бейлор Беерз, Техас Лонгхорнз, Texaс AM Аггиез және Texaс Teх Ред Рейдерс, Big 12 Conference та қатысады. Сондай-ақ төрт мектеп командалары Техас Лонгхорнз, Texaс AM Аггиез, TCU Хорнед Фрогз және SMU Мустангз бір спорт чемпионатында болса да өз құқықтарын қорғап келе жатыр.

I-A дивизиясындағы сауалнама бойынша Оклахома университеті және Техас университеті ортасында бәсекелістік болады, ал мемлекетте үшінші орынға Ред Ривер Шутоут қол жеткізеді. Lone Star Showdownда тартысты бәсекелістік Техастың екі университеттері арасында өтеді: олар Texaс AM университеті және Texas университеттері. 
Battle for the Iron Skillet күресі әр жылы екі команда TCU Хорнед Фрогз және SMU Мустангз арасында болып өтеді.
University Interscholastic League (UIL) көбінесе бастауыш және орта мектеп арасында жарыстар ұйымдастырады. UIL ұйымдастырған спорт жарыстары ол жеңіл атлетика (ең атақтысы мектептер арасындағы америкалық футбол жарыстары), сондай-ақ пәндерден көркемдік және академиялық жарыстар.

Техастықтар тағы да родеоны жақсы көреді. Дүниедегі ең бірінші родео Техаста Пекоста қабылданған. Жыл сайын өтетін Livestock Show және Rodeo дүниедегі ең үлкен родео шоуы болып есептеледі. Даллас әр жылы Fair саябағында Техастың штаттық жәрмеңкесін өткізеді.




#Article 97: Этнос (1381 words)


Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Этнос ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, этнос ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып этнос ұғымына анықтама берген М. Вебер: Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ. Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. Этникалық топ ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол тайпа ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде этникалық топ ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие. 

Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы.

Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы ұлттық рух деп қараған М.Лаңарус пен Х.Штейнталь (1860) халықтар психологиясы мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В.Вундт халықтар психологиясында жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес. Онда бірнеше бағыттарды анықтауға болады: 

Саяси пси¬хология этнопсихологияны зерттеудің біртүтас нысаны ретінде екі негізгі деңгейден тұратын ұлттың психологиялық қалпы больш табылады. Негізгі деңгейі - ұлттық сана-сезім қалыптасатын ұлттық мінез-құлық және оның саяси іс- әрекетте көрініс табуы.

Этникалық бейімделу - этникалық топтардың (қауымдастықтың) күнделікті өмірге, қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы; көне заманда жекелеген шағын топтардың өздері тұратын табиғи ортаның жағдайына бейімделуі. Мысалы, киім дайындау барысында жергілікті климат пен ондағы бар материал ресурсы ескерілді (жапырақтар, өсімдік талшықтары, мал немесе аң терісі және т.б.), үйі (үңгір немесе жер там, ағаштан, саз балшықтан, күйдірілген қыштан немесе тастан жасалған; еңбек құралы (тас, сүйек, күйдірілген қыш және т.б.); тіл және ауыз әдебиеті (мысалы, теңіз болмаған жердің тілінде де бұл ұғым болмаған); аңыздар, ертегілер де жергілікті аң-құстарды, табиғат құбылыстарын бақылаудан туындаған; билер мен алғашқы суреттер (жергілікті аңдардың, құстардың қылықтарын, оларды аулау тәсілдерін бейнеледі). Осы негізде алғашқы этникалық белгілер қалыптасты. Көші-қон барысында алғашқы этникалық белгілер жаңа ортаға бейімделіп жаңарады, ескілері ұмытылып, санадан біртіндеп, біржола өшеді. Көптеген дәстүрлер қоғам дамуына орай өшкенімен де, көбіне, аңыз-әңгімелерде, мейрамдарда, халықтың жадында тіпті әдеттегі құқық пен күнделікті түрмыста да сақталады. Сондай-ақ әсіресе, демографиялық және экологиялық дағдарыстар кезінде этностар бөтен дәстүрлерге де бейімделеді.

Этникалық бірегейлік - этнос пен оның өкілінің өзіндік сана-сезімінің негізі. Этнос - өзінің бірегейлігін сезінген халық. Этникалық бірегейлік негізіне келесі белгілер жатады: жер қыртысы (табиғи орта, атамекен, Жер Ана); қан (антропологиялық белгілер: нәсілі, көз қиығы, бет әлпеті және т.б.); тіл (бірдей ойлап, әлемдік құндылықтарды біркелкі түйсініп, пікір білдіру құралы ретінде); діл (мәдени-психологиялық стереотиптер және мінез-құлық, әдет-ғұрып үқсастығы); көркем мәдениет (өнер, мейрамдар); тұрмыс (ұлттық тағам, киім, тұрмыс-салт ерекшеліктері); мифология (бірегейліктің негізін құрайтын құндьшықтар мен үміттердің жүйесі).

Этникалық құрамда болу - атадан балаға мұра болып қалатын, белгілі бір топ мүшелері ортақтасатын мәдени өзгешелік (әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлықтантілге дейін). Діни немесе кландық белгілермен астасатын этникалық белгілер көп жағдайда саяси қақтығыстардың себебі болады.

Этниканың саясаттандырылуы - қоғам өмірінде этнос рөлін, мәнін арттыру, баса көңіл аудару және саяси өмірдің барлық қырын этнос төңірегіне шоғырландыру; этникалық мәселелерге тым саяси мән берілу; этникалық топтардың саяси мәселелердің шешімін қабылдауға қатысу мүмкіншілігін кеңейту арқылы оларды саясатқа тарту.

Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі. Этникалық сіңісудің күшейіп, қарқын алуында элем, аймақ, мемлекет халықтарын интернациоландыру шешуші рөл атқарады. Бұл процесс көбіне бытыраңқы орналасқан этностарда аса қарқынды жүреді. Нәтижесінде этнос басқа этностың құрамын толықтырып, соларға сіңіп кетеді. Этникалық сіңісудің күшеюінің тағы бір арнасы - ұлттықаралас некенің көбеюі.

Этникалық тазарту – 1992 ж. бұрынғы Югославиядағы, әсіресе Босниядағы соғыс аясында қолданысқа енген ұғым. Бүған дейін ол серб және хор¬ват баспасөздерінде осы соғыстың мақ¬саты жөніндегі хабарламаларда пайдаланылды. Соғысушы жақтар жарияланған этноұлттық мемлекет аумағын мем¬лекет құрушы этникалық ұлтқа жатпайтын халықтан тазарту жүргізуге талпынды. Этникалық сөзі 1940-50 жж. ғылыми еңбектерден күнделікті өмірге аяқ басты. Алайда, тазарту ұғымы бүгінгі біздің түсінігіміздегі этникалық тазарту мағынасында бүрын да қолданылды. Ең алғаш осы түсініктің қолданылуын Познань қаласында 1918 ж. құрылған поляк ұйымының атауынан кездестіреміз - Познанды еврейлер мен немістерден тазарту ұйымы. Бұл ұйым аталған топтарды қаладан және төңіректен аластауды көздеді. Үшінші рейхте еврейлер қырылған аймақтарJudenrein (еврейлерден тазартылған) деп аталды. Этникалық тазартулар ескі замандардан бері келеді. Мысалы: б.д.д. VI ғ. еврейлер Палестинадан Вавилонға қоныс аударылды; б.д. IV-X ғғ. герман, славян, түркі және финн-угорлық этникалық топтар, Орталық Азия, Батыс Еуропа мен Солтүстік Африка арасында үнемі бірін-бірі тықсырып келді; VIII ғ. Византия армиясы павликиандық діни сектаның мүшелерін Армениядан Балқанға ысырды; XII ғ. Батыс және Орталық Еуропадан еврейлерді ауық-ауық қуғындау орын алды; 1609-1614 жж. морискілер (католик дінін қабылдаған мұсылмандар) Испаниядан қуғындалды; отыз жылдық соғыстан кейін, XVII ғ. ортасында, протестанттарды жиі католик аймақтарынан, ал католиктерді - протестанттық аймақтардан қуды; XVIII ғ. ортасында Акадияның франк тілді тұрғындары (Канададағы ағылшын отары болып табылатын) бұл ауданнан тықсырылды; 1820-1880-шы жылдар аралығында АҚШ-тың шығыс аудандарында жергілікті үндістерді батыста резервацияға үшыратты; XIX ғ. ортасында британ қоныс аударушылары Тасманияның бүкіл түпкілікті халқын жойып жіберді; 1907 ж. неміс армиясы Оңтүстік-Шығыс Африкадағы гереро этникалық тобын түп-тамырымен құртты.

Бұл мысалдардың барлығында әртүрлі этникалық немесе діни топтар келтірілсе де, оның барлығы империялық саясаттың (империялар негізінен моноэтникалық болып келеді) жемісі болды, немесе бір мемлекеттің бақылауында болған аумақтарда жүргізілді, я болмаса діни біркелкілікке үмтылудан туындады (діндер әдетте этнос шекарасымен сәйкес келе бермейді). Осылайша, бұл мысалдарды біртекті этноұлттық мемлекет құру үшін жасалған этникалық тазартулармен тең қарастыру жаңылыс бол ар еді. Тек осындай мемлекет қана мемлекет құрушы ұлтпен сіңісіп кете алмайтын барлық адамдар мен топтардан тазартуға мұқтаж болады. Этникалық ұлтшылдық қисынына сәйкес, өзіндік этноұлттық мемлекет құруға талпынатын этникалық ұлт өз мемлекетін өзгелерден тазарту үшін этникалық тазартуды жүргізеді.

Этнократия - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық, kratos - билік] - көпэтникалы мемлекетте бір этностың, әдетте, елдің, байырғы тұрғыны болып табылатын мемлекет құрушы титулды ұлттың биліғі.

Этнофобия - өзіміз емес, өзгелерге қатысты ұстамсыздық, тікелей жауығумен сипатталады. Әсіресе, ол этносаралық қарулы қақтығыстарда жиі көрініс табады.

Этношектеулік - өз этносының шеңберінен тыс байланыстарға баруға құлықсыздық. Бұл әдетте моноэт- никалық отбасын құруға ғана талпынудан, бірэтникалық үжымдарда жұмыс істеуді дұрыс көруден, жетекші лауазымды орындарының барлық деңгейінде билік тізгінін тек өз ұлтының өкілдерінің қолына үстатып, монополиялаудан көрініс табады.
Іс жүзінде кез келген, әсіресе, өз ұлттық-мемлекеттік немесе ұлттық- аумақтық автономиясы барлары этни¬кааралық келісімнің бұзылуына апаратын бұл аурумен ауырады.

Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты. Оның пікірінше, этникалық топтың ішіндегі қатынастар мен топаралық қатынастардың арасында айырмашылық алшақ. Егер топтың ішінде жолдастық және ынтымақтастық басым болса, топтар арасында күдікті, шүбәлі, күмәнді және жауласу басым. Этноцентризм бір жағынан этникалық топтың бірлігін қалыптастырып, көрсетеді. Қарабайыр деңгейде басқа этникалық топтарға салқын қарайды.Этноцент¬ризм идеология ретінде - ұлттық-этникалық санасезімнің теориялық деңгейі дамуының өнімі.

Этноцид - [грек, ethnos - тайпа, халық және лат. caedo - өлтіру] - адамдардың өздерін қырып-жоятын геноцидтен айырмасы, халықтың мәдениетін жойып жіберу.

Этноэгоизм - басқа этностардың есебінен өз этносына артықшылықтар әперуге талпыну. XX ғасырдың 90-шы жылдарында посткеңестік республикалардың көпшілігінде бұл құбылыс байқалды. Табиғи ресурстарды бөлуде, иемденуде өз ұлттарына артықшылық беріп, басқа этнос өкілдерін тықсыру орын алды.

Этникалық мәдениет– мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Онда этн. специфика сақталынады және ол этнодифференц. қызмет атқарады. Этникалық мәдениет белгілі бір тайпаға, ұлтқа, халыққа тән. Ол арқылы басқа халықтар этностың біртұтастығын, өзгешелігін және даралығын таниды. Этникалық мәдениетке белгілі бір этнос өкілдері қалдырған барлық заттай және рухани мәдениеттердің жиынтығын жатқызуға болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуына табиғи орта, тіл, дін, этноним өзіндік әсерін тигізеді. Өз мәдениеті арқылы әрбір этникалық қауымдастық әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қосады.Д. Байғонақов




#Article 98: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (1693 words)


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.

Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инвестициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Еуропа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Еуропалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Виргин аралдары (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Əзербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін Еуропа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Еуропа Одағына әкеледі. Еуропа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Еуропа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: мәшине, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Еуропа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әртүрлі мəшине түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның аллюминий заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.

ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп,  ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауыл шаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды),  2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-дан тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады:




#Article 99: Қазақстан Республикасының Конституциясы (270 words)


Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.

Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар).

ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. 
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.




#Article 100: Қазақ әліпбиі (1153 words)


Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.

Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:

Қазіргі латын әліпбиі — 2017 жылдың 9 қазанында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру жобасы ұсынылды ұсынылған.

Кезінде Қазақстанда DOS үшін ҚР МҚ 920-91 мемлекеттік қалпы қабылданған болатын. Бұл қалып CP866 8 бит кирил (славян) белгішелеу парақтың негізінде жетілдірілген. Енді бірталай көп кідіріп Windows жүйесіне арнап ҚР МҚ 1048—2002 қалпы бекітілген. Осы қалыптың қолдануы өте шектеулі болды, себебі ол Юникод басқа ескірген 8 бит белгішелеуді ығыстырып шығаруы қызған кезі болды. Сонымен, тек кейбір мемлекетттік және өкіметке жақын ұйымдар, соның ішінде «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі де, соңғы кезге дейін қолданған. Ағымда барлық жерде де UTF-8 белгішелеу қолданылады.

Қазақ пернетақта жаймасы орыс теруіш жаймасы негізінде дамытылған және де РСТ ҚКСР 903-90 қалпында бекітілген. Осы жайма Юникодпен қуатталған: Windows (NT тұқымдасындағы 2000, XP, Server 2003, Vista одан жоғары нұсқалары да) және Linux амал жүйелерімен жеткізіледі.

Қазақтың өзіндік әріптері пернетақтаның жоғарғы тізбегіндегі сан аясы орнында орналасады. Ал, сан және басқа нышандар (/, *, –, +) енгізу үшін көмекші сан пернетақтасы пайдаланылады. Осы себептен қалыпты жаймада бейәріп нышандарға және Ё әрпіне орын табылмаған.

Араб әліпбиінде — 29 әріп және бір белгіше бар () — «жоғарғы һәмзә», бүкіл сөздегі жіңішке дауысты дыбысты белгілеу үшін, сөздің басына қосылады (тек жіңішке дауыстыларымен әрдайым үйлесетін Г және К әріптерінен тыс). Жазу әдісі парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.

Қарахан әулеті мезгілінен (10 ғ.) бастап Қазақстан жерінде түркі тіліндегі мәтіндерді жазып алу үшін пайдаланылған.

Көп мезгілде абжад түрінде боп қалды, яғни тек дауыссыз дыбыстарды белгілеуімен. 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны жасаған Ахмет Байтұрсынұлы оны «төте жазу» деп атаған («Жаңа емле» деп де аталған). 1929 жылы латын жазуы негізіндегі «Жаңәліп» әліпбиіне ауыстырылды.

Оны қазір де Шығыс Түркістан қазақтары (сонымен бірге кейбір ұлттық ерекше өзгешеліктерімен қырғыздар мен ұйғырлар да) қолданады. Араб жазуын пайдаланатын Ауғанстан, Иран Пәкістан және Таяу Шығыс елдерінде де қазақ шетжұрты қолданады.

Төменгі кестеде төте жазуының әліпбиі берілген. Әр әріптің дара жазылу нұсқасы, сөздің басында, ортасында және аяғында жазылу нұсқалары берілген. Әріптердің үстінде сыртқы сілтеме түрінде сәйкесті юникод кодтары берілген.

Бейресми қосымша әріптер. Өте сирек кездеседі.

Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім. 1929-40 жылдары аралығында латын графикасына негізделген әліпби жазу жүйесіне енгізілп, 1940 жылдан бері кирил әліпбиі қолданылып келеді.

Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне  ортақ  Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кирилл жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынұлы реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірген. Қазақстанда 30-шы жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келген. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957 жыл, 1970 жыл) әртүрлі өзгерістер енгізілді. Кирилл негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.

Есікті жазбасы түрі бірнеше археология мұрасымен таныстырады, соның ішінде ең ежелгісі — Есікті қорғанынан табылған күміс легендегі жазба (б.з.б. 5 ғ. шамасы). Сол қорған әйгілі Алтын адамның жаназа орны болыпты. Жазуы көнетүркі жазуына ұқсас. Кейбір зерттеушілер леген жазуын Солттүстік Үндістандағы Кхароштхи жазу түрі деп шығарады. Жазба мұқамы әлде де анықталмаған.

Көне түркі жазуы (Орхон-Енесай жазуы деп те, руникалық жазу деп те аталады) — б.з.б. V - X ғасырларда түркі тайпаларының жазуы. Оның руникалық жазуы деп аталу себебі — германдық халықтары өзінің ертедегі пайдаланған руна жазуына ұқсас болғандығынан (бірнеше руналарда бірдей дыбыстық және кескіндік тығыз ұқсастығы бар).

Көнетүркі жазуы қалыпы Қазақстан жерінде тұрған, сосын қазақ этносына сіңірілген, көшпелі түркі тайпаларымен (5—10 ғғ.) қолданған. Моңғол шапқыншылық заманында (12 ғ.) көне түркі жазуы Ислам қысымы астында әбден араб жазуымен ысырылған.

Қазар (хазар) қағандары бүкіл ел діні есебінде яһуди дінінің қараим масхабын қабылдаған. Жебірей дінімен қолдасып жебірей жазуы да бірге келді. Сол қазарлар тайпаларының ішінде Украина және Солтүстік Кавказ жер атауларында көп ізі қалған беріш тайпасы болған. Қазір беріш Кіші жүздің руы. Қарайлар (кейде масхаб атауымен шатастырып қараим деп те атайды), екінші дүниежүзілік соғысынан бұрын Қырымда тұрған, 1920 жж. дейін дәстүрлі жебірей жазуын қолданған. Қарайлар өздерін түркі халқымыз деп таниды, қазарлардың тікелей ұрпақтарымыз деп санайды.

Тағы да қырымшақтар деген — қыпшақ тілінде (бұрын өздері шағатай тілі деп те атаған) жебірейлер тобы белгілі. 1941—45 жж. соғыс кезінде фашистік Германия қырымшақтар жұртын түгелге жуық қырған.

Юнан (грек) жазуын Қырымда тұрған ұрымдар (қыпшақ тілінде сөйлейтін юнандар) 1917 ж. дейін пайдаланған.

XII—XIII ғасырлар аралығында Әрмен патшалығына көшіп барған қыпшақтар қыпшақ тілінде ауқымды діни, заңгерлік және тағы басқа әдебиетті шығарды. Ол қыпшақ тілінің көне қазақ тілінен айырмашылығы — әрмен-қыпшақ тілінде әрмен-християн ұғымдары көп қолданылады. Бұл мәтіндер әрмен әліпбиімен жазылды. Олардың бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен ұрпақтары 19 ғасырдың соңына дейін шаруашылық жазбалары, жеке хаттар, т.б. секілді күнделікті жазбаларын әрмен-қыпшақ жазуымен жүргізіп келді.

Қырымдағы католик миссионерлері қазақ тілінің ертеректегі түрі — қыпшақ тілінде Інжілдер және басқа да діни әдебиет шығарумен айналысты. Соның ең көрнекті мысалы — 13-ші ғасырдың соңында құрастырылған , латынша-парсыша-құманша сөздік. Онда италиян және оңтүстік герман тілдерінде түсініктеме сөздер де бар.

Негізінен ислам дінінің үстемдік құрған кезеңге дейінгі уақытта ұйғыр, соғды, манихей, сурияни, тибет және брахми жазуларымен де жазылған түркі тайпаларының эпиграфикалық жазулары белгілі.

Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді.

КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе ) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды.

Реформа туралы пікірталастардың бәрі түптеп келгенде екі таңдауға келіп тірелді: не кирил әліпбиін қалдыру керек, не түрік әліпбиінің негізіндегі латын әліпбиіне көшу керек (академик А. Хайдаридің нұсқасына).
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мәлімдемесінен кейін де әліпби туралы пікірталастар толастаған жоқ. Латын әліпбине өтуге қарсы пікір білдіретіндердің арасында әдебиетшілер басым. Болашақта әдеби шығармаларды жаңа әліпбиде қайта  басып шығару туралы шешім қабылданғанда кейбір шығармалар тізімге енбей қала ма, жаңа буынға керегі болмай қала ма деп қауіптенеді.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 

Дыбыс құраудың қосалқы баламалары: gh, ph, sh.

Толықтыру:

Mi`sali:
Barliq adamdar tuwmisinan azat jaene qadir-qasyeti men quqiqtari tenh bolip duenyege keledi. Adamdarxa aqil-parasat, ar-ojdan berilgen, sondiqtan olar bir-birimen tuwistiq, bawirmaldiq qarim-qatinas jasawlari tiyis.




#Article 101: Сын есім (335 words)


Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы:  Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық  (мақал).

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді  (Ғабиден Мұстафин).

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы:  Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал);  Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).




#Article 102: Сан есім (819 words)


Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында тұрады, субстантивтенгенде (заттанғанда) көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді, септеледі. Сан есім морфол. құрамына қарай негізгі және туынды болып жіктеледі, оның дара, күрделі түрлері бар. Семантик.-морфол. тұрғыдан есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік аталатын топтарға бөлінеді. Есептік Сан есім өзге Сан есім топтарының жасалуына негіз болады (мыс., бір, екі). Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау), топтық Сан есім -дан, -ден, -тан, -тен қосымшаларының (алтыдан, жүз-жүзден) жалғануы арқылы жасалады. Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады.

Сан есімнің негізгі функциясы анықтау болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелінетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.

Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар жатады. Мысалы: бір, екі, үш т. б.

Туынды сан есімдер негізгі есептік сан атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он - оныншы; екі - екеу, алты - алтау; бір - бірер, қырық - қырықтай, елу - елудей т.б.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді.

Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі - [пысықтауыш] болу. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.

Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық  өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)

Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу  (І. Жансүгіров)

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілуде; Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.




#Article 103: Үстеу (560 words)


Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі  үстеулер мен туынды үстеулер.

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.

Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.

Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.

Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.

Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды.

Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:

Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген қосымшалар төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді.
Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.

Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
 

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
 

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?
Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
 

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
 

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.




#Article 104: Есімдік (356 words)


Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне  деген сөздер жатады.
Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде  деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
 
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.




#Article 105: Наурыз (1278 words)


Наурыз — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 3-ші келетін март айына сай қазақша атауы.
 
Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.

Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қа-зығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне таба-ны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шық- қаны туралы» жазбасын- да Наурыз тарихын көш- пелі халықтардың «хиби- ғи», «хұзағи» деп атала- тын көне заманына ұш- тастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол ма-ғынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі ин-до – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пай- даланылған. Ал одан бер-гі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың кө- не шежіресінде де Нау-рыз, Алаш деген сөздер бар. 
Наурыз неге жыл басы? 

Көне мейрам Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлай- ды. Сондықтан да оны ха-лықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мей- рамын ежелгі гректер «пат- рих», бирмалықтар «су мей- рамы», тәжіктер «гүл гар- дон», «бәйшешек», «гүлнау-рыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп әрқилы атап, тойлаған. Ал енді, Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қа- зіргі күнтізбелерінде әлі күн- ге дейін сақталып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп атаған. 
Көнедегі Русьте де хрис-тиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болған. Бұл күні Русь халқы мынандай әдет – ғұрыптар жасаған: 1. Құт құдайының құр- метіне деп шырақтар жа-ғып, оны шие ағаштарына ілген. 

Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан тү- сіп, өзіне ұнаған қызметші-сіне бір күн өз орнын берген.
Байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан. 
Осы дәстүрлер жөнінде кейінгі кезде басылым беттерінде жазылып та жүр.
Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тә-різді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Нау- рыз мейрамын қалай той-лағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынандай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

Бұл дәстүрлерге түсінік Мұндағы бірқатар салт-дәстүрлер ежелгі Тәңірлік танымға сәйкес орын ал- ған. Тәңірлік таным бойын- ша осындағы кейбір нәрсе- лер төмендегідей таңбалар-ды танытады:

Түркиядағы Наурыз Түркияның сол кездегі премьер – министрі Тансу Чиллер ханымның тікелей араласуымен, 1995 жылы республиканың ресми мей-рамдарының қатарына бай тарихы бар Наурыз мейра-мы да қосылған – ды. Нау- рыз мейрамы туысқан Түр-кияның түкпір – түкпірінде «Сұлтан – й Наурыз», «Нау- рыздың тоғысы», «Наурыз-дағы мұз бұзылысы» және тағы да басқа атаулармен өткізіледі. Оңтүстік Анадолыда (Ға- зиантеп) 22 Наурыз – «Сұл-тан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойынша күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғында-ғы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып, ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін киген жігіт деп те айтылады. Сұлтан Наурыз уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалыптасқан.

Шығыс Анадолыда халық күн теңелген түні Он сегіз мың ғаламның барлық жанды, жансыздары Тәңірге сәжде етеді деп ойлайды. Осы күні табынушылардың бір жылдағы болашағы анық- талады деп сенеді. Сондық-тан да қаріп - қасірлерге, кембағалдарға жәрдем бе- ріледі. 17 наурыз қарсаңын-да жасырылған тас арқылы үйдегі қай адамға бақ қо-натыны анықталады. Қазақ жеріндегі Наурыз Жас Кеңес өкіметі Наурыз мейрамын халыққа қайта тарту еткенімен, ол 1926 жылы «діни мейрам» саналып, күрт тоқтатылды. Содан, ол халқымызға 1988 жылы әзер оралды. Қазақтардың ежелгі наным – сенімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Қазақтар ұлыстың ұлы күнін жаны – тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады. Адамдар бір- бірімен жылы жүзде амандасып, Наурыз бата береді, Наурыз көже ішеді, араз- дасып жүрген ағайынды та- туластырып, мүсәпір, мү-гедектерге жәрдем береді, ұлттық ойындар өткізіп, ән – жыр айтады, күй тартады (өнерпаздар), бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызады. Бұ-рындары қазақтар таңата биік төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған. Мейрамды 
ұлықтағандар Көне заманнан бері Нау- рыз мейрамы, оның салт-дәстүрлері туралы өз еңбек- терінде құнды деректерді жазып қалдырғандар, Ұлыс- тың Ұлы күніне ән-жыр ар-нағандар аз емес. Олардың ішінде Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунә-сір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұлама-лары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Нау- рыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу, харамдыққа жол беру – ауыр күнә. Наурыз мейрамына байланысты атаулар:

Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жы-ры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұ- харрам (тыйым), Самарқан-ның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күнінде:

Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қа-лаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солың-нан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Наурыз қазаққа қалай қайтарылды?

Наурызды Қазақстанда тойлау тоқтатылғаннан кейін 62 жыл өткенінде Мұхтар Шаханов бұрынғы Қазақ-стан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинге Наурызды халыққа қайтару жөнінде арнайы хат жазды. Және де оған мынандай талап қойды:

Заимствование из фарси, это понятие постепенно стало символизировать приход весны, пору обновления жизни. «Наурыз» массово праздновался каждый год, начиная с 22 марта. В этот день выравнивается продолжительность дня и ночи. Мы, поколение послевоенной поры, стали едва ли не последними свидетелями этого торжества. Помню, как мы в детстве вместе со взрослыми встречали это красочное зрелище. Пек-лись пироги. Лакомства, различные блюда из проса, пшеницы. Это было выставкой народной кухни. Мужчины с лопатами, кетменями выходили чистить арыки, сажали деревья. Одним словом, был подлинный праздник труда, к которому никто не оставался равнодушным. Думается, что эту доб-рую традицию необходи-мо возродить как народный праздник, который стал бы таким же, массовым, красочным, жизнерадостным, как праздник «Русская зима», «Сабантуй в Поволжье». Осы хаттан кейін Нау-рыз мейрамы қазаққа қай-та оралды. Ұлылар Наурыз мейрамы туралы Абай:

Мақтымқұлы:
... Жеткен кезде Науры- зымыз жапан біткен жаң-ғырар, Тұман орап тау басын, аспан үрпі салбырар. Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бір, Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар. Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар, Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар. Ахмет Байтұрсынов:

Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл-жазғытұрым, қазақ елінде – наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды».




#Article 106: Бесқонақ (188 words)


Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы “Бесқонақ” деп атаған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.б. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн “фәнджи” немесе “андаргах” (“ұрланып кіретін” не “кетікті толтыратын”) деп аталған. Фәнджи парсылардың 8- және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі Соғдыда мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған. Байырғы қазақ күнтізбесінде “Бесқонақ” үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша “Бесқонақ” жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырады.  




#Article 107: Қазақтар диаспорасы (5403 words)


Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт.-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт.-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 – 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. 
Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.

Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70%-дайы ауылды жерде тұрады. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл - Алтай өлкесі, Астархан, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Сант-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде. 

Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. 
Этникалық өзін-өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% - ұлы жүзге және 1% - кіші жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады. 
Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Ұлттық аспаптар көбінесе отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың 70%-дан астамы ұлттық аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам ұлттық кием киеді. Сол сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны - киіз үйлер де кең тараған. 
Алтайдағы қазақ халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым. Туыстардың екі ұрпағы бірге өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш ауданындағы алтайлықтарда да, қазақтар да бірдей. Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ этносының арасында анағұрлым сирек кездеседі. Төртұрпақты отбасылар да кездеседі, алайда қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір пайыз. 
Отбасылық рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен құндылықтар жағына қарай ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда «ерлердің» және «әйелдердің» ісі деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Бірақ Көшағаш ауданындағы қазақ отбасыларының өмірінде дәстүрлік сипаттар бар, мысалға отбасындағы ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы. 
Этникалық сәйкестілікті сақталуына халықтың метистену деңгейінің төмендігі де жағдай жасауды. Алтай қазақтарының арасында этникааралық некелер тарамаған. Некелердің көбі бір ұлт адамдары ішінде жасалады. Этникалық біртекті некеде 76% қазақтар тұрады. 
Халқының 9% қазақтар құрайтын Усть-Канск ауданында ұлтаралық некелер санының арту үрдісі басым: қазақтардың 40% өзге ұлт өкілдерімен некеде тұрады (23% - орыстармен және 17 % - алтайлықтармен). 
Алтай қазақтарының тағы бір ерекшелігі – діни фактор. Алтайлықтар «лауазымды» этнос мәртебесін алған, ал әлеуметтік инфрақұрылымда көшбасында тұрған қазақтар этникалық азшылық рөліне түсіп қалған қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау нысанына айналған діни фактор ерекше маңызға ие боп отыр. Ислам әлемімен (Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия мұсылмандарымен) байланыс орнауына орай соңғы жылдардағы ауданның қарқынды «исламдануы» тек діни ғана емес, этникалық сананы да өзекті етіп отыр және Алтай Республикасы қазақтарының бірігуіне жағдай жасайды. Көшағаш ауданының этно-локалды топтары бабаларының діни ұғымдарын көзінің қарашығындай сақтауды. Аудан халқының басым бөлігі өздерін дінге сенетіндер деп санайды. 
Алтай мемлекеттілігінің шеңберінде Алтай Республикасының басқа халықтары сияқты қазақтар да мәдени және тілдік егемендігін алды. Республиканың заңнамалық актілері алтай және орыс тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялады және қазақ тілін қазақтардың жинақы тұратын жерлерінде ресми деңгейде пайдалануға болады деп көрсетті. Қазақтардың 90%-дан астамы өз тілін ана тілі санайды және отбасында қазақ тілінде сөйлесіп, оны жақсы білетіндігін көрсетеді. Басқа этникалық топтармен өзара әрекеттестік жағдайында алтай қазақтары орыс тілін ғана емес, алтай тілін де меңгеріп, ол тілде көп жағдайда еркін сөйлейді. 
Көшағаш ауданындағы нақты полилингвизм әкімшілік-саяси факторлармен және күнделікті өмір қажеттіліктерімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен негізделген. Алтайда көптеген онжылдықтар бойы білім беру тілі орыс тілі болып келді. Ұлттық білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттің басталуымен ауданның көптеген мектептерінде (олардың арасында үш бастауыш, он орта, бір орталау мектеп бар) 1-4 сыныптарда ана тілінде (кенттің этникалық көпшілігінің тілінде) оқыту, 5-11 сыныптарда – ана тілі курсын сақтай отырып орыс тілінде оқыту енгізілген. 
Аудан әкімшілігі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға жағдай жасауда. Оның жәрдемімен Көшағашта Қазақ мәдениетінің орталығы құрылды. Алтай қазақтарының өзіндік ерекшеліктерін сақтаудың басқа да шаралары жасалып жатыр. 2001 жылы Көшағаш ауданының Жаңаауыл кентінде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин өз үндеулерін жолдады. Құрылтайда басқа мәселелермен бірге қазақ тіліндегі жергілікті телевидение, баспасөз және радионы дамыту жоспарлары талқыланды. 
Іс жүзінде барлық қазақотбасыларының (95%) өз үй шаруашылығы бар, олар ет мен сүт өндірісінде жетекгі рөл атқарады.

Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 млн.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда қазақтардың саны 1 млн. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. 
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкін
Мектептерде қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты 2002 жылы Елшілік ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ӨР Халыққа білім беру министрлігіне 5 млн теңгенің оқулықтарын берді. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі, соның ішінде Өзбікстан, қазақ диаспорасының балалры үшін 5 сынып үшін 18 699 дана, 9-сынып үшін 19 300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн жіберілді. Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр. 
Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана тілінде білім алумен байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді баспасөздерге жазылуға шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы проблемалар, әдеуметтік-экономикалық проблемалар. Өзбекстанның аудандары мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің хабарлары біртіндеп экраннан түсіп қалуда. 
Білім беру жүйесінде де өз қиындықтары бар, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы білім беретін мекемелері латын графикасына көшуі білім алуға қосымша қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойын өсірумен айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да материалдық емес салаларда жұмыс істейді. 
Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік органдарындағы өкілділігі лауазымды ұлтпен салыстырғанда өте төмен. Республиканың қазақтар тығыз орналасқан өңірлері – Қарақалпақстанда, Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі басшылардың саны соңғы жылдары елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан, жалақысы жоғары немесе беделді лауазымдардан босатып жатыр. Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік, саяси құқықтарының бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің мұндай әрекеттері республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі этникааралық жанжалдар санының артуы осының жанама дәлелі бола алады. 
Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық жағдайының нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді құқықтардың жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ халқын ғана шеттету деп қарамау керек. Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен байланысты және ұлтына қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік мәртебесінің төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу мүмкіндіктері оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға көмектеседі.

Соңғы халық санағына (1999 жылғы сәуір) сәйкес мұндағы этникалық қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65 мың шамасында. Анағұрлым жинақы орналасқан жерлері Шу облысы (17 510 адам), Бішкек қаласы (12 064 адам), Ыстықкөл (6979 адам), Талас (3604 адам), Жалал-Абад (1 130 адам), Ош (1200 адам), Нарын (394 адам) және Баткент (376 адам) облыстары. Білім деңгейі: жоғары білімі барлар – 4 234 адам, аяқталмаған жоғары - 678, орта-арнаулы – 4 346, орта – 13 366, қалғандарында – бастауыш білім. Қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар. 
Жалпы алғанда Қырғызстандағы біздің отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мақтанарлықтай емес. Қазақтардың бір бөлігі аралас некеден туған, ассимилияция қаупін туғызады. 1999 жылғы ұлттық халық санағы мәліметтеріне сәйкес 42 657 қазақтың 7546-сы ана тілін қырғыз тілі деп, 2449 – орыс тілі, 95 - өзбек тілі деп көрсеткен. Мұның себептерінің бірі қазақ диаспорасы жинақы тұратын аудандарда қазақ орта мектептері мен балалар мекемелері жоқ деуге болады, ана тілінде теле- және радио бағдарламар таратылмайды.

ҚР Елшілігі Түркменстандағы қазақ мектептерінің директорларына 16 000 оқулықтар мен оқу құралдарын тапсырды. Соңғы уақыттарда көшіп келген қазақтардың азаматтығын ауыстыру мәселесі ерекше өткір болғандықтан, сондай-ақ бұл процедураның ұзақтығы мен қымбаттығына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркмен тарапына Азаматтықты оңайалатып алу мен тоқтату туралы Келісімнің жобасын жіберді. Алайда Түркменстанның Орталық Азия елдерінен бөлектенуіне және біздердің елдеріміздің арасындағы визалық режим енуіне байлйанысты бұл проблема әлі күнге өзінің оң шешімін таппай отыр. Осы үшін біздің отандастарымызға залал көруде, олардың Қазақстанмен гуманитарлық байланыстары шектеулі.

Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында — 12 215, Ұланбатыр мен оның төңірегінде – 7 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында – 4 245 адам тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен – 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. 
Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. 
Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты.

Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі –  отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. 
Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 

Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймқтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында және аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. 
ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай (орталығы Алтай қаласы), Іле (орталығы Құлжа қаласы,қытайша Иниң) және Тарбағатай (орталығы  Шәушек (орысша Чугучак, үйғырша Чочек, қытайша Тачың) қаласы) аймақтарының (округтерінің) аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық ауданы мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық ауданының (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. 
ШҰАР аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу өлкесіндегі Ақсай-Қазақ автономиялы ауданы. Цинхай өлкесінде Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялы облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялы қазақ болыстары бар. 
Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. 
Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. 
Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% – 1962 жылдан кейін және 50% – «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық райондағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. 
Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% – жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 

Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. 
Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. 
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. 
Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады.

Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. 
ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). 
Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. 
ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. 
Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан аймақтарына қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАР юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. 
ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. 
Аймақты (округті) үәли (губернатор) басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. 
Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. 
Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан.

Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ XX ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады. 
Түркияда тұратын қазақтар жинақы орналасқан. 1972 жылы олар түрік үкіметіне өтініш жасады, сол жылы оларға Стамбулдан сатып алу және құрылыс салу үшін жер берілді. Біздің отандастарымыз бұл ауданды «Қазақкент» деп атады, қазір ол «Гюнешли» аталады, түрік тілінен аударғанда «Күн сәулелі». Стамбулда қазақтар басқа аудандарда да тұрады (мысалға, Зейтинбурну, Кучук Чекмеджи, Сафра-кой, Орнектепе), бірақ олар бірге болуға тырысады. 
Түркияда тұратын қазақтардың саны туралы мәліметтер де әралуан, сан айырмашылығы өте үлкен. 19 000-нан 25 000-ға дейінгі сандар аталады. Мысалға, Сайлау Батыршаұлының мәліметі бойынша Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003 жылы 19 мың адам болған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 25 000 адам деп көрсетілген. Қазақтардың негізгі бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің жағасында, Стамбулдың “Зейтинбурну” ауданында шоғырланған, 120 отбасы – Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), 80 отбасы шамасында - Нигде провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда тұрады. 
Г.Меңдіқұлованың пікірі бойынша, көп жағдайда Түркиядағы қазақ қауымдастығы қазақ диаспорасы өкілдері үшін үлгі болды, бұл қазақтардың күш-жігерімен ғана емес, түрік үкіметінің түсіністікпен жауап қату әрекетімен де мүмкін болды, соның арқасында Шыңжаннан босқан қазақтар бұл жерден екінші Отанын тапты. 1990 жылдардағы Түркиядағы қазақ қауымдастығын зерделей отырып, 1970 жылдары қазақтардың аға буыны қалап кеткен, қазіргі кезде жемісін көріп отырған этникалық сәйкестілікті сақтау процесіндегі мынандай сәттерді атап өтуге болады. 

Түркияда 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының толқыны ретінде түрік қазақтарының «Вакиф» мәдени-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғамның құрылтайшылары 10 адам болды және алғашқы төрағасы болып Токтоубай Топлу сайланды. 1988 жылғы наурыздан бастап «Вакиф» түрік қазақтары қоғамының бюллетені» шыға бастады. «Бюллетеннің» екі нөмірі ғана жарыққа шықты. Бұл «Бюллетеньдерде» этнография мен қазақ халқының тарихы бойынша материалдар, Түркия мен Батыс Еуропадағы қазақ қауымдастықтарының өмірі туралы материалдар орын алды, қазақ диаспорасынан шыққан танымал қайраткерлермен және кәсіпкерлермен сұхбаттар жарияланды. Диаспораға әлеуметтік және экономикалық көмек көрсету мәселелерімен «Түркия қазақтарының қоғамы» айналысады, оның мәртебесі ұлттық-мәдени орталыққа тең. Түркияда басқа да қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді: «Түрік қазақтарының әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоры», «Қорқыт Ата қоры», «Шығыс Түркістан қоғамы» және «Ахмет Иассауи» қоры. 

Түркияда жоғары білім алу қымбат, сондықтан оған көптеген қазақ жастарының қолы жете бермейді. Жоғары оқу орнына түсетін қазақ жастарының өкілдері негізінен ең озат студенттердің бірі болады. Кейбір қазақтардың екі жоғары білімі бар. 
Қазіргі кезде 200-дей қазақтың қыздары мен ұлдары Түркиядағы жоғары оқу орындарында экономика, құрылыс, журналистика, медицина және заңгерлік мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Алайда Түркиядағы қазақ жастарының көпшілігі өздерінің этникалық: тері өнімдерін өңдеу, тігу және сату бизнесімен шұғылданады. 
Түркиядағы қазақ отбасыларының көбі күрделі (бөлінбеген) және моноэтникалық болып келеді, әйтсе де басқа түркі халықтары өкілдерімен: қырым татарларымен, қырғыздармен, ұйғырлармен некелесу де онша аз емес. Қазақтың жігіттері үшін некеге тұру жасының шектелуі жоғары. Қазақтар көбінесе 30-ға толғанда, отбасын құруға және толық жауап беруге материалдық негіз қаланған кезде үйленеді. Дәстүр бойынша Түркияда отбасы үшін бар жауапкершілік ерлерге жүктелген. Жоғары білім алмаған қыздар көп жағдайда кәмелетке тола салысымен күйеуге шығып, күйеулеріне отбасылық өндірісте көмектеседі. 
Қазақ жастарының өкілдері Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдерінен жұмыс пен жақсы өмір іздеп өз үйлерін жиі тастап кетіп жүр және соңғы алты жылдың ішінде Қазақстанға көшіп келуге әрекет ете бастады. 
Түрік қазақтары тұрған елінің жағдайына көбірек бейімделген диаспора болып табылады. Түркия мәдени, діни, тілдік жағдайы анағұрлым жақын ел. Еуропада тұратын қазақ диаспорасының Түркиямен байланысты әлі күнге күшті. Шын мәнісінде еуропалық диаспора – бұл Түркия аумағынан көшіп келгендер. Бұл тұрмыста, тұлғааралық қарым-қатынастарда көрініп тұрады, қазақ диаспорасының өкілдері өз балаларына негізінен түрік есімдерін береді, салт-дәстүрлер мен мерекелер түріктердің әдет-ғұрпы бойынша өтеді. Бұл заңды да, өйткені түркі халықтарының жақындығы ежелден тығыз болды және Түркияда ұзақ өмір сүру, сөзсіз қазақтардың мәдениетіне ықпал етті. 
Еропалық қазақтардың Қазақстанға қарағанда Түркиямен туыстық байланысы күштірек. Олардың туыстарының көпшілігі Түркияда, Қытайда, Алтайда тұрады. 
Қазіргі уақытта Стамбулда Түрік қазақтарының қоры белсенді жұмыс істеуде, Стамбул қаласының муниципалитеті Қорға арнап үй-жай бөлген. Қор басшылары қазақ тілін оқып-үйренуге жағдай жасауға, Стамбул қазақтарының Қазақстан мәдениеті, өнері өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға тырысады, Қорда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары болып қайтты. Қордың кабинеттерінде қазақтың ұлттық тұрғын-үйі – киіз үй қойылған, қазақ тұрмысының заттары, Қазақстан туралы әдебиеттер жинақталған, олар әртүрлі мерекелерде, кездесулерде, концерттерде көрсетіледі. Қордың жанында балалар би ансамблі ұйымдастырылған, ол әртүрлі концерттерге, тұсау кесер рәсімдеріне қатысады. 
Қордың күшімен «Арман» журналы шығып тұрады. Материал таңдауда қиындықтар бар, елдегі өмірді толық қамтып жазатын авторлар жоқ. 
Түрік қазақтары қазақ тіліндегі ақпараттар алуда қиындықтарға тап болуда. 
Қазақ диаспорасының аудан мен қала муниципалетитімен қарым-қатынасы жақсы. Қордың басшысы жергілікті өкіметтің қазақтарды ерекшелендіріп тұратын заңға мойынсұнушылықты, үлкендерді силауды, еңбекқорлықты бағалайтынын атап өтеді. Қазақтардың өз ортасында билер институтын (кішкене өзгерген түрінде) жүргізеді. Жергілікті биліктегілер басқарудың бұл жүйесін аудандық деңгейге еңгізу туралы ұсыныс жасаған. Қазақтардың арасында полицияға ұсталған, қылмыс жасалған, бұзақылық және т.б. оқиғалары жоқ. Қазақтардың экономикалық жағдайы тұрақты, жұмыс істей алады және кәсіптері бар. 
Жастар түрік тілінде сөйлейді, оқу орындарында түрік тілінде білім алады. Қазақ тілін үйретуді Қор өз күшімен ұйымдастырған. 2005 жылы Стамбул университетіне қазақ тілінің оқытушысы келіп, студент жастар арсында тілді оқытуды ұйымдастырды. Оқу-әдістемелік әдебиет тапшы. Әліпбилер графикасының әртүрлі болуына байланысты қиындықтар бар. Қазақстаннан келетін оқулықтар кириллицада жазылған. Тілді үйрету үшін осы графиканы білетін мамандар жоқ. Бұл жағдай Қазақстаннан келетін киррилицада жазылған оқулықтардың мәнін жоқ етуде. 
Қазақ диаспорасы Стамбулдағы қазақстандық елшілікпен өте тығыз байланыста. Олардың қолдауымен Наурыз мерекесі, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерттері ұйымдастырылған. 
Түркияда қазақтар негізінен тері ісімен айналысады, дербес бизнестерін дамытуда. Жұмыс, салық, бәсекелестік жағдайларында қиындық көрмейді. Олардың айтуынша қазақтарды адамгершілігі мен жауапкершілігі үшін жақсы клиент және серіктес ретінде силайды. 
Қазақстан нарығына жұмыс істейтін кәсіпорандар бар, Алматыда 13, Шымкентте 30–ға жуық дүкендері ашылған. Алайда олар аз, сондықтан санын көбейту қажет. 
Түркияда тұратын қазақтар қазақ тілінің жоғалуына, Қазақстаннан келетін ақпараттардың тапшылығына, Қазақстанға көшіп барудың қиын жағдайларына алаңдаулы. 
Эфирде қазақ тіліндегі хабарлардың жоқтығынан қанағаттанбаушылық сезімде. Қазақ тілін білуді қолдайтын және дамытатын ақпараттық орта жоқ. Аға буын балалары мен немерелерінің болашағына қатты алаңдайды. 
Түркия қазақтары Отанына оралу шарттарының күрделілігіне қатты абыржулы: тіркелу (прописка), ТИБ-нан анықтама сияқты оралмандарда болмайтын құжаттарды жинуадың машақаты. 
Түркияда тұратын қазақтардың пікірінше, шетелдегі қазақ диаспорасы Қазақстанның халықаралық қатынастардағы позициясын күшейте алар еді, елдің оң имиджін қалыптастырудың, экономикалық байланыстарды нығайтудың көзі болалар еді. Маңызды шарттардың бірі мәдени орталық құру, оған мемлекеттің көмегі қажет.

АҚШ пен Батыс Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және «еңбек» көші-қоны толқынында қалыптасқан. Қолайлы әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайы мен сіңісті ділі оларды Еуропада ұстап тұр. Басқа елдерде қазақ ұлтының өкілдері саны аздығынан жергілікті халыққа сіңіп кеткен. 
Тұманды Альбион жағалауындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны аз болуы 1960-1990 жылдардағы британ көші-қон саясатының құқықтық шараларының салдары болды. Ұлыбританияда қазақтар негізінен Лондон мен Редингте тұрады, бұл олардың кәсіби бағдарымен қызмет аясына байланысты. 
Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алып келу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. 
Ол үшін 1992 жылы Ұлыбританиядағы қазақтар қоғам құруға шешім қабылдады, өйткені 1985 жылы бұл елге Түркия мен ҚХР қазақтары оқу және жұмыс істеу үшін көшіп келе бастады. Бұл қоғамның мақсаты Ұлыбританияда тұратын қазақтардың арасында бір-бірімен байланыс орнату, сондай-ақ этникалық Отаны – Қазақстанмен жан-жақты байланысты нығайту болды. Мұндай қадамдардың бірі 1995 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары кезінде жасалды, қазақ диаспорасының өкілдерін Президент қабылдап, олармен әңгіме барысында олар өз проблемаларын талқылады. 
Өкінішке орай, Ұлыбританиядағы қазақ қауымдастығын ерекшелендіріп тұрған нәрсе олардың бастарының бірікпеуі, қазірге дейін ҚХР-да, Түркияда және Қазақстанда тұратын қазақтармен тығыз байланыс орнатылмаған. Қазақ қоғамы берген мәлімет бойынша Лондонда Түркиядан шыққан қазақ диаспорасының 65 өкілі тұрады. Бұған ҚХР, Қазақстаннан және басқа елдерден келген қазақтар кірмеген, олар қазақ диаспорасының санын 100-120 отбасына көбейтеді. 
ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960-жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ – түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. 
ГФР-да қазақтар Рура мен Рейн өнкрекәсіптік аймағындағы жұмыстан басқа қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, соның ішінде Мюнхеньде «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс істеді. ГФР-дағы қазақтар мына жерлерде тұрады: Мюнхеньде - 60 отбасы немесе 300 адам, Кельнде - 90 немесе 450, Гамбургте - 4 немесе 20, Батыс Берлинде - 20 немесе 100, Хайдельбергте - 1 немесе 5, Майнцте - 2 немесе 10, Майндегі Франкфуртте - 1 немесе 5. Барлығы: 178 отбасы немесе 890 қазақ. 
ГФР-да өскелең қазақ жастарының арасында мәдени-білім беру шараларын өткізу үшін Мюнхень мен Кельнде екі қазақ қоғамы ұйымдастырылған. ГФР-дағы бұл қоғамдардың қызметінің жанданбай тұрғанын іс жүргізу мен үйлесімді әрекет ету тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады. 
ГФР-дағы қазақ диаспорасы үшін өткір мәселелердің бірі тілдік проблема болып табылады. Негізінен, қазақтар отбасында түрікше, балалары немісше сөйлеседі. Қазақстаннан қазақ тіліндегі кітаптар, газеттер мен журналдар жіберу осы проблеманы шешуде күшті қолдау болар еді. 

ГФР-да тұратын қазақтарды олардың жоғары білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесі ерекшелендіреді, өйткені көшіп келген қазақтардың алғашқы буындары өз балаларына жақсы білім бере алды, қазір олар заңгер, стоматолог, инженер болып жұмыс істеуде. ГФР қазақтарының отбасылық қарым-қатынасында, мысалға, Франциядағы қазақтарға қарағанда консерватизм басым. Қалыңдықтарын Түркияда тұратын қазақ отбасыларынан әкелуге тырысады. Түрік қыздарымен жиі некелеседі және түркі емес халықтармен некеге тұрмайды. 
Ақпарат беруші қазақтардың мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады, негізінен Түркиядан барғандар. Олар Стокгольмде, Евелде, Вастераста, Гетеборгте тұрады. Соңғы уақыттары олардың саны осы елдің азаматтарымен некеге тұрған Қазақстаннан келген қазақтармен толығуда.

АҚШ-қа қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көшіп бара бастады. Негізінен, АҚШ-тың қазақ халқын бірнеше топқа бөлуге болады: 

АҚШ мультимәдени және полиэтникалық ел ретінде көшіп-қонған қазақтарды 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1965 жылғы көші-қон заңын ырықтандырғаннан кейін тарта бастады. «Америка этникалық топтарының Гарвард Энциклопедиясына» сәйкес 1960-жылдары АҚШ-та 20 шақты қазақ отбасы болған. Бұл 20 отбасының 13-і осы елге 1960-жылдардың ортасында көшіп келіп, Нью-Йорк, Вашингтон (Колумбия округі) метрополиінде және Калифорния штатында қоныстанған бұрынғы вермахт тұтқындарының отбасы. Бұл облыстарға қоныстануды мына көрсеткіштер бойынша таңдаған: 

АҚШ қазақтарында моноэтникалық және этникааралық некелер байқалады. Этникааралық некелер аға буынға тән. Керісінше, диаспораның екінші, үшінші буын жастары өмірлік серіктерін қазақ ортасынан табуға тырысады, бұдан этникалық сәйкестілікті сақтауға арналған стратегия айқындалады. 
Басқа диаспораларға қарағанда АҚШ-тағы қазақтардың саны аздығынан және америкалық қоғам тіршілігінің барлық саласына ықпал ету мүмкіндігі болмағандығынан маңызды проблемаларын бірлесе шешуге болатын өз қоғамы да жоқ. Британиядағы сияқты америкалық қазақтарға да басы бірікпеушілік тән. 

АҚШ-тағы қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы қазақтарының АҚШ азаматтарымен жасалған этникааралық некелерінің, сондай-ақ америкалық өкіметтің Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен мамандарына осы елде тұрып, қызмет ету мүмкіндігін беруі арқасында өз қатарларын толықтырып отырады.

Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30-жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер. Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдемімен 59 отбасы арнайы авиарейспен тарихи отандарына көшіп келді.

Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасы Сайлау Батыршаұлының мәліметтері бойынша 1600 адамды құрайды. М.Тәтімов олардың саны 3 000 адам деп есептейді, Г.Меңдіқұлованың мәліметтері бойынша олардың саны 5 000 адам. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. 
Пәкістаннан келген репатрианттар өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандықтан Елшілік олардың тіршілік етуіне көмектесудің барлық мүмкіндіктерін жасады. 1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ.
Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.

Босқындар – сөздің бастапқыдағы мағынасы: өз елін, жұртын қандай да бір келеңсіз жағдайға байланысты қалдырған адамдар, мысалы, соғыс, ашаршылық, жұт, стихиялық бәле және т.б.

Диаспора –грек сөзінен шыққан,белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. («шашыраңқы» немесе «елінен, жерінен ажыраған»).

Кордон- шекара күзеті болатын жер.

Конвенция – халықаралық келісім, қандай да бір арнайы мәселемен мәмілеге келу.

Миграция – халықтың қоныс аударуы, қозғалысы; халықтың ел ішіндегі ішкі көші-қоны; халықтың бір елден екінші елге қозғалысы, сыртқы көші-қоны.

Отан- туған ел, атамекен. Адамның туған жері: сол халықтың тарихи аумағындағы оған жағатын табиғат, халқы, тарихи даму ерекшеліктері, тілі, мәдениеті, тұрмысы және өнегелігі.

Оралмандар – Қазақстан Егемендігін алмай тұрғанда өзге мемлекеттің территорясында тұрған қазақ ұлтының азаматтығы жоқ шетелдектер,  енді Қазақстан жеріне тұрғылықты тұру мақсатымен келгендер.

Репатриация- әскери тұтқындарды, босқындарды, эмигранттарды туған еліне қайтару.




#Article 108: Қазақтар (этногенез) (1030 words)


Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады. Палеолит дәуiрiне жататын көптеген археологикалық мұра орындары анықталды.

Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит, қола дәуiрiде алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастады және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал аумағы, Едiл бойы, Орта Азия халықтарымен тығыз байланыста болған, соны көрсететiн археологиялық, антропологиялық, этнологиялық дәлелдер көп.

Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңтүстік-шығыс беткейдi мекендедi. Арал теңізі мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары солтүстік Қара теңіз өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төменгі Едiл бойы мен Оңтүстік Орал өңiрiндегi савроматтардың, Құрұш пен Дараяуыш I және Ескендір дәуiрiндегi көнеюнандықтардың (көнегректердің) тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады.

Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда, б.з. 5 ғ-на дейiн) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңттүстігінде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, т.б. аумақтарда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал шаруашылығымен, кен қазумен шұғылданып, отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Қазақтардың шығу тегiне сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар.

Ұзақ заманғы бұл этникалық процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды.

Оның орнына Түргеш қағандығы (704—756), одан кейiн Қарлық (қарлұқ) қағандығы (756—940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн шаруашылығы дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды.

Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлықтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орта Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi.

Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында бесенелер () мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi.

Найман, керейiт, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орта Азияның шығысында — Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да, олардың қазақ тарихына тiкелей қатысы бар. Моңғолдар талқандағаннан кейiн найман мен керейiт топтары, жалайырлар қалыптасып жатқан көптеген түркi халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына бiртiндеп сiңiсе бердi. Наймандар моңғол кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен. Керейiттер Едiл бойына дейiн барып, кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына, ал шағын тобы қазақтардың құрамына кiрдi. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында көшпелi мал шаруашылығымен айналысқан қыпшақтар өмiр сүрдi.

Қыпшақтар 11 ғ. кең байтақ қазақ даласы мен Оңтүстік орыс даласына үстемдiк еттi де, 12 ғ. Днепр өзеніне дейiн жайлап жатты. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр топтары кейiнiрек өзбек, қарақалпақ, башқұрт және қырғыз халықтарының да құрамына қосылды.

Қазақтардың бiр тұтас халық болып қалыптасу жолында 13 ғ. басталған моңғол шапқыншылығы да айтарлықтай iз қалдырды. Жетiсу халқы Шыңғыс ханға ешбiр қарсылықсыз берiлдi. Одан ығысып келген бiрқатар тайпалар Қазақстандағы этникалық өзгерiстердiң бiршама сапырылысуына өз әсерiн тигiздi.

Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейiн 13 ғ. ортасында қазақтар жерiнiң көп бөлiгi Жошы ұлысына қарады, тек Жетiсу бойы Шағатай ұлысының қарауында болды. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлiгiнiң аз ғана бөлiгi Үгедей ұлысына ендi. Көп ұзамай моңғолдар жергiлiктi тұрғындармен, әсiресе, қыпшақтармен араласып, өзiндiк ерекшелiктерiнен мүлдем айрылды да, 14 ғ. бүтiндей қыпшақ болып кеттi, қыпшақтың тiлiн, салт-санасын қабылдап, түр-түс жағынан да қыпшақтарға сiңiсiп кеттi.

Моңғолдан кейiнгi кезең (14 — 15 ғ-лар) Шығ. Дештi-Қыпшақ, Жетiсу мен Оңтүстік Қазақстанның кең аумағындағы көшпелi және жартылай көшпелi, отырықшы-егiншi халықтың бас қосып бiрiгуiмен сипатталады. Бiрыңғай халық пен оның мемлекеттiгiн құру жолындағы тарихи қам-харакеттiң дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау iсiнiң аса қиын жағдайында өтедi.

Моңғол империясы ыдырағаннан кейiнгi кезеңiнен соң осы аймақ халқының саяси өмiрiнiң дамуы жергiлiктi этн. негiзде пайда болған бiрнеше мемл. құрылымның оңашалануы арқылы өтедi: олар Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлхайыр хандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы. 14 ғ. мен 15 ғ-дың бас кезiнде Қазақстан халқының мемл. бытыраңқылығының сақталып қалуы — жаңадан ғана құрыла бастаған қазақ халқының этн. даму жолының, үш жүздiң түзiлуi сияқты, ерекшелiгiнiң тууына себепшi болды.

Тарихи дамудың сол кезеңiнде iлгерiде айтылған мемлекеттер шеңберiндегi этн.-саяси эволюциялық өзгерiстер жаңадан ұйымдасып жатқан көршi түркi халықтары — өзбек, қырғыз, татар, ноғай, т.б. үшiн де белгiлi дәрежеде ортақ болды. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасындағы тайпалар мен тайпалық бiрлестiктер экон. дамуының деңгейi, қоғамдық қатынастары мен мәдениетi жағынан бiр-бiрiмен өте жақын едi.

Қалыптасып қалған қазақ халқының жекелеген бөлiктерiнiң бiрнеше саяси бiрлестiктерге — мемлекеттерге енуi, өндiргiш күштердiң әлсiреп, мұның iшiнде адам санының кемуiне, экон. құлдырауына, туыстас этн. топтардың бытырап кетуiне, олардың саяси және шаруашылық байланыстарының үзiлуiне әкелiп соқтырған үздiксiз соғыстар мен Жошы әулетi арасындағы, рулар мен тайпалардың басшылары арасындағы өзара алауыздық талас-тартыстар мұндағы халықтардың бiрiгiп нығаюын тежеп отырды. Сол себептi этн. өзара жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жеңiп шығу iс жүзiнде бiр тектi халыққа айналып болған қазақ тайпалары мен руларын мемлекетке бiрiктiру қажеттiлiгiн алға тартты. Оның шешiлуiне Қазақ хандығын құру нақты мүмкiндiк туғызды.

Қазақ хандығының құрылуы Шығ. Дештi Қыпшақ, Жетiсу, Оңтүстік Қазақстанның кең-байтақ жерiнде етек алған әлеум.-экон. және этно-саяси құбылыстардың заңды қорытындысы едi.

Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесiн (Ақ Орда) тегiс мирас етiп, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлы жүз қазақтары қосылды. Қ. мемлекеттiгiнiң белгiлi жерi болуымен бiрге, оның барлық халқы ортақ бiр тiлде сөйледi, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болды.




#Article 109: Етістік (615 words)


Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.

Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.

Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.

Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте-бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала-жұмсала келіп, бірте-бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та), жорт (жоры+т) дегендерді, сондай-ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай-ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.

Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.

Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.

Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:

Бұл салаға етістік негіздерінен арнааулы жұрнақтар арқылы жасалатын туынды етістіктер енеді. Бұл жұрнақтарды семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады. 

Күрделі етістіктердің түрлері:

Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.

Бұл етістіктердің әрбір бөлігінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі.

Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грамматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.

Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға жәрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі — е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді.

Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады.

Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:

Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:

деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.

Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды

деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.

Дара етістіктер - тек кана сөз түбірінен немесе бөлінбейтін негізінен түратын етістіктер (қаз. бар, кел, ал, т.б.)

Статистикалық етістіктер - қалды (қаз. аурып жатырмын), катынасты (қаз. сәкестену), сапалар мен қасиеттер көрсетуін (қаз. шөп көгіріп көрмеді) белгілейтін етістіктер.

Фазалық етістіктер - кимылдың бір фазасын (басын, жалғасын, аяғын) белгілейтін етістіктер.

Финитивті етістіктер - жіктеу формадағы етістіктер.

Хамзалы етістіктер - түбір құрамында көмейден шығатын дыбыс(хамза) бар араб тіліндегі етістіктер.




#Article 110: Одағай (416 words)


Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы:  Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов);  Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да);  Түу, қандай тымырсық түн (бұ да);  Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е  деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.

Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.

Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды

Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.

Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда).
Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).

Адамға арнайы айтылатын одағайлар.

Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:

Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.

Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар: 

Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді: 

Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Қош! Рахмет! Ассалаумағалейкүм! Қайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.

Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар  - негізінен, түрленбейтін, қосымшаларды көп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар  өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар  сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, шу дегеннен, әу деді т. б.).




#Article 111: Морфология (лингвистика) (1193 words)


Морфология ( — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық  сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. 

Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды. 

Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық  мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым — негізгі түбір, -дас — сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы, -у — қимыл есім жұрнағы, -шы — сөзжасам жұрнақ, - лар — көптік жалғауы, -дың — ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық  мағыналары бар.

Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: Ахмет Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми - зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта, орталау мектептерге арналған Қазақ тілі грамматикасы мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған Қазақ тілі (1948) және жоғары оқу орындарына арналған Қазіргі қазақ тілі (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері, А. Ысқақовтың Қазақ тіліндегі үстеулер, Ғ. Мұсабаевтың Сын есімнің шырайлары, Ә. Хасеновтың Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, Р. Әміровтың Қазақ тіліндегі шылаулар, Ш. Сарыбаевтың Қазақ тіліндегі одағайлар т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер (1960); Ж. Шакеновтың Қазақ тіліндегі сын есім категориясы (1961); Ә. Ибатовтың Қазақ тіліндегі есімдіктер (1961);
Ә. Төлеуовтың Қазақ тіліндегі есім категориясы (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық  ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА Ғылым баспасынан шыққан Қазақ тілінің грамматикасы болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.

Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық, не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді. 

Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі — сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бул мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұба-нов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) жайында мынаны айтуға болады. 

Мысалы, қора-қора (қой), тау-тау (шәп) дегеннен біз тек грамматикалық  көптік мағынаны ғана ұғынамыз. Ал қора-қопсы, тау-тас десек, лексикалық мағына. Осы сияқты қазіргі қазақ тілінде ащы ішек, соқыр ішек, жер май, асықжілік, боз торғай, қос аяқ, ақ кұтан т.б. сияқты күрделі формаларда қолданылатын сөздер мол-ақ. Мұндай сөздер көпке тарап кеткен (бірақ теріс) түсінік бойынша, егер бірігіп жазылса, өз алды бір лексикалық бірлік (единица), демек, жеке сөз (біріккен сез) болып танылады да, егер бөлек жазылатын болса, бір бүтін лексикалық бірлік (единица) емес, демек, бір сөз емес, өз алдына бөлек-бөлек сөздер болып шығады. Оны фразалық тіркестер қатарына, сөз тіркесіне ығыстыра салады. Сөздерді анықтауда негізгі критерий олардың бірігіп немесе бөлек жазылуында болмаса керек. Ол — таза орфографиялық мәселе. Қайта ондай тіркестердің лексика-грамматикалық, лексика-семантикапық жақтарына баса көңіл бөліп, қажеттілігіне қарай оларды күрделі сөздер ретінде таныған жөн. Әдетте мұндай сөздер екі түрлі (көбіне атау) сөздердің тіркесіп айтылу негізінде компоненттердің әуелгі мағынасын осалдата барып, жаңа бір конкретті мағынаға ие болу түрінде айтылады. Мысалы, соқырішек, ащыішек, жер май, боз торғай, шуда жіп т. б. деген күрделі сөздердегі соқыр, ащы, жер, боз, шуда сияқты сөздер әуелгі дербес мағынасында жұмсалып тұрған жоқ. Сол сияқты, ондай тіркестегі сөздер әуелде жеке-жеке жалпы есімдер болса, тіркестің қазіргі ұғымындағы түрінде бір ғана жалқы есім сапасына көшкен. Демек, әуелгі жалпы есімдерден жаңа бір жалқы есім пайда болған. Олардың тіркескен түрде бір ғана сөйлем мүшесі болуы, тіркесін жазбай тұрып әр түрлі сөз қоспай жұмсалуы сияқты толып жатқан қасиеттері тағы бар. Мұндай қасиеттер бұл сияқты тіркестерді қалайда күрделі сөздер дәрежесінде тануға итермелейді. Олай болса, қазіргі ешбір күмәнсіз мойындапып жүрген күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) қатарына күрделі сөздердің тағы да бір жаңа түрін, ол құрамды сөздер бола ма немесе тіркестегі сөздер бола ма, әйтеуір күрделі сөздің бір түрін қосу керек болады. Бұны біз тек лексикаланған күрделі сөздер жайында ғана айтып отырмыз.

Есімдіктердің мағыналары тым жалпы болғанымен, ол мағыналар түптеп келгенде зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат не заттық белгі деген ұғымдарды білдіріп, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы болып келеді. Сондықтан да олардың осы заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама болса да, бойына деген қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер қатарына жатқызылады.

Есімдіктер түгел алғанда жалпы атауыш сөздер болып саналады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. Мысалға мен, сен жіктеу есімдіктерін бұл, сол сілтеу есімдіктерін алайық. Егер осы есімдіктердің негізгі атаулық мағыналарын таптастырып қарайтын болсақ, заттық ұғымдағы сөздер және заттың белгісі ұғымындағы сөздер болып іштей күрделі екі жікке бөлінетіндігін көреміз. Сонда мен, сен, кім?, не? Есімдіктері заттық ұғымдағы сөздер –заттық атаулар болады да, бұл, сол, қай? Есімдіктері заттың белгісі ұғымындағы сөздер –белгі атаулары болып шығады.

Міне, осы негізгі мағыналық жіктер өз тарапынан сөздерді, біріншіден, заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұғымындағы сөздер –атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөледі.

Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Осы негізгі екі жік есімдіктердің түрлену жүйесінде де негізгі жетекші рөл атқарады. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай, зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын да қабылдамайды.




#Article 112: Қазақ транслитерациясы (214 words)


Қазақ транслитерациясы —

Бұл жүйе Қазнеттің стандартына айналды-мыс. Шетелге бағытталған ресурстар веб беттер мен электронды поштада осы жүйені қолданады.

ҚР ҒА Тілдер Институты осы жүйені қазақ жазуының латын алфавитіндегі жаңа стандарты болады деген сенімде. Қосымша Транслитерация жүйелерінің салсытырмалы кестесін қараңыз.

Түпнұсқа мәтіні  болып табылатын Қазақстанда қолданылып жүрген мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.79-2000,  әріп ауыстыруды А (диакритика) и Б (қосарлы әріптер) жүйелері бойынша көздейді.

ГОСТ 7.79-2000-де делінген:

Бірақ та Қазақстанда қазақ-кирил мәтіннің қосарлы әріптер негізінде (жүйе Б) латынға әрпін ауыстырудың ережелері тиісті ұлттық стандарт ретінде күні бүгінге дейін (2006 жылдың орта кезі) қабылданбай келеді.

Қытайдағы қазақтар арабша мәтінді латыншаға ауыстырған кезде пиньинь негізінде жасалған ерекше транслитерация қолданылады. Кестеде мейілінше толық көрсетіледі (іс жүзінде гравистер жазылмауы мүмкін).
Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырмалы кестесі

Казановица немесе казновица (казахская новая кириллица) — қосарлы әріптер немесе (диграфтар) пайдалану негізінде қазақ әліпбиінің әріптерін  орыс әліпбиінің әрпітеріне ауыстыру яғни транслитерация болып табылады. «Казновица» авторы (Андрей Владимирович Сергеев) идеясының негізінде  — алмандықтардың жаңа орфографиясында қолданылатын ( умлауттары: Ä, Ö, Ü және лигатуралары ß бар әріптерді: АЕ, OE, UE и SS сияқты қосарлы әріптерге ауыстыру тәжірибесі жатыр). Казновица қаңидаттары солтүстік-қауқаз  түріктерінің, дәлірек айтқанда (қарашай–балқар, құмық немесе ноғай) жазуларындағы принциптерге ұқсас келеді.

Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесі
Автордың айтуынша, UTF-8 стандартын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, «казновица» кәдеге жаратылады.

Транслитерация мысалы. Мәтін — Қазақстан әнұранынан алынған үзінді:




#Article 113: Шылау (451 words)


Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық  мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген  сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет  атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді  жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен  салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің  бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.

Шылаудың  басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.

Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер

Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын  әр түрлі мағыналық  қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:

Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.

Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.

Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар




#Article 114: Еліктеу сөз (297 words)


Еліктеу сөздер  — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: 

Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. 
Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов).
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда

Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т. б.

Анықтамасына қарай бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді:

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарға қарқ етті  деген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді.

Бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті; ірімшік ауызынан салп етті  деген сөйлемдердің екіншісінде салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның ауызынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді.

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс:

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің, мысалы, мынадай үлгілері айғақ.




#Article 115: Зат есім (536 words)


Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. 

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере  т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.

Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады. 

Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.

Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).

Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.

Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:

Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.

Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.

Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.

Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.




#Article 116: Беларусь (1044 words)


Беларусь ( , ресми аталуы — Беларусь Республикасы (, аббревиатурасы — БР) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам (1997). Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — беларус тілі және орыс тілі. Діні — православие (70%). Ақшасы — беларусь рублі. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.

Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. 

Олар 1918 жылы ақпанның 19-ынан 20-сына қараған түні Поляк легиондары корпусымен бірігіп, Минск қаласын басып алады да, Беларусь Халық Республикасын құрады. 1919 жылы қаңтарда бұл үкіметті Қызыл Армия жасақтары құлатты. Оның орнына 1919 жылы 1 қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 жылы 30 желтоқсанда КСРО құрамына енеді. Молотов — Рибентроп келісімі бойынша 1939 жылы қараша айында БКСР Батыс Белоруссиямен қосылып, аумағы ұлғаяды. 

ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қоластында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылады. Экономикасы дамиды. Ауылшаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды. 

Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында Польшамен шектеседі. Беларусь Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Жерінің басым бөлігі теңіз деңгейінен 100—200 м ғана биік. Климаты қоңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 — 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина, Неман (саласы — Вилия). Жерінің 33%-і орман болып келеді. Ормансыз жерлері — шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде.

Беларусь аумағы Ежелгі Орыс платформасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Батпақты сипат алатын ойпаттардың ең ірісі оңтүстікте орналасқан - Беларусь полесьесі. Ел аумағы батыстан шығысқа кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік қыраттар мен жалдар жүйесін жалпы атпен Беларусь жалы деп атайды. Ел аумағында ең биік бөлігі болып саналатын Минск қыраты (345м) солтүстіктен батысқа қарай орналасқан. Жер бедерінің тегіс болуы Беларусь аумағын ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттырғанмен, батпақтардың көп болуы қосымша мелиорациялық шаралар жүргізуге қажет етеді.
Ежелгі платформа шегінде жатуы минералды шикізат құрамында да әсер еткен. Солигорск маңында калий тұздарының дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі (барланған қоры 42 млрд т.) орналасқан. Мозырь, Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар. Ел аумағында құрылыс материалдары (cаз балшықтар мен құмдар, қиыршық тастар, құрылыс тастары, цемент және шыны шикізаты) да мол.

Беларусь жеріне қоңыржай континентті климаты тән. Ел аумағында климат көрсеткіштері үлкен айырма жасамайды. Қыс кезінде ауа райының кенеттен құбылуы жиі байқалады. Қаңтардың орташа температурасы -5-тан -8 градусқа дейін өзгеріс жасайды. Жазы қоңыр салқын, жаңбырлы, әдетте, шілденің орташа температурасы +15 градустан жоғары болады. Бұлтты, бұлыңғыр, күндер саны басым, жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-700 мм шамасында. Ауыл шаруашылығын жүргізуде ылғал мөлшері жеткілікті болғанымен, кейбір дақылдарды өсіруге жылу жетпейді.

Беларусь арқылы Днепр мен оның салалары: Припять, Березина және Неман, Батыс Двина, Батыс Буг өзендері ағады. Жазықтан ағатындықтан ағысы баяу болатын бұл өзендер сол сулы келеді. Елде жалпы саны 4 мыңнан асатын ірілі-ұсақты көлдер бар. Көлдер әсіресе солтүстікте көп, елдің бұл бөлігін Поозерье деп атайды. Елдегі ең ірі көл Нарочь көлі, оның ауданы 80 км.кв., тереңдігі - 25м. Ішкі сулар, негізінен, елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Батпақтар Беларусь жерінің 20 пайызын алып жатыр.
Елдің солтүстігінде шымды күлгін топырақта шыршалы ормандар, орталық бөлігінде құмды топырағында қарағайлар өседі. Жалпы алғанда, ормандар ел аумағының үштен бір бөлігін алады. Елдің Польшамен шекарасында Беловеж нуы созылып жатыр. Мұнда жасы жүзден асқан алып қарағайлар өседі және орман зонасының көптеген жануарлары мекендейді.

Беларусь жерінің қайталанбас табиғатын сақтап қалу мақсатында Беловеж ұлттық саябағы, Березин, Припять және Полесье қорықтары ұйымдастырылған. Полесье радиациялық-экологиялық қорығы шекаралас Украинаның Чернобыль АЭС-індегі жойқын апаттан кейін, радиоактивті ластанудың табиғи ортаға қалай әсер ететінін арнайы зерттеу мақсатында құрылған. Жалпы Беларусь жеріндегі мыңдаған гектар ауыл шаруашылықты алқаптар радиациялық жағынан қауіпті аудандар табылады.

Географиялық орнының ерешеліктеріне байланысты Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарында Еуропа елдері мен Ресей  басты орын алады. Әсіресе соңғы жылдары Ресеймен одақ құруы және кедендік бөгеттердің жойылуы екі ел арасындағы байланыстарды нығайта түсті. Беларусь Ресейден жасанды каучук, мұнай мен газ, көмір элект энергиясын және қара металлургия өнімдерін, өсімдік майын сатып алады.
Беларусь экспортында Германия мен Польшаның да үлесі жоғары. Беларусь шетке машина жасау және химия өнеркәсібінің өнімдерін, көлік құрал-жабдықтарын, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері өнімдерін сатады. 2008 жылғы сыртқы саудадағы экспорт үлесі 33 млрд, ал импорт үлесі 39,2 млрд АҚШ долларын құрады.
Елде 1,5 мыңға жуық бірлескен, 500-дей шетел кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл істе әсіресе Польша, Германия, Италия және АҚШ фирмалары  белсенділік танытқан. Беларусь экономикасында дүниежүзінің 66 елінің инвестициялары тартылған, қаржы көлемі жөнінен АҚШ мен Германия жетекші орында. 2012 жылғы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 760 млн АҚШ долларына жетті.

Беларусь жазба әдебиетінің тарихы Киев Русі дәуірінен басталады. 

Қазан төңкерісінен кейін Беларусь әдебиеті идеологиялық қысымға қарамастан қарқынды дамыды. 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде Беларусь әдебиеті жаңа қарқынмен дамыды. И. Шамякин, И. Мележ, Я. Брыль, В. Быков, Р.Бородулин, т.б. көптеген ақын-жазушылардың романдары мен повестері, өлеңдері мен поэмалары Беларусь әдебиетін жаңа биікке көтерді. Әдебиеттану мен әдеби сын саласынан А. Адамовичтің, С. Александровичтің, В. Борисенконың, т.б. еңбектері танымал болды. Б. жазушылары мен ақындарының шығармалары бұрынғы КСРО халықтарының және шет ел тілдеріне аударылып, дүниежүзілік әдебиет қорынан берік орын алды. Қазақ оқырмандарына Купала, Колас, Бровка, Танк, Шамякин, Мележ, Брыль, Быков сияқты дарынды ақын-жазушылар туындылары жақсы таныс.

Беларусьтің Киев Русі дәуірінен жеткен сәулет өнерінің ескерткіштері — София соборы, Полоцкідегі Спасс-Евфросиньевская шіркеуі, Витебскідегі Благовещенск және Гроднодағы Коложск шіркеулері. 17 ғасырда Ресейде “беларусь өрнегі” деп аталатын беларусь суретшілерінің әдісі кең тарады. Беларусьтің бейнелеу өнері 18 ғасырға дейін бірыңғай діни сипатта дамыды. Бұл саладағы алғашқы шынайы өмірлік материалды арқау еткен туынды — белгісіз автордың “Слуцкілік князь Олельковичтердің портреті” деген шығармасы (17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басы). Ресейге қосылған кезден бастап (18 ғасыр). Беларусь өнері мен мәдениеті жаңа бағытта дамыды. Санкт-Петербург Көркемсурет академиясы мен Мәскеу сурет училищесінен білім алған Беларусь суретшілері И.Т. Хруцкий, С.К. Зарянко, мүсінші А.А. Васютинский, т.б. Беларусь бейнелеу өнерін жаңа биікке көтерді. 
Қазан төңкерісінен кейін Беларусь мәдениеті мен өнеріне түбегейлі өзгерістер еніп, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының қабыса дамуына жол салынды. 




#Article 117: Қазақ күнтізбесі (692 words)


Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.

Қазақтардың аспан денелеріне қойған аттары да өздерінің мал бағушылық өмірінен алынды. Жұлдызды аспан картасын олар Темірқазықтан бастады. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бағыт-беталысын бағдарлайтын астрон. компасы іспетті болды. Оның жанындағы екі жұлдыз “Ақбозат”, “Көкбозат” деп аталды. Жетіқарақшы қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрон. сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырды. Юпитерді – “Есекқырған”, Марсты – “Қызыл жұлдыз”, Сириусты – “Сүмбіле” деп атады. Бұлардың аспан күмбезіндегі орнын, қозғалысын біліп отырды. Үркер шоқжұлдызының қазақтар үшін мәні болды. Қазақтар Үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. “Үркер жерге түспей жер қызбайды” деген содан қалса керек. Халық есепшілері Үркердің тууы мен батуын ұдайы қадағалаған, бақылап отырған, шаруашылық маусымдарын соған сәйкестендірген. Орион шоқжұлдызына ерекше көңіл бөліп, оны әр алуан аттармен: Арқар, Үш арқар, Таразы, Шідер деп атады. Шілденің аяғында “Таразы жұлдызының” тууы жаздың өтіп, аптаптың беті қайтқандығын аңғартады. Қазақ есепшілері бұл жұлдыздың көрінуіне қарап: “Таразы туса, таң салқын, бидай, тары піседі” деп тұжырымдайды. Сүмбіле туған соң жаз аяқталып, малдың тынышын алатын шыбын-шіркей кешікпей жоғалады. “Сүмбіле туса – су суыр” деген сөз егін орып, отын-су жинап, жылы үй дайындап, қыстың қамын ойлауды аңғартады. Қазақ есепшілері жыл айларын дұрыс есептеу үшін Айдың қозғалысын үнемі бақылап отырды. Олар бір жылды он екі айға, айды үш ондыққа (отыз күнге) бөлген; жыл мезгілдерін Күннің Үркерге қарағандағы жайына қарай да белгілеген. Күн көзіне негізделген жылдың айларын қазақтар “жұлдыз” деп атады. Бұл Жердің, Айдың он екі фазасына сәйкес он екі зодиактық шоқжұлдыздардың санын еске салады. Қазақтар дүниенің төрт тарабын күн көзінің күндізгі жайына қарай “күншығыс”, “күнбатыс”, “оңтүстік”, “солтүстік” деп атады. Ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен мәні болды. Қазақтар уақыт есебін осы мүшел жылы бойынша жүргізді. Әрбір жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталды. Мүшел жылы күн мен түннің көктемдегі теңелу кезі жиырма екінші наурызда ауысады. Байырғы Қазақ күнтізбесінде он екі айды бір жылға, үш айды бір тоқсанға, жеті күнді бір аптаға, бір күн мен бір түнді бір тәулікке есептеді және айлардың өз аттары болды: наурыз, сәуір (‘’көкек’’), мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қазақ есепшілері күннің түнге қатысты ұзару, қысқару құбылыстарын да мұқият бақылаған: күн желтоқсанда торғай адым, қаңтарда қарға адым, ақпанда ат адым ұзарды, шілдеде шіл адым қысқарды деседі. Қазақ күнтізбесі нде уақыт есебінің Үркер шоқжұлдызы бойынша жүргізілетін жүйесін тоғыс есебі деп атайды (Тоғыс есебі). Байырғы Қазақ күнтізбесі нде жыл басы көктемдегі күн мен түннің теңелуі (жиырма екінші наурыз) күнінен басталады. Бұл күні жаңа жыл – наурыз мейрамы өткізілді.
	




#Article 118: Астана (велоклуб) (201 words)


Команда абыройының асқақтаған кезі 2006 жылғы Испания көпкүндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған.

Команда капитаны Александр Винокуров үшін кәсіби спорттық соңғы жылы Тур де Франсқа қатысып сары жейдені бірнеше күн киіп немесе бір немесе бірнеше этапты жеңу мақсаты тұрған. Жалпы есепте алғашқы ондыққа жақындап келе жатқан ол Тур де Франс 9-шы этапында құлап бел сүйегін сындырып алып, көп ұзамай спорттық мансабын тоқтатқанын мәлімдеді. Осы жағдайда 2006 жылы Қазақстаннның екінші қаһарманы атанған Андрей Кашечкин Астана сапына қайта қосылды. Кашечкин Вуэльтада топ жарам деп мәлімдегенімен, ондағы көрсеткіші тым нашар болды. Осы кезде Вуэльтада швециялық легионер Фредерик Кессякоф, осы жылы Аустрия турын жеңген, жалпы есепте алғашқы үштікке де ілігіп келіп еді (11ші этапта), бірақ қызуы көтеріліп жарыстан шығып қалды.

Спорт арбитраж соты Альберто Кантадорды екі жылға кәсіби спорттан аластады. Аластатылу мерзімі 2010 жылдың тамызынан басталды. Сот шешіміне Кантадордың қанынан тыйым салынған  кленбутерол табылғаны негіз болды.Сондықтан испандық шабандоздың 2010 жылы Астана командасының құрамында Тур де Франс жарысында жеңген атағы да жойылды. Автоматты түрде Тур де Франс-2010 жарысының жеңімпазы Андре Шлек болып саналады.

Бұл маусымда Александр Винокуров спорттық директор лауазымына көшсе, команда сапында атақты италиандық Винченсо Нибали мен жас қазақ жәстар арасындағы әлем чемпионы - Алексей Луценкомен толысты.




#Article 119: Сөз тіркесі (155 words)


Сөз тіркесі (  ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.




#Article 120: Сөйлем (356 words)


Сөйлем - біршама аяқталған  ойды білдіретін  сөздер, сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді атаймыз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.




#Article 121: Жіктік жалғау (128 words)


Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. 

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. 

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:

Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;

Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.

Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.




#Article 122: Исландия (1166 words)


Исландия ( ) — Еуропада орналасқан арал ел. Гренландия аралының шығысында және Норвегия мен Норвег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкьявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.

Аралдың атауының аудармасы — мұзды жер.

Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орналасқан аралдық қос елдің бірі — Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда әлемдегі ең жас елдердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, Исландия Жер тарихының төрттік дәуірінде су асты (Атлант мұхиты) жанартауларының атқылауынан пайда болып, жаһандық мұз басу кезеңінде қатып, аралға айналған мемлекет.

Исландияның жағалау шекарасы 5 мың км жуықтайды. Елдің солтүстік және солтүстік-батыс аудандары таулы болып келсе, оңтүстік бөлігін құмды алқаптар алып жатыр. Исландияның бүкіл жерін дерлік мұз жамылғысы басып жатыр. Ел бойынша жердің  км² аумағы мұз жамылғысымен жастанған. Мұндай мұзтаулар елдің солтүстік бөлігінде орасан көп. Оның ірілері — Ватнайекүдл, Хофсиекүдл және Лаунгиекүдл. Ал елдің биік нүктесі — Хваннадалсхнукүр (2119 m).

Елдің төрт шекарасын да мұхит қоршап тұрғанымен қоса, Исландияда өзендер мен көлдердің ірі жүйесі бар. Елдің ірі көлдері — Тингвадлаватн мен Тоурисватн. Алайда теңіз деңгейімен салыстырғандағы әлем бойынша ең төмен орналасқан британдық көршісімен қатар қойғанда Исландия әлдеқайда биікке қоныс тепкен.

Исландия өзінің аралдық көршісі — Британ аралдары секілді жауын-шашынның көптігімен ерекшеленеді.

Дегенмен аралдың атауы мен мұздықтардың көптігін алға салып, Исландияны арктикалық ел екен деп ойласақ, үлкен қатеге ұрынамыз. Өйткені Солтүстік-Атлант ағысы (Голфстрим) әкелетін жылы желдер лебі Исландияның ауа райын бірқалыпты етіп отырады. Бұл аймақта қаңтардың орташа температурасы бар болғаны −1 °C болса, шілденің орташа температурасы +11 °C. Басқаша айтқанда, елдің жазы аптап емес те, қысы табан тоңдырмастай. Қоңыржай климаттың туристер үшін жайлылығы басым болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін аяқтан шалатын жайт екені рас. Осыдан да бола, Исландия ауыл шаруашылығы дамуы жөнінен артта қалған елдер санатына жатқызылады.

Ел жерінің ¼ ғана өсімдік жамылғысы жауып жатыр. Оның өзінің үлкен бөлігін мүк пен аласа шөптер алады. Ал ағашты өсімдіктер мекеннің 1% ғана иеленеді. Рас, жауын-шашынның молдығы өсімдік өсуіне басқалай әсер етуі қажет. Яғни былайғы жұрт Исландияны жасыл алқапты, шыңғылды ел деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұз жамылғылары мен асқан ылғалдылық, кей мекеннің батпақты не құнарсыз топырақты болып келуі — Исландияның өсімдік жамылғысының тым жұқалығына септігін тиігізіп отыр.

Елдің фаунасы да бай емес. Мекеннің ең тұрғылықты жануары — ақ түлкі (песец) саналады. Ал 18 ғ. бері Исландияға жерсіндірілген тышқанның бірнеше түрі мен 80-ге жуықтайтын құстар түрі, солтүстік бұғы-маралдар аймақтың жаңа тұрғындары іспеттес. Бірақ бұлардың бәрі де елдермен салыстырғанда азшылықты құрайды. Тек қана Исландияның мұхит жағалауында балықтар түрлері ғана көп. Исландия теңіз жануарларына кенде емес. Тіпті жағалауда итбалықтың екі бірдей түрі мен киттердің бірнеше түрі мекен етеді.

Исландияны халық 870 жыл шамасында қоныстана бастаған. Қоныстанушылар, негізінен, норвегтер, сондай-ақ, ирландиялықтар , шотландтар, тағы басқалары Скандинавия халықтары болды. Қоныстанушылар аралды Мұз елі деп атады. 980 ж. исландиялықтар Гренландия аралын ашып, 1000 жылда Америкаға жетті. 10-ғ. бастап аралда алғашқы мемлекеттер құрыла бастады., 1000ж. христиан діні қабылданды. 1262-64 ж. елді норвег ақсүйектері басып алды. 1380 ж. Исландия Даниямен уния (бірлестік) құрды.  Елді ауру жаулап, халық саны азайып кетті. 16-ғ.-да ел Дания мемлекетіне бағынды.  1830 жылдан бастап елде шағын өндірістік кәсіп орындар құрыла бастады.  1857 жылы Исландияда Ұлттық құрылтай жиналысы құрылып, автономия берілуін талап етті.  Дания бірқатар жеңілдік жасауға мүмкіндік берді. Сөйтіп  бір ғасыр өтіп Исландия мемлекеті толықтай құрылды.
Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда өте жас елдердің бірі. Алайда өзге еуропалық мемлекеттер секілді тәуелсіздікке ерте қол жеткізген. Тарихтан Исландияның 1387—1390 жж. Данияға бағынышты болғаны белгілі.

Исландия — республикалық мемлекет. Конституциясы 1944 ж. қабылданған. Ел басшысы — президент әр төрт жыл сайын бүкілхалықтық ашық және жабық сайлау нәтижесінде сайланып отырады. Дегенмен президенттің уысына атқарушы билік түгелдей беріле қоймаған. Заң бойынша атқарушы билік үкімет пен оның басшысы — Премьер-министрдің қолында.

Парламент (жергілікті тілде алтинг аталады) депутаттары да (жалпы саны — 63) бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде 4 жылға сайланады.

Ал елдегі ең екпінді партия — «Тәуелсіздік партиясы». 2003 ж. соңғы алтинг депутаттары сайлауында аталмыш партия атынан «бәйгеге» түскен үміткерлер 22 орынды (33,7 %) жеңіп алған болатын. Исландиядағы өзге партиялар қатарында Прогрессивтік партия және социалистік-демократиялық альянс бар

Исландия экономикасы соңғы жылдары ауытқымалы күй кешті. Айталық 1996—2001 жылдар аралығында елдің жылдық экономикалық өсімі 3—5% құраса, 2002 ж. бұл сан күрт төмендеп, 0,2% әрең ілікті. Ал ІЖӨ 0,6% аспай қалды. Алайда араға жыл салып, яғни 2003 ж. экономикалық өсім қайта көтеріліп, елдегі инфляция 5%-дан 2%-ға дейін қысқарды. Исландия озық елдер тізбегінде 2005 ж. 16 орында тұрса, 2006 ж. мәлімет бойынша оның тағы екі саты жоғарылағаны анықталды. Осы өрлеу нәтижесінде ғана Исландия алып алтылық қатарынан табылды.

Елде аздаған сұр тас көмір өндірісін есепке алмағанда, тау-кен өндірісі жоқтың қасы. Оның есесіне екінші дүниежүзілік соғыстан соң өңдеуші өнеркәсіп саласы қолға алына бастады. 1960 жж. бастап, импортталған шикі алюминий өңделіп, құрылысқа қажетті дайын алюминий өнімі экспорттала бастады. Исландияда жеңіл өнеркәсіп саласы да соңғы жылдары алға қойылып келеді. Аяқ киім, металл өнімдері, құрылыс материалдары, электр құралдары және түрлі тұтыну тауарлары шығарыла бастады.

Исландия энергетика саласы жағынан озық. Республикаға энергияның су көзі тән. Мемлекеттің гидроэнергетикалық мүмкіндігі жылына 80 млрд kW-сағ. бағаланады. Қазіргі таңда республикада 6 энергия өндіретін су көзі бар.

Исландияда автокөлік жолы мен су жолы жақсы дамығанымен, темір жол мүлдем жоқ. Есесіне автожолдың ұзындығы  км құрайды. Өйткені республикада көлік саны тым жоғары. Ресми емес мәліметтер бойынша, Исландияда жан басына шаққанда, екі адамға 1 көліктен келеді екен. Ал елдің сауда кемелерінің жалпы тауар сыйымдылығы 192 мың тоннаны құрайды. Елде тасымалмен 3 компания айналысады.

Исландия экономикасының негізгі тірегі — балық шаруашылығы болады. Бұл сала жалпы халықтың 12% жұмыспен қамтып отыр, сонымен қатар, елдің сыртқа шығаратын тауарларының 70% құрайды. Оның ішіндегі негізгі тұщы су балықтары — нәлім (треска) мен майшабақ. Алайда соңғы жылдардағы балық түсімінің азаюына байланысты Исландияда мойва және сайра деп аталатын балықтар да ауланып, сыртқа шығарыла бастаған.

Бұған қоса Исландия халқы кит аулаумен де айналысады. Рас, 1989 ж. халықаралық жануарларды қорғау қауымдастықтарының араласуымен кит аулауға елде мораторий жарияланғанымен, 1990 жж. ортасына қарай ел басшылығы мораторийді қайта алып тастады.

Ел халқының 5 пайызы ғана ауыл шаруашылық саласында қызмет етеді. Республикадағы жалпы ауыл шаруашылық фермаларының саны 6 мыңды құраса, оның 80 пайызы — жеке қожалықтар. Исландияның мал шаруашылығындағы негізгі нысанасы — қой шаруашылығы. Оның басты себебі: қой еті — Исландиядағы негізгі ет тағамына жатады.

Сондай-ақ, сыртқы саудада балық өнімінен кейінгі орынды жерасты пайдалы қазбалары алады. Оның ішінде Исландия сыртқа алюминий, диатомит, феррокремний шығарады.

Сыртқы саудада негізгі байланыс құратын елдері: Германия — 18%, Құрама Патшалық — 17,5%, Нидерланд — 11%, АҚШ — 11%, Испания — 5%, Дания — 5%, Португалия — 4%, Норвегия — 4%.

Ал импорт жөніне тоқталғанда, Исландия мұнай өнімдері мен азық-түлік, машиналар тасымалдайды. Импорт байланысын жүргізетін елдер мен оның пайыздары төмендегідей: АҚШ — 11%, Германия — 11%, Дания — 8,5%, Норвегия — 8,5%, Құрама Патшалық — 7,5%, Нидерланд — 6%, Ісүіш — 6%.

Исландия Республикасы - Солтүстік Еуропада Атлант мұхитында Исландия аралында  орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 103000км².  Халқы 272000 адам (1999 жылғы санақ бойынша). Тұрғындарының 99%-ы исландиялықтар. Ресми тілі - исланд тілі. Тұрғындарының көпшілігі христиан дінінің протестант-лютерандық тармағын ұстанады. Астанасы - Рейкьявик қаласы. Ел аумағында әкімшілік тұрғыдан 8 аймаққа  , 23 ауданға (сисла) бөлінеді. Исландия - парламенттік Республика. 1944 ж. қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы президент 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады (1996 жылдан - О.Р. Гримссон). Заң шығару билігін президент пен бір палаталы парламент (Альтинг) жүзеге асырады. Ұлттық мерекесі 17 маусым- Тәуелсіздік күні (1944). Ұлттық ақша бірлігі.




#Article 123: Фарер аралдары (152 words)


Фарер аралдары — Еуропада орналасқан аралды ел. Исландияның шығысында, Норвегияның батысында жайғасқан. Данияға бағынатын автономия. Фарер аралдары — Атлант мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде, Норвег теңізінде орналасқан аралдар тобы. Жалпы ауд. 1,4 мың км² болатын 34 аралдан тұрады, оның 18-іне адамдар қоныстанған. Аралдар жанартаулар әрекеттерінен пайда болып, туф және базальт тау жыныстарынан түзілген. Жер бедері мұздықтардың әсерінен қалыптасқан. Ең биік жері 882 м (Слаттаратиндур тауы). Фарер аралдары өзара терең әрі тар бұғаздар мен фьордтар арқылы бөлінген. Фарер аралдарының теңіздік субарктикалық ылғалды климатына жылы Солтүстік Атлант ағысының әсері зор. Суы балыққа бай. Теңіз құстарының түрі көп, жағалауларында құс базары ұшырасады. Жерінде қалың шалғынды, шымтезекті батпақтар кең таралған. Фарер аралдары 1380 жылдан Дания корольдығының құрамында, ал 1948 жылдан Данияның автоном. облысын құрайды, әкімшілік жағынан 8 ауданға бөлінген. Халқы 46 мың адам. Әкімшілік орталық — Торсхавн (Стреймой аралында). Экономикасының басты салалары — балық және қой ш. жатады. Жағалауында мұнай өндіріледі. Фарер аралдарында викингтер дәуірінен қалған ескерткіштер сақталған.
 




#Article 124: Норвегия (1080 words)


Норвегия (, ), ресми атауы — Норвегия корольдігі (, ) — Еуропада орналасқан ел.

Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 км, ал Швециямен — 1619 км шекарасы шектесіп жатыр.

Корольдіктің жер аумағы — 386 960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші орында.

Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек, солтүстіктен басталған аласа таулар легі оңтүстікке қарай биіктеп, таулы өлкеге айналып сала береді. Мемлекеттің ең биік нүктелері — Галлхейпиген (2469 m) мен Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп есептеледі.

Норвегияның ең ірі өзендері шығыста орналасса, батысында қысқа, бірақ ағысты өзендері ағады. Елдің оңтүстік өлкесі келбетті көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнім беретін өсімдіктері жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егістікке қолайлы болып келеді. Сол секілді жануарлар әлемі де корольдікте аса мәз емес.

Норвегия жері 19 облысқа бөлінген (жергілікті тілде облысты фүлке атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие.

Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкі. Айталық соңғы жасалған халық санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бірі — бір Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге ірі қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегідей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың). Ал елдің қалған бөлігі халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.

Елдегі бала туу — 11,89% құраса, адам өлімі — 9,51%. Елдегі балалар өлімі ең төменгі деңгейде. Және статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір төртінші норвег ауылдық жерді мекен етеді екен.

Норвегияның негізгі халқы — германиялық біртекті ұлт. Ал елдің солтүстігінде жалпы саны 20 мыңға жуық саам халқы мекен етеді. Елде норвег тілінің екі түрі кездеседі — букмол және нюнорск.

Норвегияның көп бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр (ең биік нүктесі – Гальхепигген тауы 2469 м). Солтүстік және Норвег т-нің жағалаулары фьордтармен тілімделген. Климаты – баяу теңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы –2 – 12ӘС, шілдеде 6 – 15ӘС болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде 3000 мм-ге дейін жетеді. Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың км². Мол сулы ірі өзендері – Гломма, Логен, т.б. Жерінің 27%-ын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып жатыр. Солт. мен биік жерлерінде таулы тундра мен орманды тундра басым. Жануарлар дүниесін түлкі, сілеусін, ақкіс, сусар, бұлан, солт. бұғысы, ақтиін, қоян құрайды. Жағалауларында құс базарлары көп. Н. теңіздері балыққа бай. Кен байлықтарынан темір, никель, мыс, молибден, кобальт, күміс кентастары белгілі. 1970 ж. Солтүстік теңізден мұнай мен газ кен орны ашылған.

Тәуелсіздікке 1905 ж. ғана қол жеткізсе, бұған дейінгі 1397—1814 жылдары Дания қарауына еніп, кейінгі 1814—1905 жылдары Швецияның отары болған.

Норвегия — демократиялы конституциялық монархия болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері мемлекет королі — Харалд V.

Министрлер кабинеті Премьер-министр мен 16 министрден құралады. Үкіметбасыға елдің атқарушы билігі табысталған.

Стортинг аталатын ел парламентіне 169 депутат мүше бола алады.

Корольдікте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан. Норвегияның белді партиялары қатарына — «Норвегия жұмысшылар партиясы», «Социалистік солшылдар партиясы» және «Орталық партия» жатады.

Норвегияның экономикасы жөнінде алып-қашпа әңгімелер көп. Бұған себеп — үлкен мұнай қорына иелік ете тұра, корольдіктің сыртқы саяси ойында аса белсенділік танытпауында жатыр. Дегенмен, қазіргі таңда ІЖӨ индексі бойынша Норвегия әлемнің ең бай мемлекеттерінің қатарында. 1970 жж. басталған Солтүстік теңіз кенішіндегі мұнай мен газ өндірісі елді Батыс Еуропа нарығындағы ең ірі мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдік саудаға мұнай шығарудан 2-ші (Сауд Сауд Арабиясынан кейінгі) орынға көтеріп тастады. 2005 ж. ІЖӨ 194,7 млрд. АҚШ долларын немесе жан басына шаққанда 42,4 мың АҚШ долларын құрап, Норвегияны үздіктер тізбегіндегі 17 орынға шығарса, 2006 жылы корольдік тағы да бес сатыға жоғарылап, 12-ші орынға көтерілді.

Ел экономикасындағы негізгі сала — мұнай мен газ өндірісі. Алайда елдегі энергия көзі осы мұнайдан алынып отыр деу — жаңсақ. Өйткені Норвегия мұнайы түгелімен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзінен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзін қосу — жоспарда. Бұл дегеніңіз — қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкіметі химия технологиясына қатты мән береді.
 
Дегенмен бұл жерасты байлығын иемденем дегенге дейін Норвегия экономикалық тұрғыда үлкен қиындықтарды бастан кешіргені белгілі. Өйткені 19 ғ. мен 20 ғ. орта шеніне дейін елдің негізгі экономикалық саласы — ауыл, орман және балық шаруашылығы болғаны белгілі.

Корольдік ежелден теңізшілер елі саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлігі жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлірек айтқанда біздің дәуірдің 1000 жж. викингтер аталатын тәжірибелі қарақшы-теңізшілер тобы Атлант мұхитын кесіп өтіп, Жаңа әлемнің есігінен енген. Бұл ерте дәуірден-ақ Норвегия жерінде теңіз шаруашылығының кең өріс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулім сауда флоты мен жоғары дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлігі аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемі жағынан 1997 ж. 6-шы орынды иеленген.

Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнінен Норвегия дүниежүзі бойынша 5-орынды иеленсе, 1995 жылы 10-орынға тұрақтаған. Корольдікте балық шаруашылығы саласының ең негізгісі — майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негізгі бәсекелесі — Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған.

Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Өйткені Норвегия жері географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бір бөлігі орманды алқап. Алайда ағаш өсімінің өте баяу екенін ескеретін болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпінді тірегіне айналмағанына көз жеткізу қиынға соқпайды.

Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшін тиімсіз сала, себебі географиялық жағадайлардың қолайсыз болуы. Мысалы егін егуге корольдіктің таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5,2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлінген жердің 3 пайызы ғана өңделіп, пайдаланылған. Мұнай өндірісі ашылғанға дейін ел экономикасының негізгі салаларының бірі болғанымен, бүгінде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңіл бөлінбейді.

Норвегияның өңдеу өнеркәсібінде алға қойылған салалар — электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсіптері. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудада Германия, Швеция, Ұлыбритания, Дания, Нидерланд,ЕуроОдақ елдерімен  және АҚШ мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негізгі өнімдері — мұнай мен газ (55 пайыз) және дайын өнімдер (36 пайыз). Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары — дайын өнімдер (81,6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнімдері (9,1 пайыз).

Елдің қорғаныс саласында жаяу әскер, әскери-теңіз және әскери-әуе флоттары бар. Ел заңы бойынша, 19 және 45 жас аралығындағы азаматтар міндетті түрде 6 айдан 1 жылға дейінгі уақыт аралығында әскери қызметте болуы шарт. Запастағы әскер саны — 230 мың. Ал Норвегияның қорғаныс саласына жұмсаған соңғы жылдағы қаржысы ІЖӨ-нің 1,9% құраған.




#Article 125: Дания (2058 words)


Дания ( ), ресми — Дания Патшалығы () — Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.

Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан.
Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде.

Дания  солтүстігінен  оңтүстігіне қарай 360 км және шығыстан батысқа қарай  480 км созылған.Дания аумағы 43 093 км 2 ( Гренландия мен  Фарер аралын қоспағанда).Мемлекеттің үлкен бөлігі  (29 776 км² )  Ютландия  түбегінде орналасқан. Дат  архипелагына  500 аралдар кіреді. Олар негізінен Ютландия шығысында Балтық  және Каттегат бұғазы аралығында орналасқан.Ауданы 12 729  км² ,ал Борнхольм аралы Балтық теңізіндегі – 588  км² .Данияның жағалауының ұзындығы  7438 км құрайды.

Дания құрғақ жер арқылы тек қана Германиямен шекараланады.Бұл шекара ұзындығы 68 км созылған.Шығысында Дания Швециямен шекараланады,ол  Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді,солтүстігінде Скагеррак бұғазы Данияны  Норвегиядан бөліп тұрады.Дания солтүстік теңіз шельфінің шығыс бөлігі болып табылады.Сонымен қатар Дания құрамына алдыңғы колонияларыда кіреді.Олар  Фарер аралдары және Гренландия аралы,бұлардың парламентте өз өкілдері бар.

Фарер аралы Шотландияның солтүстігінде  375 км ұзақтықта орналасқан.Оның аумағы 1399 км² құрайды.Олар Дания билігінде 1380 жылдан бастап болған,тек қана  1948 жылдан өздерін басқару құқығын алды. Гренландия – көлемі жағынан ең үлкен арал,аумағы   2 175 600 км² , бірақ оның тек 341 700 км² мұздан арылған.Гренландия Данияның 1729 жылдан колониясы болған, 1953 жылы мемлекет бөлігі ретінде қабылдады,ал  1979 жылы  автономия статусы берілді.

Салалық өнеркәсіп  құрылымы.Жалпы ішкі өнімдегі ауылшаруашылық,орман шаруашылығы және балық ұқсату салаларының көлемі— 3%,өнеркәсіп — 21%,қызмет көрсету–76% (2006 жыл).

Дания халқы 5220 мың адам (1997 жыл). 1980 жылдары халық саны тұрақты болған,ал 1990 жылдан бастап оның саны өсуы байқалды.Негізінен иммиграция есебінен ( жылына  11 мың адам). Копенгаген қаласында, Фредериксберг және Гентофте коммуналарында шамамен  625,8 мың адам тұрады. (1995 жыл). Басқа ірі қаларда – Орхус (275,5 мың), Оденсе (182,6 мың ), Ольборг (159 мың ), Эсбьерг (82,6 мың.), Раннерс (64,4 мың ), Коллинг (59,6 мың), Хернинг (57,7 мың.), Хельсингёр (56,9 мың ), Хорсенс (55,3 мың ) және  Вайле (52,3 мың ). Копенгаген қаласы айналасында барлығы  2 млн. адам тұрады Бұл елдегі  26% халық көрсеткіші.Зеландия (Шелланн) араында астан орналасқан  – 42% халық тұрады. Қала халқы 85% құрайды,15 тұрғыны бар қалалар көптеп кездеседі.Фюн, Лолланн және Фальстер аралдарында  570 мың адам, ал  Борнхольмде – 50 мың адам тұрады.Ютландия халқы  2,4 млн.адамды құрайды,хылықтың орналасу тығыздығы 81 адамнан тура келеді.  Гренландия  халқы 59 мың адам (1997 жыл),оның  5 мыңы еуропалықтар,қалғаны- инуиты (эскимостар). Фарер аралының халқының саны 50 мың адам  (1997 жыл).

Халық саны  және көбеюі  1995 - 2000 жылдар аралығында. 
 	1995	1996	1997	1998	1999	2000
Саны (адам)	5 199 437	5 249 632	5 305 048	5 333 617	5 356 845	5 336 934
жоғарылауы	0,22%	0,38%	0,59%	0,49%	0,38%	0,31%

Халқының жас құрылымы 1995 – 2000 жылдар аралығында. 
 	1995	1996	1997	1998	1999	2000

 65 жастан жоғары	15%	16%	15%	15%	15%	15%

Туылу және өлім деңгейі 1999 - 2000 жылдар аралығында ( 1000 адамға ) 
 	1995	1996	1997	1998	1999	2000
Туылу	12,38	12,24	12,78	12,18	11,57	12,16
Өлім	11,14	10,42	11,22	11,08	10,97	11,00
Жас бөбек кезіндегі өлім коэффициентті	6,80	4,80	5,20	5,17	5,11	5,11

Халықтың жыныстық құрамы 1996 – 2000 жылдар аралығында. 
 	1996	1997	1998	1999	2000
Жаңа туылғандар	1,06	1,05	1,05	1,05	1,05
 15 жасқа дейін	1,05	1,05	1,05	1,05	1,05
 15тен 64 жасқа дейін	1,03	1,03	1,03	1,03	1,03
 65 жастан жоғары	0,7	0,71	0,71	0,71	0,71
барлығы	0,97	0,98	...	0,98	0,98

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 1995 – 2000 жылдар аралығында. 
 	1995	1996	1997	1998	1999	2000
барлығы	76,11	77,30	76,10	76,31	76,51	76,54
Еркектер арасында	73,23	73,78	73,44	73,64	73,83	73,95
Әйелдер арасында	79,16	81,01	78,90	79,12	79,33	79,27

даттар  98%, эскимостар, фарерлер, немістер. Евангелиялық  лютерандықтар 91%  құрайды,ал қалған  протестанттар және католиктер 2% құрайды. Дания бір ұлтты мемлекет.Аз санды немістер еврейлер және польяктар ассимилияцияға ұшыраған.

Евангелиялық Лютеран шіркеуі ресми Данияның шіркеуі болып мемлекет тарапынан  қамтамасыз етіледі.сондада сенім бостандығы бар.Бұл шіркеуге  кіргендер елде 87% құрайды.Маңызды аз санды діний қоғамдық бірлестіктерден мусулмандар (74 мың  адам).Қалған – католиктер (33 мың), баптистер (6 мың.), иудейлер (5 мың.) .

Жер бетінің түзлісі. Дания жер аумағының көп бөлігін толқынды онша биік болмаған жазықтықтардан құралған.Мемлекеттің ең биік нүктесі Идинг-Сковх тауы  (173 м),Ютландияның шығысында орналасқан.ең төменгі жері (12 м ) – батыс бөлігінде орналасқан.Дания жер бедері плейстоцендердің  мұздық қабаттарының әрекеті нәтижесінде пайда болған.Жерінде көптеген қазаншұңқырлар бар ,оларда көл және батпақтар орналасқан.Елдің солтүстігінде  қабатты теңіздік жазықтықтар тарқалған.Негізгі  жынысы – әктастар ,олар кейінгі бор және кайнозой эраларында пайда болған.Осы жыныстармен жер асты сулары тығыз байланысты.Данияның шығыс бөлігі көп терең –терең шұңқырлармен  бөлінген.Батыс  және солтүстік бөлігі құмды төбелер кездеседі.оңтүстік батысы теңіздік әрекетер нәтижесінде пайда болған.Осы аралықта су тасқынынан қорғайтын көптеген бөгендер , дамбалар салынған.

Дания  теңіздік  жұмсақ қысқа ие жер.Мұхитәсері қыста қатты байқалады.Ақпан айының орташа температурасы 0° С,шілде 15–16° С. Жыл бойы көптеп жел соғады.Көбінесе батыстан.Қыста бұлтты күндер көп болады.Жазда болса күншуақты болып келеді.Көктем кеш түседі.Жылдық орташа шауын-шашын көлемі Ютландияның батысында 800 мм ,   Үлкен  Бельт бұғазында 450 мм. Көп мөлшерлі жауын-шашын күз және қыс уақытына тура келеді.Жауын жаңбыр түрінде түседі. 
Өзен мен көлдері.Мемлекеттің жер беті көптеген өзен торларымен қаптаған.Олардың жылдамдығы жоғары емес және ұзындығы қысқа болып келеді.Су тасқындар қыста болады.Ең үлкен өзені – Гудено  Ютландияның шығысында орналасқан.Ұзындығы 158 км құрайды.Көлдер негізінен орталық Ютландияда шоғырланған.

Экономикасы туралы  жалпы мәлімет. Дания – жоғары деңгейде дамыған өнеркәсіптік ,халқының өмір сүру дәрежесі жоғары болған әлемдегі дамыған мемлекет.Экономикасында жеке сектор басты орында. 
Дания өнеркәсібі әртараптанған.Негізгі ерекше дамыған  электронды құрылғылар өндірісі,  тамақ ,кеме өндірісі және құрылыс. Ауылшаруашылығында басты ролді балық аулау алады.Дания экономикасын екінші дүниежүзілік соғыстан кейінғана қалпына келтіре алды.Ауыл шаруашылығының ұлттық кірістегі үлесі 20% пайызға 1953 жылы, 3,9% пайызға  1995 жылы кміген.Данияда қызмет көрсетуде  74,7% халық жұмыс істейді.Жалпы ішкі өнімде  сыртқы сауда үлесі  54,9% құрайды. 1991–1997 жылдары жұмыссыздар үлесі 10,3%, ал инфляция  1990–1995 жылдары – 2,5% құрады.Жалпы ішкі өнім Данияда   1995  жылы  173,3 млрд. долл.,немесе  33 144 долл. халыққа шаққанда тура келді.Ол кезде жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша тек қана  Швейцария және Жапониядан кейін тұрды.

Мемлекет шығыны  1996 жылы ЖІӨ 46%  құрады,осының жартысы зейнетақы мен  жәрдем ақыға бөлінген. Орташа экономикалық даму 4,5% пайыз  1960 жылы ал 1,7% пайыз 1986–1995 жылдары аралығында..

Мемлекеттік бюджет.  1996 жылымемлекеттің табысы 61,3 млрд. долл. құрады,шығын – 65,6 млрд., дефицит  2,5% пайызды(ЖІӨ) құрады. 46% әлеуметтік төлеулерге, 13% –білімге және ғылыми зерттеулерге, 10% –кәсіпкерлікті дамытуға, 10% – денсаулықты сақтауға, 3% –қорғанысқа , 3% – мәдениетке шіркеуге  , 2% – орын-жай субсидиясы және  2% –полиция мен құқық қорғау органдарына. Амттер және муниципалитеттер өздерінің салық инспекциясына ие.Олар орталық үкіметке бағынады.Данияның таза қаржылық қарызы 1994 жылы 38 млрд. долл. құраған,бұл ЖІӨ  26,2% пайызына тең.

Сыртқы сауда. Экспорт және  импорт ЖІӨ-нің 1/3 құрайды. 2/3 сыртқы сауда  –бұл  Еуро Одақ елдерімен жүргізіледі.Негізінен  Германия мен. Еуро Одақтан басқа АҚШ  және Жапония.

Импорт бойынша 70% шикізаттық тауарлар құрайды. 30% экспортты тұрмыстық тауарлар ,яғни автомобилдерде бар. 
Қызмет көрсету саласы.Данияда экономикалық дамуында білімді халықтың арқасында қызмет көрсету арқылы үлкен табысқа ие болып отыр.  1994 жылы бұл сала  71% жұмыс орнына ие болған,ЖІӨ-де 72%  (49% жеке сектор және  23% қоғамдық).Негізгі қызмет көрсету саласына банктер,туризм, қаржылық, транспорт және сауда.  1994 жылы шетелдік  туристерден түскен қаржы көлемі 3,8 млрд. долл. құраған.

Данияда транспорт өнеркәсібі дәстүрлі болып саналады.Ол нрегізгі шетелдік ақша түсуіне  көмектеседі.Осы сала арқылы шетелдік ақшаның 90% ие болады.Теңіз транспортына 75% тасымалдау тура келеді.
 Темір жол ұзындығы  1995 – 1998аралығында  ( км.) 
 	1994	1995	1996	1998
Барлығы	2 838	2 848	3 358	2 859

Автомобил жолдары Дания қалаларын бір-бірімен байланыстырады.Сонымен қатар велосипедті транспорт әйгілі.
Автомобильді жолдар 1990 ( км.). 
 	1992	1995	1996	1998
Барлығы	71 042	71 420	71 600	71 437

Копенгагендағы Каструп аэропортыЕуропадағы ең үлкен эропорт. Авиакомпания  Scandinavian Airlines System - SAS ол  дат, швед және норвег  маршруттарына қызмет етеді.Сонымен қатар Еуропа ішіне  және сыртқы тасылмалдауларды жүзеге асырады. SAS компания Danair арқылы (Копенгаген – Зеландия қаласына, Ютландиға, Фюн, Борнхольм және  Фарер аралдарына) тасымалды жүзеге асырады.

Аэропорттар  1990 жылы. 
 	1995	1996	1997	1998	1999
Бетонды барлығы	102	102	28	28	28
Ұзындығы  3 047 м.	2	2	2	2	2
Ұзындығы  2 438 м.ден 3 047 м дейін.	7	7	7	7	7
Ұзындығы  1 524 м.ден 2 437 м. дейін	3	3	3	3	3
Ұзындығы  914 м.ден 1 523 м.дейін	13	13	13	13	13
Ұзындығы  914 м.дейін	77	77	3	3	3
Грунтты барлығы	7	7	90	90	90
Ұзындығы  1 524 м.ден   2 437 м.дейін	1	1	1	1	1
Ұзындығы  914 м.ден 1 523 м.дейін	6	6	7	7	7
ұзындығы 914 м.дейін	...	...	82	82	82

Сонымен қатар бұл мемлекетте көпір мен паромды тасымалдаулар жасалынады. Басты паромды  маршруттар:  Фюн аралы-  Зеландия аралы,  Зунд бұғазы  (маршрут,Дания–– Швеция).Екі көпір  Фюн  аралын ––Ютландиямен байланыстырады.Ең ұзын Даниядағы көпір  Зеландия мен Фальстерді байланыстырады.
Порттары: Ольборг, Орхус, Копенгаген, Эсбьерг, Оденсе, Кёге, Грено, Струэр, Фредерисия.
Телефонды байланыс.
Телефон  және  телеграфты байланыс жоғары деңгейде.
Жергілікті  линиялар –жер асты және теңіздік  кабелдер арқылы, 4 соткалы байланыс жүйесі.
Халықаралық  линилар – 18 теңіздік,олар Данияны Норвегиямен, Швециямен, Ресеймен, Польшамен, Германиямен, Нидерландымен, Фарер аралдарымен, Исландиямен және Канадамен, 6 станция Интелсат, 10 станция Еутелсат, 1 станция Орион, 1 станция Инмарсат ( Даниямен бірлесіп Инмарсат станциясына Финляндия, Исландия, Норвегия және Швеция тіркелген).

Дания өнеркәсібі  тауарларының көлемі  де  түріде өте көп.Оларды ішкі  және сыртқы нарыққа жеткізеді.
Өндіруші өнеркәсіп бойынша мұнай өндірісі (21,5 млн. т жылына), газ (10,8 млрд. куб. м жылына) және құрылыс материалдары. Басты қайта өңдеу өндірісінде — машина жасау  және метал өңдеу (электротехникалық, радиоэлектроника, кеме құрастыру, станкалар жасау,тамақ өндірісі бойынша құрал-жабдықтар),тамақ, химия, фармацевтика,ағаш өңдеу және басқалар.Ауылшаруашылығында халықтың  3,5% жұмыс істейді.Басты саласы етті сүтті ірі қара мал бағу  және шошқа  шаруашлығы.Астықтардан бидай,күріш,тары егеді.  2/3 ауылшаруашылқ өнімдері экспорт жасалынады.

Тамақ өнеркәсібінде сүті өнімдері,ет өнімдері ұн және пива жасайды.Химия өндірісінде бастысы –бұл бензин,дәрілер және  пластиктен жасалған заттар.Машина жасауда двигателдер ,ауылшаруашылық  машиналары, насостар, термостаттар, тоңазытқыштар және телекоммуникация құралдары.Сонымен қатар кеме құрастыру дамыған.

Соңында  басты сатылатын тауарларға даниялық мебельді, киімді және ойыншықтарды атауға болады.Әлемде даниялықтардың  дизайнын жоғары бағалайды.

Ауыл шаруашылығы. Басты ауылшаруашылығындағы сала ет-сүтті қара мал шаруашылығы.Ол 9/10 ауылшаруашылығының тауарын береді.Сонымен қатар картоп,қант қызылшасы,бидай егеді.Балық аулау 1,6 млн. т. (1986 жылы).Данияда жер бедері қолайлы болғандықтан 64% жер ауылшаруашылығында. Ауылшаруашылығының  80% тауары  кооперативтер тарапынан дайындалады.Кейінгі кезде Данияда ауылшаруашылығының маңызы төмендеуде.

Астық өндіру және азыттық өнімдер. 1995 жылы егілетін жерлер  58% құраған.Ол жерге картоп қант қызылшасы, турнепс және  кольраби егілген.Ал  25% жеге азықтық шөптер егілген,немесе жайлау ретінде пайдаланған.  1996 жылы елде 4 млн. т тары өндірілді.Бұл 80 жылдаға қарағанда 30%  аз.Тары шошқа  үшін азық болып табылады.Сонымен қатар пива жасау үшінде пайдаланады ,қалғаны экспортқа кетеді.Бидай өндіру 1995 жылы  4,2 млн. Т жетті.Басқада өнімдерден:қара бидай 429 мың. т, күріш 169 мың. т, картоп 1,6 млн. Т және қант қызылшасы 3,5 млн. т.Бидайды негізінен Шығыс Ютландияда,батыс  Зеландияда және  Фюнда егеді.Қара бидай Орталық және Батыс  Ютландияда егіледі.Күріш Солтүстік  және Батыс Ютландияда егіледі. Картоп негізінен Ютландияда кеңінен тарқалған.

Көкеніс және бау-бақша өнімдері. 1970 жылдан бұл өнімдер көлемі азаюда.  1980 жылдар аяғында өнім жинау кезінде көлемі  305 мың. т құрады; оның 60% алмаға тура келеді,ол–– 75 мың. т азайған.Жер көлемі бойынша бау-бақшалы 25% аудан Ютландияда орналасқан.Қалғандары аралдарда.Интенсивті түрде көкеніс және бақша өндірісі оңтүстік шығыс  Зеландияда дамуда.Олардың өнімі Копенгаген және Слагельсе консерва зауыттарында өңделеді.Екінші басты аудан –Фюн аралы және Оденсе және Свеннборг консерва зауыттары. 1995 жылы 40 мың . т алма жиналған осының ішкі нарыққа 40% кетеді.Данияда 1995 жылы тамақ өнімдерінің импорты 5,1 млрд. долл., ал экспорты –11,6 млрд. долл. құрады. 
Мал шаруашылығы.  90% астық өнімдері қара мал ,шошқа және үй құстарының азығына кетеді. 1994 дылы қара мал бағатын 65% ферма бар. Данияда сүтті мал шаруашылығы еттіге қарағанда дамуда.1983 жылы сүт өнімінің мөлшері – 5,4 млн. т,  1995 жылы ол 4,6 млн. т азайды. Қара мал саны 3 млн. дан 0,8 млнға дейін азайды. Ірімшік  экспортынан 1996 жылы 1 млрд. долл.пайда түскен. Негізгі мал түрлері– алақара дат  және қызыл дат сыйырлары.Екіні түріне сүт өнімінің 90% тура келеді.Негізгі мал шаруашылығы ауданы–  Ютландия.Бұл жерде  75% қара мал орналасқан.Шошқа саны 1993 жылы 11, 6 млн. бас.Шошқа өнімінің көлемі  1,7 млн. т, экспорттағы пайдасы 1996 жылы 3,4 млрд. долл.құраған. 3/4 ет өнімдері экспортқа кетеді.Негізінен дамушы елдерге  жіберіледі.
Балық аулау. Балық экспорты мемлекетке 2,1 млрд. долл.  1993 жылы әкелді.Бірақ 1995 жылы бұл көрсеткіш 520 млн. долл.қысқарды.Басты ауланатын балық треска болып ол 1/3 құрайды.Басқада ауланатын балықтардан камбала, теңіз шаяны және сельдь. Баст балық ауланатын жерСолтүстік теңіз және Скагеррака,басты порт Ютландияның батыс бөлігінде орналасқан.Кеме қатынасында Солтүстік теңізде, Эсбьерг қызмет теді.  1980 жылдан  ресурстарды эксплуатация ету көбейіп Солтүстік теңіз ластанған соң балық аулау төмендеді.

Мектептерге жалпы басшылықты Оқу министірлігі жүргізеді. Оқу ақысыз, дегенмен меншікті оқу орындары да бар. 1970 жылы мектепке дейінгі мекемелерде 20 875 бала тәрбиеленеді. Гимназияда оқу мерзімі 3 жыл, оның бітірушілері жоғары оқу орындарына түсе алалады. Кәсіптік білім орта жцне төмен арнаулы оқу орындарында беріледі. Ең ірі жоғары оқу орындарына Дат әскери-техникалық мектебі мен Дат инженерлік академиясы жатады.




#Article 126: Швеция (1701 words)


Швеция (), ресми атауы — Швеция Патшалығы () — Eуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.

Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер (3%), саамдар, норвегтер, даттықтар (6%) тұрады. Ресми тілі — швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі — лютеран шіркеуінің өкілдері (94%), католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы — Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала, Мальме, Хельсингборг (қала халқының үлесі 83%-ды құрайды). Әкімшілік-аумақтық жағынан 21 ленге (губернияға) бөлінеді. Швеция тарихи-географиялық жағынан үшке: Геталанд (оңтүстігінде), Свеаланд (елдің орталық бөлігі), Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%-ын алып жатыр, солтүстік бөлігі) бөлінеді. Швеция — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король (Карл XVI Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент — риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ұлттық мейрамы — швед туының Күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі — швед кронасы. БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің (1995) мүшесі.

Швеция Еуропаның Атлант мұхиты бойы аймағында, қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде (тайга мен аралас ормандардың, елдің қиыр оңтүстік — жайпақ жапырақты ормандар белдемшелерінде) орналасқан. Жағалаулары негізінен онша биік емес, жартасты болып келеді. Ботния шығанағының солтүстік және оңтүстік-батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар. Оңтүстігінде, Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және батыс аудандарын альпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары (биіктігі 2123 м-ге дейін, Кебнекайсе тауы) алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния шығанағына қарай аласаратын Норланд (биіктігі 200 — 800 м) қыраты орналасқан. Қырат терең бөлшектенген, өзен және көл аңғарлары бар. Оңтүстікке қарай Орта швед ойпаты орналасқан, мұнда көлдер көп. Мұздық рельеф формалары кең таралған. Елдің оңтүстігінде жазықтардың радиалдық жүйесімен жекелеген қырқалар мен массивтерге бөлшектенген Смоланд жоталары жатыр. Швеция Шығыс Еуропа платформасының Балтық қалқанының шегінде орналасқан.

Швецияның жер қойнауы металға бай болғанымен минералдық отынға кедей. Металл кентастары кен орындары магмалық және метаморфтық жыныстардың мол қорымен байланысқан. Шөгінді жыныстардың шектеулігіне байланысты таскөмірдің, мұнай мен табиғи газдың кен орындары жоққа тән. Темір кен орындары кентас қорларының мөлшері жөнінен дүние жүзіндегі ең бай кен орындарының қатарына атады. Темір қорларының 80%-дан астамы шоғырланған негізгі аудан поляр шеңберінің арғы жағында, Лапландияда орналасқан. Түсті металдардың негізгі кен орындары Норланд үстіртінде. Бұл құрамында мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс, сұр колчедан, күшәла бар кешенді сульфид кентастарының Булиден Кристинеберг аудандағы кен орны, қорғасын (Лайсвалль) мен мыс (Аитик) кен орындары.

Климаты Гольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің солтүстік аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік аудандарындағы климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы (кей жерлерде — теңіздік). Оңтүстігінде қаңтардағы орташа темпетурасы 0 — 5°С, солтүстігінде –6 — 14°С болады. Жазы салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа темпетурасы 15 — 17°С, солтүстігінде 10 — 11°С шамасында. Бүкіл Швеция аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады. Елдің барлық аумағына қар түседі, алайда қар жамылғысы Сконеде бар-жоғы 47 күн, ал Коресуандода 170 — 190 күн бойы сақталады. Таулардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 1700 мм-ді (кей жерлерде 2000 мм-ге дейін), елдің оңтүстігіндегі жазықтарда 700 — 800 мм-ді, солтүстік-шығыста 300 — 600 мм-ді құрайды. Швецияда қысқа, қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп (ең ірілері Доль-Эльвен, Турне-Эльв, Клар-Эльвен, т.б.). Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния шығанағы мен Балтық теңізіне құяды. Олар электр қуатын өндіруге кеңінен пайдаланылады (53%), Швецияда аумағы 1 км2-ден асатын 4 мыңнан аса көл бар. Неғұрлым ірі көлдері: Венерн (аумағы 5585 км2), Веттерн, Ельмарен, Меларен, т.б. Норландтағы көптеген көлдер тектоникалық ойыстарда орналасқан.

Ормандар ел аумағының жартысынан астамын алып жатыр. Онда негізінен қарағай мен шырша, қайың, көктерек, т.б. жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстікте аралас ормандар, ал Сконе түбегінде емен мен шамшаттан тұратын жалпақ жапырақты ормандар өседі. Ел аумағының 14%-ын батпақтар алып жатыр (негізінен Норландта). Скандинавия тауларында 900 — 950 м биіктікке дейін және солтүстікте 350 — 400 м биіктікке дейін тау-тайгалық өсімдіктер, одан жоғарырақ қисық діңді қайыңдар, тундралық өсімдіктер өседі (15%). Ормандарда бұлан, қоңыр аю, қасқыр, сілеусін, түлкі, ақ тиін, сусар, ақ қоян, оңтүстікте борсық, еуропалық кірпі, тундрада сусар, қара түлкі, леммингтер кездеседі. Суда жүзетін құстар кең тараған. 16 ұлттық саябақ пен 850 қорық жұмыс істейді (негізгілері: Абиску, Муддус, Пельекайсе, Сарек-Шефаллет, т.б.).

Швеция аумағында алғашқы адамдар б.з.б. 8 — 9-мыңжылдықта пайда болған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықта бұрын аңшылық және балық аулаумен айналысқан халық мал және егін шаруашылығына көшті. Б.з.б. 2-мыңжылдықта құрлықтық Еуропадан Швеция аумағына үнді-еуропалық тіл тобындағы мал өсіретін тайпалар баса-көктеп кіріп, жергілікті тұрғындарды бағындырды. Б.з. бас кезінде онда солтүстік герман тайпалары (Тацит пен басқа да антикалық авторлардың мәліметі бойынша — свиондар (свейлер), гауттар (геттер, еттер, т.б.) өмір сүрді. Олар әскери көсем - конунгтің билігіне бағынып, Риммен және оның герман провинцияларымен, 5 ғасырдан бастап франктермен, фриздермен, славяндармен, Балтық бойындағы халықтармен сауда-саттық жүргізді. 8 — 11 ғасырларда швед викингтері сауда жүргізу мен тонау мақсатында көршілес аймақтар мен Руське, Византияға, Волга бұлғарлары мен хазарларға, Араб халифатына жорықтар жасап тұрды. Алғашқы сауда орталықтары салына бастады. 11 ғасырлардың бас кезінде елге христиан діні енді. Осы кезде свейлер корольдігі (Свитьод) құрылып, швед халқы қалыптаса бастады. Шведтердің 1240 ж. Нева шайқасында А.Невский басқарған орыс және түркі-моңғолдардың біріккен әскерінен жеңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын тоқтатты. 1250 — 1363 ж. елде Фолькунгтер әулеті орталықтандырылған мемлекет құрды. Олар көп ұзамай Финляндияны бағындырды. 1397 жылы Кальмар униясы бойынша Швеция, Дания мен Норвегия бір монарх — Дания королінің қол астына бірікті. 1471 ж. Швеция Даниядан ішкі автономияны жеңіп алды. Дания үстемдігіне қарсы көтерілістің басшысы Густав Эриксон 1523 жылы. Швеция королі болып (І Густав Ваза) сайланды. 1610 — 12 ж. швед әскерлері Ресейге жасалған поляк интервенциясына қатысты. 17 ғасырда Швеция Еуропадағы аса қуатты мемлекеттердің біріне айналып, өз иеліктерін кеңейтті. Лифляндия, Солтүстік Германия жерлері қосылып алынып, даттар Скандинавия түбегінен қуылды. Бірақ 1700 — 1721 жылы Ресеймен болған Солтүстік соғыстың нәтижесінде Балтық жағалауындағы, Карелиядағы (Выборг қаласы) жерлерінен айрылып, ірі теңіз державасы болудан қалды. 18 ғасырлардың ортасында Финляндияның оңтүстік-шығыс бөлігі Ресейге кетіп, 1808 — 1809 жылы орыс-швед соғысынан кейін бүкіл Финляндиядан айрылуға мәжбүр болды. 1814 жылы Киль келісімі бойынша Швецияның құрамына Норвегия енді. 1834 жылы Швецияның тұрақты қарулы бейтараптығы жөніндегі декларация қабылданды. 1905 жылы Норвегиямен жасалған уния бейбіт жолмен бұзылып, Норвегия өз дербестігіне ие болды. 1-дүниежүзілік соғыста Швеция бейтараптығын сақтады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Швеция бейтараптығын сақтағанымен неміс әскерлеріне өз аумағы арқылы өтуге мүмкіндік берді. Соғыстан кейін 1948 жылы “Маршалл жоспарына” қосылып, АҚШ-тан қаржылай көмек алды. Дегенмен, НАТО құрылғанда Швеция өзінің әскери одақтарға қатыспау саясатын жариялады. Швецияның қазіргі мемлекеттік құрылысы 1974 жылғы конституциямен айқындалған. 1982 жылдан бері Швециядағы үкімет билігін социал-демократтар өз қолдарында ұстап келеді.

Швед орман өнеркәсібі бұрыннан ағашты мұқият өңдеуімен даңққа бөленген. Ол кесілген ағаш материалдар, фанера, целлюлоза, қағаз экспортында жетекші орын алады, Ел орман өнеркәсібінің негізгі бөлігі Венерн көлі ауданында шоғырланған. Мұнда кең аумақты қылқан жапырақты және аралас ормандар өседі, толып жатқан өзендер ағаштың немесе оның өңделген өнімдерін жағалауға жеткізуге мүмкіндік береді. Өлке целлюлоза алу үшін қажет таза суға да бай.

Швед орман шаруашылығы — ағаштарды кесу, оларды қайта қалпына келтіру және қайта кесу циклді қарапайым қағидаға келтірілген. Кәдімгі орманда құрап бара жатқан ескі ағаштар жас орман өскіндерін қоректендіреді. Топырақ үздіксіз құнарланып, құрылымы жақсара түседі. Ағаш ретінде кесілетін орман алқабында іс жүзінде: ағаштың діңі, бұтақтары, тамырлары, қабықтары түгел дерлік пайдаға асырылады. Швед ормандарынан көптеген қазіргі заманғы техниканы көруге болады. Мысалы, әмбебап ауыр жүк тартушы комбайн ағаштарды кесу, тамырларды, бұтақтарды қию, діңдерді жинау мен оларды жолға сүйреп шығару жұмыстарын атқара алады. Бұл аспалы құрал-жабдықтары бар және ондаған әр түрлі жұмыстарды орындай алатын нағыз орман комбайны. Желмен толтырылатын үлкен дөңгелектердің арқасында оның топыраққа зиян келтірмейтіні маңызды. Арнайы машиналар ағаш құлатылған жердің өзінде-ақ бұтақтар мен басқа да қалдықтарды бағалы технологиялық ұнтақтарға айналдырады.

Орман шаруашылығының дамуы көптеген әлеуметтік жайттармен күрделене түседі. Швед ормандарына бытырыңқылық пен ала-құлалық тән. Орман алқаптарының жартысына жуығы помещиктер мен фермерлерге тиісті.

Олардағы телімдер шағын, сондықтан фермерлер ормандарды бірігіп пайдалану мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін кооперативтерге бірігеді.
Швеция ормандарының 1/4 бөлігі орман өнеркәсібі компанияларының иелігінде, орман массивтерінің 1/5 бөлігі мемлекет меншігінде. Ормандардың қалған бөлігі қоғамдық болып есептеледі. Оған бұғы жайылымдары, ұлттық саябақтар, шіркеулік жерлер, т. б. жатады. Мұндай заңдық және шаруашылық ала-құлалық жағдайда орман шаруашылығын дамытудың көптеген маңызды мәселелерін шешу күрделене түседі.
Қатаң табиғат қорғау заңдарына, орманды пайдаланудың мызғымас ғылыми негіздеріне, мамандардың жоғары біліктілігіне қарамастан орман ісін қате, жыртқыштықпен жүргізу жайттары болып тұрады. Әсіресе орман өнеркәсібі компаниялары көптеген тәртіп бұзушылыққа жол береді.

Швеция — жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Швецияның кедей аграрлық елден қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға айналуы темір кентастары, ағаш пен су қуатына байланысты болды. Ағаш материалдары, қағаз бен болат шығару үшін қолданылған бұл табиғи ресурстар экспортқа бейімделген өнеркәсіптің негізін қалады. Швед социализмі атанған бұл ұлттық экономикалық үлгі капиталистік және социалистік даму жолдарының ең озық қасиеттерін қамтыған жеке меншік үстемдігі бар аралас түрдегі нарықтық қатынастарға сүйенеді.

Швеция өнеркәсібі экспортқа бағытталған, сол себепті оның өнімі елдің барлық сыртқы саудасының негізін құрайды. Швеция негізінен әртүрлі құрылыс материалдарын, жиһаз, құрастырылатын үйлер шығарады. Бұған қоса металлургия (сапалы және арнаулы болаттар шығару), машина жасау, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, химия, тағам (негізінен сүт және ет өнімдерін шығару) өнеркәсібі неғұрлым жоғары дамыған. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі Ботния бұғазына құятын өзендердің бойына шоғырланған. Өндіріс орындарының көпшілігі Швецияның орталық ауданында орналасқан. Ең ірі “Швед болат компаниясы” концерні мемлекет меншігінде. Машина жасау саласына барлық өнеркәсіп өнімдерінің 50%-ына жуығы тиеді. Автомобиль және аэроғарыш өнеркәсібінің зауыттары оңтүстік және орталық Швецияда шоғырланған. Автомобиль өнеркәсібі  “Volvo” (“Вольво”) компаниясының зауыттары Гетеборгте, ал “Saab-Scanіa” (“Сааб-Шаниа”)  компаниясының зауыттары Тролльхаттенде орналасқан. Дәрі-дәрмек жасау мен биотехнология салалары — швед экономикасының ең үрдісті және болашағы зор өнеркәсіп салалары. 1994 — 1996 жылдары Швециядағы дәрі-дәрмек рыногы 15%-ға өсті. Швед компаниялары онкология, гастроэнтерология, кардиологияда қолданылатын дәрілерді шығаруға маманданған. Электр және электрондық өнеркәсіп Стокгольм мен Вестерос қалаларына шоғырланған. Сондай-ақ Стокгольм телекоммуникация және тұрмыстық электр аспаптарын шығаратын “Erіcsson” (“Эрикссон”) және “Elektrolux” (“Электролюкс”) компаниялары бүкіл дүние жүзіне белгілі. Аграрлық швецияның жетекші саласы — етті-сүтті ірі қара мал өсіру. Ірі қара мал бүкіл Швеция аумағында өсірілсе, шошқа мен үй құстары елдің оңтүстігінде ғана өсіріледі. Егін шаруашылығы үшін бүкіл ел аумағының 7%-ына жуығы пайдаланылады. Өңделетін жерлердің басым бөлігі оңтүстік аудандарда шоғырланған, мұнда бидай, сұлы, күнбағыс, картоп егіледі. Тиімді технологияның арқасында Швеция өзінің бидайға, қара бидай мен картопқа деген мұқтаждығын толық қанағаттандырады. Кеме жасау кәсіпорындары Гетеборг, Мальме, Удевалль қалаларында орналасқан. Швеция— орман өнеркәсібі өндірісінің барлық түрлерін экспортқа мол шығаратын ел (Финляндиямен бірге бүкіл дүние жүзіндегі қағаз бен целлюлозаның 10 — 15%-ын өндіреді). Ел аумағының 68%-ын ормандар алып жатыр. Елде банк жүйесі мен туризм жақсы дамыған.




#Article 127: Аланд аралдары (165 words)


Аланд аралдары  ( — Оланд, , Ахвенанмаа - «алабұға елі») — Балтық теңізінде орналысқан архипелаг, Скандинавия елдерінің бірі. Финляндия құрамындағы автономия болып табылады. Халық саны - 28 501 (2012 ж.). Провинцияның жалғыз қаласы әрі астанасы - Мариехамн (11 мың тұрғын 2008 жылы).

Ресми тілі - Швед тілі: 91,2 % халық үшін - бұл ана тілі, тұрғындардың   5 % үшін ана тілі Фин тілі; басқа тілдердің үлесі - 3,8 %.

Валютасы - еуро. Ақша айналуында швед кронасы да бірдей пайдаланады.

Архипелаг Балтық теңізінің Ботник шығанағында орналасқан. Шығысында Финляндияның құрлық аймағынан Архипелаг теңізінің шхераларымен бөлінген. Батысында және солтүстік-батысында Швециядан Сёдра-Кваркен бұғазымен бөлінген.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай архипелагтың ұзындығы - 130 км. Архипелаг 6757 аралдардан құралған, олардың ішінде 60-сы - елді мекен. Әлемдегі ең үлкен архипелаг болып саналады. Жалпы аумағы - 1552 км²,оның ішінде 27 км² аумағын өзендер мен көлдер алады. Архипелагтың ең ірі аралы - Аланд аралы, аумағы - 685 км². Архипелагтың ең биік жері - Оррдальсклинт белесі, биіктігі 129 м.

Кейбір ірі аралдары (аумағы 5 км²-ден көп):




#Article 128: Германия (1152 words)


Германия (), ресми атауы — Германия Федеративтік Республикасы (), ГФР () — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.

Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. Халқы 232 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенты және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірде санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы теңіздік, ал оңт.-шығысының климаты қоңыржай-континттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0, ал шілде айында 16 - 17, оңт-нде 20 - 22. Жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 500 - 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 - 2000 мм.

Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б. 3 - 2 мыңжылдықта жергілікті тұрғындар мал ш-мен және егіншілікпен айналысты, ал б.з.б. 1 мыңжылдықта жергілікті темір қорытуды меңгерді. Б.з.б. 1 ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астаны 962 ж. герман король Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін Қасиетті Рим империясы тағының мұрагерлері деп жариялады. 1032 - 34 ж. ипмерия құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды(қ. Бургандар). Корольдік 11 ғ-дың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты бастан кешірді. 18 ғ-ға дейін корольдікті билеуші 17 әулет ауысты. 13 ғ-да корольдік құрамындағы кейбір князьдер, әсіресе, Саксон әулетінен шыққан князьдер (Семсер асынушылар, Тевтон оргерман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз императоры Наполеон І Австрия мен Прусияны талқандағаннан кейін (1806) Қасиетті Рим империясы жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Бұл жағдай Германияның әлеум.-экон. дамуына қатты бөгет жасады. Сондықтан герман князьдері, сонң ішінде ең алдымен Австрия және Пруссия билеушілері ұсақ герман мемлекеттерін бір орталыққа біріктеру үшін өзара бәсекелестікке түсе бастады. Франция талқандалғаннан кейіін 1815 ж. - қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Бундесрат аймақ өкілдерінен құралған. Ақшасы - неміс маркасы. Ұлттық мерекесі - Герман бірлігі күні (3 қазаң, 1990ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына Конституциясы 1949 ж. қабылданған.

Ірі қалалары Бонн (297 мың адам), Гамбург (1,6млн.), Мюнхен (1,2 млн.), Кельн (1 млн-ға жуық), т.б.

Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.

Германияда денсалық сақтау ісі 1949 жылы құрылған Денсаулық сақтау минитірлігі басқарды. Онда барлық еңбңешілер мен олардың отбасына тегін медициналық көмек көрсетіледі. 1970 жылы Германияда 190 мың төсектік 626 аурухана, 452 поликлиника, 828 амбулатория, 192 әйелдер консультациясы жұмыс істейді. Тұрақты және маусымдық яслилердегі орыннң саны 175 мың ға жетеді. 18 мың орында 178 санаторийлер мен курорттар және демалыс орындары жұмыс істейді. 1970 жылы 27,3 мың дәрігер, 7,3 мың тіс дәрігері, 2,9 мың фармацевттер мен 245 мың орта білімді медициналық қызметкер болды.
Осының барлығы халықтың медициналық жағдайын дақсартты. 1970 жылы әр мың адамға шаққанда баланың тууы 19,3, адамның өлімі, 14,1. Әрбір ірі туған баладан өлгені 18,8 болды. Орта есеппен адам өмір ұзақтығы - ерлерде 67,8, әйелдерде 73,1 жас. Аурулардың ішінде ең көп кездесетіні жүрек-қан тамыр сырқаты мен қатерлі ісіктер.

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған.

Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сай¬ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланд, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланд келеді.

Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алады. Қазіргі заманғы Германияның экономикалық қуаты мен байлығының негізін өңдеуші өнеркәсіп құрайды. Оның көпшілік кәсіпорындары еуропалық ауыр индустрия орталықтарының бірі, елдің батысындағы Рурға шоғырланған. Тұрмыстық техникадан бастап зауыттық құрал- жабдықтарға дейінгі әр түрлі тауарлар өндіретін өңдеуші өнеркәсіп саласына елдегі жұмыс күшінің 25%-ы қамтылған.

Германия өнеркәсібінің жетекші салаларына қара және түсті металлургия, машина жасау, электрондық, химиялық және мұнай-химия кәсіпорындары жатады. Бұл өнеркәсіптік ел қоршаған ортаның ластануынан қатты зардап шегеді. Мысалы, Шварцвальдтағы бүкіл ормандардың жартысы дерлік қышқыл жауындармен зақымданған. Германия табиғатты қорғаумен байыпты түрде айналыса бастаған алғашқы батыс елдерінің бірі. Қазір жасылдар партиясының өкілдері герман парламенті — бундестагтегі көпшілік орынды иемденіп отыр. Жасылдар партиясы мен табиғат қорғау ұйымдарының қысымымен Германия қоршаған ортаның жағдайына бақылауды қатал қолға алып, атом электр станцияларын жаба бастады.

Германия құрғақтағы, су және әуе көлігінің тамаша жүйесіне ие. Тауарлар мен жолаушылардың көпшілігі автожолдар арқылы тасылады.

Германиядағы жолдардың жалпы ұзындыгы 650 000 км- ден астам (оның ішінде автострада жолдарының ұзындығы 11 400 км). Елдің көптеген ірі қалалары бір-бірімен 280 км \ caғ жылдамдықпен жүретін ICE (Интерсити — Экспресс) пойыздары қатынайтын ұшқыр темір жолдар арқылы байланысқан. Ірі қалалардың арасындағы тұрақты авиарейстер бір сағаттан сәл астам уақытты алады.

Германияның ірі теңіз-сауда флоты бар. Бұл флоттың кемелері Бремен және елдің төртінші ірі қалалық агломерациясы әрі негізгі теңіз және өзен порты — Гамбург сияқты порттардан әр түрлі бағыттарға аттанады.




#Article 129: Швейцария (1500 words)


Швейцария (, , , ), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы  (, , , ) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Аустрия және Лихтенштейнмен шектеседі.

Халқы 8.560.988 млн. (2017), оның 65,6%-ы — неміс тілді швейцарлар, 22,8%-ы — француз тілді швейцарлар, 8,4%-ы —италиян тілді швейцарлар, 0,6%-ы — реторомандықтар . Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар.

Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.

Швецария — федеративтік парламенттік республика. 
Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі).
Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері.
Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291).

Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963), 2004 жылы Шенген келісімінің мүшесі.
Ақша бірлігі — швейцария франкі.

Швейцария — таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аум-ның 60%-ын құрайды). Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген.

Таулардың басында көптеген фирндік алаңдар мен мұздықтар бар (ел аум-ның 10%-ы). Негізгі асулары (Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина) 2000 м-ден биік орналасқан. Солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай Альпі аласара түсіп, мұздықтар сирей бастайды. Альпіден солтүстік-батысқа қарай ел аум-ның 1/3-іне жуығын алып жатқан Швейцария қыраты орналасқан. Ол 1000 — 1200 м-ден 400 м-ге дейін аласарады (Рейн мен Ааре өзендерінің аңғарлары). Мұнда ел халқының басым бөлігі шоғырланған, ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Сондай-ақ мұнда ең құнарлы а. ш. жерлер мен жайылымдар бар. Елдің солт.-батысында қатпарлы Юра таулары (Швейцария шегіндегі ең биік жері — Мон-Тендр тауы — 1679 м) жатыр.

Швейцарияның жануарлар дүниесі адамның шаруашылық қызметінің ықпалын күшті сезініп отыр. Қар құры мен ақ қояндар кең тарағанымен, таулардың жоғ. бөлігіне тән елік, бұғылар мен альпі суырлары сирек кездеседі. Жабайы жануарлар дүниесін қорғау жөнінде көп жұмыстар атқарылуда. Австриямен шекарада орналасқан Швейцария Ұлттық саябағын еліктер мен бұғылар, тауешкі мен түлкі мекендейді, сондай-ақ ақ құр мен жыртқыш құстардың бірнеше түрі кездеседі.

Швейцария - теңiзге шығусыз ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:

Солтүстiк шекарасы Швейцария Альпiлерiнiң ортасынан басталып Боден көлi мен Рейн бойымен   орталығында бастайтын және шығыс шекарасының бөлiгiн құрастырған Рейн бойынша жартылай өтедi. Батыс шекарасы Юра таулары арқылы өтедi, оңтүстiк - Италиялық Альпiлер және Женевалық көлі бойымен.

Үстірт ойпатта жатыр, бiрақ оның көп жағы теңiз деңгейiнен 500 метр жағарыда орналасқан. Орманды жоталардан (1600 м дейін) тұратын жаңа қатпарлы Юра таулары Франция мен Германия аумағына дейін созылған. Швейцарияның ең биік нүктесі Пеннин Альпісінде орналасқан — Дюфур шыңы  (4634 м), ең аласа нүктесі — Лаго-Маджоре өзені — 193 м.

Швейцарияда Еуропаның тұщы судың 6% орналасқан. Ең ірі өзеңдері - Рона, Рейн, Лиммат, Аaре.

Швейцарияның ең ірі он көлі:

Швейцария — 26 кантоннан (20 кантон және 6 жартылай кантон) тұратын  федеративтік республика.

Швейцарияның климаты Батыс Еуропаның мұхиттық климаты, Орталық Еуропадағы ылғалды континенталды климаты, Жерорта теңізі климаты және таулы климаттың әсерінен болатын қалыпты ауысу климаты. Жауын-шашын жыл бойы, кейде қыс мезгілінде қар сияқты таралады. Төрт мезгілде ең жақсы айдың (шілде) және ең суық айдың (қаңтар) орташа температурасы арасындағы 20 °C айырмашылығы бар.

Альпі климаттық тосқауыл ретінде әрекет етеді және географиялық жағдайға (микроклиматтарға) байланысты температура мен жауын-шашын мөлшерінің айтарлықтай айырмашылығын тудырады. Жерорта теңізі климатының әсері оңтүстіктегі Альпсқа қарағанда көбірек жазылады, онда жаз айтарлықтай жылы болады, ал қыстың шалғай және кептіргіштігі әсер етеді. Ыстық континенталды климаттың әсері елдегі шығыс бөлігінде айтарлықтай жоғары температуралық айырмашылықтар және жазда жоғары жауын-шашынмен ерекшеленеді.

Орташа температура жердің биіктігімен және жыл мерзімімен ерекшеленеді, өйткені ол рельефті арқасында таудың қасбеттеріндегі әртүрлі климаттық және табиғи орталармен бірнеше қабатты болуы мүмкін. Швейцария платформасы (500 м) сияқты жаздық жерлерде жаздың ең ыстық күндері - маусымнан қыркүйекке дейін - температура 30 °C-тан асады және қыста 0 °C-тан төмендеуі мүмкін - желтоқсан айынан бастап наурыз. Орташа температура әр 300 м-де 1 градусқа дейін төмендейді. Қысқы маусымның биіктігі 1500 м биіктіктен қарашадан сәуірге дейін жалғасады, ал қыс мезгілінде - қысқы спорт түрлеріне қолайлы жағдай. 3000 метрден астам жыл бойы қар жыл бойы сақталып, температурасы сирек 10 °C-тан жоғары көтеріледі. Жаз мезгілінде бүкіл ел бойынша жоғары күн сәулесі тау бөктерінің феномені себебінен қыста жазықтар мен жазықтарда төмен.

Альпсқа әсер еткен кезде, оңтүстіктегі жел жел солтүстіктен соғып, Альптың оңтүстік қасбында жаңбырлы және жұмсақ ауа райы, солтүстік қасбетіндегі құрғақ, жылы ауа райы тудырады. Керісінше, оңтүстіктегі суық солтүстік жел соғып, солтүстік жағында жаңбырлы және суық ауа райы, ал оңтүстіктегі күн сәулесі, ауа райының қолайсыздығы. Ішкі альпта орналасқан Вале ауданы жыл бойы құрғақ ауа алады.

Жел - бұл солтүстік-шығыстан суық жел, ол қыста жиі. Бұл температураның төмендеуіне, ашық аспанға және желдің жылдамдығы 100 км / сағ дейін жететін суық әсерге әкеліп соқтырады.

Швейцарияның экожүйелері өте нәзік болуы мүмкін, өйткені таулы таулармен бөлінген көптеген нәзік алқаптар жиі бірегей экологияны қалыптастырады. таулы аймақтар өздері басқа биіктікке табылған жоқ өсімдіктердің бай спектрін, сондай-ақ, осал болып табылады, және келушілер мен жайылымнан кейбір қысым бастан. Альпі ауданының климаттық, геологиялық және топографиялық жағдайлары климаттың өзгеруіне әсіресе сезімтал, өте нәзік экожүйеге айналды. Соған қарамастан, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2014 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Швейцария қоршаған ортаны қорғау бойынша жоғары көрсеткіштерге, оның жаңартылатын энергия көздеріне (гидроэнергетика және геотермальді энергия) байыпты тәуелділігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша 132 ел арасында бірінші орын алады. парниктік газдар шығарындылары.

Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т.б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т.б.). Швецария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б.з.б. 2 ғ-ға жатады. Бұл кезде Ш-ның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б.з.б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г.Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б.з.б. 15 ж. рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды. 5 ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. 7 ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.

, Швецариялық сағат

Швейцария — жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзінде капиталды шеттен тартудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Щвейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Щвейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары — машина жасау мен металл өңдеу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық-престеу жабдықтарын, дәлдігі жоғары металл өңдеу станоктарын (оларды шығару мен экспорттау бойынша Щвейцария дүние жүзіндегі жетекші орындардың бірін иемденеді, өнімнің 80%-ына жуығы сыртқа шығарылады), дәл өлшеу аспаптарын (күрделі медициналық аппараттар, дәл таразылар, оптик. аспаптар, т.б.), сағаттар (дүниежүз. өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95%-ы экспортталады) шығару неғұрлым жоғары дамыған. Щвейцария тоқыма (тоқу, иіру, тігін машиналары, дүниежүз. экспорттың 1/5-і), полиграф. (баспахана машиналары, түптеу станоктары, т.б.; өнімнің 90%-ы экспортталады), тамақ, сағат өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіру мен экспорттау жөнінде дүние жүзіндегі ең алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Ш-ның компьютерлер мен оларды бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісіндегі, күзеттік (видеобақылау, банкноттар мен бағалы қағаздарды қорғау жүйелері) және орау құрал-жабдықтарын, егін жинау техникасын, құрылыс саймандарын өндіру салалары да жақсы дамыған.

Химия өнеркәсібінде дәрі-дәрмектер (дүние жүзінде 2-орын, өнімінің 90%-ы — витаминдер, дәрілік құралдар, тазалық бұйымдары экспортталады; “Роше” мен “Сандос” фирмалары фармацевтевтикалық трансұлттық корпорациялардың алғашқы бестігіне кіреді), агрохимикаттар (дүние жүзінде 1-орын), тағамдарға иістік және дәмдік қоспалар, парфюмерлік бұйымдар, тоқыма өнеркәсібі үшін бояғыштар, химиялық талшықтар мен пластмассалар шығару да неғұрлым жоғары дамыған.

Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық “Юнилеверден” кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі.

Тоқыма (өнімінің 50%-ына жуығы экспортталады), тігін, аяқ-киім өнеркәсібі дамыған.

Жылына 57,2 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндіріледі (негізінен СЭС-терде, 4 АЭС жұмыс істейді). Темір жолдарының барлығы электрлендірілген, ең биіктегі т. ж. бекеті теңіз деңгейінен 4000 м-ден жоғары орналасқан.

Ауыл шаруашылық — жоғары өнімді, ел сұранысының -ін бөлігін қанағаттандырады. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін ел аум-ның 11%-ы пайдаланылады. Жетекші сала — мал өсіру (а. ш. өнімдерінің -ін бөлігін береді), оның ішінде сүтті ірі қара (симменталь және швиц тұқымдары) мал өсіріледі. Негізгі дәнді дақылдар: бидай (бүкіл жыртылатын жердің жартысынан көбіне егіледі), қара бидай, жүгері, сұлы. Сондай-ақ қант қызылшасы, картоп, азықтық шөптер мен тамыржемістілер өсіріледі. Жүзім, жеміс-жидек өсіру де дамыған.

Швейцарияда жылына 12,5 млн-дай турист демалады. Мейманханалық іс, сонымен бірге арнаулы мейрамханалық құрал-жабдықтар шығару жоғары дамыған. Швейцариядағы ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 53.400 АҚШ долларына тең (2005).

Сыртқа машина жасау мен металл өңдеу өнімдерін, сағаттар, дәрі-дәрмек және химия өнеркәсібі өнімдерін, азық-түлік, жоғары дәлдіктегі аспаптар, тоқыма тауарларын, киім-кешек шығарады. Импортын ауыр машина жасау өнімдері, автомобильдер, ауыл шаруашылық мен орман өнеркәсібінің өнімдері, құрылыс материалдары, минералдық отын, химия өнеркәсібі өнімдері, тоқыма мен киім-кешек құрайды.

Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания мен Еуро Одақтың басқа да елдері, АҚШ, Жапония.

Швецария Қазақстанның Батыс Еуропадағы ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның еур. елдермен жүргізілетін сауда айналысының 11%-ына жуығы тиеді. Қазақстан мен Ш. арасындағы сауда айналымы 2005 ж. 5710,6 млн. долл-ды құрады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін швейцариялық капиталдың қатысуымен 108 компания тіркелген.

Швейцарияның халық саны - 7.7 млн адам. Оның ішінде 3,8 млн ер адамдар және 3,9 млн әйелдер.

Тұрғындардың жас шамасына байланысты құрылымы:

Тұрғынның орташа жас шамасы

орташасы: 40, 7

еркектер: 39, 6

әйелдер: 41, 7




#Article 130: Италия (2426 words)


Италия  ( , ресми атауы — Италия Республикасы ()) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,3 мың км2. Халқы – 60,8 млн адам (2014). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы  парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні  (2 маусым, 1946).

Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4 – 5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды.

 

Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында). 
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б. 

Қазақстанмен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.

Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 – 12 ғасырлар аралығында латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано Карпинидің (1182 – 1252), Марко Полоның (1254 – 1324) Орталық Азияға жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында туды.

Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның негізгі шығармалары – “Жаңа өмір” (1292) повесі, “Құдіретті” комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өрлеу дәуірі кезіндегі Италия әдебиетінде ақын Ф.Петрарка (1304 – 1374), Дж. Боккаччо (1313 – 1375) шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғасырда ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 – 1459) мен Л. Валланың (1407 – 1457), т.б. латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 – 17 ғасырларда Ф.А. Ариостоның (1474 – 1533) “Қаhарлы Роланд” поэмасы, Н.Макиавеллидің (1469 – 1527), П.Аретиноның (1492 – 1556), Дж. Бруноның (1548 – 1600) сатиралық комедиялары, Т.Тассоның (1544 – 1595) “Аминта”, Б.Гваринидің (1538 – 1612) “Сенімді бақташы” атты драмалары жазылды. 17 ғасырда Италияның біршама бөлігін испан басқыншылары жаулап алуына байланысты әдебиетте біраз тоқырау пайда болды. 18 ғасырдың орта шенінен Италияның рухани өмірі қайта гүлденіп, ұлттық мәдениет өркендеу жолына түсті. 1848 – 49 жылғы революциядан кейін туған Р.Джованьолидің (1838 – 1915) “Спартак” романы мен Дж. Кардуччидің (1835 – 1907) саяси жырлары Италия әдебиетіндегі романтизмнен реализмге өту дәуірінің шындығын танытады. 19 ғасырдың аяғында Италия әдебиетінде жаңа романтикалық және символистік бағыт өріс алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Италия әдебиеті дәстүрлі гуманистік бағытынан айныған жоқ. Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма жыл ішінде Италия әдебиетінің көптеген өкілдері әлеуметтік тақырыптар мен реалистік дәстүрден ажырап қалды. Дж. Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини, т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларында фашистік кезеңнің ауыр зардабын суреттеп көрсетті.

Ежелгі Рим империясының құлдырауынан кейін ортағасырлық Италия архитектурасы (Рим, Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер салынды) қалыптаса бастады. Монументті шіркеу, тұрғын үй, мұнара, қақпа, қорған тұрғызу ісі дамыды. 13 – 14 ғасырларда готика дәстүрлі (Орвьето мен Миландағы, Флоренциядағы соборлар, Веккьо палаццосы, Венециядағы Дождар сарайы) өркендеді. Осы кезеңде ортағасырлық Италия қалаларының түр-сипаты қалыптасты. Қайта өркендеу дәуіріндегі (15 – 16 ғасырлар) Италияның архитектурасы жаңа бағытқа ауысып,  қала салу ісінің құралымдау және пропорциялау тәсілдері математикалық жолмен дамыды. Барокко (16 ғасырдың аяғы – 18 ғасыр) тұсындағы архитектура Италияның қалалары мен виллаларында көлемді ансамбльдерімен, парктерімен, салтанатты басқыштарымен, бағаналарымен, хауыздарымен белгілі. 18 ғасырдың басында Италия архитектурасы дәстүрлі формада (Ф.Ювара, 1678 – 1736), 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм бағытында болғандығы Миландағы архитектуралық ансамбль мен театр құрылысынан анық көрінеді. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында қала орталықтарында эклектикалық құрылыстар көптеп салынды. Фашистік диктатура (1922 – 43) кезіндегі құрылыстарда монументтеу, әсіресе, жаңа классика басым болды. 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары жаңа құрылыс материалдарын (темірлі-бетон, шынылы блок) пайдаланған Италия архитектурасы дамыды. Италия архитекторлары қазіргі заманғы архитектуралық форманы ұлттық дәстүрмен байланыстыруға ұмтылды.

Италияның ортағасырлық кескіндеме өнері ежелгі дәуір өнері озық үлгілердің қарапайымдылық пен қарадүрсіндікке бағытталуы арқылы 8 – 11 ғасырларда (фрескалар, мозаикалар) қалыптасты. 12 ғасырдың аяғында діни тақырыптағы қондырғылы кескіндеме, құрылыстарды әсемдеу мақсатындағы мүсіндер, түрлі түсті инкрустация әдісі басым дамыды. 13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың басында алдыңғы қатарлы қалалар Флоренция, Пиза, Сиенада, негізінен, ежелгі дәуір өнері бағытын ұстанған ақсүйектер өнері (Проторенессанс) пайда болды. 15 ғасырда Қайта өркендеу дәуірінің өнері ортағасырлық шарттылықтан қол үзіп, адам мен табиғатты зерттеуге және де ежелгі дәуір өнері мұрасын толық меңгеруге батыл ден қойды. Мүсіншілер Донателло (1386 – 1466), Л.Гиберти (1381 – 1455), А.Вероккьо (1435 – 1488) күш пен қуатқа толы еркіндік көксеген жандардың бейнесін жасады. Суретші Мазаччо, С.Боттичелли, Дж. Беллини (1430 – 1516) еңбектерінде адам мен оны қоршаған болмыстың сұлулығы шебер бейнеленді. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырда бүкіл Еуропаға қанат жайған Қайта өркендеу дәуірінің өнері, әсіресе, адамгершілікті паш еткен классикалық айқындығымен ерекшеленеді. Бұл дәуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан, П.Веронезе (1528 – 1588), Я.Тинторетто. 15 – 16 ғасырларда бейнелеу өнері, гравюра, сән және қолданбалы өнер (үй жабдықтары, майолика, шыны), медаль соғу, театр декорациясы көркемдіктің жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері [мүсінші Л.Бернини, суретші Пьетро да Кортона (1596 – 1669)] басым бағыт болды. 16 ғасырдың аяғында Болонья мектебінде (М.Караваджо; Г.Рени, 1575 – 1642) академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. 18 ғасырда гравюра мен театр декорациясы өнерінде классицизм бой көрсетті. 19 ғасырда мүсінші А.Канованың (1757 – 1822) бастауымен негізгі бағытқа айналған классицизм азаматтық пафостан қол үзді. Арнайы академизмге қарсы күрес Италия романтизмін, кейінірек реалистік өнердің тұрмыстық жанры мен табиғат көріністері суреттерін өмірге әкелді. Ол 20 ғасырда футуризмге, кейін жаңа классицизмге ұласты. Қазіргі Италия өнерінде формалистік ағымдардың сюрреализм, абстракты өнер секілді түрлері тараған. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа реализм ағымы пайда болды. Қазақ мемлекеттік көркемсурет музейінде Моретто да Брешианың (Алессандро Бонвинчино болуы мүмкін, 1498 – 1554 ж.) “Нәрестелі мадоннасы”, Лука Камбиазоның (1527 – 1585) “Алтын ғасыры”, Франческо Моланың (1612 – 66) “Аласталған Агариі”, Джачинтоның (Джигонте, 1809 – 1876) “Әулие Перінің Римдегі қамалы”, Антон Домениконың (Габбиани, т.-ө.жылы белгісіз) “Аполлон мен музалары”, Франческоның (Ботальоли, 1742 – 18 ғасырдың аяғы), “Архитектуралық пейзажы”, Франческоның (Паннини, 18 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген) “Римдегі Соглассия ғибадатханасының қираған орны”, Проспер Жорж Антуан Марильяның (1811 – 1847) “Ніл жағалауы”, т.б. суретшілердің әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаған шығармалары сақтаулы. 

Италияның музыкалық фольклорының алғашқы ноталық үлгілері 13 – 14 ғасырда жазылған. Италия халық музыкасының ерекшелігі әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының алуан түрлілігінде. Италия – опера, оратория, кантата, дербес оркестрлік музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната, т.б. жанрлардың отаны. Алғашқы невмадан бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі (Гвидо д’Ареццо, 992 – 1050) де Италияда пайда болды. О.Петруччи (1466 – 1539) нотаны алғаш басып шығарса, Б.Кристофори (1655 – 1731) фортепианоны ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 – 1590) гармония ғылымының негізін қалыптастырды. 16 – 18 ғасырларда дүние жүзіндегі ең жақсы скрипкалар (Амати, Гварнери әулеттері, А.Страдивари) осы елде жасалды. Алғашқы консерваториялар мен музыкалық академиялар Италияда пайда болды. 7 ғасырда Римде шіркеу әуендері бір жүйеге салынып, Григориан хоралына заңдастырылды, кейін ол бүкіл Батыс Еуропа діни музыкасының негізіне айналды. Фольклор негізінде тұрмыс-салт әндері (баркарола, гондольера, т.б.), Қайта өркендеу дәуірінде вокальдік ансамбльдер (вилланелла, фроттола), билер (гальярда, сицилиана) ерекше өріс алды. Қала мәдениетінің өсуіне байланысты 14 ғасырда Арс Нова (жаңа өнер) деген атпен прогресшіл музыкалық бағыт қалыптасты; мадригал, баллада, качча сияқты вокальдік жанрлар және аспаптық музыка дамыды. К.Монтеверди (1567 – 1643) – операның тұңғыш классигі, әрі 17 ғасырдағы Венеция опера мектебінің негізін салушы. 17 ғасырда италиялықтар орган музыкасын жаңа белеске көтерді, камералық музыка жанрын, скрипкалық музыка мен ансамбльдік оркестр музыкасын дамытты. 18 ғасырда Аполитан опера мектебінің негізі салынды, бельканто өнері гүлденді. 18 ғасырдағы Италия А.Вивальди, Д.Скарлатти (1685 – 1757), Л.Боккерини (1743 – 1805), Дж.Саммартини (1701 – 1775), т.б. композиторлардың, ұлы скрипкашы Н.Паганини және фортепьянолық сонаталар мен этюдтардың авторы М.Клементидің (1752 – 1832) шығармашылығы әлемге танылды. 

Италия аса жоғары музыкалық орындаушылық өнерімен, опера әншілерінің шеберлігімен ертеден әлемге аян. Милан (Ла Скала), Рим, Неаполь, Болонья, т.б. қалаларда опера театры бар. 20 ғасырда дүниежүзілік музыка мәдениетінде пианист Ф.Бузони (1866 – 1924), дирижер А.Тосканини (1867 – 1957) ерекше рөл атқарды. 20 ғасырдағы Италияның атақты әншілері: Э.Карузо (1873 – 1921), Т.Скипа (1889 – 1965), Б.Джильи (1890 – 1957), Т.Гобби (1913 – 1984), М.Дель Монако (1915 – 1982), Р.Тебальди (1922 жылыт.), Р.Скотто (1934 жылыт.), т.б.; белгілі дирижерлері: Т.Серафин (1878 – 1968), К.Цекки (1903 – 84), т.б.

Италия театр өнерінің алғашқы элементтері халықтың диқаншылық әдет-ғұрыптары мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта ғасырларда пайда болған литургиялық драма мен мистерияда комедия-сатиралық бағыт басым болды. Қайта өркендеу дәуірінде тың театрлық мәдениет дамыды, драма теориясы дами бастады. 16 ғасырдың ортасында суырып салма Дель арте комедиясы (маска комедиясы) пайда болды. 17 ғасырдың аяғында Италия театры өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып, маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл көтеретін сауығына айналды. 18 ғасырда Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі орталығына айналды. Әдеби театрмен қатар қуыршақ театры, акробаттардың, дар ойыны бишілері мен жәрмеңке думаншыларының өнері өріс алды. 18 ғасырдың аяғындағы саяси қозғалыс драматург В.Альфьери (1749 – 1803), актерлер А.Доррокези, К.Маркионни, т.б. дамытқан қаhармандық трагедияны туғызды. Жаңа актерлік өнер мектебінің негізін 1830 – 40 жылы актер Г.Медена салды. Оның артистік және қоғамдық ой-арманын шәкірттері А.Ристори (1822 – 1906), Э.Росси (1827 – 96), Т.Сальвини (1820 – 1915) ілгері дамытты. 1870 жылдан кейін мелодрама, тұрмыс-салт тақырыбындағы жеңіл комедиялар театр репертуарынан кең орын алды. Үздік сахна шебері Э.Дузе (1858 – 1924), Сальвинидің сахналық дәстүрін ілгері дамытты. 
Фашистік диктатура кезінде (1922 – 43) Италия театры мен драматургиясы ауыр күйзеліске ұшырады. Репертуарға көңіл көтеруге арналған жеңіл пьесалар енді, модернистік ағымдар кең етек алды. Тек Римдегі Көркем театр (жетекшісі Л.Пиранделло, 1867 – 1936), Тәуелсіздер театры мен Дель арте (жетекшісі актер әрі драматург А.Дж. Брагальи) театрының өнері назар аударды. Режиссер әрі актер Э.Де Филиппо (1900 – 84) ұйымдастырған Неапольдің Диалектілі театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы Миланда Пикколо-театры М.Горькийдің “Шыңырау түбінде” пьесасымен шымылдық ашты. 20 ғасырдың 60-жылдарының орта шенінен тұрақты театрлар нығая бастады. 

Италияда алғашқы фильм 1896 жылы түсірілді. 1905 – 06 жылы Туринде, Римде, Миланда көркем фильмдер шығаратын кішігірім кинофирмалар ұйымдастырылды. 1-дүниежүзілік соғыстың алдында Италия кинематографиясы әлемде жетекші орын алды. 1913 жылы жасалған “Помпейдің ақырғы күні” (режиссер Л.Маджи) мен “Кабирия” (режиссер Дж.Пастроне) фильмі көрермендер арасында кеңінен мәлім болды. 20 ғасырдың 30-жылдары белгілі әншілердің қатысуымен музыкалық фильмдер қойылып, кино өнері біршама жандана түсті. 1937 жылы Римде киностудия кешені тұрғызылып, Экспериментті киноорталығы деген атпен киноинститут құрылды. Фашизмнен азат етілгеннен кейін Италия кино өнерінде прогресшіл бағыт айқын байқалды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері: режиссер |Р.Росселлини (1906 – 1977), Л.Висконти (1906 – 1976), В.Де Сика (1901 – 1974), Дж. Де Сантис (1917 жылыт.), П.Джерми (1914 – 1974). Фашизмге қарсы күрестегі Италия халқының бірлігін бейнелеген Росселлинидің “Рим – ашық қала” (1945) фильмі жаңа реализмнің манифесіне айналды. Соғыстан кейін (1946 – 52) “Шуша”, “Велосипед ұрлаушылар”, “Умберто Д” (режиссер Де Сика), “Қайғылы аңшылық”, “Ащы күріш”, “Рим сағат 11-де” (режиссер Де Сантис), “Үміт жолы” (режиссер Джерми), “Неаполь – миллионерлер қаласы” (режиссер Де Филиппо) сияқты фильмдер экранға шықты. 20 ғасырдың 60-жылдары “Неапольдің төрт күні” (режиссер Н.Лоя), “Рокко және оның бауырлары” (режиссер Висконти), “Тәтті өмір”, “Сегіз жарым” (режиссер Ф.Феллини, 1920 – 1993), т.б. қойылды. Дүние жүзіне есімі мәлім режиссер Феллини мен М.Антонионидың (1912 жылы түсірілген) фильмдері қоғамның рухани қайыршылығын өткір сынға алды. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдары “XX ғасыр” (режиссер Б.Бертолуччи, 1941 жылы түсірілген), “Әке – қожайын”, “Әулие Лоренцо түні” (режиссер ағайынды Тавини), “Құпиялар, құпиялар” (режиссер ДжылыБертоуччи), “Жүрекке соққы” (режиссер Дж.Амелио), “Эчче Бомбо”, “Тәтті түстер”, “Бьянка” (режиссер Н.Моретти), т.б. фильмдер түсірілді. Белгілі актерлері: А.Маньяни (1908 – 1973), Дж.Мазина (1921 – 1994), С.Лорен (1934 жылы түсірілген), Дж.Лоллобриджида (1927 жылы түсірілген), М.Мастроянни (1923 ж.), А.Сорди (1919 ж.), М.Плачидо (1947 ж.), т.б.




#Article 131: Сан-Марино (265 words)


Сан-Марино (), ресми атауы — Сан-Марино Мәртебелі Республикасы () — Eуропада Италияда орналысқан ел.

Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 519,9 мың адам (2018). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі.
Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы 0 — 12°С, шілдеде 20 — 28°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм. 
Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмац. тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). 11 — 13 ғ-ларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 ж. Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты. Шарт бойынша Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты (1922) республикада фаш. элементтер жандана бастады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1944 ж. 4 қыркүйекте Сан-Марино аумағын фаш. неміс әскерлерлері басып алды. 1944 ж. қыркүйектің аяғында оларды ағылшын-америка әскері қуып шықты. 1966 жылдың аяғында елдегі демокр. күштердің қысымымен қазіргі сайлау жүйесі қалыптасты.  
Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм ұлттық табыстың 60%-ын береді. Мата тоқу, цемент, қағаз, былғары, металл өңдеу, химия, мебель, керамика кәсіпорындары бар. Экспортқа — вино, сувенир, машина бұйымдарын шығарып, сырттан өндіріс шикізатын, отын ресурстарын алады. Негізгі сауда серіктесі: Италия.




#Article 132: Етіс (112 words)


Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз.
Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.

Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:

деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:




#Article 133: Ватикан (809 words)


Ватикан (, ) — Eуропада орналысқан ел. Ватикан - бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы болып табылады.

Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).

Бұрын Ватикан территориясы қоныстанбаған, өйткені ежелгі Римде бұл жер қасиетті саналған. Император Клаудиус осы жерде цирк ойындарын өткізді. 326 жылы, христиан діні пайда болғаннан кейін бұл жер қоныстанды.
VIII ғасырдың ортасында Папа аймағы Апеннин түбегінің едәуір бөлігін қамтыды, бірақ 1870 жылы оны Италия патшалығы жойды.

Өзінің қазіргі түрінде ол 1929 жылы 11 ақпанда Бенито Муссолини үкіметімен жасалған Латеран келісімдері негізінде пайда болды.

Ватикан Римнің солтүстік-батыс бөлігіндегі Ватикан төбесінде, Тиберден бірнеше жүз метр жерде орналасқан. Ватикан барлық жағынан Италиямен қоршалған, мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Латерандық келісімдер Ватиканға экстерриториялықты берді (кейбір базиликалар, курио және епархия кеңселері және Кастель Гандольфо), бірақ негізінен шекара қорғаныс қабырғасына сәйкес келеді. Әулие Петр бассейнінің алдындағы шекара сопақ пішінді шаршының шеті болып табылады (алаңның төбесінде ақ тастармен белгіленген).

Ватикан - бұл Қасиетті Тақ басқаратын теократиялық мемлекет. Абсолютті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі шоғырланған Қасиетті Тақтың егемендігі - өмір бойы кардиналдармен сайланған Рим Папасы. Рим Папасы қайтыс болғаннан немесе бас тартқаннан кейін және жанжал кезінде, жаңа Рим Папасының интонациясына дейін, оның міндеттерін (айтарлықтай шектеулермен) Камерленго атқарады.

Ватиканның барлық дерлік халқы - бұл төлқұжаты бар Ватикан азаматтары (бұл төлқұжат Қасиетті Тақтың дипломатиялық мәртебесіне ие, Апостолдық астананың (Ватикан) тұрғындарына тиесілі екендігін және Мемлекеттік хатшылық шығарған) және католик шіркеуінің қызметшілері. №1 паспорт дәстүрлі түрде қазіргі Қасиетті Тақтың азаматтығынан басқа басқа азаматтығы немесе азаматтығы жоқ қазіргі Рим Папасына беріледі (Германия азаматтығын бір уақытта сақтауға рұқсат етілген тек XVI Бенедикт пен Аргентина азаматтығын сақтаған Фрэнсиске ғана беріледі).

Ватикан мен Италия арасындағы 1929 жылғы Латеран шартының 9-бабында егер адам Ватикан азаматтығынан бас тартса және басқа мемлекеттің азаматтығы болмаса, оған Италия азаматтығы беріледі.

Этникалық жағынан алғанда, Швейцария гвардиясының мүшелерін қоспағанда, олардың көпшілігі итальяндықтар. Ватиканның «күнделікті» халқына сонымен бірге 3000-ға жуық итальяндықтар жұмыс істейді, бірақ олар мемлекеттен тыс жерде тұрады.

Ватикан - әлемдегі нөлдік құнарлылыққа ие жалғыз мемлекет.

Ватикан - жоғары дамыған қалалық мемлекет . Ватиканда коммерциялық емес жоспарлы экономика бар. Табыс көзі - бұл негізінен бүкіл әлемдегі католиктердің қайырмалдықтары. Қаражаттың бір бөлігі туризм (марка сату, Ватикан еуро монеталары , кәдесыйлар, музей төлемдері). Жұмыс күшінің көп бөлігі (мұражай қызметкерлері, бағбандар, жинаушылар және басқалары) Италия азаматтары.

Ватиканның бюджеті - 310 миллион АҚШ доллары.

Ватиканның Дін істері институты деп аталатын өз банкі бар.

Ватиканда резервтік электр станциясы бар. 2008 жылдан бастап жобалық қуаттылығы 100 мегаватт болатын күн электр станциясының құрылысы жалғасуда.

Ватикан мен Қазақстан арасындағы достық байланыс алғаш 1998 жылдың 6-шы ақпанынан басталды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ватиканға сапарында Папа Иоанн Павел II-мен кездесті. Аудиенция барысында екі жақ бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды. «Иоанн Павел ІІ-нің резиденциясы орналасқан қала-мемлекет Ватиканның Әулие Петр Соборында өткен кездесу кезінде ҚР Президенті Рим Папасына оның Орталық Азия елдеріне тұңғыш сапары, Астанада сөйлеген сөзі Қазақстандағы барлық конфессия өкілдерінің тарапынан қызу қолдау тапқанын, мемлекеттегі дінаралық татулыққа септесетін болатынын разылықпен айтты. Иоанн Павел ІІ-ші Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылы Елбасымыздың Ватикан мемлекетіне сапары кезінде қол қойылған келісімнің ойдағыдай орындалып келе жатқанын атап өтті. Рим Папасы Президент Нұрсұлтан Назарбаев арқылы бүкіл Қазақстан халқына, өзіне, Астанаға сапар кезінде көрсеткен ерекше құрметі үшін разылығын жеткізудi сұрады. «Маған дәл сондай құрмет тіпті христиан дініндегі Армения мен Грузияда да көрсеткен емес», деп ерекше айтты Рим Папасы. Екеуара сұхбат соңында Рим Папасы Президентпен қоштасып тұрып: «Қазақстанның мемлекеті мен халқына Жаратқан Ие жар болсын!» деген тілегін айтқан-ды».




#Article 134: Испания (3292 words)


Испания (), ресми Испания Патшалығы () — Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2..  Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 46,1 млн. (2011). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Христофор Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.

 Испания жерінде ежелгі адамдар палеолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 10-мыңжылдыққа дейін) тіршілік ете бастаған. И. жерінде құрылған ең ежелгі мемлекет – Тартесс (б.з.б. 1 мыңжылдықтың бас кезінде болған). Ел территориясына б.з.б. 7 ғасырда финикиялықтар мен гректер келіп қоныстана бастады. Б.з.б. 5 – 3 ғасырларда Пиреней арқылы кельттер келді. Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында Испания жерінің көпшілігі Карфаген мемлекетіне бағынды. Б.з.б. 2 ғасырда Карфагенді Рим империясы ығыстырып, б.з.б. 21 – 19 жылы қазіргі Испания аумағын түгелімен бағындырды. Рим империясы үстемдігі кезінде елде испан-рим ақсүйектері пайда болды. Кейін Испанияға вандалдар, аландар, свевтер басып кіріп, Солтүстік-батыста Свев корольдігі құрылды. Аландар мен вандалдар оңтүстікке, ал 429 жылы Солтүстік Африкаға қоныс аударды. 5 ғасырдың 2-жартысында вестготтар королі Эйрих (466 – 84) Пиреней түбегін түгелімен басып алды. 585 жылы вестготтар Свев корольдігін толығымен бағындырды. 711 – 18 жылы Пиреней түбегін арабтар (мавр деген ортақ атпен белгілі болған араб және бербер тайпалары) жаулап алып, Омейя әулетіне бағынышты әмірлік құрды. 756 жылы омейялықтар тәуелсіз Кордова әмірлігін, 929 жылы Кордова халифатын құрды (қ. Кордова халифаты). 1031 жылы Кордова халифаты көптеген ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. 11 ғасырда түбектің Солтүстік мен шығысындағы ұсақ христиан иеліктері біртіндеп біріге бастады. Сөйтіп, солтүстікте Кастилия, оңтүстікте Арагон корольдіктері құрылды. Олар біртіндеп Испаниядан арабтарды ығыстыра бастады. 13 ғасырдың ортасында елде тек Гранада әмірлігі ғана қалды. 1479 жылы Леон-Кастиль және Арагон-Каталон корольдіктері әулеттік неке негізінде бір мемлекетке бірікті. 1492 жылы 12 қазанда 10 жылға созылған соғыстан кейін Гранада әмірлігі жаулап алынды. Бұл күн Х.Колумбтың Американы ашып, ұлы жаңалықтар дәуірінің басталуымен тура келді. 16 ғасырдың 1-жартысында испандар Мексиканы, Перуді, Боливияны, Чилиді, т.б. Оңтүстік Америка жерлерін басып алды. Еуропада Испания құрамына Нидерландия қосылды (1516). Испан королі Карл Қ 1519 жылы Қасиетті Рим империясының императоры тағына отырып, Испандар әлемдегі ең ірі мемлекетке айналды. Мануфактуралар құрылып, испан қалалары жібек тоқитын, былғары шығаратын, қару-жарақ жасайтын ірі орталықтарға айналды. Елде монархия орнады. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап Испания әлсірей бастады. Революция нәтижесінде Нидерландия Испандардан 1581 жылы бөлініп шықты, 1588 жылы атышулы испан флоты – “Жеңілмейтін армада” Англиядан күйрей жеңілді. 17 ғасырда ел экономикасы онан сайын құлдырап кетті. 18 ғасырда бұрынғы испан иеліктері Англия, Франция, Австрия, т.б. мемлекеттердің өзара күресі нысанына айналды. Испан мұрагерлігі үшін күрес (1701 – 14) француз королі Людовик XҚV-нің немересі Филипп V-нің Испандар тағына отыруымен аяқталды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция басталғаннан кейін, Испания билеушілері 1793 жылы Франциямен соғыс бастады. Бірақ жеңіліске ұшырап, өздері француздардың ықпалына көшті. И. енді Франция жағында Англия мен Португалияға қарсы соғысты. Бұл Испандардың Америкадағы отарларымен байланысын нашарлатып жіберді. Үкімет елге француз әскерлерінің кіруіне рұқсат беріп, өзіне халықтың наразылығын туғызды. Бірінші испан революциясы (1808 – 14) елден француздарды қуу және либералдық реформалар жүргізу мақсатын көздеді. Конституция қабылданып (1812), ұлт-азаттық күрес және революция нәтижесінде ел 1814 жылы 18 мамырда толық азат етілді. Бірақ елге оралған король Фердинанд VҚҚ конституцияның күшін жойып, Америкадағы испан отарларындағы көтерілістерді басу үшін әскер жіберді. Екінші испан революциясы (1820 – 23) кезінде Фердинанд VҚҚ көтерілісшілердің талабын орындап, 1812 жылғы конституцияны қалпына келтірді. Конституцияға сәйкес 1820 жылы 9 шілдеде ашылған кортестер (парламент) көптеген прогресшіл заңдар қабылдады. Бұл революция Қасиетті одақтың шешімі бойынша француз интервенттері қолымен (1823 жылы сәуір – қыркүйек) басылды. Елде абсолюттік монархия қалпына келтірілді. Осы кезде испан армиясы Америкада жеңіліске ұшырап, Куба мен Пуэрто-Рикодан басқа барлық отарларынан айырылды. 1833 жылы Испандарда азамат соғысы басталып, ол Үшінші испан революциясына (1834 – 43) ұласты. Революция кезінде барлық ортағасырлық сарқыншақтар (инквизиция, майорат, т.б.) толығымен жойылып, елде конституциялық монархия орнады. 1840 жылдан бастап өнеркәсіп төңкерісі басталды: металлургия, машина жасау з-ттары, т. ж-дар салына бастады. Төртінші (1854 – 56) және бесінші (1868 – 74) испан революцияларын республикашыл күштер жасады. Тұңғыш республика құрылғанымен (1873 – 74), ол ұзақ өмір сүре алмады. 1874 жылғы төңкерістен кейін үкімет басына қайтадан Бурбондар әулеті келді. 20 ғасырдың басында Испандарда ірі өнеркәсіп монополиялары пайда болды. Елге шет ел капиталы көптеп келе бастады. Республикашылар күресті тоқтатқан жоқ. 1931 жылы 14 сәуірде елде республика орнап, алтыншы испан революциясы (1931 – 39) басталды. 1931 жылы сәуір – 1933 жылы күз аралығында елді республикашыл-социалистер блогы басқарды. Олар а. ш-нда реформа жүргізді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, т.б. шаралар жасады. Оған қарсы оңшыл күштер 1933 – 35 жылы фашистік блокқа бірігіп, елде 32 айға созылған азамат соғысы басталды (қ. Испаниядағы азамат соғысы). Испандарда генерал Франконың диктатурасы орнап, саяси партияларға тыйым салынды. 2-дүниежүз. соғыс кезінде генерал Франко Германия мен Италияға көмектесіп, соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. 1947 жылы ел корольдік болып жарияланды. генерал Франко өлгеннен кейін (1975), Испандарда конституциялық монархия құрылды. Саяси тұтқындар түрмелерден босатылып, саяси партиялардың қызметіне рұқсат етілді. 1977 жылы 15 маусымда тұңғыш рет демокр. парламент сайлауы өтіп, Конституция қабылданды. 1979 жылы сәуірде алғашқы заңды үкімет жасақталды. 1981 жылы ақпанда әскерилердің мемл. төңкеріс ұйымдастыру әрекеті жүзеге аспай қалды. 1982 жылы қазанда өткен сайлауда Ф.Гонсалес бастаған социалистер жеңіске жетіп, өз үкіметін құрды. Олар 1983, 1986, 1993 жылдары өткен сайлауда да жеңіске жетті. Тек 1996 жылы өткен сайлауда ғана консервативтік Халық партиясы (Х.М. Аспар) жеңіске жетті.

Испанияның мемлекеттік құрылымы - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — патша. Қазіргі кездегі монарх — VI Филипп. Заң қабылдайтын орган — Испанияның генералды кортестері: Депутаттар конгресі мен Сенат. Сенат 259 жергілікті сайланған депутаттан құралған. Депутаттардың қызмет ету мерзімі - 4 жыл. Депутаттар Конгресі - саяси партияладын сайланған 350 депуттан құралған, депуттығының мерземі - 4 жыл.

Атқарушы үкіметті Испанияның Премьер-министрі орындайды, әдетте парламентке сайлау барысында ең көп дауыс жинаған саяси партияның өкілі. Конституциялық бақылау органы - Конституциялық сот (Tribunal Constitucional), жоғарғы сот сатысы - Жоғарғы Сот (Tribunal Supremo), автономды қоғамдастықтардың жоғарғы сот сатысы -  Жоғарғы Әділет Соты  (Tribunal Superior de Justicia), Апеляциялық инстанция - провинциялық аудиенсиялар (Audiencias Provinciales), аймақтық соттар — сот тергеуі және алғашқы саты соттары (Juzgados de primera instancia e instrucción), ең төменгі сатысы - судья (juzgados de paz), импичмент соты - Ұлттық Аудиенсия (Audiencia Nacional), жоғарғы бақылау органы - Есеп Соты (Tribunal de Cuentas), соттарды басқару органы - Сот басқаруының генералды кеңесі (Consejo General del Poder Judicial).

Испанияда 500-ден астам саяси партия және қоғамдық ұйымдар тіркелген. Ең ірі париялар: 

Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. А. ш. жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын И-ға 62 млн. шет ел туристері келеді. Негізгі сауда серіктестері Еуропалық одақ елдері (импорттың – 61%, экспорттың – 68,5%-ы), АҚШ (7,4% және 5,1%), Латын Америкасы(4% және 5,4%). Алтын-валюта қоры 72,6 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде (1997). Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. 1998 жылы 13 ақпанда Испания королі Хуан Карлос Алматыда болып қайтты. 2000 жылы 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан Карлос Қазақстанмен және үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті. Кездесу барысында саяси, экон., мәдени байланыстар жөнінде 6 құжатқа қол қойылды.

Испанияда 1970 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 19,6, адам өлімі 8,5, тірі туған әр бір баладан өлгені 27,9. Адам өмірін ұзақтығы орташа 70 жас. Елде жүрек, қан тамыр аурулары, қатерлі ісік,сусамыр, әсірисе гельминтоз ауруы көп таралған. Дүниежүзінде эхинококкоз ауруының ең көп таралған жері - Испания кейбір аудандарда лептозпирос және алапес те кездеседі. Толық емес мәліметтер бойынша, 1969 жылы Испанияда 156,8 мың төсектік 1648 аурухана болды. 1970 жылы 41,4 мың дәрігер, 3,4 тіс дәрәгері, 16 мың фармацевт және 4,1 мың акушер жұмысқа орнатылды. Дәрігерлерді арнайы университетің медициналық факультеттері дайындайды.

Испания жеріндегі ең көне ескерткіштер палеолит дәуірінен сақталған. Неолит дәуірінен қыш ыдыстар, иберлерден тас қамалдардың қалдығы мен өрнектелген құмыралар сақталған. Рим империясы үстемдігінен қалған театрлар мен ғибадатханалардың орны кездеседі. Мавритан өнерінің үлгісімен салынған құрылыстар да бар (Кордовадағы мешіт, 10 ғасырдың аяғы). Испаня өнерінің дербес қалыптасуы 8 – 9 ғасырлардан басталады. Осы кезде Испандарның Италия, Франциямен мәдени байланысы күшейді. Тас қорғандар мен қамалдар салуда француздардың тәжірибесі қолданылды. 10 – 12 ғасырларда құрылысқа кірпішті пайдаланды. 13 ғасырдың 1-жартысында Бургос пен Леонда ғибадатханалар салына бастады. 14 ғасырда Испандарда мудехар стиліндегі архитектура қалыптасты. Сол кездегі Испандар бейнелеу өнеріне тән қасиет – тұрмыстық детальдарға ден қою, жалпы пішін мен бет-бейненің шынайылығын қадағалау – каталон мектебінің негізін салушы Феррер Бассаның шығарм-нан айқын көрінді. 15 ғасырдың аяғында Қайта өркендеу дәуірінің ұлттық стилі – “платереско” қалыптасты. 16 ғасырда италиялықтар ықпалының күшейе түсуі испан суретшілерінің кәсіби машықтануына әсер етті. Осы тұста Эль Греко шығарм-ы танымал болды. 17 ғасырда чурригереско [арх. Х.Чурригердің (1665 – 1725) есімімен аталған] деген атпен пайда болған испан бароккосы 18 ғасырда жалпы ұлттық стильге айналды (Гранададағы Ла Картух ғибадатханасы). 1744 жылы Мадридте ұйымдастырылған Көркемсурет академиясы академиялық классицизмнің ұйытқысы болды. 17 ғасырдың 1-жартысында испан кескіндемесі басым бағытта дамыды. Өмір шындығының рухани мәнін ашуға ұмтылу, қарапайым заттарға назар аудару Испания суретшілеріне тән тақырып болды. Өмір мәнін шынайы түрде қабылдау, адам мінезіне ерекше көңіл бөлу – сол кездегі суретшілердің, әсіресе, Д.Веласкестің шығармаларынан тамаша көрініс тапты. 17 ғасырдың 2-жартысындағы Испания өнерінен сән-салтанатқа бой ұру, мистика сарыны байқалады. Испаня өнерінің 18 – 19 ғасырлардағы жаңа өрлеуі Ф.Гойя шығарм-мен байланысты. Модерн стилін қолдаушы арх. А.Гауди (1852 – 1926) мен “оқтай түзу қала салу” жобасының авторы А.Сорио-и-Матаның шығарм-ғы қазіргі заманғы қала салу өнерін ілгері дамытты. 1914 – 18 жылғы 1-дүниежүз. соғыстан кейін “тарихи стильдер” алдыңғы қатарға шығып, ғимараттар осы үлгімен салынды. 1950 жылдан кейін “жаңа архитектура” дамып, функциональдік шешімдермен қоса “органикалық архитектура” жүзеге асты. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Испания бейнелеу өнері дәстүрлі салондық академизмнен қол үзіп, импрессионизмге (Х.Соролья (1863 – 1923), Д. де Регойос) бой ұрды. 20 ғасырдың алғашқы он жылында Испания өнері француздардың ықпалында болды. генерал Франко билігі кезінде көптеген суретшілер өз шығарм-мен антифашистік қозғалысқа үн қосты (А.Ибаррола). 
Тарихи қалыптасуы мен жергілікті ерекшеліктеріне қарай И. музыкасы 5 түрге бөлінеді: 1) кельт-иберлерден тараған баск музыкасы. Музыкалық аспаптары – чисту, альбока (үрлемелі), тун-тун (әр түрлі барабандар); 2) бастауын кельттер музыкасынан алатын галисия музыкасы. Музыкалық. аспаптары – гайта, гальега; 3) стильдік жағынан Оңтүстік Франция музыкасына жақын каталон музыкасы. Музыкалық аспаптары – флювиоль (шағын флейта) және тамбурин; 4) жалпы И. музыкасына ортақ белгілерді қамтыған кастиль музыкасы. Музыкалық аспабы – гитара; 5) Андалусия музыкасы. Оның өзі екі топқа бөлінеді: а) цыган әуені басым канте хонде (кейін фламенко атанды); ә) нағыз Андалусия музыкасы. Вестготтар билігі дәуірінде (5 – 8 ғасырлар) қалыптасқан И-ның кәсіби муз. өнері гимн шығарудың биік сатысына көтерілді. 12 ғасырда трубадурлар мен хуглярлар (жонглерлер) ерлік-эпикалық әндерді уағыздады. 14 ғасырда трубадурлар кантиго, пастораль сияқты муз. жанрлар қалыптастырды. 16 ғасырда орган музыкасындағы имитация-полифониялық және вариациялық стиль қалыптасты. 18 ғасырда тонадилья атты муз. комедия туды. Мадрид (1830) пен Барселонада (1847) консерваторияның және тұрақты опера театрының ашылуы Испания музыка өмірін жандандырды. 19 ғасырдың 60-жылдарындағы комп-лардың (М.Эслава, Ф.Барбьери, т.б.) шығармашылығы Мадридтегі “Сарсуэла” театрымен тікелей байланысты болды. Испанияда 19 ғасырдың соңғы ширегінде комп. Ф.Педрель (1841 – 1922) басшылығымен ұлттық муз. мәдениет қайта өркендеді. 20 ғасырда пианистер – Х.Турина, Р.Виньес; скрипкашылар – П.Сарасате-и-Наваскуэс (1844 – 1908), Х.Манен; виолончельшілер – П.Касальс (1876 – 1973), Г.Касадо (1897 – 1966); гитарашылар – Ф.Таррега, М.Льобет; дирижерлер – Э.Ф. Арбос, К.Супервиа, т.б. елге танымал болды. 1973 жылы Испания бишісі Кэти Клавихо мен гитарашы Гарсия Алонсо Алматыда өнер көрсетті. Испанияда театр ойындары римдіктер үстемдік құрған дәуірде-ақ жүйелі түрде өткізіліп тұрған. Орта ғасырларда діни театр (литургиялық драма, мистерия) және комедиялық халық театры өркен жайды. 14 – 15 ғасырларда сарай театрының алғашқы нышаны байқала бастады. 16 ғасырдың ортасында ойындарында қарапайым реквизиттер қолданған кәсіби театр труппалары пайда болды. Алғашқы осындай труппаны драматург және актер Лопе де Руэда ұйымдастырды. 16 ғасырдың 2-жартысында театр ойындарын шіркеу басшылары өз бақылауына алып, Мадрид (“Корраль де ла Крус”, 1579; “Корраль дель Принсипе”, 1582), Севилья, Барселона, Валенсия, т.б. ірі қалаларда корральдар деп аталатын тұрақты көпшілік театрлар ұйымдастырды. Мұнда аса көрнекті драматург Лопе де Вега (1562 – 1635), Х.Руис де Аларкон (1581 – 1639), Тирсо де Молина (1571/83 – 1648) пьесалары қойылып, Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік және демокр. драматургиясы қалыптасты. 17 ғасырда ауто жанры дамыды. Ол шіркеу мейрамдары кезінде жылжымалы платформа – арбаларда қойылып отырды. 18 ғасырда француз классицизмі өріс алып, ол пафос пен декламациялық стильге құрылған актерлік өнер дамуына ықпал жасады. Көптеген театрлар 16 – 17 ғасырлардағы испан драматургиясының туындыларын қоюды одан әрі жалғастырды, ал М.Ладвенант, Р.Луна, М.Р. Фернандес сынды үздік актерлер өз өнерінде реалистік дәстүрге сүйенді. Осы дәстүр сайнете, сарсуэла, тонадилья сияқты муз.-драм. жанрларда да өріс алды. Көрнекті актер И.Майкес Мадридтегі “Каньос дель Пераль” (1801 – 05) және “Принсипе” (1805 – 18) театрын басқарып, театр өнерінде бірқатар маңызды реформалар жүргізді. Мадридте “Эспаньоль” (1849), Барселонада “Лисео” (1847), т.б. жаңа театрлар ашылды. 20 ғасырдың басында сахнада “кіші жанрлар”, жеңіл пьесалар мен мелодрамалар, модерндік драматургия басым болды. Аса көрнекті ақын әрі драматург Ф.Гарсиа Лорка (1898 – 1936) мен драматург А.Касона (1903 – 65), актриса М.Ксиргу театрға реформа жүргізді. Демократияландыруға талпыныс жасалды. Театр цензурасының қыспағына қарамастан, 1950 жылы бірқатар театрларда испан классик. драматургиясынан қойылымдар қойыла бастады. Қазір Мадридте 20-дан астам театр бар. Актер кадрларын Мадрид пен Барселона консерваториясы және Мадридтің драм. өнер мектебі даярлайды. 
Испаниядағы тұңғыш көркем фильм 1905 жылы түсірілді. Барселона 1908 жылдан кино өндірісінің орталығына айналды. 20 ғасырдың 20-жылдары жылына 30 – 40 фильм жасалды. 1934 жылы тұңғыш дыбысты фильм – “Топырақ дымы” (режылы Э.Ф. Ардавин) жарық көрді. Осы жылдары жасалған таңдаулы кино шығармалардың бірі – испан шаруалары мен батырақтарының аш-жалаңаш өмірін бейнелейтін “Астықсыз жер” фильмі (1932, режылы Л.Бюнюэль, 1900 – 1983). Режылы Бюнюэльдің “Виридиана” (1961) кинофильмі дүние жүзіне әйгілі болды. 1975 – 85 жылы “Қарғаны асыра” (режылы К.Саура, 1932 жылыт.), “Бақшадағы сайтандар” (режылы М.Гутьеррес Арагона), “Аптаның соңы” (режылы Х.А. Бардем, 1922 жылыт.), “Стико” (режылы Х. де Арминьян), “Қанды той”, “Кармен”, “Сиқырлы махаббат” (режылы .Саура), т.б. фильмдер түсірілді.

Испанияда 17,1 автономиялық аймақ (comunidades autónomas) және 2 автономиялық қала (ciudades autónomas) – Кеута және Милилла, бар. 
Тағыда Испания 15 провицияға бөлінеді. Жеті автономиялық аймақ тек қана бір провинцияға кіреді, олар: Астурия (Asturias), Балеар аралдары (Balearic Islands), Кантабрия (Cantabria), Ла Риоха (La Rioja), Мадрид (Madrid), Мурсия (Murcia) және Наварра (Navarre).
Провинциялар аудандарға (comarcas) бөлінеді. Ал одан әрі, олар микро-аудандарға (municipio) айырылады.

парламенттік сайлауда неғұрлым көп дауыс алған партия көшбасшысы - атқарушы билік Премьер-министр басқарады.

заң шығарушы екі палаталы парламент - Бас kórtesy (депутаттары мен Сенат Конгресс). Сенат тұрады (- 4 жыл мерзімге партиялық тізімдер бойынша сайланады 350 орын) (259 орын - - кейбір депутаттар жалпыға тікелей дауыс сайланады, басқалары провинциалды заң шығарушы тағайындайды, және барлық сенаторлар 4-жылдық мерзімге сайланады) және Конгресс депутаттарының.

конституциялық қадағалау органы - Конституциялық Соты (Tribunal Constitucional), ең жоғары сот - Жоғарғы сот (Tribunal Supremo), автономды қауымдастықтар жоғары сот органы - жоғары сот соттар (Tribunal Superior де Justicia), апелляциялық сатыдағы соттар - шалғайдағы Audiencia (Audiencias Provinciales), аудандық соттар - бірінші сатыдағы және тергеу соттары (juzgados де Primera instancia е instrucción), сот жүйесінің төменгі буыны - магистратура (juzgados де ПАЗ), импичмент жариялау жағдайларда сот - Ұлттық Audiencia (Audiencia Nacional), Жоғарғы аудит мекемесі - қарсы сот (трибунал де Cuentas), орган соттар жүйелі жолы - Сот Бас Кеңесі (Consejo Бас дель PÕDER Сот).

Жалпы алғанда, Испания ресми 500-ден астам саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар тіркеді.

Үлкен аймақтық партияларға каталонскалық блок Конвергенция және Одақ, Каталонияның сол жағынан Республикалық партиясы, баскалық ұлтшыл

Испанияда  халқы  саны   1 миллионнан  асатан  2 қаласы  бар  олар:

Мадрид  европада  үлкендігінен  үшінші  орын  алады. Европаның  мәдени  қалаларының  бірі. Испанияның  орталығында  орналасқан.
Барселона  испанияның  шығысында  орналасқан, Каталония аутономды обылысында  орналасқан, аттас провинциясының  астанасы. Испанияда  үлкендігінен  екінші  орын  алады. Жерорта теңізімен  шектеседі.
Валенсия  испанияның  туризм  дамығын  қалаларының бірі. Орналасқан  жері  шығыс испания,Турия  өзенінің  төменгі  ағысында  орналасқан.

Испания әдебиеті испан (кастиль) және баск, галисий, каталон тілінде дамыған. Ол орта ғасырларда халық шығарм-ның және ежелгі дәуір әдебиеті мен араб мәдениетінің ықпалында қалыптасты. Халық шығармалары араб басқыншылығына қарсы күрес кезінде молая түсті. 12 – 13 ғасырларда серілік романдар пайда болды. 14 ғасырда Испания әдебиетінде Х.Альфонс (1221 – 1284) пен Хуан Мануэльдің (1282 – 1348) дидактикалық насихат бағытындағы шығармалары белгілі орын алды. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Испания әдебиетінің өрлеу дәуірі басталды. Өрлеу кезеңінің ірі өкілі Ф. де Рохастың (1465 – 1541) “Селестина” романы (1499) Испания әдебиетінде түрлі жанрлардың тууына, театрдың қалыптасуына ықпал жасады. М. де Сервантестің “Дон Кихот” романы (1605 – 15) дүние жүзі әдебиетіне үлес болып қосылды. 18 ғасырда Испания әдебиетіне француз классицизмінің әсері күшейді. Поэзияда ағартушылық бағыт басым болып, мысал жанры дамыды. Бүл кезеңнің өкілдері М.Х. Кинтан (1772 – 1857), Х.Н. Гальегос (1774 – 1853), А.Лист (1775 – 1848) өз шығармаларында еркіндікті жырласа, Ф.Мартинес де ла Роса (1787 – 1862) драмалары испан романтизмінің өркендеуіне жол салды.

Тілі
Елдің мемлекеттік тілі- испан(кастиль нұсқасы). Бірақта жеке аймақтарда кастиль тілімен қатар ресми тілдер ретінде және қарым қатынаста каталон, баск(эускера), галисий және валенсий тілдері қолданылады

Испания ресми тілі (Romance, Иберо-Romance кіші топтың) Үнді-еуропалық отбасы сілтеме жасап испан болып табылады.

Испания - полиэтникалық мемлекет. Castilians қатар каталондық Испания өмір сүріп, Галий, Баско, Окситан, Астурий, Арагон, өз тілдерінде сөйлейтін (Галицкое, немесе каталан, Баск, Окситанский, Астурийс және Арагон). Валенсия (ресми Валенсия тілі болып саналады) ауызша каталан диалект. Каталонға Балеар аралдары тұрғындары да айтады.

Франко режимін барысында этникалық азшылық осы қарамастан, осы халықтардың тілдері жоғалып емес және соңғы онжылдықта жаңғырту бастан, мәжбүрлі ассимиляцияға ұшырауы, бірақ болды. Алайда бұрын есе кең таралған жылы Арагон тілін жоғалады, ал қазір тек бірнеше ауылдық жерлерде сақталған. Мықты ассимиляциялық Наварра Баск провинциясында тәжірибелі, бірақ елімізде Баско баск тілі күшті болуын бар. Астурия, Кастилия және Леон автономды қауымдастықтар кездеседі, Эстремадура, Кантабрия: Сондай-ақ, Астурий тілін (елді мекенге қарай атау нұсқалары: Астурия, Астурия, Леон, Эстремадура) жанданды.

Испания - зайырлы мемлекет, оның Конституциясы дін бостандығына кепілдік береді. Халықтың басым бөлігі христиан дініне жатады және Рим-католик шіркеуіне (75%) тиесілі.

Испаниядағы алғашқы протестанттық қоғамдар XVI ғасырда пайда болды, бірақ испан инквизициясы толығымен жойылды. Протестанттар қайтадан Испанияда уағыздай бастады. XIX ғасыр. Қазіргі уақытта елде осы христиандықтың 567 мың мүшесі бар, олардың көпшілігі пятидесятники (312 000)х.

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап, жағалаудағы қалаларда православие деп атайтын грек саудагерлері қоныстанды. Шығыс Еуропа православиелік халықтың жаппай еңбек көші-қоны байланысты ХХ ғасырдың соңына қарай айтарлықтай өсті. Испанияда Қазіргі уақытта 900 мың. Православ (негізінен Румыния, Болгария, украин, гректер және серб) өмір сүреді.

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап көптеген мұсылмандар Испанияға, ең алдымен Мароккодан келген қызметкерлерге қоныс аударады. ХХ ғасырдың екінші жартысында босқындардың ағыны ұлғая түсті және Солтүстік Африканың басқа елдерінен босқындарды қамтиды. 2010 жылға қарай елде 1 миллион мұсылмандар болған (ислам жетекшілері 2 миллион мұсылман туралы айтады). Исламның басым бағыты - бұл сүннизм.

Елдегі кішкентай, бірақ ықпалды топ діни еврейлер (15000). мигранттардың арасында, сондай-ақ, буддистер (47 мың.), индуистер (45 мың.), сикхи, қытай халық дін және афро-бразилиялық Макумба діннің жақтастары бар.

Испаниядағы соңғы ұрпақтың өмірінде дінге жатпайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Қазіргі уақытта ел халқының 19% сенбейтін адамдар. Кейбір сауалнамалар бойынша бұл көрсеткіш одан да жоғары. 2015 жылдың маусымында социологиялық зерттеулер орталығының сауалнама алғанда респонденттердің 25,4% (- табанды атеистер және 15,9% - кәпір 9,5%, оның ішінде) олардың нерелигиозной көрсетілген.

сыртқы саясатта, Испания, Марокко ғана, өйткені географиялық жақындығы, егер Мороккалық патшалығы, ең маңызды африкалық серіктесі болып табылады, ол үшін басты орындардың бірі болып табылады. Мароккода испан саясаттың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: т.б. Сеута және Мелилья туралы анклавы мәселелері, Батыс Сахара бар шешілмеген проблема, заңсыз көші-қон проблемасы, есірткі саудасы тоқтату мәселелері және ..

Испания мен Магриб елдері арасындағы қарым-қатынас 1982 жылы Испанияда Социалистік партияның келуінен кейін белсенді түрде дами бастады.

Екі ел арасындағы маңызды тығыз байланыстар тығыз экономикалық байланыстар болып табылады. 1995 жылы Марокко үкіметі шетелдік инвесторларға бәрін қоюға шешім қабылдады, олардың ең маңыздысы Испания мен Франция.




#Article 135: Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов (198 words)


Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы (1910—1996) — тілтанушы, филология ғылымдарының докторы (1965), профессор (1968), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Алматы педагогикалық институтын бітірген (1940).

КСРО ғылым академиясының КСРО халықтарының тілі мен жазуы институтының аспиранты (1940—1941), ҚазПИ (1941-1942), содан кейін Педагогикалық және оқытушылық институты директорының орынбасары және оқутышысы (1942-1947), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1947-1951), ҚазССР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1951-1953), ҚазМҚПИ кафедра меңгерушісі (1953-1955), ҚазССР ағарту министрлігі Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1955-1961), 1961 ж. бастап ҚазССР ғылым академиясының Тілтану институтында бөлім меңгерушісі.

Зерттеу бағыттары: қазақ тілтануының тарихы мен қазіргі жағдайы, грамматика (морфология), сөз таптарының теориясы және сұрыпталуы, лексика және лексикография, оқыту методикасы. Бұл кісінің бастауымен он томдық «Қазақ тілінің сөздігі» мен «Абай шығармаларының сөздігі» құрастырылған. Ысқақовтың жалпы редакциясын басқаруымен «Абай тілі сөздігі»( 1968) жарық көрді. Оның «Абай және қазақ әдеби тілі» деген мақаласында («Абай тағылымы».-А., 1986) ақынның қазақ әдеби тілін дамыту тарихында алатын орнына, әдеби тілді бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы айрықша еңбегіне, ақын тілінің мәдениеті, сөз қолдану шеберлігіне жан-жақты талдау жасалған.

Монографиялар, оқулықтар, жинақ ішіндегі бөлімдер; қазақ тілтануы, педагогика, халық білімі тарихының сауалдарына қатысты мақала топтамалары сияқты 200-ден астам ғылыми еңбектің ауторы.

Орден, медалдермен марапатталған.

Негізгі ғылыми еңбектері:




#Article 136: Португалия (428 words)


Португалия (, [puɾtuˈɣaɫ], миранд Pertual), ресми Португалия Республикасы (, миранд República Pertuesa) — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.

Ресми тілі — португал тілі. Халқы католик дінін ұстанады. Астанасы — Лиссабон қаласы Әкімшілік-аумақтық жағынан 18 округ пен 2 автономиялық облыстан тұрады. 1976 ж. қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы республикалық жиналыс. Атқарушы билік - үкіметтің қолында. Ұлттық мейрамы — Португалия күні — 10 маусым (1580). БҰҰ-ға (1955), Еурокеңеске (1976), НАТО-ға (1949) және Еуроодаққа (1993) мүше. Ақша бірлігі — эскудо.

Атлант мұхиты жағалауы негізінен ойпатты, құмды, аз тілімделген. Елдің солтүстік бөлігінде Месста таулы қыраты (ең биік жері — 1991 м, Серра-да-Эштрела), Тежу өзенінің оңтүстігіне қарай Португалия ойпаты, оңтүстік шетінде Серра-да-Алгарви аласа таулы өлке (биіктігі 902 м-ге дейін) жатыр. Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік. Қаңтарда орташа температура 5 — 10С, маусымда 20 — 27С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 мм (оңтүстігінде), 800 мм. (солтүстігінде) және 1200 — 2500 мм (тауда). Ірі өзендері — Дору (Дуэро), Тежу, Гвадиана. Солтүстігінде таулы-орманды, күлгін, оңтүстігінде қызыл-қоңыр топырақ тараған. Аумағының 5%-ға жуығы орман. Қасқыр, түлкі, сусар, генетта, алжир кірпісі, көптеген кеміргіштер, кесіртке, жылан, әртүрлі құстар мекендейді. Жағалық сулары балыққа бай. Негізгі табиғи қорлары: вольфрам, қалайы кен тасы, темір, уран кен тасы, қоңыр көмір кені.

Португалия аумағын адамдар тас дәуірінен бастап мекендей бастаған. Қола дәуірінде елдің солтүстігінде металлургиялық өндіріс дамыды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Португалияға кельттер келіп қоныстанды. Б.з.б. 4 — 3 ғасырларда лузитандар көшіп келді. Олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданды. 5 ғ-да Португалия жері Свевтер корольдігінің құрамына енді. 585 ж. Вестготтар Свевтер мемлекетін өздеріне қосып алды.

Португалия индустриалды-аграрлы ел. Елде металл өңдеу, химия, мұнай өңдеу, тігін, балық консервілеу, шарап жасау өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары кеме жасау және жөндеу, электр жабдықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыш, тоқыма, аяқ киім өндірісі дамуда. Халқының 20%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Басты ауыл шаруашылығы өнімдері — астық өнімдері (бидай, күнбағыс), картоп, жүзім, зәйтүн жемісі, ет және сүт өнімдері алынатын мал шаруашылығы дамуда. Елге туризм едәуір табыс әкеледі. Экспортқа тігін және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін, шарап тығынын (әлемде алдыңғы орында), ағаш өнімдерін, шарап, аяқ киім, қағаз, балық және балық өнімдерін, электр жабдықтарын шығарады. Сырттан отын-энергия өнімдері, химиялық өнімдер, құрал-жабдықтар, азық-түлік, көпшілік тұтынатын тауарлар әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 13 840 АҚШ долл. (1997). Негізгі саудадағы серіктестері: Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және АҚШ.




#Article 137: Андорра (1190 words)


Андорра (), толық ресми атауы — Андорра княздігі () — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км², халқы — 78,1 мың (2013), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі).

IX ғасыр - ел аумағында арабтармен жасалған рейдтер.

Андорра жөніндегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеу-де-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелігі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін Андорра Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздік болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшін 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның Андорраның мемлекеттік құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдігі, Француз Республикасы және Андорра княздігі арасында шарт жасалып, Андорраның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. Андорра 1993 ж. БҰҰ-на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 ж. шілдеде Андорра Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ресми түрде қосылды. Халқының негізгі табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — сауда мен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді),

Андорра - «парламенттік княздік».

Парламенттік демократия - 1993 жылы Конституцияның, Андорра Князьдігіндегі айтуынша. Мемлекет басшылары Андорра тең билеушілері-әміршілері оның әкімдеріне «vige» берілген. Дегенмен, олардың күші негізінен номиналды болып табылады.

Жоғары заң шығарушы орган - әмбебап және төте сайлау құқығы негiзiнде 4 жылға сайланады 28 мүшелерінің Долина однопалатный Бас кеңес (General Кеңес) (- ұлттық аудан бойынша, қалғандары - 14 елдің 7 қауымдастықтар әрбір 2). Бас Кеңесінің басшысы - Генераль Синдик (1993 жылға дейін - бірінші синдик), Кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.

Атқарушы билікті үкімет жүзеге асырады - Атқарушы кеңес. Оның төрағасы Бас кеңесі сайланады және ресми князь бекітеді - төрт жыл мерзiмге қосалқы билеушілері. Атқарушы кеңестің құрамы төрағалық етеді.

Сот жүйесі Судьялар сотының, қылмыстық соттың, Жоғарғы соттың және Конституциялық соттың құрамынан тұрады.

Жоғарғы Сот бес судьядан тұрады: біреуін Атқару комитетінің төрағасы тағайындайды, олардың әрқайсысы князь-тең төрешілердің бірі, екіншісі - жалпы синдикат, ал екіншісі - Судьялар сотының судьялары. Судьялардың өкілеттік мерзімі - 6 жыл. Жоғарғы соттың төрағасы жалпы синдикат тағайындаған судья болып табылады.

Судьялар Магистратура соты, сондай-ақ қылмыстық сот төрағасы Жоғарғы Сотының тағайындайды. Жоғарғы Сот, сондай-ақ прокуратура мүшелерін тағайындайды.

Конституциялық Сот Конституцияны түсіндіруге, сондай-ақ Конституцияның заңдар мен келісімдерге сәйкес келмейтіндігі туралы барлық шағымдарды қарауға жауапты. Конституциялық соттың құрамына төрт мүше тағайындалды: олардың әрқайсысы князьдер - тең тіркеушілер және екеуі Бас Кеңес. Судьялардың өкілеттік мерзімі - 8 жыл. Әрбір судья өз кезегінде екі жыл мерзімге төрағалық етеді.

Шығыс Пиреней аймағында орналасқандықтан, Андора негізінен биіктігі 1,997 м биіктіктен құралған, оның ең биік нүктесі - 2,942 м. Кома-Педроша. Бұл аумақ Каталонияға (870 м Андоррадағы ең төменгі нүктесінде) ағып келе жатқан Валеа өзенінің негізгі ағынынан кейін бір-біріне біріктірілетін үш тар, Y-тәрізді өрістерге бөлінген. Франция мен Испания арасындағы Андорра аңғарларының Пиренейс оңтүстік беткейінде орналасқан екі басты алқаптан тұрады: Валеа Д'уриент және Валира дель Норд, оның суы Валираны құрайды. Испан аумағында бұл өзен Ебро ағыны Сегреге құяды. Жоғары биіктігі 2500-ден 3000 метрге дейін ауытқитын жоғары белестердің белдеуі Франциядан Андоррадан оқшауланған. Жол арқылы пайдаланылатын жол Энвалира теңіз деңгейінен 2 408 метр биіктікте орналасқан және Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі арасындағы су ағысын анықтайды. Испаниямен, Седжраның алқабында, Испаниядағы Cerdañne-дің Испаниямен байланыстары әлдеқайда оңай және барлық маусымдарда сақталады.

Андорра аумағы 468 шаршы шақырымды алады.

Елорда - Андорра-ла-Велья. 1029 метр жерде орналасқан Андорра-ла-Велья қаласы Еуропадағы ең биік тау.

Андорра ландшафтында тар далаларға бөлінген, жартасты таулар бар.

Андорра аумағында темір рудалары мен қорғасындары бар.

Андорра климаты қалыпты, қарлы суық қыста және салқын құрғақ жазы бар. Орташа температура + 9 °C.

Андорра аумағында мұздық шыққан көптеген тау көлдері бар.

Өсімдік жамылғысында емен, шамшат, талшын, қарағай, шырша басым. Тауларда - альпі шалғындары.

Онда жабайы бұталар, тау ешкілері, алтыннан жасалған пирена шемасы бар; Ормандарда сақиналар, түлкілер, түйіршіктер, каталан қояндары, молекулалар мен пиренейлер десанттар бар. Аюлар дерлік толықтай жойылды. Құстардың арасында ағаш тоғайлары, қырғауылдары, бауырлары, шыршалары, корольдік бүркіттер, ағаш кескіндері және т.б.

Андорра әкімшілік түрде 7 жұпқа бөлінеді (мысықтардың паррикациясы, «шіркеу»):

Андорра халқының саны 76 098 адам. (2013 ж.). Елорда тұрғындары шамамен 21 113 адам.

Экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал шаруашылығымен айналысады. Тегін және міндетті бастауыш білім беру енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.

Андорра - бұл ЕО-мен ресми келісімсіз еуроны қолма-қол ақша ретінде пайдаланатын жалғыз микро мемлекет. 2013 жылы ЕО-мен келіссөздердің нәтижесінде Андорра өзінің еуро монеталарын шығару құқығына ие болды.

Андорра жол желісінің ұзындығы 279 км құрайды, оның 76 км-де қатты беті жоқ. Андорра-ла-Вельядан шығатын екі негізгі жол - Испаниямен шекараласатын CG-1 және  Пас-де-ла-Каса. жанында Энвалира тоннельі арқылы Франциямен шекара жасайтын CG-2. Қыста Андоррадағы негізгі жолдар тез арада қардан тазаланып, қол жетімді болып қалады, бірақ Андоррадан Франция аумағы арқылы (RN-20/22) негізгі жолды аздаған жерлерде тазалайды, кейде көшкінге қауіп төндіреді. Андорра-ла-Велладан (CG-3 және CG-4) қалған негізгі жолдар Арқалық пен Палға әкелінді.

Автобуспен байланыс барлық қалалық жерлер мен көптеген ауылдарды байланыстырады. Көптеген негізгі бағыттар бойынша шекті сағат ішінде трафиктің жиілігі жарты сағатқа жетеді. Көбінесе Андоррадан Барселона мен Барселона әуежайларына, сондай-ақ Тулуза мен Тулуза әуежайына дейін жүретін автобустар. Осы нүктелердің әрқайсысына шамамен 3 сағатта қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, Лириде арқылы Girona әуежайына және Португалияға бағыттар бар. Автобусты негізінен жеке компаниялар жүзеге асырады, бірақ кейбір жергілікті желілерге Үкімет қызмет көрсетеді. Жеке автобус компаниялары: Autocars Nadal, Camino Bus, Cooperativa Interurbana Andorrana, Eurolines, Hispano Andorrana және Novatel.

Андоррада әуе кемесінің ұшуына арналған теміржолдар, порттар немесе әуежайлар жоқ. Сонымен қатар, Ла-Масана, Арсеналь және Эскальдес-Энгордань. бірнеше тікұшақ алаңдары бар. Жақын әуежайлар Барселона, Тулуза, Перпиньян, Реус және Жирона қалаларында орналасқан. Ең жақын (160 км) - Перпиньян-Риверталез әуежайы, Ұлыбритания мен Францияның бірнеше қалаларына қысқа бағыттар бойынша қызмет көрсетеді. Андоррадан оңтүстікке қарай 12 км оңтүстік аэропорт La Seu d'Urgell, қазіргі уақытта тек жеке ұшақтарға қызмет көрсетеді. Каталон үкімет болашақта қоғамдық әуежай ретінде оны пайдалану мүмкіндігін зерттеп жатыр.

Ең жақын теміржол вокзалы, L'Hospitalet-près-l'Andorre, Андоррадан 10 км шығысқа қарай орналасқан және Тулузаға, ал одан кейін Парижге жүретін пойыздарға жетуге мүмкіндік береді. Бұл желі SNCF-мен қызмет көрсетеді.

Мектептердің үш түрі бар: Андоран, Француз және Испан, мұнда оқыту көбінесе каталан, француз және испан тілдерінде жүргізіледі. Ата-аналар өздерінің балалары қатысатын мектептің түрін таңдай алады. Барлық мектептер Андорра билігі тарапынан салынып, қолдау көрсетіледі, бірақ француз және испан мектептеріндегі мұғалімдер негізінен Франция мен Испанияда төленеді. Андоранның 50% -ы француз бастауыш мектебіне, ал қалғаны - испанға немесе Андорраға барады.

Андорра мемлекеттік университеті - елдегі жалғыз университет. Ол 1997 жылы құрылды. Университет медицина, информатика, бизнес-менеджмент және білім салаларында бакалаврларды дайындайды, сондай-ақ жоғары кәсіби білім беруде. Андоррадағы жалғыз екі жоғары оқу орны - Мейірбике ісі мектебі және Информатика мектебі (Университеттің бір бөлігі). Соңғысы докторантураға дайындықты жүзеге асырады.

Андорра университетінің елдің Қиын географиялық жағдай, сондай-ақ студенттер саны аз толыққанды академиялық бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, университет Франция мен Испаниядағы жоғары оқу орындарымен сілтемені қамтамасыз ету, ең алдымен қашықтықтан оқыту орталығы ретінде жұмыс істейді. Қашықтықтан оқыту орталығы (Center d'Estudis виртуалов) университеті, екі бакалавр дәрежесін және туризм, заң, Каталан филология, гуманитарлық, психология, саяси ғылымдарының докторы, аудиовизуалды байланыс саласындағы магистр дәрежесі, жиырмаға жуық оқу бағдарламаларын бар телекоммуникация және Шығыс Азия зерттеулері. орталығы, сондай-ақ қосымша білім беру және мамандар үшін оқыту бағдарламаларын ұсынады.




#Article 138: Рай (692 words)


Рай категориясы - модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі.

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория. 

тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.

Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз.
Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрекет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, қимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуға тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашық райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.

Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.).
Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ).
Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.

Неғайбыл (ирреальды) райлар
Амалдың реальді емес екенін білдіретін негативтік сипат - неғайбыл райлардың бәріне де тән жалпы қасиет.

Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді:

Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б.
Жекеше түрдің 2-ші жағында        етістік түбіріне сәйкес келеді:
           айту,                                -айт!
           оқу,                                 - оқы!
           қарау,                              - қара!
Бұл форма балаларға, патшаларға және жақын адамдарға қолданады, сондай-ақ бұл сыпайы түрде де және анайы түрде де қолданыла береді.

             - айту,                                    - сендер айтыңдар!
             - алу,                                      - алыңдар!
             - беру,                                    - беріңдер
             - егу,                                      - егіңдер

О-жалғауы тікелей етістіктің бірінші әрпіне жалғасады.
          үшін бұйрық рай түрі – бұйрық беру үшін, өтініш, әдептілік үшін көп қолданылады және бір адамға, сондай-ақ бірнеше адамға бірдей айтылады.
          үшін, көпше түрдің 2-ші жағы, етістіктің түбіріне 
жалғану арқылы жасалады. Бұл сыпайы түр бір адамға, сондай-ақ бірнеше адамға бірдей айтылады.
               сөйлеу!                                     Сіз сөйлеңізші!
               айтыңыз, өтінем!
               оқу,                                     оқыңыз, өтінем!
               оқыңыз, өтінем!
Бұйрық рай етістіктерімен мынадай болымсыз жалғаулықтар жалғанады:
          -жоқ, көбінесе етістіктің алдында қойылады.
          - (жоқ), сыпайы қарым-қатынас кезінде айтыладыжәне инфинитивпен бірге бұйрық рай түрінде. Сондай-ақ қалау рай түрінде қолданылады. 
          - (жоқ )болымсыз жалғау, тек бұйрық рай формаларымен және инфинитивпен бұйрық рай мағынасында қолданылады. Мысалы: 
Ол жаққа барма! 
Үстелге жазбаңдар!	
Оған ақша бермеңіз!

Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.

Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді.

Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді.

Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды.

Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.

Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді.

Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды.

Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас. 




#Article 139: Байұлы (215 words)


 

Байұлы — Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Байұлы этнонимі Түркі қағандығының кезінен бергі жазба деректерде жиі кездеседі. Орхон-Енисей жазбаларында Байырқу, ал Таң империясының жылнамаларында Байегу делінеді. Байұлы алғашында Теле бірлестігінің құрамында болған. Түркі қағандығы оларды бағындырған соң, әуелі 1- Шығыс Түркі қағандығының, кейін 2- Түркі қағандығының құрамына енеді. Қытай деректері олардың Канганьхэ өзенінің бойын мекендегенін айта келіп: “бәрі де ауқатты, 60 мың адамдары бар, 10 000 әскер шығара алады” деп жазады. Билеушілерін “елтебер” деп атаған. 647—648 жылдары Байұлын елтебер Цюйлиши билепті. Канганьхэ өзенінің қазіргі атауы әлі анықталмаған, шамасы Селенганың жоғарғы аңғары болуы керек. Бірінші Түркі қағандығының құрамында болған сол кездегі 9 ата байырқу (баегу) тайпасын 7 ғасырдың 20-жылдарында қағандық ыдыраған соң, Сейяньто бірлестігі өзіне кіріптар етті. 647 жылы ол бірлестікті талқандаған Таң империясына тәуелді болады да, қытайлар оларды басқаратын орталық ретінде Юлин округін құрады. Бірақ мұның бәрі қағаз жүзінде қалып, шын мәнінде, байегулер империяға бағыныштылық білдірмейді. Ішкі істеріне қол сұға берген соң, түркі тайпаларының Байегу, сыцзе, пугу, тунло сияқты түркі тайпалары бас қосып, қытайдың Чжан Женьтай басқарған жазалаушы әскерімен 660—661 жылдары аралығында үш рет соғысады. Ақыры, қаша ұрыс салған байегулерді қуған Чжан Женьтай әскері 662 жылдың қысындағы боранда Селенга өзенінің маңында қырғынға ұшырайды. Осы қақтығыстар нәтижесінде, Таң империясы түркілерді бодан қылу мақсатынан уақытша болса да бас тартуға мәжбүр болады.




#Article 140: Ислам (7429 words)


Ислам () — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім () — классикалық әдеби араб тілінде () Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед .

Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар  Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды

Иман () — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:

Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә ()» етістігінен шығып, ифғал () бабында қолданылған масдар ( — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин ()», иман етілген нәрселерге де «муминун би… ()» дейді.

Алла́ (‎‎) — «ләфз әл-джәләлә» (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. «Алла» сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың «иләһ (құдай)» сөзіне «ال» артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Алланың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. «Алла» есімін тек қана Аллаға қолдануға болады. Әдеттегіде «Алла» сөзімен қоса «Тағала» немесе «Субханаһу уә Тағала» деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданылады.

Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Алла сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады. Алланың Жаратушы, барлығын бақылаушы екенін Құран Кәрімдегі мына аяттар баяндайды:

Алланың таухиді (бірқұдайшылық) мынадай бөліктерден құралған:

Яғни жерде де, аспанда да оған құлшылық қылынады. «Алла» сөзінің мағынасы: Жаратылыстар махаббатпен, ұлықтаумен және бағыныштылқпен құлшылық қылатын Құдай. Барлық көркем сипаттар жиналған Құдай, Кәміл, Ұлық және Көркем. Барлық жаратылыстарды білімімен қамтыған Білуші, күшінен ештеңе айра алмайтын Құдіретті.

Араб тілінде «ширк» () сөзі «екі затты тең қылу» деген мағына береді. Ал шариғатта бұл терминнің жалпы және жалқы мағынасы бар:

Басқа жағынан алсақ ширк екі түрге бөлінеді: үлкен және кіші ширк.

Ислами сенім (ақида) бойынша Аллаға серік қосудың зардабы өте ауыр, тіпті сол ширкте қайтыс болған адам мәңгі-бақи тозақта қалады деп есептелінеді. Құранда айтады:

Мұхаммед пайғамбар айтқан:

Алланың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаға жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Алладан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді.

Арабтың «китаб» () сөзі «жазу» мағынасын беретін «китаба» () сөзінен шыққан. «Жазба», «жазуы бар бет» мағынасын береді. Ал «қасиетті кітаптар» деп Аллаһтың елшілеріне түсірілген Аллаһтың сөздері жазылған кітаптар мен парақтарды атайды. Бұл кітаптар жазылған күйде (Тәурат сияқты) немесе түскеннен кейін жазылған аян түрінде түсіріледі.

Ислам дінінде Алладан келген кітаптарға сену иманның шарты болып есептеледі. Кітаптарға сенбеген адамның иманы жоқ деп саналады. Алла кітапта айтады: 

Исламда қасиетті кітаптар деп мыналар аталады:

Ислами сенім бойынша Тәурат, Інжіл секілді кітаптар Аллаһ тарапынан түскенімен, адамдар оларға әртүрлі өзгертулер енгізіп, олардың мағынасын өзгерткен. Ал Құран болса өзгертулерден сақталған боп саналады. Аллаһ айтады:

Арабтың «періште» (жекеше: мәләк , көпше түрде: мәләикә ) сөзі «жолдау» (улук ) сөзінен шыққан.

Періштелер Ислам дінінде Аллаһқа толығымен бағынышты, Оның кез келген әмірін орындайтын, елшілерге аян жеткізетін жаратылыстар. Құран Кәрімде періштелер жайлы былай делінген:

Мұхаммед пайғамбар   періштелер туралы:

Имам әл-Байһақи періштелерге сену деген:

Періштелерге сиыну, олардан көмек сұрау мүлдем тиым салынған нәрсе. Алла айтады:

Ислам дінінде төмендегідей періштелердің аттары аталады:

Арабтың «нәбий» (пайғамбар ) сөзі «нәбә» (хабар ) сөзінен шыққан. Ислам дінінде иман негіздерінің төртіншісі — Алла тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман келтіру. Алла Құранда оларды «расул» (елші) және «нәбий» (пайғамбар) деп атаған. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед   болып есептеледі. Ислами сенім бойынша одан кейін пайғамбарлар жіберілмейді.

Алла жіберген елшілердің саны туралы Әбу Умамадан келген хадисте айтылған:

Ал пайғамбарлардың саны туралы кейбір хадистерде олардың саны 124 мың болғаны айтылған. Бірақ кей хадис ғалымдары оларды әлсіз санаған

Исламда «нәбий» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық бар. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады:

Мұсылман ғалымдарының пікірінше пайғамбар мен елшінің айырмашылығы — елшілер қауымға жаңа шариғат әкеліп, оларға кітаптар берілген, ал пайғамбарлар болса өздерінің алдындағы Кітапқа шақырып, алдыңғы елшінің шариғатын бекіткен.

Көптеген пайғамбарлардың есімдері Құранда аталған. Мысалға:

Құранда айтылған:

Бұл пайғамбарларға Нұх, Ибраһим, Мұса. Иса және ақырғы және ең жақсы пайғамбар Мұхаммед кіреді  .

Ақырет күніне иман ету иман негіздерінің бірі. Бұған адамдардың қабірде сыналуына, олардың қайта тірілетеніне, адамдардың Аллаһ алдында есеп беретініне және т.б. қияметтің оқиғаларына сену кіреді. Исламда оған сену — парыз деп есептеледі. Құранда Аллаға иман етумен байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне () иман ету де бірге айтылады.

Ақыреттің белгілеріне болып өткен немесе болашақта болуы тиіс Құран мен Сүннетте айтылған оқиғалар жатады:

Ең ұлы белгілер:

Пайғамбардан   келген хадиске сәйкес Исрафил періште Сұрға үрлегеннен кейін Алла қалағандардан басқа аспан мен жердегі барлық жаратылыс жан тапсырады. 40 күн, ай немесе жылдан соң Сұрға қайта үріліп, аспаннан жаңбыр жауады. Адамдар көкөніс сияқты өлгеннен кейін сақталып қалатын құйыршықтағы сүйектен өсіп шығады. Ал ең бірінші боп жерден шығатын адам — Мұхаммед пайғамбар болады.

Иман шарттарының алтыншысы — тағдырға иман. Тағдыр — араб тіліндегі «қадар» сөзінен шығып «өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» ұғымдарын білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы ‑ әлем жаратылғаннан бастап, болмыста болатын бүтін құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын, мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен белгіленіп, өлшеніп қоюымен байланысты. Әһлі Сүннет уәл-жамағат ғалымдары адам кез келген істі өз қалауымен жасайды, оны ешкім мәжбүрлемейді, бірақ оның қалауы Аллаһтың қалауына тәуелді және тек Аллаһтың рұқсатымен іске асады дейді

Тағдыр 4 дәрежеден құралған:

Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:

Яғни мұсылман осы куәліктің мағынасын біліп, одан күмәнданбай, жоққа шығармай, оған бағынып, ықыласты шын көңілмен, шыншыл болып, осыны жүрегімен жақсы көріп, сонымен қоса Аллаһтан басқа пұттар мен құдайшықтарды жоққа шығарса ғана Исламының шарты дұрыс болып, Алланың мейіріміне жетуге мүмкіндік алады.

Мұхаммед пайғамбардың   елшілігін мойындаудың да бірнеше шарттары бар:

Соләт () — араб тілінде «дұға» мағынасын береді. Шариғатта: Тәкбирден («Аллаһу әкбар» сөзі) басталып, тәслиммен («әс-сәләму ғалейкум» сөзі) аяқталатын белгілі амалдар мен сөздер жиынтығы. Намаз екі куәліктен кейінгі Исламның ең маңызды тірегі. Алла Тағала намазды Мұхаммед пайғамбарға   Миғраж түнінде жеті аспанның үстінен парыз еткен.

Саум () — тілдік мағынасы: «бір нәрседен ұстану». Шариғатта: оразаға ниет етіп таң намазының уақытынан бастап күн батқанға шейін ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Оразаның екі негізі бар:

Зәкәт () — тілдік мағынасы: «артық зат», «өсу (егіннің)». Шариғатта: белгілі адамдардың тобының белгілі мөлшерге жеткен дүние-мүлкінен алынатын ақысы. Бұл Алланың құлының жаны үшін тазарыну саналды. Және зекет беру мұсылман жамағатының арасын жақындастырудың, махаббат пен бірліктің себебі.

Хажж () — тілдік мағынасы: «ниеттену, мақсат, қалау, жөнелу». Шариғатта: Сүннетке сәйкес белгіленген жерде белгілі уақытта діни рәсімдерді орындау. Қажылық Ислам дінінің тірегі саналады, және мұсылман ғалымдары қажылықты өмірінде бір рет орындау парыз екеніне бір ауыздан келіскен.

Ислам дінінің үшінші мәртебесі — ихсан (). Ихсанда бір негіз бар:

Бұл парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.

Ислам шариғаты — ол адамның Алламен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы.

Шариғат амалдары сегізге бөлінеді:

Осы сегіздің алғашқы бесеуін орындауы, соңғы үшеуінен бойын аулақ ұстауы, яғни жасамауы – мұсылманның міндеті.

Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.

Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге бөлінеді:

Уәжіп – орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен амалдар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т.б.

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.

Сүннет үшке бөлінеді:

Мұстахаб – таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Мұхаммед пайғамбардың   кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді кейбір нәпіл намаз бен оразалар осыған жатады. Сонымен қатар таң намазын айналаға жарық түскенде оқу, жаздың шілдесінде бесін намазын салқын түскенге дейін кешіктіріп оқу, ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Мұның үкімін жасағанға – сауап, жасамағанға күнә жоқ. Ибн Абидин мәндуб, мұстахаб, нәпіл терминдерінің бір мағына беретінін айтқан.

Мубах — жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.

Харам — жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу, құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, жала жабу, т.б. іс-әрекеттер осыған жатады.

Мәкрүһ — сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы мәкрүһке жатады.

Мәкрүһ екіге бөлінеді:

Муфсид — басталған ғибадатты бұзатын нәрсе. Муфсидтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.

Құран — «Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін, оған сенушілер үшін ақырғы пайғамбар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке   түсірілген Алланың сөзі деп есептеледі. Құранда 114 сүре, 6236 аят бар. Құран әдеби араб тілінде түсіріліп, Ислам шариғатының негізі боп табылады. Алла Тағала Құранды өзгертулер мен қосымшалардан сақтауға уәде берген. Оның ішінде наным-сенім, ғибадат, адамдардың ара-қатынасы және т.б. мәселелердің үкімдері жалпы және жекеше түрде баяндалған.

Ең алғашқы түсірілген уахи болып Құранның Аләқ сүресі саналады, ал елшіліктің ең алғашқы аяты деп Муддәссир сүресінің бастапқы аяттары саналады. Сондықтан кейбір ғалымдар Мұхаммед  «Алақ» сүресінің түсуімен пайғамбар, «Муддассир» сүресінің түсуімен елші болды деп санайды.

Түсу себебіне байланысты Құран аяттары екіге бөлінеді:

Құран үзік-үзік болып 23 жыл бойы түсірілген. Бұл уақыттың көп бөлігін Мұхаммед пайғамбар   Меккеде өткізген. Сондықтан ғалымдар аяттарды «меккелік» және «мединелік» деп екіге бөледі:

Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға  еруге, оған бағынуға бұйырады, сондықтан Сүннет Ислам шариғатының екінші негізі болып саналады. Сүннет деп пайғамбардың кез келген сөзін, ісін немесе бір нәрсені іштей қолдауын атайды. Бастапқыда Мұхаммед пайғамбар өзінен хадистер жазуды құптамаған. Мысалға мына сөздері:

Алайда артынан Абдуллаһ ибн Амр деген сахаба осы туралы сұрағанда ол аузына меңзеп:

Және Хафиз әс-Сахауи «Фатх әл-муғис» кітабында айтқандай Ислам ғалымдары Сүннетті жазуға бір ауыздан рұқсат берген.

Соңғы кездері Сүннетті өзгеріске ұшыраған деп, тек Құранға еріп, шариғатты тек содан алу керек деген «құраншылар» қозғалысы пайда болды. Оларға жауап ретінде Сүннетті мойындайтын мұсылмандар Құранның өзінде келген пайғамбарға еруге үгіттейтін аяттарды алып келеді. Мысалға:

Сонымен қатар пайғамбардан мынадай хадис жеткен:

Танымал хадис жинақтары:

Ижмағ () — Пайғамбардан   кейінгі заманда мұсылман ғалымдарының бір үкімге бір ауыздан келісуі. Ижмағқа сахабалардың пайғамбарлық заманда істеген істері жатпайды, себебі сахабалардың ол кезде істеген амалдары өздігінен шариғи дәлел болып саналады. Егер ғалымдар бір үкімге ижмағ қылса, ешкімге оны бұзуға немесе жоққа шығаруға рұқсат етілмеген, себебі Пайғамбар  айтқан:

Ижмағтың екі түрі болады:

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады:

Қияс — Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі. Мұсылман ғалымдарының арасында қияс Құран, Сүннет және ижмағтан кейінгі орын алады. Алайда қиястың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері бар. Тыйым салынған түрлеріне біреудің Құран мен Сүннеттен дәлелі болып тұрып қияс арқылы үкім шығаруы жатады. Ибн Масғұд айтқан:

Әл-Хасан әл-Басри мен Мұхаммед ибн Сирин осы аятқа сүйеніп ең бірінші боп тыйым салынған қиясты Ібіліс қолданған деп санаған.

Ижтиһад: шариғи үкім шығарудағы ғалымның ізденіс қылып, еңбек етуі.
Ижтиһад жасаудағы муджтаһидтің шарттары:

Фиқһ () — тілдік мағынасы «түсіну». Бұл мағынада «фиқһ» сөзі Құранда бірнеше жерде қолданылады. Мысалға:

Шариғат терминологиясында «фиқһ»: шариғаттың амалға қатысты үкімдерін дәлелдер арқылы білу. Кейде сол үкімдердің өзін «фиқһ» деп те атайды. Фиқһтың негіздері:

Фиқһта мукәллаф (балиғат жасына жеткен) мұсылмандардың амалдары жалпы және толықтай қарастырылып, адамның Жаратушысымен, өзімен және басқа адамдармен болған қатынасын реттейді. Фиқһ мукәллаф адамның сөздерін, амалдарын, келісімдерін, мүлкін жұмсауын қамтиды. Фиқһ екіге бөлінеді:

Фиқһты білудің әсері Аллаһтың құлының салихалылығында, оның амалдарының дұрысталуында, әдебінің түзелуінде білінеді. Ал егер мұсылман дұрысталса — жамағат та дұрысталып, оның нәтижесі осы дүниедегі бақытты өмір мен Аллаһтың Ақыреттегі ризалығы болмақ. Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтқан:

Фиқһ мазһабтарының ішінде бір ғалымның ойлары мен шариғи мәселелерге көзқарастары болып, бірақ оны тарататын, нақтылайтын шәкірттер болмағасын толықтай дамымаған, бізге көп үкімдері жетпеген жеке мазһабтар бар. Сонымен қатар негізін салған муджтаһид-ғалымдардың көзқарастары шәкірттері арқылы дамуын тауып, кең таралған көпшілік-жамағи мазһабтар бар. Бұл мазһабтар негізін қалаған имамдардың атымен аталып осы күнге шейін жеткен. Бұл мазһабтардың қатарына пайда болу реті бойынша: ханафи мазһабы, малики мазһабы, шафиғи мазһабы және ханбали мазһабы жатады. Оған қоса кейде заһири мазһабы да қосылады. Міне осы мазһабтар «Әһлі-Сүннет» мазһабтары деп аталады. Әһлі-Сүннет мазһабтарынан бөлек шиғалардың «джафари» және «зәйди» мазһабтары, харижиттердің «ибади» мазһабы бар.

Ханафи мазһабы — Имам Ағзам Әбу Ханифаға телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Қалаушысының есіміне сәйкес «ханафи мазһабы» деп аталады. Шын аты Нуғман ибн Сәбит болған Әбу Ханифа һижраның 80 жылы (699 ж.) Куфа қаласында дүниеге келіп, һижраның 150 ж. (767 ж.) сол жерде қайтыс болады. Ханафи мазһабына кіретін ғалымдар Әбу Ханифаны «Имам Ағзам» (ұлы имам) деп атайды. Кейбір тарих ғалымдары Әбу Ханифаны сахабаларды көрген табиғиндерден деп есептейді, себебі ол сахаба Малик ибн Әнәстан хадистер риуаят еткен. Бірақ басқа тарихшылар оны табиғиндердің ізбасарларынан деп санайды.

Имам Әбу Ханифа Исламның көптеген мәселелерін білген ғалым болғанымен, оның негізгі еңбегі фиқһ саласында болған. Абдуллаһ ибн әл-Мубарак ол туралы айтқан:

Әш-Шафиғи ол туралы:

Малики мазһабы — Имам Малик ибн Әнәсқа телінетін Әһлі-Сүннет фиқһ мектебі. Оның негізін қалаған Мәлик ибн Әнәс һижри 96-шы жылы (711 ж.) Медине қаласында дүниеге келіп, 179-шы жылы (795 ж.) қайтыс болған. Имам Мәлик Йеменнен көшіп келген Хумайр патшалық аулетінен шыққан. Оның отбасы шариғи біліммен танымал болып, оның өзі де «Имам дар әл-Һижра („дар әл-һижра“ — Медине қаласы)» деген атақты алған. Имам Малик хадистерге үлкен көңіл бөліп, өзінен кейін «Муатта» хадистер жинағын қалдырған.

Шафиғи мазһабының негізін салушы — Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи. Һижра жыл санауы бойынша 150 жылы Палестинадағы Газа қаласында дүниеге келген. Жеті жасында Құранды жаттап бітірген Мұхаммед ибн Идрис, 15 жасында пәтуа беруге рұқсат алады. Имам әш-Шафиғи атақтығалымдар: Имам Маликтен, Суфйан ибн Уяйнадан, Имам Мұхаммед әш-Шайбаниден білім алған. Өзінің қысқа ғұмырында әш-Шафиғи Меккеде, Йеменде, Иракта, Мысырда білім алып, сол жерлерде сабақ берумен айналысты. Имам әш-Шафиғи ең бірінші болып «усуль әл-фиқһ» ғылымын енгізіп, сол жайлы «Рисалә» кітабын жазады. Имам Ахмад ибн Ханбал оны өз ұстазы санап, оны Аллаһтын дінді жаңартуға жіберген «муджәддиді» санаған. Һижра жыл санауы бойынша 204 жылы дүниеден озды.

Мазһабтың негізін салушы — Имам Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ханбал әш-Шәйбани. Һижра жыл санауы бойынша 164-ші жылы (778 ж.) Мерв қаласында дүние келіп, һижри жыл санауы бойынша 241-ші жылы (855 ж.) қайтыс болды. Жастайынан әкесінен жетім қалған Имам Ахмад шариғат пәндеріне, оның ішінде хадис іліміне көп көңіл беріп, ұлы мухадди атанады. Ол Әбу Ханифаның атақты шәкірті Имам Әбу Юсуфтан, Имам әш-Шафиғиден, Уәкиғ ибн әл-Джаррахтан білім алған. Тіпті оның ұстаздары болған Әбу Дәуд, Имам Муслим, Имам әл-Бұхарилер одан хадис риуаят ететін болған.

Имам Ахмад билікке келген мутазилиттік сенімді ұстанатын халифтерден көп қысым көреді. Ұзақ уақыт түрмеде қамалып, азапталса да Ислами сенімнен бас тартпаған ол әлі күнге шейін ең атақты діни авторитеттердің бірі саналады.

Имам Ахмад шариғаттағы дәлелдерді Құран мен Сүннеттен алуға шақырып, имамдардың сөздеріне соқыр еруге тыйым салған. Ол айтқан:

Ибн әл-Джәузи Имам Ахмадтың мынадай сөзін жеткізген:

Аталған төрт мазһабтан бөлек ерушілер саны аз және аз елдерде таралған мазһабтар бар.

Бұл мазһабтың бастаушысы деп шиғалар Джафар әс-Садиқты санайды. Ол һижри 80-148 (702-765) жылдары Мединеде өмір сүрген. Әһлі-Сүннет ғалымдары арасында ол білімді саналып, Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи оның мәжілістеріне қатысқан. Он екі имамды мойындайтын шиитттерде ол алтыншы имам саналады. Джафари мазһабын ұстанушылар сахабалардың ешбір ижмағын мойындамайды, тек сол сахабалардың қатарында Әли ибн Әбу Талиб болмаса. Сонымен қатар олар Әли ұрпағынан шыққан имамдарды күналар мен қателерден сақталған шариғат көзі санайды. Олар ижтиһад құқығына тек қана «имамдар» ие, басқаларына ижтиһад жасағанда олардың пікірлеріне қайшы келуге болмайды деп есептейді.

Имам Дәуд ибн Әли әл-Асфаһани әз-Заһири (815-883) қалаған мазһаб. Бұл мазһабтағы шариғат негіздері Әһлі-Сүннет мазһабтарына ұқсас. Мазһабтың «заһири» аталу себебі олар үкім шығаруда аят-хадистердің сыртқы мағынасын ғана алуды қолданады. Заһири мазһабының атақты ғалымдарының бірі — Имам Ибн Хазм әл-Андалуси. Заһири мазһабы Испанияда кең таралғанмен, ол жақтағы халифаттың құлауымен толығымен жойылып кетіп, тек жазба еңбектері жеткен.

Зәйди мазһабының үкімдері Әһлі-Сүннет мазһабтарының, оның ішінде ханафи мазһабының үкімдеріне ұқсас болып келеді, себебі бұл мазһабтың негізін салушы саналатын Зәйд ибн Әли «Зәйн әл-абидин» ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Әбу Талиб (һижри 80-122 жж.) Ирактың Әбу Ханифа білім алған ғалымдарынан білім алуы. Бұл мазһабта Құранмен қоса Сүннет те шариғаттың көзі саналады және хадистер тек қана Әһлі-Бәйтпен шектелмейді, басқа сахабалардан да алынады.

Ибади мазһабының негізін қалаушысы Джәбир ибн Зәйд әл-Азди. Бұл мазһаб Әһлі-Сүннет мазһабтарына көптеген мәселелерде ұқсас болғанымен, кейбір үкімдерінде оларға қайшы келеді Ибади мазһабы Оман сұлтандығында көп тараған.

Әбу Амр Әбдуррахман ибн Амр әл-Әузағи (707-774) негізін қалаған Әһлі-Сүннет мазһабы. Әл-Әузағи өз кезінің ұлы ғалымы болған адам. Оның мазһабы Шам өлкесінде, содан кейін Андалусияда таралған. Бірақ Шамда шафиғи мазһабы, Андалуста малики мазһабы таралуымен бұл мазһаб әлсіреп, уақыт өте жойылып кеткен.

Мысырлық ғұлама Ләйс ибн Сағдтың да Әһлі-Сүннет мазһабы саналған мектебі болған, бірақ уақыт өте жойылып кеткен.

Сондай-ақ Ибн әл-Қаийм қылышпен жасалатын жиһадтан гөрі дәлел мен түсіндірумен жасалатын джиһадты артық санаған, және бұл джиһадты пайғамбарлар мен олардың артынан ілескен имамдар жасайды деген. Бұған мына аят дәлел болады:

Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің  Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден өткен уақытанан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб (634 — 644) жасаған. Нақты жылдан 11 күн кем болғандықтан, Ислам күнтізбесіндегі жылдың басы жылжи береді. һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Ол тек Айға негізделген.

Ислами әдеп деп шариғаттан бастау алатын жақсы іс саналатын амалдар мен сөздер жиынтығын атайды. Мысалға: «әс-сәләму ғалейкум» деп амандасу, оған «уә ғалейкум әс-сәләм» деп жауа қайту, ас ішуді «бисми-Лләһпен» бастау, тамақты оң қолмен ішу, тамақтан кейін «әл-хамду ли-Лләһ» деу, ер балаларды сүндетке отырғызу, қажетілікті өтегеннен кейін тазалану, адам қайтыс болғандағы рәсімдер, оған жаназасын оқу; бұған әртүрлі дұғалар да жатады: үйден шыққандағы дұға, мешітке кіргендегі дұға, әжетханаға кіргендегі дұға; сонымен қатар басқалардың әуретіне қарамау да әдепке жатады.

Мұсылманға тәкәппарлыққа әкелетін киім киюге тыйым салынған. Сол сияқты, қоршаған қауымнан өзгеше киімді киюге тыйым салынған. Адамдардан өзгешелену үшін киім киюге болмайды, мейлі ол киім қымбат болсын, арзан болсын, басқа адамдардыкіне ұқсаса да, ұқсамаса да, себебі бұл тәкәппарлыққа апарады. Оған қоса мұсылманнаң киімі кәпірлердің киіміне ұқсамауы керек, денеге жабысып тұрмауы керек және мөлдір болмауы керек.

Хиджаб — әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыратын араб елдерінің ұлттық киімі. Хиджаб араб елдеріндегі климатқа қатысты болып, діни киім ретінде де дінге сенушілерден талап етілген. Құранда хиджаб туралы сөз жоқ, тек Пайғамбардың отбасына және олардың момын әйелдеріне жамылып жүру талабы қойылған..

Айша (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:

Ер адамдардың әуреті кіндігінен бастап тізелеріне шейін, яғни бұл жерлерді киіммен жауып, бөгде адамдарға көрсетуге болмайды. Күң әйелдердің де әуретінің шегі осы.

Сүннеттен келген тамақ жеудің бірнеше әдебі бар:

Тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын қалдықтардан тазалау үшін және жағымсыз иіс кетіру үшін мұсылмандар Арак ағашының (Salvadora Persica) тамырын қолданады. Бұл амал Мұхаммед пайғамбардың   Сүннетінен саналады. Ол айтқан:

Мисуак дәрет алған кезде, ұйқыдан тұрғанда, ауыздың иісі бұзылғанда, Құран оқырда, намаз алдында қолданылады. Айша ананың айтуы бойынша, Пайғамбар  үйге кіре салысымен мисуак қолданатын болған.

Исламда мейрам ретінде екі айт — Ораза айты мен Құрбан айт, Арафат күні және Ташриқтың үш күні бекітілген. Пайғамбар Мединелік адамдар бір мейрамды тойлағанын көргенде былай деген:

Ол тағы да:

Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт ( — 'ид әл-фитр) деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.

Құрбан айт ( — 'ид әл-адха) Зул-Хиджа айының оныншы жұлдызы. Қажылықтың аяқталуына байланысты мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбандық шалатын күн. Бұл күні ораза ұстауға болмайды.

Мәулид () — араб тілінде «туған күн, туған жер» мағынасын білдіреді. Мұхаммед пайғамбар   мен оның сахабалары тойламағанмен, мәулид кейбір мұсылман елдерінде Пайғамбардың өмірбаянын оқумен, оған арнап өлең жазуменен аталып өтіледі. Мәулидті һижри VII ғасырда Сирияның Ирбиль мекенінің әмірі Мұзаффар әд-Диннің бұйрығымен тарихта алғашқы рет атап өткен. Кейбір мұсылмандар бұл амалды Ислам дініне қатысы жоқ бидғат пен Иса пайғамбардың туған күнін тойлайтын христиандарға еліктеу деп санайды, себебі бұл амал Құран мен Сүннетте әмір етілмеген, соған қоса алғашқы мұсылмандар оны істемегені белгілі.

Исламдағы тамақатанудағы халал мен харам түсініктері тек қана сыртқы тазалықты емес, сонымен қоса адамның ішкі дүниесінің саулығының кепілі болып саналады. Бұған мына хадис мысал бола алады:

Хафиз Ибн Кәсир былай деген: 

Исламда жеуге харам болған нәрселер:

Бұл нәрселер анық харам болғанымен, егер адам аштықтан өлетін жағдайға жетсе өмірін сақтау үшін жеуге ғалымдар рұқсат берген, себебі мұсылман өз өмірін сақтауға тырысу керек. Харам деген аят немесе хадис келмеген жанкарлар мен құстардың еті халал саналады.

Еті халал болған жануардың етін тек бірнеше шарттан кейін жеуге болады:

Алкогольді мас қылатын ішімдіктер кез келген мөлшерде харам боп саналады. Мұхаммед пайғамбар айтқан:

Бірақ егер бір нәрсенің құрамына алкоголь қосылып (мыс.: дәрілер, шоколад өнімдері) оның мөлшері мардымсыз және бұл өнімді көп мөлшерде қолданғанда мас қылмайтын болса — бұл тағамды не дәрілік препараттарды қолдануға рұқсат етілген.

Мұхаммед пайғамбардың кезінде темекі болмағасын Құран мен Сүннетте темекіні анық харам дейтін аят-хадистер жоқ. Бірақ мұсылман ғалымдары оны бірнеше себеппен харам санайды:

Ислам шариғаты құлшылық, наным-сенім мәселелерін ғана реттемей соған қоса мұсылмандардың өз жанұясымен, көршілерімен, туысқандарымен, ата-анасымен, билік басындағы адамдармен, қызметшілермен, басқа дін өкілдерімен болатын қарым-қатынасты реттейді. Тіпті жан-жануарларға деген қарым-қатынас, сауда-саттық принциптері шариғат назарынан тыс қалмаған.

Исламда неке қиюдағы мақсат тек қана табиғи қажеттіліктерді өтеумен шектелмей, сонымен қоса жақсы отбасы мен салауатты қауым құруды мақсат етеді. Мұхаммед пайғамбар  мұсылмандарды үйленіп, отбасы құруға шақырып, бұл істің зинадан сақтап, тақуалыққа апаратынын айтқан. Ал үйленуге халі жетпейтін жастарға ораза ұстауды насихат еткен, себебі бұл тыйым салынған заттардан тыяды.

Шариғат бойынша мұсылман ерге мұсылман немесе кітап иелерінен (яһуди мен христиан) әйелдерге үйленуге рұқсат етілген. Ал мұсылман әйелдерге кез келген кәпірге үйлену, мейлі ол христиан, атеист, индуист болса да қатаң тыйым салынған, себебі Ислам бойынша күйеуі әйеліне қамқоршы саналады, әйелі оған бағынуы тиіс, ал иман келтірген әйелдерге басқа діндік адамның қамқоршы болуы мүмкін емес. Бұндай неке харам саналады

Неке қию парыз болмағанымен, егер адамның жыныстық қатынасқа деген құлшынысы себебінен харамға түсу қаупі болса, ол міндетті түрде үйленуі қажет. Шариғат бойынша ер адамға төрт әйелге шейін алуға рұқсат етілген, бірақ оларға әділдік ете алмаса бір әйелмен шектелген жөн. Үйленер алдында болашақ жұбайлар бір-бірін оңаша емес (Шайтанның азғыруынан сақтану үшін үйленбеген ер мен әйелге оңаша қалу — харам), әйел адамның қамқоршысың қарамағында көріп, тақуалығын, Исламды ұстану деңгейін білу керек. Оның үстіне болашақ жұбай туралы сенуге лайықты адамдардан сұрауға болады, және бұл өсек саналмайды.

Көпшіліктің арасында таралған нанымға қарамастан, Исламда әйел адамды, не ер адамды мәжбүрлеп неке қидыртуға болмайды. Некенің шарты болып екі жақтың келісімі саналады. Неке заңды болу үшін әйел адамның қамқоршысы (уәли — әкесі, атасы, ағасы, көкесі немесе жақын тумалары) келісім беру керек. Уәлидің келісімінсіз қиылған неке заңсыз саналады.

Ақиқа () — араб тілінде «кесу, қию» мағынасын беретін «иқ» () сөзінен шыққан және негізінде жаңа туған нәрестенің шашына қолданылады. Шариғатта: нәресте туғаннан кейін оның шашы қиылғанда мал сойып, құрбан шалу. Және бұл баланың ата-анасындағы ақысы саналады. Бірнеше хадистерге сәйкес ақиқа бекітілген сүннет саналады. Мысалы:

Ақиқаны бала туған соң жеті күннен бастап балиғат жасына жеткенге шейін орындауға болады. Сүннет бойынша ер балаға екі қой, қыз балаға бір қой сойылу керек. Және осы күні балаға ат қойылу керек. Есім таңдағанда жақсы мағыналысын таңдап, жаман мағына беретіндерімен атауға болмайды. Ибн Омардан келген хадиске сәйкес ең жақсы аттар: Абдуллаһ () пен Абдуррахман (). Сүннет бойынша баланың ата-анасы ақиқа күні қиылған шашты өлшеп, сол мөлшердегі күміспен садақа ету керек. Пайғамбар  немересі Хасанға ақиқа жасағанда айтқан:

Имам әт-Тирмизи келтірген хасан хадсте Пайғамбардың  Хасан ибн Әли туғанда оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтқан.

Ислами сенім бойынша Исламнан басқа діндер тура жолға жетелеп, адамның жұмаққа кіруіне себеп бола алмайды. Яһудилер мен христиандардың шариғаттары әу баста Аллаһтан тұскен тура жол болғанымен, Мұса пайғамбардан кейінгі яһудилер және Иса пайғамбардан кейінгі христиандар діндеріне көп жаңалық пен адасу кіргізіп, таза шариғаттарынан түк қалмаған деп саналады. Сондықтан Ислам туралы естіген әрбір яһуди мен христианға мұсылман болу парыз, Исламға қарсы болғандары Аллаһтан келген аянды өтірікке шығарғаны үшін мәңгі азапқа ұшырайды. Аллаһ Құранда айтады:

Мұсылмандар басқа діндегілермен қарым-қатынаста екі аятқа негізделеді:

Христиандар мұсылмандарға басқа діндерден гөрі жақынырақ саналады, себебі Құранда айтылған:

Бірақ Құранда олардың ішінде Исламға жау болып келетіндері туралы айтылған:

Мұсылмандарға олармен қатынас ұстау рұқсат етілген, бірақ оларды бауырлар сияқты жақсы көру, соғыста оларға көмектесу харам. Ислам дініне қарсы христиандармен немесе басқа кәпірлермен бірігіп соғысу, оларға көмектесу діннен шығаратын күпір саналады.

Христиандар Құдайдың ұлы санайтын Иса пайғамбарды мұсылмандар яһудилерге жіберілген Аллаһтың елшісі санайды. Құранда Иса пайғамбардың кейбір кереметтері, оның аспанға көтерілуі баяндалған. Шариғат басқа пайғамбарларға құрмет етуді әмір еткен секілді Иса пайғамбарға да құрмет көрсетуді бұйырады, оны сөгуге, өтірікке шығаруға болмайды. Исламда Иса мен оның анасы Мәриям Аллаһтың керемет белгілері саналады, бірақ оларды құдай немесе жаратушы санатына көтергендер кәпір саналады.

Ислам яһудилермен жақсы қатынасты ұстауға тыйым салмағанмен, олардың әртүрлі қулықтары мен сатқындықтары үшін Араб түбегіндегі яһудилермен соғысқан. Мұхаммед пайғамбардың ажалының бір себебі болған уды яһуди әйел асына араластырған. Аллаһ Құранда айтады:

Индуизм, буддизм, конфуцийшілдік және басқа да діндер Исламға «зұлымдық жасамау, тағдырға сену, әке-шешеге құрмет көрсету» мәселелерінде ұқсағанымен, олардың өкілдері шариғат бойынша көпқұдайшы-мушриктер ретінде саналады, себебі индуизм сенімі бойынша олардың пұттары «бір құдайдың әртүрлі көріністері» саналғанмен, шариғат бойынша бұл ширк — Аллаһтан басқаға құлшылық саналады. Сонымен қатар олар Ақырет күнін, Аллаһтың алдындағы есепті жоққа шығарып, кейбіреулері реинкарнацияға сеніп, жанның мәңгі-бақи бір денеден бір денеге көшуіне сенеді. Ал буддизм діні әу баста атеисттік сипаттағы құдайды мойындамайтын дін болғанымен, уақыт өте Будданың өзі құдайға айналды. Конфуций ілімі мен синтоизм де тау-тастарды пұт қылып, ата-баба әруақтарына сиынуды дұрыс санайды.

Шариғат бойынша бұл діндегілердің сойған еті харам және бұларға ұқсап-бағуға, мейрамдарын тойлауға, бұлардың жолын дұрыс санап, оларды сүюге тыйым салынған.

Мешіт ( — араб тілінен «сәжде қылатын жер», «құлшылық қылатын жер» деген мағына береді. Ең бірінші салынған мешіт ғимараты болып Медине қаласына жақын жерде Мұхаммед пайғамбар   қалаған Құба () мешіті саналады. «Мешіт» деп тек қана арнайы салынған ғимараттарды атамайды, сондай-ақ кез келген намаз оқып, Аллаһқа құлшылық қылатын жер «мешіт» аталады.

Әлемде 1.62 миллиард өздерін мұсылман санайтын адамдар бар. Олар әлем халқының 20% құрайды. Мұсылман елдері негізінен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия Аумағында орналасқан. Сонымен қатар негізгі халқы мұсылман болмағанмен, халықтың біршама бөлігін мұсылмандар құрайтын Еуропа мен Азиядағы бірнеше мемлекет бар. Мысалға Қытайдағы мұсылмандардың саны Сирия мұсылмандарынан көп, ал Ұлыбританиядағы мұсылмандар саны Ливандағы мұсылмандардан көп. Осыны дәлелдейтін зерттеуді 2010-шы жылы Pew Research Center өткізіп, 2011ж. қаңтар айында жариялады.

Мұхаммед пайғамбар  айтқан:

Тағы да:

Пайғамбардың өлімінен кейін осы хадистерде айтылғандай мұсылман үмметі көптеген тармақтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Олардың пайда болуына билік үшін күрес (шииттер мен харижилер). Кейбір ағымдардың Исламнан алыстағаны соншалықты, олар жеке, Исламнан бөлек дінге айналып кетті (баһаилар).

Әлем бойынша өздерін мұсылман санайтын адамдардың басым көпшілігі (90%-ға жуық) өздерін Әһлі-Сүннетке (Әһл әс-сунна — сүннетті ұстанушылар) жатқызады. Сүннетті ұстанушылар Мысыр, Сауд Арабиясы, Сирия, БАӘ, Қатар, Түркия, Алжир, Ливия, Марокко, Мавритания, Судан, Сомали, Палестина, Иордания, Пәкістан, Ауғанстан, Малайзия, Индонезия, Бангладеш, Орта Азия елдерінде, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ елдерінде мұсылмандардың көпшілігін құрайды. Иракта, Әзірбайжанда, Ливанда, Бахрейнде мұсылмандардың айтарлықтай бөлігі сүнниттер.

Сәләфия () — Ислам дінінің негізі боп табылатын Құран мен Сүннетті «әс-сәләф әс-салих» (‎), яғни Мұхаммед пайғамбардың  сахабалары, олардың ізбасарлары мен Ислам үмметінің имамдары қалай түсінсе солай түсіну деген. Сәләфия қозғалысының ең атақты өкілдері Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа, Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия, хафиз Ибн Кәсир, хафиз әз-Зәһәби, Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб және т.б. ғалымдар сәләфия ағымының өркендеуіне зор үлес қосқан. «Сәләф» (араб.: سَلَفٌ‎) сөзі тілдік жағынан Ибн Манзур айтқандай: алдыңғы өткен халық деген мағына береді.

Тасаууф-сопылық () — Басралық Абдуль-Уахид ибн Зәйд бастау салған ілім. Бастапқыда нәпсіні тазалау, дүниеден безу мақсатында құрылған, сенімдері Құран мен Сүннетке сай келген бірлестік болғанымен, артынан сопылар көптеген мәселелерде шектен шығып, кей мұсылман ғалымдарының пайымдауынша Әһлі-Сүннеттен бөлек ағымға айналып кетті. Сопылардың көзқарастарының ішінде Үнді философтарының «уахдәт әл-уджуд» сенімі (яғни Аллаһ пен жаратылыстардың арасында шек жоқ, барлығы Аллаһтың ішінде араласқан деген пікір), тақуалар мен әулиелерге табыну, олардан шапағат тілеу, шариғатты екіге бөлу және оның «тылсым» бөлігін тек белгілі бір топ ұстанады деп сену; Аллаһқа деген құлшылықты тозақтан қорқу мен жәннәтты үміт етуге емес, тек қана Оған болған махаббатқа негіздеу және т.б. пікірлер мен көзқарастар.

Ашғария () —Әбул-Хасан әл-Ашғари негізін қалаған философия мектебі. Бастапқыда мутазила жолын ұстанған ол, артынан бұл пікірлерден бас тартады. Ашғари пәлсапасы Құран мен Сүннетте келген Аллаһтың «келу, түсу, разы болу, көтерілу» және т.б. сипаттарын Аллаһты «жаратылыстарға ұқсатпау» мақсатында жоққа шығарады. Олар Аллаһтың жеті сипатын («Өмір, Құдырет, Білім, Қалау Есту, Көру және Сөйлеу») мойындап, қалған есім-сипаттардың мағынасын өзгертіп, «тәуиль» жасайды. Ашғари және матуриди мазһабтары иман мәселесінде мурджияларың көзқарасын ұстанады.

Матуридия () — Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди негізін қалаған діни мектеп. Қазақстан мұсылмандарының көп бөлігінің ақидада ұстанатын мектебі. Матуридилер өздерінің сенімдерін Имам Әбу Ханифаның сенімдері санап, өздерін Әбу Ханифаға еретіндер санайды. Ханафи мазһабынын ұстанатын мұсылмандардың көп бөлігі әл-Матуридидің ізбасарлары боп табылады. Матуриди сенімі Ашғари сеніміне ұқсас болғандықтан, бұл пәлсапа мектептерін көбінесе бірге атайды.

Мутазила ()— Басралық Уасыл ибн Ата және Амр ибн Убайд негізін қалаған ағым. Бұл адам иман мәселесіндегі таластан кейін әл-Хасан әл-Басридің мәжілісінен шығып кеткен. Мутазилиттер адамның ақылын нақылдан (яғни Құран мен Сүннеттен) артық қойып, көзқарастары сол ақылға негізелген. Мутазилиттер хауариждерге күнә жасаған мұсылман мәселесінде ұқсап, ондай адамды мұсылман санамайды, тозақта мәңгі азапталады деп есептейді. Мутазила ағымы батапқыда бір сенімде негізделгенмен, соңынан көптеген мазһабтарға бөлініп кетті. Бір кездері халифаттағы билікті басып алған олар көп ұзамай бұл мансабынан айырылып, біртіндеп жойылып кетті. Бірақ қазіргі күнге дейін  Ислам әлемінде кейбір адамдар мутазилалардың пікірлерін ұстанады.

Джәһмия ()— Джәһм ибн Сафуан құрған ағым. Джәһмилер Аллаһтың барлық дерлік есім-сипаттарын жоққа шығарады. Аллаһтың сөйлейтінін, Оның еститінін, көретінін мойындамайды. Джәһмилер адамдардың Аллаһты Ақыретте көретінін де өтірікке шығарады. Олар Құранды мақұлық (яғни жаратылған) санап Әһлі-Сүннет сеніміне қайшы келеді..

Қадария ()— Аллаһтың тағдырын, Аллаһтың бір зат болар алдындағы ол туралы білімін жоққа шығаратын ағым. Ислам ғалымдары бұндай сенімді Исламнан шығаратын күпір санайды, себебі Аллаһ Құранда айтқан:

Сонымен қатар Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан Имам Муслим риуаят еткен хадисте Аллаһтың жаратылыстардың тағдырын жаратудан 50 мың жыл бұрын жазып қойғандығы баяндалған.

Джәбрия ()— адамдардың өз қалауы жоқ, барлық Аллаһтың құлдарын мәжбүрленген, таңдауы жоқ деп санайтын ағым.

Ирджа () — араб тілінде «қалдыру» мағынасын білдіреді. Шариғатта «амалдарды қалдыру, амалдарды иманға кіргізбеу» мағынасын береді. Мурджиялар Әһлі-Сүннет пен харижилерге қарама-қайшы пікір ұстанып, иман деп тек «ішкі сенім және тілмен растауды» айтады. Олардың сеніміне сәйкес иман деңгейі көтерілмейді, барлық адамның иманы бір деңгейде дейді..

Харижилік — Сахабалардың заманында пайда болған Исламның ең ерте ағымдарының бірі. Бастапқыда хауариждердің белгілі сенім жүйесі болмай, тек билікке және әмірлерге өзгеше көзқарасы болған саяси топ болды. Харижилердің Әһлі-Сүннеттен ең үлкен айырмашылығы — олардың жолына қайшы келетін билік басындағы әмірге қарсы шығуға рұқсат берді. Және осы топтың атауы да осыған байланысты ( «хурудж» — «қарсы шығу»). Олар үлкен күнә жасаған мұсылмандарды діннен шығарып, екі халифты (Осман ибн Аффан мен Әли ибн Әбу Талиб) мойындамайды. Олар зина жасаған адамды таспен соғу жазасын мойындамай, әйел адамның етеккір кезіндегі намаздарының орнын толтыру керек деп санайды.

Ибадилер () — харижилердің орташа көзқарасты фракциясы саналатын сүнниттер мен шииттерге ұқсамайтын ағым. Һижри VII-ші ғасырда пайда болып, негізін қалаған Абдуллаһ ибн Ибадтың есімімен аталған. Халифаттың билігіне қарсы шығып, өздерінің имаматтарын құрған (мыс.: Солтүстік Африкадағы Тахертте). Оман мемлекетінің көп бөлігі ибадилер. Алжир, Тунис, Ливия елдерінде, Занзибар аралында қауымары бар.

Құраншылар (құраниттер) — Сүннетті мойындамай, тек қана Құранға еретін топ. Олар Сүннетте қателер бар, кей жерде Құранға «қайшы келеді» деп, Сүннетке еруді парыз санамайды, оны ойдан шығарылған санайды. Мұсылман ғалымдары бұл пікірлерді адасу санап, Сүннетсіз намаз, ораза, зекет секілді құлшылықтар мен басқа да үкімдерді реттеу мүмкін еместігін айтады. Аллаһ Құранда айтқан:

Шиизм ( — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың  өлімінен кейін пайда болған ағым. Шиғалар Әли ибн Әбу Талибті Пайғамбардан кейінгі билікке ең лайықты адам санап, алғашқы халифтер болған Әбу Бәкір мен Омарды зұлымдық жасады деп айыптайды. Олардың көзқарасы бойынша Әли және оның ұрпағы қателерден сақталған, олардың сөздері шариғат саналады. Олар көптеген сахабаларды Мұхаммед пайғамбардан  кейін Ислам дінінен қайтқан кәпір санап, сондықтан Сүннеттен жеткен хадистерді мойындамайды. Осыған қоса олар Құран Кәрім өзгертілген санайды, оның дұрыс нұсқасы Әлиде болды деп ойлайды. Шиғалардың сенімі бойынша «нағыз» Құранды Мәһди алып келеді. Шииттердің кейбіреулері  Айша ананы Әлиге қарсы шыққаны үшін балағаттап, зина жасады деп айыптайды, оны тозақтық санап, қайтыс болған күнін тойлайды.

Шиитер билікке тек Әлидің ұрпағы лайықты деп, басқа әмірлер мен халифтардың билігін заңды деп санамайды. Олардың ойынша Әлидің ұрпағынан 12 имам шығып, оның он екіншісі қазір «ғайыпта». Осыған байланысты оларды «әл-Исна Ашария» (он екіліктер) атайды. Бұл соңғы имам Ақырет алдында Мәһди болып қайтып келеді дейді. Олардың сенімі бойынша бұл имамдар ғайыпты біліп, «тылсым» дүниелерден хабары бар. Алтыншы имам саналатын Джафар әс-Садиқтан кейінгі имамды таңдауда таласқан шииттер екіге бөлініп, Исмаилды қолдағандар өзіндік сенімдері бар исмаилия ағымына айналып кетеді. Олардың имамдары жәй діни көсем емес, Аллаһтан аян алатын, жаратылыстар мен Аллаһтың арасын жалғастыратын, дұғалар мен тілектерге жауап беретін Аллаһтың орынбасарлары. Оларды сүю — иман, оларды мойындамау — үлкен күпір.

Әһлі-Сүннет сеніміне қайшы келетін шииттердің тағы бір амалдары — тақийа. «Тақийа» деп шииттердің өздерінің шын көзқарастары мен сенімін жасырып, өздері жау санайтындарға өтірік айту практикасы. Әһлі-Сүннет ғалымдары тақийаны өтірік пен екіжүзділік болғасын харам санайды.

Әл-Исна Ашария шииттерінің он екі имамы:

Зәйдилік () — өздерінің негізін қалаушысы деп Зәйд ибн Әли «Зәйн әл-абидин» ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Әбу Талибты санайтын шиғалардың ағымы. Кезінде Иран, Ирақ және Хиджаз жерлерінде көп таралып, өздерінің бірнеше мемлекетін құрған: Солтүстік Африкадағы Идрисилер мемлекеті (һижри 789-926 жж.), Табаристанда (һижри 863-928 жж.), Йеменде (һижри 901 ж.). Олардың Йеменнің кейбір бөлігіндегі билігі 1962-шы жылдың 26-шы қыркүйегіндегі революцияға шейін жалғасты. Сенімдерінде мутазилиттік жолы ұстанып, шииттердің ағымы болғанымен, олардың жолы басқа шииттерге қарағанда сүнниттерге жақынырақ. Олар «жасырын имамға» сенбейді, Әбу Бәкір мен Омар ибн әл-Хаттабты сөкпейді, күнадан сақталған деп тек Әлиді, Фатиманы және екі баласын атайды. Оларда басқа шииттер рұқсат берген уақытша неке харам саналады. XX-шы ғасырдың соңындағы саны 7 миллионға жуық. Йемен халқының біраз бөлігін құрайды.

Исмаилия () (батыния, қарматтар, т.б.) ағымы өздерін Джафар әс-Садиқтың үлкен ұлы Исмаилмен байланыстырады. Олар оны жетінші имам санап, басқа шииттерге қайшы пікірді ұстанады. Кейбір мұсылман ғалымдары оларды христиандар мен яһудилерден жаман Исламның жаулары санап, оларды мұсылман санатына кіргізбейді. Атауларына сәйкес («батын» —жасырын) олардың наным-сенімдері жасырын, жарияланбайды. Олардың кейбіреулері Құранды мойындамайды, Мұхаммед пайғамбардан  кейін де пайғамбарлар болады деп санайды, Ақырет күнін, жәннәт пен тозақты мойындамайды. Олардың шектен шыққандары соншалықты, Әли ибн Әбу Талибты құдай санап, оған құлшылық қылады. Исмаилиттердің кейбіреулері өздерін пайғамбар санаған (мысалға исмаилит болған атақты араб ақыны Әбу Таийб әл-Мутанабби). Намаз оқитын исмаилиттер намаз оқығанда өздерінің діни басшысы және имамы Аға Хандарына қарап оқып, өздерінің зекеттерін соған береді.

Таблиғи жамағат — Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған.

Хизб ут-тахрир () — Тақи әд-дин ән-Нәбһани құрған Ихуан әл-Муслиминнен бөлініп кеткен ағым. Олар шариғаттан тек ақылымызға келетін нәрсені аламыз деп, қабір азабын, Мәсих Дәжжәлдің шығуын, т.б. заттарды мойындамайды.  

Ихуан әл-муслимин (мұсылман бауырлар) — 1928-ші жылы Мысырда Хасан әл-Банна құрған саяси партия. Ихуан әл-муслимин жамағаты негізінен саясат пен билікке ұмтылып, мұсылмандардың сенімін түзеуге, оларды тура жолға бастауға ұмтылмайды. Бұл партия өздерінің Сүннетті ұстанатынын айтқанымен, олардың қатарында Сүннетке қарсы бидғат иелері де кіре береді.

Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері  Пайғамбардың  көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» () заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» () аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың  көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі () сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылым мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы баталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.

Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат атанасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді және осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Ұлы Османлы Мемлекеті құрылғанға шейін болған жоқ. Османлы сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Еуропадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. 7-ші османлы сұлтаны II Мехмет кезінде Константиние қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516 жылы сұлтан I Сәлім Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Османлы әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең «Османлылар заманы» () аталып кетті. Бұл кезде Ұлы Османлы Мемлекетінен бөлек Ирандағы Сефевидтер мемлекеті, Әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Ұлы Османлы Мемлекеті құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті.

Ислам дінінің негізін салушы Һашим әулетінен шыққан Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Абдуль-Мутталиб . Һашим әулеті өз кезегінде арабтың Құрайш тайпасының бір бөлігі. Ол Ислам уағыздауын бастамай тұрып та пұттарға табынбай, бірқұдайшылық жолын ұстанған. Ол Аллаһқа құлшылық қылып, дұға ету үшін Рамазан айында керек-жарақтарын алып Меккенің қасындағы Нұр тауындағы Хира үңгіріне баратын болған. Міне, бір күні Хира үңгірінде отырған сәтінде оған Аллаһ жіберген Жәбірейіл періште ең бірінші рет аян етеді. Бұл «Аләқ» сүресінің алғашқы аяттары болатын.
 
Мұхаммед пайғамбар  Аллаһтың уахиын адамдар арасында жасырын уағыздай бастайды. Оған ең бірінші боп оның әйелі Хадиджа бинт Хууәйлид, көкесінің ұлы Әли ибн Әбу Талиб, ең жақын досы Әбу Бәкір сеніп, иман келтіреді. Ол құрайштардың арасында пұттарға табынбай, тек бір Аллаһқа ғана құлшылық қылуға шақырады. Осыны білген олар Мұхаммедке ерушілерді азаптап, діннен қайтуға мәжбүрлей бастайды. Бұны көрген Мұхаммед пайғамбар  ізбасарларына һижра жасауға рұқсат береді. Ең бірінші дін үшін көшу Эфиопия еліне болып, 80 адамнан тұратын топтың ішінде Осман ибн Аффан мен Джафар ибн Әбу Талиб болады.

Көмекшілері мен тірегі болған көкесі Әбу Талиб пен әйелі Хадиджа қайтыс болғаннан кейін көпқұдайшылардың мұсылмандарға деген қысымы күшейе түседі. Ясриб (Медине) қаласының бір топ адамы Ислам дінін қабылдап, Мұхаммедке  көмектесуге уәде етеді. Дінді аман сақтау үшін мұсылмандар жасырын түрде Медине қаласына көше бастайды. Ең соңғылардың қатарында һижраны Мұхаммед пайғамбар мен Әбу Бәкір жасап, Медине қаласына келеді. Осы кезден бастап Ясриб қаласы Медине (яғни «мәдинә ән-нәбәуийә» — пайғамбардың қаласы) атана бастайды.

Һижраның екінші жылы меккелік көпқұдайшылармен Бадр құдықтарының қасында шайқас болып, мұсылмандар Ислам тарихында алғашқы рет жеңіске жетеді. Бұған жауап ретінде келесі жылы меккеліктер Ухуд тауының қасында мұсылмандарды жеңіп, олар шегінуге мәжбүр болады. Келесі жылы мұсылмандар мен меккеліктер арасында «Худайбия келісімі» аталған он жыл бойы соғыспауға келісім жасалады. Меккеліктер жағынан қауіп сейілгеннен кейін мұсылмандар осыған дейін жауласып келген яһудилерге шабуыл жасап, оларды жеңеді.

Меккеліктермен болған келісімнен кейін сегіз жыл өткеннен кейін, Мұхаммед пайғамбар еш шайқассыз Меккені басып алады. Исламға қарсы өлең жазған 10 адамнан басқасының барлығы кешіріліп, оларға амандық беріледі. Меккені мұсылмандар басып алғаннан кейін Қасиетті Қағбаның ішіндегі барлық пұттар сындырылып, көпқұдайшылық белгілірінен тазартылады.

Меккені алғаннан кейін Мұхаммед пайғамбар  екі жыл өмір сүріп, өмірінің соңғы жылы жүздеген мың мұсылманмен бірге қажылық жасайды. Арафатта отырған кезінде оған Аллаһ тарапынан ең соңғы аят түседі:

Мұхаммед пайғамбар  632-ші жылдың 8-ші маусым күні қайтыс болып, Медине қаласында өзінің сүйікті жары Айшаның бөлмесінде көміледі.

Пайғамбардың өлімінен кейін мұсылмандардың халифасы болып оның ең жақын досы Әбу Бәкір болады. Әбу Бәкір билік құрған кезеңде бұған дейін мұсылмандықты қабылдаған кейбір тайпалар Исламнан бас тартады. Бұлар мен болған соғыстарды «Ридда (діннен қайту» соғыстары деп атайды. Сонымен қатар араб жазирасында өздерін пайғамбармын деген бірнеше адам пайда болып, бүлік жасай бастайды. Әбу Бәкір заманында мұсылмандар алғашқы рет Арабия түбегінің сыртындағы аймақтарды жаулай бастайды. Халид ибн Уәлид бастаған мұсылман әскері Парсы мен Византияға сәтті жорықтар жасайды.

Әбу Бәкір қайтыс болғаннан кейін оның өсиеті бойынша халифатты Омар ибн әл-Хаттаб басқаратын болды. Омар билік құрған кезде мұсылмандар Византия әскерлерін жеңіп, Шам өлкесін басып алады. Парсы еліне болған жорықта Басра, Куфа және т.б, қалалар қолға түседі. Мұсылман әскерлері Хорасан жерлеріне, Әзірбайжан мен Арменияға шейін жетеді. Амр ибн әл-Ас басқарған әскер Мысыр жерін толығымен жаулап алып, жергілікті копттарға амандықты уәде етеді. 644-ші жылдың 1-ші қарашасында Омарды намаз оқып тұрған сәтінде парсылық Әбу Лу-лу қатты жарақаттайды. Көп ұзамай Омар жан тапсырады.

Омардан кейін халифатты Мұхаммед пайғамбардың  күйеу баласы Осман ибн Аффан басқарады. Оның кезінде мұсылмандар Солтүстік Африкада жеңіске жетеді. Османның заманында Әбу Бакр кезінде жиналған Құран нұсқасы бекітіліп, барлық қалаларға таратылады. Осман ибн Аффанды Һашим әулеті мен өзі шыққан Умәйя әулетінің қақтығысы себебінен көтерілісшілер өлтіреді.

Османнан кейін Медине қаласындағы сахабалар халифа қылып Әли ибн Әбу Талибті таңдайды. Әли ибн Әбу Талибтің әскері бұл шешімге келіспеген Шам өлкесінің әмірі Мағауия ибн Әбу Суфйанмен «Сыффин шайқасы» аталып кеткен шайқаста шайқасады. Ал Айшамен болған шайқас «Түйелер шайқасы» аталып кетеді. Әли мен Мағауия келісімге келу үшін келіссөз жүргізуге Әлидің жағынан Әбу Мұса әл-Ашғари, Мағауия жағынан Амр ибн әл-Ас тағайындалады. Ұзақ келіссөзден кейін, олар Әли мен Мағауияның билікті тастап, халифаны қайта таңдауға келіседі.

Умәйя әулеті — Араб халифатын билеген әулет (661-750). Негізін Меккедегі құрайыш тайпасының умәйя руынан шыққан Мұғауия I (т.ж.б.-680) қалаған. Умәйя әулетінен шыққан халифтар мемлекет құрамына Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігін, Орталық Азияны, Иран, Ауғанстан, Ирак, Кавказдың біраз жерлерін қосып алды. VIII-ші ғасырдың ортасына таман мемлекеттегі бірлік әлсірей бастады. Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс (747-750) Умәйя әулетін тақтан тайдырған соң, билікке Аббас әулеті келді.

Аббас әулеті — Араб халифатын билеген әулет (749-1258). Мұхаммед Пайғамбардың  немере ағасы Аббас ибн Әбділмүттәліп ибн Хашимнен тараған. Мұхаммед ибн Әлидің ұлы Ибраһим жіберген өкіл Әбу Мүслім бастаған шииттік қозғалыс Умәйя әулетін тақтай тайдырған соң, Аббас әулеті үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбуль Аббас әс-Саффах (750-754) болды. 762 жылы Аббас әулетінің астанасы Шамнан Бағдадқа ауыстырылды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде кейде «Бағдадия халифаты» деп те аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы, географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан Һарун әр-Рашид (786-809), Мамун (813-833), әл-Мутасим (833-842) қызметтері айрықша аталды. Кейін VIII ғасырдың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда буидтер, одан селжұқтар Аббас әулетін ығыстырып шығарды да, олар тек діни тістерге ғана араласатын болды. 1258 жылы Хулагу хан бастаған моңғолдар Бағдадты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 жылы әл-Қаһирада халифа атағын берген. 1517 жылы османлы сұлтаны I Сәлім халиф III Мүтәуеккелді Ыстамбұлға көшіріп, кейін халиф атағы османлы сұлтандарына өтті.

Ұлы Османлы Мемлекеті — 1299-1922 жылдары өмір сүрген көпұлтты мемлекет. 1517 жылдан бастап бұл мемлекеттің басшылары халиф аталады. Османлы халифтері бұрын-соңды мұсылман иелігінде болып көрмеген көптеген елдерді басып алды. Оның ішінде Грекия, Албания, Болгария, Сербия, Солтүстік Македония жерлері болды. Өзінің шарықтау шегінде Ұлы Османлы Мемлекеті Венадан Парсы шығанағына шейін, Қырымнан Мароккоға шейін созылып жатты. 1453 жылы 7-ші османлы сұлтаны II Мехмет Шығыс Рим империясының елордасы болған Константинополь қаласына басып кіреді. Бұл қала қазір Ыстамбұл деп аталады.

Осы кезде Шығыста мұсылмандардың бірнеше мемлекеті пайда болды. Оның ішінде Әмір Темір құрған Тұран мемлекеті және Иран, Әзірбайжан мен Ирактың шығысында орналасқан Сефевидтер әулетінің мемлекеті болды. Сефевидтер мемлекетінің негізін қалаушы шаһ I Ысмайыл болды. Ол қоластындағыларға шиизмді ұстануды парыз қылып, Анадолы түбегіндегі шииттерді османлы сұлтандарына қарсы қойып отырған. Шииттердің көтерілісін басқан I Сәлім, ендігі назарын Сефевидтермен келісімге отырған Мәмлүк сұлтандығына аударды. 1517 жылы I Сәлім мәмлүктерге қарсы жорыққа аттанып, мәмлүк иелігінде болған Мысыр мен Шам өлкесін басып алады. I Сәлімнен кейін таққа отырған оның ұлы I Сүлеймен мемлекетті кеңейтуді тоқтатпай, көптеген жерлерді, оның ішінде Белград қаласын жаулап алады. Вена қаласын екі мәрте қоршағанмен, оны ала алмайды.

I Сүлейменнен кейін Ұлы Османлы Мемлекеті әлсіреп, тек IV Мехметтің кезінде ғана жандана бастады. Одан кейін османлы сұлтандары біртіндеп бұрынғы ұлылығынан айырыла бастады. Арабия түбегінде Мұхаммед ибн Абдул-Уәһһаб бастаған Исламды өткен ғасырлар бойы қосылған заттардан тазарту қозғалысы басталды. Османлы сұлтандары бұндай қозғалыстарды жою үшін күрескенмен, толығымен өшіре алған жоқ. Оған қоса Балқан түбегінде ұлт-азаттық қозғалыс өрши түсті. Ұлы Османлы Мемлекеті Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркия Республикасының президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің шешімімен өмір сүруін тоқтатты.

Ұлы Османлы Мемлекеті құлағаннан кейін, Ұлыбритания, Франция сияқты Дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер бұрынғы мемлекеттің иеліктерін өз қарамағына алды. Соңынан бұл елдер бір-бірімен дін, мәдениет пен тілден басқа еш қатысы жоқ дербес мемлекеттерге айналды. Мысыр президенті Ғамал Әбділ Насыр Сирия мен Мысырды біріктіруге әрекет жасап, онысы сәтсіздікке ұшырады.

Израиль экстремисттерінің Ақса мешітін өртеуінен кейін 1969 жылы Ислам Конференциясы Ұйымы құрылып, оған барлық дерлік мұсылман мемлекеттері кірді.

XX ғасырдың соңында Иранда Ислам төңкерісі болып, ондағы билікке шииттер келді. Сонымен қатар Ливандағы Хезболла, Ауғанстандағы Қағида сияқты бірнеше топтар құрылды.

Мұсылмандық каллиграфияның, сәулет өнерінің үлгілері




#Article 141: Құран (5646 words)


Құран немесе Құран Кәрім (, , ) — Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға  ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.

Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар  40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.

Мұхаммед пайғамбардың  өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.

Бірақ «Құран» сөзінің шығу тегі турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан:
Құран деген — есім, оның һамзасы жоқ және «қара′ту»-дан алынбаған, бірақ ол Аллаһ кітабының аты
Ал әл-Фарраның айтуы бойынша «ол қарāин () (жұбайлар, достар; жекеше түрі: қарӣна) сөзінен шыққан, себебі Құранның аяттары бір-бірін растайды және бір-біріне ұқсайды, міне сол „қарāин“»

Құранның бұдан басқа көптеген Құранның ішінде ишарат етілген атаулары бар. Мысалға: «әл-Фурқан», «әл-Һуда», «әз-Зикр», «әл-Хикма», «Каламу-Ллаһ», «әл-Китаб», және мұсылман жазушылар Құранның атулары мен мағыналары туралы еңбектер жазды. Ал «мусхаф» деп аталу Құранның жазылған нұсқасын айтылуға қолданылады. Бұлай аталу бастапқыда қолданылмағанымен, Әбу Бәкр Құранды жинақтағаннан кейін осы сөз оның атауына айналды. Құранға «Фурқан» деп айтылу себебі, ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы (фариқ), анық құжат және оның дәлелдері, парыздары, шектері мен басқа да білдіретін мағыналары хақ пен өтірікті айырушы. Бұл айыру ақиқатты көрсету мен өтірікті негізін жою арқылы. Аллаһ тағала әл-Фурқан сүресінде айтады:
Өзінің құлына әлемдерге ескертуші болу үшін Фурқанды түсірген (Аллаһ) Берекетті
Ал Құранның зікір екені туралы әл-Хиджр сүресінде айтылады:
Шын мәнінде Біз зікірді түсірдік және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз»
Бұдан мақсат — Мұхаммедке  түсірілген Құран еске алам дегендерге зікір, уағыз тыңдаймын дегенге уағыз. Муфассир-ғалымдар Құранның атаулары үш топтан тұратынын айтқан.

Бұл анық Кітаптың аяттары.
Әл-Құран:
Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады.
Каламу-Ллаһ (Аллаһтың сөзі):
Егер мүшриктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Аллаһтың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орынға жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін қауым екендігінен.
Әт-Танзил (түсіру):
Шын мәнінде ол (Құран) әлемдердің Раббысы түсіргені.

Шын мәнінде ол Ардақты Құран.
Әл-Мәджид (ұлы):
Бірақ ол Ұлы Құран.
Әл-Мубарак (берекетті, мүбарак):
Саған олар аяттары туралы ойланып, ақыл иелері зікір ету үшін түсірілген Берекетті Кітап.

Бұл күмән жоқ Кітап — тақуаларға тура жол.
Әр-Рахма (рахмет, мейірім):
Жақсылық жасаушыларға тура жол мен мейірім.
Ән-Нур (нұр):
Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді және біз сендерге анық Нұр түсірдік!
және т.б. есімдер мен сипаттар.

Мұсылман ғалымдар Құранның атауларын жинап, оларды түсіндірумен айналысқан. Мысалға әз-Замахшари өзінің тәпсірінде Құранның 32 есімін жинаған, ал кейбіреулер болса оның 47 атауын жинаған. Қазы Әбул-Мағали Азиз ибн Абдул-Мәлик айтқан: «Аллаһ Құранды елу бес есіммен атаған», ал әл-Харралидің санағы бойынша Құранда 90-нан астам атау бар екен.

Мұсылмандар Құран Кәрімнің Аллаһ тарапынан Мұхаммед пайғамбарға  түсірілген ақырғы қасиетті кітап екеніне иман келтіреді. Сондықтан олар Құранды тиләуәт етіп оқу, оны тыңдау, оған сәйкес амал ету адамды Аллаһқа жақындататын, жүрегін тыныштандыратын ғибадат екеніне сенеді. Олар Құранның олардың мәдениеті мен дәстүрінің бастауы екеніне, сол Құран арқылы олардың діни және дүнияуи өмірде дәуірлегеніне күмән келтірмейді.

Құранның артықшылықтары мен он үйренудің сауабы турасында көптеген хадистер келген.

Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің.
Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді.
Құран оқыған адамға айтылады: «Дүниеде қалай оқысаң солай оқы да (жәннәтқа) көтеріл, шын мәнінде сенің орның соңғы аятты қай жерде оқысаң — сол жерде».
Қандай да бір қауым Аллаһтың үйінде жиналып Аллаһтың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Аллаһтың мейіріміне бөлінеді, оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды қасындағылардың жанында еске алады...
және т.б.

Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл өмірі осы Кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Аллаһ разы болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл Кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды. Бұл тұжырым Құранда келген аяттар мен Сүннетте келген хадистерге негізделген. Мысалға:
Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады.
Кімде-кім Мені еске алудан бет бұрса, оның өмірі тарылып, Біз оны Қиямет күні соқыр қып жинаймыз.
Әд-Дарими Әли ибн Әбу Талибтан жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар : «Фитналар (сынақтар) болады» деп айтқан. Әли одан сұрайды: «Одан қалай шығамыз?» деп. Ол былай жауап береді:

Аллаһтың Кітабы (арқылы). Оның ішінде сендердің алдарыңда және сендерден кейін не болатыны туралы хабар, араларыңда болған нәрселердің үкімі, ол шешуші, әзіл емес, кімде-кім оны тәкәппарлықпен тастаса — Аллаһ оны жояды, одан басқадан тура жолды іздесе — Аллаһ оны адастырады. Ол Аллаһтың мықты жібі, хикметті зікір, тура жол, онымен армандар адаспайды, онымен тілдер шатыспайды, ғалымдар оған тоймайды, ол қарсылықтың көптігінен тозбайды, оның ғажайыптары үзілмейді. Оны естіген жындар: «Біз ғажап Құранды естідік» деуді тоқтатпайды. Ол сондай Құран, онымен сөйлеген адам — шындық айтады, онымен үкім еткен — әділ болады, оған сәйкес амал еткен — сауап алады, оған шақырған — тура жолға салынады.

Құранның ішінде ақиданың, ораза, зекет секілді ғибадаттардың, сауда-саттық, үйлену мен айырылысу, мұрагерлік құқық сияқты адамдар арасында қарым-қатынастың және әдеп пен мінез-құлықтың үкімдері жинақталып, баяндалған. Ислам ғұламалары ерте заманнан бастап адамдарға жеңілдету үшін Құран аяттарынан алынған фиқһ, ғибадат, мауамалат сияқты үкімдерге қатысты дәлелдерді жинақтауға арналған еңбектер жаза бастаған. Мұсылмандар Құранда тура жол мен дүниелік мәселелерді реттейтін бұрынғы қасиетті кітаптарда келген барлық нәрсе жиналғанына сенеді. Бұған дәлел ретінде олар әл-Мәида сүресіндегі келесі аяттарды келтіреді:
Саған Құранды шынайы түрде өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы әрі қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың арасында Аллаһ түсіргенге сәйкес үкім қыл да өзіңе келген хақтан айрылып, олардың ойларына ерме. Сендердің әрбіреуіңе заң мен тура жол жасап қойдық. Егер Аллаһ қалағанда барлығыңды бір үммет қылатын еді. Бірақ сендерге келген нәрседе сынау үшін. Ендеше жақсылыққа ұмтылыңдар! Сендердің барлығың Аллаһқа қайтасыңдар да Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.
Тәпсір ғалымдары Құранның Забур, Тәурат, Інжіл секілді кітаптардың ішінде айтылған заттарды қамтитынын айтады және оған қоса құдайлық мәселелері мен рухани этикетті баяндайтынын айтады.

Алланың елшісі Мұхаммедтің  пайғамбарлығы ол 40 жасқа толғанда басталып, келесі 23 жыл бойы өмірінің ақырына шейін созылды. Ол пайғамбарлық кезеңінің алғашқы 13 жылын Меккеде, қалған 10 жылын Медине қаласында өткізді.

Ең алғашқы уахи Мекке маңындағы Нұр тауындағы Хира үңгірінде дүйсенбі күні, 17, 21 немесе 24 рамазанда (милади күнтізбе бойынша 620 жылдың 10 тамызын) және шииттердің пайымдаунша Раджаб айының 27 жұлдызында түскен.

Иман келтіргендердің анасы Айша айтқан:
Аллаһтың елшісіне уахидың түсуі түсіндегі жақсы аяндардан басталды. Және ол (аянды) көргенде, олар таң шапағы сияқты келетін еді. Одан кейін оның жүрегіне оңашалануға деген сүйіспеншілік орнатылды да, ол отбасына қайтқысы келгенше Хира тауындағы үңгірде Аллаһқа құлшылық ету арқылы көп түндер бойы салихалы амалдар жасап, оңашалана бастады. Әдеткіде ол керек-жарақтарын алып, олар біткенде Хадишаға қайтып келіп келесі оңашалануға керек-жарақты алатын еді. Сонымен, ол Хира үңгірінде болғанда, оған ақиқат ашылды. Оған періште келіп: «Оқы» деді. Ол: «Мен оқу білмеймін» деп жауап қатты. Пайғамбар айтатын еді: «Сонда ол мені ұстап алды да, мен булыққанша қысты. Сосын ол мені жіберіп „Оқы!“ деп айтты. Мен: „Мен оқу білмеймін“ деп айттым. Сонда ол мені екінші қайтара булыққанша қысып, сосын жіберіп қайтадан: „Оқы!“ деп айтты. Мен қайтадан: „Мен оқу білмеймін“ деп айттым. Сонда ол мені үшінші мәрте қысып, сосын жіберіп: „Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы, сенің Раббың Ең Жомарт!“ ». Жүрегі қорқынышқа толған Аллаһтың елшісі Хадишаға оралып: «Мені бүркеңдер! Мені бүркеңдер!» деді. Оны бүркеп, қорқынышы кеткен соң, ол Хадишаға болған оқиғаны айтып: «Мен өзім үшін қорқамын» деді. Хадиша оған: «Жоқ! Аллаһ сізді ешқашан масқара қылмайды! Себебі сен туыстық қатынасты үзбейсіз, ауырлықты жеңіл етесіз, жоқ-жітіктерге көмектесесіз, адамдарға қонақжайлық көрсетесің және қиыншылықты көтеруге көмектесесіз» деді.
Бұл оқиғадан кейін Хадиша Мұхаммед пайғамбармен  бірге немере ағасы Уарақа ибн Нәуфалға барады. Ол христиан дінін қабылдап, Інжілден яһудилердің жазуы арқылы керек нәрселерін жазатын болған. Бұл кезде ол жасы үлкен қарт еді. Мұхаммед  пайғамбардан болған оқиғаның сипатын естіген соң, ол оған Мұса пайғамбарға жіберілген құпиялардың сақшысы (Намус) келген екенін айтады. Сонымен қоса ол болашақта халқынан қуғын-сүргінге ұшырайтынын ескертеді, себебі кімде кім бұндай затпен халқына келсе, олар онымен жауласатын еді.

Бірінші аяннан кейін Мұхаммед пайғамбарға  біршама уақыт бойы уахи түспейді. Кейбір ғалымдар бұл үзіліс үш жылға созылды дейді, бірақ оның алты ай екенін тұжырымдаған ғалымдар да болған. Бірақ уахидың түспеуі деген Құранның аяттарының түспегенін білдіреді, ал Жәбірейіл оған келген жоқ дегенді емес. Джабир ибн Абдуллаһтан келген хадисте Пайғамбар  айтқан:

Бірде мен жолда келе жатып аспаннан дауыс естідім. Мен басымды көтеріп, маған Хира тауында келген періштенің аспан мен жердің арасында тақ үстінде отырғанын көрдім. Мен одан қорықтым да, үйіме қайтып: «Мені ораңдар, мені ораңдар» дедім. Содан кейін Аллаһ «Йә оранған! Тұр да ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Және жамандықтан аулақ бол!» (Муззәммил сүресі) деген аяттарды түсірді.

Бұл аяттар Хира үңгіріндегі Аләқ сүресінің алғашқы аяттарынан кейінгі алғашқы аян болды. Ғалымдар Мұхаммед пайғамбар  Аләқ сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен пайғамбар, Муззәммил сүресінің аяттарының түсумен елші (расул) болды деп есептейді.

Мұхаммед пайғамбардың Меккеде өмір сүрген 13 жылда 83 немесе 85 сүре түскен, олардың ең алғашқысы Аләқ сүресі, ал ең соңғысы әл-Муминун немесе әл-Анкәбут сүресі саналады.

Құрайыш тайпасының қысымы төзімсіз болып кеткесін Мұхаммед пайғамбар  Ясриб қаласына һижра жасауға мәжбүр болады. Содан бері ол қала «Мәдина ән-нәбәуийа» (Медине) деп аталатын болды. Мединеде түскен сүрелер саны 31 немесе 29 сүре деп есептеледі. Мединеде түскен алғашқы сүре әл-Мутаффифин сүресі, ал соңғы сүре Тәубе сүресі болды. Бірақ Ибн Хаджар әл-Асқаланидің «Сахих әл-Бұхариге» жазған түсініктемесінде Мединедегі ең алғашқы сүре Бақара сүресі болғаны айтылған, ал ән-Насафидің тәпсірінде ең алғашқы Мединелік сүре Қадр сүресі делінген.

Уахи Мұхаммед пайғамбарға  Аллаһтан әртүрлі сипатта келетін болған. Ең алғашқы аяндарды ол түсінде көріп, олар таңның атуы секілді орындалатын болған. Уахидың бұл түрі оған пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрып келген.

Уахидың екінші кейіпі — иландыру. Жәбірейіл періште уахиды Мұхаммед пайғамбарға  иландырып, ол оның ақылы мен жүрегіне жететін болған. Әбу Умамадан келген хадисте Мұхаммед пайғамбар  айтқан:
Шын мәнінде қасиетті рух маған адамның өз пешенесіне жазылған ризығын бітірмейінше өлмейтінін иландырды...

Үшінші түрі — періштенің адам кейпінде келіп, Аллаһтың аянын жеткізуі. Оның мысалы ретінде Омар ибн әл-Хаттабтан имам Муслим келтіретін «Жәбірейіл хадисы» деген атпен танымал хадис. Ол хадисте Жәбірейіл періштенің Мұхаммед пайғамбарға  аппақ киім киген, қара шашты ер адам түрінде келгені туралы айтылған. Ән-Нәсәи жеткізген хадисте Жәбірейіл Дихйа әл-Кәлбидің түрінде келгені туралы айтылған.

Төртінші түрі — періштенің қоңыраудың үні сияқты дауыспен бірге келуі. Айша Мұхаммед пайғамбардан  уахидың қалай түсетіні туралы сұрағанда ол былай жауап берген:
Кейде ол маған қоңыраудың үні сияқты келеді — бұл маған ең ауыр түрі. Ол мен оны жадыма сақтағаннан кейін кетеді. Кейде періште маған ер адамның кейпінде келеді. Ол менімен сөйлеседі де, мен оның айтқандарын есте сақтаймын.
Айша айтқан: «Мен оған уахидың қатты суық күні келгенін көрдім — уахи тоқтағанда оның маңдайынан тер құйылып тұратын еді» (Сахих әл-Бұхари). Аянның бұл түрінің ауырлығы соншалықты Айшадан келген тағы бір хадисте айтылған: «Пайғамбар түйенің үстінде отырып аян алғанда, ол түйе тізерлеп отырып, қозғала алмай қалатын еді».

Бесінші түрі — Жәбірейілдің шынайы түрінде келуі. Бұл Мұхаммед пайғамбардың  өмірінде екі рет болған. Ол туралы Құранның өзінде және Айшадан келетін хадисте айтылған.

Алтыншы түрі — Аллаһтың ешбір делдалсыз Мұхаммед пайғамбарға  тікелей аян беруі. Бұған мысал ретінде бес уақыт намаздың парыз болған кезін айтуға болады.

Жетінші түрі — Мұхаммед пайғамбардың  Аллаһпен жамылғының артынан тікелей сөйлесуі. Бұл секілді Мұса пайғамбар да Аллаһпен сөйлескен. Бұл туралы Мұхаммед пайғамбардың  Миғраж түніндегі саяхаты туралы мәшһүр хадисте айтылған.

Кейбір тәпсір ғалымдары Мұхаммед пайғамбардың  Аллаһты ешбір жамылғысыз тікелей көріп, сөйлесуі туралы айтып, соны уахидың сегізінші түрі деген. Бірақ бұл пікір Айшадан келген хадиске және Аллаһты бұл дүниеде ешкім көре алмайтыны туралы аяттарға қайшы. Барлық сахабалар Айшаның хадисіндегідей пікірді ұстанған.

Құран Лаух әл-Махфуздан Рамазан айындағы Қадір түнінде түсірілген. Аллаһ айтады:

Шын мәнінде Біз оны Қадір түнінде түсірдік.

Ибн Касир өзінің тәпсірінде бұл аят туралы былай жазған:

Ұлы Аллаһ Құранды Қадір түнінде түсіргенін хабарлады. Ол — қасиетті түн, ол туралы Аллаһ айтады: «Рамазан айында Құран түсірілді — ол адамдарға тура жол, тура жолдың дәлелдері мен айырушы (фурқан)». Ибн Аббас және басқа муфассирлер айтқан: «Аллаһ Құранды толығымен Лаух әл-Махфуздан жақын аспандағы Байт әл-Иззаға түсірілді. Содан кейін ол Пайғамбарға жағдайына қарай бөлек-бөлек болып 23 жыл бойы түсірілген».

Хафиз әс-Сахауи айтады:
Құранның түгелімен аспанға түсірілуі — адамдарға деген құрметті және оларды періштелердің алдында ұлықтауды білдіреді, бұл Аллаһтың адамдар туралы ойлайтынын, оларға Меірімді екенін білдіреді.

Қадір түнінің нақты қай күні екені белгісіз. Ибн Хаджар әл-Асқалани өзінің «Сахих әл-Бұхари» кітабының түсіндірмесінде бұл туралы қырықтан астам пікір келтіріп, ең дұрыс пікір бойынша Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің тақ күндерінде әр жылы әр түрлі күндерде келетінін тұжырымдаған.

Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға  23 жыл бойы үзік-үзік болып түсірілген — бұл оның бірден түсірілген басқа қасиетті кітаптардан айырмашылығы боп табылады. Пайғамбарға  аят түскен сайын, ол қасындағы хатшы сахабаларға оларды оқитын болған. Олардың саны қырыққа дейін жетіп, тіпті пайғамбарлықтың ең ауыр кезеңінде де олар Пайғамбардың  қасында жүріп, Құранды жазуды тоқтатпаған.

Меккедегі Құранды ең бірінші болып жаза бастаған адам Абдуллаһ ибн Сағд ибн Сарх болған. Ал Мединеде ең бірінші жаза бастаған адам Убәй ибн Кағб болған. Құранды хатқа түсірушілердің ішінде Әбу Бәкр, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб, әз-Зубайр ибн әл-Аууам, Халид ибн Сағид ибн әл-Ас және т.б. болған.

Құран түсіп жатқан заманда оны құрма ағашының жапырақтарына, тастарға, теріге және т.б. материалдарға жазатын болған. Бұл жазбалар аяттардың түсуіне байланысты жасалатын болған. Сүрелер мен аяттар аралас түсетін болғасын, Мұхаммед пайғамбар  сахабаларына қай аятты қай сүреге жазу керек екендігі туралы айтатын болған. Ибн Аббас Осман ибн Аффаннан жеткізген хадисте айтылған:
Бірнеше сүре бірден түсіп, Аллаһтың елшісіне уахи келгенде, ол өзіне хатшыларының бірін шақырып айтатын еді: «Бұны мынандай да мынандай зат туралы айтылатын сүреге орналастырыңдар»

Жазуға түсірумен қатар Құранды сақтауда оны жаттап алған адамдар үлкен роль атқарды. Құранды жатқа білетін, оны оқитын адамдарға уәде етілген сауап турасында көптеген аяттар мен хадистер келеді. Аллаһ айтады (әл-Анкәбут сүресі, 49 аят):
Бірақ ол — білім берілгендердің жүректеріндегі анық аяттар жіне тек қана қылмыскерлер ғана Біздің аяттарды жоққа шығарады.

Сонымен Мұхаммед пайғамбар  жыл сайын Құранды Жәбірейіл періштеге оқып, тексеретін болған. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Жәбірейілдің осы үшін жыл сайын бір рет, ал Пайғамбар  қайтыс болатын жылы екі рет келіп тексергені айтылған. Фатимадан келген хадисте Мұхаммед пайғамбардың  сол жылы Құранды екі рет тексерілгенін айтып, өмірінің соңы жеткенін сезгені туралы айтылған.

Мұхаммед пайғамбардың  тірі кезінде Құранның жазбалары бір қалыпқа бекітілмегенмен, сахабалар сүрелерді өздері хатқа түсіріп, арнайы тізімдер жасайтын болған. Бұндай тізімдер Абдуллаһ ибн Масғұдта, Убәй ибн Кағбта, Зәйд ибн Сабитта және т.б. сахабаларда болған. Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан келген хадисте айтылған:

Құранды төрт адамнан алыңдар: Абдуллаһ ибн Масғұдтан, Салимнан, Муаз ибн Жәбәлдан және Убәй ибн Кағбтан

Бұл аталған есімдермен қатар Құранды жатқа білген және оның сақтаушысы (хафиз) болған адамдардың қатарына Әбу Бәкрді, Омар ибн әл-Хаттабты, Осман ибн Аффанды, Әбу Мұса әл-Ашғариды, Сағд ибн Әбу Уаққасты, Хузайфа ибн әл-Йаманды, Әбу Һурайраны, Амр ибн әл-Асты және т.б. сахабаларды атайды. Әйелдердің арасынан Құранды Айша, Хафса бинт Омар, Умм Сәләмә және т.б. жатқа білген. Мұхаммед пайғамбардың  кезіндегі көптігінің мысалы ретінде Маун құдығының қасындағы шайқасты атауға болады. Бұл шайқаста мушриктердің қолынан 70-тен аса Құранды тоығымен жатқа білетін сахаба қайтыс болған.

Әбу Бәкр әс-Сиддиқтың халифалығы кезінде мұсылмандар өзін пайғамбармын деп жариялаған Мусайлиманың жақтастарымен Халид ибн Уәлидтің басшылығымен «өлім бағының» қасында шайқасады. Әл-Йамаманың тұрғындарымен болған бұл шайқаста 700-ден астам сахаба мерт болады. Көптеген хафиздердің өлімін көріп, Құранның жоғалуынан қорыққан Омар ибн әл-Хаттаб халифа Әбу Бәкрге Құранды толығымен жазып жинауға ұсыныс айтады. Онымен келіскен Әбу Бәкр Мұхаммед пайғамбардан  Құранды жазып жүрген Зәйд ибн Сабитке осы ұсынысты айтады. Зәйд ибн Сабиттің айтуы бойынша «оның ұсынысы бойынша Құран жинағаннан гөрі тауды орнынан қозғалту оңайырақ еді». Бұл істе жақсылық бар екеніне келіскен ол құрма ағашының жапырақтарына, тегіс тастарға және адамдардың жүрегіне сақталған Құранды жинай бастайды. Бұл парақтар бірінші Әбу Бәкрде, сосын Омарда, оның өлімінен кейін Хафса бинт Омарда сқатаулы болды.
Ибн Әбу Дәуд «әл-Масахиф» кітабында Әли ибн Әбу Талибтың мынадай сөзін келтірген:

Құранның нұсқаларын таратқан үшін ең үлкен сауапты Әбу Бәкр алады. Аллаһ Әбу Бәкрге рахым етсін! Ол Аллаһтың кітабын жинаған алғашқы адам болды.

Құранның Мұхаммед пайғамбардың  кезінде-ақ жинала бастағаны туралы Құранның өзінде айтылған: «...Тазартылған парақтарды оқитын Аллаһтың елшісі» (әл-Бәйинә сүресі, 2 аят). Қазы әл-Бақиллани айтады:

Омар Пайғамбардың Құранды бір кітапқа жинамауы бұл істің тыйым салынғандығын білдірмейтінін түсінді. Бұл ойдың дұрыстығын түсінген Әбу Бәкр да осыған келіседі. Қасиетті мәтіндер де, ақыл-парасат та бұған еш қайшы келген жоқ. Оған қоса бір кітаптың болмауы уахидың бір бөлігінің жоғалуына алып келуі мүмкін еді. Содан соң олардың ойымен Зәйд және басқа сахабалар келісті

Мұхаммед пайғамбардың  өлімінен кейін сахабалар өздері білген әдіске сәйкес жеті түрлі оқитын болған. Бірақ Ислам діні әлемге таралып, мұсылмандардың қоластына көптеген жаңа жерлер енгесін, сол сахабалар дінді қабылдағандарға Құранды өз әдісімен үйретіп, ол оқушы Құранның басқа әдіспен оқылуын естігенде жанжалдар пайда бола бастады. Мысалға Ирактың мұсылмандары Құранды Абдуллаһ ибн Масғұдтың әдісімен, ал Шамның тұрғындары Убәй ибн Кағбтың әдісімен оқыитын болған.

Һижра жыл санағы бойынша 14 немесе 15 жылы халифа Османның әскерлері Арменияны бағындыруға аттанады. Халифаның әмірімен Ирақ пен Шамны әскерлері бір-бірімен қосылады. Ирақ әскерлерінің құрамындағы әл-Мадаинның әскерінің қолбасшысы болған Хузайфа ибн әл-Йаман осы жерде жиналған қолдың арасында Құранды оқу әдісінің кесірінен болған жанжалдың куәгері болады.

Соғыстан қайтқан соң, Хузайфа өз үйіне кірместен халифа Осман ибн Аффанға барып, болған жайтты айтады:

Мен Арменияның шекарасында шайқастым. Шам өлкесінің тұрғындары Құранды Убәй ибн Кағб оқыған сияқты оқиды да, Ирақтың тұрғындары естімеген заттарды айтады. Ал Ирақтың тұрғындары Құранды Абдуллаһ ибн Масғуд оқыған сияқты оқиды да, Шамның тұрғындары естімеген заттарды айтады. Сосын олар бір-бірін күпірлікте айыптайды.

Жанжалдардан қорыққан халифа Осман Зәйд ибн Сабитке, Абдуллаһ ибн әз-Зубайрға, Сағид ибн әл-Асқа, Абдуллаһ ибн әл-Харис ибн Һишамға Хафса бинт Омарда сақталған Әбу Бәкр кезінде жиналған Құран нұсқасын көшіріп, таратуға әмір етеді. Ол парақтарды көшіріп болғаннан кейін, Осман түпнұсқаны Хафсаға қайтарып, жиналған Құранды түрлі аудандарға жіберіп, оған сәйкес емес Құран нұсқаларын өртеп жіберуге бұйырады.

Османның бұл шешімі тек атақты да сыйлы сахабалармен болған келісімнен кейін іске асты. Әли ибн Әбу Талиб айтқан:

Осман туралы тек жақсылық айтыңдар. Аллаһпен ант етемін, ол Құран парақтарымен істеген ісін тек бізбен ақылдасқаннан кейін ғана іске асырды. Ол бізге айтты: «Бұл оқылу туралы не айтасыңдар? Маған сендердің кейбіреулерің өзінің оқуы басқа оқылулардан артық деп айтатыны туралы қауесет жетті. Бұл сөздер күпірлік болуға жақын». Біз айттық: «Сен не ұсынасың?». Ол айтты: «Мен адамдарға өзгешелік пен қарама-қайшылықтар болмауы үшін (Құранның) бір нұсқасын қабылдауын ұсынам». Біз айттық: «Сенің ұсынысың қандай жақсы!»

Ақыр соңында Зәйд ибн Сабиттың және басқа да сахабалардың атқарған үлкен еңбегінен кейін Құран бір қалыпқа келіп, оның жалғыз оқу әдісі болып құрайыштардың диалекті танылады. Осман жинаған Құран нұсқаларының саны жөнінде әртүрлі пікірлер бар: олардың саны төрт, бес немесе жетеу болған деген пікірлер бар. Ибн Әбу Дәуд Әбу Хатим әс-Сиджистанидің мынадай сөзін жеткізген: «Құранның Мекке, Шам, Йемен, Бахрейн, Басра және Куфа үшін жазылған және Медине қаласында қалған жеті нұсқасы жазылды».

Ал осы нұсқалардын басқа Құранның нұсқалары өртелуге немесе өшіруліге бұйырылды. Әли ибн Әбу Талиб айтқан: «Османның Құранның нұсқаларын жағу шешімі туралы жақсылықтан басқа ештеңе айтпаңдар!».

Құранның бір нұсқасы бекітіліп, халифа Осман басқа барлық Құран нұсқаларын жоюға бұйырғанымен, Хафса бинт Омарда Әбу Бәкр кезінде жиналған Құран нұсқасы сақтаулы қалып қойды. Медине қаласының әмірі болып Маруан ибн әл-Хакам тағайындалғанда ол Хафсадан сол парақтарды өзіне беруін сұрайды, бірақ Хафса оған келісімін бермейді. Тек Хафсаның қайтыс болуынан кейін ғана Абдуллаһ ибн Омар сол нұсқаны Маруанға беріп, ол өз кезегінде оның жазуын сумен шайып, жойды (немесе басқа риуаятта: жағып жіберді).

Маруан ибн әл-Хакам бұл ісінің себебін былай түсіндірген:

Менің бұл ісімнің себебі, уақыт келе осы нұсқаның себебінен күмәнға түсетін адамдар шыға ма екен деп қорқамын

Аяттардың түсу себептері () туралы ғылым Құранның үкімдерінің түсу себептері мен мағынасын түсінуге, оны нақтылау мен түсінбеушіліктерді кетіруге көмектесетін ғылым.

Ибн Дақиқ әл-Ид айтқан:

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа:

Құран аяттарының түсу себептерін білудің маңыздылығы ретінде мына аятты келтіруге болады:

Бұл аят тікелей қабылданатын болса, намазды құбылаға қарамастан кез-келген жаққа бұрылып оқи беруге болады деп түсінуге болады. Бірақ бұл аяттың түсу себебін қарағанда, оның жолда оқылатын нәпіл намаздар туралы ғана айтылғаны белгілі болады.

Құранның ең ежелгі басылымдары шамамен X ғасырда ксилографиялық қалыптарда басылған екен. Ал баспасөзде басылып шыққан алғашқы Құран нұсқасы 1694 жылы Германияның Гамбург қаласында жасалды. Бұл мәтінде барлық харакаттары жазылған болған. Ал мұсылмандар басып шығарған ең алғашқы Құран «Мулай Османның баспасы» деп аталып кеткен 1787 жылы Санкт-Петербург қаласында басылған болуы мүмкін. Одан кейін Құран Қазан қаласында (1828), Персияда (1833) және Ыстамбұлда (1877) басылды.

Қазіргі заманда бүкіл әлем бойынша Құранның басылуы ең жаңа технологиялар арқылы мұсылман және мұсылман еместер мемлекеттерінде басылуда. Мысалға 1984 жылдың 30 қарашасында Медине қаласында Құран Шәрифті басып шығаруға арналған Комплекс салынды. Оның мақсаты әртүрлі елдерге арналған арабша Құран нұсқаларын, түрлі тілдерге аудармаларын, тәпсірлерін басып шығару болды. Сонымен қатар ол Комплекстің мақсаттарына Құран ғылымдарын сақтап, оларды дамыту кірді. Һижра бойынша 1422 жылға қарағанда бұл комплекс 170 миллионнан астам Құран кітапты басып шығарып, оның 153 миллионы тегін таратылды.

Құран кітабы басқа әдебиеттерден «кіріспе» немесе «негізгі бөлім» деген әдеттегі бөліктерден құралмаған, тізбекті емес, тармақталған құрылымнан тұрады. Сонымен қатар Құрандағы сүрелер мен қиссалар біріне-бірі ерген түрде келмеген, аралары үзік. Сахабалар мен олардың ізбасарлары Құран Кәрімді Рамазан айында хатым етуді (яғни толықтай оқып шығу) жеңілдету үшін оны айдың отыз күніне сай келетіндей бірдей бөліктерге (джуз немесе пара) бөлген. Бұл бөліктер сахабалардың иджтиһадының жемісі болғасын, бұл бөліну міндетті түрде орындалуы керек емес. Отыз параға бөлінген секілді кей ғалымдар Құранның парасын екі хизбке бөлген, ал хизбты төртке (рубғ) және т.с.с. бөлген.

Құран «сүре» деп аталатын ұзындығы әртүрлі 114 бөліктен тұрады. Олардың орналасқан ретінің түсу тарихына қатысы жоқ — ертерек түскен сүрелер Құранның аяқ жағында да келуі мүмкін. Өз кезегінде бұл сүрелер түсу мерзіміне байланысты меккелік сүре және мединелік сүре деп екіге бөлінеді. Меккелік сүре дегеніміз Мұхаммед пайғамбардың  һижрасына дейін аян етілген сүрелер, ал мединелік дегеніміз оның Медине қаласына қоныс аударуынан кейін түскен сүрелер.

Ұзындығы жағынан ғалымдар сүрелерді бірнеше түрге бөледі. Олар:

Тәубә сүресінен басқа Құранның барлық сүре «басмаламен», яғни «бисми-Лләһ әр-Рахман әр-Рахим» деген сөзбен басталады. Тәубә сүресінің басмаламен басталмау себебін ғалымдар әртүрлі түсіндіреді. Біреулердің пайымдауынша бұл сүреде екіжүзділерге қарсы айтылған ескерту болғасын басмаласыз басталған, себебі араб халқында тайпалар арасындағы келісімді бұзу үшін хат жібергенде оған басмала жазбайтын болған. Басқалардың айтуынша Құранда басмала сөзері 114 рет келген (ән-Нәмл сүресінде екі басмала бар: басында және ортасында Сүлеймен пайғамбардың сөзі ретінде), сондықтан олардың саны сүре санына сай келу үшін Тәубә сүресінде басмала айтылмаған.

Мұхаммед пайғамбардың  кезінде аяттардың арасын бөлу жүзеге аспағаннан соң, олардың саны аят арасын бөлу үлгісіне байланысты болып келеді. Аяттардың саны уахидың мәтініне қатысы жоқ, тек олардың арасын бөлуге қатысты.

Құран сөздері мен әріптерінің сандары туралы мұсылман ғалымдарының бірнеше пікірі бар, себебі Ислам дінінің бастапқы кезеңінде араб жазуы жаңа тұрақтана бастағаннан соң кей ғалымдар әріп деп санаған белгілерді басқалары әріп деп есептемеген, сондықтан сандар арасындағы қайшылықтар туған.

Әріп саны:

Құран бүтіндей бір діннің негізгі кітабы болғасын, оның әртүрлі ғылымдары, зерттейтін мамандары бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше Құранды тек оқып шықпай, терең түсіну үшін тек араб тілі жеткіліксіз, Құран кітабының өзіне тән ғылымдарын оқу керек. Бұл ғылымдардың саны елуден астамға жетеді. Құран ғылымдарына бізге Құранның оқу тәсілдерінің (қыраат) жету тарихын зерттеу жатады. Ол тәсілдер көп таралған (мутауатир), жалғыз (ахад) немесе ауытқуы бар (шаз) болуы мүмкін. Бұл ғылым сонымен қатар Пайғамбардың оқу әдісін (харф), жеткізушілердің (руат) және Құран білгірлерінің (хуффаз) оқу әдісін зерттейді. Сонымен қатар бұл ғылым бұдан басқа алты ғылымды зерттейді: тоқтауды (уақф), бастаманы (ибтида), ималаны, дауыстыларды ұзартуды (мадд), һамзаны жұмсартуды (тахфиф әл-һамза) және дауыстарды біріктіруді (идғам) зерттейді.

Құран лексикасы ғылымы сөздің жеті түрін зерттейді: аз кездесетін сөздерді (ғариб), арабтанған сөздерді (му′арраб), бейнелі сөздерді (маджаз), омонимдерді (муштарак), метафораларды (истиар) және салыстыруды (ташбиһ) зерттейді.

Шариғат негіздерін зерттейтін ғылым Құрандағы үкімдерді он төрт түрге бөледі:

Шешендік өнерін зерттейтін ғылым Құрандағы сөздерді әрбір зерттеуші білу керек бес түрге бөледі:

Бұған қоса Құран ғылымдарына атауларды (كنى), атақтар-лақаптарды (ألقاب), нақтыланбаған сөздерді (مبهمات) білуді қосуға болады.

Бастапқыда Құранды түсіндіру Мұхаммед пайғамбардың  Сүннеті арқылы, яғни оның белгілі бір аяттарға қалай амал еткені, оларды қалай түсіндіргені туралы хадистермен және оның ең жақын сахабаларының сөздерімен жүзеге асты. Мұхаммед әл-Бұхари мен Муслим ибн әл-Хәджадж секілді мухаддис ғалымдар өздерінің хадис жинақтарында Құранның белгілі бір аяттарының түсіндіруге арналған хадистер мен асарларды жинақтады. Ибн Джарир әт-Табари және Ибн Әбу Хатим сияқты тәпсір ғылымын зерттеген ғұламалардың арқасында бұл ғылымның ерте кезеңі аяқталып, Исламның ерекше бір пәні ретінде қалыптасты.

Арабтың тәпсір (, тафсӣр) сөзі «баяндау, мағынасын ашу» ұғымын білдіреді. Шариғаттағы тәпсір сөзінің мағынасы: қасиетті кітапты дұрыс түсінуге, аяттардың мағынасын дұрыс жеткізуге және дұрыс үкімдер шығаруға көмектесетін барлық әдістерді қолдану арқылы Құранды түсіндіру, «тәпсірлеу».

Әз-Заркаши айтады:

Тәпсір — біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке  түсірілген Аллаһтың Кітабын дұрыс түсінуге көмектесетін, оның мағынасын баяндап, одан үкімдер мен өсиеттерді шығаратын ғылым. Ол мағлұматтарды лексикология ғылымынан, синтаксис пен сөзжасамнан, риторикадан, фиқһ негіздерінен, Құран қыраттары туралы ғылымнан алады және (аяттардың) түсу жағдайы туралы білімге, насих (үкімді жоюшы) пен мансухты (үкімі жойылған) білуге мұқтаж.

Тәпсір ғылымын, яғни Құран Кәрімді біреулердің түсіндіруін кейбір мұсылмандар артық санайды, яғни оның мағынасы негізінен анық және тәпсірге мұқтаж емес дейді. Мұсылман ғалымдар тәпсірлердің пайда болуының үш себебін айтады:

Бұның мысалы ретінде Ади ибн Хатимның «қара және ақ жіптер» туралы аят түскенде оны тікелей түсініп, таң уақытын білу үшін қара және ақ жіптерді байлауын келтіруге болады. Бұл затты пайғамбардан  сұрағанда, ол бұл аяттардағы «қара және ақ жіп» дегеніміз таңның ағаруы мен түннің қараңғысы екенін түсіндіреді.

Тәпсір мен тауилдің арасындағы айырмашылық туралы әртүрлі пікірлер бар. Тіпті кей ғалымдар бұл сөздер бір мағына береді деп те санаған. Ибн Хабиб ән-Найсабури айтады: «Қазіргі заманда көптеген атақты тәпсіршілер тәпсір мен тауилдің арасында қандай айырмашылық бар деген сұраққа жауап бере алмас еді».

Бастапқыда айырмашылығы аз болған тәпсір мен тауил терминдері уақыт өте келе мұсылман үмметі Құранды анық дәлелдерге жүгініп түсіндіретіндерге және рационализм, символикалық-аллегориялық тәсіл арқылы тәпсірлейтіндерге межеленді. Ақыр соңында тауил дәстүрлілікті ұстанған ғалымдардың көзінде еш жауапкершіліксіз, тәпсірдің ғасырлар бойы созылған дәстүріне қарамастан Құранды түсіндіруге айналды.

Ислам дінін ұстанатын кейбір адамдар Құран тәпсірлеуде мұсылмандардың алғашқы ұрпағы қолданбаған әдісті — қасиетті мәтіндердің «жасырын мағынасын» қолдана бастады. Кейде бұл «жасырын мағыналар» Құран аяттарының ашық мағынасына сай келмей, тіпті қарама-қайшы келіп те жатады. Мұсылман ғалымдарының арасында бұл әдісті қолданатындар «батынинилер» (батын — жасырын, құпия) деп аталады.

Құран Кәрімнің атақты муфассиры және ханафи мазһабының фақиһы Әбу Хафс ән-Насафи айтады:

Мәтіндер олардың ашық мағынасымен түсіндіріледі және одан батинилер айтатын мағыналарға қарай ауытқу — құдайсыздардың бидғаты (діндегі жаңалығы)

Сағдуддин әт-Тафтазани айтады:

Батынилердің мәтіндерді анық мағынасына қарап түсіндіруге болмайды, оның тек білдірілген ғана біле алатын жасырын мағынасы бар деген сөздері үшін бидғатшылар деп атауға болады. Олардың бұдан мақсаты — шариғатты толығымен жоққа шығару

Құран аяттары бір сәтте түспей, әртүрлі себептерге байланысты бөлшектеніп түсірілген, сондықтан Құранның кей аяттары өзінен кейін түскен аяттардың заңдық күшін жойып тұратын болған. Бұл әдіс «насх» (өшіру, жою) деп аталады. Оның шариғат терминологиясындағы анықтамасы — қасиетті мәтінмен дәлелденген екінші дәрежелі практикалық үкімді, басқа қасиетті мәтінмен дәлелденіп, одан кешірек түсірілген екінші дәрежелі үкіммен ауыстыру. Аллаһ Құранда айтады:

Әбу Мұса әл-Ашғаридан жеткен хадисте оның Тәубә сүресі сияқты сүрені білгені туралы айтылған, алайда оның үкімі жойылып, оны ұмыттырылған. Сонымен қатар Омар ибн әл-Хаттабтан келген хадисте Құранда зинақорларды таспен атып жазалау туралы аяттар болған және олардың Құраннан Аллаһтың қалауымен өшірілгені, бірақ үкімінің сақталғаны туралы айтылған.

Насхтың түрлері:

Сонымен қатар үкімдері жойылған бірақ Құранда қалдырылған, үкімдері заңды күшке ие, бірақ Құраннан өшірілген аяттар бар.

Мұсылман ғалымдардың айтуы бойынша Құран аяттарын басқа тілге дәлме-дәл аудару мүмкін емес, тек түсінігін жеткізуге, интерпретация жасауға болады. Құранның Әли Имран сүресінің 7 аятында Аллаһ айтқан: «Ол Аллаһ, саған Кітапты түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар — олар кітаптың негізі. Ал басқалары түсінуі қиын аяттар». Сондықтан Құранды араб тілінде оқыған абзалырақ саналады.

Халифа Алтай өзінің Құран мағыналарының аудармасында жазады:

Негізінен Құран Шәрифтің басқа тілге аударылуы әрине оп-оңай мәселе емес екені мәлім. Өйткені, тіпті қарапайым бір сөздің өзі басқа тілге аударылғанда, дәл өзіндей мүлтіксіз бола қоймайды. Әлбетте Алланың сөзі Құран Шәриф басқа тілге аударылғанда нақ өзіндей бола қояды деу мейлінше қиын екендігі түсінікті. Сірә бұл Құран басқа тілге аударылуға болмайды деген сөз емес. Сондай-ақ араб тілі грамматикалық және лексикалық құрылғысы, сөйлем тұлғасы бойынша өз алдына ерекшелікке ие бір тіл екендігіне мойындамауға болмайды. ал онымен қатар Құран Шәрифте бірқанша мағынаны қамтитын терең маңызды, қанатты сөздер де көп кездеседі.

Қазақ халқының ертеден ұстанып келе жатқан діні Ислам болғандықтан, арабша білмейтін қарапайым халыққа Құран Кәрімнің мағыналарын жеткізу үшін қазақ азаматтары Құран мағыналарын аударуды бірнеше рет қолға алды.

Құранды араб тілінде оқу адамды Аллаһқа жақындататын ең басты құлшылық амалдардың бірі саналады. Құранда Аллаһ айтады:

Құранның артықшылықтары мен оң үйренудің сауабы турасында көптеген хадистер келген.
Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің.
Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді.
Құран оқыған адамға айтылады: «Дүниеде қалай оқысаң солай оқы да (жәннәтқа) көтеріл, шын мәнінде сенің орның соңғы аятты қай жерде оқысаң — сол жерде».
Қандай да бір қауым Аллаһтың үйінде жиналып Аллаһтың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Аллаһтың мейіріміне бөлінеді, оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды қасындағылардың жанында еске алады...
және т.б.

Әбу Мұса әл-Ашғаридан жеткен хадисте айтылған: «Құранды оқып оған сәйкес амал еткен иманды адам тәтті иісі мен дәмі бар тәтті лимон тәрізді, ал Құранды оқымай, бірақ оған сай амал еткен иманды адам тәтті дәмі бар, бірақ иісі жоқ құрма тәрізді. Құранды оқитын екіжүзді тәтті иісі бар, бірақ дәмі ащы райхан тәрізді, ал Құранды оқымайтын екіжүзді ащы дәмі мен иісі бар колоквинт тәрізді».

Бұдан басқа Құран мен Сүннетте келген аяттар мен хадистерді Құран оқып, оны жаттап басқаларға үйреткендердің әртүрлі сауаптары айтылған, олардың Жәннәттан биік орын алатыны, Аллаһ оларды өз мейіріміне бөлейтіні, періштелер оларға кешірім сұрайтыны туралы деректер келген. Құран оқу адам жанын ретке келтіріп, оны жақсылыққа тәрбиелейтін себеп саналады, оны оқу — мұсылман салихалығының нышаны.

Құран әдебі — мұсылманға Құран оқыған кезде сақтауы жөн ережелер мен міндеттердің жиынтығы. Құран оқу сүннет, тыңдау парыз. 

Аллаһ тағала Құранды Мұхаммед пайғамбар  секілді оқуды әмір етіп айтқан:

Құран оқудағы әдепке оны асықпай, мағынасы туралы ойланып, әріптерін дұрыс шығарып, сөздерді анық шығарып оқу жатады. Бұл мақсатқа жету үшін мұсылман «тәджуид» деп аталатын Құран оқылуын зерттейтін ғылымды білу керек. Бұл ережелер Мұхаммед пайғамбардың  сахабалары арқылы біздің заманға дейін жетіп, мұсылман ғалымдары оларды ереже ретінде бекіткен.

Құран оқығандағы әдептер:

Құран тыңдағандағы әдептер:

Қыраат () деп Құран оқу тәсілдерін айтады және оқу тәсілі (қыраат) және оқылу (харф) деген терминдердің арасында айырмашылық бар — қыраат деген бір-бірінен айырмашылығы аз Осман ибн Аффан жинаған Құран нұсқасының оқу тәсілі, ал «харф» дегеніміз әуелгіде түсірілген Құранның арабтардың жеті диалектіне негізделген оқылулар (бірақ бұл туралы басқа пікірлер де бар).

Мәкки ибн Әбу Талиб айтқан:

Құран оқу тәсілдерінің бірнеше түрі бар, олардың ең таралғандары мыналар:

Шын мәнінде аталған Құран ғалымдары өз кезеңінің ең танымал әрі білгір Құран зерттеушілері болмаған, бірақ бастапқыда Құран оқу тәсілдері көбейіп кеткесін сол кездің атақты мұсылман ғалымдары халифаттың басты қалаларындағы оқу тәсілдерінің бірін таңдап, соны эталон ретінде қабылдаған.

Бұл қырааттаррдың пайда болу себебі Ибн Әбу Һишамның айтуынша бастапқыда Осман ибн Аффанның кезінде жинақталған Құран нұсқалары мұсылмандар мемлекетінің аймақтарына жіберілген ол жақтағы адамдар Құран оқуды сахабалардан үйренген және соның себебінен айырмашылығы аз бірнеше Құран оқу тәсілі пайда болды. Бірақ бұл оқылулар Құран мағынасын өзгертпей, Осман жинаған және барлық сахабалар растаған Құран нұсқасына негізделген.

Қазіргі кезде Құран оқу тәсілдерінің ішінен Хафстың Асымнан жеткізген қырааты ең танымалы саналады және Құран мусхафтарының көбісі осы оқылуға сай жазылған. Мысырдан басқа Африка елдерінде Уарштың Нафиғтан жеткізген қырааты танымал. Ал Әбу Амрдың қырааты тек Суданның кей аудандарында қолданылады. Айта кетерлігі Құранның барлық қырааттары қабылдана бермейді және олардың жету санатын білмейінше Құранды оларға сәйкес оқуға болмайды. Сонымен қатар кей қырааттар тек бір жолмен ғана жеткесін қабылданбай, «шазз» (ақауы бар) саналады.

Арабтар Ислам діні келгенге дейін де жазумен жақсы таныс болған. VII ғасырда араб жазуы тек негізгі белгілерден құралып, олар тек бір әріпті емес, әріптер тобын білдіретін болған. Мысалға арабтың «ب, ت, ث» әріптерін қазіргі заманда асты-үстіндегі нүктелер арқылы оп-оңай айыруға болатын болса, Мұхаммед пайғамбар  заманында олар түртіктерсіз, бірқалыпты жазылған. Бұл әліппенің негізі Солтүстік Арабияда Ислам келмей тұрып мың жыл бұрын қолдана басталған набатей жазуынан алынған, ал ол кезегінде ежелгі сириялық жазу әсер еткен.

Одан кейін бұл жазу үлгісі араб жазуының екі қарпіне: куфалық және хиджаздық жазу үлгісіне дамыды. Куфалық жазу қатаң геометриялық тәртіпті ұстанған, шағын емес жазу болды. Ал хиджаздық жазу куфалыққа қарағанда шағын болды және жазғанда оң жаққа қисайтылып жазылатын болды. Қай жазу үлгісінің ертерек шыққаны туралы зерттеушілер арасында келіспеушіліктер бар, алайда хиджаздық қаріптің куфалыққа қарағанда ресми деңгейі төмен болды.

Құран жазу үлгісінің қазіргі қалыпқа келуі бірнеше кезеңнен тұрды:

Құдси хадис () деп Исламда Мұхаммед пайғамбардан  емес, ол арқылы тікелей Аллаһтан жеткен деп саналатын хадис түрі. Яғни бұл хадистердегі сөздерді Аллаһ айтып, оны Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға  жеткізген. Осылай құдси хадистер Құранның аяттары секілді Аллаһ түсірген уахидың бір бөлігі болды, бірақ олар Құранға кірмей, оның аяттары қатарлы саналмайды. Хадис қудсилерге сену үшін басқа хадистер секілді оның сенімділігін (яғни сахих немесе хасан екенін) анықтау керек, ал Құран аяттары олай тексерілмейді. Қудси хадистерді намаз ішінде сүрелер секілді оқуға болмайды. Кейбір ғалымдардың ойынша Құранды дәрет алмаған адамға ұстауға болмайды, ал қудси хадистерде ондай тыйым жоқ.

Құдси хадистердің саны басқа хадистерге қарағанда азырақ және олар көбінесе мутауатир емес, ахад хадис болып келеді. Бұндай хадистердің бар-жоғы жүз данасы белгілі. Кей мухаддис-ғалымдар тек құдси хадистер жиналған жинақтар жазған. Мысалға: Абдуррауф әл-Мунауидің «әл-Итхафат әс-Сәния бил-Ахадис әл-Қудсия» жинағы.

Құран Кәрімнің кейбір аяттары сол аяттар түскеннен кейін болуы тиіс оқиғалар туралы баяндайды. Бұндай хабарлардың бір бөлігі Мұхаммед пайғамбардың  тірі кезінде-ақ шындық екендігі белгілі болды. Ал басқа бөлігі ақыр заман таяғанда болатын оқиғаларды баяндап, оларға сену мұсылманның міндеті саналады.

Бұған мысал ретінде мына аятты келтіруге болады:

Римдіктер ең төмен (немесе жақын) жерде жеңілді. Бірақ бұл жеңілістен кейін бірнеше (үштен тоғызға дейін) жылдан кейін жеңіске жетеді.

Мұхаммед пайғамбардың  кезінде шындығы анық болған тағы бір болашақ туралы аят мұсылмандардың һижри 6 жылы Меккеге кіре алмағаннан кейін олардың Меккеге қайтып келетіні туралы түсірілген:

Расында Аллаһ, Пайғамбарының түсін ақиқат бойынша тура шығарды. Аллаһ қаласа, аман-есен әлбетте әл-Харам мешітіне шаштарыңды алдырып, не қысқартып бейбіт кіресіңдер. Аллаһ сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді. Сондықтан бұдан өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті.

Бір жылдан кейін һижраның 7 жылының Зул-Қағда айында мұсылмандар Меккеде умра (кіші қажылық) орындайды және оның соңында шариғатқа сәйкес бастарын қырып, шаштарын қияды.




#Article 142: Башқұрт тілі (181 words)


Башқұрт тілі ( ) — Башқұртстан Республикасының ресми тілі. Башқұрт халқының ұлттық тілі. Түркі тілдердің қыпшақ-бұлғар тобына жатады.  Башқұрт тілі- башқұрттардың ана тілі. Әлемде 1,2 млн башқұрт тілінде сөйлейтін халық бар. Оның ішінде 977484 башқұрт, 131950 татар, 20258 орыс, 6276 чуваш, 3211 марий, 1935 қазақ, 1630 удмурт, 1279 өзбек және 8367 басқа ұлт өкілдері бар.  
Башқұрт тілінде 1 379 000 адам сөйлейдi (2002). Башқұрт тілінің мәртебесі бірінші рет Орынбор қаласында 1917 жылы 8-20 желтоқсанда өткен III Бүкілбашқұрттық құрылтайда қаралды. Башқұрт тілі 1918 жылы қаңтарда Кіші Башкирияны автономды басқару туралы ереже және Кіші Башкирияның автономиялығы туралы ереженің жобаларында ресми тіл болып жарияланды. Осы құжаттарға сәйкес мемлекеттік билік пен басқару органдарында башқұрт башқұрт тілін қолдану қарастырылды. Кеңес үкіметінің құрылыуымен аймақта башқұрт тілінің мәртебесі туралы мәселе бірнеше рет қарастырылды және Бүкіл Башкирияның территориясына башқұрт тілін мемлееттік тіл ретінде енгізудің жалпы ережесін   жобасы жасалды. 1921 жылы 1-4 маусымдағы II Кеңестердің Бүкілбашқұрттық II cьезі  башқұрт тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялап  және міндетті түрде оқыту енгізілді. Морфологиясындағы ерекшеліктері: еди көмекші етістігі ине түрінде жұмсалады:  барһаине  нақ өткен шақ аффиксі -зы болымсыздық аффиксінен  кейін -ны формасында қолданылады: тапманым     

 




#Article 143: Тығыз индекс (116 words)


Тығыз индекс () - дерекқорға арналған файл. Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш, сирек индекске қарағанда,  дерек файлындағы жазбаға көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазырғы дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main memory) сыймайды. Сондықтан, жалпы деректер бас зердеге блоктарға бөліп еңгізіледі. Бірақ үлкен дерекқордан жазбаны табу ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Ал енді, индекс файлы немесе индекс блогы дерек файлынан әжептеур жеңіл болғандықтан бас зердеге сыйп кетеді. Бұл жазбаны іздеу уақытын азайтады. Тағы бір себеп, кілттер сортталған болғандықтан бинарлық іздеу қолдануға болады. Кластерлік, кілттері дубликатталған индекстерде тығыз индекс дерекқордағы кілті дәл келген бірінші жазбаға көрсетеді.  

Database Systems: The Complete Book. Hector Garcia-Molina, Jeffrey D. Ullman, Jennifer D. Widom




#Article 144: Сирек индекс (118 words)


Сирек индекс () — дерекқорға арналған файл.

Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш сирек индексінде, тығыз индекске қарағанда, дерек файлындағы блокка көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазіргі дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main memory) сыймайды. Сондықтан, жалпы деректер бас зердеге блоктарға бөліп енгізіледі. Бірақ үлкен дерекқордан жазбаны табу ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Ал енді, индекс файлы немесе индекс блогы дерек файлынан әжептеуір жеңіл болғандықтан бас зердеге сыйып кетеді. Бұл жазбаны іздеу уақытын азайтады. Тағы бір себеп, кілттер сортталған болғандықтан бинарлық іздеу қолдануға болады. Кластерлік, кілттері дубликатталған индекстерде, сирек индекс әр блоктағы ең төмен нөмірлі іздеу кілтіне көрсетеді.

Database Systems: The Complete Book. Hector Garcia-Molina, Jeffrey D. Ullman, Jennifer D. Widom




#Article 145: Үшінші қалыпты түр (106 words)


Үшінші қалыпты түр  (; немесе 3NF) дерекқор нормалауында қатынастың барлық кілт емес атрибуттары кандидат кілттерінен тәуелді болуын тексеруіне арналған қалыпты түр  (форма) . 

Айтайық:

Еғер, әрбір  түріндегі функциялық тәуелділікке төмендегі жағдайлардың біреу сәйкес келсе  үшінші қалыпты түрде болады.  

кез келген жартылай тәуелділіктегі немесе тразитивті тәуелділіктегі  қатынас үшінші қалыпты түріне кірмейді.

Мына қатынасты көрелік:

Бұл жерде, өндірушінің мекен жайы қатынасқа кірмейді. Сондықтан өндірушінің мекен жайы бөлек кестеге өз аттрибуттарымен көшірілу керек.

...бастапқы кесте енді былай болу керек:

Кесте 3NFте болмаса әрбір өндірушінің атына біз артық мекен жай қосуына мәжбір болушедік (Әр өндірушінің атына бір мекен жай емес, әр бөлшектің нөміріне бір бір мекен жай беруге тура келушеді).




#Article 146: Сырбай Мәуленов (296 words)


Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, Большевиктік жол (қазіргі Коммунизм таңы) газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі,  1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; Қазақ әдебиеті газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы Жұлдыз журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы болды. 

Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы Колхозшы газетінде 1937 жылы жарияланды, Өлеңдері атты алғашқы жинағы  1948 жылы жарық көрді.  С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. Жолдас (1954), Жас жүрек (1956), Жол үстіндегі жалындар (1963), Жұлдыз жырлар (1963), Қызыл арша (1969), Боз қырау (1976), Тау гүлдері, Шалқар, Жалын (үшеу де 1979). Жаңбырсыз күз  (1980), өлендері Шуақ, Алтын тасқын өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); Жұлдыз жүрек (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы Таңдаулы өлеңдер атты таңдамалысы, 1966 жылы Шаңқай түс жинағы, 1972 жылы Тандамалыларың 2 томдығы басылып шықты . Оның Жаңа көктем (1956), Дала таңы (1957), Көгілдір таулар (1964), Жер нәрі (1970), Апрель жапырақтары (1972), Таңдамалы лирикалары (1967), Тандамала лирикалары (1972), Жапырақтар жанады (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 ж. Таңдамалы шығармалары, Алтын тасқын 1-т. 1981,  Өлеңдері 

Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; Қызыл Ту, Халықтар Достығы, Құрмет Белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталды.




#Article 147: Әкім (128 words)


Әкім - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.

Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды.




#Article 148: Сүлейман Демирел атындағы университет (1128 words)


Сулеймен Демирел атындағы Университет, СДУ (, ) — Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. Университетті 1996 жылы 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сүлеймен Демирел ашты.

СДУ – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қолжетімді бағалармен бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жауапты, сондай-ақ мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

Университеттің мақсаты – білім және ғылым саласында жеке және кәсіби шеберліктерін жетілдіру және арттыруды қалаушылар үшін бағдарламаларды үздіксіз дамыту және кеңейту болып саналады. Әрине, бұл мүмкіндікті әрбір студент әлеуметтік-экономикалық статусына қарамастан пайдалана алады. Сонымен бірге, студенттердің нәсіліне, ұлтына, мәдени әдет-ғұрпына қарамастан, олардың интеллектуалды потенциалы мен адамгершілігі біз үшін ең алғашқы орында.

Университет 2010-2011 оқу жылынан бастап өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған «Smart Campus» қалашығында бастады. Бұл оқу кешені 7000-ға жуық студентті заманауи оқу орны және жатақханамен қамтамасыз ету үшін бой көтерген. Кампустағы 4 факультеттің дәрістері негізінен ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізіледі. 17 гектар аумақта жайласқан жаңа оқу ғимараты өзінің 16 анфер лекция залы, 120 аудиториясы, 3 зерттеу орталығы, 8 компьютер бөлмесі, 2 интернет кафесі, 1 стадион, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 3 кітапханасымен білім алушыларға өте қолайлы жағдай жасайды.

Оған қоса, кампуста 2 асхана және 3 кантин бар. Ол жерлерде студенттер тамақтанумен шектеліп қана қоймай, бос уақыттарында бас қосып, студенттік өмірлеріндегі маңызды мәселелерін талқылауға, демалуға мүмкіндіктері мол. Қазіргі таңда кампустың жекелеген бөліктері салынып, жетілдіріліп жатыр.

СДУ-де әртүрлі деңгей және салада күндізгі бөлім бағдарламалары оқытылады. Қазіргі уақытта СДУ бакалавр деңгейінде 4 факультет бойынша бірнеше мамандықтарды ұсынады.
Университет ғимараты әлі де құрылыс үстінде, кеңеюде. Бұл - болашақта тағы да басқа бағдарламалар қосылатындығын білдіреді.
Магистратура бағдарламалары 7 түрлі салада ағылшын тілінде оқытылады. Бұл деңгейлер заманауи қоғам талабына толығымен жауап береді.
Сонымен бірге, университетте PhD бағдарламалары бойынша да зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері бар.
Дамыған тіл мектебі кәсібилігін арттыру мақсатында ағылшын және түрік тілдерін үйренуді қалаушыларға әртүрлі деңгейдегі бағдарламаларын ұсынады. 
Жалпы айтқанда, Тіл мектебіне барлық қалаушылар қабылданады. IELTS және TOEFL тесттері бойынша да біліктілігі жоғары мұғалімдер көмектесе алады.

Педагогика және гуманитарлық ғылымдары факультеті

Педагогика факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел филологиясы», «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі», «Химия-Биология», «Физика-Информатика» және «Математика» мамандықтары бойынша білім беріледі. Педагогика және гуманитарлық факультеті ұжымының басты мақсаты - терең білімі бар, кәсіптік деңгейі жоғары бүгінгі күннің біліктілік талабына сай педагог мамандар дайындау. Факультет түлектері алыс–жақын шетелдерде тәжірибеден өтіп, Түркия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің беделді университеттерінде ғылыми зерттеулермен айналысуда.

СДУ Бизнес мектебі

Бизнес мектебі әлемде өзгеріп жатқан экономикалық және саяси мәселелерден үнемі хабардар және студенттерге өз білімдерін сол мәселелер бойынша тәжірибеде қолдануға бірегей мүмкіндіктер беруде. Факультет - бәсекелестікке қабілетті халықаралық үлгідегі жоғары деңгейде білім беру арқылы студенттерін өз қатарластарынан ажыралып тұруына себепші.

Факультет білім, ғылыми зерттеу, экономика және менеджмент ғылымында терең білім алу саласында заманауи үстемдік ретінде өсуде. Факультет түлектері – кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпорындарда, қаржылық, сақтандырушылық, банктік, басқарушылық және басқа да шетелдік компанияларда, өкілеттіктерде, бірлескен кәсіпорындарда, әлеуметтік–экономикалық, ұйымдастырушылық – технологиялық, ғылыми – зерттеушілік және инновациялық қызмет түрлерімен айналысатын сан салалы мамандар.

Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті

Қоғамның барлық салаларында әрқашан қажеттілік тудыратын мамандықтың бірі – заңгер мамандығы.  Құқық пен заңды білумен құқық әлемінде бағдарлану қабілеті өмірге кең көзқарас қалыптастырып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Жалпы оқу бағдарламасы келешекте құқықтану бакалавры академиялық дәрежесін алған түлекті ҚР-ның құқық қорғау органдарында, заң шығару органында және сот жүйесінде, нотариат, адвокат мамандықтары бойынша ағылшын және түрік тілдерін терең меңгерген жаңа заман заңгерлерін  даярлайды. Жоғарғы курстарда сабақ өткізу үшін Түркия мен Еуропа елдерінің беделді ЖОО профессорлары шақырылады.

Оқу процесі заңгерді болашақта заң мамандығын талап ететін кез-келген қызметте жұмыс істей алатын, сонымен қатар құқықтың белгілі бір саласында терең білімі бар, жан-жақты маман ретінде дайындау үшін ұйымдастырылған.

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті

Инженерлік факультет - университеттің бағдарлама жасау бойынша озық зертханасы бар, сапалы білім беру орталығы. Университет қабырғасында ақпараттық технологияларды программалық жабдықтауға арналған ғылыми зерттеу орталығы қызмет етеді. Факультет түлектері қазірдің өзінде Қазақстанға және шетелде танымал.

Факультетте халық шаруашылықтың, бизнестің әр алуан салаларында табысты жұмыс істей алатын математика, ақпараттық технологиялар және механика мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда; студенттердің, магистранттар мен PhD докторанттардың оқуына, шығармашылықтарына арналған мүмкіншіліктерді беру, ойдың және жекелік өздігінен жетілуіне жайлы шарттарды жасауда.

Мемлекеттік органдарды, түрлі мекемелер мен компанияларды сапалы білімді мамандармен қажеттілігінше толық қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ студенттердің сапалы және қажетті білім алуын қанағаттандыру мақсатымен, қазіргі технологиялардың даму динамикасын қадағалайтын икемді бағдарламалар бойынша білім беру қызметтерінің ашық және айқын жүйесін құру; ғылыми, педагогикалық және нақты өндірістік қарым-қатынасты нығайту мақсатымен мемлекеттік ұйымдармен, мекемелермен ынтымақтастықты дамыту – факультеттің басты мақсаты.

Үздіксіз білім беру концепциясын таратуға және жас мөлшері мен мамандыққа қарамастан жан-жақты дамытуға бағытталған орталық.

СДУ - үздік оқытушыларынан сапалы білім алуға мүмкіндік беретін, сіздің зияткерлік қабілетіңізді дамытатын әмбебап платформа. Орталықтың негізгі бағыты – әрбір заманауи адамға қажетті тілдік, сандық, сонымен қатар математикалық сауаттылықты арттыру. Біз ересектер мен жасөспірімдерге ең сапалы және қажетті білім береміз.

Ағылшын тілі

Әлем тілдері

Біліктілікті арттыру

Емтихандарға дайындық

Талапкерлерге арналған 1 жылдық кешенді бағдарлама

Сулейман Демирел атындағы университет магистратура және PhD бағдарламаларын да ұсынады. Бұл бағдарламалар халықаралық бағдарламалар негізінде ағылшын тілінде оқытылады. Сабақ кестелері студенттің уақыт талабына қарай түзіледі. Өйткені СДУ оқу үдерісін әрдайым жаңартып, заманауи түрде жүргізуге тырысады.

Университетіміз  жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламасы бойынша  төмендегідей магистратура мамандықтарын даярлауды  іске асыруда. Магистратурада мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі: ғылыми- педагогикалық бағыт және бейіндік бағыт.

Университетіміз PhD бағдарламасы бойынша төмендегі мамандықтар бойынша халықаралық талаптарға сай ғылыми мамандарды даярлауды іске асыруда:

Университетте сапалы білім алу құны қол жетімді. Сонымен қатар СДУ-нің ішкі гранттары, білім алуға жеңілдіктер, университетте жұмыс және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек ретінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

СДУ-де студенттердің өз мүмкіндіктерін академиялық, қоғамдық және әлеуметтік өмірде қалыптастыруға арналған, қызығушылықтарына байланысты әртүрлі клубтар мен үйірмелер жұмыс жасайды. Университеттің қоғамдық өміріне араласу студенттің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және топта бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сулейман Демирел атындағы университет Қазақстандағы сапалы білім беретін университеттердің бірі. Университет түлектеріне жергілікті компаниялармен қатар халықаралық компаниялар да қызығушылық танытуда. Түлектердің 95%-ы университетті бітіргеннен соң жұмыспен қамтамасыз етілуі соның айғағы. Университет сапалы кәсіби мамандарды жетілдіріп шығаруда өз күшін салуда.

Университетаралық ынтымақтастықтың бірден-бір басты бағыты - білім алушыларға шетелдік жоғары оқу орындарында іс-тәжірибесін өтеуге мүмкіндік беруге және екі диплом алуға бағытталған бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға барынша көмек көрсету болып табылады.

Университеттің халықаралық қатынастар бөлімінің қызметі - әлемдік білім беру және ғылыми қауымдастыққа ары қарай  ықпалдастыру, университеттің имиджін нығайту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған. Бұл жұмыс шетелдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық бағдарламалары шеңберінде, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушы мамандармен өзара алмасу және студенттердің білімін дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. Университет  60-тан астам білім-мекемелер, халықаралық ұйымдар және университеттермен серіктестік қатынас орнатқан. СДУ келісім негізінде АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия және Пакистан елдерінің серіктестерімен, сондай-ақ ТМД (Ресей, Армения, Азербайжан және Қырғызстан) университеттерімен тұрақты және перспективті байланыс орнатты.




#Article 149: Ахметжан Смағұлұлы Есімов (223 words)


Ахметжан Смағұлұлы Есімов (15 желтоқсан 1950 жыл Қаскелең ауданы, Алматы облысы) — Астана ЭКСПО-2017 ҰК басқармасының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.

А. Есімовтің ауылшаруашылық министрі қызметі барысында Қазақстан ұнның экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. 

 Ахметжан Есімовке дейін, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болған. 
Ә.Жақсыбеков бұл қызметке Талған Ермегияев тұтқынға алынған соң,  Елбасының бұйрығымен 2015 жылғы 11 маусымда тағайындалған болатын.

Көрме нысандары құрылысының құны бюджет есебінен 302 млрд теңгеге азайды.

А.Есімов басқарушы лауазымына тағайындаудың сабақтастық қағидаттары қабылданатынын айтты. Нәтижесінде, компания қызметкерлері арасынан білікті кадрлық резерві қалыптасады. Басқарма Төрағасы шетелдік мамандарды жұмылдыру мәселесіне де тоқталды. «Самұрық-Қазына» шетелден келген азаматтардың қызметінен толықтай бас тартпайды, дегенмен олардың орнын басатын мамандарды дайындау - басты назарда: басымдылық жергілікті азаматтарға беріледі.
А.Есімовтің кезінде Қор елдегі бірінші нөмірлі салық төлеушіге айналды. Осы жылдың 9 айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ компаниялары тобының салық төлемдері 813 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102 млрд теңгеге артық. 
А.Есімовтің басшылығымен «Сарыарқа» газ құбыры мерзімінде аяқталды (газ құбырына сілтеме). Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған газ құбыры Орталық Қазақстан мен мемлекетіміздің астанасын елдің бірыңғай газ тасымалдау желісімен байланыстырды.
А.Есімовтің басқаруымен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы ұлттық компания болды. Ұлттық компания 451 миллион доллар тұратын 15% акциясын Лондон қор биржасында сәтті орналастырды. Сұраныс ұсыныстан 1,7 есе асып түсті.




#Article 150: Мұхаммед (2051 words)


Мұхаммед ( , , Мұхамет, Мухаммад; 570, Мекке — 8 маусым 632, Медине) — Ислам пайғамбары. Ислам ілімі бойынша, ол Адам, Ибраһим, Мұса, Иса және т.б. пайғамбарлардан бері келе жатқан монотеизмнің негізгі ілімдерін растауға жіберілген Алла Елшісі (Расул Аллаһ). Барлық ислам ағымдарына сәйкес Алланың соңғы пайғамбары. Мұхаммед Арабияны біртұтас мұсылман үмметіне біріктіріп, өзінің ілімдерін, сүннеттерін және Құранды Исламның діни сенімінің негізіне айналдырды.

Шамамен 570 жылы (Піл оқиғасы) Мекке қаласында дүниеге келген Мұхаммед, балалық шағында жетім қалған. Көкесі Әбу Тәліптің қолында өскен. Мезгілімен түндерін Хира тауының үңгірінде ғибадат жасаумен оңашаланып өткізетін. Кейін 40 жасында үнгірге Жәбірейіл періште келіп, Алладан ең алғашқы уахи түсірілді. Үш жылдан соң, 610 жылы, Мұхаммед бұл уахилерін ашық түрде уағыздай бастады. Исламның басқа да пайғамбарлары сияқты Құдайдың бір екенін, оған толықтай бойсұну (ислам) — амалдың (дін) тура жолы екенін және өзінің Алланың соңғы пайғамбары және елшісі екенін жариялады.

Мұхаммед алғашқы ерушілерімен (сахабалар), Меккелік бірнеше тайпалардың қарсылығына тап болды. Қуғыннан құтылу үшін, Мұхаммед кейбір ерушілерін Абиссинияға жіберді, кейін 622 жылы барлық сахабаларымен Меккеден Мединеге (Ясриб) жер аударды. Бұл оқиға — Хижрадан, Ислам күнтізбесі басталады (Хижри күнтізбе). Мединеде Мұхаммед тайпаларды Медине дәстүріне біріктіреді. 629 жылы желтоқсанда, Меккелік тайпалармен қақтығыстың үзілгенінен сегіз жыл өткен соң, Мұхаммед жаңадан қосылған 10,000 мұсылмандардан әскер құрып Меккеге жорыққа шықты. Шайқас негізінен талассыз өтіп, Мұхаммед қаланы аз қантөгіспен алды. 632 жылы, соңғы қажылықтан қайтқаннан соң бірнеше айдан кейін, ол ауырып қайтыс болды. Оның өлімінің алдында, Арабия түбегінің көбі Исламға өтті.

Мұхаммедтің өмірінің соңына дейін түскен уахилер (әрқайсысы Аят [Құдай] белгісі деп аталады), Құранның сүрелерін құрайды. Мұсылмандар оны Құдайдың сөзі деп санайды және дін соған негізделеді. Құраннан бөлек мұсылмандар Мұхаммедтің сөздері мен іс-әрекеттеріне (сүннет), хадис, сира әдебиеттеріне сүйенеді және ислам құқықтары (шариғат) ретінде қолданады.

Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Құранда ол өз атымен тек бес-ақ рет аталған, бірақ одан бөлек ол пайғамбар (ән-Нәби), хабаршы (Расул), Құдайдың құлы (Абд), хабаршы (Башир), ескертуші (Назыр), еске салушы (Музаккир), куәгер (Шаһид), Құдайға шақырушы (Да’и) және т.б. есімдерімен аталады. Мұсылман дәстүрі бойынша Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда немесе жазылғанда, әрқашан «Саллалаһу әлейһи уә сәлләм» () — яғни «оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады.

Мұхамедтің толық атының құрамына Адам атадан басталып барлық танымал аталарының есімі кіреді, сонымен қатар оның ұлының атына байланысты әл-Қасым деген куньясы да бар. Мұхаммедтің толық аты былай: Әбул Қасым Мұхаммед ибн  ибн Абдулмутталиб ибн  ибн  ибн Қусай ибн Килаб ибн  ибн Кааб ибн Лүуәй ибн  ибн Фихр ибн Малик ибн ан-Надр ибн  ибн Хузәйма ибн Мудрикә ибн Ильяс ибн Мудар ибн  ибн Мәад ибн  ибн Адад ибн Мукаввим ибн Нахур ибн Тайрах ибн Иаруб ибн Яшжуб ибн Набит ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн  ибн Нахур ибн Саруг ибн Шалих ибн Ирфхашад ибн Сам ибн Нұх ибн Ламк ибн Матту Шалах ибн Ахнух ибн Иард ибн Махлил ибн Кайнан ибн Ианиш ибн  ибн Адам.

Дінге сенетіндер оны құрметтеп куньясы бойынша Әбул Қасым деп атаған және Мұхаммедтің көзі тірісінде тек ол ғана осы куньяның иесі болған. Ал Мұхаммед пайғамбарға дұшпандықпен қарағандар, оны мазақпен Ибн Әбу Кабша деп атаған, яғни Әбу Кабшаның ұлы деген. Ол сүт анасы Халиманың күйеуі болған..

 

Исмаилдың ұрпағы (араб-) бола тұра, Мұхаммед пайғамбар басқа арабтардан (кахтаниттерден) терісінің ашық түстілігімен ерекшеленген. Оның заманындағы куәгерлердің айтуынша, Мұхаммед пайғамбар кең иықты, орта бойлы, қолдары мен табандары ірі болған. Мұхаммед пайғамбардың сақалы қалың, ауызы мен көздері үлкен болған. Жауырындарының арасында рельефті үшбұрыш түріндегі пайғамбарлықтың мөрі орналасқан. Оның кірпіктері ұзын, маңдай жағында біріккен қастары қиғаш болған.

Исламдық тарихшы және дін маманы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари өзінің «Жалпы тарих» кітабында пайғамбардың кейіпінің келесі сипатын берген.

Мұхаммед пайғамбар ақ түсті киімдерді киюді ұнатқан. Негізінде олар ұзын жейде (камис) және жолақты йемендік жамылғы (хибара), сонымен қатар белден айналдырып, жіліншіктің ортасына дейін жететін сәлде мен изар болған. Қолында «Мұхаммед — Аллаһтың елшісі» деген жазуы бар күміс сақинасы болған. Ол өте таза жүретін, жиі денесіне хош иіс жағатын және тісін мисуакпен тазалайтын Мұхаммед пайғамбардың дауысы кішкене қырылдаған болатын, ол сөзге шешен, қысқа және түсінікті, кейде адамдар сөзін толық есте сақтап алсын деп бір сөзін үш рет қайталап сөйлейтін. Ол жиі күлімсіреп жүретін, ал кейде күлгені сонша, азу тістеріне дейін көрінетін.

Ислам, Мұхаммедпен қоса, тағы басқа пайғамбарларды да мойындайды (олардың саны 124 мың болған деген нұсқалар бар, ал кей жерлерде олар 224 мың болған деген де нұсқалары бар), бірақ Мұхаммед жай ғана пайғамбарлардың бірі ғана емес, сонымен қатар осы тізбектегі елшілер мен пайғамбарлардың ең соңғысы деп айтылады. Және де, ол басқа елшілер сияқты (соның ішінде Иса пайғамбар да бар) тек жеке қалаға, ауылға, халыққа ғана емес жер бетіндегі барлық адамдарға жіберілген. Оның шариғаты (яғни моральді-өнегелік және діни-құқықтық ережелер мен принциптер кешені), ислам оқулары бойынша, Қиямет Күніне дейін өз күшін жоймайды. Басқа пайғамбарлар әкелген, барлық қалған шариғаттар өз күшін жоғалтқан (олардың барлығы уақытша сипатта болған). Сонымен, мұсылмандар, Тора (Тәурат) және Евангелие (Інжіл) деген Қасиетті кітаптарды қабылдай отырып, олардың заңдарының әрекеттілігін мойындамайды, сонымен қоса олардың мағынасын адамдар бұрмалаған деп санайды.

Мұхаммед пайғамбарлар арасында ең жоғарғы орынды алады (сондықтан оның эпитеттерінің бірі — Пайғамбарлардың Мырзасы). Ислам бойынша, Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясына сену барлық адамдарға міндетті болып табылады, бүл соның ішінде христиандар мен яһудилерге де қатысты, олар да оның үндеуіне еріп, соңғы шариғатты қабылдауы керек.

 Мұхаммедтің исламдағы орны мен оның шариғаты туралы былай жазады:

Мұхаммед құрайшиттер тайпасына жатқан. Ол 622 жылы Меккелік пұтқа табынушылардан қысым көргендіктен, Меккеден Ясрибке қоныс аударды, осыдан кейін ол қала Медине деп атала бастады (бұл кезең — хижра (көшу) — мұсылман күнтізбесінің басы болып табылады), ал кейін өзінің жақтастарымен Меккені жаулап алды. 632 жылы Мұхаммедтің өлімі кезінде барлық Арабия түбегі исламға бет бұрған болатын, ал кейін пайғамбардың өлімінен кейін оның мұрагерлері («наменгерлер», халифалар) исламды, араб мәдениеті мен тілін, және де тұтас ғылымның дамуына әсер еткен жиналған ғылыми білімдерді (соның ішінде антикалық өркениеттікін де) өздері жаулап алған Шығыс Рим империясының азиялық және африкалық иеліктеріне, Еуропаның кішігірім бөлігіне таратты; Еуропадан басқа, аталған мәдени-тілдік жіне діни кеңістік қазіргі заманға дейін сақталып келеді. Мұхаммед тағы Пайғамбарлардың мөрі, Пайғамбарлардың мырзасы және Қиямет сағатының Пайғамбары деп те аталады. Мұсылман иманына, Мұхаммедтің басқа пайғамбарлармен қатар Аллаһтың елшісі деген сенімі кіреді (бұл ислам сенімінің белгісі — Шаһадада айқындалған) және ол соңғы пайғамбар болып табылады.

Ислам оқуы бойынша, Мұхаммед соңғы пайғамбар және Аллаһтың елшісі болып табылады. Ислам, яғни бір Аллаһқа мойынсұну, барлық тақуаларға тән болған, соның ішінде Исаның, Мұсаның және басқа да танымал інжілдік пайғамбарлардың оқуларын қабылдай отырып Аллаһтың әмірін орындағандарға да тән. Алайда, ислам бойынша, яһудилік және христиандық оқулар адамдар тарапынан бұрмаланған, ал кейін Құранның түсуінің басталуынан соң өз күштерін жойған. Сонымен қоса Кітаптардың бұрмалануы Аллаһ білімінің шекарасында болған. Құран Аллаһтың сөзі, соңғы Қасиетті Кітап, және еш өзгертуге түспейтін Кітап болып табылады. Аллаһтың қалауымен, Соңғы Кітап араб тілінде болғандықтан, бұл тіл мұсылмандар үшін ерекше болып табылады. Тек арабша Құран Кітап болып табылады, ал басқа тілдердегі аудармалары (олар жиі «мағыналарының аудармасы» деп есептеледі) олай саналмайды..

Ислам діні, Қасиетті Кітап ретінде Библияны да мойындай отырып, Библияның ішінде де Мұхаммед туралы Құдайдың елшісі ретінде айтылады дейді.
Құранда ол былай айтылады: «Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады.» (2:146)

Сонымен қоса, мұсылмандар қазіргі Библияның бұрмаланғаны туралы айтады, және кейбір хадистерді негізге ала отырып, онда Мұхаммед жайлы айтылатын бөлімдердін де қозғай өтеді. Бірақ Библияның бұрмаланушылығы барлығымен келісетін , бұл көзқарасты қабыл алмайды.

Дәлел ретінде мұсылмандар келесі библиялық өлеңдерді келтіреді:

Мен олардың ағайындарының арасынан, оларға сен тәрізді [бұл сөздер Моисейге (Мұсаға) айтылған] Пайғамбар жасаймын, және Менің сөздерімді оның аузына саламын, және Ол, Менің Оған бұйырғандарымның барлығын оларға айтады
Ал Менің сөздерімді, Менің атыммен сөйлеген сол Пайғамбардың сөздерін тыңдамаса, Мен соны жазалаймын;
Бірақ пайғамбардың, Менің атымнан, Мен бұйырмағандарды айтуға батылы жетсе, және басқа құдайлардың атымен сөйлесе, сол пайғамбарды өлімге жіберіңдер.
Және сен өз жүрегіңде айтсаң: «Құдай сөйлемеген сөзді, біз қалай білеміз?»
Егер пайғамбар Құдай атымен айтса, бірақ сол сөз орындалмаса, онда ол сөзді Құдай айтпаған, бірақ сол пайғамбар өз батылдығымен сөйлеген, — қорықпа одан.
(Библия. Екінші заң бөл. 18, бап. 18-22)
Мұсылмандар бұл сөздің Иса (Иисус) туралы айтылмағандығын көрсетеді, өйткені ол Мұса (Моисей) тәрізді емес, ал онда «сен тәрізді» деп айтылған. Танымал мұсылмандық уағыздаушы Ахмед Дидат Исаның (Иисустың) басты айырмашылықтарын көрсеткен. Олар, мұсылмандар мойындаған, ғажайып туылу, ол Моисей мен Мұхаммед сияқты үйленбеген және балалары болмаған, ол Моисей мен Мұхаммед сияқты өз халқымен пайғамбар деп мойындалмаған , ол патша болмаған. Және Ахмед Дидаттың айтуынша Иса (Иисус) белгілі бір жаңа заңмен келмеген, ол жай ескі заңдарды орындау үшін келген. Ал «олардың ағайындарының арасынан» деген сөзді, мұсылмандар арабтар мен еврейлердің бауырлас халықтар екендігімен түсіндіреді. Мұсылмандар Библияның басқа өлеңдерін де негізге алады

Арабияда негізгі діндер пұтқа табынушылық, иудаизм және әртүрлі күпіршілік христиандық сенімдер болған. Жергілікті араб тайпалары Ибраһим пайғамбардың (Ханифизм) монотеистік дінін негізге ала отырып, көпқұдайлыққа құлшылық еткен. Оларда Ибраһим пайғамбардың дінінен қажылық ғұрыпы мен Қағбаны құрметтеу сақталған. Исламға дейінгі арабтарда шешендік, қонақжайлық және өз келісіміне беріктік кеңінен құрметтелген. Исламға дейінгі қоғамның нашар қасиеті ретінде келесілерді ерекшелеуге болады: қанды кек болған, жаңа туған қыздарды немесе арабтар жаңа туған балаларын асырай алмайтындығынан қорықса, онда оларды тірідей жерге көму дәстүрі болған. Мұхаммед өмір сүрген, Мекке қаласы Арабияның сауда және қаржы орталығы болған. Мекке құнарсыз құздардың арасында орналасқан, онда жер өңдеушілікпен айналысу мүмкін емес болған. Жер өңдеушілік тек көгал жазираларда ғана кең етек алған, олардың бірі Ясриб (Медине) қаласы. Мекке араб тайпаларының жиі билік үшін шайқасатын алаңы болған. Саясатта маңызды орынды, Мұхаммед пайғамбар шыққан, Құрайыш тайпасы алған.

Мұхаммед пайғамбар арабтардың ортасындағы жоғарғы орынға ие — «Құрайыш» тайпасынан болған. Ол Хашим рулық қауымына қараған. Бұл рудың атауы Мұхаммедтің арғы атасы — Хашимнің құрметіне қойылған. Хашимнің көзі тірісінде қажыларды тамақтандыру үшін мал жинау құқығы болған, және Зәмзәм бұлағына қожалық еткен. Ол бай адам болған. Ол «Хашим» деген лақап атын (оның шын аты Амр) Меккеге қажылыққа келген қажыларға нанды бөліп бергені үшін алған («хашима» — нан сорпаға нан бөлу). Оның өлімінен кейін, қажыларды тамақтандыру мен су ішкізу құқығы, оның ағасы әл-Мүтілңпке көшті. Оны құрайшиттер әл-Файда - «жомарттықтың өзі» деп атаған. Хашимнің, Шуайба атты, Абдулмутталиб деген ұлы болған. Ол өз халқының арасында аса құрметті адам болған.

Мұхаммедтің әкесі , оның туылуына аз қалғанда (екі ай) немесе Мұхаммед пайғамбардың туылғанынан кейін бірнеше ай өткен соң қайтыс болған. Мұхаммедтің анасының аты —  ибн Әбд Манаф ибн Зухра ибн Килаб. Мұхаммед деген атты, оған атасы Абдулмутталиб берген. Ол «Мақталған» деген мағына береді.

Мұхаммед пайғамбардың әйелдерінің саны, әр тарихшыларда әртүрлі. Әл-Масуди,өзінің «Муруджуз-захаб» деген кітабында Мұхаммед пайғамбардың 15 әйелі болған дейді. Йагуби, Мұхаммед пайғамбарда 21 немесе 23 әйелі болған, бірақ ол тек 13 әйелімен дене байланыста болған деп жазады. Кардави тоғыз деп көрсеткен, бірақ Хадишасыз, яғни он; Уотт Монтгомери айтуынша, көп тайпалар Мұхаммедпен туыстық қатынастарының барлығын айтқан, сондықтан әйелдерінің тізімі көп арттырылып жіберілуі мүмкін. Ол тек он бір әйелінің атын көрсеткен (Хадишаны қосқанда), ол дәстүрлі көзқарастарға сәйкес келеді (сонымен қоса ол екі күңінің есімін келтірген). Мұхаммед пайғамбар олардың барлығына, Құранның тыйым салынуына дейін, үйленген. Онда төрт әйелден артық, әйел алуға тыйым салынған.
Төменде Мұхаммед пайғамбардың 13 әйелінің тізімі көрсетілген:

Мұхаммедтің Ибраһимнен басқа балалары Хадишадан болған.
Хадишадан бірінші баласы - әл-Қасым, одан кейін ат-Таһир, ат-Таййиб, Зейнеп, Рукайиа, Умм Күлсүм, Фатима туды. Ұлдары балалық шақтарында қайтыс болған. Қыздары Мұхаммедтің пайғамбарлық миссиясы басталғанға дейін тірі болып, исламды қабылдады, барлығы Меккеден Мединеге көшті. Фатимадан басқасының барлығы Мұхаммедтің өліміне дейін қайтыс болды. Ал Фатима оның өлімінен кейін, алты айдан соң қайтыс болды.

Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан және немересі Хусейннен тараған ұрпақтарын сеидтер деп атайды. Немересі Хасанның ұрпақтары — шерифтер. Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары Мароккода басқарушы әулетті құрды (Сағадиттер). Һашим әулетінен тараған Иордания королі Абдалла II Мұхаммедтің 43-ші буынындағы тікелей ұрпағы болып саналады.

Хадишадан кейінгі исламды алғашқылардың бірі болып қабылдағандар: Әли ибн Әбу Талиб, Зайд ибн Харис, Әбу Бәкір әс-Сыддық, Усман ибн Аффан, Әз-Зубайр ибн Әл-Аууам, Әбд ар-Рахман ибн Ауф, Сағад ибн Әбу Уаккас, Тәлха ибн Убайдулла және басқалар.

Мұхаммед пайғамбарды ұнатпаған адамдардың арасында оның ағасы Әбу Лахаб пен оның әйелі, Әбу Жәһл, Укба ибн Әбу Муайта және т.б. болған. Мұхаммед пайғамбармен жау болғандардың кейбірі кейін исламды қабылдаған, мысалы Әбу Суфийан ибн Харб және басқалары.

Американдық ғалым және жазушы  «» кітабында Мұхаммед пайғамбарды тарихтағы ең беделді адам деп мойындаған.

Кейбір адамдар бұл уағызды адам құқығының исламдағы манифесті деп атайды.

Мұхаммед соңғы уағызын хижраның оныншы жылында, мұсылман еместерге Қасиетті Қағбаға кіруге тыйым салынған кезде айтты. 14 мың мұсылман Мұхаммедтің басшылығымен Мединеден Меккеге қажылыққа барды. Зүл-Хижжа айының 9-шы күні Мұхаммед, Меккеге қажылыққа келген, барлық мұсылмандарды Араваттағы Жабәл әл-Рахман тауына шақырып сөйлесті.
Сол уағызда айтылған кейбір цитаталар:

Мұхаммедтің мінезін көрсету үшін Иордания, Ливан, Сирия, Судан елдерінің киностудиялары бірігіп, 2008 жылы 30-сериялық «Хашим айы» деген көркем фильм түсірмек болған.

Исламдық көзқарас бойынша Адам ата мен Хауа анадан бастап барлығы мұсылмандар («муслим» — Аллаға мойынсұнушы) болған. Қазір әлемдегі барлық мұсылмандар саны шамамен 1,1-1,2 миллиард адам болып есептеледі.




#Article 151: Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова (125 words)


Қарағұсова, Гүлжан Жанпейісқызы (1950 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған) — Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия факультетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (1980), докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Социализм кезіндегі жарыс қатынастарын іске асырудың экономикалық механизмі». С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономия кафедрасының профессоры (1992).

және бюджет комитетінің төрайымы.

Ұлдары - Қарақұсов Фархад Сергеевич (1971), Романов Роман Сергеевич (1976 ); қызы - Қарақұсова Дана Сергеевна (1984 ).

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде дәрiс берген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң жетекшiсi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң төрайымы болып тағайындалған.




#Article 152: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (224 words)


Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді. ЕЫҚҰ-ның жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бір адамның көптеген бюллетендерді тастау, тәуелсіз бақылаушыларды санау процесіне араластырмау секілді фактілер тіркелген. ЕЫҚҰ сайлау нәтижесінің әділ екендігіне кепіл бере алмайтынын жеткізкен. Сонымен бірге, 9 және 10 маусым күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында сайлау нәтижелеріне наразылық танытқан 1000-ға жуық адамды полиция қамауға алған.

Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 184 Жарлығына сәйкес, Тоқаев бірқатар маңызды мемлекеттік қызметшілерді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының келісуімен ғана тағайындай алады. Бұл жағдайды саясаттанушылар қосбилік деп атап жүр. Алайда Президент Назарбаев пен Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин  мен баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда қосбилік жоқ деп мәлімдеді.

Саясаттанушы Досым Сәтбаевтың айтуынша, Қазақстандағы жағдайды билік транзит деп айтуға келмей, бұл жартылай транзит. Нағыз билік транзиті Нұрсұлтан Назарбаев кеткен кезде болады- деді Сәтбаев.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған Тоқаевтың фотолары өңделгенін журналистер мен блогер анықтаған. Өңделген суреттерде Тоқаевтың әжімдері мен иектегі артық еті алып тасталған.




#Article 153: Қалақай (236 words)


Қалақай () — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.

Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.

Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — қосүйлі қалақай (Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.




#Article 154: Біріккен Ұлттар Ұйымы (1040 words)


Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым.   Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым.

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

Ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, француз, қытай, орыс. 
БҰҰ-ның Жарғысы осы ұйымның бас құжаты болып табылады. Онда мүше-мемлекеттердің барлық міндеттері мен ұйымның қағидалары баяндалған.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.

Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.

Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ-ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның қызметін қолдай отырып, ҚР-ның осы беделді ұйым, оның мамандандырылған мекемелері, қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бағдар ұстануда.

Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады.

Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар.

БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.

БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.

Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.

Біз БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттаймыз.

Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді:

Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді:

Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Хатшылық.




#Article 155: Нью-Йорк (369 words)


Нью-Йорк Сити ()  —  АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол 1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы болып табылады, әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болды, мұнда Джордж Уошиңтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. 
Нью-Йорк 5 ауданнан тұрады (боро): Бронкс, Бруклин, Куинс, Манхэттен және Статен-Айленд.
Негізгі туристік нысандар Манхэттенде орналасқан. Олардың арасында: тарихи биік ғимараттар (Эмпайр-стейт-билдинг, Крайслер-билдинг), Рокфеллер-центр, Вулворт-билдинг, Метрополитен көркем мұражайы, Метрополитен-Опера, Соломон Гуггенхайм замануи өнер мұражайы, Америкалық жантану тарихы мұражайы (динозаврлар мен планетарийлер қаңқалары), аты аңызға айналған «Челси» қонақ үйі, БҰҰ бас пәтері, Гарлем.
Нью Йоркте көптеген колледждер және университеттер де орналасқан, олардың ішіне әлемдік үздік 50 қатарына кіретін Колумбия университеті, Нью-Йорк университеті, және Рокфеллер унверситеті де бар.

Нью-Йорк — Америка Құрама Штаттарының және әлемдегі ең маңызды қаржы экономикалық орталық. Нью-Йорк, Лондон және Токиомен қатар әлемдегі үш маңызды экономикалық орталық болып табылады. Қаланың Жалпы аймақтық өнімі 2007 жылы $1210,2 млрд құраған, осылайша АҚШ мегаполистері ішінде алғашқы орынға шықты.

Нью-Йорк қаржы ұйымдары 2008 жыл аяғына қарай 40 % әлемдік қаржыны басқарған. Нью-Йоркті Citigroup, J.P. Morgan Chase  Co., American International Group, Goldman Sachs Group, Morgan Stanley, Merrill Lynch және т.б. ірі қаржылық ұйымдар өз бас пәтері ретінде таңдаған. Сонымен қатар Verizon Communications, Pfizer, Alcoa, News Corp., Colgate-Palmolive сияқты ірі мұнай корпорациялар бас кеңселері де осында. Қалада Нью-Йорк қор биржасы, NASDAQ, Америка қор биржасы, Нью-Йорк тауар биржасы және . Нью-Йорк қаржы саласы төменгі Манхэттендегі Уолл-стритте шоғырланған.
Дәстүрлі өндіріс салалары да маңызды рөлдерін жоғалтпады, дегенмен соңғы кездері олардың үлесі азаюда. Қалада дамыған негізгі өндіріс салалары: машинажасау, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі. Жаңа салалар да қарқынды дамуда: биотехнология, бағдарлама жасау, интернет-бизнес. Құрылыс пен девелопменттің орны да орасан: Нью-Йорк жылжымайтын мүлкі әлемдегі ең қымбат қала ретінде белгілі.

Бастапқыда Нью-Йорк америкалық кинематография орталығы болғанымен оның орнын Голливуд тартып алды, дегенмен қазір де Нью-Йоркте фильмдер мен телебағдарламалар түсіріледі. Нью-Йорк АҚШ сән астанасы, бұл жерде әлемнің көптеген модельерлер бас пәтері орналасқан. Нью-Йоркте көп баспалар бар. Туризм де қарқынды дамыған. Нью Йоркқа жыл сайын 50 миллион қонақ келеді екен. 

Нью Йорк тарихи он қаламен бауырлас:




#Article 156: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (151 words)


Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954 жыл, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрілі ауылы)— Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2009 -), Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (2008 - 2009), «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі (2008), Президент әкімшілігінің басшысы (2004-2008), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі (2003-2004), Астана қаласының әкімі (1997-2003). Қазақстан Республикасы Футбол Федерациясының Президенті ().

 

 
Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
 

 

 

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы - сыйласымдылық.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды таяу арада әлемдік  қауымдастық мүшелігіне сай, жоғары дамыған, зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде көремін».

Саяси  қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - спорт (футбол, теннис).

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары).

Үйленген. Жұбайы - Ибрагимова Ләззат (1955 жылы туған), экономист. Ұлы - Дәурен (1978 жылы туған).




#Article 157: Сана (922 words)


Сана — дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамттиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр.

Санаға қатысты екі негізгі мәселе бар: бірі, сана мен дененің байланысы, әсіресе сана мен нерв жүйесінің байланысы мәселесі әлі де зерттелу үстіндегі тақырып. Дуалистер мен идеалистер сананы физикалық емес нәрсе деп түсіндірді. Ал, қазіргі заманғы функционализм – яғни сананы нейрондардың қозғалысы деп түсінеді. Екінші мәселе, хайуандарда да сана бар ма деген тақырып. Егер сананы адамға ғана тән құбылыс десек, онда хайуандарда болатын кейбір саналыға ұқсап қалатын әрекеттерді жаңаша түсіндіруге тура келеді.

Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Сана — өмірде белсенді бола алатын адамның ішкі қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.

Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.

Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым-қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі.

Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында ,— адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.

Қазіргі кезге дейін сана және оның табиғаты мен қызметі аз зертттелмеген. Олар жайында әр кезеңнің пәлсапашылары өз ойларын қорытып келді.

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі - сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі — сана іс-әрекетті, іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы — психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым.

Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд санасыздықты динамикалық ығыстыру терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

Санасыз әрекет — адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері (мотивтері).

Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады. Балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйелдердің жүкті кезде жарақаттануы, анасының немесе баласының жұқпалы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты болады. Ал мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кейде 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әр түрлі жарақаттар, мидың қабынуы, психикалық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психикалық процестері — ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілеттерінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік — ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, талдап жинақтаудың нашарлығы) болып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.




#Article 158: Қазақстан президентінің байрағы (110 words)


Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы — мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі.
  
ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді. 

Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме. 

Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. 

Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. 

Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі.
  
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады және шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді.




#Article 159: Мезозой (573 words)


Мезозой — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235,10 — 66,3 миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге — триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.

Мезозой заманы:

Триас жүйесі (кезеңі) - триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 - 199, 6 млн жыл). Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр-түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.

Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).

Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс кеш юра кезінде пайда болған. Юра – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат - қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199, 6 миллион жыл бұрын басталып, 145, 5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54, 1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А. Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А. Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А. ДОрбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.

Бастапқы және ортаңғы юра ағымында термиялық белсенділікпен қатар, атмосфералық жауын - шашынның өзгеруі де байқалған. Солтүстік аридті (құрғақ) белдеу АҚШ пен Солтүстік Африканың бірқатар аудандарын қамтыған. Оңтүстік аридті белдеуге Ортүстік Америка, Сомали және Танзания аумақтары кірген. Құбылмалы ылғалды жағдайлар Бразилия мен Африканың, Арабия мен Үндіқытайдың оңтүстігінде басым таралған. Экваторлық ылғалды климат Мексиканың оңтүстік бөлігін, Гвинея, Камерун, Нигерия мен Египетті қамтыды. Сібір мен Ресейдің солтүстік - шығысы, Моңғолия мен Солтүстік Қытай аумағының едәуір бөлігі ылғалды, субтропиктікке жақын климатпен сипатталады. Бұл белдеудің шартты шекарасы Ақ теңіз, Оңтүстік Орал және Балқаш - Шандунь түбегі арқылы өтетін сызықпен белгіленеді. Субтропиктік белдеудің солтүстігінде орташа температура 15 – 20 С болса, оңтүстік бағытта 18 – 20 С - қа дейін көтерілген. Температуралық режимнің сипаты бойынша соңғы Юра жүйесі экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерге бөлінеді. Изотоптық және магнийлік палеотермометриялық деректер бойынша температура экваторлық белдеуде 26 – 28 С, ал тропиктік белдеуде 21 – 24 С ауқымында өзгерген.
Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш.

White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.
Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300 — 500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.




#Article 160: Палеозой (438 words)


қысқаша атауы.

Палеозой тобы (эратемасы).

Жер қыртысына тиесілі тау жынысы қабаттарының фанерозой эонотемасына қарасты, яғни
протерозой эонотемасынан(кембрийге дейінгі эонотемадан) есептегендегі алғашқы
тобы; алты жүйеге жіктеледі, олар (төменнен жоғары қарай): 

жүйелері.

Палеозой эрасы.
Жер дамуының фанерозой эонына қарасты,
яғни протерозой эоны (кембрыйге дейінгі эон) аяқталғаннан кейінгі алғашқы
эра; 540 — 250 млн жылдар аралығын қамтыған, жалпы ұзақтығы шамамен 290
млн жыл шамасында деп есептеледі; алты кезеңге жіктеледі, олар: 

Палеозой ( — «көне» және  — «жәндік», бірге «көне тіршілік» мағынасында) — фанерозой эоны замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл).

Кембрий, ордовик және силур кезеңдері астыңғы палеозой субзаманын, ал девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой субзаманын құрайды. Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын алған: астыңғы палеозой кезіндегі Каледон және соңғы палеозой кезіндегі Варискан.

Палеозой фауналары көптеген омыртқасыз ағзалардың болғанымен белгіленеді, оның ішінде трилобиттер (Trilobita), грабтолиттер (Grabtolithina), иінаяқтылар (Brachiopoda), сефалоподтар (Cephalopoda) және маржандар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды.

Палеозой терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) ұсынған. Палеозой осыдан 540 – 250 млн. жыл бұрын басталып, ұзақтығы 290 млн. жылға созылған эра. Құрамына кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір (карбон), пермь дәуірлері енеді. Бұл дәуірлер геологиялық картада төменгі Палеозой (кембрий, ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы Палеозой (таскөмір, пермь) деп бөлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен солтүстік құрлықтардың (Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Корея) және оларды бөлетін мұхиттардың (Палеоатлант, Палеотетис, Палеоазия) нобайы айқындалған. Бұл мұхиттардың ені мыңдаған км-ге, ал тереңдігі мыңдаған м-ге жеткен. Олардың өмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Ең бірінші Палеоатлант (Япетус) девонның басында жабылып, карбонның ортасына дейін Палеотетис өмір сүрген, ал Палеоазия палеозойдың соңында Лавразия алып құрлығын жасап барып жабылған.

Мұндағы айқын өзгеріс венд пен кембрий шебінде болды, қаңқалы организмдер – трилобиттер, моллюскілер, т.б. өмірге келген. Бұл өзгеріс протерозой мен фанерозойды жіктеуге негіз болды. Алғаш кең таралған бақалшақтылар карбонатты емес, фосфатты болған. Ордовик-силурда алғашқы омыртқалылар – балықтар, карбонда қосмекенділер (амфибиялар), яғни құрлыққа шыққан жануарлар пайда болды. Силур-девонда алғашқы құрлық өсімдіктері өсіп, соңғы девон-карбонда қалың өсімдік жабыны пайда болған, нәтижесінде көміржаралу кеңінен таралған.

Орал, Сарыарқа, Алтай-Саян, Тянь-Шань, т.б. қатпарлықтарында калцедон және герцин интруз. тау жыныстарымен тектес көптеген металл кендері бар. Шөгінді тау жыныстармен қоса мұнай-газ, ірі көмір алаптары (Қарағанды, Екібастұз, Донбасс, Ертіс маңы, Кузбасс, Гондвана, т.б.), жанғыш тақтатас (Балтық маңы), мысты құмтастар мен тақтатастар (Жезқазған, Орал бөктері, Маңғыстау, Атбасар, т.б.) кендері жаралды. Одан басқа фосфорит (Қаратау, АҚШ), боксит (Орал, Салаир), шөгінді темір-марганец кентастары (Атасу, Жезді, Рейн алабы, Саян, т.б.), тұз кендері (Соликамск, Иран-Пакистан, т.б.) де Палеозой тау жыныстарымен қатарлас. Қоры мол, қолайлы жағдайларда орналасқан әр текті құрылыс тастары, цементтік шикізат, асыл, әшекей, қаптама тастар да көп кездеседі.




#Article 161: Рахат Мұхтарұлы Әлиев (152 words)


Әлиев Рахат Мұхтарұлы (10 желтоқсан, Алматы 1962 - 24 ақпан 2015, Вена)— іскер және саясаткер.

Алматы мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» Жоғары құқық мектебін бітірген. Медицина және экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Төтенше және Өкілетті І сыныпты Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы мамырдың 26-сындағы № 333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

II дәрежелі «Данқ» ордені мен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» юбилейлік медальінің иегері. 2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің Нұсқауымен барлық марапаттаудан, қаржы полициясының генерал-майоры арнайы атағынан, генерал-майор әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды.

Бұрынғы зайыбы, Дариға Назарбаевамен (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үш бала: Әлиев, Нұрәлі Рахатұлы, 1985 ж.т., Назарбаев, Айсұлтан Рахатұлы, 1990 ж.т.; Әлиева, Венера Рахатқызы, 2000 ж.т. тапқан.




#Article 162: Кайнозой (805 words)


Кайнозой эрасы – жер дамуының соңғы 60-70 млн. жылын қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) эрасы; үш кезеңге — палеоген неоген кезеңдеріне және төрттік кезеңге — жіктеледі .

Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos – жаңа, zoе – өмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). 
Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан. Оның басты себебі – оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған. Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі – Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис батысында – Альпі, Карпат және Динар тауларының етегінен басталып, шығысында – Каспий мен Аралға дейін созылған. Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген. Миоценде Альпі – Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда,Тарбағатайда, Қазақстанның шығысында, Алтай – Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді. Палеоген кезеңінде экватор, екі тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу қосылған. Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған. Миоцендегі салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік жарты шарда тау мұздықтары пайда болған. Плиоцен дәуірінде экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат белдеулері қалыптасқан. Төрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар (Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде төрт мұзбасу: гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар мұхит деңгейіне өте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде мұхит деңгейі 150 м-ге төмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға көтерілген.

Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары өз мәнін жойған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен скаттар; алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер, яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен. 

Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары – Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран – Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы  (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған. 




#Article 163: Қазақстанның мемлекеттік марапаттары (865 words)


Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары — Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапаттары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да марапатталуы мүмкiн. Мемлекеттiк марапатпен марапаттауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - Алтын Қыран орденi, Халық қаhарманы, Қазақстанның Еңбек Ері атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк марапаттарының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Мемлекеттiк марапаттарының сипаттамасын, Алтын Қыран орденi, Халық қаhарманы, Қазақстанның Еңбек Ері кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк марапаттарға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Бір адам дәрежелері бар марапаттардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте марапатталмайды. Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Еліміздің мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарыен марапаттау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.

Марапаттар жөнiндегi ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссия құрылады. Комиссияның құрамын және оның қызметi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапатталады.

Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - Алтын Қыран орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады. Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады.

Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауғатағылады. Орден белгісін иық лентасына тағу кезінде ол оң иық арқылы өтеді. Осы орденнің жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады. Марапатталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгіленген үлгідегі марапаттар рәмізін тағып жүре алады. 
    
Марапатталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің мемлекеттік марапаттары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердің марапаттары белгіленген ретпен Қазақстан Республикасының марапаттарынан кейін тағылады.

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері Отан орденіне немесе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады.  Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

     

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.  Мемлекеттiк марапаттар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда марапатталған өздерiнiң марапаттарға құқығын сақтайды. Жоғалғандардың орнына Алтын Қыран орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни марапатталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi.  Марапаттау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен берiледi.

Қайтыс болған марапатталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейiн марапатталғандардың Қазақстан Республикасы ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына қоса берiлетiн омырауға тағатын белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар отбасына естелiк ретiнде сақтауға қалдырылады. Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның марапаттары мен марапатталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн.  Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның марапаттары мен марапатталу туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады.

Мемлекеттік марапаттармен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың марапатталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл марапаттарды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар.  Бағалы металдардан жасалған мемлекеттік марапаттарды алып кету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 
   

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарынан айыруды марапатталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда - заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттiк марапаттарға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы - республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін беріледі.

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы-  Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы 

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріледі.  Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі.  Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш мемлекеттік сыйлық беріледі. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.




#Article 164: Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков (159 words)


Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.

Ежелгі Тараз жерінде дүниеге келген, шеше жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде, бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.

Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде суретші көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Өмірінің кейбір кезеңдері: 1961 жыл — «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда берілген алтын медаль, 1964 жыл — Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын, 1982 жыл — Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орын…

Шәкен Ниязбеков — Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. 1992 жылы ол Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп шықты.




#Article 165: Шыңғыс хан (449 words)


Шыңғыс хан (), шын аты – Темүжін () — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің отбасында туған.

Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан ( бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.

Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Темүджін дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды.ШЫНҒЫС ХАН Есугейден кейінгі хан сайланады.Шынғысханның атын моңғолдарды қорғасын деп Шыңғысхан атаған.

Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.

Мемлекеттің бастыбасты заңы Жасақ (Яса) деп аталды. Бұл екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлім Шыңғызханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрды. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.

Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке жасауыл (кешіктен) құрды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді. Әрбір түменде 10 мыңнан пдам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен, жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жүйесі ондықтан басталды. 

Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери  әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар Оң қанат (Барунгар), Сол қанат (Жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды.

Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.

Шыңғыс хан Танғұттарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыс ханның мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді.




#Article 166: Кенесары хан (1639 words)


Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.

Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты Кенесары Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты. 
Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің нұсқауымен К-ның бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза тапты. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор ген.-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде Кенесары жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа, Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б. руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. Кенесарының жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай шайқасты. Әскери қимылдар 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста Кенесары қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. Кенесары бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.

Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.

Кенесары қолы алғашқы ең көлемді әрекетін 1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836—38 жж. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды. 

Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844—45 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.

Кенесары Қасымұлы хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде  адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.

Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.

Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.

Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.

Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843—44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.

Кенесары Тоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

Кенесары сыртқы саясатында ортаазиялық хандықтармен одақтас және әскери қатынастар орнатты.Әкесі Қасым төре кезінде Қоқан хандығымен қатынастарды сақтады.Бірақ әкесі мен ағасын қоқандықтар өлтірді,кейін өзі тұтқындалған.Қоқандық хан Мұхаммад Алихан оны тұтқыннан босатты және отбасы мен мүлігін қайтарды.Кенесары Хива хандығына жол бастады.Хива ханы Аллакули оны құрметпенен қарсы алып,Бұқараға қарсы одақ құруды ұсынды.Бірақ бұл ұсынысты қабылдай тұра,Бұқара жағын ұмытпады.Бұқара әмірі Насрұлла хан Хиваға қарсы одақты ұсынды.Кенесары хан оған Қоқанға қарсы одақты ұсынды.Сөйтіп,Кенесары екі хандықтан да көмек алуға талпынды.Ресей империясымен қатынастар ауыр болған,хандық билік таратылғаннан кейін патша үкіметі оны хан ретінде мойындамады.Кенесары империямен бейбіт туралы келіссөздер жүргізді.1841-1843 жж. Кенесары мен Ресей империясы бейбіт келісімге жетті.Бірақ Орынбордың губернаторы ретінде Обручев келіп,бейбіт туралы келісімдер бұзылып,Кенесарыға қарсы жазалау әрекеті басталды.1844 жылы Орынбор губернаторы атынан елші ретінде шекаралық комиссия мүшесі Баймұханбет Жаманшы келіп,ханға Обручевтің хатын берді.Герн мен Долгов басқарған,патша үкіметінің елшілігі келді.Елшіліктің мақсаты:Кенесарыны Ресейге бағындыру және оның талаптарын орындату.Кенесары да өз талаптарын айтқан.Екі жақ та бір-бірінің талаптарын мойындамағандықтан,бұл келеіссөз нәтиже бермеген.Кенесары қырғыздарды ұмытқан жоқ.Өзінің адамдарын Ормон ханға жіберіп,бірақ ол ханның кеңесшілері Кенесарымен одақ құрғысы келмеді.Одан кейін Кенесары Қытайды таңдады.Елшілікті Даогуану императорына жіберген.Даогуану Абылай ханның кезіндегі қатынастарды қайта құруға уәде берген.

Қоқаннан қайтып келгеннен кейін Кенесары Орта Жүздің жеріне келген.Бірақ оған дейін Ресей шешуші әрекеттерді ойластырды,содан Орта Жүзде күресті жалғастыру мүмкін емес болды.Сонда Кенесары Ұлы Жүзге бару туралы шешім қабылдады.Ұлы Жүзге інісі Наурызбайдың қасына жүз жігітті оларға көшпенді жер бөлуіне жіберді.Рүстем Сұлтан Наурызбайды қабылдап,жер бөлуді және Кенесарыны қолдайтынына уәде берген.1846 жылы хан Орта Жүзден кетті.Ұлы Жүздің аумағына келген ол қырғыз манаптарымен келіссөздерді бастады.Олар ханды қолдаймыз деп уәде берген,негізінде қосарланған саясат жүргізген болатын.Екі жақтың арасындағы тыныштықты қырғыздар Саурық батырдың өлтіргенімен бұзды.1847 жылдың сәуірінде олардың әрекеттеріне жауап ретінде Кенесары 15 мыңдық әскерімен Қырғызстанға басып кірді.Бұл шабуыл өте қатал болды, содан қырғыздар соғысқа дайындықты бастады.Майтөбе қаласында - Кеклик-Сэнгирде Орманның жетекшілігімен қырғыз манапасымен шайқас өтті.Бірақ шайқас кезінде Сұлтан Рүстем мен Сыпатай Кенесарыны сатып кетіп, оның әскерінің басым бөлігін алып кетті.Шайқас бірнеше күнге созылды.Кенесары ұсталып және тұтқында үш айдай болған,өйткені қырғыздар онымен не істейтінін білмеген.Содан оны өлтіру туралы шешім қабылданды.Көз жұмбас бұрын Кенесары намаз оқуға рұқсат сұраған.Басынан айырылды.Оның басын қырғыз манабы Ормон балауыз мөрімен жазылған хатпенен Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Горчаковқа сыйлап,қырғыздардың Ресей империясына деген адалдығын көрсеткісі келді.  

Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 ж. сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғ-дың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 ж. «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан К-ның баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында К-ның күрес жолына іргелі ғыл. зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. К. тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев, т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 ж. Кенесарының туғанына 200 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көше бар.




#Article 167: Тәуекел хан (769 words)


Тәуекел хан — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.

Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күресті бастап, 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуылдайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты қалаларды талқандады, Тәуекел шайқасқа түспей, асығыс шегініп кетті. Сөйтіп, Тәуекелдің Ташкентті алуға жасаған алғашқы әрекеті сәтсіз аяқталды.Ташкент өңірінде болған 1588 жылғы көтеріліс сол кезіндегі қазақ халқы тарихындағы маңызды оқиғалар қатарына жатады. Ол жөнінде Хафиз Тыныштың «Шараф-наме – ий шахи» және Мукимидің «Зафар - наме» деген еңбектерінде қызықты мәліметтер мен жағдаяттар келтірілген. Ташкент көтерілісіне зерттеушілер осы кезге дейін назар аудармай келді, ал ол Орта Азия – Қазақстан аймағындағы тарихтың дамуына едәуір дәрежеде ықпал еткен еді.Сол кезде қазақ сұлтандары Сауран билеушісі Ишанкелді аутаршы мен Наурыз би құсшының өздеріне қаскүнемдік жасауға дайындалып жатқанын біліп, өзбек әскеріне қарсы аттанды. Алайда бұл күресте Ишанкелді би жеңіп, қазақ сұлтандары мен бүлікші әмірлері жеңіліс тапты. Үш айға жуық уақытқа созылып, әскери бүлік сипатында болған көтеріліс осылай аяқталды. Көтеріліске бүлікші әмірлермен және қазақ сұлтандарымен қатар көшпелі тайпалар да қатысты. 1588 жылғы оқиғалар содан кейінгі 1598-1599 жылдардағы оқиғалардың, атап айтқанда, Шайбани әулетін Аштархани әулетінің алмастыруы сияқты елеулі оқиғаның алғы шарты болды.Сонау 1585 жылы-ақ Абдаллахқа дербес қарсы шыққан Тәуекел бұл көтеріліске қатысқан жоқ. Ол жеңген жағдайда өзіне айтарлықтай пайда келтіретін болса да, басқа қазақ сұлтандары жүргізген бұл күреске қосылмады. Тәуекел 1582 жылдың аяғында Абдаллахтан кеткеннен кейін оның жоғарғы билік үшін ұзақ уақыт табан тіресе күресуіне тура келді. 1596 жылы оның хан атағы болғанымен, алайда ол осы заңды негізге алмаған еді. Тәуекелдің сол жылғы Ташкентті шабуын суреттей келіп, Ескендір Мұңшының өзі де «өзіне хан атағын алған қазақ Тәуекел сұлтан сансыз көп әскермен Ташкентке жақындап келді» деп хабарлайды.

Тәуекелдің хан жағдайын 1586 және 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та табанды күрес нәтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мәскеумен қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде әрекет еткені анық болады.Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталық және Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.Құлмұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.

Қалыптасқан жағдайда қамқорлық туралы мәселе жөнінде келісімге келу мүмкін болмай шыққанымен, дипломатиялық қатынастар, сондай-ақ сауда байланыстары XVI ғасырдың кейінгі жылдарында да жалғаса берді. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар рынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін  апарып отырды. Ресейден Орта Азия мен Сібірге апаратын жол Қазақ хандығының аумағы арқылы өтті. Тобыл қаласынан Орта Азияға апаратын сауда жолы Ертіс өзені арқылы Есіл өзенінің бас жағына қарай, ал ол жақтан Ұлытауды айналып өтіп, Сарысу арқылы Түркістанға дейін, сонан соң Сырдария өзені арқылы Бұхараға өтетін еді.




#Article 168: Әз-Жәнібек хан (239 words)


Жәнібек хан, Әз-Жәнібек хан, Кіші Жәнібек хан (туған жылы белгісіз - 1480) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.

Жәнібек хан қазіргі Шу стансасының солтүстік - шығыс жағындағы Хантауды қоныстанған.

Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары — Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.

Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.




#Article 169: Керей хан (755 words)


Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде былай дейді:

Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады…

Соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген аңыз мәліметтері бойынша, Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде Шу өңіріне көшіп келген. Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуімен Көшпелі өзбектер мемлекетінде ыдырау процесі басталады. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді. Керей хан мен Жәнібек ханның арқасында Есенбұға хан ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс 1461-62 жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды. 1461/62–1469 жылдары Моғолстан ханы Досмұхаммедтің мәнсіз, мағынасыз жүргізген саясаты салдарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете бастайды. Ақыры, 1469 жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін, Моғолстандағы билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді. Керей хан тұсында негізі қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 30-жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде талқандау мақсатымен 1468/69 жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан ауырып, қайтыс болады да, әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайыр ханның қарсыластары – Ахмет пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады. “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” дерегінде қазақ хандары ретінде Керей хан мен Жәнібектің есімдері аталса, “Фатхнама”, “Шайбанинаме” деректерінде тек қана Жәнібек ханның есімі кездеседі. Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472–73 жылдары, Жүніс хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның шабуыл жасауына байланысты аталады. Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.

Керей ханның қандай жағдайда, қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ. Керей ханның үш баласы болды. Олар: Бұрындық хан, Қожа-Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан астам Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер кездеспейді.

Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472—73 Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады.

Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның Өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472—73 жылдары оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.

Әбілқайыр хан өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары — Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті, олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға Көшпелі өзбектер мемлекеті атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында қазақтар деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күресе келе, Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.XV ғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.




#Article 170: Есім хан (1478 words)


Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.

Қазақта Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу-Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған Cұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында Әмір-Темір әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.

Қалайда Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң билік Қасым ханның қолына тиді. Ол мұсылман дінінде болғанмен отырықшы елдердегі тәртіп, заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті тұрмыс- тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң-тәртіп орнатты. Қасым салған қасқа жол дейтініміз сол. Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту- тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нәтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау Жайық жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы Мухаммед Шайбаниді тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан. Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан.1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін оның мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, Хақназар тұсында (Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар (Ақназар) қазақтар мен қырғыздардың патшасы аталған. Сол тұста ыдырай бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен бірге Кіші жүз — Алшын одағына енген тайпалар түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. Тіпті Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласы да Хақназарға қарағанын айта кету керек. Әйтсе де сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық екені анық. Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен қоса өлтіртіп жіберген. Екі жыл өткен соң Баба сұлтанның да басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған.

Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, Еңсегей бойлы Ер Есім атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самарқандты билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бухара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бұған бірнеше себеп бар.

Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

Бұхар ханы Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды көздеді. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне ығыстырып тастауды мақсат етті. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. 1603 жылы Айғыржар деген жерде үлкен шайқас болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері ойсырай жеңіліс тауып, тым-тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Қазақ хандығының әскерлері жауды талқандап мол олжамен Ташкентке қайтып оралды.

Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Европаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: Қазақ хандығы мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес — деп тегін жазбаса керек

Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан абыройын іштей қызғанып жүретін Тұрсын Бұхара ханының ниетін тез түсініп, Сырдария жағасында екеуі астыртын келіссөз жүргізеді де, Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл кезде моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының өзара қырқысуын тыю үшін шығыс аймақтарда жүрген.Тұрсын ханның түп атасы түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мүхаммед- сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім ханның туысы делінген. Махмуд Уәли Бахр Ал-аср атты еңбегінде: Ол Жалым сұлтанның баласы еді, — дейді. Жалымды екі ұлымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, Ташкент билеушісі Баба сұлтан өлтірген. Бұл зұлым өзінің қайын атасы, қазақтың ұлы ханы Хақназарды да екі ұлымен қоса жансыздары арқылы жайратқанын білеміз. Ал Жалым сұлтан қайдан шықты — ол жағы тағы мәлімсіз. Кейбір зерттеушілер Әз Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның баласы болуы мүмкін дегенді айтады. Енді біреулер Шығай ханның әрпағы, яғни Есім ханның туысы етіп көрсетеді.Қалай дегенмен Тұрсын сол тұста Ташкентті билеп, күллі қазаққа хан болуды армандап жүрген. Бірақ жолында Еңсегей бойлы Ер Есім тұр. Тұрсын жалғыз Ташкентте емес, Біскент, Түркістан, кейде Сауран, Әндіжан, Шахрухийя сияқты үлкенді-кішілі қалаларға да қожалық ететін. Есім ханмен бірігіп соғысқанда өзінен әлденеше рет жеңілген Имамқұли көмектесем деген соң үміт оты жана бастағанды. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:

Ей, Қатаған хан Тұрсын!
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісің, жатырсың,
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да
Қазаң жетті қапылсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың!

Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.

Бұл туралы болашақ Хиуа ханы және танымал тарихшы Әбілғазы былай деп жазады: 

Қазақ сұлтандарының өзара қырқысы және Тұрсын ханның өлімі жайында Махмуд Уәлидің Бахр Ал-аср атты кітабының алтыншы томындағы төртінші бөлімінде мынандай баяндаулар бар: Сол жылдары, яғни 1036 хижрада (1626- 27-жылдары) Есім сұлтан қалмақ жұртын шаппақ болды. Ол өз туының астына барша алаштан және ұлыстың басқа да бағынышты тайпаларынан, сондай-ақ, Тұрсын сұлтанға сүйеу болған қатағандардан да әскер жинап, Моғолстан шетіндегі қалмақ мекен-жайларына ойран салды. Сол уақытта өзінің негізгі саяси бақталасын құрту кезегін көздеп жүрген Тұрсын сұлтан Түркістан маңайындағы Есім ордасын ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін әскер жасақтады. Жасақ жауынгерлері ордаға басып кіріп, талай адамды өлтірді. Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын барша жасау-жабдығымен Ташкентке алып кетті. Бұл табысқа масаттанған Тұрсын енді Есім ханның көзін жою қамына кірісті. Мақсаты — күтпеген жерден соқтығып, өзін жол үстінде ұстау. Осындай зұлым оймен ол өз әскерін бастап, Есім сұлтанның алдынан шықты. Екі жақ Сайрам шаһарынан  шығысқа қарай, 40 шақырымдай жерде, Сайрамсу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан қазіргі ОҚО Төлеби ауданы,Кеңесарық ауылы маңында,  бетпе-бет келіп, шайқас отын тұтатты. Тұрсын сұлтанның әскері жеңіліп, Ташкентке қарай шегінді. (Ұзаққа созылған (1613-1628 ж.ж.) Есім мен Тұрсын егесіне, Есім жағында Төле бидің  атасы дулат Құдайберді мен шапырашты Қарасай батыр қатысқан (Қазыбек бек Тауасарұлы Түп-тұқияннан өзіме дейін)). Тарихи деректерде Ташкент түбіндегі екінші шайқаста Тұрсынды өзінің жақындары өлтірді делінген. Есім хан Тұрсынның басын кесіп, Имамқұли ханға жібереді. Өзінің бақталасы, опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма, өлде Есімханның өзінен қорықты ма — Бұхара ханы оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы қорғаны бар ауыл-мекендерді сыйлаған.

Тұрсын өлген соң екінші рет ұлы хан болып қайта сайланған Есім сол заманның қатал салты бойынша өзіне қарсы шыққан қатаған тайпасын аямай жазаласа керек. Замандасы Махмуд ибн Уәлидің жазуына қарағанда, Есім де көп ұзамай, өз ажалынан өледі.

Денесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайына жерленген. Кезінде моласының үстіне шағын да болса айрықша кесене орнатылса керек, бүгінде ол жермен-жексен болып жатыр.




#Article 171: Бұрындық хан (1348 words)


Бұрындық хан — 1480-1511 жж. аралығында Қазақ хандығында билік құрған Керей ханның үш ұлының бірі.

Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.

Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды.

Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді:

Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді

Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. Қазақ хандығынан да бірнеше жорықтар жасалады. «Тауарихи гузидан нұсрат-намадан» басқа «Шайбани нама», «Фатх нама», «Бахр ал-асрарфи манакиб ал ахиар» шығармаларының дерегі бойынша «көшпелі өзбектер» мемлекетін талқандауда қазақ хандығы жағынан тек Жәнібек хан ғана аталады. Ал Керей ханның аталмауын, ол 1469 жылға дейін қайтыс болған дейміз. Бұрындық Керейдің үлкен ұлы болғандықтан әкесінің ұлысын басқаратыны өзінен-өзі түсінікті. Керейдің қашан қайтыс болғандығы жөнінде аңыз дерегі былай дейді: «Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті». Аңызды ел аузынан жинап, жариялаған белгілі археолог М.Елеуов.

Керейден соң хандық билік Жәнібек ханға өтті. Ал Бұрындық болса ұлыс басқарып, Жәнібек ханның жарлықтарын орындап жүреді. Дәл осы жылдарда алғаш рет Бұрындық есімі «хан» деген лауазыммен жазба дерек мәліметіне енеді. Шайх-Хайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күресті басқарушы Жәнібек хан болса, ал оны іске асырушы Бұрындық болған. Бұл жөнінде дерек мәліметі былай деп баяндайды:

Жәнібек хан адамдары ішінен Бұрындық хан өз ұлысын жиып, Әбілқайыр хан ұлдарына тарпа бас салды. Олардың қарсыласуға күштері жан-жаққа бытырай қашты. Бұрындық кейін қайтқан соң, олар қайта жиналып бас қосты.

 
Дерек мәліметі бойынша, Бұрындық Жәнібек хан тапсырмасын орындаушы, жорықтың мақсаты — Дешті Қыпшақтағы шайбанилық сұлтандарды жою болған. Жорық біршама сәтті аяқталғанымен, негізгі түпкі мақсат орындалмаған секілді. Бұрындықтың кері оралуымен, бас сауғалап қашқан Әбілқайыр ұлдары қайта жиналады. Соған қарамастан Бұрындықтың бұл жорығы оны тарихта қалдырады. Сөйтіп ол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңіне өз үлесін қосады.

Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мәуереннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.

Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрды. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билік құра бастағаны белгісіз. Ол туралы ешбір дерек жазбаған.

Сыр бойы деп отырғанымыз — Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. жазба деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрға уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілері арасындағы XI-XV ғ.ғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Дәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті, ХІІІ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Әмір Темір, Тоқтамыс хан мен Әмір Темір, Барақ хан мен Ұлықбек, Әбілқайыр хан мен Әмір Темір ұрпақтары арасындағы саяси қатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігі тұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрінеді.

Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның Мәуереннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі болды. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мәуереннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.

Қазақ хандығы Мәуереннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Орны келгенде айта кету керек, бүкіл хандықты Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атап өтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмұд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді.

Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани мен Мәуереннахр, билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсері өседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.

XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да ауыр, ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуереннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады.

Сонымен бірге Бұрындық хан мен Жәнібек хан екеуі арасындағы одақтастықты тереңдету үшін екі қызын шайбанилық екі сұлтанға ұзатады. Мұндай одақтастыққа қарсы Жәнібек хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына, керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы — оның беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында еді.

XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан есімімен байланысты еді. 1500-жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді. Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан аймағын Мәуереннахрға қосу жатты. Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.

Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. Бұрындық ханның тағдыры әркімге де тарихи сабақ бола алады.




#Article 172: Әбілқайыр хан (Кіші жүз) (976 words)


Әбілқайыр хан, Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан (1693 — 12 тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. 1708 - 1709 жылдары башқұрттар Әбілқайырды өздеріне хан етіп сайлаған. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға. 1720 жылы қыркүйек айында қазақ әскері мен орыс-қа­зақ­тар арасында Самара өзе­ні­нің бойында қанды шайқас бол­ды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жі­гі­тін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен марапатталады.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзін білікті басшы ретінді көрсете білген. Соның арқасында халық арасында зор беделге ие болған. 1729/30 жылы ұлы хан Болат хан қайтыс болғаннан кейін Тәуке ханның ұлы, жоңғралғар қарсы күресте танылған Сәмеке ханмен және Болат ханның ұлы Әбілмәмбет ханмен қатар таққа басты үміткерлердің бірі  болған. Алайда, Әбілқайыр ханның беделінен сескенген билер, Болат ханның жігерсіз ұлы Әбілмәмбетке қолдау көрсетеді. Үш жүздің батырлары Әбілқайырды ұлы хан етіп сайлағанымен, билерден қолдау таппағандықтан ол бұл атақтан бас тартқан. 

Болашақ Абылай хан Әбілмансұрға қолдау көрсетіп, оның хан ретінде қалыптасуына ықпал еткен. Әбілмансұр сұлтан да өз кезегінде Әбілқайыр ханға ерекше құрмет көрсеткен.

Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз-Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы. Әскен (Әжі) ұлы Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Бұланты, Итішпес көлі маңындағы шайқаста  қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының кіші буыны – Үсектің ұрпағы. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.

Ол 1723 жылға дейін Түркістан қаласында тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққан соң, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын тайпалардың арасына кетеді. 

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір қолбасшы болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.

Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.

Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.

Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Тәуке ханның кезінде билікке ие болған билер таққа лайықты Әбілқайыр хан мен Сәмеке хандардың біреуін сайласа биліктен айырылып қаламыз деп сескеніп, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет ханды сайлайды. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген қазақ әскерлерінің басты тіректері Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан әскерлерін ертіп, өз ордаларына кетіп қалады. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Жоңғарлардың әлі де болса қауіп төндіріп тұрғанына көзі жеткен Әбілқайыр хан өзіне одақтас іздей бастайды. Сөйтіп, ол Ресей империясына елші жіберіп, одақтас болуды ұсынады. Оның көздегені орыстардың қолдауымен қазақ жүздерінін басын қосып, сыртқы жаулары Еділ қалмақтары, башқұрттар және жоңғарларға қарсы тұру болды. Бірақ, Ресей оның бұл ұсынысын қабылдамай, тек протектораттыққа келісетінін жеткізеді. Әбілқайыр хан бұған келімін беруге мәжбүр болады. 1731 жылы күзде Тевкелев бастаған орыс елшілері Әбілқайыр және Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің старшындарынан ант қабылдайды. Ресейдің құйтырқы саясатын кеш сезген Әбілқайыр оларға қарсы бірнеше рет қарсы шығады. Бірақ, бұл әрекеттері нәтиже бермегендіктен қайтара бодандық антын береді(1738, 1742, 1748).

Қазақтарды әлсіретіп, бүкіл Орта Азияға жол ашар қақпаның кілтін тезірек қолға түсіру жөнінде патшасынан нұсқау алған орыстың далалық әкімдері бұл оқшалануды өз мүдделеріне пайдаланып қалуға жанталаса кіріседі. Бұл ретте отарлаудың ежелден сыналған тәсілі – «жабайыны жабайының қолымен құртуды» іске қосады. Сөйтіп олар өздерінің бодандары Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық казактарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуына сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеп соғады. Онда ол өзінің Ресей империясына башқұрттар секілді қызмет етіп, солар сияқты алым төлейтінін айта келіп, өздеріне Ресейдің өзге бодандары тарапынан ешқандай қиянат және шабуыл болмауын талап етеді, патша тарапынан тыйым салынбаса, башқұрттардың өздігінен шабуыл жасауды тоқтатпайтынын айтады. Сондай-ақ Ресей бодандары қолдарындағы қазақ тұтқындарын қайтарса, қазақтар да өз тарапынан олардың тұтқындарын кері қайтаратынын білдіреді. 
Бірақ бұл бодандық Әбілқайыр ойлағандай нәтиже бермейді. Содан кейін ол Жоңғар хандығының қоңтайшысы Қалдан Серенге адам салады. Іздегенге сұраған ол да мұны құп алады. Ол жоңғар тұтқынынан босатылған Абылай арқылы жіберген жарлығында Әбілқайырдың тілегін орындағанын толық көрсетеді. Арадағы достық қатынастар сенімді болу үшін Әбілқайырдың өз баласына мың қазақты ертіп, Жоңғарияға жіберуін, осыған жауап ретінде өз баласын мың ойратпен қазақтарға жіберетінін айтады. Дегенмен, Әбілқайырдың Қалдан Серенмен құда болып, оған арқа сүйеп, ойдағымды жүзеге асырам ба деген үміті де ақталмай қалады. 1745 жылдың қыркүйегінде Қалдан Серен қайтыс болады. 

Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.




#Article 173: Абылай хан (3066 words)


Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.

Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.

Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.

Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.

Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.

Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам,Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.

Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.

Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.

Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.

Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.

Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.

Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.

Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.

Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді.

Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.

Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.

Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ.

Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші Иван Неплюев Абылай сұлтанға жіберіпті:

...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адам­дарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті.

Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.

Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті.

Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ор­тасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.

Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абы­­лайдың саясаткерлігін былай суреттепті:

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау

Сол кезде елге қорған болған  Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».

Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз.

Хаттың 74-бетінде былай депті:

...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отыр­ған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек.

Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ».

Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді.

Осы хаттың жалғасында және былай депті:

Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен.

Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.

Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмбет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап, ол екеуі Лама Дорчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.

Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді Санкт-Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-Зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.

Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма?

Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбас­шысы, полковник Родестен генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті:

Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:

... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына бай­ланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жат­қанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді.

Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызылжар, Көкшетау, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен, тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар.

Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті.

Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...

Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:

Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді.

Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы импе­раторға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.

Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.

Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті деген мағынада - Б.Н.).

Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады дегенді аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».

Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.

Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз анық.

Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:

Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің ай­дауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.

Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.

Абылайдың Ресеймен карым-қатынасының сан қырын бір мақалада толық ашып беру мүмкін емес. Сол елдің мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар негізінде құрастырылған менің 2 томдық «Абылай хан» атты кітабымнан, биыл Алла бұйыртса, баспадан шығатын 3-ші томынан Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хаттарымен қалың жұрт танысады деген үміттемін.

Болатбек Нәсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Абылай хан - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын Ұлттар баспасынан жарық көрген 4 томында (1985), одан кейін Абылай хан атты кітапта (А., 1993), Казак халык әдебиеті көптомдығының 1- ші томында (1995) жарияланды.




#Total Article count: 172
#Total Word count: 199840